Қазақтар және қазақ тілі туралы



Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.» - деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады. Сондықтан, мемлекеттік, яғни қазақ тілін оқу қажеттілі туып отыр.
Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады. Ал, жалпы Алтай тілдері семьясына түркі тілдерінен басқа тұңғыс-манчжур, монғол, фин-угро тілдері де кіреді. Сондай-ақ, кейбір болжамдар бойынша жапон және корей тілдері де Алтай тіл семьясына жатады екен. Түркі халықтары Солтүстік Мұзды мұхиттан бастап Жерорта теңізіне дейінгі дейінгі ұланғайыр аумақта тұрады. Біздің есебімізше 60-тан астам түркі халықтары бар. Түркі халықтарының мынадай мемлекеттерін атап өтуге болады: Түркия және бұрынғы Кеңес Одағы ыдырағанан кейін пайда болып өз тәуелсіздіктерін алған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Әзербайжан. Олардан басқа тәуелсіздігін ресми түрде Түркия ғана мойындаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасын атап өтуге болады. Ресей Федерациясының құрамындағы татарлардың, башқұрттардың, чуваштардың, сахалардың, алтайлықтардың, тувалықтардың, хақастардың, қарашайлар мен балқарлардың автономиялық республикалары бар. Қытайда ұйғырлар мен қазақтардың, сондай-ақ тағы басқа да түркі халықтарының өз автономиясы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы бар. Шыңжаңда тұратын қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай өңірлерінде шоғырланған. Қытай қазақтарының тағы екі автономиялық округы Алтыншоқы мен Ақсайды да атап өту ләзім. Сонымен бірге, тағы екі түркі халқының да өз автономиялары бар – бұл Молдова құрамындағы Гагаузия және Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан. Ал Қырым татарлары мен Месхеттік түріктердің мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ. Өкінішке орай, Иран мен Ирак түркілері және Ауған Түркістаны туралы ақпарат өте мардымсыз.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтар және қазақ тілі туралы

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді
енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл
мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма
бесінші сөзінде Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да -
бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын,
ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды.
Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін
білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.
- деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ
тілі мен орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады.
Сондықтан, мемлекеттік, яғни қазақ тілін оқу қажеттілі туып отыр.
Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының
түркі тілдері тобына жатады. Ал, жалпы Алтай тілдері семьясына түркі
тілдерінен басқа тұңғыс-манчжур, монғол, фин-угро тілдері де кіреді. Сондай-
ақ, кейбір болжамдар бойынша жапон және корей тілдері де Алтай тіл
семьясына жатады екен. Түркі халықтары Солтүстік Мұзды мұхиттан бастап
Жерорта теңізіне дейінгі дейінгі ұланғайыр аумақта тұрады. Біздің
есебімізше 60-тан астам түркі халықтары бар. Түркі халықтарының мынадай
мемлекеттерін атап өтуге болады: Түркия және бұрынғы Кеңес Одағы ыдырағанан
кейін пайда болып өз тәуелсіздіктерін алған Қазақстан, Өзбекстан,
Түркіменстан, Қырғызстан және Әзербайжан. Олардан басқа тәуелсіздігін ресми
түрде Түркия ғана мойындаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасын атап өтуге
болады. Ресей Федерациясының құрамындағы татарлардың, башқұрттардың,
чуваштардың, сахалардың, алтайлықтардың, тувалықтардың, хақастардың,
қарашайлар мен балқарлардың автономиялық республикалары бар. Қытайда
ұйғырлар мен қазақтардың, сондай-ақ тағы басқа да түркі халықтарының өз
автономиясы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы бар. Шыңжаңда тұратын
қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай өңірлерінде шоғырланған. Қытай
қазақтарының тағы екі автономиялық округы Алтыншоқы мен Ақсайды да атап өту
ләзім. Сонымен бірге, тағы екі түркі халқының да өз автономиялары бар – бұл
Молдова құрамындағы Гагаузия және Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан. Ал
Қырым татарлары мен Месхеттік түріктердің мәселесі әлі күнге дейін өз
шешімін тапқан жоқ. Өкінішке орай, Иран мен Ирак түркілері және Ауған
Түркістаны туралы ақпарат өте мардымсыз.
Ірі түркі халықтары: түріктер, әзербайжандар, өзбектер, қазақтар, ұйғырлар,
татарлар, қырғыздар және түркімендер, башқұрттар, чуваштар және т.б. Біз
ежелгі түркі халықтары қыпшақтарға, ғұндарға, оғыздарға және қарлұқтарға
тоқталмаймыз, өйткені бұл тақырып көп қозғалып жүр.
Түркі халықтары бірнеше тіл топтарына бөлінеді, оның ішінде ең ірілері әрі
белгілілері: қыпшақ тобы, оғыз тобы, бұлғар тобы және сібір тобы. Қыпшақ
тобын татарлар, башқұрттар, қазақтар, қарақалпақтар, ноғайлар, құмықтар,
карашайлар, балқарлар құрайды. Оғыз тобын түркімендер, әзербайжандар,
түріктер, гагауыздар құрайды. Ал бұлғар тобына чуваштар жатады. Қарлық
тобына жататын халықтар: өзбектер, ұйғырлар. Сібір тобының халықтары
сахалар, хақастар және т.б.
Өз кезегінде Қыпшақ тілдері мынадай топтарға бірігетінін атап өту қажет:
- армян қыпшақ тілі (өлі тіл),
- қарайым тілі,
- қарашай-балқар тілі,
- Қырым татар тілі,
- қырымшақ тілі,
- құман тілі (өлі тіл),
- құмық тілі,
- татар тілі,
- ұрым тілі.
- қазақ тілі,
- қарақалпақ тілі,
- ноғай тілі,
- өзбек тілінің қыпшақ диалектілері,
- алтай тілі,
- қырғыз тілі,
- башқұрт тілі.
Енді, қазақ тілі мен қазақтарға азды-көпті тоқтала кетсек.
Қазақ халқының атауының пайда болуына қатысты көптеген болжамдар бар.
Бірақ, біздің ойымша түркі тілдеріндегі қазақтар – еркін, бостандық
сүйгіш деген ұғым беретін мағынасы көкейге қонады. Өз атауымыз қазақтан
айырылғанымыз кеше ғана, орыс тілінде казак пен қазақты ажырату үшін
казах болып жүрген жайымыз бар. Өткен ғасырдың 20 жылдары Кеңес Одағының
құрамында болған Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы сол дәуірде
Казахстан емес Казакстан болғаны тағы да бәрімізге мәлім.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында Қазақстанда жүргізілген
халық санағының алдын ала қорытындысы бойынша республикасы халқының саны 16
миллион 403 мың адамға жетті және оның 67 пайызын қазақтар құрады. Сондай-
ақ, санақ аяқталған соң тағы 12000 адам Қазақстанның азаматтығын алды және
олардың басым көпшілігі де өз қандастарымыз. Қазіргі күні, дүние жүзіндегі
қазақтардың саны 17 миллионды құрап отыр. Қазақтар Қазақстаннан басқа
Әлемнің елуден астам елінде өмір сүреді.
Қазақтардың негізгі бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады.
Қазақтардың ең көп диаспорасы Қытайда (2,7 млн), Өзбекстанда (1,5 млн),
Ресейде (1,2 млн) шоғырланған. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін
жариялағаннан бері шамамен 1 миллион этникалық қазақтар (оралмандар) 
елімізге оралды. Қазақстан Германия, Израиль, Греция, Ресей сияқты
этникалық отандастар мәселесімен айналысатын Әлемдегі санаулы елдердің
бірі. Жақында шетелдегі қазақтарды көшіріп алу және қоныстандыру
мәселесімен айналысу үшін Нұрлы көш бағдарламасының қабылданғаны да
белгілі.
Әлемнің әр түпкірінде тарыдай шашылған қазақтардың басты проблемасы – ол
жазу-сызу мәселесі. Мысалы, Қазақстан, Монғолия, ТМД елдерінің (Өзбекстан
мен Түркіменстанды қоспағанда) және Балтық бойының қазақтары кириллицаны,
ал Түркия мен Еуропа және Америка қазақтары латиницаны, Қытай, Ауғанстан,
Иран және араб елдеріндегі қазақтар кезінде Ахмет Байтұрсынұлы негізін
қалап кеткен төте жазуды пайдаланады. Бұл жердегі басты проблема – ол
Әлемдегі қазақтар бір бірімен сұхбаттаса алады, тек хат-хабар алмасу
кезінде әртүрлі қаріптердің қолбайлау болатындығы.
Қазақстанда шамамен қазақ балаларының 80 пайызы қазақ мектептерінде оқиды
және мектептердің шамамен 70 пайызы қазақ тілінде дәріс береді. Бірақ дәл
осы арадан даулы мәселе туындайды. Неліктен көптеген қалалардағы, әсіресе,
ірі қалалардағы көптеген мектептер аралас мектептерден тұрады. Бұл нені
білдіреді? Мысалы, мектепте дәріс алушылардың көпшілігі орыс тілінде оқитын
болса, сол мектепте дәріс алатындардың азшылығы қазақ тілінде білім алатын
балалар. Міне, сондықтан да орыс тілінің басымдығы білініп тұрады. Бірақ,
осыдан жиырма жыл бұрын, әсіресе Қазақстанның ірі қалаларында қазақ
тіліндегі мектептердің саны өте аз болғаны есімізде, мысалы, миллион
тұрғыны бар Алматыда бар болғаны бір ғана қазақ мектебі болып еді. Қазақ
мектептері Өзбекстанда, Түркіменстанда, Монғолияда және Қытайда бар, ал бір
миллион екі жүз мың қазақ тұратын Ресейде бір ғана қазақ мектебінің болуы
өте ойлантатын жағдай. Бұл – Алтайдың Керей ауылындағы Қаракөл орта
мектебі. Қазақтардың Қырғызстанда 100000 диаспорасы бола тұра қазіргі күнге
дейін бірде бір қазақ мектебі жоқ.
Бұрынғы Кеңес Одағының елдерімен салыстырғанда тіл жағдайы бойынша
Қазақстан тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының діні және тілі
Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаят
Күрділердің мәдени орталықтары
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Қазақтар (шетжұрты)
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Пәндер