Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақта



Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат
тары, сондай- ақ Алтын Орда дәуірінің даналары: Хорезми, Сараи, дулати, Жалайри, Әбілғазы,т.б. еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. Ал Асан қайғы, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа т.б. сол сияқты күміс көмей, жез таңдай ақын- жыраулардың әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы терең толғаныстарының, дана өсиеттерінің қазіргі жастардың білімі мен тәрбиесіне берер пайдасы , қосар үлесі қаншама….
XIX ғасырдың аяқ шені қазақ жерінде саяси- әлеуметтік, мәдени – ағартушылық идеялардың өркен жайып , қоғамдық санаға жаңа ғасырға тән өзгерістер ендіре бастаған екпінді де елеулі жылдар болды. Осыдан жүз жыл бұрынғы ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамында орыстың социал- демократтары ықпалымен және атақты Шоқан , Ыбырай , салған ізбен халықтың мәдени – экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері өз жалғасын таба берді. Осы тұстағы қоғамдық санада көрініс берген ағартушылық қозғалыс туралы «Қазақстандағы педагогикалық ой- пікірлер антологиясы» былай дейді: «Дала өлкесіне әлеуметтік - демократиялық идеялардың жаңа толықыны кіріп, аймақтарда педагогикалық ой- пікірдің жеңіл дами бастаған кезі еді». (Антология пед. Мысли Казахст. А. Рауан, 1995ж, 12 б.)

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
А. Шотаев атындағы Боровской орта мектебі.
Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақта.
Мұғалім: Нүрпейісова Ж. М.

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі
биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы
Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет
тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан
бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта
ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат
тары, сондай- ақ Алтын Орда дәуірінің даналары: Хорезми, Сараи,
дулати, Жалайри, Әбілғазы,т.б. еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін
теңдесі жоқ асыл қазыналар. Ал Асан қайғы, Жиембет, Ақтамберді,
Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа т.б. сол сияқты
күміс көмей, жез таңдай ақын- жыраулардың әр түрлі өмір
құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы
терең толғаныстарының, дана өсиеттерінің қазіргі жастардың білімі мен
тәрбиесіне берер пайдасы , қосар үлесі қаншама ...
XIX ғасырдың аяқ шені қазақ жерінде саяси- әлеуметтік, мәдени
– ағартушылық идеялардың өркен жайып , қоғамдық санаға жаңа ғасырға
тән өзгерістер ендіре бастаған екпінді де елеулі жылдар болды. Осыдан
жүз жыл бұрынғы ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамында орыстың социал-
демократтары ықпалымен және атақты Шоқан , Ыбырай , салған ізбен
халықтың мәдени – экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері
өз жалғасын таба берді. Осы тұстағы қоғамдық санада көрініс берген
ағартушылық қозғалыс туралы Қазақстандағы педагогикалық ой- пікірлер
антологиясы былай дейді: Дала өлкесіне әлеуметтік - демократиялық
идеялардың жаңа толықыны кіріп, аймақтарда педагогикалық ой-
пікірдің жеңіл дами бастаған кезі еді. (Антология пед. Мысли Казахст.
А. Рауан, 1995ж, 12 б.)
Бұл қазақ даласындағы араб, татар тілдеріндегі оқулардың, діни
білімнің көңіл көншітпей, қазақ жастарының қазақ және орыс тілдеріндегі
мектептерге ұмтыла бастаған, жаппай ояну үрдісі белең алған тұс
болатын. Осынау мәдениет майданында оқу – ағарту ісінің алатын орны
айрықша. Қазақ қоғамының бұдан жүз жыл бұрынғы ұлттық мектепке
деген сұранысы ұлттық мектептің жаңа үлгісін жасауда ізденістер
жасап жүрген бүгінгі сұранысымыз бен қажеттілігіміз арасындағы ортақ
сарынды, ұқсастықты, сабақтастықты байқатады.
Ежелден тағдырлас, көршілес болып келе жатқан Ресей жеріндегі
1905 жылғы саяси оқиғалардан ел ішінде түрлі толқулардың болып
тұрғаны тарихтан белгілі жай.Оның ықпалы қазақ еліндегі мәдени
қозғалыстарға да тиіп отырған. Патша өкметінің ағарту саласындағы
саясаты қарапайым халықты қанағаттандырарлық емес еді. Тарихи
деректерге дер салсақ, 1911 жылы Ресей халқының 19-20% сауатты
болса, қазақ жеріндегі сауаттылар саны одан да төмен болды. Рессейде
жан басына шаққанда білім алуға 56 тиын жұмсалса, қазақ елінде
одан 4 есе төмен, яғни жан басына 14 тиын ғана бөлінді. Орта есеппен
алғанда 1913 жылы Қазақстанда 157 орыс- қазақ мектебі болса, олардың
әрқайсысындағы оқушылар саны 50-ден аспайтын. Әйткенмен , бұл цифрлар
қазақ жерінде білім беру ісінің болғандығын дәлелдеп, оның қыры мен
сырын тереңірек аша түсуге мүмкіндік береді.
Қазақ топырағындағы алғашқы мектептердің негізін салушы, дала
қоңырауы, қазақ шамшырағы атанған Ы. Алтынсарин десек, оның пионерлік
ісі Қазақстанның сол кездегі барлық болыс, уездерінде өз жалғасын
тауып отырған. Ағартушылық істі ақындық, жазушылық өнермен өрнектеп,
журналистік, қайраткерлік, ғалымдық қабілетімен шебер ұштастыра
білген.
Адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының,
оның педагогикалық көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе.
Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары XX ғасырдың басында тәлімдік ой-
пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет,
Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүрді
өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық тұжырымдары
қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі.
Қазіргі мектеп қандай болу керек? Бұл өте ауқымды мәселе.
Бізге, Адамды – тәрбиелеп, өсіретін қоғамды жөндей алатын, өркениетті
демократиялық қоғамның үлкен азаматын қалыптастырып шығаратын мектеп
қажет. Ең алдымен, біздің мектептер бойына сіңгенқаыгездік пен
бұйрықшыл ниеттерінен айырылып , оқушының жеке қара басына, яғни оқу-
тәрбие ісін жекешелеу (диференциялау) ісін жоғары көтеру керек қой
деймін. Балаға, оның тағдырына жауапкершілікпен қарау, өзін сыйлау,
денсаулығын биологиялық – генетикалық жағдайы, психологиясын білу
мұғалім үшін парыз. Бір сөзбен айтқанда, баланың адамгершілік құқығын
сыйлау, онымен санасу керек.
Оқу – тәрбие ісінде қоғамдық пайдалы еңбекті дамыту қажет. Ең
алдымен еңбек дегенде - оқушының өздік ойлау қабілетін, түйсігін
дамыту үшін білімді өз бетінше істеуге, өз бетінше білім алуға
дағдылануы қажет. Біздің оқушыларымыздың көпшілігінің ойлау
қөабілеттері төмен.
Оқу тәрбие - ісін ізгілендіру әсіресе тіл- әдебиет, тарих,
эстетикалық бағыттағы пәндердің берілуін кеңейту. Жалпы, баланың
бойына инабаттылық, адамгершілік, әсемдік, эстетикалық дүние таным
әліппелерін дамыту болашақ мектептің түп қазығы болуы керек. Қазіргі
таңда мектептің рөлі ерекше. Ол үшін жоғары оқу орнынан бастап
бплбақшаға дейін оқу тәрбие жұмысы өзгеруі қажет. Оқулықтар,
әдістемелік көмекші құралдар халқымыздың ғасырлар бойы жиған асыл
қасиеттерінен нәр алуы керек болады. Әр пәнде халықтық тәрбиенің
негізгі болғаны жөн.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер тағылымын
бассқұжат ретінде ұстау қажет. Имандылық , адамдық парасат, даналық,
осылар ұлт мектебінің негізінде болуы қажет.
Әрине ұлттық шеңберде тоқталып қалмай әлемдік педагогиканың
асыл қазыналары да мектептің қайнар көзі болуы шарт. Болашақтың
мектебі оқушының көз қарасымен қалыптасып, оның құқымен тығыз
байланысты болуы керек. Сонымен қатар ол мектеп бірнеше сатылы және
әр бағыттағы әр салалы болғаны жөн. Оқушы өз білім дәрежесіне сай,
жүрек қалауымен мектебіндегі пәнге, мұғалімге, сүйген мамандығына
баруға тиісті. Оқи жүріп, қолы босында еңбек ету үшін болашақ тұрмыс,
өмір сүру жағдайларын ойластыру керек.
Осыған орай, мысалы: физика, химия, биология, астрономия,
география сабақтарында практикалық- лабораториялық сағаттарды көбейту
керек. Әр пәнде бүгінгі алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтар, ғылымның
ұшқындары болуы қажет. Немесе ғылымтану (науковедение) курсын
мектепте жүргізу керек.
Сонымен қатар, мұғалімдердің өздері жоғары дәрежелі - әр ғылым
саласынан терең түсініктері болуы шарт.
Ой - өрісі жоғары дамыған оқушылар үшін ерекше мектептер
сыныптар қажет. Ол үшін ең алдымен жоғары дрежелі мұғалімдер ұжымы қажет.
Оны шешудің жолдары: мектептегі алдыңғы қатарлы (әсіресе жастар)
мұғалімдер мен педагогикалық институттың ғалымға бейім студенттері
бірлесен ошақтар құру. Білімге, ғылымға өнерге ынтасы бар балаларды
педагогикалық психологиялық әдістер арқылы бөліп, сол оқушыларға әр
түрлі жағдайлар жасау қажет.
Ең алдымен алған пәндері бойынша ғылымның әр саласынан
оқушыларға дәріс беру. Бұл жерде қазіргі болсын, бұрынғы болсын қатып
қалған тәртіптен айырылу қажет. Сыныппен еркін, тығыз табиғи
байланыста болған жөн. Мейірбандылық, имандылық шарттарын сақтай отырып,
оқушыларға еркіндік беру керек. Жолдастарыңмен қалай қатынас жасасаң,
оқушыларыңмен сондай қатынаста болған жөн.
Өздік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық саясат: кеше және бүгін
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Қазақтың тұңғыш жер серігі Kazsat пен Байқоңыр болашағы
Баспасөздегі діни идеология мәселелері
Беғазы-Дәндібай мәдениеті мұраларының қазбалары еуропаға жетелейді
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Пәндер