XVIII - XIX ғғ. Қазақстанның мәдениетi


Он бiрiншi лекция.
XVIII - XIX ғғ. Қазақстанның мәдениетi.
Қазақ халқының XVIII ғасырдағы - XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы мәдениетi өткен дәуiрдiң мәдениетiмен, оның озық дәстүрлерiмен сабақтасқан байланыста болды. Cонымен қатар бұл кезде онда жаңа құбылыстар да бой көрсеттi. XVIII ғасырға дейiн қазақ ақындарының есiмдерi, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмiр сүрген уақыт белгiсiз дерлiк едi. Сыпыра жырау, Шалкииз жырау және басқалары шежiрелерде, аңыз-әңгiмелер мен эпостарда ғана аталады, тiптi олардың өмiрi мен творчествосы жайлы нақты деректер XX ғасырдың аяғында да Қазақстан ғылымында өте тапшы.
Тек XVIII ғасырдың орта шенiнен, әсiресе XIX ғасырдан бастап орыс ғалымдары мен қазақ интеллигенциясының жекелеген өкiлдерi ақындар, импровизатор-әншiлерi, жыршылар туралы деректер жинап, олар шығарған өлеңдер мен жырлардың текстерiн жазып ала бастады. Ақындар мен жыршылардың кейбiреулерi өз шығармаларын өздерi жазғандықтардан олардың өлеңдерiнiң түпнұсқасы өзгерiссiз сақталып қалған. XIX ғасырдың орта шенiнен бастап жекелеген ақындардың өлеңдерi мен жырлары жариялана бастады.
Бiр жағынан қазақ қоғамының дәстүрлi негiздерiнiң талқандалуы, екiншi жағынан - жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметiнiң бұрын белгiсiз түрлерiн дүниеге алып келдi. Еңбектiң қоғамдық бүлiнiуiнiң тереңдей түсуi халықтың мәдениетi мен рухани өмiрiне шынайы әсер еттi. Қазақстан Ресейдiң, Англияның, Францияның және басқа мемлекеттердiң мүдделерi түйiскен жерiнде қалған, сөйтiп, өлкенi өнеркәсiптiк-көлiктiк, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетiлген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетiстiктерiн кiм ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығы туралы түсiнушiлiк қоғамдық санада берiк орнықты.
Қаралып отырған кезең қазақ арасынан шыққан көптеген рухани қазынаның иелерiне толы. Олардың басым көпшiлiгi бұрынғы оқулықтар мен басқа да түрлi басылымдарда жан-жақты сипатталған. Сондықтан, бұл еңбекте бұрын-соңды жарық көрмеген, тiптi ел аузында ардайым құрметпен аталып жүрсе де, кезiнде аталуына тыйым салынған есiмдердi тұңғыш рет жазып отырмыз.
Бекет-Ата (1750-1813 жж. ) бүкiл қазаққа, соның iшiнде Батыс Қазақстан өңiрiне рухы әйгiлi тарихи тұлға. Орал мен Копет-Даг арасын алып жатқан ұлан-байтақ өлкенiң ежелгi тұрғындары Қасиеттi Бекет-Атаға бағыштап бiр ауыз қиянат сөз айта алмаған, зәрiдей де қиянат қылық жасай алмаған. Бұл өлкедегi әр шаңырақ қуанған кезiнде де, құлазыған кезiнде де ең алдымен Бекеттiң атын ауызға алған. Жақсы да жаман да, жаман заманда да Оған деген ел сүйiспеншiлiгiне қылау түсiп көрген жоқ. ¤йткенi ол тiрiсiнде - елiнiң жел жақтағы панасы, ық жақтағы Санасы бола бiлген Азамат. Жаудан елдi арашалаған батыр, дауда әдiлеттi арашалаған Қази. Озбырылқтан обал мен сауапты арашалаған Пiрәдар.
Оның қыранның қанаты талар қиян даланы жайлаған ата-жұртының, ата-мекенiнiң барлық шекарасында қырандар түлек түлететiн қия шыңдардан өз қолымен тас қашап, тауды үңгiп, жер асты ғимараттар салып, мешiт-медреселер ашуы да ескi аңыздардағы Прометей мен Фархадтарды, Киелi кiтаптардағы Муса мен әзiрет әлiнi еске түсiретiндей тұлға болған. Шөл кезiп, ерiнi кезерген елiне асасының ұшымен тас шұқып, кәусар бұлақ тауып берген Муса пайғамбардай Маңғыстау мен үстiрттегi Бекет-Атаға байланысты жердiң бәрiнде де балдай бұлақ, көк кұрақ, маңыраған арқар, таутеке. Елi мен жерiн шексiз сүйген Асыл Азамат, Абзал Адамды Елi де шексiз сүйедi.
Бекет-Атаның басты құдыретi - мiне, осында. ¤йткенi, ол көзiнiң тiрiсiнде қиянатқа жол бермес әдiлдiктiң, күпiрлiкке жол бермес адалдықтың, қараулыққа жол бермес шапағаттылықтың, қатыгездiкке жол бермес мейiрiмдiлiктiң, арсыздыққа жол бермес парасаттың асқан үлгiсiн танытып, үлкен-кiшiнi, алыс-жақынды, дос пен дұшпанды түгел мойындатқан адам.
Жем бойы жетi жұрты жайлаған ежелгi аталардың құт қонысы. Осындағы Ақкиiзтоғай ауылының “Ақмешiт” аталатын қасиеттi бiр мүйiсiнде 1750 жылы кҚрiпкел әулие, айтқаны айнымай келетiн сәуегей, жезтаңдай ақын, жез найзалы батыр, iзгi жүректi Бекет Ата Мұрзағұлұлы дүниеге келген. XIII ғасырдың бас кезiнде Хорезм мемлекетi кеңiнен танылды. Бұл кезде бүкiл Орта Азия хандықтары түгелдей дерлiк Хорезм мемлекетiнiң қарамағында болған едi. Қиуа мен үргенiште де ондаған медреселер болып, оларда Орта Азия мен Қазақстаннан ғана емес, үндiстаннан, Ауғанстаннан, Иран мен Ирактан және басқа да коптеген араб, парсы, түркi елдерiнен шәкiрттер келiп оқыған. Сондай-ақ бiлiктi ғалымдар Хиуа мен үргенiшке ағылып келiп жататын. Олардың iшiнде көптеген астрономдар, физиктер, дүние танушылар, дәрiгерлер, ақындар мен абыз-қажылар болған. Бекет-Ата да Хиуда атаулы Бақыржан ғұламадан дәрiс алған. Бұл деректердi XIX ғасырда үстiрттi зерттеген орыс ғалымдары өздерiнiң еңбектерiнде келтiрген. Мысалы, бұл туралы 1820-1821 жылдары Маңғыстау өлкесiн аралаған Э. Эверсман мен В. Дюгамель және 1853 жылғы Алексеев экспедициясы көп анықтама берген.
Кеңес дәуiрi кезiнде, оның зобалаң шақтарында Бекет Атаның ұрпақтары, оның ұстап - тұтынған мүлiктерiн, құран кiтаптарын, толғау жырларын астыртын сақтап қалған. Ел арасындағы ауыздан-ауызға тараған аңыздардың өзi имандылыққа ұюдың бастау бұлағы тәрiздi. 1993 жылы тарихшы, дiн өкiлi И. Мырзабекұлының, 1994 жылы ғалым Қ. Сыдиықұлының, 1998 жылы ақын А. Ершуовтың, 1999-2000 Ислам Мырзабекұлы Қосқұлақтегiнiң (I-II кiтап) аруақты Бекет Ата туралы жәдiгер кiтаптары жарық көрдi.
Дiн де алып дiнгек. Сол дiнгектiң бiр бұтағы - Бекет Мырзағұлұлы Қазақстанның батыс өлкесiндегi Маңғыстау түбегiнде, Атырау аймағында XVIII-XIX ғасырларда өмiр сүрiп өз атағын пiрлiк есемiмен ел аузында мәңгi қалдырған. Ол - Кiшi жүздiң байұлы тайпасының адай руынан шыққан табиғаты ерекше жаратылған жан. Ол кереметiмен қол бастаған батыр, от ауызды орақ тiлдi ақын, ежелгi өмiрдi дамытқан сәулетшi шебер, алдындағыны болжағыш, қысылғанды жебеген сәуеген абыз, ұлағатты ұстаз, ойы дуалы әдiл де шешен би. Cондықтан да: “ Ердiң соңы - Есет, Пiрдiң соңы - Бекет”, “Қазақ қорықса Бекет дейдi, Бекет те айтқандырын екi етпейдi” - деген қанатты сөздiң өзiнен халық Бекет Ата тұлғасын ғасырлар бойы аса құрметтеп, оған рухани сүйенiп келедi.
Қазақ тарихында көрнектi орын алатын XVIII ғ. белгiлi жырауы Бұқар Қалқаманұлының (1693-1787) “Әй, Абылай”, ”Тiлек”, ”Асқар таудың өлгенi” ж. б. өлең-толғауларында адам ғұмыры, оның моралi, қазақтың үш жүзiнiң басын бiрiктiрiп күштi мемлекет болуы туралы халықтың ой-армандары жыр түрiнде бейнеленген. Бұқар жырау Абылай хан бейнесiн халықтың ең жақсы идеясын жүзеге асыратын қайраткер ретiнде дәрiптеп, оның Ресей мен Қытай арасында ел пайдасы үшiн диплоамтиялық саясатын мақұлдады.
¤зге жыраулардың - Тәттiқараның, Үмбетейдiң, Шалдың, Көтештiң өлеңдерi сақталмаған. Тарихта үмбетейдiң Бөгенбай батырдың Қлiмiне арналған жоқтауы белгiлi. Бөгенбай Үмбетей жоқтауында - халық қорғаушысының мiнсiз бейнесi.
XVIII ғасырдың iрi импровизатор ақыны әрi жырауы Тәттiқара қатардағы жауынгер ретiнде көптеген ұрыстарға қатысқан. ¤зiнiң жорықта туған Қлеңдерiнде ол жауынгерлердi бостандық жолындағы күресте ешқандай қиыншылықтарға бас имеуге шақырады. Кейiнгi толқын Қкiлдерi XIX ғасырдың басында өмiр сүрген Шал, Көтеш, Жанкiсi өз өлеңдерiнде әлеуметтiк теңсiздiктi, хандардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығын әшкерелейдi. Ақтамберды жырау (1675-1768), Көтеш ақын (1750-1823), Шал ақын (1748-1819) ж. б. жыршы-импровизаторлар қазақ әдебиетiндегi жекелей творчестволық поэзияның бастаушылары болып табылады. Олардың өлеңдерi эпос пен соның алдындағы дәуiрдiң тұрмыс-салт поэзиясынан көп жағынан ерекше болып келедi.
XVIII ғасырдағы - XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтардың ауыз әдебиетi барынша әр-алуан тақырыптарды қамтып, сонымен қатар бұрын шыққан жанрлар мен олардың көркемдiк ерешелiктерiн де сақтады. Батырлық эпос, мақал, мәтел, тұрмыс-салт өлеңдерi - осы жанрлардың бәрiнiң туындылары бiртiндеп түрiн өзгертiп, жаңа мазмұнмен толықты.
XVIII ғасыр тарихи жырларының негiзгi тақырыбы қазақтардың жоңғарларға қарсы күресi болды. Оларда оқиғалар шындық өмiрде болған және халық тарихында елеулi iз қалдырған батырлардың есiмiмен байланыстыра берiледi.
Қазақтардың жоңғарлармен соғысындағы халыққа таусылмас тауқымет тартқызған 1723 жылғы жеңiлiс көптеген аңыз-әңгiмелер мен өлеңдер тудырды. Осы жылдың қатал қысында жұттан көп мал қырылып қалды; жоңғар басқыншылары қазақ ауылдардын тонап, кәрi-жасты аямады. Халық осынау бастан бақыт тайған ауыр күндi әйгiлi “Елiм-ай” әнi арқылы есте қалдырды. “Қап қағылған”, “Шаңды жорық” өлеңдерiнде ақындар кескiлескен шайқастарда Жанатай, Баян және басқа батырлар бастаған көп қазақтың қаза тапқаны жайында айтады.
XVIII ғасырда дүниеге келген эпикалық шығармалардың iшiнде “Арқалық батыр” Қзiнiң шынайылығы және сонылылығы мен көзге түседi. Онда хандар мен сұлтандардың ауыр күндерде халықтың үмiт-арманын емес, өздерiнiң қар басының пайда-қамын ойлайтын сатқындык саясаты әшкереленедi; халықтың қалың ортасынан шыққан қаhармандар, олардың халықтың бостандығы жолындағы күресi жырланады.
Халық өлеңдерi мен әңгiмелерi Кiшi жүз қазақтарының XVIII ғасырдың соңында болған көтерiлiсiне, оның жетекшiсi Сырым Датұлына арналған. Сырым батыр туралы өлеңдерде, аңыздар мен әңгiмелерде оның хандармен және хан төңiрегiндегiлермен қалай күрескенi жайлы айтылады.
Халық ағарту iсi. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Қазақстанда тек қана дiн қызметкерлерi мен иемденушi-билеушi тобының жекелеген өкiлдерi оқып, жаза бiлдi. Оқу тек мұсылмандық сипатта ғана болды. Мектептер жеке меншiкте болып, оқу шығыны ата-аналардың есебiнен өтелдi. Бұл мектептерде молдалар дәрiс берiп, шәкiрттер негiзiнен “Шариғат ул-иман” (Мұхаммед дiнiнiң ержелерi), әптиек-құранның жетiден бiр бөлiгiн оқып, жатқа бiлуге мiндеттi болды. Бiлiм алуды жалғастыру үшiн ауқатты ата-аналардың балаларын Бұқара, Самарқанд, Ташкент және басқа да орталықтарға жiберiп отырды, олар мұнда араб тiлiн, философиясын т. б. оқып үйрендi.
Қазақ жерлерiнiң Ресей империясының отарланған аймағына айналуы орысша бiлiм берудiң дамуына жол ашты. Алғашқы орыс мектептерi Омбы, Орынбор, Орал, Семей және басқа қалаларда ашылды. Тұңғыш мектеп 1761 жылдан бастап Змеиногорск қорғаныс-мырыш кен орнында жұмыс iстей бастады. XIX ғасырдың орта шенiне қарай кәзiргi Шығыс Қазақстан облысының территориясында осы тәрiздес 16 кен мектебi болды, олардағы оқушылардың саны 1800 адамнан асты. Жергiлiктi жерлердегi әскери ведомстволардың арнайы кадрларын дайындайтын 1765 жылы ашылған “гарнизондық мектептер” көмектесiп тұрды.
1789 жылдан бастап қазақтардың дәулеттi топтары iшiнен тiл маштар мен ұсақ шенеунiктер даярлайтын “Азиаттық мектептер” ашылды. Мектеп бағдарламасы бойынша түлектер орыс тiлiне қоса, араб, парсы, түрiк және басқа шығыс тiлдердi меңгердi, сонымен қатар топографиялық және жер өлшеу iсiн бiлдi. Келiмсектердiң iшiнен отарлаушы әкiмшiлiк үшiн шенеунiктер даярлауда 1813 жылы Омбыда және 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училищелер қомақты рөл атқарды. Кейiн олар 1847 жылы Сiбiр кадет корпусы және 1844 жылы Орынбордың Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. Оқу жоспары бойынша оқушыларға әскери пәндермен қатар жалпы тарих пен Ресей тарихын, орыс және Еуропа әдебиетiн, физиканы, философия негiздерiн, жағрафияны, математиканы, минералогияны, зоологияны, ботаниканы, орманшылықты, каллиграфияны, орыс, француз, немiс, түрiк, моңғол, араб және парсы тiлдерiн оқытты.
Бұл мектептердiң барлығы, үкiмет белгiлеген “азиялықтардың орыстармен жақындасуына көмектесу”, оларды орыс үкiмет жарататын және оған сенетiн етуге және өлкеге бiлiмi бар қайраткер дайындап беру”1 тиiстi болды. 1841 Хан ставкасында, Бөкей ордасында, 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан құрылған мектептер де осы бағытта бiршама жұмыстар атқарды.
Қазақ жерлерiнiң зерттелуi. Қазақстан өңiрiн зерттеуде орыс ғалымдары орасан зор рөл атқарған. Олардың тiкелей қатысуымен және белсендiлiгiмен геологиялық, ауа-райы туралы мәлiметтер жинақталып, сондай-ақ Каспий мен Арал теңiздерiнiң карталары жасалған. Ресей ғалымдары капитан Е. Мейер мен А. Бекович-Черкасский экспедициясының материалдары бойынша, сондай-ақ А. Кожин мен В. Урусов түсiрген суреттердiң негiзiнде Каспийдiң шығыс жағалауын картоға түсiрген. Олар сол уақытқа дейiн орын алған Амудария Каспий теңiзiне құяды дейтiн пiкiрдi терiске шығарды.
Ресей ғылым академиясы мемлекет құрамына жаңадан кiрген кезде П. И. Рычков - Орынбор губерниясы кеңесiнiң қызметкерi өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiмен қатар, бойына бiткен кен терең шығармашылық және саяхатшылық дарынымен өз еңбектерiнде қазақ халқының тұрмысы мен тарихын көрсете алды. Айту керек, көптеген ұлттық мәселелер көбiнесе ұлыдержавалық тұрғыдан сипатталған.
Қазақстанға келген зерттеушi топтарды әр уақытта П. Паллас, И. Фальк, И. Георги, Н. П. Рычков (П. И. Рычковтың баласы) ж. б. басқарған. Кiшi және iшiнара Орта жүз жерлерiнiң Ресей құрамына қосылуының бастапқы кезi туралы юрисдикциялық актiлердi дайындауда қазақтардың өмiр-жайын А. И. Тевкелев жан-жақты зерттеген. XVIII ғасырда өмiр сүрiп, жұмыс iстеген Қазақ өлкесiн зерттеушiлер iшiнен Д. Гладышевтi, И. Муравиндi, К. Миллердi, М. Араповты, И. К. Кирилловты, В. И. Татищевтi, Я. Гуляевтi, И. Ураковты және т. б. атауға болады. Ресейдiң шығыстану ғылымына Қлкенiң тарихы, этнографиясы мен шаруашылығы, табиғат байлықтары туралы офицерлер И. Г. Андреев, Г. Н. Волошанин, А. Незнаев, Зеленов, Богданов, Мотов; инженерлер М. Д. Чулков, С. Матвеев, Я. Гавердовский, Т. Бурнашев және т. б. кiсiлер басқарған (XVIII ғасырдың соңғы үштен бiрiнде және XIX ғасырдың басында) Қазақстанға жiберiлген орыс экспедициялары қомақты үлесiн қосты. 2
1848-1849 жылдары Г. С. Карелиннiң Каспий теңiзiне және капитан А. Бутаковтың экспедициялары Арал теңiзi мен оған құйып жатқан Сырдарияның тереңдiгiн анықтап, олардың дәлме-дәл картасын жасады. Ал XIX-шы ғ. орта шенiндегi осы өңiрге экспедицияларды басқарған Е. П. Ковалевский, Н. А. Северцов, В. П. Васильев, Н. В., Ханьков М., Поспелов В. И., Даль П. И. Небольсин т. б. саяхатшылар Қазақстанның табиғатын, оның халқының мәдениетi мен тұрмысын зерттеген, жағрафиялық суретке түсiрумен және картографиямен шұғылданып, өлкенiң экономикалық жай-күйiн анықтаған.
1845 жылы құрылған Орыс жағрафиялық қоғамы Қазақстандағы түрлi табиғи байлықтар мен жер рельефiн, әлеуметтiк-мәдени жағдайларды ғылыми-зерттеудiң тұңғыш базасы болды. Қазақтардың тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуде А. И. Левшиннiң “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген үш томдық еңбегiнiң аса зор танымдық маңызы болды.
Қазақ халқына шовинистiк-кемiтушiлiк тұрғыдан сипаттап қараған жазушылармен (Ф. Булгарин, И. Скобелев ж. б. ) қатар, өз шығармаларында демократиялық-реалистiк көзқарастарды ұстаған жазушылардың айтарлықтай едәуiр тобы да (А. С. Пушкин, В. И. Даль, В. А. Ушаков т. б. ) болды. 1833 жылы А. С. Пушкин Орынбор генерал-губернаторының ерекше тапсырмасымен жiберiлген шенеунигi В. И. Дальды қасына ертiп, Пугачев қозғалысы өткен жерлердi аралады. Ақын қазақ ауылдарының тұрмысымен танысты, тiптi қазақтың кейбiр көпшiлiк қолды сөз өрнектерiн жаттап та алды. 3
XIX-шы ғ. ортасындағы қазақ әдебиетi. Ресей империясының отарлық саясатының нәтижесiнде жердiң тартып алынуы, қазақ халқының отарлық езгiге қарсы күресi осы кездегi ауыз әдебиетiнiң, ақындардың өлеңдерi мен жырларының маңызды тақырыбына айналды. Ақындардың көптеген өлеңдерiнде әлеуметтiк тенденциялар анық көрiнедi, сонымен бiрге оларда барша қазақтың “бiрлiгi” туралы ойлар анық көрiнедi.
Ақындардың iшiнде поэтикалық дарыны аса зор көрнектi импровизаторлар болды. Шоқан Уәлиханов Жанақ, Шөже, Орынбай, Арыстан ақындардың импровизаторлық талантын жоғары бағалады. Ы. Алтынсарин де XIX ғасыр ақындары творчествосының маңызын атап көрсетiп отырды; ол тiптi өзiнiң хрестоматиясына Орынбай мен Жанақ ақындардың өлең-жырларын енгiздi.
Осы кездегi аса көрнектi қазақ ақыны Махамбет ¤темiсовтың творчествосы 1836-1837 жылдардағы халық көтерiлiсiмен тығыз байланысты. Көтерiлiске тiкелей қатысуы ақынды қазақ халқының мың-мұқтажы мен арман-тiлегiн ұғынуға үйреттi Ол өз елiнiң азат әрi бақытты болғанын көрсем деп ғұмыр бойы арман еттi.
Қазақ халқының поэзиясында өлеңдерi қалың бұқара жадында сақталып қалған Кiшi жүздiң Ойыл болысында кедей отбасында дүниеге келiп, ақын Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881) көрнектi орын алады. Бала жiгiт кезiнен бастап ол өлең, жырға, шешендiк Қнерге қызықты. Оның поэзиялық дарынының қалыптаса бастаған кезi Бөкей хандығында болған көтерiлiс уақытымен дәл келдi. 1836 жылы Шернияз Бөкей хандығына келiп, Исатай Таймановқа қосылды. Шернияз көп ұзамай оның ең жақын достарының бiрiне айналды.
Әйгiлi халық ақыны, дарынды импровизатор Сүйiнбай өз өлеңдерiнде халық қаhармандарын дәрiптеп, ел билеушi сұлтандар дың озбырлығын әшкереледi. Сүйiнбай Жетiсу жерiнде дүниеге келдi (казiргi Алматы облысының Жамбыл ауданы) . Жүйрiк тiлдi, тапқыр ақын Жетiсудағы қазақ пен қырғыз халқы iшiнде өте әйгiлi болды.
XIX ғасырдың 30-50-шы жылдарында ауыз әдебиетiнiң барлық жанры одан әрi дамыды. Ақын-жыршылар, жыраулар бұрыңғы батырлар жырларын жаңғыртып қайта жырлады. “Батыр Қармыс”, ”Балуан Нияз”, “Бекет батыр”, “Айман-Шолпан” поэмаларында Хиуа бектерiнiң шапқыншылығына және Ресей езгiсiне қарсы халықтың күресi, қазақ қоғамындағы әлеуметтiк топтар арасындағы қатынастар жайында анық айтылады.
Музыкалық өнер . Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмiрi және еңбек әрекетiмен бiте қайнасқан рухани мәдениетiнiң етене саласы саз (музыка) болды. Дәстүрлi орындаушылық-жеке ән айту мен аспапты жеке тарту-кең тараған, әндi қосылып айту сирегiрек; шығармалардың негiзгi түрлерi ән мен күй болған.
20-дан астам әр түрлi музыкалық аспаптар болған, олардың бiр сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбiр аспап түрлерi - шертер, жетiген, саз сырнай, кепшiк шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары - профессионалдық талаптарға сай келмей, бiртiндеп қолданыстан шыққан. Ал дыбыстық сапаларын жетiлдiруге келетiн басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, сырнай.
Әншiлер мен сазгерлердiң репертуарында космологиялық тақырыптар туралы - жұлдыздар туралы, ай, күн және басқа планеталар жайлы, демонология тақырыбындағы-жезтырнақ, жын-перi жайлы әндер мен күйлер болды; ауылдарда бақсылардың балгерлiк әрекеттерi кезiнде “арбау” музыкасы да орындалатын болды. әндiк музыкалық мәдениетте ежелгi заман авторларының туындылары: “Ақ сақ құлан мен Жошы хан”, “Қобыланды батыр”, “Қамбар батыр” күйлерi, “Қозы көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жiбек” және басқа әндi циклдер сақталып қалды.
XVIII ғасырдағы музыкалық мәдениеттiң екiншi бiр саласы ежелгi замандар тақырыбына және әсiресе сол дәуiрдiң тақырыптарына шығарылған туындылар болатын. Қазақ даласында “Ескендiр”- шапқыншылық жасаған жорықтар кезiнде Окс пен Яксарт (Амудария мен Сырдария) өзендерiнiң бастуларына дейiн жеткен Александр Маке донский туралы, “Әмiр ақсақ”- ортаазиялық қолбасшы және шапқыншы Ақсақ Темiр туралы әндер айтылатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz