Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ролі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3 1. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ролі . . . 5

1. 1 Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның

негізгі мазмұны . . .

1. 2. Коммерциялық банктердің несиелік саясатын құру

қағидалары . . . 12

1. 2. Коммерциялық банктердің несиелік саясатын қалыптастыратын

негізгі факторлар . . . 20

2. «ТуранАлемБанк» АҚ -ның қаржылық тұрақтылығын және

табыстылығын қамтамасыз ету мақсатындағы банктің несиелік

саясаты . . . 26

2. 1. Банктің қаржыны тарту саясаты және оның негізгі

элементтері . . . 26

2. 2. Банктің қаржыны орналастыру саясаты және оның

негізгі элементтері…. . . . . 40

2. 3. Несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету

саясаты . . . 56

3. Коммерциялық банктердің несиелік саясатын жетілдірудің негізгі

бағыттары . . . 74

3. 1. Несиелік саясатты құру және оны іске асырудың

шетелдік тәжірибесі . . . 74

3. 2. Коммерциялық банктердің несиелік саясатын

жетілдіру бағыттары . . . 76

Қорытынды . . . 81

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 83

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға көшу жүзеге асты, бұл банк саласында түбірлі қайта құрудың қажеттілігін туғызды. Оның мәні банк қызметінің нарықтық қатынастармен бірдейлігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қолдану, яғни жаңа банктік, оның ішінде несие саясатын жүргізу болып табылады.

Коммерциялық банктің несие саясатын зерттеу тақырыбы етіп таңдауымыздың себебі: елімізде банк қызметінің бұл саласының дамуы әлі де жеткіліксіз, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банк қызметін ұйымдастыру ісінде жаңа әдістер қажет. Нарыққа көшкенде банк ісінің даму проблемасы, халыққа көрсетілетін банк қызметін жетілдіру айрықша маңызға ие болды. Бұған бірнеше факторлар әсер етті.

Біріншіден, банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Банк шығармашылығындағы белсенді процесс, банк ісінің мемлекеттік монополиядан кетуі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасын өзгертті.

Екіншіден, экономикадағы ескі әкімшілік-басқару жүйесінің түбірімен бұзылуы банк саясатының мазмұны мен оның басымдық бағыттарын өзгертті. Осыған орай бұл еңбекте банктің ішкі несие саясатына кең мағынада (несиеор мен қарызгер тұрғысында банк ұстанымы) айрықша назар аударылған.

Үшіншіден, несие нарығының дамуы (ұлттық және халықаралық) нарық талаптарын ескере отырып, банк қызметі мәнінің өзгеруін көрсетеді. Банк менеджментін, маркетингін жүргізу, жаңа технологияны енгізу, экономикалық тәуекелдікті зерттеп, өтеу қажеттілігі туындайды. Мұның мақсаты - банк клиенттері үшін ең аз шығындармен олардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыру.

Төртіншіден, нарықтық шаруашылықтағы банктердің әлеуметтік -экономикалық ролі клиентке көрсетілетін банк қызметінің сапасын жоғарылату және қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Банктердің халық қаражатын депозиттерге тарту міндетінің күрделілігі сол, рубльдің сатып алу қабілетінің үздіксіз төмендеуі адамдарды шетел валютасын инвестициялауға итермелейді, сондай-ақ өтімді тауарлар алып, оларды тезаврациялық тәсілмен, яғни банктерден бөлек сақтауға мәжбүрлейді.

Соңғы жылдардағы банктердің жабылуы да клиенттердің банктерге сенімсіздігін тудырды. Клиенттердің ақша жинақтау проблемасы, ертеңгі күнге деген сенімділігі бұл мемлекеттік экономикалық саясатты қолдау (немесе оның болмауы) мәселесі, бұл тақырыптың өзектілігін білдіреді.

Дегенмен де қазiргi таңда банке деген сенiм күшейiп келедi. Бұл сенiмдiлiк күн сайын арта түсуде. Елiмiздiң экономикасы жоғарылауда. Осы тұста несие саясатының маңызының зор екенiн айтпасада түсiнiктi.

Жоғарыда аталғандарға сәйкес бiтiру жұмысының тақырыбы республика экономикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң несиелеу тұрғысынан да, коммерциялық банктердi несиелiк ресурстармен қамтамассыз ету үшiн де өзектi мәнiне ие болады. Несиелiк саясат сенiмдi несие алушыны, несиенiң көлемiмен мерзiмiн таңдауға қатысты шешiмдердi қабылдаудың жалпы бағыттарына тұрады.

Бiтiру жұмысымның мақсаты қазiргi кездегi коммерциялық банктiң қызметiндегi несиелiк саясаттың рөлiн айқындаудан және оны үнемi жетiлдiру қажеттiлiгiнен тұрады. Банктер үнемi өзiнiң несиелiк саясатын нарықтық жағдайлардың өзгерiсiне байланысты қарастырып отыру қажет. Осыған байланысты бiтiру жұмысының мақсаттарына нақты бiр банктiң несиелiк саясатының «әлсiз» тұстарын анықтау және проблемалық несиелердiң алдын алу мен банкке несиелiк қаражаттардың қайтарылмай қалуын болдырмауға қатысты шараларды жетiлдiруге көңiл аудару кiрдi.

Осы аталған мақсатқа сай алдыма мынандай мiндеттердi қойдым:

  • коммерциялық несиелiк саясатының үстiнгi, мәнi, мазмұны және оны жасау қағидалары .
  • «Банк Туран Алем» АҚ-ның несиелiк саясаты, мiндеттерi және процедуралары мен ережелерi;
  • Қазақстан Республикасының екiншi деңгейiндегi банктердiң несиелiк саясатын жетiлдiру жолдары.

Бiтiру жұмысымның зерттеу обьектiсi болып «Банк Центр Кредит» АҚ-ның несиелiк саясаты алынды, ал зерттеу мәселесi ретiнде несиелiк саясаттың мазмұны мен оны жетiлдiру жолдры қарастырылады.

Бiтiру жұмысымның теориялық әдiстемелiк негiзiне: «Банктер және банктiк қызметтер туралы »ҚР заңы, «Банк Туран Алем» АҚ-ның ережелерi, статистикалық мәлiметтерi, отандық және шетелдiк экономист ғалымдардың еңбектерi және интернет мәлiметтерi алынды.


1. Коммерциялық банктердiң несиелік саясаты және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі.

1. 1. Коммерциялық банктердiң несиелік саясаты және оның

негізгі мазмұны .

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Кең мағынасында алғанда, несиеліқ саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратеғиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына, сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті

құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын белгілейді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуы тиіс:

• Нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

• Несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

• Нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

• Оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады;

Несиеліқ саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы

саясаттарын ескере отырып жасалады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкiндік береді:

1. Несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;

2. несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;

3 . сыртқы аудит қызметтерінің жүмысын және банктеғі несиелік қызметтің сапалығын;

4. ішкі бақылау қағидаларын;

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің кешенді үйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау ұшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ежелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін кұрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік кабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық иновацияларды енгізуғе) берген қолайлы.

Несиеліқ саясаттың маңызды элементі банктеғі бақылауды ұйымдастыру табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеғен несиелік қызметкерлердің кұзыретін сақтауға бақылау жасау; банктiң несиелiк портфелiнiң жағдайына және опың iшiнде проблемалық несиеге койылатын жалпы бақылау) .

Iшкi несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялык мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң соның негізінде банк кызметкерлерінің қажеттi несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нүсқаулықтары жасалады.

Несиелік нұсқаулықтар мен стандарттарды жасаудын бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты жане соған сәйкес нұсқаулыктарды бекітеді.

Несиелік саясат нссиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлык несиелердің несиелік кұжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды ; жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитетің шешетін мәселелері мынадай:

• несие алуға берген клиенттін өтінішін және несиелік кызметкердiң несие беру туралы қорытындысын қарайды;

• несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

• несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

• несие сомасы мен мерзімін аныктап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

• несиені кайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

• несиелеу шарттарын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желІ) ;

• берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

• банктін несиелік стратегиясын жасайды;

• несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

• несиелік комитеттің мәжілісінін хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргiзедi;

Несиелік саясатта карыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуеклдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды каржыландыру ұшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс.

Банк қызметкерлерiн несиелік саясатпен таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұскаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудін негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтiң басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады.

Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

• несиелік қызметті ұйымдастыру;

• несиелік портфельді басқару;

• несиелеуге бақылау жасау;

• құзыретті бөлу принциптері;

• несиелеуді таңдаудыц жалпы критерийлері;

• несиелеудін жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардын принциптері;

• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау;

Iс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш кұжат түрінде көруге болады:

1. несиелеу саясаты;

2. несиелеу стандарты;

3. несиелеу нұскаулыктары;

сондай-ақ аталмыш үш кұжат ерекше бір қүжатта - «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.

Ңесиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын белімшелер жұмыскерлерінің кызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудіц жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік кызметті жүзеге асыратын барлык қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:

• карыз алушының каржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

• несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен камтамасыз етілуіне койылатын талаптар;

• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

• қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

• кұжаттардың толтырылуына койылатын талаптар;

• несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалык немесе түтыну несиелері бойынша) .

Барлық банктер бойынша қүжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі кұжаттар үлгілсрі жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т. б. жатады.

Несиелік нүскаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы

алгоритмін анықтайтын іс-әрекеттер кезегін суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік кызметтің нақты бір бағыттарына жатады. Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік кабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мұмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезендері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;

• несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің кызметкерлері үшін аныктама материал және нұскаулық ретінде болу;

• несиелік бөлімдердін жетекшілері үшін несиелік нұскаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау кұралы;

• Несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерiнiң тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау;

Коммерциялық банктердің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.

Несие саясатының бірқатар элементтері несие саясатының түрлері туралы айтуға мәжбүрлейді. Несие саясатының түрлері туралы мәселе тың, жаңа отандық және шетелдік экономика әдебиетінде егжей-тегжейлі қарастырылмаған. Сол себепті ол жөнінде толық мағлұмат берейік. Комерциялық банктің несие саясаты төмендегідей жіктеледі.

1-кесте Комерциялық банктің несие саясатының критерийлері бойынша жіктелуі.

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Несие қатынастарының субъектісі бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Заңды тұлғаларға қатысты саясат

Халықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Несие нысаны бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Тұтыну несиеін ұсыну бойынша

Мемлекеттік несие бойынша

Ипотекалық несие бойынша

Банк несиеі бойынша

Халықаралық несие бойынша

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Мерзімі бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Қысқа мерзімді несие бойынша

Ұзақ мерзімді несие бойынша

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Тәуекелділік дәрежесі бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Агрессивті несие саясаты ;

Дәстүрлі, классикалық

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Бағасы бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Мақсатты несие ұсыну бойынша

Мақсатсыз несие ұсыну бойынша

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Рынок түрі бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Ақша рыногында

Қаржы рыногында

Капитал рыногында

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Географиясы бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Банк жүргізетін несие саясаты:

Жергілікті, аймақтық деңгейде

Ұлттық деңгейде

Халықаралық деңгейде

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Салалық бағытталу бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Несие берудегі несие саясаты;

өнеркәсіп кәсіпорны (ауыр, жеңіл, тамақ өнеркәсібі) ;

сауда ұйымы;

құрылыс ұйымы;

көлік кәсіпорны;

ауыл шаруашылық ұйымы;

өткізу-жабдықтау ұйымы;

байланыс кәсіпорны және т. б.

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Қамтамасыз ету бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Қамтамасыз етілген несие беру бойынша

Қамтамасыз етілмеген несие беру бойынша

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Несие бағасы бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Төмендегідей несие берудегі саясаты:

-стандартты несие

жеңілдікті несие

проблемалық несие (жоғары пайызбен)

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Несие беру әдісі бойынша
Заңды тұлғаларға қатысты саясатХалықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты:

Қалдығы бойынша несие бергенде

Айналымы бойынша несие бергенде

Несие қатынастарының субъектісі бойынша: Ескерту-Автормен құрастырылған

Несиелік саясат түрлерін сыныптамалаудың негізінде түрлі критерийлер жатыр. Бұл жерде ұсынылған сыныптаманың жалғыз еместігін атап өткен де маңызды. Өзге критерийлерге қарай несие саясатының басқа да түрлерін топтастыруға болады.

Несиелік саясат банктердің ең алдымен банк пен оның клиенттері арасындағы қарым-қатынасты реттеуіне, басқаруына, ұтымды ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қайтарымды негіздегі ресурстарды тартуға және оларды банк клиенттерін несиелеу үшін инвестиция жасауға қажет. Бұл жерде банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың негізі де несиелік саясат екенін атап өткен жөн. Несиелік саясат агрессиялық, дәстүрлі және классикалық болып келеді. Несиелік саясат түрін таңдау кезінде банк алдымен өз капиталын өсіруді, табысын көбейтуді көздейді немесе мұнда сан қырлы стратегия жатуы мүмкін. Осы айтылғандарды қорытындылай келе мынадай анықтама беруге болады. Несиелік саясат - банктің өз клиенттеріне несие беру жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта, белгілі бір уақыт аралығында өз стратегиясын жүзеге асыру үшін жасаған шаралар жүйесі. Несиелік саясат несиеті реттеу жұмысының негізі ретінде, біріншіден, несиелік қарым-қатынастарды дамыту барысындағы басым бағыттарды, екіншіден, несие жетіктерінің жұмыс істеуін анықтайды.

Түрлеріне қарамастан банктің несие саясатының ішкі құрылымы болады. Біздің пікірімізше, комерциялық банктегі несие саясатының негізгі элементтері мыналар: 1) несиелік процестің негізгі бағыттарын әзірлеу жөніндегі банк стратегиясы; 2) несие беруді ұйымдастыру жөніндегі банк тактикасы; 3) несиелік саясаттың орындалуын бақылау.

Шетелдік экономикалық оқулықтарда несиелік процесті ұйымдастырудағы банктің стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік беретін несиелік саясат бойынша құжат әзірлеу (меморандум) жиі ұсынылады .

Мысалы, Дүниежүзілік банктің «Банк ісі және инвестицияны қаржыландыру» (Н. Бруктің редакциясымен) деген басылымында несиелік саясат бойынша басшылыққа алатын құжат жасауды ұсынады. Онда несие бойынша көрсетілетін құжаттама және несие бөлімі қызметкерінің міндеттері анықталады. Біздің ойымызша, мұндай жұмыстың аясы тар. Бұл жерде банктің несиелік саясаты несие жұмыстарын ұйымдастырудың тактикасы мен ғана шектеледі. Жоғарыда келтірілген ұстанымға қарағанда комерциялық банктегі оңтайлы несие саясатын жасаудың теориялық моделінің негізгі ережелерін қалыптастыру қажет болып көрінеді.

Несиелік саясаты әдістемелік тұрғыда оңтайландырудың отандық және әлемдік тәжірибесін, талаптарын ескере отырып, комерциялық банктегі несиелік саясатты қалыптастырудың төмендегідей нұсқасын ұсынуға болады:

  • Несиелік саясаттың жалпы ережелері мен мақсаттары.
  • Несиелік операцияларды басқару аппараты және банк қызметкерлерінің өкілеттілігі.
  • Несиелік келісім-шарттың әр түрлі кезеңдерінде несиелік процесті ұйымдастыру.
  • Банктік бақылау және несиелік процесті басқару.

Несиелік саясатты қалыптастыру және несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы әдістемелік міндетті талаптардан туған бұл теориялық модельді біз комерциялық банктегі несиелік саясатты оңтайландырудың қажеттілігіне байланысты ұсындық. Біздің ойымызша, мұнда комерциялық банктің несиелік саладағы стратегиясын анықтайтын «Несиелік саясаттың негізгі ережелері мен мақсаттары» болу керек. Одан кейінгі бағыттар банк қызметкерлерінің несиелік операцияларды басқару жұмысында банктің тактикасын анықтайды, банктің нақты операцияларын және клиентпен арадағы келісім-шарттың ұйымдастырудың жолдарын нақтылайды, несиелік процесті бақылау және басқару шараларының жүйесін белгілейді . Несиелік саясатты қалыптастырудың теориялық моделінің әрбір бағыты өзара тығыз байланысты және несиелік саясатты қалыптастырып, несиелік процесті ұйымдастыруда міндетті болып табылады, ұтымды несиелік саясаттың мәнін ашу үшін қажет.

Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік құралдарды таңдаудың басым бағыттарымен, екіншіден, банк қызметкерлерінің практикалық іс-қимылын белгілейтін және осы басым бағыттарды өмірге енгізетін нормалармен, ережелермен анықталады. Бұл жерде тәуекелді (оның ішінде несиетік) басқару қабілеттілігі нақты несиелік келісімдердің шарттарын жасаумен айналысатын банк басшылығының бөліктілігіне және қызметкерлердің сыныптамалық деңгейіне байланысты.

Жалпы, несиелік саясатын стратегиясы нақты банктің несие рыногындағы басым бағыттарын, ұстанымдары мен мақсаттарын көздесе, ал тактикасы - несиелік келісім жасау, несиелік процесті ұйымдастыру кезінде осы банктің жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданатын қаржылық және басқа құралдары. Сөйтіп, несиелік саясат банктің несиелік бөлімшелеріндегі тиімді жұмыстың қажетті алғышарттарын жасайды, қызметкерлердің күш-қуатын біріктіріп, ұйымдастырады, қателіктер мен тиімсіз шешім қабылдаудан сақтандырады. Несиелік саясаттың элементтері несиелік саясаттың ұйымдастыру нысандарында, яғни оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерінде нақты қолданылады.

1. 2. Коммерциялық банктердің несиелік саясатының құру

қағидалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары мен операциялары
ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Қазақстанда коммерциялық банк жүйесінің калыптасуындағы қаржы менеджментінің рөлі
Несие берудегі несие саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz