Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дөңесті-жақпарлы ороген алқабының неотектоникасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дөңесті-жақпарлы ороген алқабының неотектоникасы

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы биік таулы өлке грабен тәрізді ойыстармен бөлінген блокты көтерілімдермен, яғни жоталар жүйесінен тұратын

Таллы жүйелердің түзілуінде терең тектоникалық жарылымдар маңызды рөл атқарады. Олар кейбір биік тау бөкьерлерінде айқын көрінетін біршама ұзаққа созылған денудацияланған тектоникалық кертпештер түрінде байқалады. Сонымен қатар осы жаңа тектоникалық жарылымдар бойында неоген-төрттік қабаттарының пликативті деформациясына ұшырағандығы көрінеді.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс ороген белдемінің едеуір бөліктері 2-3 мың м-ге, ал орталық тұстары 3-4 мың метрге дейін әркелкі верткикалды қозғалумен сипатталды. Мұндай тектоникалық көтерілістер қазіргі кездегі биік таулы алқабын қамтиды. С. С. Шульц және Н. И. Николаевтың еңбектерінде (1963) оргенді алқабы тауларында кайнозойлық шөгінділердің шоғырлануы неотектоникалық қозғалыстардың қарқынды түрде болуы және таулы бедердің қалыптасуы мен дамуы өзара байланысты және бір мезгілде болған деген маңызды тұжырымға келген. Соңғы құжаттарға негізделе отырып көптеген ғалымдар тау жүйелерінің қалыптасуы жер қыртысының дифференциалды, көбінесе вертикалды қозғалыстармен шектеліп күрделенген кең ауқымды дөңесті-жақпарлы құрылымдардың даму аймағы деп қарастырған.

Жалпы тау өлкесінің неотектоникалық кезеңі негізінде көтеріле дамуымен сипатталсадатау өлкесінің неотектоникалық кезеңі негізінде көтеріле дамуымен сипатталсада тауаралық және тау етегінде неоген-төрттік түзілімдерден қамтылған әр аумақты жеке грабен тәрізді төмен түскен ойыстар жиі кездеседі. Сонымен қатар, ороген алқабы қазіргі тектоникалық қозғалыстармен байланысты жоғарғы сейсмикалық құбылыстармен ерекшеленетінің атап айтқанда сейсмикалық құбылыстар қазіргі белсенді тектоникалық құбылыстармен айқын белгілісі. Солсебептен биік таулы өлкелерде қарқынды эрозиялық тілімдену және нивация процестер арқылы альпілік бедер пішініндері айқын көрінген.

Бұл таулардың ерекшеліктерінің биік-биік шыңдармен және терең тілімденен беткейлермен қатар, суайрық бөлігінде немесе жоталардың бір беткейінен екіншісіне ауысып отыратын, әр абсолюттік деңгейде тегістелген жазықтар кең дамыған. Мұндай жоғарғы биіктіктегі дамыған тегістелген жазықтарды жергілікті халық таулы үстірт немесе сырт деп атаған.

Алматы Алатуы дөңесті-жақпарлы көтерілімі Қазақсатнның оңтүстік-шығыс орогенді алқабының оңтүстігінде орналасқан. Олардың неотектоникалық кезеңдңгі көтерілу амплитудасы (3000-4500м) жотаның орталық бөлігінде (Талғар шыңы 4973м) . Талғар массивінен шығысқа қарай жа Іле Алатауы дөңесті-жақпарлы көтерілімі Қазақстанның оңтүстік шығыс орогенді алқабының оңтүстігінде орналасқан. Оларды неотектоникалық кезеңдегі көтерілу амплитудасы (3000-4500м) . Жотаның орталық бөлігінде Талғар шыңы орналасқан (4973м) . Талғар массивінен шығысқа қарай жаңа тектоникалық қозғалыстар Қараш, Бақай, Сарытау, Торайғыр, және Далашық таулары қалыптасқан. Олар тау аралық ойыстармен шектеліп жатыр.

Осылайша Іле Алатауының қазіргі бедер пішіндерінің қалыптасуындғы шешуші рөлді неотектоникалық қозғалыстар атқарады. Оған біз жас кайнозой шөгінділері мен құрылымдық-геоморфологиялық мәліметтерді талдау негізінде көз жеткізе аламыз. Сонымен қатар неотектоникалық қозғалыстар картасын құрастыруға негіз болатын ежелгі тегістелу беттерінің маңызы өте зор.

Геологиялық және палегеографиялық мәліметтер бойынша мезозой кезінде оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағы тыныш тектоникалық режимде континеттік денудацияға ұшыраған. Бұл кезде денудациялық процестер тектоникалық процестерден басым болды да, тау құрылыстары палеоген соңында әбден бұзылды. Бедер тегістелген жазыққа пенепленге айналды. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде пенеплен тектоникалық көтерілімге ұшырады да, таулар өскен сайын шайылып нәтижесінде таудың жекелеген бөліктерінде ежелгі бедер элементі ретінде сақталған. Кезінде біртұтас континенттік тегістелу беті тектоникалық қозғалыстар әсерінен деформацияға ұшырап, әр түрлі биіктерде орналасты. Оның қалдықтары таулар мен тауаралық ойыстарда сақталған, тауларда олар 1000-4000м биіктікте жатса, ойыстар мен ойпаңдарда кайнозой қабаттарының астында жатыр [3] .

Зерттеу аумағында деформациялардың дизьюнкциялық түрлері, яғни тектоникалық жарылымдар кең тараған. Олар көпшілік жағдайда ендік бойымен немесе оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа жүздеген км-ге созылып, жер бедерінде әр биіктіктегі денудацияланған тектоникалық кертпештер түрінде байқалады. Мәселен, аймақтың оңтүстік батысында Қырғыз горст антиклиннінің солтүстік етегімен Тянь-шань тектоникалық тереңдік жарылымы өтеді. Оның солтүстік-шығыс батысында Қаскелең, Алматы және Іле Алатау жарылымдары бөлініп шығады. Қаскелең тереңдік жарылымы Алматы Тянь-шань және Кіндіктас масивін бөледі де Іле ойпаңынан өтіп Жетісу Алатау етектеріне жетеді. Мұнда палеозой іргетасының батуы 3000 м-ге дейін жетеді. Шығыс-солтүстік шығысқа созылған Алматы тереңдік жарылым зонасы Іле Алатау етегін Іле ойпаңынан бөліп жатыр. Оның шығыс бөлігі Жаркент дипрессиясының орта бөлігін тіліп өтеді. Іле Алатау тереңдік жарылым зонасы Алматы тереңдік жарылымына параллель жатыр. Ол биіктауды тау етегінен бөліп, жер бетінде ендік бағытта созылған денудацияланған тектоникалық кертпеш түрінде айқын көрінеді. Іле және Күнгей Алатау горст-антиклинорийлерді бөлетін Іле Алатау тереңдік жарылым зонасы Шелек грабені деген атпен белгілі. Шығысында Іле Алатау тереңдік жарылым зонасы Кетпен көтерілімді Жаркент ойпаңынан бөледі.

Іле Алатау етегінің солтүстік жағынан кең ауқымды еңісті жазық жанасқан. Оның абсолютті биіктігі 850-700м, тау жотасының солтүстік беткейі осы жазыққа саты тәрізді құлайды. Мұндай сатылы бедер лықсу деформациясынан тұратын жарылымдар жүйесінінен, яғни блоктардың бір бағытта аусуынан пайда болады [4] .

Тау бөктерінде Алматы қаласының оңтүстік жағында ендік бағытта созылған екі қатарлы лықсу деформацияларынан пайда болған «бөктер таулар» дамыған. Олардың тегістелу беті ежелгі төрттік түзілімдерден жабылған. Төрттік кезеңде бөктер таулар Іле Алатауымен ілесе неотектоникалық көтерілімдерге үшыраған. Төменгі қатарлы бөктер таулардың абсолюттік биіктігі 1000-1300м шамасында. Бөктер таулардың солтүстік шетінен бастап Алатау беткейінен аққан көптеген тұрақты және тұрақсыз ағынды сулардың ысырынды конустарынан құралған көлбеу аллювийлік-пролювийлік жазығы алап жатыр. Ысырынды конустардың аумағы айтарлықтай, қалыңдығы да жүздеген метрге жетеді.

Іле Алатау көтерілімінің шығыс сілемінің бірі Кетмен дөңес жақпарлы көтерілімі. Оның максималды көтерілу амплитудасы 3000 метрге дейін жеткен. Көбінесе ендік бағыттағы тектоникалық жарылымдармен қарастырылған көтерілім өзара горст тәрізді блоктар жүйесімен күрделенген. Осы жоғары бағытталған неодеформациялардың нәтижесінде Кетмен жотасы қалыптасқан. Жотаның солтүстік беткейінде тектоникалық жарылым бойымен созылып орналасқан денудацияланған тектоникалық кертпештер (құламалы беткейлер) анық байқалады. Бұл беткейдің солтүстігінде кең еңісті аккумуляциялық аллювийлік-пролювийлік жазығы дамыған.

Іле ороген аралық ойпаңы Іле Алатау және Жоңғар Алатау дөңесті жақпарлы көтерілімдердің аралығында ендік бағытта орналасқан. Аталған депрессияның жалпы ұзындығы 600км, соның шығыс бөлігі қытай Халық Республикасына, ал батыс бөлігі (275км) Қазақстанға жатады. Ені ойпаңның орта бөлігінде 80-100км. Бұл ойпаң батыстан шығысқа қарай екінші реттік құрылымдарға бөлінеді, яғни батыста Алматы ойысы, шығыс бөлігінде Панфилов ойысы. Іле ойысының неоген алды жазықтың максималды төмен түскенамплитудасы 2500-3000м шамасында. Іле ойпаңының оңтүстік жағында Іле Алатауының солтүстік етегінде екі терең тектоникалық жарылымдар белдемі дамығңан. Осы ждарылымдардың оңтүстік блогы Іле Алатау жыртылу жігі бойымен саты тәрізді жоғары көтеріліп қазіргі кейпіне келеді, ал Іле ойпаңы өқмен түскен қалыңдығы 3500 метрге дейін жеткен неоген-төрттік түзілімдермен қабатталған [5] .

Ойпаңның неотектоникалық деформациясы олигоценнің соңында басталған. Ойпаң ежелгі палеозой құрылымдық пішінін сақтай отырып, лның төмен түсу бағытын жалғастыра берген. Жаңа тектогенез кезінде қарқынды төмендегі қалың терригендік материалмен толтырылған. Мұнда жалпы мезозой-кайнозой қабаттарының қалыңдығы 4500 метрге дейін жеткен. Алматы қаласының аумағында олигоценнен осы кезеңге дейін шөгінділер қалыңдығы 3000м болып келеді. Іле ойпаңы бірнеше параллелді лықсу деформациялардан тұрған тектоникалық жарылымдар жүйесі арасынан ортаңғы бөлігі төмен түсу арқылы қалыптасқан. Оны солтүстік және оңтүстік ждағынан шектеген.

Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ороген алқабының бедер пішіндер дамуының негізгі заңдылықтары төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

Барлық қаралып отырған аумақ көп жағдайда қарқынды сейсмикалық қозғалыстар көрінісімен ерекшеленеді. Жалпы айтқанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс белдемінде орналасқан тау жүйелерінің басым бөлігі дөңесті және әр деңгейде көтерілген жақпарлы блоктар зонасы арқылы қалыптасқан. Сонымен қтар жағары көтерілген блоктар арсында көптеген төмен түскен бөліктері де кездеседі [6] .

Тау түзілу зонасының тектоникалық қозғалыстар амплитудасы материктік платформа өңірлерімен салыстырғанда 6-12 есе артқан. Мәселен, Тянь-шань тауы үшін неотектоникалық қозғалыстар серпіні 12-15 км-ге дейін жетеді. Дегенмен платформалар мен тау түзілу аймақтардағы қозғалыстар айырмашлығы тек қана сандық тұрғысында деп ойлау қателескендік болар еді. Бұл геоқұрылымдық зонасында көрініс беретін тектоникалық процестердің сапалық айырмашылығы бар екенін айтып кеткен жөн. Атап айтсақ бұл белдем неотектоникалық қозғалыстардың жоғарғы қарқындылығы, зор градиентті және қозғалыс бағыттарын тез өзгертуімен қатар белсенді сейсмикалық қозғалыстардың болуымен еркшеленеді.

Орогендік белдеміне Қазақстанның бүкіл оңтүстік-шығыс зонасын қамтитын ырғақты қозғалыстар тән және бұл қозғалыс ырғақтары тек қана орогенді белдемдеріне ғана емес, онымен қатар осы белдемге шектесіп жатқан материктік платформаларда да таралған. Бұл ырғақтылық денудациялық беттерінің және терраса баспалдақтарының қалыптасуына, неоген-төрттік шөгінділердің жинақталуына, ойыстар, ойпаңдар мен депрессиялардың пайда болуына әсер етті.

Бүкіл Еуразия материгінің ендік бойында созылған орогендік белдем соның ішінде Қазақстанның орогендік белдемі атмосфералық циркуляциясына, жылу мен ылғал режимінің өзгеруіне әсерін тигізбей қоймады. Бұл жағдай үлкен климаттық өзгерістерге алып келуі даусыз. өзгелерден биік көтерілген жекелеген блоктарда мұз басу және нивация құбылыстарыдамыды. Неотектоникалық қозғалыстар режимі, олардың ырғақтылығы жер бедеріне және климатқа әсер ете отырып, мұз басу және мұзаралық кезеңдерінің ауысуына денудация және аккумулляция процестерінің күшеюіне немесе әлсіреуіне, жер асты сулар деңгейлерінің төмендеуіне немесе көтерілуіне және т. б. құбылыстардың пайда болуына себепші болды. Орогендік зоналарында неотектоникалық қозғалыстар жер келбетін ерекшелеп қана қоймай, сонымен қатар географиялық ландшафтардың түрлі элементтерінің эволюциясын яғни климаттың, гидрографиялық тордың, жер асты суларының өзгеруін, топырақтың, өсімдіктердің таралуын туғызады.

Сонымен бірге физикалық-географиялық жағдай әртүрлі экзогендік факторлардың үйлесуімен (эндогендік факкторлармен байласныса отырып) көрініс беретін таулардың сыртқы келбетіне әсер етеді. Әртүрлі климат жағдайдағы таулы өлкелерде экзогендік бедер құрушы процестер әртүрлі көрініс береді. Олар біршама ұсақ бедер пішіндерінің құрылуына әкеп соғады. Осы бедер пішіндерінің кешені И. С. Щукин көрсеткендей континентік климаты тауларда ылғалды климатты тауларға салыстырғанда сапалық және сандық жағынан өзгеше болады. Мұндай таулардың сыртқы келбеті әр түрлі.

Неотектоникалық кезеңде пайда болған және жаңарылған таулардың дамуының жалпы бағыты орогендік белдемнің біртіндеп кеңеюінен байқалады. Сонымен қатар жалпы неотектоникалық көтерілуіне майысу тенденциясын сақтаған және моласс шектес жатқан тауалды және тауаралық ойыстар дамыған. Мұндай бағытталған неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен тау етегінде еңісті жазықтардың қалыптасуына әкеп соқты.

Жетісу Алатау дөңесті-жақпарлы көтерілімі әртүрлі биіктіктерге көтерілген блокатар жүйесінен тұрады. Жетісу Алатау көтерілімі Жоңғар қақпасынан шығыс-солтүстік-шығыстан батыс-оңтүстік-батысқа 440 км-ге дейін созылады. Орографиялық тұрғыдан Қазақстан аумағында Жетісу АлатауТәңіртау таулы жүйесінен Іле ойпаңы арқылы бөлінгенмен, Қытай аумағында ол Шығыс тәңіртау массивімен бірігеді. Солтүстік жағынан Жетісу Алатау көтерілімі Бас Жоңғар терең тектоникалық жарылым арқылы Алакөл ойпаңымен шектеледі. Осы аймақтық жарылым бойымен Жоңғар тауы 2000 метрге дейін көтерілген, орта бөлігі 2500 метрге дейін жеткен.

Ежелгі палеозой массивін әр блоктарға бөлген үзілмелі дислокациялар таудың қазіргі орографиялық кейпін берген. Бөлшектенген блоктар және пенеплен қалдықтары әр абсолюттік деңгейде көтерілген. Тау бөктерлерінде қарқынды гравитациялық процестер (опырылымдар, жылжымалар) және эрозиялық процестер кең дамыған.

Жетісу Алатау дөңесті-жақпарлы көтерілімінің солтүстік-батыс жағында Балқаш орогенсырты ойпаң орналасқан. Ойпаңның солтүстік шегі-Шыңғыстау, солтүстік-шығыс шегі-Жетісу Алатау, оңтүстігінде Шу-Іле суайрығымен шектеседі. Оның ең терең бөлігі оңтүстік тұсында неотектоникалық кезеңдегі төмендеу амплитудасы 700 метрге дейін жеткен, солтүстік жағында-100м шамасында. Ойпаңда ендікке жуық және меридиан бағыттағы терең тектоникалық жарылымдар қиып өтеді. Балқаш ойпаңының көп бөлігін төменгі төрттік, жоғарғы төрттік және қазіргі аллювийлік-атыраулық және көлдік шөгінділердің қалың қабаттары көмкерген. Бұл ойпаңның бар кезінде пайда болып неотектоникалық тектогенездің соңғы кезінде төмен түскендігін көрсетеді. Бұрғылау мәліметтерінде қарағанда төрттік кезеңнің бір замандарында Балқаш, Сасықкөл, Ұялы, Алакөл Жоңғар қақпасы арқылы Эбінұмен қосылып аумағы жағынан зор бір көл алабын құрып, климаттың құрғақшылығына байланысты және неотектоникалық әсерден жеке-жеке көлдерге бөлініп кеткен.

Алакөл орогенаралық ойпаңы оңтүстігінде Бас Жоңғар жарылымына барып тіреліп шектеледі. Мұнда оның төмен түсу амплитудасы 1000 метрге дейін жеткен және қалыңдығы 800 м жаңа неоген-төрттік түзілімдермен толған. Солтүстікке қарай ойпаңның табаны біртіндеп көтеріліп Тарбағатай көтеріліміне ауысады. Алакөл ойпаңын әрбағытта созылған бірқатар тектоникалық жарылымдары қиып өтіп кішігірім блоктарға бөледі. Блоктардың дифференциалды ауысу амплитудасы 100-150м. Бас Жоңғар тектоникалық лықсыманың кертпеші жер бетінде көлдің оңтүстік жағында айқын көрінеді. Оның биіктігі 200 м-ге дейін жетеді. Бұл кертпештің етегінде кең ауқымды ысырынды конустар дамыған. Алакөл ойпаңының аумағында Жетісудың бірнеше көлін айтуға болады, олар: Сасықкөл, Ұялы, Алакөл, Жалаңашкөл. Олар біркезде солтүстік-батыста Балқаш көлімен қосылып біртұтас көл алабын құрған.

Жетісу Алатау орогенсырты ойпаңы Жетісу Алатау көтерілімінің солтүстік жағынан орналасқан. Ойпаңның қимасы ассиметриялы оның оңтүстігі Жоңғар жүйесінің аймақтық жарылымдарымен шектеліп, 1000 метр тереңдіктен төмен, ал шығысы мен солтүстік бөлігі ірі құрылым тәрізді Тарбағатай тауымен шектеледі. Бұл ойпаң сондай-ақ кішігірім құрылымдарменгорст және грабендермен күрделенген, олардың вертикалды өзара қозғалу амплитудасы айтарлықтай.

Сауыр-Тарбағатай дөңесті жақпарлы көтерілімі планда ежелгі палеозой антиклинорий құрылымына сәйкес келеді. Неоген-төрттік кезінде бұл құрылым палеозой құрылымының қозғалыс бағтын сақтап шамамен 300 метрдей жоғары көтерілді. Солтүстік-батысқа қарай созылғанжаңарған тектоникалық жарылымдар көтерілімінің оңтүстік баурайларында құлдилау келген тау беткейлеріне байқалады.

Алтай дөңесті-жақпарлы көтерілімі В. А. Обручевтың тұжырымы бойынша Қазақстанның қиыр шығысында орналасқан бұл мезозой кезінде ұзақ уақыт денудацияға ұшыраған тегістелген қатпарлы өлке, олнеотектоникалық кезінде дизьюнкциялық дислокацияларға ұшыраған. Горст және грабен тәрізді блоктарға бөлінген. Кейбір құжаттарда неодеформациядан бұрын Алтай тауларының орнында биіктігі 300-700 м шамасында аласа таулар болған деп пайымдайды. әр амплитудалы дифференциялды вертикалды қозғалыстар нәтижесінде жер бетінде горст құрылымдардың орнында жоталар, грабендердің орнында ойпаңдар (Марқакөл, Телецк және т. б. ) пайда болған. Жекелеген блоктар 2000-2500 метрден 4000 метрге дейін көтеріліп олар солтүстік-шығысында биік-биік тау шыңдары түрінде көрініс береді.

Сөйтіп Алтай тау өлкесінде эрозиялық-тектоникалық таулы және акумуляциялық-тектоникалық екі кешенді біріктірген бедер пішіні ажыратылады, олар өзара байланысты табиғи құбылыстар болып саналады: біреуі яғни тау массиві бұзылған жағдайда екіншісі тау етегіндегі аккумулятивті жазық қалыптасады. Солсебептен қалыңдығы 1000 метрге жеткен Алтай тау айналасында қалың борпылдақ түзілімдерден құралған ысырынды конустар кең дамыған. Сонымен қатар, тектоникалық жарылымдар бойында көтерілген блоктардң қыр бөлігінде ұштасқан денудацияланған тектоикалық кертпештер кездеседі. Суайрық бөлігін әрдеңгейінде тегістелген беттер сақталған.

Зайсан орогенаралық ойпаң. Жалпы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы оргендік алқап ауқымында горсты құрлымдар планда грабен тәрізді ойыстармен кезек-кезек алмасып тұрады. Зайсаң ойпаңы Алтай мен Тарбағатай-Сауыр неотектоникалық көтерілімдер арасында орналасқан. Грабен іспетті Зайсан ойпаңы екі жақтан солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа созылған неотектоникалық жарылымдармен шектелген. Ойпаңның максималды төмен түскен тұсы оның оңтүстік бөлігінде терең тектоникалық жапсары бойында орын алған. Оның амплитудасы 1500 шамасыгда.

Қаратау дөңесті-жақпарлы көтерілімі жер бетінде Талас Алатауының солтүстік беткейінен Шоқпақ өткелі арқылы бөлініп солтүстік-батыс бағытта шамасы 400-420 км-ге дейін Тұран ойпатына созылған Қаратау жотасын құрады. Планда бұл көтерірілім палеозой құрылымдарына сәйкес келген грабен арқылы бұл құрылы Үлкен және кіші Қаратуға бөлінеді. Қартау жотасының қалыптасуы оның солтүстік-шығыс жағынан қиып өткен Бас Қаратау жарылымына байланысты. Бұл тереңдік тектоникалық жарылым палеозойдан бастап неотектоникалық кезеңіне дейін үздіксіз қозғалыста. Осы жарылым бойымен блоктар тік бағыттағы (700м) қозғалысынан басқа жазық бағыттағы да қозғалыстар анықталған.

Қаратау жотасының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі олардың суайрық бөлігінде әр литологиялық құрамындағы палезойлық таужынстарын шайып тегістеген қыратты жазықтар, яғни тегістелу беттердің дамуы. Осы денудацияланған жазықтардың кейбір бөліктердің үстінде көбіне лагундық төменгі юра және жоғарғы бор теңіздік конглометаттар кездеседі.

Қарату дөңесті-жақпарлы көтерілімі өз алдында екінші және үшінші қатардағы құрылымдарға бөлінеді. Екінші қатардағы тектоникалық құрылымдарға Үлкен және Кіші Қараау жатады. Олар юра шөгінділерімен көмкерілген тау аралық ойпаң арқылы бөлінеді. Үшінші қатардағы құрылыммен Орталық Қаратау көтерілімі, Кіші Қаратау көтерілімі, Теріс-Қошқарата (Жуалы) грабен және Ақкөл сатысы болып саналады.

Сойтіпң қазақстанның ороген алқабының бедер пішіндер дамуында негізгі заңдылықтар төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

Барлық қаралып отырған аумақ көп жағдайда қарқынды сейсмикалық қозғалыстар көрінісімен ерекшеленеді. Жалпы айтқанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс белдемінде орналасқан тау жүйелерінің басым бөлігі дөңесті және әр деңгейде көтерілген жақпарлы блоктар зонасы қалыптасқан. Сонымен қатар жоғары көтерілген блоктар арасында көптеген төмен түскен бөліктеріде кездеседі.

Тау түзілу зонасының тектоникалық қозғалыстр амплитудасы материктік платформалық өңірлерге салыстырғанда 6-12 есе көп. Мәселен, Тянь-шань тауы үшін неотектоникалық қозғалыстар серпіні 12-15 км-ге дейін жетеді. Дегенмен платформалар мен тау түзілу аймақтардағы қозғалыстар айырмашылығы тек қана сандық тұрғысында деп ойлау қателескендік болар еді. Бұл геоқұрылымдық зонасында көрініс беретін тектоникалық процестердің сапалық айырмашылығы бар екен айтып кеткен жөн. Атап айтсақ, бұл белдем неотектоникалық қозғалыстардың жоғарғы қарқындылығы, зор градиентті және қозғалыс бағыттарын тез өзгеруімен белсенді сейсмкалық қозғалыстардың болуымен ерекшеленеді. .

Орогендік белдеміне Қазақстанның бүкіл оңтүстік-шығыс зонасын қамтитын ырғақты қозғалыстар тән және бұл қозғалыс ырғақтары тек қана орогенді белдемдеріне ғана емес, сонымен қатар осы белдемге шектес материктік платформалар да пайда болды деп айтуға негіз бар. Бұл ырғақтылық денудациялық беттерінің және терраса баспалдақтарының қалыптасуына, неоген-антропогендік шөгінділердің жинақталуына ойыстар, ойпаңдар мен депрессиялардың пайда болуына әсер етті.

Бүкіл Еуразия материгінің ендік бойында созылған орогендік белдем соның ішінде Қазақстанның орогендік белдемі атмосфералық циркуляциясына, жылу мен ылғал режимінің өзгеруіне әсерін тигізбей қоймады. Бұл жағдай үлкен климаттық өзгерістерге алып келуі даусыз. өзгелерден биік көтерілген жекелеген блоктарда мұз басу және нивация құбылыстары дамыды. Неотектоникалық қозғалыстар режимі, олардың ырғақтылығы жер беддеріне және климаттақ әсер ете отырып, мұз басу және мұзаралық кезеңдерінің ауысыына, денудация және аккумуляция процестерінң күшейуіне немесе әлсіреуіне, жер асты сулар деңгейлернің төмендеуіне немесе көтерілуіне және т. б. құбылыстардың пайда болуына себепші болды. Орогендік зоналарында неотектоникалық қозғалыстар жер келбетін ерекшелеп қана қоймай, сонымен қатар географиялық ландшафтарының түрлі элементтерінің эволциясын яғни климаттың, гидрографиялық тордың, жер асты суларының өзгерін, топырақтын, өсімдіктердің таралуын туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неотектоника
Литосфералық тақталар тектоникасы
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Құрты өзені Іле өзенінің ірі сол жақ саласы
Зайсан ойпаңының неотектоникасы
Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Евразия материгіне физ-географиялық шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz