Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І Тарау. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ Тарау. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... ..

ІІІ Тарау. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару қоргандарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланлған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Біздің елде қазіргі кезде заңдарды құрастыру бойынша күрделі жұмыстар атқарылуда. Соған байланысты құқық жүйесіндегі мәселелер ерекше маңызды болып саналады (оның кейбір салаларда, құқықтың ішкі құрылымындағы біркелкілігі мен шектелуі), өйткені заңдар жүйесі құқық жүйесінің қалыптасқан көлемінде сәйкес келгенімен, онымен теңелуі мүмкін емес.


Экономикалық қатынастар бұл өндірістік қатынастар және де соларға қосылатындығын маңыздылығын арттыру үшін қоғамдық қатынастрадың ең басты бір бөлігі болып табылады. Ал, бұл жүйенің яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігі базистік қатынастарға жатады.
Қаржылық құқықты қаржыландырудың маңыздылығын келесіден көреміз, яғни қоғамға адам өмірінен алынатын орнымен атқаратын қызметі,істеген іс-әрекеттер өте жоғары екені белгілі. Мемлекеттің өсіп өркендеуінің материалдық негізі және ақшалай қамтамасыз етуінің қайнар көзі болып табылады.
Қаржылық құқық мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші рөлді атқаратын,сондай-ақ мемлекетке өзара ықпал жасайтын өркениетті мемлекеттер қатарына және де оның дамуының материалдық негізі болып табылады.
Мемлекеттің қаржыларының өзіне тән көптеген қызметтерін қаржыландыру экономикалық қатынастарды түрлендіру қаржы жүйесін дамыту рыноктык жағдайларға сай келтіру және де инвестициялық белсенділікті ынталандыру әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету рөлін күшейттіру.
Қазақстан Республикасындағы қаржылық құқық қаржы жүйесі ақша қатынастарының ақша жүйесімен құқық негіздері қаржыны басқару,бақылау,жоспарлау бюджеттік, салық құқықтар кіреді:
1. мемлекеттің қаржы жүйесін өзіндік ерекшеліктеріне қарай,маңыздылығына қарай және де басқада мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрінеді.
2. мемлекеттің қаржылық жүйесін экономикалық тұрғыдан қарау.
3. ұйымдастыру мағынасына қарай қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелердің жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттің қаржы жүйесі қазіргі кезде бірнеше мәселелер бойынша мемлекетке түсетін қаржы есебінен демек, бюджеттік түсімдерді сонымен қоса, несие саясатын қалыптастыру, жетілдіру жолдары мемлекеттік және жеке меншік қаржылардың аясындағы мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І Тарау. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы
сипаттамасы.
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ Тарау. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің
қаржылық қызметінің нәтижесі.
2.1. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... ..

ІІІ Тарау. Қаржылық қатынасты реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық негіздері.
3.1. Мемлекеттік басқару қоргандарының қаржылық қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің
құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланлған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қаржы туралы ғылым мемлекеттің ақша қорларын әр түрлі қоғамдық
формацияларда қалыптастыру, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын
экономикалық қатынастарды зерттейді.
Олар өз табиғаты жағынан мемлекетпен тығыз байланысты. Мемлекетке өз
қызметін жүзеге асыру үшін ақша қаражаттары керек. Бұл қаражаттарды
жинақтауды мемлекет ұлттық табысты қайта бөлуге дәнекер болатын және
еңбеккерлерді сыртқы экономикалық және саяси мәжбүрлікте қосымша
пайдалануды көрсететін экономикалық қатынастар процесінде жүзеге асырады.
Қаржы құқығынның ұғымын ашудан бұрын қаржылардың мағынасымен
экономикалық жағдайын анықтау керек.
Қаржы дегеніміз - ақша түріндегі ұғымды әр түрлі қоғамдық қатынастарда
кездесетін экономикалық қатынастардың бір бөлігі. Қаржының ақша түрінде
болуы жалпылама айтқанда олардың экономикалық құндылық категориясына
жататындығын және олардың жүзеге асыратындығын көрсетеді.
Қаржылар дегеніміз ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты
экономикалық қатынастардың біршама бөлігі.
Қаржылардың ақша түрінде болуы, олардың экономикалық құндылық
категорияларына жататындығын жәнеде олардың жүзеге асыру болып
табылатындығын көрсетеді. Экономикалық қатынастар бұл өндірістік
қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар жүйесінің басты бөлігі
болып табылады. Ал бұл қатынастар өндірістік қатынастардың бір бөлігі
ретінде базистік қатынастарға жатады.

КІРІСПЕ

Біздің елде қазіргі кезде заңдарды құрастыру бойынша күрделі жұмыстар
атқарылуда. Соған байланысты құқық жүйесіндегі мәселелер ерекше маңызды
болып саналады (оның кейбір салаларда, құқықтың ішкі құрылымындағы
біркелкілігі мен шектелуі), өйткені заңдар жүйесі құқық жүйесінің
қалыптасқан көлемінде сәйкес келгенімен, онымен теңелуі мүмкін емес.

Экономикалық қатынастар бұл өндірістік қатынастар және де соларға
қосылатындығын маңыздылығын арттыру үшін қоғамдық қатынастрадың ең басты
бір бөлігі болып табылады. Ал, бұл жүйенің яғни өндірістік қатынастардың
бір бөлігі базистік қатынастарға жатады.
Қаржылық құқықты қаржыландырудың маңыздылығын келесіден көреміз, яғни
қоғамға адам өмірінен алынатын орнымен атқаратын қызметі,істеген іс-
әрекеттер өте жоғары екені белгілі. Мемлекеттің өсіп өркендеуінің
материалдық негізі және ақшалай қамтамасыз етуінің қайнар көзі болып
табылады.
Қаржылық құқық мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және
қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады. Мемлекеттік қаржылар
нарықтық қатынастарға шешуші рөлді атқаратын,сондай-ақ мемлекетке өзара
ықпал жасайтын өркениетті мемлекеттер қатарына және де оның дамуының
материалдық негізі болып табылады.
Мемлекеттің қаржыларының өзіне тән көптеген қызметтерін қаржыландыру
экономикалық қатынастарды түрлендіру қаржы жүйесін дамыту рыноктык
жағдайларға сай келтіру және де инвестициялық белсенділікті ынталандыру
әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
рөлін күшейттіру.
Қазақстан Республикасындағы қаржылық құқық қаржы жүйесі ақша
қатынастарының ақша жүйесімен құқық негіздері қаржыны
басқару,бақылау,жоспарлау бюджеттік, салық құқықтар кіреді:
1. мемлекеттің қаржы жүйесін өзіндік ерекшеліктеріне қарай,маңыздылығына
қарай және де басқада мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы
ретінде көрінеді.
2. мемлекеттің қаржылық жүйесін экономикалық тұрғыдан қарау.
3. ұйымдастыру мағынасына қарай қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен
қаржылық мекемелердің жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттің қаржы жүйесі қазіргі кезде бірнеше мәселелер
бойынша мемлекетке түсетін қаржы есебінен демек, бюджеттік түсімдерді
сонымен қоса, несие саясатын қалыптастыру, жетілдіру жолдары мемлекеттік
және жеке меншік қаржылардың аясындағы мүдделерін қамтамасыз ету болып
табылады.
Қаржы жүйесі жалпы құқықтық салалар сияқты қаржылық қатынастарда
екі бөлімнен тұрады:
1. Жалпы
2. Ерекше
Жалпы бөлімнің институттарына кіретіндер:
• Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздемелері
• Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері
• Мемлекеттің қаржылар саласындағы басқарылуы
• Қаржыға және олардың жоспарлауы
• Қаржылық бақылау
Қаржылық құқықтың ерекше бөліміне кіретіндер:
• Бюджеттік қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік немесе жергілікті қаржылары
• Қаржылық банкілік құқық,яғни мемлекеттік банктердің қаржылары
• Қаржылық сақтандыру мемлекеттік мүлікті және де жеке басты сақтандыру
• Қаржылық, шаруашылық құқық,бұл салалық қаржылар деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы қаржыларды
басқаратын арнайы органдар
1. Қаржы министрлігі
2. Оның арнайы, басқармалары және бөлімдері
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және де мемлекеттік банктер.
Қаржылық қызмет өз қарамағына, қызметіне оның қолданылу
аясына,меншігіне, ақша қорларына, қаражаттарына жұмылдыру арқылы оларды
шешуге,ақшалай қорларға қалыптастыру.Осы қорлардан қаражатты керекті
талаптарға бөлу,сондай-ақ ақша қаражаттар қорларын пайдалану негізіндегі
мемлекеттің біртұтас немесе өзінің уәкілдік берілетін мемлекеттік
органдарының іс-әрекеттерін айтамыз. Мемлекеттің қаржылық аясынан оның
қызметі жөнінде ешқандай да бір мәліметтер таратылмауы жөнінде
мемлекеттің органдары тыс қалмауы тиіс.
Қаржылық қызметтің бұл қызмет ісі іс-жүзінде барлық
субъектілерге таратылмайды. Жалпы қаржылық қызмет материалдық мағынасы
бойынша ақша қаражаттарын жинастыру және оны жұмсау процесі болып
табылады.
Мемлекеттік қаржылық қызмет белгілі бір қолдану әдістері
арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық әдістері дегеніміз-қаржы жүйесінің
құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру кезінде мемлекет жүзеге асыратын нақтылы жолдары мен
тәсілдері.
Ақша қорларының әр түрлі болуына байланысты оларды
қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында да әр түрлі
әдістер қолданылады:
1. Мемлекеттің қаржылық қызметіне байланысты ақша қорларын қалыптастыру
әдістері.
Осы әдіске ақша қаражаттарын олардың иелеріне мәжбүрлі және
қайтарылмайтын түрде алу.
2. Ақша қорларын бөлу әдістері
Осы әдіске ақша қаражаттарының олардың иелеріне мәжбүрлі бірақта
қайтарылатын түрде алу.
3. Ақша қорларын пайдалану және оны ұйымдастыру әдістері.
Осы әдіске ақша қаражаттарын ерікті және қайтарылмайтын түрде
жұмылдыру(өз еркімен ақысыз тегін түрде).

Мемлекеттің қаржылық қызметінің формалары-белгілі бір
құқықтық формалар бойынша жүзеге асырылады.
Қаржылық қызметтің құқықтық формасына жалпы түсінік, бұл
ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру
кезіндегі мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларға сәйкестендірілген
немесе құқықтық нормаларды іс-жүзінде қолданылатын әдістері.
Мемлекеттік органдар қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде
өздерінің өкілеттіліктерінің көлемінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру,
бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезінде сондай-ақ пайдалануды бақылау
жүргізу саласында пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін қаржылық
құқықтық актілер.
Қаржылық құқықтық актілер қабылдайды,осы құқықтық актілер
қабылдау мемлекеттік қаржылық қызметтің құқықтық формасы болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық қызметтің қаржылық құқықтық қабылдаған
органдарына және де қаржылық қатынасқа қатысушыларына байланысты мына
төмендегілер болып келеді.
1.Нормативтік қабілеті бар заң актілері(қаржылық заңдар шығару)
2.Дербес қаржылық құқықтық актілерді шығару
3.Қаржылық құқықтық шарттар жасау,екі жақты мәмілеге келуі,келісім
бойынша
4.мемлекеттің(мемлекет мүдделерін көздейтін) өкілетті органның өз
құқықтары мен міндеттерін нақтылы бір қаржылық құқықтық
қатынастардың асырылуы.
Қаржылық қызметтің құқықтық негіздері құқық негіздерінің,
мемлекеттің қаржылық қызметінің түрлеріне Қазақстан Республикасының
Конституциясы, қаржылық заңдар болып табылады.

Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық.
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті
қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға
көмегін әрі ұйымдастырушы-реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып
табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым
өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба
алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған
егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының
материалдық негізі саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам
мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру,
экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға
сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ
әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Бүгінде, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын
айтарлықтай жүргізуге септігін тигізеді, ал қаржылық құқық әлеуметтік-
экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде
баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта
бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет
болып табылатын экономикалық(ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы
құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп
айырысуға байланысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан
қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп
мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз
функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу
және пайдалануды ұйымдастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі
экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында,мемлекеттік қаржылар қоғамның және
мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет
меншігінде болатын орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын
көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет
ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс
табады. Қаржылардың функцияларына: ақшалай қаражаттарды жұмылдыру,ақшалай
ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау-есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және
пайдаланылуды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржы жүйесінің ауқымында ғана
жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне,
маңызына және басқа да мән- жайларына байланысты материалдық, экономикалық
және ұйымдастырылу тұрғысынан қатыфстырылады.
Материалдық мағынасында,қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән
белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық-экономикалық институттардың
жиынтығынан тұрады.
Ұйымдастырылу мағынасында, қаржы жүйесі мемлекеттің
органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі
мемлекеттік және жекеменшік қаржылардың аясындағы мүдделердің біршама болса
да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы
жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық
қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі деп, мемлекеттің біртұтас
өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен
мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға
қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын
ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның
әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары
үшін қолайлы жағдай жасау жатады.
Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері
қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын
қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізгі және өзіне тән
қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды
қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарын
қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мына: бюджеттік қызмет;
валюталық-қаржылық қызмет; қаржылық-банктік қызмет; кредиттік қызмет,
қаржылық-сақтандыру қызметі; қаржылық-шаруашылық қызметі; салықтық қызмет;
мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары:
1. мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру;
2. мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу;
3. мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;
4. мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу және пайдалану барысында
мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
5. мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы уәкілетті органдардың
жүйесін айқындау және оладың тиісті құзыреттерін белгілеу;
6. қаржылық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу;
7. айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару(эмиссиялау) ;
8. қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына келесідей: ақшалй
қорларды қалыптастыру; ақшалй қорларды бөлу; ақшалай қорлардың
пайдалануын ұйымдастыру сияқты негізгі үш әдістің көмегімен жүзеге
асырылады.
Ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне:
1. ақша қаражаттарын олардың иелерінен қайтарымсыз мәжбүрлі түрде
алып қою;
2. ақша қаражаттарын мәжбүрлі және қайтарымды түрде алу;
3. ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде тарту;
4. ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту;
5. мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту;
6. мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша
қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру;
7. эмиссия жатады.
Ақшалай қорларды бөлу әдістері: қаржыландыру, яғни ақша
қаражаттарын бюджеттен біржола, ақысыз түрде беру; кредит беру, яғни
ақша қаражаттарын қайтарымды, ақылы негізде және белгілі мерзімге
уақытша пайдалануға беру; кредиторлары алдындағы мемлекеттің өз
қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру: ақшалай қорлардың
пайдалану бағыттарын белгілеу ; мемлекеттің ақшалай қорларынан
алынған ақша қаражттарын пайдалану тәртібін белгілеу;
Ақща қаражаттарын пайдалануды жоспарлау; ақша қаражаттарын берудің
қаржылық нормативтері мен шекті мөлшерін белгілеу; мемлекеттік
кәсіпорындардың пайдаралын бөлудің нормативтері мен тәртібін
белгілеу; ақшалай қорлардың пайдалануларына бақылау жүргізу сияқты
әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық
құқықтың аясы болғандықтан тиісті ақша қорларын қалыптастыру, бөлу
және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органдардың қызметі әрқашанда қаржылық-құқықтық нормалардың
көмегімен, тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп,
қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз
құзыреттері шегінде уәкілілетті мемлекеттік органдар қабылдаған
нормативтік қаржылық-құқықтық актілерді айтамыз.
Сонымен, құқық саласы ретінде- қаржылық құқық
мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни
мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік
қаржылық қатынастарды мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Демек, қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша
қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру
барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың(мемлекеттік қаржылық
қатынастардың) жиынтығын айтамыз.
Осы мемлекеттік қаржылық қатынастар мынадай өздеріне тән
белгілерімен ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға
жатады; бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады ;бұл
қатынастар тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпайтын
ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді; бұл қатынастар
мемлекеттің болмысына, оның өсіп-өркендеуіне байланысты пайда болады,
сондай-ақ оның қаржылық қызметінің нәтижесі ретінде көрініс табады;
бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан
базистік қатынастар қатарына жатады; бұл қатынастар мемлекеттің
қаржылық қызметінің барысында туындайтын әрқашанда құқықтық нысанда
болады.
Қаржылық құқықтың реттеуші әлеуеті көбінесе мемлекеттің
қаржылық қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты
қатысушыларына әмірлі өктем ықпал ету арқылы көрініс табады.
Қаржылық құықта пайдаланылатын құқытық реттеу әдістеріне
императивтік мемлекеттік-өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық-
шартты әдіс жатады.
Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән
белгілері болады: мемлекеттің өмірлі талабы нормативтік сипаттағы
біржақты құқықтық акті нысанында көрініс тапқан ; осы өмірлі талап
екі жақтың (тараптың) жүріс-тұрыстарын мұқият айқындайды ; екі жақтың
өзара құқықтары мен міндеттері мемлекет тұрғысынан туындайды және
олар осы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актіде
белгіленген; өздері үшін міндетті болып табылатын мемлекеттің өмірлі
талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға хақылары жоқ; мемлекеттің
әмірлі талабын бұлжытпай орындау мемлекеттік уәкілетті органдар
біржақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу
механизмімен қамтамасыз етіледі; екі жақтың да жүріп-тұру
қағидаларын таңдауға, оның ішінде өзара келісім негізінде таңдауға
мүмкіндіктері мүлдем болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз
мән-жайларды қамтиды; қаржылық құқықтық қатынасқа мемлекеттің
уәкілетті органы ретінде қатысатын субъект, мемлекеттің әмірлі
талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік беретін өктем
өкілеттілікпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына негізінен
императивтік-әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен
бірге, қажетті кездерде диспозитивтік-шартты құқықтық реттеу әдісінің
де жеткілікті көлемде қолданылатын білу қажет. Осы диспозитивтік
құқықтық реттеу әдістері мынадай өздеріне тән айрықша белгілерімен
көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттері осы қатынасты
реттейтін нормативтік актілер мен өзара жасалған шарттың негізінде
қалыптасады; мемлекеттің біржақты-өктем әмірлі талабы қаржылық
қатынастағы мән-жайларды толығымен қамтитын сипатта болмағандықтан,
осы қатынастың субъектілеріне өз еріктерін білдіру құқығын қалдырады;
қаржылық құқықтық қатынастағы екі жақтың құқықтары мен міндеттері,
императивтік әдіске тән өктем билік және тәуелділік сияқты үзілді-
кесілді формуламен көрсетілмей, сәл болса да теңдестірілген, яғни
өктем уәкілетті субъектінің де өз контрагентінің алдыңдағы тиісті
заңи міндеттері айқындалған; мемлекеттің өз контрагентінің жүріс-
тұрысына тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты-өктем мәжбүрлеу
нысанында болып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық ынталандыру
мен материалдық мүдделеуді пайдалану арқылы қызықтыру нысанында да
көрініс табады; қаржылық-құқықтық шарт қаржылық қатынасқа қатысушы
екі жақтың құқықтары мен міндеттерін туындатуымен қатар, ол
мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті құқықты көбірек
береді; диспозтивтік әдістің көмегімен реттеу кезінде қаржылық-
құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс табады.
Қаржылық құқықтың нормалары мен институттары іштей,
белгілі бір қыйсындылықты ескере отырып жүйелендірілгендіктен, осыған
орай қалыптасқан қаржылық құқықтың құрылымы оның жүйесін білдіреді.
Демек, қаржылық құқықтың жүйесі мемлекеттік қаржылық
қатынастар жүйесімен объективті түрде негізделген қаржылық құқықтың
ішкі құрылысын, сондай-ақ оны құрайтын қаржылық- құқықтық нормалардың
өзара бірігуін және өздері реттейтін, негіздейтін тиісті қаржылық
қатынастарға байланысты белгілі бір тәртіппен орналасуын көрсетеді.
Қаржылық құқықтың жүйесі көбінесе жалпы және ерекше
бөлімдері арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықтың жалпы бөлімі мына:
1. Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері;
2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері;
3. Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару;
4. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері;
5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері;
6. Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты
институттардан тұрады.
Ал ерекше бөлімі мынадай: бюджеттік құқық; қаржылық-
банктік құқық(мемлекеттік-құқықтық сипаты); қаржылық-сақтандыру құқығы
(мемлекеттік-құқықтық сипаты); қаржылық-шаруашылық құқығы сияқты өте ірі
бөлімдерден құралады.
Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері
мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын
белгілейтін, қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды
жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың жүйесін айқындап,
құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржы институттары мен біртұтас өзін
қаржылық реттеудің мақсатын, міндеттерін және әдістерін белгілейтін
қаржылық құқықтың институты болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан:
1. тиісті қаржылық-экономикалқы институтармен көрсетілген мемлекеттің
ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен;
2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен;
3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық-экономикалық институттар:
1. бюджет жүйесі(республикалық бюджет; жергілікті бюджеттер);
2. бюджеттен тыс мақсатты қорлар;
3. мемлекеттік сақтандыру қаржылары;
4. мемлекеттік банктердің қаржылары;
5. мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару
органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне
тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік
органдар:
1. ҚР Қаржы министрлігі;
2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы бақылау комиеті және
Қазынашылық комитеті;
3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен
облыстық қаржылық басқармалар;
4. ҚР Ұлттық Банкі;
5. ҚР Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыру қадағалауы департаменті,
бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және
валюталық реттеу департаменті және т.б.
6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет
атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын
айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған(қаржы жүйесіне)
ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.
Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің
құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесініңқұрамына кіретін ақшалай қорлардың
түрлері мен бағдар-бағыттарын айқындау; мемлекеттік кірістерді қаржы
буындарының арасында бөлу; мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының
арасында бөлу; өз қарамақтарына бекітілген ақшалай қордың функциясын
қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыттерін белгілеу; ақшалай
қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекеттік
қорлардан бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің
ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық заңдарды
бұзғаны үшін қаржылық-құқықтық жауапкершілік белгілеу және заңда
белгіленген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.
Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесін,
соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен
мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін
қаржылық құқықтың институты болып табылады.
Осы институт реттейтін объект ретінде мына: ақша жүйесінің
құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық-құқықтық аспектілері;
валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.
Ақша жүйесі деп, тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық
заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын
айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне:
• Ресми ақша бірлігі;
• Ақшаларды эмиссиялау(шығару) тәртібі;
• Валюта айналымының режимі;
• Ақша айналымын ұйымдастыру жатады.
Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті
атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемлекет тарапынан
белгіленген ақша, яғни Қақазстан Республикасының валютасы-Қазақстан теңгесі
болып табылады.
Ақшалардың түрлері дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын
ақшалар мен олардың номиналдары.
Ақшалар қағаз ақшалар және метал монеттер түрінде көрініс табады.
Мемлекетіміздегі бірден-бір негізгі эмиссялық орталық алтынмен
қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеттерді мемлекет атына
шығаруды жүзеге асыратын Қазақстанның Ұлттық Банкі болып табылады.
Ақша айналымы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп
айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол емес
нысандағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне
ақшалай операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгілеу, нақты
ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру
тәртібін айқындау жатады.
Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функциялар қаржылық
міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына
жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.
Ақша айналымын тұрақтыландыру ақша реформаларын жүргізу арқылы
жүзеге асырылады.
Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация,
девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.
Нуллификациялау-айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап,
оның орнына жаңа валюта енгізу.
Деноминациялау-айналымдағы ақшаларды белгілі бір
арақатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау
арқылы ақшалардың құнын өзгерту және массасын азайту.
Девальвациялау-айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын
төмендету.
Ревальвациялау-ұлттық валютаның курсын, басқа елдердің
валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.
Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі
жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп, халықаралық валюталық құқық нормаларын
есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық
қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.
Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюталық жүйемен тығыз
өзара қарым-қатынаста және еліміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық
байланыстарының дамуы дәрежесіне тәуелді болады.
Халықаралық валюталық жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне
орай мынадай түрлері болған:
1. Париж валюталық жүйесі(1867ж.)
2. Генуя валюталық жүйесі(1922ж.)
3. Бреттон-Вуд валюталық жүйесі(1944ж.)
4. Ямайка валюталық жүйесі (1976-1978ж.)
5. Еуропа валюталық жүйесі (1979ж.)
Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты мемлекет
тарапынан белгіленіп, қойылған шектеулер валюта айналымының режимі деп
аталынады.
Негізінде, валюталар толығымен айналыста болатын(еркін жүретін); жартылай
айналатын(жартылай еркін жүретін);айналысқа түспейтін(тұйықталған) болып
бөлінеді. Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын валюталар
қатарына жатады.
Валюталық монополия валюталық құндылықтармен мәміле жасау
жөніндегі тек мемлекеттің құзырындағы нарықтық айрықша қатынастар мен
халықаралық валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып
табылады.
Қазақстандағы валюталық құндылықтарға: шетелдік валюта,
номиналдары шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы
қағаздар, толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және
резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операцияларды жүзеге асыру
кезінде пайдаланылатын ұлттық валюта, сондай-ақ номиналдары ұлттық
валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.
Мемлекеттің валюталық монополиясының объектілері ретінде
мынадай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар:
1. шет елдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластикалық
карточкалары;
2. шет елдік банктердің депозиттік сертификаттары;
3. шет мемлекеттердің заемдық облигациялары;
4. шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері;
5. шетелдік акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары;
6. шет елдік заңды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады.
Валюталық реттеудің негізгі әдістері: валюталық реттеу объектілерін
айқындау; валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу;
мемлекеттің валюталық монополиясының объектілерін айқындау;
мемлекеттің валюталық монополиясының объектілерімен жасалынатын
операцияларды жүзеге асыруға хақы бар мемлекеттік органдардың
құзыретін белгілеу; валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік
валютамен жасалынатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу; валюталық операцияларды жүзеге асыруға
байланысты қызметтерді лицензиялау; резиденттердің тысқары жерлерден
шетел валютасымен беретін және алатын ссудалары(борыштары) мен
кредиттерін тіркеу; валютамен жасалынатын операцияларға бақылау
жүргізу; белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын
тыйымдар мен қойылатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мемлекеттік
қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті
мемлекеттік және арнайы қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын,
сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық-
құқықтық институт болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы уәкілетті мемлекеттік
органдар жүйесінде:
А. Мемлекеттегі өкілді билік органдар:
1. Жоғары заң шығарушы және өкілді орган-ҚР парламенті.
2. жергілікті өкілді орган-Мәслихаттар.
Ә. Мемлекеттің атқарушы билік органдары:
1. жалпы құзыретті орталық атқару органы-ҚР Үкіметі.
2. орталық салалық құзыретті органдар-ҚР министрліктері мен
ведомствалары.
3. жалпы құзыретті жергілікті атқару органдары-Әкімдіктер.
4. жергілікті салалық және функционалдық органдар.
5. министрліктер мен ведомствалардың аумақтық органдары.
6. жергілікті өкімдіктердің бөлімдері мен басқармалары.
Б. Мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық-экономикалық
органдары:
1. ҚР Қаржы министрлігі,оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері.
2. ҚР Ұлттық Банкі, оның құрылымдық бөлімшелері мен оған бағынышты
кредиттік-қаржылық ұйымдар.
3. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрініс тапқан.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару деп мемлекеттік
қаржылар аясындағы өзекті мәселелерді шешуге, алға қойылған мақсат-
міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық
механизмнің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын
қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық
субъектілердің, сондай-ақ қарамақтарында мемлекеттің ақша қаражаттары
бар уәкілетті органдардың жүріс-тұрыстары мен іс-қималдарына
жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді
айтамыз.
Қаржылық жоспарларлаудың құқықтық негіздері қаржылық
жоспарларды әзірдеу, қарау,атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды
белгілейтін қаржылық құқықтық институт болып табылады.
Қаржылық жоспарлау мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру,
бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ
қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру
процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды әзірлеу,
қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы
мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгіленген
қызметтері түрінде көрініс табады.
Қаржылық жоспарлау объектісі ақшалай қор болып табылады. Ал
осы ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құрайды.
Қаржылық жоспарлаудың міндеттері: ақшалай қорлардың
қалыптастырылу көздері мен жалпы көлемін айқындау; ақшалай қорларды
пайдаланудың басымды бағыттарын айқындау; қажетті қаржылық резервтерді
құру; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын
экономика секторлары мен салаларының және әкімшілік –аумақтық
құрылымдардың арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу болып
саналады.
Қаржылық жоспарлау стадияларына:
1. қаржылық жоспардың жобасын әзірлеу;
2. қаржылық жоспардың жобасын қарау;
3. қаржылық жоспарды бекіту;
4. қаржылық жоспарды атқаруды ұйымдастыру және оның атқарылуына бақылау
жүргізу;
5. қаржылық жоспарды (кірістері мен шығыстарын) жабу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қамтамасыз ету функциясы
Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі
Қаржының мәні, функциясы және ролі
Қаржылардың жалпы түсінігі
Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері
Айналым капиталы - кәсіпорын меншіктегі айналым құралдары
Мемлекеттің бюджет жүйесі: құқықтық негіздері, құрылымдық элементтері, жалпы сипаттамасы
Қаржылық құқық. Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Пәндер