Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларын басқару


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ экономика қаржы және

халықаралық сада университеті

«Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы

Жанболатова А. Ш.

тел. (7172) 232242, 87773884877

Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларын басқару

Жанболатова А. Ш.

Негізінен іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын орталықтар - бұл банктер. Экономиканың әл-ауқаты коммерциялық банктің сауатты қызметіне байланысты болады. Коммерциялық негізде қызмет ететін банктің дамыған жүйесінің нақты және тиімді нарықтық механизм құруға ұмтылыс тек игілікті тілек болып қана қалады. Активтер мен пассивтердің банктік портфелі - бұл тиімді тәуекел деңгейінде жоғары пайда алу үшін қолданылатын біртұтас (единое целое) . Активтер мен пассивтерді бірлесе басқару депозиттер мен заемдарды іскерлік активтілік циклінің ауытқулары мен мерзімдік ауытқулардың әсерінен қорғау үшін, сондай-ақ банктің мақсатын жүзеге асыруға себепші болатын активтер портфелін қалыптастыру үшін банк беретін құрал болып табылады. Активтер мен пассивтерді басқарудың маңызы баланс құрылымын оның стратегиясына сәйкес келетін тактиканы қалыптастыру және іс-шараларды жүзеге асыру. Банктердің пассивтік операциялары олардың шоғырландырушы (концентрирующую) және жартылай қайта таратушы қызметтерін жүзеге асырады. Оларда банктер несиелік сұранысты тасушылар (алып жүргізушілер) болады, ал олардың контрагенттері - несиелік ұсынысты тасушылар болады. Пассивтік операциялар айтарлықтай әр түрлі, және дәстүрлі түрде келесі топтарға топтастырылады:

  • меншікті қаражаттарды қалыптастыру және толықтыру (жарғылық капитал, резервтер, қорлар, бөлінбеген табыс және басқалары) ;
  • банктің активтілігімен сипатталатын тартылған қаражаттардың аккумуляциясы (салымдар, депозиттер, есеп айырысу, ағымдық, корреспонденттік шоттар) ;
  • заемдық қаражаттардың концентрациясы (алынған несиелер, айналысқа шығарылған қарыздық міндеттемелер) .

Сонымен қатар, банктердің пассивтік операцияларының құрылымына шетелдік тәжірибеге бейімделу есебімен субординирленген қарыз элементін қосуға болады. Бұл қажет болған кезде олардың параметрлерін өзгертуге, оларды жай немесе артықшылықты акцияларға конвертациялауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, біз олардың активизация сипаты бойынша банктік пассивтерді классификациялауды ұсынамыз, бұл активтер мен пассивтерді кешендік басқару схемасы үшін өте маңызды болып табылады.

Сонымен, есеп айырысу шотындағы қаражаттар клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсетуден табыс алуға, бағалы қағаздар - спекулятивті операциялардан, ал несиелер - секьюритизациядан табыстар алуға мүмкіндік береді.

Нақты экономика секторында орналасқан позитивті беталыстар халықтың нақты табыстарын жоғарлату, банктік секторға сенімді қалпына келтіру, несиелік ұйымдардың ресустық базасын өсіруге себепші болады.

Ағымдағы жылдың басына салымдардың көлемі нақтылы санауда банктік секторға кредиторлар мен салымшылардың жағынан сенімді нығайтумен сипатталады, ал бұл несиелік ұйымдардың ресурстық базасының өсуіне алып келді. Ресурстық базаны кеңейтудің негізгі көзі - өткен жылғы банктің меншікті капиталы болды, ол 12, 2% банктік сектордың пассивінің жалпы өсімін қамтмасыз етті. 1. 01. 2008 жылға мерзімді салымдар 255, 922433 млрд. теңгені құрады немесе банктік сектордың пассивтерінің 2, 4%.

Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2008 жылы 1264-тен 1365-ке дейін өсті, сонымен қатар депозиттердің жалпы мөлшерінде бұрынғысынша теңгелік салымдар басым, олардың үлесі 1. 01. 2008 жылы 59% құрады, ал шетел валютасында 41%. Банктік секторға сенімді қалпына келтіру туралы жеке тұлғалардың мерзімі 1 жылдан жоғары депозиттер үлесінің өсуі куәландырады (свидетельствует), ол 1. 01. 2007 жылы 37, 8%-дан 1. 01. 2008 жылы 38, 2%-ға өсті.

2008 жылы жеке салымдар нарығындағы банктер арасындағы бәсекелестік айтарлықтай күшейді. Несиелік ұйымдармен тартылған жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 2, 3%-ға өсті. Жеке тұлғалардан тартылған депозиттер көлемінің өсімі ағымдық жылдың басында қызмет жасаған 74% несиелік ұйымдарда байқалады. Маңыздылығы бойынша екінші несиелік ұйымдардың ресурстық базасын кеңейту көзі, 2008 жылы кәсіпорындар мен ұйымдардан тартылған қаражаттар болды: олардың көлемі ұлғайып, 1. 01. 2008 жылы банктік сектордың жиынтық пассивіндегі үлесі 1. 01. 2007 жылмен салыстырғанда 16, 3%-дан 16, 1%-ға төмендеді. Пассивтердің жалпы көлемінен айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды ерекшелеуге болады, ол 1. 01. 2007 жылы 47%-дан 1. 01. 2008 жылы 3, 9% төмендеді. Сонымен қатар шетел валютасындағы заңды тұлғалардың депозиттері 2007 жылы қысқартылды.

Сонымен қатар депозиттер құрылымында позитивті өзгерістер жүріп жатты: есепті жылға мерзімі 1 жылдан жоғары депозиттердің көлемі 844 951 млн. теңгеден 895265 млн. теңгеге өсті. Мерзімі 30 күнге дейінгі талап етуге дейінгі депозиттер көлеміндегі үлесі 1. 01. 2008жылы 1, 9% құраса, ал 1. 01. 2007 жылы 2, 2% болған.

Өткен жылы банктермен шоғырланған бағалы қағаздардың көлемінің 31, 4% өскені байқалады. 1. 01. 2008 жылы олардың көлемі 316, 1 млн. теңгеге жетті. Банктермен шоғырланған құнды қағаздардың мұндай өсімі негізінен эмиссия есебінен болды, ал 2007 жылы эмиссиялау көлемі 34, 1% өскен.

1. 01. 2008 жылы шоғырланған бағалы қағаздардың көлемі 316, 1 млн. теңгені құрады, ал банктік жүйенің пассивіндегі үлес салмағы - 3, 9% болды. Басқа банктерден алынған несиелердің, депозиттер мен басқа да қаражаттардың көлемі 2, 7% азайды және 154, 6 млн. теңгені құрады, сонымен қатар банктік сектордың пассивіндегі аталған көздің үлесі 1. 01. 2007 жылы 2, 9%-дан 1. 01. 2008 жылы 2, 7%-ға дейін төмендеді /3; 27/.

Шамамен тартылған банкаралық несиелердің 60% тұрақты түрде бейрезидент банктердің шетел валютасындағы несиелеріне келеді. Меншікті капиталды қалыптастыру меншікті капиталдың бар болуы кез келген коммерциялық кәсіпорынның, соның ішінде банктік құрылуы мен қызмет етуінің қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталының көлемі өнеркәсіптік және басқа да коммерциялық кәсіпорындардағы капиталдың көрсеткішінен айтарлықтай ерекшеленетінін ескеру қажет. Банктер, меншікті капиталының есебінен өзінің қызметін қамтамасыз ету үшін 12-ден 20%-ға дейін ресурстарға жалпы қажеттілікті қалыптастырады, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар 40-55% меншікті қаражаттары болуы қажет. Банктің мұндай ерекшелігі теориялық тұрғыдан екі жағдаймен түсіндіріледі:

  • банктер делдал ретінде жұмыс істейді, яғни өзінің операциялары үшін ең алдымен өздерінің қатарына жатпайтындарды тартады;
  • банктік активтер - бұл негізінен өндірістік активтермен (ғимараттар, құрылыстар, технологиялық және басқа да құрал-жабдықтар түрлері, өндірістегі және қоймадағы материалдық құндылықтар) салыстырғанда нарықта жеңіл өткізілетін және аса жоғары мобильдігімен ерекшеленетін ақшалай талаптар.

Капиталды қалыптастыру тәртібі коммерциялық банктің жарғысында бекітіледі. Капиталдың бекітілген төменгі мөлшерін сақтау - маңызды шарттардың бірі. Алғашқыда, банктерді құру кезеңінде меншікті капиталдың бірден бір көзі жарғылық капитал болып табылады. Табысты жинақтауға қарай, резервтік және басқа да қорларды құруына қарай жарғылық каптал меншікті капиталдың бір бөлігі болады. Капитал жарияланған және төленген болуы мүмкін. Жарияланған капитал - банкті құру сәтінде анықталады және тек қана жартылай төленуі мүмкін. Төленген капитал деп, толық төленген кезде айтылады. Жарияланған капитал банктің тіркелген сәтінен бастап 1ай ішінде толығымен төленуі керек. Меншікті капиталдың заты онымен орындалған функцияларды көрінеді. Экономикалық әдебиеттерде банктік меншікті капиталдың 3 функциясын бөледі: қорғаныс, оперативті және реттеуші қызмет. Капиталдың қорғанысы қызметінің маңызы - меншікті капитал, банк, қандай да бір себптермен өзінің қызметін тоқтатқан кезде салымшылардың көзқарастарын қорғау көзі ретінде іс-әрекет жасағанда көрінеді. Меншікті капитал банктің өтімділігінің негізгі кепілі болып табылады. Ол, сонымен қатар күтпеген шығындарды, залалдар мен шығыстарды жабу көзі ретінде де шығады. Сонымен, қорғаныс қызметі мыналарды білдіреді:

  • банктің банкроттығы жағдайында салымшыларға жәрдемақыларды төлеу мүмкіндігін;
  • несиелік, пайыздық және валюталық тәуекелдердің орнын жабу үшін резервтер капиталынын құрамына қосу есебінен банктің төлемқабілеттілігін сақтау;
  • шығындар пайда болған кезде банктің операцияларын жүргізу мүмкіндігін.

Жарғылық қор меншікті капиталдың бір бөлігі ретінде сақталғанға дейін, банк, банкроттықтан сақталған болып саналады.

Капиталдың оперативті қызметі - банктің материалдық - техникалық базасын құруға шығындарды қаржыландыру көзін білдіреді. Меншікті капиталдың құрамына бастапқы капитал түрінде жарғылық капитал кіреді, ал бұл банктік операцияларды іске асыруға лицензия алу үшін басты шарт болған кезде де көрінеді.

Меншікті капиталды қалыптастырудың көлемі мен тәртібін реттеу арқылы ҚРҰБ - кі түріндегі қоғам экономиканың қалыпты қызмет етуінің маңызды шарты ретінде банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылады. Жеке банктің және жалпы барлық банктік жүйенің қаржылық тұрақтылығы өндірістік кәсіпорындардың, бюджеттік мекемелердің қызметімен, жинақтардың сақталуымен байланысты.

Жарғылық капитал банктің өмір сүруіне экономикалық негіз құрады және банктің заңды тұлға ретінде тіркелудің міндетті шарты болып табылады. Оның соммасы банктік кредиторлардың қызығушылығын кепілдейтін банк меншігінің минималды көлемін анықтайды. Ресурс түріндегі жарғылық капиталдың ерекшелігі мынада, біріншіден, үнемі банктің басқаруында болатын ресурс қызметін атқарады, сондықтан да мерзімдері шектеусіз ұзақ мерзімді салымдар үшін пайдаланылуы мүмкін, екіншіден, айтарлықтай табыс әкелмейтін жеңіл өтімді активтерді қалыптастыру үшінжедел емес, ақысыз ресурс түрінде шығады.

Меншікті қаражаттар (капитал) құрамын қорлар енгізіледі, мысалы резервтіе қор. Ол банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады және залалдар мен шығындарды жабу үшін пайдаланылады. Бұл қорды қалыптастырудың көзі таза табыс болып табылады, яғни салықтар, және басқа да міндетті төлемдрді төлегеннен кейін банктің басқаруында қалатын пайда. Резервтік қорға аударымдардың минималды мөлшері банктің жарғысымен анықталады, алайда ол жарғылық қордың 15%-нан кем блмауы қажет. Резервтік қорға жыл сайын жарғымен бекітілген мөлшеріне дейін таза пайданың 5%-ы аударылады. Банктің меншікті қаражаттары (капитал) пайданың есебінен де толықтырылады. Ол банктің қызметінің басты мақсаты ретінде шығады, себебі оның ұлғаюымен, тікелей немесе жанама түрде халықтың үлкен топтарының қызығушылықтар байланысты.

Мысалы:

  • акционерлер үшін бұл оларға төленетін дивиденд мөлшерімен байланысты;
  • банктің қызметкерлері пайданың өсуіне мүдделі, себебі бұл олардың материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейін анықтайды;
  • банктің қарыз алушылары үшін банктік пайданың өсуі ресурстық базаны кеңейтуді білдіреді, ал бұл үлкен көлемде және жеңілдік шарттарында несие алуға мүмкіндік береді;
  • банктің кредиторлары пайданың өсуіне мүдделі, себебі бұл олардың табыстарының өсуіне банктің сенімділігінің жоғарлауына жағдай жасайды және де банктегі депозиттердің сақталу кепілдігінің деңгейін жоғарлатады.

Депозиттер және салымдар банктік ресурстардың көзі болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде депозиттерге мүлік иелері банктің клиенттері болып табылатын барлық ақша қаражаттарын жатқызуға болады, яғни заңды немесе жеке тұлғалардың атына ашылған, есеп айырысу, ағымдық және басқа шоттардағы ақшалар.

Мерзіміне байланысты депозиттердің 2 түрі бар: талап етуге дейінгі және мерзімді депозиттер.

Депозиттің әрбір түрі банк үшін де және клиент үшін де нақты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Клиент үшін талап етуге дейінгі депозиттің артықшылығы оның жоғарғы өтімділігі болып табылады, яғни олар өзінің ақшаларын кез келген уақытта басқа да шотқа аудару формасында немесе қолма-қол формада алуға мүмкіндігі бар. Ал кемшілігі осы депозит бойынша пайыз түріндегі табыс төмен деңгейде төленеді немесе тіпті төленбейді. Банктер үшін басты кемшілік, ол жоғары өтімді активтерін талап етуге дейінгі депозиттер соммасымен бірдей деңгейде ұстауы қажет.

Банк үшін мерзімді депозиттердің артықшылығы - оларды ссуданы ұзақ мерзімге беру үшін пайдалану мүмкіндігі, ал клиент - үшін жоғары пайыз алу. Клиент үшін кемшілігі - келісілген мерзімге байланысты айналымнан қаражаттарды алшақтату және ағымдық төлемдер үшін ақшаны пайдаланудың мүмкін еместігі.

Банктің депозиттік саясаты минималды шығындармен максималды мүмкін мерзімге депозитті тартуға бағытталған. Тартылған депозиттердің мерзімі мен салмағы шешуші деңгейде ұсынылатын кредиттердің мерзімі мен мөлшерін анықтайды. Осы міндеттемелердің күшіне байланысты банктер ұзақ мерзімге депозиттер мен салымдар тартады, бұл мақсаттар үшін пайызды ынталандырушы рөлін және түрлі қосымша қызметтерді ұсынуды пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Пассивті операциялар жайлы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Банктердің пассивті операцияларының мәні
Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару
Банк қызметінің пассивті операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz