ЖШС «Бұрғылау»Жанаөзен қаласы. Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі есеп


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ

Өндірістік тәжірибеден өту жөніндегі УА06К1 тобының студенті

Утешова Алияның

ЕСЕБІ

Тәжірибе орны: ЖШС «Бұрғылау»Жанаөзен қаласы

Тәжірибеден өту мерзімі «18» қаңтар 2010 жылдан

«12» сәуір 2010 жылға дейін.

Кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі

Аға оқытушы: Тойлыбек Т. Г.

Ұйым бойынша тәжірибе жетекшісі

ЖШС «Бұрғылау» бас бухгалтері

Кожанепесов Б.

Алматы 2010 жыл

Өндірістік тәжірибенің мазмұны:

  1. Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Негізгі құралдар есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Материалдық емес активтер есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Материалдық-өндірістік қорлар есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Еңбек және еңбекақы есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Өндіріске және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға кеткен шығындар
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Дайын өнімдер, тауарлар, істелген жұмыстар, көрсетілген қызметтер және оларды өткізу есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Қаржылық нәтижелер мен пайданы қолдану есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Ақша қаражаттары есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Меншікті капитал есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Дебиторлық және кредиторлық берешектер есебі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік қаржылық есептілігі
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. Бухгалтерлік қаржылық есептілік мәліметтері бойынша ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.:
  1. ЖШС «Бұрғылау»-дың шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында орналасқан 40 жылдан астам уақыт бұрын бой көтерген жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Бұрғылау» Қазақстан Республикасында 1970 жылдың 20- наурызында мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз қызметін атқарып келеді.

ЖШС «Бұрғылау» (әрі қарай мәтін бойынша Серіктестік) Қазақстан Республикасының 1-сәуір 2000 жылғы Азаматтық Кодексіне, 16-шілде 1999 жылғы, №436 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке меншік негізінде құрылған.

Серіктестік меншік құқығында оқшауландырылған мүлкі бар заңды тұлға болып табылады және осы мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап береді, өз атынан мүлікті және жеке мүлікті емес құқықтарын жүзеге асырады және сатып алады, серіктестіктің дербес балансы және өз атауымен мөрі бар. Серіктестік қызметінің мақсаты мен мәні. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты болып келесі қызмет түрлерін жүзеге асырудан табыс табу табылады:

  • Қазақстан бойынша осы Маңғыстау өңіріндегі өндірілетін мұнай-газ өнімдерін барлау мен бақылау қызметін атқару;
  • Мұнай мен газ өнімдерін жер қойнауынан скважиналарға орнатып, пайдалануға дайындап кету;
  • Тұрғын халықты жанар-жағар маймен қамтамасыз ету және олардың үздіксіздігін қамтамасыз етіп тұру;
  • Автомобильдердің арнайы техникасы мен тұтастай двигательдеріне, агрегаттары мен белшектеріне күрделі және ағымдағы жеңіл жөндеу жүргізу.
  • Жуктерді автомобильмен тасымалдау және тасымалдап жеткізіп беру. Тургын халыкка кызмет керсету жэне косалкы кемек тасымалын орындага байланысты алуан турлі жүктерді шағын партиямен тасымалдау. Казакстан Республикасының аумаганда, сонымен катар одан тыс жерлерде кәсіпорындарының, ұйымдардың жэне азаматтардьщ жуктеррш тасымалдау жен1нде кызмет керсету. Keрек кызметтерін көрсету.
  • Экспорттык-импорттык операцияларды, сонын шнде тауар айырбастау жэне комиссиондык негезде журпзу. Керек техникалық қызметтерді көрсету;
  • Делдалдык жэне сауда-саттык, сатып алу кызмет көтерме, ұсак көтерме, аукциондык, комиссионды коммерциялык, және бөлшек сауда ұйымдастыру және жекеменшік иелерінен жеке тұлғалардан техникаларды, машиналарды және жабдыктарды жалға алу және Казакстан Республикасыньщ зан берел акттар тыйым салмайтын коммерциялык, шаруашылык, кәсіпкерлік жұмыстарынан басқа қызмет түрлері.
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызметтер.

Серіктестіктің жарғылық капиталы . Өз қызметін жүзеге асыру үшін серіктестікте қатысушының үлесімен 141565 000 (жүз қырық бір миллион бес жүз алпыс бес мың) теңге көлеміне тең сомада жарғылық капитал құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ интеллектуалды қызметтің объектіленген нәтижелеріне құқықтар және басқа да мүлік бола алады. Салым құны заңға сәйкес бағаланады. Жарғылық капиталды көбейту немесе азайту туралы шешімді қатысушы қабылдайды. Серіктестік мүлкіндегі қатысушының үлесі тек салымы төленіп қойған бөлігінде ғана иеліктен шығарылуы немесе кепілге берілуі мүмкін. уәкілетті ЖШС «Бұрғылау »-дың қаржы органдармен берілген лицензиялары болғанда ғана лицензиялық қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Қоғам уәкілетті органдарда заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелген күнінен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады. Қоғамның "ЖШС" деген ұйымдастыру-құқықтық нысанын және оның атауын көрсететін фирмалық атауы болуы керек. Қоғамның жеке балансы бар, өз атынан шарттар жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелене алады және жауапкершіліктер көтере алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. Қоғамның мөрі, қазақ және орыс тілдерінде фирмалық атауы жазылған бланкілері бар. Қоғам үлгілері директорлар Кеңесімен бекітілетін және заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелетін тауарлық белгісіне және символикасына ие бола алады. Қоғам кредиттік мекемелерде есептік, валюталық және басқа шоттар ашады.

Қоғамның жарғылық капиталының минималды мөлшерін 48. 550. 000 (қырық сегіз миллион бес жүз елу мың) теңге құрайды. Қоғамның жарғылық капиталы жарияланған 1. 408. 333 (бір миллион төрт жүз сегіз мың үш жүз отыз үш) жай акцияны және 27. 537 (жиырма жеті мың бес жүз отыз жеті) артықшылықты акцияны шығару арқылы құрылады. Қоғамның жарғылық капиталын акцияларды шығару және орналастыру арқылы құрылтайшылардың жалпы жиналысының немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша бойынша көбейтуге жол беріледі. Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау үшін үш мүшеден тұратын ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды. Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өзінің жұмысы бойынша есеп береді.

ЖШС «Бұрғылаудың » мүшелері:

жоғарғы орган - құрылтайшылардың жалпы жиналысы басқару органы - директорлар кеңесі;

атқарушы орган - басқарма;

бақылаушы орган - сыртқы аудит қызметі.

ЖШС «Бұрғылау »-дың қаржы есебі және аудиті. Қоғамның қаржы есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы заңнамасына сәйкес есепті құрайды. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердің жалпы жиналысына өткен жылдың қаржы есебін талқылауға және бекітуге ұсынады. Директорлар кеңесі жылдық қаржы есебін акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейінгі отыз күннен кешіктірілмей алдын ала бекітуі керек. Қоғамның жылдық қаржы есебі акционерлердің жылдық жалпы жиналысында соңғы рет бекітіледі. Қоғам жыл сайын баспа бетінде жылдық қаржы есебін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жариялауға міндетті. Қоғам жылдық қаржы есебінің аудитін жүргізуге міндетті. Қоғам аудиті директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғамның есебінен немесе ірі акционердің есебінен жүргізілуі мүмкін. Қоғамның атқарушы органы қоғамның аудитін жүргізуден бас тартқан жағдайда, аудит сот шешімімен кез-келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша белгіленуі мүмкін.

Кесте 1. «Бұрғылау» ЖШС-тің 2008-2009 жылғы негізгі экономикалық көрсеткіштері, мың тенге

Көрсеткіштер
Өлшем бірлік
2008 жыл
2009 жыл
Өсу қарқыны
+ -
%
№: 1
Көрсеткіштер: Дайын өнімді сатудан алынған табыс
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 72100
2009 жыл: 76239
Өсу қарқыны: 4139
105, 71
№: 2
Көрсеткіштер: Сатылған тауарлардың өзіндік құны
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 2
2009 жыл: 40198
Өсу қарқыны: 20198
200, 99
№: 3
Көрсеткіштер: Жалпы табыс
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 70100
2009 жыл: 36041
Өсу қарқыны: - 34059
51, 41
№: 4
Көрсеткіштер: Кезең шығыстары
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 34300
2009 жыл: 38946
Өсу қарқыны: 4646
113, 54
№: 5
Көрсеткіштер: Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян)
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 35800
2009 жыл: -2905
Өсу қарқыны: - 38705
8, 11
№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлік: Өлшем бірлік
2008 жыл: 2006 жыл
2009 жыл: 2007 жыл
Өсу қарқыны: Өсу қарқыны
№: + -
Көрсеткіштер: %
№: 7
Көрсеткіштер: Әдеттегі қызметтен алынған табыс (зиян) Салық салынуға дейінгі
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 35300
2009 жыл: 33719
Өсу қарқыны: - 1581
95, 52
№: 8
Көрсеткіштер: Салық салынғаннан кейінгі табыс
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 16900
2009 жыл: 23007
Өсу қарқыны: 6107
136, 13
№: 9
Көрсеткіштер: Рентабельділік
Өлшем бірлік:
2008 жыл: 23, 43
2009 жыл: 30, 17
Өсу қарқыны: 6, 74
128, 76
№: 10
Көрсеткіштер: Жұмыскерлердің орташа саны
Өлшем бірлік: адам
2008 жыл: 20
2009 жыл: 37
Өсу қарқыны: 17
№: 11
Көрсеткіштер: Жылдық тозудың коэффициенті
Өлшем бірлік: Мың, тг.
2008 жыл: 0
2009 жыл: 5, 71
Өсу қарқыны: 5, 71
0

Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдары шегінде жүзеге асырады. Серіктестік тек қана лицензия негізінде жұмыс істей алады.

Зерттеліп отырған кәсіпорынның есепті кезеңдегі негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі мен құрылымына тоқталатын болсақ, төмендегі 1 кестеге назар аударамыз:

Кесте 2. «Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есепті кезеңдегі негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі мен құрылымы, мың тенге

шоттар
Негізгі құралдар топтамасы
2007
2008
2009
Үлесі, %
шоттар: 2410. 1
Негізгі құралдар топтамасы: Ғимараттар мен құрылғыла
2007: 250890
2008: 283288
2009: 272998
Үлесі, %: 6. 3
шоттар: 2410. 2
Негізгі құралдар топтамасы: Машиналар
2007: 3675521
2008: 3992524
2009: 3896670
Үлесі, %: 89. 4
шоттар: 2410. 3
Негізгі құралдар топтамасы: Транспорт құралдары
2007: 175420
2008: 180310
2009: 182946
Үлесі, %: 4. 2
шоттар: 2410. 4
Негізгі құралдар топтамасы: Басқалары
2007: 6025
2008: 6699
2009: 7873
Үлесі, %: 0. 1
шоттар:
Негізгі құралдар топтамасы: Барлығы
2007: 4107856
2008: 4462821
2009: 4360487
Үлесі, %: 100

Есепті кезеңде серіктестіктің негізгі құралдарының құрылымын зерттей отырып, ең үлкен үлестік 89, 3 пайыз машиналар үлесінде, себебі шаруашылық қызметінің атқарушы күші негізінен машиналардың қатысумен байланысқан. Келесі көрсеткіш негізгі құралдардың техникалық жарамдылығын 3 кестеден көреміз.

Кесте 3. «Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есепті кезеңдегі негізгі құралдардың техникалық жайы (2008-2009) .

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2008 жылы: 2008 жылы
2009 жыл: 2009 жыл
өсу қарқыны: өсу қарқыны
Көрсеткіштер:

Сомасы,

мың тг

2008 жылы: Үлесі, %
2009 жыл:

Сомасы,

мың тг

өсу қарқыны: Үлесі, %
Көрсеткіштер: Бастапқы құнымен
2008 жылы: 5723210
2009 жыл: 100
өсу қарқыны: 5857054
100
1, 02
Көрсеткіштер: Құралдардың тозуы
2008 жылы: 1260389
2009 жыл: 100
өсу қарқыны: 1496567
100
1, 19
Көрсеткіштер: Қалдық құны
2008 жылы: 4462821
2009 жыл: 100
өсу қарқыны: 4360487
100
0, 97
Көрсеткіштер: Тозу коэффициенті
2008 жылы: 0. 22
2009 жыл: 26
өсу қарқыны: 0. 26
27
1, 05
Көрсеткіштер: Жарамдылық коэффициенті
2008 жылы: 0. 78
2009 жыл: 74
өсу қарқыны: 0. 74
73
0, 9
Көрсеткіштер: Жинақталған амортизация коэффициенті
2008 жылы: 1785128
2009 жыл: 40
өсу қарқыны: 1818323
41, 7
1, 04
Көрсеткіштер: Нақты құндық коэф.
2008 жылы: 0. 98
2009 жыл:
өсу қарқыны: 0. 99
-0. 03
Көрсеткіштер:
2008 жылы:
2009 жыл:
өсу қарқыны:

«Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есепті кезеңдегі қызметінде ақша қаражатының қозғалысы тура әдіспен жүргізіледі. Яғни тура әдісте:

а) ақша құралдарының түсуі - айналымнан түскен табыс, пайыздар, алынған аванстар және дивиденттер көрсетіледі.

ә) ақша құралдарының шығуы немесе жабдықтаушылармен есеп айырысу, еңбек ақы төлеу, міндеттемелермен және бюджетпен есеп айырысу, сонымен қатар зейнетаы қорына аударылған аударымдар тағы басқа төлемдер көрсетіледі.

б) операциондық қызметтен түскен таза қаржы көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысын келесі кестедегідей талдауға болады.

Кесте 4. Ақша қаражаттарының қозғалысы

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2008 жыл: 2008 жыл
2009 жыл: 2009 жыл
ауытқу: ауытқу
Көрсеткіштер: 1Ақша қаражаттарының түсуі, мың теңге
2008 жыл: 280544
2009 жыл: 353067
ауытқу: +72523
Көрсеткіштер: а) өнімді сатудан түскен
2008 жыл: 140054
2009 жыл: 112877
ауытқу: -27177
Көрсеткіштер: б) алынған аванстар
2008 жыл:
2009 жыл:
ауытқу:
Көрсеткіштер: в) басқа да түсімдер
2008 жыл: 140490
2009 жыл: 240190
ауытқу: +99700
Көрсеткіштер: Барлық түскен ақша
2008 жыл: 280544
2009 жыл: 353067
ауытқу: +72523
Көрсеткіштер: 2. Ақша қаражаттарының кетуі, мың теңге
2008 жыл: 280544
2009 жыл: 354475
ауытқу: +73931
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2008 жыл: 2008жыл
2009 жыл: 2009 жыл
ауытқу: ауытқу
Көрсеткіштер: а) жабдықтаушылармен есеп айырысу
2008 жыл: 15075
2009 жыл: 11147
ауытқу: -3928
Көрсеткіштер: б) еңбекақымен есептесу
2008 жыл: 162144
2009 жыл: 144907
ауытқу: -17237
Көрсеткіштер: в) міндетті төлемдер
2008 жыл: 80112
2009 жыл: 90395
ауытқу: +10283
Көрсеткіштер: г) басқа төлемдер
2008 жыл: 23213
2009 жыл: 108026
ауытқу: +84813
Көрсеткіштер: Барлық кеткен ақша
2008 жыл: 280544
2009 жыл: 354475
ауытқу: +73931
Көрсеткіштер: өсуі (+) азайуы (-)
2008 жыл:
2009 жыл: -1408
ауытқу:

Кестеде қарастырып отырғандай, ақша құралдарының түімі 72523, 0 мың. теңгеге өскен. Себебі көрсетілген қызмет және жасалған жұмыс үшін, сонымен бірге басқа да түсімдер есепті жылда өз уақытымен түсіп тұрғандығы өндірістік процесті тоқтатпай айналым көлемін ұлғайтты. Ал кеткен ақша құрамының ішінде еңбекақы бойынша төлем 144907, 0 мың. теңгеге өскен. Бұған себеп-еңбекақы деңгейінің өсуі және шығарылатын өнімде еңбекақы шығынының мөлшерінің көбеюінен.

Пассивті шоттардағы операциялар ақша қаражатарының шотына үлкен әсері тигізедді. Егер міндеттемелер бабындағы қалдық көбейсе, онда төлем төленбейді .

Дебиторлық берешектің айналымдылығы бірнеше жыл қатарындағы көрсеткіштердің бірнеше жылдары арқылы анықтайды. Сол бірнеше сала арасында және келісімдегі шарттары бойынша.

Дебиторлық берешектің есептеу арқылы талдамалы деректері бойынша дебиторлық берешектің жасырын сомасын алдын ала төленген төлемдердің материалдарымен қамтамасыз етілмеуі арқылы анықтаймыз. .

Өз уақытында төленген төлемдер шығындарды азайтуға әсер етсе, сонымен бірге ұзақ мерзмді банктік несие алу арқылыда есептесуге болады. Дебиторлық берешек пен кредиторлық берешекті салыстыра отырып талдауға болады.

Дебиторлық берешек пен кредиторлық берешекті салыстырғанда, егер кредиторлық берешек дебиторлық берешек мөлшерінен асса онда кәсіпорынның ашылмай тұрған бап, немесе жасырын пайда жасалады. Сонымен бірге инфляциялық коэффициентті пайдаланғанда дебиторлық берешекпен салыстырамыз.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын көтері үшін:

1) кредиторлық берешек дебиторлық берешек мөлшерін бірдей деңгейде ұстап отыру керек;

2) тапсырушылармен тығыз байланыста болып, тапсырмасын деркезінде орындауға бейімделу керек;

  1. үнемі мерзімі асқан берешектерді бақылауда ұстау керек;
  2. тапсырушылардың алдын ала төлем жасауға ықпал ету керек. .

Егер дебиторлық берешек мөлшерін талдайтын болсақ, онда:

дебиторлық берешектің орташа мөлшері = (есепті кезең басындағы дебиторлық берешек мөлшері + есепті кезең соңындағы дебиторлық берешек мөлшері)

Ал дебиторлық берешектің айналымдылығы = тауарды сатудан түскен табыс / дебиторлық берешектің орташа мөлшері. Дебиторлық берешектің жабылу мерзімі = 360 күн / дебиторлық берешектің айналым саны.

Кесте 5. Дебиторлық берешектің құрамы мен құрылымы

Нөмірі

Дебитор.

берешек

Жыл басында
Жыл соңына
Берешектің ауытқуы
Сомасы
Үлесі
Сомасы
Үлесі
Сомасы
Үлесі
Нөмірі: 1
Дебитор.берешек: Төлен. аванстар
Жыл басында: 3003
Жыл соңына: 38, 65
Берешектің ауытқуы: 48
0, 73
-2955
-37, 9
Нөмірі: 2
Дебитор.берешек: э/энергияға төлем
Жыл басында: 4766
Жыл соңына: 61, 35
Берешектің ауытқуы: 6558
99, 27
+1792
37, 9
Нөмірі:
Дебитор.берешек: Барлығы
Жыл басында: 7769
Жыл соңына: 100
Берешектің ауытқуы: 6606
100
-1163
-

Кестеден көріп отырғанымыздай, есепті кезеңде дебиторлық берешектің үлкен үлесі э/энергиясымен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш, немесе 1792, 0 мың теңгеге үлкен.

Еңбекақы қоры - жоспар бойынша 164975 мың тенге, ал нақты жұмсалғаны 164327 мың тенге, 648 мың тенгеге ұнемделген, бұл яғни еңбекке жарамсыздығына байланысты аурухана құжатына 133 мың тенге, басқа сипаттағы 223 мың теңге, оқу және еңбекақысыз демалыс үшін 292 мың тенгені құраған.

Әкімшілік шығындары есепті кезеңде 19804 мың теңге, жоспар бойынша бұл бап 20443 мың теңге болған немесе үнем сомасы 639 мың теңгег тең. Былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 4614 мың теңгеге көбейген.

Әлеуметтік аударым - былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 79 мң теңгеге көп төленген, себебі есепті кезеңде ауруға байлансты еңбекке жарамсыздығы үшін төлемдер төленген.

Ұйымның есеп саясаты

Қазақстан Республикасындағы соңғы уақыттарға дейін басқарудың орталықтандырылған жүйесі болғандықтан дербес есеп саясаты қалыптасқан болатын. Басқарудың әкімшілік-әміршіл жүйесі жабылған соң және нарықтық қатынастарға өтуге байланысты Қазақстанда дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде қолданылатын халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық салу жүйесіне бағдарланған ұлттық есеп саясатын қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасалуда.

Есеп саясаты деп бухгалтерлік есеп жүргізу процесінде және соның негізінде қаржылық, өнеркәсіптік есеп беруді жасауда қолданылатын әдістердің, принциптердің, дәстүрлердің, ережелер мен рәсімдердің жиынтығын түсіну керек.

Кәсіпорында есеп саясатын қалыптастыру тәртібін қарастырайық. Ұлттық стандарттарда және есеп жөніндегі басқа негізгі құжаттарда ұсынылғандардан кәсіпорынның өзі:

  • компьютерлік техниканың нақтылығын, есеп деңгейін, өндірістің ұйымдастырылуын ескеріп, бухгалтерлік есептің нысанын / бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны(формасы), есептің журналдық-ордерлік немесе мемориалдық нысаны/ таңдайды;
  • Бухгалтерлік есептің шоттар тізбегін /шоттардың толық жоспары, цехсыз басқару құрылымындағы кәсіпорындар үшін шоттардың шағын кәсіпорындар үшін шоттардың қысқартылған тізбегі және басқалар/ таңдайды;
  • Капиталды реттеу мүмкіндік беретін амортизацияны және негізгі құралдарды есептеу әдістерін таңдайды. Егер қазіргі кезде амортизацияны есептеудің тек бір ғана бірқалыпты әдісі қолданылатын болса, Ұлттық бухгалтерлік стандарттарда бірқалыпты (түзу сызықты) әдістен басқа кумулятивтік, азайып отыратын қалдық орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді әдістер бар. Мысалы, егер бірқалыпты әдісте, шартты түрде алынған объектіге жылына 2000 теңге амортизация есептелсе, кумулятивтік әдісте-3500, азайып отыратын қалдық әдісіне -4000 теңгеден есептеледі;
  • өндірісте ұйымдастыру ерекшелігіне, қойма шаруашылығының қалай реттелгені, нормативтік базаның, есептелгіштердің, салмақ өлшейтін, басқа құралдардың нақтылығына қарай, инженерлік-техникалық, экономикалық және есеп қызметкерлерінің біліктілігіне қарай кәсіпорын өндіріске шығарылатын шығындардың және өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялаудың, /қарапайым, тапсырыстық, өндірістік кезеңдер бойынша, нормативті немесе алғашқы үш әдістің нормативті әдіспен қосылған түрі; «стандарт-кост», «директ-костинг»/ калькуляциясын таңдайды;
  • кәсіпорындар аяқталмаған өндіріс қалдықтарын есептеу мен бағалаудың бір әдісін /түгелдеу бойынша, дайын болу деңгейі бойынша және басқалар/ қолданатын болады; шала фабрикаттардың есебі мен қозғалуын ұйымдастырудың /шала фабрикатты немесе шала фабрикатсыз/ нұсқасы; көліктік дайындау шығындарын немесе өндірісте жұмсалған материалдық құндылықтардың өзіндік құнының ауытқуын тұрақты есептеу бағалары бойынша /+, -/ материалдар есептен шығарылған шоттарға немесе тек 8010 - «Негізгі өндіріс» шотына апару нұсқасын қолданады:
  • «материалдарды дайындау және алу» және «материалдар құнындағы ауытқулар»шоттарын пайдаланып немесе оларды қолданбай материалдық құндылықтарды дайындау процесін есептеу әдісін таңдау құқығы беріледі: /бұл жағдайда тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындау және алуға байланысты шығындар 1310 - «Материалдар» бөлімшесінің жеке талдамалы (аналитикалық) шоттарында ескерілетін болады. Тауарлы-материалдық құндылықтардың жинақтамалы (синтетикалық) және талдамалы (аналитикалық) есептің қай әдісін: жедел-бухгалтерлік /сальдо/ әдісін немесе қосарланушылық /қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық саны құны қосарланады/ әдісін пайдаланатынын кәсіпорындардың өзі шешеді;
  • талдамалық есепте тауарлы-материалдық құндылықтарды қалай бағалауға болады: тұрлаулы /жоспарлы, шартты, көтерме/ есеп бағасымен немесе олардың нақты өзіндік құны бойынша бағалайды; -өндіріске және басқа мақсаттарға тауарлы-материалдық құндылықтардың жұмсалуын қалай бағалайды: олардың орташа қалыптасқан өзіндік құны бойынша, «ФИФО» әдісі бойынша /материалдық құндылықтардың ең ескі қорлары бірінші болып жұмсалады.

Есеп пен калькуляцияны ұйымдастыру нұсқаларының тізбесін соза беруге болады. Барлық бухгалтерлік стандарттарды белгіленген тәртіппен қабылданған соң олардың саны тіпті өседі.

Кәсіпорынның есеп саясаты мыналарды қамтамасыз етуі міндетті:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңаөзен - Маңғыстау облысындағы қала, қаланың әкімшілік орталығы
Компания туралы
Нұр Строй Ақтау ЖШС
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Қазақстандағы мұнай - газ саласының дамуы
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Бұрғышы ЖШС
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz