Мақта өңдеу өндірістерінде ақша капиталының пайдалану механизмдерінің тиімділігін және оны жоспарлаудың негізгі мәселелерді талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1. Ақшалай капиталдың теориялық негіздері

1. 1 Ақшалай капиталдың экономикалық мәні . . . ………7

1. 2 Кәсіпорындарға ақшалай капиталдың обьективті қажеттіліктері және оны жоспарлаудың ерекшеліктері… . . . 13

1. 3 Кәсіпорынның ақша капиталын басқару қағидалары . . . 21

2. Мақта өңдеу кәсіпорындарының негіздерінде ақша капиталын талдау және жоспарлау

  1. Кәсіпорынның қаржылық экономикалық дамуына сипаттама . . . 30

2. 2 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздерін талдау . . . 37

  1. Мақта өңдеу кәсіпорындарының ақша капиталы түсімін және шығындарды жоспарлау және бағалау . . . 44

3. Мақта өңдеу кәсіпорынының ақшалай капиталын қалыптастыруды оңтайландыру жолдары

3. 1 Мақта өңдеу кәсіпорындарында ақша капиталын жоспарлауды жетілдіру . . . 54

3. 2 Кәсіпорындарда ақша қаражаттарының айналымдылығын жетілдіру жолдары . . . 60

Қорытынды . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71

Қосымшалар . . . 73

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. «Қазақстан 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында экономиканың нақты секторын дамытудың қажеттілігі ҚР Үкіметінің алдағы қызметінің бірден бір негізгі бағыты ретінде анықталды, ал нақты сектордың басымдылығы оның іс-әрекетінің негізгі принципі ретінде бекітілді . Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін қаржылық, ақшалай капитал, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек. Нарықтық қатынас жағдайында экономиканы реформалауда негізгі мәселелердің бірі өңдеу өндірістерінің тұрақтылығына бағытталған қызметтерді жетілдіру болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда өңдеу кәсіпорындарының ақшалай капиталын, қаржы ресурстарының механизмін қалыптастыру актуалды.

Экономиканың дамуына үлкен әсерін тигізетін саланың негізгілерінің бірі Агроөнеркәсіп кешені. Өйткені, бұл сала ішкі жалпы өнімнің үштен бірін өндіреді. Сондықтан да бұл саладағы өңдеу кәсіпорындарының ақшалай капиталының, қаржылық ресурстарын тиімді түрде пайдаланудың маңызы зор.

Капитал - қаржы менеджментінің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржы менеджменті түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады. [1]

Капиталды салу қорытындысында негізгі және айналым капиталы пайда болады. Қызмет барысында негізгі капитал - айналымнан тыс активтердің формасына, айналым капиталы - айналым активтер формасына ауысады. Айналым активтеріне салынған корпорацияның ақша қаражаттарының қорлары айналым қаражаты болып табылады.

Капитал келесідей болады. Капитал - өзін өзі өсіруге арналған байлық. Капиталды сату және өндіріс процессіне инвестициялағанда кәсіпкердің табысы қалыптасады. Экономикалық теория төрт факторды бөледі: капитал, жер, жұмыс күші және менеджмент (кәсіпорынды басқару) .
«Ақшалай капиталы» мен «қаржы ресурстары» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлікке арналған нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы тетіктерінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.

К. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса.

Өзінің басты еңбегі "Капиталда" К. Маркс капиталдың бірқатар аныктамасын берген. Бул кездейсоқ емес. "Капиталдың" бірінші томында. капитал - бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. "Капиталдың" екінші томында: "капитал бүл қозғалыс" екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған[1] .

Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорынның қаржыларын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында «капитал» түсінігі қолданылады, ол қаржыгерлер үшін кәсіпорынның жаңа кірістерін алу мақсатында үнемі әсер етуге болатын нақты объект болып саналады. Осы тұрғыдан капитал тәжірибелік қаржыгер үшін - өндірістің объективті факторы. Осылайша капитал-кәсіпорын арқылы айналымға салынған және осы айналымнан кіріс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі болып табылады. Осы мағынада капитал қаржы ресурстарының айналған формасы ретінде болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Дипломдық жұмысының басты мақсаты - мақта өңдеу өндірістерінде ақша капиталының пайдалану механизмдерінің тиімділігін және оны жоспарлаудың негізгі мәселелерді талдау. Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеуге мынадай міндеттер қойылды:

  • кәсіпорындардың ақшалай капиталының теориялық негіздерін зерттеу;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын зерттеу;
  • өңдеу кәсіпорындарының қаржыны тиімді басқаруды қалыптастыру, оның механизмін жетілдіру;
  • кәсіпорындардың қаржы ресурстарын, ақша қаражаттар үнемділігін анықтау;
  • өңдеу кәсіпорындарында қаражаттардың ағымын реттеу.

Зерттеу пәні - кәсіпорындардың ақшалай капиталын зерттеу.

Зерттеу объектісі мақта өңдеу кәсіпорындары.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы .

- мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын зерттеу;

- өңдеу кәсіпорындарының ақша капиталын тиімді басқаруды қалыптастыру, оның механизмін жетілдіру;

- кәсіпорындардың қаржы ресурстарын, ақша қаражаттар үнемділігін анықтау;

Жұмыстың көлемі мен құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1. Ақшалай капиталдың теориялық негіздері

1. 1 Ақшалай капиталдың экономикалық мәні

Капиталдың пайда болуының объективті алғы шарттары тауар өндірісінің белгілі бір дәрежеге жетуі және тауар-ақша қатынастарыың дамуы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, капитал көпес және өсімкор капиталы түрінде өзінің өмір жолын ақша түрінде бастады. Әрбір жаңа капитал тауар нарығында, еңбек нарығында немесе ақша нарығында болсын, тағы да ақша түрінде көрініп, тек белгілі бір процестер арқылы капиталға айналады. Капиталға түрлі ғылыми көзқарастар әртүрлі анықтамалар береді.

Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салған А. Смит пен Д. Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П. Самульсон мен У. Нордхауздың ойынша, капитал бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқа да көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады. Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса.

Өзінің басты еңбегі "Капиталда" К. Маркс капиталдың бірқатар аныктамасын берген. Бул кездейсоқ емес. "Капиталдың" бірінші томында. капитал - бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. "Капиталдың" екінші томында: "капитал бүл қозғалыс" екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған [1] .

Альфред Маршаллдың теориясында капитал деп өндірістің алғы шарттарын құрайтын заттарды, Джон Кларк капитал деп босалқы өндіргіш игіліктерді, еңбек өзара бірігіп өндірістің бастапқы негізін құрайтынын, Пол Самуэльсон капитал деп ірі фабрикалардың өндірістік жабдықтарын, қоймалардағы дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттарды қарастырады. Мұндай көзқарастар қазіргі Батыс экономистерінде де кездеседі. Мысалы, Колумбия университетінде (АҚШ) профессоры Дьюи «Капиталға өндірісте пайдалы рөл атқаратындардын барлығы жатады» деп, яғни оған: өндіріс құрал-жабдықтарын, пайдалы қазбаларды, тұтыну заттарын, жұмыс күшін т. б. жатқызады. [3] .

Монетаристік теория тұрғысынан алғанда капитал дегеніміз процент әкелетін ақшалар. Қазіргі кездегі монетаризмді жақтаушылар капитал деп ақшаны және оны алмастырушы несие ақшаларды айтады. Несие мен ақшаның қызметіне баса көңіл аударуға себеп Джон Кейнстің теориясы болды.

Капиталдың сонымен қатар мынадай түрлеріне тоқталайық: Қарыз капиталы дегеніміз белгілі бір мерзімге процент үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. Мемлекеттік капитал дегеніміз мемлекет бюджетінен берілетін ақша. Кәсіпкерлік капитал дегеніміз инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал. Портфельді капитал-бұл инвестор белгілі бір елдің инвестициясына иелік етуі. Жекеменшік капитал-жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы немесе кәсіпорыны. Тұрақта капитал-өндірісте өз құнын бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі. Өзгермелі капитал-өндіріс процесінде өз құнын дереу өзгертетін жұмысшы күшіне сіңген капитал бөлігі.

Капиталдың техникалық құрылымы дегеніміз өндіріс құрал жабдықтар массасының оларлың іске қосатын жұмысшыларының санына қатынасы. Капитал - қаржы менеджментінің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржы менеджменті түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады. Капиталды салу қорытындысында негізгі және айналым капиталы пайда болады. Қызмет барысында негізгі капитал - айналымнан тыс активтердің формасына, айналым капиталы - айналым активтер формасына ауысады. Айналым активтеріне салынған корпорацияның ақша қаражаттарының қорлары айналым қаражаты болып табылады. Капитал келесідей болады. Капитал - өзін өзі өсіруге арналған байлық. Капиталды сату және өндіріс процессіне инвестициялағанда кәсіпкердің табысы қалыптасады. Экономикалық теория төрт факторды бөледі: капитал, жер, жұмыс күші және менеджмент (кәсіпорынды басқару «Ақшалай капиталы» мен «қаржы ресурстары» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлікке арналған нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы тетіктерінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.

Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорынның қаржыларын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында «капитал» түсінігі қолданылады, ол қаржыгерлер үшін кәсіпорынның жаңа кірістерін алу мақсатында үнемі әсер етуге болатын нақты объект болып саналады. Осы тұрғыдан капитал тәжірибелік қаржыгер үшін - өндірістің объективті факторы. Осылайша капитал-кәсіпорын арқылы айналымға салынған және осы айналымнан кіріс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі болып табылады. Осы мағынада капитал қаржы ресурстарының айналған формасы ретінде болады. В. Я. Хрипач өз еңбегінде капитал туралы былай дейді: «Капитал өндірістің маңызды факторы және ресурсы болып табылады. Өндірістік капиталдың бір бөлігі (ғимараттар, қондырғылар және жабдықтар) негізгі капитал деп аталады. Ал келесі бөлігі (шикізаттар, материалдар) айналым капиталын сипаттайды» .

Капиталға келесі анықтаманы Е. Л. Кантор былай береді: «негізгі капиталға еңбек құралдарының құны, ал айналым капиталына еңбек заты мен жұмыс күшінің құны енеді» [4] .

Осы екі талқылау да бір түсінікке бірдей мазмұн береді.

Әртүрлі батыс авторларының экономика бойынша оқулықтарында негізгі және айналым капиталы түсінігін анықтайтын біріңғай тәсіл жоқ, ол әртүрлі елдерде қабылданған бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ерекшеліктеріне байланысты. Отандық теория мен тәжірибеде көбінесе негізгі қорлар мен айналым қаражаттары термині жиі кездеседі.

Кәсіпорынның үздіксіз өндірістік процесін жүзеге асыру үшін айналым капиталы (айналым қаражаттары) қажет. Айналым қаражаттары - бұл кәсіпорынның ағымды активтеріне салынған капитал бөлігі.

Осындай талқылау бойынша кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта кәсіпорынның қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік кәсіпорынның ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі кәсіпорынның қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын кәсіпорын тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.

Нақты өмірде жұмыс істейтін кәсіпорындарда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал сипатталады. Тағы бiр айта кететiн жәйт, ақшалардың өзi немесе ақша қаражаттары қаржылар жөнiндегi ғылымның объектiсi болып табылмайды. Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негiзiнде қаржылардың өзiне тән функциясы - бөлу (жиынтық өнiмдi және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшiншi функция жөнiнде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал ақшалар тауар - ақша қатынастары жағдайында бiрнеше функция атқарады: құн өлшемi ретiнде; төлем құралы ретiнде; айналым құралы ретiнде; қазына құрау құралы ретiнде; дүниежүзiлiк ақша ретiнде.

Ақшалар жалпыға бiрдей құндылық баламасы ретiнде шаруашылық айналымына қызмет етедi және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбiр шаруашылық операциясын тексеруге мүмкiндiк бередi.

Қаржылардың экономикалық категория ретiнде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетедi. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебi мемлекеттiк бюджетте, кредиттiк және кассалық жоспарларда, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгiлi бiр мөлшердегi ақша қаражаттарының сомасы көрсетiледi. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердiң қаржылық нәтижесi екенi белгiлi. Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенiн байқаймыз, деп тұжырымдайды В. И. Белинский. [5] .

Тәжірибе қызметінде адамдар маңызды категориялармен емес, олардың айналған түрлерімен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептілікте тәжірибелік мақсаттылыққа байланысты олар сипатталады. Қаржылық ресурстар анықтамасынан олардың ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) деп бөлінетіндігін көруге болады. Өз кезегінде ішкілері нақты формада стандарттық есептілікте таза пайда мен амортизация түрінде, ал айналған формасы - кәсіпорынның қызметкерлері алдындағы міндеттемелері арқылы сипатталады. Таза пайда кәсіпорынның жалпы кіріс сомасынан салықтар, алымдар, айыппұлдар, пенялар, пайыздың бөлігін және басқалай міндетті төлемдер сияқты міндетті төлемдерді алып тастағаннан кейін, кәсіпорынның иелігінде қалатын кірістің бөлігін сипаттайды. Сонымен бірге сыртқы немесе тартылған ресурстар екі топқа бөлінеді: меншікті және қарыз. Бұндай бөлу сыртқы қатысушылардың осы кәсіпорынның дамуына салған капитал формасына негізделген: кәсіпкерлік капиталда және ссудалық капиталда. Осыған сәйкес кәсіпкерлік капиталды салудың нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құралуы, ал ссудалық капиталдың нәтижесі- қарыз қаражаттарын құру болып табылады. Кәсіпкерлік капитал әртүрлі кәсіпорындарға пайда алу және кәсіпорынды басқаруға қатысу мақсатында салынған (инвестрленген) капиталды сипаттайды. Ссудалық капитал - қайтарымдылық және төлемділік негізінде ұсынылған қарыз түріндегі ақшалай капитал. Кәсіпкерлік капиталмен салыстырғанда ссудалық капитал кәсіпорынға пайыз алу мақсатында уақытша пайдалануға беріледі. Бизнестің осы түрімен арнайы мамандандырылған несие-қаржы институттары (банктер, несие одақтары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар, селенгті компаниялар және т. т. ) айналысады.

Нақты өмірде кәсіпкерлік капитал мен ссудалық капитал тығыз байланысты.

Кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары, ішкі және сыртқы ресурстары, олардың кәсіпорынның иелігінде болатын уақытқа байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары) болып бөлінеді. Бұл бөлу шартты түрде, ал уақыт ұзақтығының көлемі елдің қаржылық заңдылығына, қаржылық есептілікті жүргізу тәртібіне, ұлттық дәстүрге тәуелді болады.

Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда ұзақ уақыт бойы қала алмайды, өйткені ол жаңа кірістер әкелуі керек. Кәсіпорынның кассасында немесе оның банктегі есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде ақшалай нысанда болған кезде, ол кәсіпорынға кіріс әкелмейді.

Осы орайда біз қаржы ресурстарының анықтамасын әртүрлі жағдайда бағалауға тура келеміз. Осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға талдау жасалынды.

Профессор К. Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «қаржы ресурстары деп - шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер» [6] .

Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.

Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, жиналған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында жиналған қаражаттар - бұл меншікті акцияны және облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар бірінші топқа жатады. Ал екінші топқа кіретін қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар - бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.

Ресурстардың үшінші тобы туралы айтқан кезде шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайына өту кезінде кәсіпорындар маңызды қаржы ресурстарын, ақшалай қаражаттарды сала ішінде қайта бөлу және бюджеттік қаржыландыру негізінде алатындығын айта кеткен жөн.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесінде қайта бөлу тәртібінде құралатын қаржы ресурстарының құрылымында сақтандыру компанияларынан түсетін сақтандыру төлемдері үлкен роль алады, ал одан кейінгі орынды бюджеттік қаржыландыру қайнар көзі алады.

Қарастырылып отырған қаржы ресурстарының анықтамасы шаруашылық субъектісі деңгейінде берілген.

О. Төлемісов анықтауы бойынша: көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарға деген сұранымның өсуін пайдаланып, өздерінің қаржы жағдайларын өнім өндіру мен көрсетілген қызметтерді ұлғайту оның өзіндік құнын кеміту есебінен емес, олардың бағасын көтеру арқылы жақсартып алуға тырысуда[7] .

Ал, Дүйсенбаев К. Ш., Төленов Э. Т., Жұмагалиев Ж. Г. кәсіпорынның қаржы ресурстарына «кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді » деп береді[ 8] .

С. В. Большаков кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың маңызды принципі ретінде төмендегілерді анықтайды: жарғылық капиталды алғашқы қалыптастыру; толық шаруашылық есеп; негізгі және инвестициялық қызметтердің қаражаттарын шектеу; айналым қаражаттарын меншікті және қарыз деп бөлу; меншікті аындамы қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету; мақсатты ақшалай қорлар мен сақтық қорларын қалыптастыру; қаржылық қатынастың жоспарлы- болжамды негізі [9] .

Профессор В. М. Родионов кәсіпорынның қаржы ресурстарына анықтаманы «Кәсіпорынның қаржы ресурстары - шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржы міндеттемелерін атқаруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүргізу мен жұмысшыларды экономикалық ынталандыруға арналған ақшалай қорлар мен түсімдер» деп береді [10] .

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Профессор А. Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған. [11] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бизнесті моделдеу»
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Өндіріс шығындары және табыс
Шитті мақта мен мақта-талшығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың маркетингтік басқару
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық жағымдарының бағалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz