Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері


КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6
1. 1 Валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеудің мәні 6
1. 2 Валюта бағамын қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың маңызы 10
1. 3 Валюталық саясат - экономикада сыртқы тепе-теңдікті қолдаудың құралы
26
2 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
34
2. 1 Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
34
2. 2 Валюта саясатының макроэкономикалық көрсеткіштерге тигізетін ықпалы
44
2. 3 Валюта бағамын тұрақтандыруға валюталық реттеудің әсерін талдау 54
3 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖЕТІСТІГІНЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
64
3. 1 Валюта саясаты механизмін жетілдіру жолдары - экономикалық көрсеткіштерді теңестірудің негізгі міндеті
64
3. 2 Валюталық тәртіптемені ырықтандыру - ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты
76
ҚОРЫТЫНДЫ 92
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ 95
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 96
А ҚОСЫМША Экспорт-импорттық валюта бақылауының сызбанұсқасы
100
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
рЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ЭкономикА және қаржы ФАКУЛЬТЕТІ
Қаржы мамандығы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын - валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.
Қазақстандағы нарықтық реформалардың ерекшелігі болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің валюталық саясатты жүзеге асыру механизмі жан-жақты және толық зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның қазіргі негізгі талаптарға сай келмеуі, автормен таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.
Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі валюта саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, осы зерттеу тақырыбының өзектілігін толық растайды.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты: Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;
- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін валюталық саясаттың басым бағыттарын бағалауға сараптама жасау;
- валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;
- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның валюталық реттеу.
Зерттеу пәні ұлттық экономиканы валюталық реттеу процесінде туындайтын валюта қатынастарының жиынтығы.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін валюта нарығының жұмыс істеуі және даму заңдылығы, халықаралық капиталдың толық немесе жартылай жұмылдырылуы жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру бойынша мемлекеттің ақша-несие, валюта саясатының сыртқы және ішкі қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсететін шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының жұмыстың ақпараттық негізі ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық Банкісінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу бойынша Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің нормативтік актілері мен статистикалық мәліметтері, валюта саясаты және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру проблемалары бойынша министрліктер мен ведомостволардың статистикалық көрсеткіштері жұмыс барысында пайдаланылды.
Зерттелетін проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді талдаудың көмегімен шешімін тапқан.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру мен реттеу, валюта нарығының жұмыс істеу заңдылығы және оны дамыту стратегиясы, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған:
- валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеуді үйлестірудің қазіргі заманғы валюталық реттеу принциптеріне сүйенген теориялық негіздері нақтыланған;
- заңнама-құқықтық факторлардың әсерін ескеретін Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қалыптасуының және дамуының кезеңдері айқындалған;
- макроэкономикалық көрсеткіштерге және валюталық бағамның тұрақтылығына әсер ететін факторлардың ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық шараларға сараптама жасалынған;
- отандық экономикаға валюта нарығының тигізетін кері әсерлерін азайтуға бағытталған және валюта бағамының икемділігін арттыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу тетіктері ұсынылған;
- ұлттық қаржы нарығының дамуын ескере отырып валюталық тәртіптемені ырықтандыруды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның валюта саясатын жетілдіру жолдары ұсынылған.
Зерттеу жұмысы нәтижесінің практикалық маңыздылығы алынған теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындылардың валюта саясатын жүргізу мәселесі бойынша нақты ұсыныстардың нәтижелерін ақырына дейін жеткізуден көрінеді. Бұл ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға, экономикада ішкі және сыртқы тепе-теңдік жетістігін реттеу кезінде қаржы құралдарын пайдалануды және одан әрі дамытуға, мемлекеттің валюта саясатын жүзеге асыру жолдарын негіздеуде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінен тұрады.
Диплом жұмысының құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Қазақстан Республикасында валюта саясатын қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздері
- Валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік
реттеудің мәні
Сыртқы тепе-теңдіктің жетістігі сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеуге байланысты. Валюталық реттеу, жалпы аумақтылық валюталық реттеумен, экономикалық анықтылықпен валюта операцияларын жүргізуде банктер монополиясымен және валюта операцияларының негізділігімен, сондай-ақ банктердің ұстанымдарын (позициясын) бақылау есебімен сәйкес әрекет етуге тиіс.
Валюталық реттеудің соңғы объектілері болып, валюта бағамы және төлем балансы табылады. Соңғы объектілерді реттеуді оңтайландыру үшін орталық банктер валюталық реттеудің аралық объектісі ретінде резиденттер мен резидент еместердің валюта операцияларын жүргізудегі тәртібін белгілейді.
Валюталық реттеудің негізгі құралдары дисконттық, девиздік саясат болып саналады. Оның әр алуан түрі мыналар: валюта басқыншылығы (интервенция), валюта резервін әртараптандыру (диверсификация), валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылық дәрежесін, валюта бағамының тәртіптемесін (режимін) реттеу, ақшаның құнсыздануы, бағамды көтеру [1, б. 12] (1-сурет) .
Дисконттық саясат (есептік) - Орталық банктің есептік мөлшерлемесінің өзгерісі. Ол бір жағынан - капиталдың халықаралық қозғалысына, екінші жағынан - ішкі несиелер серпініне, ақша массасына, бағаға, жиынтық сұранысқа ықпал ету жолымен валюта бағамын және төлем балансын реттеуге бағытталады. Капиталдың салыстырмалы еркін қозғалысы жағдайында пассивті төлем балансы кезіндегі есеп мөлшерлемесінің жоғарылауы пайыз ставкасы төмен елдерден капитал ағынының құйылуын ықпалдандырып, төлем балансы жағдайының жақсаруына және валюта бағамының жоғарылауына ықпал ететін ұлттық капиталдардың кемуін ұстап тұруға себеп болады.
1 сурет Валюталық саясат және валюталық саясат құралдары [5] негізінде автор жасаған
Ұлттық валютаның валюта басқыншылығы, ақша құнсыздануы, бағамды көтерудегі валюталық реттеудің экономикалық әдістерінің, ал валюталық шектеу, ұлттық валютаның айырбасталымдылық тәртіптемесін белгілеу валюта қатынастарын әкімшілік реттеудің құралдары болып саналады. Алайда валюта, ақша-несие және бюджет саясаттарының мақсаттары келісілмеген жағдайда валюталық реттеудің шаралары тиімсіз болып шығуы мүмкін.
Валюталық реттеудің мазмұны валюталық шектеудің басымдық ролін анықтайды, батыс экономистері валюталық шектеуді азаматтардың өз елінің валютасын шетелдікке айырбастау құқын шектейтін немесе қатаң қадағалайтын үкіметтік шаралар жүйесі ретінде түсінеді. Валюталық шектеу жүйесінің мақсаты капиталдың сыртқы айналымын қысқарту болуы да мүмкін. Біздің пікірімізше, аталған баяндау валюталық реттеудің негізгі құралы саналатын валюталық шектеудің мәнісін жеткілікті деңгейде ашпайды [2, б. 215-230] .
Валюталық шектеу төлем баланстарын теңдестіруге, ұлттық валюта бағамын қолдауға пайдаланылады. Пассивті төлем балансында ұлттық валюта бағамын қолдау мақсатымен капиталдың жетілуіне шектеу шарасы қолданылады. Мысалы, ұлттық, шетелдік валютаны, алтынды әкетуге шек қою; резиденттердің шетелде есепшот ашуына тиым салу; шетел валютасымен несие беру және басқалары. Активті төлем балансында елге капиталдың ағылуын тежеу, ұлттық валюта бағамын жоғарылату мақсатымен резидент еместердің инвестициясына шек қою және валюталық бағамның көп түрін енгізу секілді шектеулер қойылады [3, б. 4] . Валюталық шектеу енгізгенде Халықаралық Валюта Қоры аз рол атқармайды. Халықаралық Валюта Қорының негізгі мақсаты - әлемдік экономиканы кедергі келтіретін валюта шектеулерін жою. Алайда валюталық шектеуге екі жағдайда рұқсат етіледі: ХВҚ-ның VІІІ келісімінің бөлімі негізінде шектеуді сақтауға немесе ұзақтығын дәл анықтап, өтпелі кезең бойына белгілеу; ХВҚ-ның ресми өтініші бойынша сол Қорға мүше елдер тапшы валютаға шек қоя алады [4, б. 13-20] .
Валюталық шектеу елдегі резиденттер мен резидент еместердің валюта операцияларын реттеу бойынша белгіленген шараларды қарастырады. Валюталық шектеудің түрлері елдегі экономикалық жағдайға және валюта нарығының жұмыс істеу ерекшелігіне орай қолданылады.
Валюталық реттеу ақша-несие саясатының бөлігі болып саналады. Ол субъектілердің валюта операцияларын жүргізу тәртібін белгілеу жолымен елде экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталады.
Валюталық бақылауды жүзеге асыру экономикалық маңызға ие. Валюталық бақылаудың орталық міндеті - әкімшілік әдістермен ұлттық валютаны қорғау.
Халықаралық Валюта Қоры Жарғысының VІІІ бөліміне сай қолданылған шаралар ағымдағы операцияларды жүргізуге, резидент еместер үшін ұлттық валютаның айырбасталымдылығын қамтамасыз етуге кедергі болмайды.
Валюталық бақылау - валюта операцияларының заңдылығы және мақсатқа сай қамтамасыз етудегі мемлекеттің қызметі. Валюталық бақылау - валюта нарығына қатысушыларға қойылатын талаптардың жиынтығы. Оның міндеттері мынадай: жүргізілген валюта операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау; шетел валютасымен төленген төлемдердің негізділігін тексеру; есептің толық объективтілігін және валюта операциялары бойынша есеп-қисапты тексеру.
Валюталық бақылау тетігіне объект, институттар, нысандар және бақылау әдістері кіреді. Валюта бақылауының объектісі - валюта операциялары. Бақылаудың институтын екі топқа бөлуге болады: валюта бақылауының органдары және агенттері. Олар валюта бақылауы объектілерінің қызметтеріне бақылау жасайтын валюта бақылауының субъектілері. Бақылаудың жүргізетін уақытына қарай ол үш негізгі нысанға бөлінеді: алдын-ала, ағымдағы, кейінгі. Жиынтық түрінде бұлар валюта бақылауының үздіксіз сипатын қамтамасыз етеді. Валюта бақылауын жүзеге асырудың әдістері: бақылау, тексеру, ревизия, талдау. Жиынтық түрінде бұлар валюта бақылауының кешенділігін қамтиды. Бақылау баршаға ортақ мөлшер мен ережеге сай өткізіледі. Бақылау екі бағытта жүзеге асырылады: нақты және қаржы ресурстарының қозғалысына орай жүреді. Айырбас бағамының қатынасына қарай таңдалатын стратегияға ықпал ететін аргументтерге шолу жасаған кезде мына негізгі бағыттарға назар аударған жөн: баға тұрақтылығының шығынына және инфляцияның төмендеу мүмкіндігіне.
Біріншіден, инфляцияның төмендеу процесі әдетте өндірістің көлеміне ықпал етеді.
Екіншіден, жоғары деңгейдегі инфляциялы экономиканы тұрақтандыру белгілі бір уақытты талап етеді. Өндірістің қысқаруы жағдайындағы жалпы шығындар экономикалық күйзеліс күшіне байланысты болады. Тұрақтылықтың бүкіл кезеңінде экономикаға әсер етеді.
Елдің валюта жағдайы елеулі түрде бұзылған уақытта валюта шектеуінің өз бетінше түрі енгізіледі. Бұл жағдайда шекара арқылы капитал қозғалысын шектеудің алуан нысандары қолданылады. Бұл - бәрінен бұрын капиталды экспорттау мақсатымен шетел валютасын елден алып шығуға тиым салу; белгілі бір ел азаматының иелігіндегі шетел бағалы қағаздарын, облигацияларды, сертификаттарды шекарадан әрі әкетуге тиым салу; белгілі бір елдің ішкі қор нарығына шетелдің бағалы қағаздарын орналастыруға жол берілмейді.
- Валюта бағамын қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың
маңызы
Халықаралық экономикалық операциялар бір валютаны екінші валютаға айырбастаумен байланысты. «Валютаның айырбас бағамы ел экономикасын қалған әлеммен жалғастыратын шешуші баға болып саналады» [5, б. 713-714] . Осыған байланысты валюта арасындағы айырбастың белгіленген арақатынасын, яғни валюта бағамын белгілеудің қажеттілігі туады. Бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігінде айқындалу бағасын анықтауға мүмкіндік болады.
«Валюта бағамы айрықша сипаттағы ақша санатын иеленіп, ұлттық және әлемдік экономиканың саласындағы өзара әрекетті бейнелейді». Экономикалық санат (категория) ретінде валюта бағамы тауар-ақша қатынасын білдіреді. Ұлттық нарықта ұлттық валюталар тауар құнының өлшемі ретінде қызмет етеді. Халықаралық айырбас барысында әр алуан елдердегі бағаның арақатынасы ұлттық ақша бірлігінің қатынасы ретінде көрінеді.
Ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу үшін айырбас бағамы бойынша мақсатты бағытты таңдап, кейін осы бағамды соған сәйкес мақсатты бағдар шеңберінде ұстау қажет.
Нақты тиімді айырбас бағамы айырбас бағамының тиісті бағдары болып саналады. Макроэкономикалық тепе-теңдікке сәйкес айырбас бағамы, яғни ішкі және сыртқы баланстар арасындағы келісімді қамтамасыз етеді деп танылған бағам.
«Нақты тиімді айырбас бағамы» ұғымы алғаш рет өзгермелі айырбас бағамына көшуге байланысты анықталды. Біріншіден, валютаның сыртқы құндылығын бағалау үшін әрбір валютаның долларға шаққандағы бағамын білу жеткілікті. Екіншіден, валюта бағамдары сатып алу қабілетінің тепе- теңдігінен елеулі түрде ауытқыды. Үшіншіден, валюта бағамдарының серпіні уақытының ұзақтығына байланысты әр алуан. Валюта бағамы тұрақты деңгейде тұрмайды. Валюта бағамының ұзаққа созылған мерзімі әсіресе оның тиімді екендігін айғақтайды. Дегенмен ұлттық валютаның айналымға шыққанынан бері соңғы жылдарға дейін, яғни теңгенің айырбас бағамы долларға, еуроға және ресей рубліне арақатынасы бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Оның дәлелі ретінде Қазақстан валютасы айырбас бағамының динамикасын ұсынамыз (2 сурет) .
Нақты тиімді айырбас бағамы - қарастырылған валютаның белгілі кезеңдегі бірнеше валюта қатынасына қарай бағамның орташа салмақталған өзгерісін көрсететін индекс.
2 сурет Валюта бағамының динамикасы 1993 - 01. 12. 2006 жж
Ол мынадай формуламен өрнектеледі:
РЭОК = 100 х Пі [∆Si x (Р ÷Рі) ] w, (3)
мұнда Пі - елдердің тобы бойынша Қазақстанның тауар айналымындағы елдің салмақ үлесі есебінен валюталарға шаққандағы теңгенің айырбас бағамының өзгеріс индекстерін шығару;
∆ Sі - есепті кезеңдегі теңгенің айырбас бағамының өзгерісі. Ол шетел валютасының бірлігінде көрсетілген. Мына формуламен анықталады :
∆ Sі = Sі™ ÷ Sі°, (4)
мұнда Sі™ - есепті кезеңдегі теңгенің бағамы, Sі° базалық кезеңдегі теңге бағамы;
Рі - і-елдегі Қазақстанның сауда серіктесіндегі баға деңгейі;
Р - Қазақстандағы баға деңгейі;
W - жалпы тауар айналымындағы сауда серіктестерінің үлес салмағы.
Елдің сыртқы экономикалық операцияларында басымдық танытқан елдің валютасы индекске кіргізіледі. Әдетте жетекші валютаға бекітілген елдің валютасы есепке алынбайды. Нақты тиімді айырбас бағамының есеп айырысу тәсілдері валюта санына, сондай-ақ базистік кезеңде таңдауға және қолданылатын таразылау сызбасына байланысты ерекшеленді.
Қазіргі кездегі әлемдік практикада таразылаудың үш сызбасы кең таралған. Таразылаудың екіжақты сызбасында жекелеген валюталардың салмағы ретінде сол елдердің қарастырылатын елдің экспорты мен импортындағы үлестері алынады. Аталған әдісті пайдаланып, валютаның салмағын есептеуге және негіздеуге болады. Өзге ел нарығындағы бәсекелестіктің, баға икемділігінің және экспорт пен импорттың валюталық құрылымның есепке алынбауы осы сызбаның үлкен кемшілігі болып саналады.
Таразылаудың көпжақты сызбасында салмақ ретінде жекелеген елдердің әлемдік экспортта өз үлестерін пайдалануы алынады. Аталған сызба үшінші елдердің нарығындағы бәсекелестікті есепке алуға мүмкіндік беріп, алдынғы сызбадағы өзге кемшіліктерді жоя алмайды.
Таразылаудың модельдік сызбасы салмақ алу үшін үлгілердің сан түрін қолдануға негізделеді. Негізінен елдің сауда балансына валюта бағамы өзгерісінің тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық сауда үлгісі қолданылады. Алайда бұл таразылаудың аса күрделі әдісі болғандықтан есеп айырысудың дұрыстығын тексеруге және қажетті жағдайда түзетілім енгізуге әрдайым мүмкіндік бере бермейді.
Тиімді айырбас бағамдарын пайдалана отырып, олардың индекстер екенін, солардың жәрдемімен валюта бағамдарының серпіні, сонымен бірге валютаның сыртқы құндылығы өзгерісінің экономикалық процестерге тигізетін әсері зерттелетіндігін түсінген жоқ.
Айырбас бағамын реттеудің мақсаты бағаның жағдайға тиісті реакциясын қамтамасыз ету үшін атаулы айырбас бағамын мақсатты көрсеткішке барынша жақын деңгейде ұстап тұру.
Әлемдік пайыздық ставкаға і Z тең пайыздың ішкі ставкасының мәнінде бірлескен тепе-теңдік белгіленген кезде экономикада үш жақты тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.
i
IS LM
BP
i=i Z
Y * Y
- сурет Капиталдың жұмылғыштығы жағдайындағы ашық экономикадағы тепе-теңдік
Мұны кестелік әдіспен былай түсіндіруге болады: ІS, L M, ВР қисықтары Y= Y* және і=іz параметрлеріне сәйкес келетін нүктеде қиылысады. Ол 3-суретте көрсетілген. Сонымен капиталдың толық жұмылғыштығы жағдайында ашық экономикада үш жақты тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тетік қолданылады. Бұл валюта бағамының ағымдағы маңызына түзету жасаудың есебінен жүргізіледі. ІS қисығы LM қисығын оның ВР -мен қиылысуға тиісті нүктеден жоғарырақ қиып өтеді делік. Бұл - игілік және ақша нарығындағы бірлескен тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыздың ішкі ставкасы әлемдік мөлшерлемеден асып түсетінін білдіреді. Онда әлемдікпен салыстырғандағы ішкі активтердің аса жоғары табыстылығына қарай шетел капиталының экономикаға ағыны басталады. Шетел капиталының ағыны отандық валютаға сұраныстың жоғарлауына қозғау салып, нәтижесінде валюта бағамы көтеріле бастайды (ұлттық валюта “қымбат” болады) . Ұлттық валюта бағамының жоғарылауы таза экспорттың төмендеуіне апарып, нәтижесінде ІS қисығы солға қарай жылжи бастайды. Пайыздың ішкі ставкасы әлемдік мөлшерлемемен теңескенге дейін, яғни шетел капиталының ағынына қозғау салған себеп жоғалғанша ІS қисығының солға қарай қозғалысы жалғаса береді.
Егер пайыздың ішкі ставкасы әлемдік деңгейден аз болса, онда елден шетелге капиталды тасудың өсімі байқалып, ол шетел валютасына сұраныстың ұлғаюына қозғау салып, соның салдарынан таза экспорттың өсуіне апарады. ІS қисығы оңға қарай қозғалып, пайыздың ішкі ставкасы жоғарылайды. Алайда аталған тетік валюта бағамын реттеу тәртіптемесіне байланысты әр түрлі амалдар арқылы әрекет етеді. Соған сәйкес тепе-теңдікке бейімделу процесі де, экономикалық саясат құралы да өзгешеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz