Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары


Мазмұны

Кіріспе . . .

І ТАРАУ. Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі . . .

1. 1 Атқарушы билік тармағының конституциялық дәрежесі . . .

1. 3 Үкіметтің құрамы және құрылу тәртібі . . .

1. 2 Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің және Үкімет мүшелерінің конституциялық құқықтық мәртебесі . . .

ІІ ТАРАУ. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары . . .

2. 1Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары . . .

2. 2Үкіметтің жауапкершілігі . . .

2. 3Үкіметтің Президентпен, Парламентпен және Қазақстан

Республикасының басқа да органдармен арақатынасы . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Үкімет жалпы елді басқаратын және жоғарғы саяси басшылықты жүзеге асыратын алқалы орган.

Үкімет өз қызметінің жалпы шегінде Парламент көпшілігінің қолдауын пайдалану керек және заңнамада берілген өкілеттіктерді иеленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасында билік органдары жүйесіндегі жоғарғы атқарушы органы.

Конституцияға сәйкес ҚР Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқаруш органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет өз іс әрекетін ҚР Конституциясына, заңдарына, Президенттің заңдық күші бар Жарлықтарына және басқа да нормативтік құқықтық актілері негізінде іске асылрылады.

Басқаша айтқанда, ҚР Үкіметі қатаң түсінікте атқарушылық қызметке басшылықты жүзеге асыратын алқалы, тағайындалатын, құрылымдық орган. Үкіметтің қалыптасу тәртібі басқару түріне байланысты болады, Президенттік республика болғандықтан президент қалыптастырады. Үкіметтің әрбір тағайындалған мүшесі ҚР Парламентімен бекітіледі. Осы сәттен бастап Үкімет жаңа ұйымдық қағида бойынша қалыптасады; Кімде кім жоғарыда мазмұндалған мақсатта бағдарламасын жүзеге асырылуын және оның ақиқаттығын, қоцылқан тапсырмақа сәйкестігін, тиімділігін, орындалатынын көрсете алса, сол оның экономикалық блогн қалыптастырады. Бүгінгі Үкімет және облыстық әкімшілік басқармаларды тағайындау туралы ұсынысты Премьр-министр қарастырса да, олар бір команда болып атқармайды. Үкімет және облыстар әрқайсысы өздігінше қызмет етуде. Үкімет тарапынан оларға әсер ету конституциямен шектелген, Үкіметтің өзі әсер ету сапасына байланысты блокторрға болінеді. Мемлекет басшысы мен Үкімет басшысының қызметі бөлінген. Үкімет Парламент арқылы қалыптасып өз өкілеттігін жүзеге асыраты және парламент алдында саяси алқалы жауапкершілік иеленеді. Жалпы халық дауыс беру жолымен сайланатын Президент шұғыл басқарылатын өкілеттік жағдайында бола тұрса, Үкімет және Парламент арасындағы келіспеушілікті шешуге атқарушы билік тармағына басшылығына стратегиялық және тактикалық нысанды ұстап тұрады.

Үкіметтің топтық қағидасының механизмін қалыптастыру.

Премьер-министр жетілдіру сатысында серіктестердің командасын жинап, Қазақстан Республикасы жоспарланып отырған іс әрекеттің бағдарламасын ұсынады.

Президент қолдаған жағдайда бұл команда Үкімет болып табылады. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша ғылыми қауымдастқ, саяси күштер және іскерлер ортасында тартылған экономикалық дағдарыстан шығудың тереңдетілген реформа шараларының бағдарламасын айқындап, депутатар қарауына өз ұсыныстарын береді. Егер Парламент ҚР Үкіметінің үсынысының курсымен сәйкес келмесе, ал Президент көрсеткен курс бағдарламасының сәйкестігін бекітуге дайын болса, Үкімет алқалы түрде ол бағдарламаны дамытуғатуралы бекітуі кажет . Үкіметтің мүшелері өз кезегінде ҚР Президентіне және Премьер- Министрге курс бойынша мүмкін тапсырмаларды дамытуға адал болуы туралы ант береді. Үкіметтің халық алдында жауапкершілігін жоғарлату мақсатында, Президент және Парламент атқару биліктің қызметін бақылай келе ҚР Президенті және Үкіметінің аппаратын бөлуді жүзеге асырады.

Аралас басқару түрінің өзіндік белгілері, президенттік және парламенттік биліктің сипаттамасы қайда танылса, күшті президенттік, күшті үкімет сонда танылады деген тұжырым қалыптасқан. Кеңестік кезеңдегі конституциялық тәжірибеден ерекшелігі Үкіметті мемлекеттің биліктің сыртқы атқарушы органы ретінде сипаттамайды. Қолданыстағы конституцияда мемлекеттегі биліктің үш тармағы ажратлып көрсетілген; заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі. Конституцияда жоғарғы деген ұғым тек Президент және Парламетке қатысты қолданылған, бірақ өзінің саяси құұықтық дәрежесі, жүзеге асыратын функциялар көлемі және басқа негіздерге сәйкес Үкімет атауның өзі оны өз бетіндік жоғарғы статусын, билікті шешетін мемлекеттік орган екенін айқындайды. Екіншіден, Үкімет биліктің бір тармағы болып табылады, ешқандай мемлекеттік органға бағынбайды.

Үкімет басқа орган жүйесі ғана емес, сонымен бірге, оны құрастырушы элементтер жүйесіне басшылық етеді, мемлекеттік органдар жүйесін нормативті реттейді, бағыт береді, жоспарлайды, үйлкстіреді және бақлауды жузеге асырады. Үкіметтің өз окілеттігі шегінде шығарған актілері ҚР территориасында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар азаматтар үшін жалпыға міндетті күші бар және өзгеріссіз орындауға жатады.

1995 жлғы Конституция Үкіметті өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Парламентке оның қызметіне бақылауды деп жариялады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәртебесі кең заңи мағынада. Конституциямен және Қазақстан Республикасының Парламентінің қолданылатын заңи құқықтық актілермен айқындалған. Мәртебе деген түсікте функциялары, өкілетті мерзімі, құзіреті жауапкершілік түрі мен негізі және Үкіметтің өкілеттігін тоқтату тәртібі қамтылады. Қазіргі уақытта Үкіметтің Конституциялық нормаларды дамытуда арнайы комплекстік акт 18 . 12 . 1995 жылы қабылданған Қазақстан «Үкіметі туралы» Қазаөстан Республикасының Конституциялық заңы табылады. Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметін анықтаушы басқа да актілерге Президент және Парламент актілері жатады. Үкімет құрамына Премьер -Министр, Үкімет мүшелері кіретін алқалы орган болып табылады. Үкімет атқару билігіне қатысты басқару функциясындағы өмірдің жеке салалары бойынша сұрақтар төңірегінде барлық өкілеттілкке ие.

Үкімет елде билікті Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарында бекітілген міндетті орындаушы басқа мемлекеттік органдармен жүзеге асырады. Мұндай ерекшелік, Қазақстан Республикасының Конституциясында заң шығарушылық бастамашылық құқығы тек Парламент депутаттары мен Үкіметке берілген, сонымен қатар Үкімет заң актілерінің орындалуын ұйымдастыру мемлекеттің аппараттың басқарылуын қамтамасыз етеді, елдің экономикасында Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастарда өкіл ретінде қатысады. Жоғарғы Үкімет өз бағынысындағы басқару функциясымен қабылдаған шешімдерді жүзеге асыратын атқарушы билік органдарының территориялық жүйесіне ие. Үкімет мәртебесіне қатысты толық анықтама мынадай болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды, мұндай мәртебенің анықталуы Конституцияда және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңында көрсетілген. Үкімет Премьер - Министр және Үкімет мүшелері кіретін алқалы орган болғандықтан оның әкімшілік құқықтық мәртебесі бірнеше ерекшеліктерге ие: себепті қалыптасу тәртібі, біліктілігі тоқтатылған өкілеттіліктер мен отставка институтына ие. Жалпы Үкіметке сипаттамасы оның саяси құрылымын айта кетпесе толық болмайды. Әртүрлі елдердің саяси практикасы Үкіметті бірпартиялы, көппартиялы және партиясыз болатынын көрсетті. Бірақ, Қазақстанның Үкіметі жоғарыда топтастырылғанның ешқайсысына жатпайды. Менің ойымша, Қазақстан Республикасының Үкіметі қысқа мерзімде құрылатын қызметтік орган деп атауға болады.

Үкімет Республика Президентінің алдында жауапты. Үкімет атқарушы билік органы ретінде Парламент мақұлдаған өз қызметінің бағдарламасы бойынша Парламентке есеп береді. Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуы және өз қызметінің сұрақтары бойынша Парламент палаталарына есепті. Президент ҚР Парламентінің келісімімен Республика Премьер-Министрді тағайындайды. Тағайындауға келіспеген жағдайда басқа кандидатураны ұсынады. Конституция ҚР Президентіне Үкіметті қызметке тағайындау, қызметтен босату, актілерінің күшін тоқтата тұруға немесе жоюға құқық береді. Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премер Минитр қызметіне бекітеді Премьер Министр Үкіметтің құрамы туралы ұсынысты он күн мерзімде дайындайды.

I ТАРАУ

1. 1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық- құқықтық дәрежесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық дәрежесін қарастыру мақсатында оның конституциялық-құқықтық дәрежесінің ұғымын және құрамына кіретін элементтерін ұғыну керек. «Бұл органның заңды құзіреті үш аспектіден құралады: конституциялық, конституциялық-құқықтық және құқықтық дәрежесі.

Бірінші аспект құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің нормативтік сипатынан құралады, олар Конституцияда белгіленген; екінші аспект - кең мағынада қарастырылады. Ол тек қана Конституцияның нормаларынан тұрмай, басқа да конституциялық-құқықтық нормалардан тұрады. Бұл аспектінің құрамы кең мағынада қарастырылғандығынан, оған субъектінің жалпы белгілері жатады және соған байланысты бір қалыптылығы мен унификациясы байқалмайды. Үшінші дәрежесі - субъектінің кең сипаттамасы баяндалған, конституциялы-құқықтық нормалар мұнда оны қалыптастырады, фундаменті ретінде қатыстырылып конституциялық және конституциялы-құқықтық дәрежесін негізгі құқықтық жүйе етіп бекітеді. »/14, 15б/.

Берілген зерттеулерге сәйкес, біз ҚР Үкіметінің конституциялы-құқықтық дәрежесін қарастырып өттік, соған байланысты енді оның конституциялы-құқықтық дәрежесінің құрамын ашамыз. Н. А. Богданованың тұжырымы бойынша, конституциялы-құқықтық дәреженің элементтеріне мыналар жатады: 1) Қоғам мен мемлекеттегі орны, әлеуметтік-саяси маңызы мен бағыты. Қоғамдық және мемлекеттік жүйемен қарым-қатынасы. 2) Жалпы құқыққабілеті - құқыққа ие болу мен міндеттемелерді жүзеге асыруға байланысты субъектілердің құқықтық қатынасы. 3) Құқықтар мен міндеттер немесе құзіреті мен жауаптылығы. Берілген элемент конституциялы-құқықтық дәрежені анықтауда заңды сипатқа ие және кез-келген субъект үшін дәрежені анықтауда мақсаттарын белгілейді. /14, 14б/. Органның регламенттелген конституциялы-құқықтық дәрежесінің тура белгіленуі олардың құзіретінің дәрежесін анықтауға жәрдемдеседі. И. Л. Бачилоның ойынша, «басқару аппараты қызметкерлерінің жұмыстарын нақты құзыретін белгілеумен байланысты олардың дәрежесі аясының айқындалуымен нақты мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері нақтылана түседі. Атауы ұқсас немесе бірдей органдардың құзіреттері нақтылана белгіленіп, әр біреуі ерекшелене түседі. »\24, 105б. \

Сонымен қатар құқықтық дәреженің ұғымын қарастырғанда, ғалымдар пікірлері ерекшеліктерін байқатады: мұндай пікірлердің көбісі жалпы ұғымға негізделеді, белгілі органға заңи сипаттама беріп олардың өкілеттіктері мен мемлекеттік жүйедегі орнын белгілейді. Р. И. Тарнапольский мемлекеттік органның құқықтық дәрежесін сипаттап көрсетеді, мұнда АССР-дің Министрлерінің кеңесі баяндалады, « белгілі органның мемлекеттік жүйеде орнын айқындай отырып, құқықтық нормалар арқылы олардың құрылуының тізімі мен әдістерін, мақсаттарын, функцияларын, құзіреттерінің территориялық масштабтылығы, өкілеттілігі, басқа органдармен ара-қатынасы, құрылымы мен өкілеттіктернің әдістерін белгілейді. \25. 76б\

Жоғарыда аталып өткен пікірлерге сәйкес, Үкіметтің конституциялы-құқықтық дәрежесін анықтап алуға болады . Олар:

  • біріншіден, Үкіметтің құзіреттері нормативтік құқықтық актілерде (Конституция мен конституциялық заңдарда) ұсынылған;
  • екіншіден, Үкімет жоғарғы мемлекеттік орган ретінде белгілендіктен оның құрылымының тәртібі белгіленген;
  • үшіншіден, өкілеттілігінің нормативтік түрде бекітілуінде. Соған байланысты үкіметтің құрылымының тәртібі екі негізден құралған: басқару жүйесі мен Үкіметтің жауаптылығы.

Сол себепті жоғарыда аталып өткен аспектілерге сәйкес, ҚР Үкіметінің конституциялы-құқықтық дәрежесін қарастырып өту қажет.

Осы аспектінің біріне Үкіметтің құрылуының тәртібі жатқызылады. Берілген аспектіні қарастыру үшін оны шетел мемлекеттері мен Қазақ КСР-імен салыстыра өту керек. Бүгінгі таңда буржуазиялық демократиялық мемлекеттер үкіметтің құрылуын екі әдісте қарастыруда. Бірінші әдісі, үкімет мемлекеттің парламенті қатысуымен құралады, яғни парламентте көпшілік дауыс беру арқылы мәселені шешу. Мұндай мемлекеттер қатарына әдетте шектеулері бар мемлекеттер немесе конституциялық монархияға жататын мемлекеттер жатады (Жапония, Ұлыбритания) . Парламент алдында жауапты үкіметінің құзіреті конституцияда көзделген. Парламенттік республикалардың үкіметінің өкілеттіліктері, жалпы айтқанда кең мағыналы., себебі Үкімет көбінесе мемлекеттің атқару билігін жүзеге асырады. Ал монарх мемлекеттің символы ретінде танылып, салт-дәстүрлердің таратушысы болып табылады. Екінші әдісі, Парламенттен тыс болып табылады. Яғни, мұнда Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Президент үкіметті құрады. «Көптеген мемлекеттерде (парламентсіз мемлекеттер мен абсолютті монархиядан басқа) жаңа үкімет президент пен парламенттің сайлануынан кейін құрылады. » \26, 291б\

Президенттік басқаруға жататын мемлекеттердің үкіметіне президент пен Премьер-Минист басшылық етеді. АҚШ - президенттік басқаруға жататын мемлекет, атқару билігінің жүйесін президент басқарады. Екі мемлекетте де атқару билігіне президент басшылық жасайды және оларды құрады. Ерекшелігін айтатын болсақ, Премьер-Министр ұсынысымен Президент үкіметтің тізіміне келісім береді немесе келісім беруден бас тартады, содан кейін Парламент келісімді рәсімдейді.

АҚШ-та президент министрлер тізімін өзі құрады және оны заң шығару органдарына келісімді рәсімдеуге ұсынады. Дегенмен де, үкіметтің құзіреті президент өкілеттіліктерімен теңестірілген. В. Е. Чиркиннің ойынша, кейбір президенттік мемлекеттерде атқару билігінде дуализм байқалады, мысалға. Француз республикасында. \5, 414б. \

Құрылу әдісіне қарамастан, Үкімет - бұл атқару билігінің ортақтық органы болып табылады және мемлекет басқаруында негізгі өкілеттіліктерге ие.

Француз Республикасының Үкіметі бір уақытта Министрлер Кеңесі және Премьер-Министр мен министрлерден тұрады. Премьер-Министрдің орынбасарының өкілеттілігі Францияның Конституциясында қарастырылмаған. «Президент министрлерді өзі тағайындауы мүмкін, бірақ ол парламенттің тұрақтылығын негізге алуы тиіс: үкімет парламенттің сенімділігімен қызметін жүзеге асыруы тиіс, ол болмағанда қызметтен босатылады. Сенімді кез-келген уақытта білдіруі тиіс, яғни үкіметтің өзі сенімділігін бірінші білдіруі мүмкін . Бірақ, тәжірибеге чәйкес, үкімет құрылғаннан кейін сенімділігін арттыруға байланысты дауыс беріді өткізуі мүмкін. » \5, 416б. \ Францияда үкімет партиялық сипатқа ие және көпшілік партияларды ұсынуға құқығы бар. Францияда Канцлердің ұсынысы бойынша президент министрлерді тағайындайды және Канцлер оларды жұмыстан босатады. Демек, федералды министрлер Канцлер мен парламенттің төменгі палатасы алдында жауапты болады. Соған сәйкес Канцлерлер Президентке өздерінің сенімділігінің жойылғаны жайлы хабардар етуі мүмкін.

Үкіметтің конституциялы-құқықтық дәрежесінің өзгеруімен байланысты В. А. Кимнің ойынша, «конституциялық реформа Үкіметтің конституциялы-құқықтық дәрежесі мен өкілеттілігін айқындауда қажет етілді». Президент постының айқындалуымен үкімет толығымен оның қарамағына ауысты десек қателеспейміз. Президент мұнда, біріншіден мемлекет басшысы ретінде, екіншіден, атқару билігінің басшысы ретінде қызметін жүзеге асырады. Сонымен қатар, өмірлік тәжірибелерге сүйенсек, Үкіметке тәуелсіздік қажет етілді. »\27, 198б\.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциявы қабылданды. ҚР Конституциясының 78-бабының 3-тармағына сәйкес, ҚР Президенті, Жоғарғы кеңестің келісімімен, Премьер-Министр мен оның ұсынуымен Министрлер бөлмесінің құрамын белгіледі және Министрлер бөлімі арқылы басшылығын жүзеге асырды. ҚР 1993 жылғы Конституциясының 85-бабына сәйкес, Президент алдында жауапты, ал 88-бапқа сәйкес Министрлер бөлімінің өкілдері, яғни заңдардың атқарылуына байланысты Жоғарғы Кеңес алдында жауапты. Үкіметтің заң шығарушы органдары алдында жауапты екені айқындалған. \1\. Соған сәйкес, В. А. Кимнің ойынша, «конституциялың шешімдерге байланысты жаңа бастамалар және атқару билігінің қатаңдығы қажет етілді. Соған байланысты, біріншіден, атқару билігіне жататын жергілікті уәкілді органдардың құзіретінің айқындалуы қажет етілді, себебі Конституцияның нормаларында олар жайлы ешқандай нормалар көзделмеді. »\27, 198б\

Бүгігі таңда Үкіметтің конституциялық-құқықтық дәрежесі екі нормативтік құқықтық актілермен айқындалып келген: 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңымен. «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңы ҚР-ғы Үкіметтің құзіреттілігін айқындайды. Соған сәйкес, ол атқару органдарына басшылық жасайтын және олардың қызметтерінің жүргізушісі болып табылады.

ҚР Үкіметінің құрылуы Парламенттің қатысуынсыз жүзеге асады. ҚР Конституциясының 53-бабының 5-тармағына сәйкес, Парламенттің қатысуы палаталардың жалпы көпшілік дауыс беруі нәтижесіндегі Премьер-Министрді тағайындалуында. \1\. Сонда, яғни парламент палаталарының отырысындағы жалпы көпшілік дауыс беруі нәтижесі «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңының 22-бабының 5-тармағына сәйкес, 1995 жылы 16 қазанда № 2529 қабылданған, болуы мүмкін:

  1. кандидаттыққа ұсынушыға және кандидатқа сұрақтар қойылуы мүмкін;
  2. кандидаттыққа ұсынылған адамдарға қатысты депутаттардың қарсылығы немесе келісімі туралы ой-пікірлер.

Аталған баптың 3-тармағына сәйкес, Президенттің Премьер-Министрге ұсынған кандидатурасын Сенаттың жалпы отырысында қаралуға жататындығы мен Мәжілістің отырыстарында қаралуға жататындығы осы органдардың отырыстарында талқылануға жатады. Отырыста қаралуы туралы мәселені Сенат Бөлімі немесе Мәжіліс анықтайды. Қарастырылып отырған кандидатураны растауға немесе келіспеу жөніндегі шешімді Сенат пен Мәжілістің отырысында айқындалып, шешімі сонда жарияланады. Шешім Парламенттің қаулысымен бекітіледі. \5\.

Үкіметтің лауазымды адамдарын Президент Премьер-Министдің ұсынысымен тағайындайды. Сонымен қатар, Парламент Үкіметтің құрамына кірмейтін Премьер-Министрді және орталық атқарушы органдардың басшыларын тағайындағанда келісімін береді. Үкіметтің құрылуының бұл түрі, аталғандай, Парламенттен тыс жүзеге асырылады. А. А. Мишиннің ойынша, « Үкіметтің құрамына, коллегиялық орган ретінде, орталық атқарушы органдардың басшылары кіреді. Олар органдардың ортақ ұлттық заңи түрде үкіметтік құрылуына жатады», яғни коллегиялық орган ретінде Үкіметтің қызметі қысқарғандығы байқалады. Оның ойынша, «англосаксондық мемлекеттерде үкіметінің құрамының аз болуы олардың жақсы жұмыс істеуіне әкеп соққан»\44, С. 80\. Біздің Республикамызда Үкіметтің қалыпты құрылуына байланысты континентальдықты атап өткен қажет. Үкімет құрамының көптігі, тәжірибелерге сәйкес, жақсы нәтижелер бермейді. Құрамы континентальды болса да, оның жұмысы өз қалпында қала бермек деген ойда.

Жоғарыда аталғандай, Парламент Республика Премьер-Министрін тағайындауына қатысады және Парламент Үкіметтің құрамына кірмейтін Премьер-Министрді және орталық атқарушы органдардың басшыларын тағайындағанда келісімін береді. Соған сәйкес, дауыс беру арқылы мәселені шешіп, таңайындаған лауазымды адамды қызметінен босата да алады.

Демократиялық мемлекетті құру жолында, мемлекет Үкіметтің құрылуына аса көп көңіл бөлуі тиіс және соған байланысты атқару билігі жүзеге асырғанда конституциялық механизмдерді бір-бірімен байланыстырып қолдану керек. Дүниежүзілік тәжірибелерге сәйкес, Парламент пен Үкіметтің арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін партиялық үкімет немесе үкімет белгіленуі тиіс. Үкіметтің құрылуының бұл түріне конституциялық монархия мемлекеттері мен парламенттік республикалар жатқызылады. Сонымен қатар, президенттік республикалар да қолданылуы мүмкін. Бірақ, мұндай Үкіметтің құрылуына байланысты әдіс біздің мемлекетімізде қолданылуы мүмкін емес, себебі:

Біріншіден, республика президенті өз өкілеттілігін жүзеге асыру барысында партия құрамында қала береді;

Екіншіден, республикамызда партиясыз үкімет орнатылған;

Үшіншіден, ҚР Парламенті Мәжілісінің жетпіс жеті депутаттарының тек оны ғана партиялық тізім бойынша тағайындалады.

Сонымен қатар, ҚР Конституциясына сәйкес, Республика президенттік басқаруға жатады. В. Е. Чиркиннің ойынша, республикадағы болып жатқан әрекеттерге байланысты парламенттік басқаруға бетін алуда. Яғни, президенттік басқарудың белгілері мүлдем жоқ. Ақш-тағы басқару сияқты республикамызда қатаң басқару жүзеге аспайды. \5, 141б\. Демек, қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Қазақстан - президенттік басқаруға жататын мемлекет. Соған сәйкес, дамуымыздың осы деңгейіндегі президенттік басқару мен үкіметтің құрылу жолының дұрыстығы да айқындалуда.

ҚР Үкіметінің Регламентінің 12-тармағына сәйкес \15, 62, \, Үкімет отырысында, министрлерден басқа, агенттіктердің төрағалары, акционерлік қоғамдарың басшылары (ұлттық кәсіпорындар) Премьер-Министрдің бекіткен тізілімі бойынша қатыстырылады. Яғни, мұнда жоғарыда аталып өткендей, континентальды жүйенің қолданылуы байқалады. Кейбір кәсіпорындар мемлекеттік болмағандығынан, олардың тікелей қатыстырылуы көзделген. Ал республика Үкіметінің құрамы туралы мәліметтер «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңының 3-бабының 4-тармағында айқындалған. \5\ Үкімет құрамына Үкімет мүшелері кіреді: республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасары, министрлер және өзге де уәкілетті органдар. Схемасы төменде көрсетілген:

Премьер-Министрдің орынбасарлары мен министрлерді, Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша, Республика Президенті Жарғысы негізінде тағайындайды.

Үкіметтің құрылуының тәртібі мен жүйесі бірнеше нормативтік актілермен айқындалады. Үкіметтің құқықтық дәрежесі мен құрылу тәртібінің тізімі 1995 жылы 18 желтоқсанда қабылданған «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңымен айқындалады. \5\

Үкіметке арналған Конституциялық заң Конституцияның нормаларын кеңінен ашып көрсетеді. ҚР Конституциясы мен «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, ҚР Үкіметі келесі тәртіпте құралады: Президенттің Премьер-Министрлікке ұсынған кандидатураны Парламент өзінің Қаулысымен бекітеді. Премьер-Министр Президенттің Жарлығымен тағайындалып, ол туралы республикалық баспасөз беттерінде жарияланады. Жаңадан тағайындалған Премьер-Министр он тәулік ішінде ҚР Президентіне Үкіметтің құрамы мен жүйесі туралы ұсынысын қарауға беруі тиіс. Үкіметтің құрылған жүйесі министрліктер мен өзге уәкілетті органдардың құруына әкеп соғады. ҚР Үкіметінің жүйесі Президенттің «ҚР Үкіметінің жүйесі туралы» 1999 жылы 22 қаңтарда №6 Жарғысымен қабылданған нормасымен бекітілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушы биліктің құрылымы
Мемлекет функцияларының түрлері
Мемлекеттік - әкімшілік басқару теориясы мен тарихы
Атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Мемлекеттiң басқару нысандары
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Қазақстан Республикасы үкіметінің билікті бөлу принципімен сәйкес конституциялық-құқықтық уәкілеттігі
Конституциялық құқықтағы билік бөліну қағидасы
Мемлекеттің түсінігі, мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz