Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару


МАЗМҰНЫ
ҚР-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экномикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі- жинақтаушы зейнетақы қорлары, яғни зейнетақы жүйесі. Қазақстанда тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды бөлiгi болып табылады.
Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елдің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайларының маңызды құраушыларының бірі-Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Рынокқа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: «Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін» деген ойымен де расталады.
Қазақстанда 1998 жылы құрылған жинақтаушы зейнетақы қорларына биылғы жылы 12 жыл болады. Алайда, бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі реформаға дейін басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманында қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа реформа 12 жылдың ішінде өзінің тиімділігін жағынан және осы тиімділігімен қатар, қазіргі жағдайда болып отырған әлемдік қаржы дағдарысының себебі де зейнетақы жинақтарына әсерін тигізбей қоймады.
Бірақ та, айта кететін маңызды жайт, Қазақстан тұрғындары үшін заңмен бекітілген зейнетақы қорына салымшылардың бір жылда екі рет бір қордан екінші қорға ауысуына құқығы бар екендігін ескере келе, өзінің таңдаған қорының қаржы дағдарысында әлсіздік танытқанын байқаса 14 қордың ішінен инвестициялық белсенділігі жоғары қорға өте алады. Мұндай мүмкіндік тұрғындар үшін үлкен жетістік деп айта аламын.
Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың біріңғай жүйесі қирап, жаңадан зейнетақы реформасы пайда болды. Бұрынғы зейнетақы жүйесі жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді. Зейнетақы жалақы сомасынан бекітілген пайыз мөлшерінде аударымдар жүргізу есебінен қалыптасты. Зейнетақыны есептеу жалақы мен өтілдің орташаланған көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Бұл ретте зейнетақының мөлшері шектеліп, белгілі бір санаттағы жұмыскерлерге және қызметкерлерге белгіленген деңгейден аспады. Осындай социалистік әдіс адамдардың зейнетақыға шыққан уақытқа дейін қаражаттар жинау ниетін шектеді .
Жалпы басқару жүйесінің құлауымен және ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыспен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің күйреуі табиғи нәрсе. Бағаларды ырықтандыру, жоғары қарқынды инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмыс орындарының қысқаруы және өнімдерді өткізу нарығын жоғалтқан кәсіпорындардың жабылуы, төлемдердің дағдарысы, бақылауға алынбайтын көші-қон процестері және басқа да жағдайлар зейнетақмен қамсыздандыру жүйесінің дағдарыстық жағдайын анықтайтын екі негізгі үрдіске алып келді: сақтандыру жарнасын төлеушілер санының азаюына және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы үміткерлер санының көбеюіне. Сондықтан осы жерде мынадай сауал туындайды: орасан зор және тиімсіз бақылау аппаратының және әкімшілік- командалық бақылау жүйесіне тән репрессияның қызмет етуін сақтау қажет пе әлде нарықтық қатынастарға негізделген өзін-өзі реттейтін жүйенің тиімді экономикалық механизмін құру қажет пе.
Атап айтқанда, көптеген елдерде экономикалық өркендеуге жол ашқан кең ауқымды мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жүйесін құру яғни осыдан 12 жыл бұрын құрылған Қазақстандағы зейнетақы реформасы.
Дамыған елдердің экономикасында мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуында оң процестерді белсендендіретін бюджеттен тыс түсімдердің тұрақты қөзі ретінде шығатын нарықты тұрақтандырудың мықты құралы болып табылады. Ал, Ресейде де 13 жыл бұрын мемлекеттік емес зейнетақы қорларын құруды қолға алды. 1995 жылдың шілде айында Қазақстанда алғашқы Қазақстандық ерікті зейнетақы қоры тіркелген.
ҚР-да жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық ресурстарын басқаруға арналған зерттеулерде халықты мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудің қаржылық тетіктерін, зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеті және оны басқару тетігі, зейнетақылық активтердің инвестициялық қоржынын қалыптастыру жөніндегі мәселелер жан-жақты жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан, рыноктық экономикада ҚР жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмысымның мақсаты Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқаруда зейнетақы активтерін басқарушы ұйымдардың инвестициялық іс-әрекеттері қызметінің тиімді жетістіктері мен даму болашағы және қаржылық ресурстарды басқаруды жетілдіруде қызмет ету проблемалары мен оларды шешу жолдарын теориялық, практикалық тұрғыда негіздеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмысымда мынадай міндеттерді алға қойдым:
- Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасуы мен зейнетақы жүйесінің алғы шарттарының экономикалық мазмұнын ашу;
- нарықтық экономикасы дамыған елдердегi тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның жағдайында қолдануына талдау жүргізу;
- Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқарудың басқарушы ұйымдардың инвестициялық iс-әрекеттерiнiң жетістіктері мен қазiргi жағдайына талдау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық ресурстарын басқаруда қызметтерiн жетiлдiру және олардың инвестициялық әрекеттерін күшейтуге байланысты сұрақтарды қарастыру;
- Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық ресурстарын басқаруда рынок жағдайындағы бүгінгі күнге дейінгі жетістіктеріне тоқталып, талдау жасау;
- болашақта Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн мемлекеттік реттеуді жетiлдiруге байланысты ұсыныстар әзiрлеу.
Зерттеудiң нысаны ретiнде Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған.
Зерттеу пәнi Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрғындарды мемлекеттiк емес зейнетақымен қамтамасыз ету барысында пайда болатын экономикалық-қаржылық қатынастар болып табылады.
Зерттеу әдістері негiзiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамтамасыз етудегі қаржылық ресурстарды басқару мәселелерiне арналған шетелдiк және отандық экономистердiң жұмыстары жатады.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiн реттеушi Комитет, мемлекеттiк қаржылық статистикасының есептiк мәлiметтерi және анықтамалықтары пайдаланылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады. Жалпы көлемі компьютерде терілген 65 бет, 10 кестеден құралған. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 55 әдебиеттен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық ресурстарының қалыптасуы
Қазақстанда 1998 жылы құрылған зейнетақы реформасын басталып, жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық ресурстарының қалыптасуына биылғы жылы 12 жыл болады. Бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі реформаға дейін басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманында қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа реформа 12 жылдың ішінде өзінің тиімділігін жағынан және осы тиімділігімен қатар, қазіргі жағдайда болып отырған әлемдік қаржы дағдарысының себебі де зейнетақы жинақтарына әсерін тигізбей қоймады.
Бірақ та, айта кететін маңызды жайт, Қазақстан тұрғындары үшін заңмен бекітілген зейнетақы қорына салымшылардың бір жылда екі рет бір қордан екінші қорға ауысуына құқығы бар екендігін ескере келе, өзінің таңдаған қорының қаржы дағдарысында әлсіздәк танытқанын байқаса 14 қордың ішінен инвестициялық белсенділігі жоғары қорға өте алады. Мұндай мүмкіндік тұрғындар үшін үлкен жетістік деп айта аламын.
Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың біріңғай жүйесі қирап, жаңадан зейнетақы реформасы пайда болды. Бұрынғы зейнетақы жүйесі жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді. Зейнетақы жалақы сомасынан бекітілген пайыз мөлшерінде аударымдар жүргізу есебінен қалыптасты. Зейнетақыны есептеу жалақы мен өтілдің орташаланған көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Бұл ретте зейнетақының мөлшері шектеліп, белгілі бір санаттағы жұмыскерлерге және қызметкерлерге белгіленген деңгейден аспады. Осындай социалистік әдіс адамдардың зейнетақыға шыққан уақытқа дейін қаражаттар жинау ниетін шектеді [1] .
Жалпы басқару жүйесінің құлауымен және ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыспен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің күйреуі табиғи нәрсе. Бағаларды ырықтандыру, жоғары қарқынды инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмыс орындарының қысқаруы және өнімдерді өткізу нарығын жоғалтқан кәсіпорындардың жабылуы, төлемдердің дағдарысы, бақылауға алынбайтын көші-қон процестері және басқа да жағдайлар зейнетақмен қамсыздандыру жүйесінің дағдарыстық жағдайын анықтайтын екі негізгі үрдіске алып келді: сақтандыру жарнасын төлеушілер санының азаюына және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы үміткерлер санының көбеюіне.
Сондықтан, осы жерде мынадай сауал туындайды: орасан зор және тиімсіз бақылау аппаратының және әкімшілік- командалық бақылау жүйесіне тән репрессияның қызмет етуін сақтау қажет пе әлде нарықтық қатынастарға негізделген өзін-өзі реттейтін жүйенің тиімді экономикалық механизмін құру қажет пе.
Атап айтқанда, көптеген елдерде экономикалық өркендеуге жол ашқан кең ауқымды мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жүйесін құру яғни осыдан 12 жыл бұрын құрылған Қазақстандағы зейнетақы реформасы.
Дамыған елдердің экономикасында мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуында оң процестерді белсендендіретін бюджеттен тыс түсімдердің тұрақты қөзі ретінде шығатын нарықты тұрақтандырудың мықты құралы болып табылады. Ал, Ресейде де 13 жыл бұрын мемлекеттік емес зейнетақы қорларын құруды қолға алды. 1995 жылдың шілде айында Қазақстанда алғашқы Қазақстандық ерікті зейнетақы қоры тіркелген.
Қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару келесідей ерекшеліктермен сипатталады:
-олар әлеуметтік бағыты бар институттар болып табылады;
-бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне байланысты изейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;
- жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерімен аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт лагтары пайда болады. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорының ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы рыноктарының тікелей және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы да қатыса алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының әрекет етуі 3 кезеңнен тұратын ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді:
- бірінші кезеңде жарна түрінде жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар жасалады;
-екінші кезеңде жинақталған жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы ресурстарын инвестициялау жүзеге асады (бұл процесс зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар арқылы іске асырылады) ;
-үшінші кезеңде мерзімді зейнетақы төлеу жүзеге асады.
Қаржы құралдарының үздіксіз түсіп отыруы қаржы рыногында әріқарай инвестициялау үшін зейнетақы активтері бойынша төлем рентасын құрайды. Зейнетақы активтерін инвестициялау табиғаты- бұл уақыт бойынша төлемдердің сатылылығы. Мысалы ретінде, ЖЗҚ-ның "кастодиондық шотына" түскен міндетті зейнетақы жарналарын орналастыруда, қаржы құралдарының жабуды, инвестициядан түскен мерзімді түсімдерді зейнетақы активтерін әріқарай реинвестициялауды қарастыруға болады.
Кез-келген зейнетақы қорының басты мақсаты- бұл оған қатысушылардың алдында зейнетақы төлеміне байланысты міндеттемелерді орындау. Активтерді инвестициялау тартылған құралдардың өсімін қамтамасыз етудің негізгі тәсілі болып табылғандықтан, ол зейнетақы мөлшеріне сәйкес келетін табыс мөлшеріне кепілдік беру керек.
Сонымен қатар, активтерді ЖЗҚ-на орналастыру зейнетақы жинақтарын инфляциядан қорғайды, яғни бұдан шығатын қорытынды құралдардың сақталуын және төлемдері жөніндегі міндеттемелердің орындалуын инвестициялаудың нәтижесіне байланысты. Сондықтан, ЖЗҚ-ның инвестициялық саясаты көрсетілген мақсаттарға жетуге бағытталуы тиіс. Осыған байланысты инвестицияның тиімді портфелін құру біздің көзқарасымыз бойынша, ЖЗҚ-ның және олардың активтерін басқарушы ұйымдардың негізгі міндеттері болып табылады.
Зейнетақы жинақтарын қаржылық инвестициялау негізінде уақыт бойынша ақшаның құндық теориясы жатыр. Ақшаның уақыттық құны концепциясы табыс алудың альтернативті мүмкіндіктеріне сүйенеді. Ақшаның құны оларды алу уақытына байланысты. Сақтық қорлары үшін жинақтау мерзімі ішінде алынған пайыздар ағымдағы табыстар болып табылады. Лоренс Дж. Гитман және Майкл Д. Джонканың "инвестициялау негіздерінде" ақшаның уақыттық құны концепциясы активтерінің табыстылығын бағалау үлгісі бойынша, ақша ағымдарының түрлі қозғалыстарының болашақтағы құны ретінде инвестициялық табыс алу позициясы қарастырылған. /10, . 27-210 б /
Зейнетақы салымдарының есебінен жасалған инвестициялар оларды, сақтау немесе белгілі бір оң табыс мөлшерін алу мақсатында қаржы құралдарына салу деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір активтерге орналастырылмаған бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, өйткені олар белгілі бір табыс көзін қамтамасыз етпейді. Бұл процесс екі фактормен байланысты-уақыт және тәуекел. Кейбір жағдайларда уақыт маңызды болып табылады (мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздар үшін), басқа жағдайда тәуекел ( жай акцияларды сатып алатын опциондар үшін), кейбір жағдайда екі факторда маңызды болып табылады-уақыт және тәуекел (мысалы, корпаоративті бағалы қағаздар үшін) .
Қазіргі таңда мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметі әлеуметтік климатқа оң әсер ететінін сенімді айтуға болады, ең алдымен бұл еңбекке ынталандыруды арттырудан көрінеді. Көптеген зейнетақы жүйелері жалақының пайыз үлестеріне негізделген, бұл кәсіби өсуге ұмтылдырады. Жұмыс берушілер жинақтаушы зейнетақы қорларына көп төлемдер жүргізу арқылы қажетті мамандарды ұспат қалуға мүмкіндігі бар (кейбір елдерде ондай төлемдерге салық салынбайды) . Қоғам саяси оқиғалар аз орын алатын тұрақты, берік сипатқа ие болып жатыр, бұл тұрақты орта кластың қалыптасуын тездетіп жатыр[2] .
Нарықтық экономика кезінде инвестициялық институттардың алатын орны ерекше. Инвестициялық институттарға, инвестициялық компаниялар, пайлық инвестициялық трастар, инвестициялық қорлар, бірлескен қорлар, жылжымайтын мүлікке жасалынатын инвестицияға маманданушы трастар және өзара әрекет етуші қорлар жатады.
Инвестициялық компаниялар бұл- жеке инвесторлардың қаржы құралдарын тарта отырып, оларды кең қолданыстағы бағалы қағаздарға немесе активтердің кейбір түрлеріне инвестициялаушы қаржы делдалдары.
Инвестициялық компаниялардың басты міндеті-активтерді біріктіру. Әрбір инвестордың, инвестициялық компанияға инвестормен салынған сомаға пропорционалды, инвестициялық компаниямен құрылған актив портфелінің белгілі бір үлесіне құқығы бар, осылайша инвестициялық компаниялар ірі инвестициялаудан пайда табу үшін, жеке компаниялардың инвесторлары бірігіп, инвестициялық механизм ұсынады.
Инвестициялық компаниялар өздерінің инвесторларына қатысты бірнеше маңызды қызметтер атқарады:
- Құралдар есебі және басқару. Инвестициялық компаниялар өздерінің қаржы жағдайлары жөнінде мерзімді есеп беріп отырады және капитал, девиденд, инвестиция және бағалы қағаздар бойынша өсімінің бөлу есебін жүргізіп отырады. Сонымен қатар, өздерінің акционерлерінің пайыздық табыстарын және девиденттерін реинвестициялай алады.
- Диверсификация және бөлінуі. Инвестициялық компаниялар өз инвесторларының қаржы құралдарын біріктіре отырып, түрлі бағалы қағаздар үлестеріне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда олар ірі инвесторлар сияқты әрекет етеді.
- Біліктілікті басқару көптеген инвестициялық компаниялардың қаржы сарапшыларымен портфелдерді басқарушы тұрақты штаты болады. Олар өз инвесторлары үшін максималды тиімді капитал қайтарымын алуға тырысады.
- Трансакцияда жүргізуге жұмсалатын шығындарды төмендету. Инвестициялық компаниялар бағалы қағаздардың ірі пакеттерімен сауда жасайтын болғандықтан, бұл оларға комиссиондық және брокерлік гонорардың есебінен едәуір үнем жасауға мүмкіндік береді.
Атап өтетін жағдай, "инвестицияның шектеулілігі" дамыған елдер тарапынан әлемге техникалық көмек және капитал экспортын жасауға ыңғайлы құрал болып табылады. Шынында инвестицияны және қорларды көбейту жылдам дамудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты болып табылады [3, 26б] .
Бұл тұрғыда, инвестициялық институттар оптималды инвестициялау процесін жүзеге асырады.
Жоспарлы экономика аясында ол "капитал салымдары" деген түсінікті береді. Оны негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне сонымен қатар, оларды жөндеуге жұмсалатын барлық шығындар деп түсінген. Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттерде бұл екі түсінік екі түрлі мағынада беріліп жүр. Дәстүрлі түрде "инвестиция" деп белгілі бір экономикалық жобалардың есебіне негізделе отырып, болашақта пайда табуды айтамыз. Отандықпен қатар, шет елдік экономикалық әдебиеттерде инвестиция көбіне осылайша түсіндіріледі.
Макроэкономикада инвестиция өндірістің жаңа құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар (өндірістік және тұрақты шығындар) , жаңа тұрғын үйлермен тауар запастарын өсіруге жұмсалатын жиынтық шығындардың бір бөлігі. Басқаша сөзбен айтқанда, инвестиция- бұл ағымдағы мерзімде тұтынылмаған және экономикадағы капитал өсімін қамтамасыз ететін ішкі жалпы өнімнің бір бөлігі. Микроэкономикада инвестиция жаңа капиталды (өндіріс құралдары мен адам капиталын ескере отырып) құру процесі деп түсіндірілсе, ал қаржы теориясында инвестиция нақты және қаржы активтерін сатып алу деп түсіндіріледі. Яғни, "бүгінгі күнгі белгілі бір құн мөлшерін болашақтағы белгісіз құнға айырбастау мүмкіндігі".
Инвестиция экономиканың әлеуметтік саласын қолдауда және дамытуда негізгі құралдардың бірі екендігін мойындағанмен, мұнда инвестицияның әсіресе, ішкі инвестицияның тапшылығы мәселесі туындайды. Осыған сәйкес Маршалл жоспарына тоқталып өткен орынды деп есептейміз.
Маршалл жоспары Еуропада өз орнын тапты. Өйткені онда барлық қажетті құрылымдық, институционалдық және мәдени алғы шарттар бар болатын (дамыған тауар және қаржы рыноктары, білікті мамандар, кәсіпкерліктің қалыптасқан психологиясы, тиімді әкімшілдік жүйе ) . Осы шарттардың арқасында Еуропа, салынған капиталдардың көмегімен өте ыңғайлы түрде өндірісті дамыта алды.
Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестицияларын портфельдік инвестиция ретінде қарастыруға болады, яғни "қаржы активтеріне жасалған инвестициялар" [4, 97б] .
Портфельдік инвестициялар бұл- ұзақ мерзімдегі бағалы қағаздар арқылы салынатын салымдар, сондықтан портфельдік инвестициялар қор нарығында, бағалы қағаздар нарығында әрекет етеді, яғни бұл қайталама инвестициялық нарық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz