Өркениет шамын жағушылар



Біздің атлантроп ататегімізден кейін өрбіген беймәлім «бабаларымыз» б.д.д. 10-8 мыңжылдықтарда мезолит заманында-ақ тағы аттарды қолға үйреткен. Б.д.д. 7-6 мыңжылдықтарда неолит заманында олар адамзат тарихында тұңғыш рет ағаштан арба жасаған. Б.д.д. 6-5 мыңжылдықтарда энеолит заманында темір мен қоладан таға, үзеңгі, жебе құйған. Мұны кезінде көне грек тарихшысы – Фукидод (б.д.д. 461-400 жылдар), көне Рим тарихшылары – Тимн (Тимей) б.д.д. ІV-ІІІ ғасырлар), Тацит Публи (б.з 56-177 жылдары) жазып кеткендіктен, кешегі, бүгінгі Әлем тарихшылары амалсыздан мойындап отыр. Сөйтіп, олардың (тарихтың нақты деректеріне сүйене айтсақ): тур, иам, убон, сай, ас, ассы, иссидон тайпаларынан құрылған турлар (көнетүркілер) бірлестігінің: ар, арг, қыпшақ, огуз, қарлұқ, қаң, массагет тайпаларынан құралған арий (көнетүркілер қандасы) бірлестігінің: ка, кас, пи, каспы, дай, дах тайпаларынан құралған кассит бірлестігінің (бұлар да солай) біраз тайпалары (оғыз, қарлұқ, қыпшақтар) алыс-жақында қалыптасқан құрлық жерлерді еркін кезіп жүріп, шамамен б.д.д. 8-6 мыңжылдықтарда Алғы Азияға, Еуропаның батысына өткен.

«Кезбелер» сонда, сол жаққа өздерінен бұрын кеткен ерек өнерлі саг, гук, ур, лю-лю тайпаларынан құралған қандастары протошумерлермен бірлесіп, Месепотомия ойпаттарының Евфрат – Тигр өзендерінің бойында адамзат тарихындағы тұңғыш мемлекет – Месепотомия атты патшалық құрған. Сонысымен, олар сол маңдағы жергілікті, ежелгі адамтекті тайпаларға өзіндік мемлекеттер құру үлгісін көрсеткен. Ал, б.д.д. беймәлім мыңжылдықтарда ол маңда антропоген эрасының GІІІ – (б.д.д. 1 млн. 400 жылдар аралығында) кезеңінде әуелде тропикалық Африканың Олдубай өңірінде пайда болған дропитектер (ағаш басындағы «адамдар») мен явалық австралипитектерден кейінгі замандарда өрбіген саналары мен тіршіліктері әлі төмен дәрежедегі аккадассир, арамей, фраг, ибрит, либи, элам, лати, финик, гикос басқа да ежелгі тайпалар бабалары-түпқияндары өмір сүріп жатқан еді. Бұлармен қандастар кейінгі замандарда Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізі аймақтарында да пайда болған-ды.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ә.Ыдырысов.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы

ӨРКЕНИЕТ ШАМЫН ЖАҒУШЫЛАР

Біздің атлантроп ататегімізден кейін өрбіген беймәлім бабаларымыз
б.д.д. 10-8 мыңжылдықтарда мезолит заманында-ақ тағы аттарды қолға
үйреткен. Б.д.д. 7-6 мыңжылдықтарда неолит заманында олар адамзат тарихында
тұңғыш рет ағаштан арба жасаған. Б.д.д. 6-5 мыңжылдықтарда энеолит
заманында темір мен қоладан таға, үзеңгі, жебе құйған. Мұны кезінде көне
грек тарихшысы – Фукидод (б.д.д. 461-400 жылдар), көне Рим тарихшылары –
Тимн (Тимей) б.д.д. ІV-ІІІ ғасырлар), Тацит Публи (б.з 56-177 жылдары)
жазып кеткендіктен, кешегі, бүгінгі Әлем тарихшылары амалсыздан мойындап
отыр. Сөйтіп, олардың (тарихтың нақты деректеріне сүйене айтсақ): тур, иам,
убон, сай, ас, ассы, иссидон тайпаларынан құрылған турлар (көнетүркілер)
бірлестігінің: ар, арг, қыпшақ, огуз, қарлұқ, қаң, массагет тайпаларынан
құралған арий (көнетүркілер қандасы) бірлестігінің: ка, кас, пи, каспы,
дай, дах тайпаларынан құралған кассит бірлестігінің (бұлар да солай) біраз
тайпалары (оғыз, қарлұқ, қыпшақтар) алыс-жақында қалыптасқан құрлық
жерлерді еркін кезіп жүріп, шамамен б.д.д. 8-6 мыңжылдықтарда Алғы Азияға,
Еуропаның батысына өткен.

Кезбелер сонда, сол жаққа өздерінен бұрын кеткен ерек өнерлі саг,
гук, ур, лю-лю тайпаларынан құралған қандастары протошумерлермен бірлесіп,
Месепотомия ойпаттарының Евфрат – Тигр өзендерінің бойында адамзат
тарихындағы тұңғыш мемлекет – Месепотомия атты патшалық құрған. Сонысымен,
олар сол маңдағы жергілікті, ежелгі адамтекті тайпаларға өзіндік
мемлекеттер құру үлгісін көрсеткен. Ал, б.д.д. беймәлім мыңжылдықтарда ол
маңда антропоген эрасының GІІІ – (б.д.д. 1 млн. 400 жылдар аралығында)
кезеңінде әуелде тропикалық Африканың Олдубай өңірінде пайда болған
дропитектер (ағаш басындағы адамдар) мен явалық австралипитектерден
кейінгі замандарда өрбіген саналары мен тіршіліктері әлі төмен дәрежедегі
аккадассир, арамей, фраг, ибрит, либи, элам, лати, финик, гикос басқа да
ежелгі тайпалар бабалары-түпқияндары өмір сүріп жатқан еді. Бұлармен
қандастар кейінгі замандарда Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізі аймақтарында
да пайда болған-ды.

Біздің Еуразиядан алғы Азияға ауған, тұтас алғанда турлар (түркілер)
мен шумерлер бұрынғы далалық кең пейілмен, ашық жүрекпен өз өркениеттерін,
өздері ойлап тапқан жазу-сызуды Месепотомия мен Жерорта теңізі төңірегінде
өмір сүріп жатқан дропиктек, австраалипиктек ұрпақтарының бәріне таратып,
бәріне үйретті. Содан олар турлардан, әсіресе өнерлі шумерлерден үлгі алып,
үйреніп, өздерінің мемлекеттерін құра бастады. Мәдениетті, жазу-сызуды
үйренді. Мәселен, семит деген одаққа кірген финик, лати, бабыл, ханей,
аккад, эллам, аморей, хаддей қандастарының басын құрап, ассирлер әуелде
б.д.д. 5 мыңжылдықтар басында ассирия патшалығын құрды, Тигр өзенінің
теріскейінде. Фрагтар: леги, дори, зариахей, ион, плот, баси, демос
қандастарымен Грекия патшалығы шаңырағын көтерді, б.д.д. 5-мыңжылдықтың
ортасында арамей қандастарымен б.д.д. 4-мыңжылдығы басында Кіші Азияда
Парсы (Персия) мемлекетін ұйымдастырды. Әу баста шумерлер ат басын тіреген
Сирия жерінде алғы Азияда ибриттер: идиш, фистимилян қандас тайпаларымен
шағын екі патшалық – Израйл, Иудей шаңырағын көтерді, б.д.д. 2 мыңжылдықта
Месепотомияда. Солбір б.д.д. 7-5 мыңжылдықта Африка антропогендік арасының
GІІІ кезеңінде австралитек, синантроптармен тұтас жаралған пазантроп,
архантроптар ұрпақтары негритер де, индустар да қарап жатқан жоқ. Негридтер
сайм, ахим, файм, ном, нубей, копт тайпаларымен тізе қосып теріскей
Африкада қуат-құдіретті Египет империясын орнатты. Индустар Африканың Кіші
Азия шегінде Үнді мемлекетінің негізін қалады.

Осылардың бәрінен көп кейін Азияның теріскей батысындағы жотаны
мекендеген антропоген эрасының GІІІ – кезеңінде Жерорта теңізі түскей
шығысында жаралған перзинтроптардан өрбіген: бану, кахтан, маад, изир,
дриз, қойты, сабетей, набатей тайпаларынан құралған арабтар дәуірлей
бастады, б.д.д. 2-мыңжылдықтың ортасында. Олар сол кезде өз жоталарынан
Месепотомия өңіріне түсіп, шумерлердің ең соңғы ұрпақтарының жерін тартып
алды.

Сонымен, Қазақстандық Еуразиядан шамамен алғанда б.д.д. 8-5
мыңжылдықтарда Батысқа ауған біздің шумер, тур бабаларымыздан тәлім алмаған
әлемнің бірде-бір халқы жоқ! Әсіресе олардан Батыстың семит, хамит
халықтары – гректер, парсылар, арабтар, еврейлер, латындар және басқа
европалықтар олардан бар мәдениетті, өркениетті алды. Өнерлерін, жазу-
сызуларын әбден меңгерді. Ашқан жаңалықтарын игерді.

Бәлкім содан да болар б.д.д. 4-3 мыңжылдықтарда семит, хамит халықтары
– үнді-европалықтар, сөйтіп, әлемнің айтулы жұрттарына айналды. Және собір
мыңжылдықтарда ол жұрттарға тарихтың өзінің де мейірімі ерекше иігендей
болды. Сонымен, бір кездегі шумерлер мен турлардың шәкірт халықтары
балақтан – басқа өрлеп, кейін (б.д.д. 3- мыңжылдықтың басынан) өздерінің
бұрынғы ұстаздарына ауыз салды.

Б.д.д. 3-2 мыңжылдықтарда ассирлер-ассириялықтар, бабылдар-
вавилондықтар элам, омерейхермен қосылып шумерлер жерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасіретті жылдар. Қазақстан - лагерьлер өлкесі
«Техника»
Электр энергиясы үнемдеу
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік - саяси дамуы
Тарихшы Е. Бекмахановтың ісі
Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары
Электр машиналары саласындағы маңызды әзірлемелердің авторы
Физика және информатика мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша оқу практикасы есебі
Мұхтар Шаханов
Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі туралы
Пәндер