Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ: I тарау. Қолма - қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу
5:
КІРІСПЕ: 1. 1 Қолма - қол емес есеп айырысулардың тарихы
5:
КІРІСПЕ: 1. 2 Қолма - қол ақшасыз айналыс және оны ұйымдастыру
5:
КІРІСПЕ: 1. 3 Қолма - қол емес есеп айырысудың түрлері
5:
КІРІСПЕ: IIтару. Қолма - қолсыз есеп айырысуларды Қазақстан Республикасында ұйымдастыру жағдайы
5:
КІРІСПЕ: 2. 1 Қолма - қол емес есеп айырысу процедураларының ерекшеліктері
5:
КІРІСПЕ: 2. 2 Электрондық ақшалардың Қазақстан Республиксында дамуы
5:
КІРІСПЕ: 2. 3 Төлем карточкалар арқылы есеп айырысу жағдайы
5:
КІРІСПЕ: III тарау. Қолма - қолсыз есеп айырысулар жүйесін жетілдіру бағыттары
5:
КІРІСПЕ: 3. 1 Электрондық ақшаларды қолдану, жетілдіру мәселелері
5:

МАЗМҰНЫ

3. 2 Қазақстан Республикасындағы қолма - қолсыз есеп айырысулардың банк арқылы қызметтерін жетілдіру: 3. 2 Қазақстан Республикасындағы қолма - қолсыз есеп айырысулардың банк арқылы қызметтерін жетілдіру
:

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Электрондық ақшалар қолма - қол емес есеп айырысулар перспективасы ретінде, деген дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдаған себебім. Қазіргі таңда бұл электрондық жүйе өте тез дамуда. Өйткені Қазақстан дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін мемлекет электрондық жүйе жағынан немесе басқада технологиялар жағынан дамуы керек. Соның ішінде электрондық ақша айналысын қарастырайық.

Карточка жүйесі Қазақстанға ең алғаш рет 1992 жылы қараша айында «Әлем Банк Қазақстан» игерді. Содан кейін коммерциялық банктер игере бастады, (Халық банкі, Казкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк) бұл аталған банктер қазіргі таңда өз кредиттік карточкаларымен халықаралық деңгейде жұмыс жасауда.

Пластикалық карточка өте тиімді және қолайлы. Кез - келген соманы керек кезінде көшеде тұрған немесе жұмыс орнында тұрған банкомат арқылы есеп айрысуға болады.

Қолма - қолсыз есеп айрысуда банкке барудың қажеті жоқ. Өйткені тек қана пластикалық карточкамен ғана емес және интернет арқылы, ұялы телефон арқылы қолма - қолсыз есеп айрысу операциясын жүргізе асыруға болады. Қазіргі таңда қолма - қол есеп айрысудан көрі қолма - қолсыз есеп айрысу операциясы кең қолданылады. Өйткені кез - келген жерде, дүкенге барғанда клиент өзіне керек затты алып пластикалық карточкасымен есеп айрыса алады. Немесе әр супермаркеттің өзінің дисконттық карточкасы болады. Ол дисконттық карточкамен арзан бағада есеп айрысуға болады. Дисконттық карточканы алу үшін келісім шарт толтырады, одан кейін клиентке екі аптаның көлемінде дисконттық карта беріледі. Бұның барлығын клиент банкке бармай - ақ сол супермаркетте шартқа отыра алады.

Ал енді интернет арқылы немесе ұялы телефон арқылы қолма - қолсыз есеп айрысуға келетін болсақ . Бұл екі жүйе пластикалық карточкамен бірге немесе қатар қолдануда. Клиент кез - келген жерде жүріп кез - келген банктің клиенті бола алад. клиент банктен әлде қайда қашық жерде жүр делік, клиентке шұғыл тұрде есеп шотынан ақша аудару керек клиент бұны жүзеге асыру үшін, оны мынандай операция жүзінде іске асыра алады. Кез - келген жерге барып интернетке қосылады да, интернет - банк арқылы өзіне керек соманы жібере алады. Клиент сөйтіп қолма - қолсыз есеп айрысу операциясын интернет - банк арқылы жүзеге асыра алады.

Тек, қазақстанда қазіргі таңда интернет - банк кең көлемде қолданыла алмайды, себебі Қазақстанда интернет ақысы өте қымбат. Сол себептен клиенттерге интернет - банк тиімсіз болады. Ал егер интернеттің бағасын азайтса онда халықтың 75% - ы интернет - банкті қолданатыны сөзсыз белгілі.

Қолма- қолсыз есеп айыырысудың міндеті - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айрысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал, есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыруы керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында қолма - қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік - экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қолма - қолсыз есеп айрысуды ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс - әрекетінің және қолма - қолсыз есеп айрысудың қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық дамуының нақты жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізеді және міндеті болып табылады. Қолма - қолсыз есеп айрысу міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктерді бірыңғай процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы ресурстарын пластикалық карточкаларға қызмет көрсетудің инфро құрылымын дамытуға және банктік қызмет аясына кеңейту үшін бағыттауға мүмкіндік береді.

Осыған орай жұмыстың міндетті түрі зерттеу болып табылады.

- Қолма - қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;

- Қолма - қолсыз есеп айырысуларды Қазақстан Республикасында ұйымдастыру жағдайы;

- Қолма - қолсыз есеп айырысулар жүйесін жетілдіру бағыттары.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері (Халық банк, Казкоммерцбанк, ТуранӘлемБанк) болып табылады. Барлық коммерциялық банктер қолма - қолсыз есеп айырысулардың объекті болып саналады. Халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу процесінде қолма - қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар (шаруашылық органдар мен халықтар) өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банк арқылы өтетін қолма - қолсыз есеп айрысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айрысудағы бос ақша қаражаттары экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Қолма - қолсыз есеп айрысу шаруашылық органдардың өзара бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады. Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік мөлшерін азайта алады.

Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған.

Бірінші тарауында қолма - қол емес есеп айрысулардың теориясы ақша жүйесін, ақша айналымын, қолма - қол емес есеп айналысты ұйымдастыру, тарихы, түрлері ережелеріне сай қарастырылған. Бұнда қолма - қол ақшасыз есеп айрысудың ең алғаш қай банк қолданғанын біле аласыздар.

Екінші тарауында сіз қолма - қол есеп айрысуларды Қазақстан Республикасында ұйымдастыру жағдайымен таныса аласыз. Бұл тарауда қолма - қол емес есеп айрысулардың жаңартпаларымен, Электрондық ақшалардың Қазақстан Республикасында дамуымен және Төлем карточкаларымен қалай есеп айырысу жағдайларымен толық таныса аласыз. Әрине бұл жерде сіз қай банк қандай қызмет көрсететінін біле аласыз.

Банктерге арналған үшінші тарауда теория мен практиканың үйлесімділігі сөз болады. Ол банк жүйесінің элементі ретінде, арнаулы ақша - несие институты ретінде, төлем карточкаларын шығару және әр түрлі қызмет көрсету сияқты ерекше өнім шығаратын кәсіпорын ретінде қарастырылған. Банктің экономикадағы мәні, қызметтері және ролі оның жүргізетін операцияларымен байланыста зерттеледі. Дипломдық жұмыста сіз қолма - қолсыз есеп айрысу операцияларымен, (несиелік, есеп айрысу және депозиттік) қатар басқа операциялар, оның ішінде, банктердегі жаңа электрондық қолма - қолсыз есеп айрысулар операциялары да баяндалады.

Қорытындыда ҚР қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген.

І тарау. Қолма - қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу

  1. Қазақстан Республикасындағы қолма - қол емес есеп айрысулардың тарихы

Қолма - қол ақша мен қолма - қол емес ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.

Қазақстанда Мастеркард және Виза үлгілерімен жасалған әлемдік несие карточкаларын шығаруды 1992 жылы қараша айында алғашқы болып «Әлем Банк Қазақстан» игерді, 1994 жылы бұл банк жергілікті дебеттік карточка - ӘЛЕМКАРДты шығарды. Қазіргі кезде осы үлгілердегі әлемдік несие карточкаларымен өз клиенттеріне ТұранӘлемБанк, Казкоммерцбанк, Халықтық банк және т. б. қызмет көрсетуде. Пластикалық карточка қолма - қол ақша мен чектің орнына жүретін, сондай - ақ несиені банктен қысқа мерзімді қарыз алуға мүмкіндік беретін есеп айрысу құралы. Клиенттің ағымдағы шоттында қажетті ақша мөлшері болмай қалса, онда белгілі бір лимитке (шектеу) дейін оған қысқа мерзімді несие беруі мүмкін. Пластикалық карточка (дебеттік) негізінен бөлшек сауда айналымы мен қызмет көрсету аясында қолданылады.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде белгілі бір үлгімен (образец) жасалған оннан аса несие карточкаларының түрлері бар. Олар: сапар шегуге арналған, саудалық, бензин сатып алуға арналған, туризм мен көңіл көтеретін қызметтерді төлеуге арналған, халықаралық есеп айрысуға арналған (Виза, Мастеркард және Еврокард т. б. ) .

Бірыңғай ақша қолма - қол емес есеп айырысулар да және қолма - қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады. КСРО тұсында «ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды. Ақша айналысы тек қолма - қол ақшаның қозғаласын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма - қол ақша қозғалысы да, қолма - қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.

КСРО - ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі, орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма - қол ақша қозғалысын және қолма - қол емес айналымды бір - бірінен ажырату мүмкін болмай қалды.

Бұл қолма - қол ақша қозғалысы мен қолма - қол емес айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алады.

Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары бір - бірімен осылайша теңесті. Ақша айналысы - бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма - қол ақша және қолма - қол емес формаларындағы ақша қозғалысы болып табылыды.

Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма - қол ақша айналысы және қолма - қол емес ақшасыз айналыс. Қолма - қол емес ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма - қол ақша айналысының қома - қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма - қол ақшаның тоналу қаупін де есептен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма - қол ақша формасынан қолма - қол есеп айрысу формасына немесе осыған керісінше қолма - қол ақшасыз формадан қолма - қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай кедергілер болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективі негізі болып табылады.

Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі процесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.

Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма - қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының ( қолма - қол емес ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.

Қолма - қол ақша мен қолма - қол емес ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ - та халықтың барлық төлемдерінің тек төрттен бір бөлігі (1/4) ғана қолма - қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие карточкаларымен және тағы сол сияқты жүргізіледі. Қолма - қол ақшасыз есептеуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма - қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор. Қолма - қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының ерекшелікткрі әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 жылы Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған, ал Германия жирошотты, ТМД - ға мүше - мемлекеттер есеп айрысу шоттарын қолданады. Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма - қол емес есеп айрысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірбиеде дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Банктердің есептеу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив бөлып негізгі үш топқа бөлінеді. Осы үш есептеу бөліміне толық мазмұндама берсек.

Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және тағыда басқа құжаттар қабылданады.

1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша үйлестірілген (унифицированный) бірыңғай Ереже қолданылады. Онда инкассоның мәні және түрлері анықталған; вексельді, чектерді, инкассалық тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.

Инкассалық операцияның екі түрі бар. Жай инкассо - клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойғантөлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылады. Құжатты (документальное) инкассо - үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.

Аудару операциясы клиент банкіне өз шотынан белгілі-бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк комиссиялық ақы алады.

Аккредитив (латын сөзі - «сенемін») - бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.

Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент-банкке берген тапсырма жазылған.

Құжатты аккредитив - келісім, ол бойынша эмитент-банк клиенттің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі немесе ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке (орындайтын) беруіне болады.

Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:

  • Қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т. с. с. ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінді;
  • Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
  • Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің обьектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
  • Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
  • Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік бақылдау жүргізді;
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерін тек мембанк монопольды құқықпен шығарды.

Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:

  • Ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
  • Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының обьектісі болып табылады.
  • Ақша айналымы әртүрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
  • Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әртүрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
  • Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
  • Қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.

Олар эмбассировалы емес және бағытталған белгілері бар.

Карточканың алдыңғы сол жақ төменгі бұрышында ультра күлгін сәулесіне көрінетін “М” әріпі бар. Ал оң жағында галограмманың қасында “С” әріпі көрінеді.

Ағылшын тілінде “Electronic Use Only” жазуы бар.

Бағытталған белгілері.

Карточканың нөмірі MaestroCirrus, төлем ақы карточкаларының жүйесі “6” немесе “5” санынан басталып, 12-19 саннан тұрады.

Карточканың пайдалану уақыты 3 жыл.

Карточканың пайдалану уақытының астында карточка иесінің аты-жөні ағылшын тілінде жазылады.

China Union Pay(CUP)

2006 жылдың желтоқсан айынан бастап “Халық банкі” шетел банкілерінен China Union Pay(CUP) төлем жүйелерінің карточкаларына эмиссиясын бастады.

Халық банкі CUP карточкаларын шығаруы Қазақстан мен Қытайдың отандық және Қытайдың кәсіпкерлері мен сатушыларына және саяхатшыларға қолма-қол ақша алуына, зат пен көрсетілген қызметтің ақысын төлеуіне мүмкіндік береді.

Электронды техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде ХХ ғасырдың 70 - жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік туды. Электрондық төлем жүйесі - ол қағазсыз тасымалдаушы электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару, банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айрысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

Банк клиентеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:

  • Автоматтандырылған есеп айрысу палатасы;
  • Банктік автоматтар;
  • Сауда ұйымдарындағы терминалдар;
  • Үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.

Автоматтандырылған есептеу палатасы (АЕП) қолма - қол ақшасыз есеп айрысуды автоматтандырылған тәртіппен жүргізеді және төлемдер жөнінде барлық хабарлар электронды есептегіш машиналарға енгізу үшін магниттік лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсіретін формада болады. Алғашқыда АЕП 1990 жылы АҚШ - та жұмыс істей бастаса, қазіргі кезде оны Жапония, Ұлыбритания және Батыстың өнеркәсібі дамыған мемлекеттер қолдануда. Әрине бұл мемлекеттердің ішіне біздің Қазақстан да кіреді.

1. 2 Қолма - қол ақшасыз айналыс және оны ұйымдастыру

Қолма - қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма - қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айрысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара шегеру жолмен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Қолма - қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді. Айналымның тауарлық қолма - қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма - қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Ақша қаражаттарының қолдану тәсілдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚ БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Банктік қызмет көрсету шарты
Банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығы
Ақша айналысының эволюциясы
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz