Нарық жағдайындағы кәсіпорындағы жоспарлаудың рөлі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
бет.
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
бет.: 2
МАЗМҰНЫ: 1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ РӨЛІ
бет.:
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Кәсіпорындағы жоспарлаудың принциптері мен әдістері, түрлері
бет.: 5
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Жоспарлауды жүргізу жағдайлары мен факторлары
бет.: 12
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Кәсіпорын жоспарын құрудағы әдістемелік көзқарас
бет.: 16
МАЗМҰНЫ: 2 «ААМЖЗ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЛАУЫН ТАЛДАУ
бет.:
МАЗМҰНЫ: 2. 1 ААМЖЗ-ң АҚ-ң техникалық-экономикалық көрсеткіштері
бет.: 21
МАЗМҰНЫ: 2. 3 ААМЖЗ-ң АҚ-ң өнімді шығару мен сату жоспарыны талдау
бет.: 30
МАЗМҰНЫ: 3 ӨНДІРІС ЖОСПАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
бет.:
МАЗМҰНЫ: 3. 1 «ААМЖЗ» АҚ-ның жоспарлау жүйесін жетілдіру
бет.: 44
МАЗМҰНЫ: 3. 2 «ААМЖЗ» АҚ-ның өткізу жоспарын қалыптастырудың тиімділігі
бет.: 48
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
бет.: 52
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
бет.: 56
МАЗМҰНЫ:
бет.:

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда жоспарлау жүйесі жартылай ұмытылған қызмет болды. Ал, жоспарлау - кез-келген кәсіпорынды басқарудың негізгі функциясы.

Шетел фирмалары мен ресейлік кәсіпорындардың көпжылдық тәжірибесі нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды бағаламау, оны пайдаланбау мен жүзеге асырмау келеңсіз экономикалық шығындарға, тіпті банкроттыққа дейін соқтыратындығын көрсетті. Басшылар кез-келген үлкен шайқастарды алдымен қағазға, яғни жоспарда жеңіп, тек содан кейін ғана нақты іс жүзінде орындалатынын жақсы біледі. Нарық жоспарды жоғарғы орынға немесе мүлдем жоққа шығармайды, тек оны бірінші өндірістік бөлімге қояды. Тіпті тұтас мемлекет көлемінде де жоспарлау қажеттілігі сақталған, оны нарықтық көрінбейтін қол реттеушісімен біртұтас алмастыруға болмайды. Мемлекет өзінің экономикалық даму стратегиясын, глобалды экономикалық мәселелерін шешуді, күрделі әлеуметтік және ғылыми-техникалық бағыттарын, мемлекеттік бюджетті бөлуді және де басқаларды жоспарлауы қажет. Табысты жұмыс жасайтын кәсіпорын тек стратегиялық жоспарлар ғана емес, сондай-ақ әрбір бөлімшеге қатысты оперативті жоспарлар құрастырады. Календарлық жоспар (айлық, декадалық, тоқсандық, жарты жылдық) кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін айқындап, тапсырыстар олардың материалды ресурстармен қамтылуы, өндірістік қуаттылықтың іске қосылу деңгейі және әрбір тапсырыс бойынша уақытында орындалуы туралы мәліметтерді қарастырады. Шаруашылық жағдайында кәсіпорындар жоспарлаудың басымдықтарын бәсекелестік күресте қолданады.

Сондықтан кәсіпкерлік қызметті басқаруға жан-жақты негізделген детальды жоспар жасауға өте жақсы дайындалу қажет. Жоспар - бизнес жүргізудің тактикасы мен стратегиясын, өндірісті ұйымдастыру мен технологиясын және өнімді өткізуді анықтайтын құжат. Мұндай жоспардың болуы кәсіпкерлікті белсенді дамытуға, инвестициялар, іскерлер мен несие ресурстарын тартуға, сондай-ақ төмендегілерге мүмкіндік береді:

✷ кәсіпорынның бәсекелік басымдықтарын максималды пайдалану, қате іс-шараларды болдырмау;

✷ өз қызметінде инновацияларды пайдалану;

✷ түрлі тәуекелдікке қатысты қорғау шараларын мерзімінде жүргізуге;

✷ кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің нәтижелерін объективті пайдалануға.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру жоспарын жүргізудің басшысы болып табылады. Ол кәсіпорынды басқару мен қызмет нәтижесін бөлу үшін мақсаттар мен ойларды тексеруде қолданылады. Өзгерістер болған жағдайда жоспар сәйкес көрсеткіштерге түзету жасау арқылы нақтылауға мүмкіндік береді. Және де кәсіпорын жоспары қаншалықта және қандай себептерге байланысты жоспарлағанын айтамыз. Техника-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, кәсіпорын қандай деңгейде және қаншалықты дұрыс жоспарланғанын есептеп көреміз.

Жоспар тек ірі және орта кәсіпорындарға ғана емес, кіші кәсіпорындарға да қажет. Кез-келген қызметті бастаудың тәуекелдігі жоғары. Сол себепті әрбір кәсіпкер нарық жағдайында жоспарлау негіздерін білуге міндетті. Нарық пен жоспар жалпы біртұтас деуге болады. Олар шектелмейді, керісінше бір-бірін толықтырып отырады. Жоспар - бұл бейне, болашақ моделі; жоспарлау - алдағы қызметке негізделген ақпаратты өңдеудің ақылдық үрдісі.

Қазақстанда түрлі басқару деңгейлері мен ұйымдық құқықтық және жеке меншік нысанындағы түрлі кәсіпорындарда кешенді жоспарлау жүйесін құру мен тиімді пайдалану ерекше орында тұр. Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың күрделі экономикалық жағдайына қарамастан бүгінгі күні олардың экономикалық белсенділігінің күшею тенденциясы байқалады, әсіресе азық-түлік инновациясы саласында. Бұл сәйкесінше қаржылық, кадр және материалды техникалық ресурстарды талап етеді. Сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорын қызметін жоспарлау саласында менеджерлерді арнайы дайындықтан өткізуді, квалификациясын көтеруді талап етеді.

Ғылыми негізделген жоспарлау түрлі түрлі инновацияларды - азық-түлік, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыруға және табыс табуға бағытталған басқа да инновацияларды кеңейту, жеделдету және тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдай жасайды. Бұл кәсіпорынның болашақ перспективада жоғары рентабельді өнеркәсіптік өндіріс, оның ішінде экспортқа негізделген өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Осы өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі ерекшелігінің бірі - бірінші орынға кең номенклатуралы кішісериялы өнім шығару болып табылады. Бұл нарықтың бәсекелесіздігіне және белгілі номенклатуралық өнім санының шектелуіне негізделген сұраныстың әртүрлілігіне байланысты тұтынушыны қарастыратын болсақ, ол нарықта жоғары сапалы әртүрлі топ адамдарының сұранысын қанағаттандыратын, түрлі функциялы өнімді алуға тырысады.

Бұл жағдайларда жаңа өлшемдерді жобалау мен құрастырудың тиімділігін арттыруға қойылатын талаптардың жоғарылауын қоса алғанда жоспарлау жүйесінің ролі артады. Тиімді жоспарлау жүйесі жоғары сапалы, ғылыми сиымды бұйымдарды жасау мен өндіріске енгізу мерзімін айтарлықтай қысқартуға жағдай жасайды. Балансталған фирмаішілік жоспар фирмаға айтарлықтай игіліктер жасайды: өндірістік қызметтің нақты бағдарламасын, тиімді кері байланыс, өндірісті жетілдірудің стратегиясын, жұмысшылардың жоғары еңбек моралін, кәсіпорын персоналының инновацияғы ұмтылуы, өндіріс шығындарын азайту.

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ РӨЛІ

1. 1 Кәсіпорындағы жоспарлаудың принциптері мен әдістері, түрлері

Жоспарлау - шаруашылық объектілердің қызметінің алыс және жақын перспективада сипаттайтын және негіздеу, дәйектеуді кірістіретін жоспарды құрастыру мен түзету. Кәсіпорында жоспарлау адам қызметтері мен нәтижеге жетуге бағытталған ресурспен қамтиды. Басшымен бекітілген жоспар онда аталған тұлғалар мен құрылымдық бірлітер үшін бұйрық күшін береді. Онда нақты және анық талаптар айтылады:

  • жоспарлы мерзімде, бектілген көрсеткіштер жүйесі сандық сипатталған кәсіпорын қызметінің мақсаты мен оның құрылымы;
  • мақсатқа жету құралдары ( қаржы, материалдық және еңбек ) ;
  • жоспар қызметінің барлық мерзімінде мақсаттар мен құрылымдық байланыс уақыты мен ережесі;
  • жұмыс түрі мен уақыт мөлшері бойынша жоспарды іске асырушылар;
  • Жоспар орындалуын бақылау әдістері, кезеңдері және құрылымдары;

Кәсіпорын қызметінің басқару және реттеу шаруашылық жүйесі жалпы айтқанда жоспарлау әдістерінде құралады. Бір кезең жоспарлары аяқталған соң. екінші кезең жоспарлары басталады. Өндірістік үрдістің барлық кезеңдерін жоспарлау көмегінсіз басқа әдіспен байланыстыру мүмкін емес. Жоспарлау барлық өндірістік операциялардың орындалу кезектілігі мен балансталу негіздінде шаруашылық басқару механизмінің орталық бөлімінде мақсатқа жетудің тәсілі болып табылады.

Нарықтық қатынаста өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық қызметін жоспарлау - өндіріс пен кәсіпкерлік, таурлар мен ресурстарды бөлу мен тұтыну үшін негізгі алғышарт болып табылады. Барлық өндірістік тауарлар мен ресурстарға бағаны тұтынушылар мен өндірушілердің өздері белгілейтін нарық жағдайында, әрбір кәсіпорын алдағы жоспарлы уақытта қандай тауар және қанша мөлшерде өндіру керектігін өзі шешеді.

Қазіргі кезде өндірісті жоспарлау түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың нарықтық қатынасының экономикалық негізі болып отыр. Жоспарлау процесінде өнімді өндіру мен тұтынуға, қызмет көрсетулер мен тауарларға төлемқабілетті сұраныстың үлкендігіне және кәсіпорындардың ұсынатын көлеміне қажетті тепе-теңдікпен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайда өндірушілер өз өнімімен барлық тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Олардың сұранысы кәсіпорын өндірісінің болашақ жоспары болып табылады.

Нарықтық экономикада барлық кәсіпорындарда жоспарлау жаңа функцияға ие болды. Жоспарлау тек тұтынушыларды жаңа тауарлармен қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ персоналдың толық жұмысбастылығын, тауар өндіру деңгейінің оптималды деңгейін, жұмысты орындауға негізделіп отыр. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық қызметін жоспарлау барысында қолда бар ресурстармен толық өндіріске жетуі қажет, бұл өз кезегінде персоналды, өндірістік қорды, материалды запастрады, жұмыс уақытын, технологиялық әдістерді, қаржыны, компютерлік-ақпараттық мүмкіндіктерді және басқа да факторларды рационалды пайдалануды көздейді. Фирмаішілік жоспарлаудың маңызы кәсіпорындарда жұмысты орындау мен қызмет көрсету және оларды өндіруде сәйкес көрсеткіштерді бекіту, өткізу нарығын маркетингтік зерттеу негізінде жоспарлауды жүзеге асырудың жақсы әдістерін таңдау шаруашылық қызметінің нысаны мен олардың даму мақсаттарын ғылыми негіздеу болып табылады.

Кәсіпорынның ішкішаруашылық қызметінің жоспары барлық өндірістік бөлімшелері мен функционалды бөлімдерінің жалпы даму бағдарламасын көрсететін экономикалық көрсеткіштер жүйесінен тұрады. Жоспар - бұл кәсіпорын мен оның барлық бөлімшелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгілі уақыт аралығында болжамдалған және дайындалған бағдарламасы.

Тәжірибе көрсеткендей жоспарлауды қолдану келесідей негізгі басымдықтарды береді:

  • болашақта жақсы жағдайға жету үшін дайындық мүмкіндігін береді;
  • болуы мүмкін мәселелерді анықтайды;
  • алдағы жұмысында менеджердің өздері шешім қабылдауға ынталандырады;
  • ұйымдағы қызмет көрсеткіштерін жақсартады;
  • менеджердің оқу дайындығын жоғарылату үшін алғышарт жасайды;
  • фирмаға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мүмкіндікті жоғарылатады;
  • ресурстардың ұтымдырақ бөлінуіне ықпал етеді;
  • ұйымдағы бақылауды жақсартады.

Жоспарды жасау мен жұмыс бағытын таңдауда жоспарлау принциптері мен ережелерін сақтаумен қатар жасалған жоспар мен мақсаттың болашақта жүзеге асуына жету керек.

Ең алғаш жоспарлаудың жалпы принциптерінің негізін А. Файоль қалаған. Кәсіпорынның жұмыс бағытын қалыптастыруда негізгі талап ретінде бес принцип айтылды: міндеттілік, бірлік, үздіксіздік, икемділік және дәлдік.

Жоспардың міндеттілік принципі еңбек қызметінің кез-келген түрін орындауда жоспарды міндетті түрде қолдануды білдіреді. Файольдің айтуы бойынша: іске кіріспес бұрын, біз не істейтіндігімізді және қандай мүмкіндігіміз барлығын білуіміз керек. Жоспарлаудың бұл принципін сақтау кез-келген кәсіпорындағы шектелген ресурстарды ұтымды пайдалануда қазіргі экономикалық талаптарға сай келгендіктен оның әсіресе еркін нарықтық қатынастар жағдайында маңызы зор.

Бірлік принципі кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы немесе жеке жоспарын жасауды қарастырады. Кәсіпорында тек бір ғана жоспар емес, сондай-ақ өнімді өндіру және өткізу жоспары, табыс пен шығыс және техникалық, ұйымдық, қаржылық даму жоспарлары бар. Дегенмен осындай жоспарлардың барлығы кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарында бірімен-бірі тығыз байланыста, кешенді түрде көрсетілуі керек. Жоспарлардың бірлігі экономикалық мақстаттардың жалпылығымен кәсіпорын бөлімшелерінің басқару және жоспарлаудың тік және көлденең жағдайында өзара қатынасын қамтиды.

Жоспардың үздіксіздік принципі кез-келген кәсіпорындарда өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару процестері, еңбек қызметі сияқты бір-бірімен байланысты болып және олар үнемі тоқтаусыз орындалып отыруын көрсетеді. Кәсіпорын шығаратын таур әрқашан жаңарып отырады, сондықтан жоспар да үздіксіз жаңарады. Стратегиялық жоспардан тактикалыққа, ал одан - оперативті жоспарға өтіп отыру осы принциптің негізі.

Икемділік принципі жоспардың үздіксіздігімен тығыз байланысты және кәсіпорынның жоспарлы-экономикалық қызметіне координациялау мен белгіленген көрсеткіштерді түзету мүмкіндігін меңзейді. Техника мен технологиядағы өндірісті ұйымдастыруға ұдайы өзгерістерден жоспарланған ресурстардың шығынын азайтуға тура келеді. Нарық жағдайында да сұраныстың ауытқуы, тарифтер мен бағалардың өзгеруі жоспар түрлеріне түзету жасауға мәжбүр етеді.

Дәлдік принципі ішкіфирмалық факторлармен қатар, оның сыртқы орта факторларымен де анықталады. Әрбір кәсіпорын өзінің нарықтағы орнын және де басқа да факторларын ескере отырып өз жоспарын жоғары дәлдікпен жасауы керек. Ол негізінен қолданатын жоспарлардың әдістері мен жүйелері арқылы анықталады.

Жоспарлардың бүгінгі ғылым мен тәжірибеснде классикалық принциптермен қатар жалпы экономикалық принциптері де қарастырылады. Олар: жүйелілік, мақсатқа бағыттылық, кешенділік, оптималдылық, тиімділік, ғылымилылық, басымдылық, баланстылық, директивтілік, өзбеттілік, нақтылық, объективтілік, динамикалық, тәуекл және т. б.

Осының ішінен тиімді нарықтық жоспарлауға байланысты бірнеше принциптерге тоқталып өтейік. Кешенділік принципі бойынша кәсіпорында түрлі факторлар жоспар көрсеткіштерінің кешенді жүйелілігін қалыптастырады. Яғни бір ғана факторлардың өзгеруі барлық кәсіпорын қызметіне әсер етеді.

Тиімділік принципі қолда бар шектеулі ресурстарды қолдана отырып жоғары экономикалық тиім алатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді жасауды талап етеді.

Оптимальдылық принципі жоспарланатын барлық кезеңдерде мүмкін немесе альтернативті варианттың ең дұрысын таңдауды болжайды. Жоспарлаудың жалпы принциптеріне қоса Р. Л. Акофф интерактивті жоспарлаудың екі принципін: қатыстылық және холизманы көрсетті.

Кәсіпорынның жоспар жасауда тек кейбір бөлімдері ғана емес, сонымен бірге барлық функционалдық бөлімшелерімен қатар сыртқы іскерлер мен тәуелсіз тұлғалар қатысуын қатыстылық принципі арқылы көрсетеді.

Холизма принципі екі бөлімнен тұрады координация және интеграция. Координация бойынша барлық жоспарлау бірге, яғни тек бір мезгілде ғана емес, сондай-ақ басқалармен жоспарлауды көрсетеді. Интеграция бір деңгейді жоспарлау үшін басқа деңгейлердің стратегиясындағы өзгерістерді шешу керектігін бейнелейді.

Жоғарыда көрсетілген принциптердің негізінде жоспарлаудың жалпы әдістері қалыптастырылған. Негізгі мақсаттарға, қолданылатын ақпаратқа, нормативті бағаға жоспарланған көрсеткіштердің соңғы нәтижесін алу жолына байланысты фирма жоспарының келесі әдістері бар: ғылыми, экспериментальды, нормативті, баланстық, жүйелі-аналитикалық, бағдарлама-мақсатты, экономика-матиматикалық, инженерлі-экономикалық, жобалы-вариантты және т. с. с. Осы әдістердің әрқайсысында аталуына қарай бірнеше басым белгілері болады. Мысалы: ғылыми әдіс - жоспарлау пәні бойынша терең білімді пайдалануға негізделеді, экспериментальды - тәжірибелі мәләметтерді талдау мен жалпылау, нормативті - нормативтерді пайдалану және т. б.

Жоспарлау процесінде аталған әдістердің бір де біреусі таза күйінде қолданылмайды. Тиімді фирмаішілік жоспарлаудың негізінде жүйелі ғылымилық қажет. Жүйелі талдау келесі сұрақтарға жауап іздейді:

  • Қызмет жүйесін қалай көрсетеміз?
  • Кәсіпорын қандай жағдайда және қандай салада қызмет етеді?
  • Фирма қалай құрылған және ол қандай қызмет жасайды?
  • Фирма тәжірибесі мен саясаты;
  • Фирманы басқару стилі;
  • Фирманың болашақ қызметі мен перспективалары және т. б.

Жоспарлаудың негізгі әдістеріне қысқаша қарастырып өтейік.

Жоспардың баланыстық әдісі материалды-заттық және жылдық пропорцияларды көрсеткіш ретінде бекітуді сипаттайды. Бұл әдіс бойынша өзара теңестірілген есеп жасалады, бір бөлігінде ресурстар, екіншісінде - оны пайдалану бағыттары көрсетіледі. Жоспарда келесідей баланстар қолданылады: а) натуралды (материалды), б) құндық, в) еңбек, г) салааралық және т. б.

Жоспарлаудың тәжірибелі-статистикалық әдісінде өткен уақытта қол жеткізген нақты нәтижелерге қарай отырып ағымдағы көрсеткіштер жоспарын жасау сипатталады. Бұл жоспарлаудың қарапайым әдісі, бірақ оның кемшіліктері де бар: осылай есептелген жоспар көрсеткіштерінің өткен мерзімдегі кемшіліктерге қайта әкелу мүмкіндігі басым.

Жоспарлаудың нормативті әдісінде нормативтер мен нормалар қолданылады. Экономикада «норматив» және «норма» ұғымдары ажыратылады. Норматив - мемлекет немесе саланың арнайы ғылыми мекемелері арқылы белгілі тәртіппен құрылған, ғылыми негізделген шығын мөлшері. Норма - фирма құрастырған шығын мөлшері. Жоспарлауда келесідей нормалар мен нормативтер жиі қолданылады: шикізат, материал, отын, электроэнергия, еңбек, капитал салымдар, бір өнімге шаққандағы қаржы шығындары, амортизация, транспорттық тарифтер, несие пайыздық ставкалары және т. б.

Жоспардың экономика-математикалық әдісінің тобы жоспар шешімдерін оптималды сипаттайды. Бұл әдістер болжамдауда қолданылады. Жоспарда аталған әдістер жұмысшылардың мақсатқа жету нәтижесінің тиімін қарастырады, атап айтқанда: а) қосымша өзгеріс беретін жұмысшылардың жекелеген еңбек операцияларын есептеу; б) жұмыстың өткен уақыттағы нәтижелер экстрополяциясы және т. б.

Жоспарлы-экономикалық әдебиеттер мен шаруашылық тәжірибеде жоспарлаудың негізгі екі түрін көрсетеді: технико-экономикалық және оперативті-өндірітік.

Оперативті-өндірістік жоспарлау кәсіпорынның технико-экономикалық жоспарының одан әрі даму мен аяқталуын көрсетеді. Жоспарлаудың бұл деңгейінде цехтар, участоктар мен жұмыс орындарына ағындық өндірістік тапсырмалар бекітіледі. Өндірістік процесті түзету мақсатында түрлі ұйымдастыру-басқарушылық әсер ету орындалады және т. б.

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және корпоративті жоспарлаудың барлық түрлері келесідей жіктеушілік белгілері бойынша жүйеленуі мүмкін: басқару деңгейі, негізделу әдісі, қызмет ету уақыты, қолдану сферасы, жасалу кезеңі, дәлдік дәрежесі және т. б.

1. Жоспар мазмұнына байланысты техникоэкономикалық және оперативті-шаруашылық жоспарлардан басқа, ұйымдастырушылық технологиялық, әлеуметтік-еңбектік, қаржы-инвестициялық, бизнес жоспарлау сияқты түрлері де бар.

  1. Басқару деңгейіне байланысты фирмаішілік жоспарлар келесідей бөлінеді: фирмалық, корпоративті, зауыттық және басқа да шаруашылық ұйымға және оның бөлімшелеріне қатысты жоспарлар.
  2. Негізделу әдістеріне байланысты: нарықтық, индикативті, әкімшілік болып бөлінеді.
  3. Қызмет ету уақытына байланысты қысқамерзімді немесе ағындық (1 жыл, ай, апта) ; ортамерзімді немесе жылдық (1 жыл мен 3 жыл аралығында) ; ұзақмерзімді немесе перспективті (3-10жыл) ;
  4. Қолданылу орнына байланысты фирмааралық, цехаралық, цехішілік, бригадалық және жеке болып бөлінеді.
  5. Жасалу кезеңіне байланысты алдыңғы және соңғы жоспарлар болады.
  6. Дәлдік дәрежесіне қарай күрделенген және дәлденген жоспарлар болады.
  7. Мақсат типтеріне байланысты оперативті, тактикалық және стратегиялық жоспарлар болып жіктеледі.

Аталғандардың ішінен кейбір жоспар түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік:

Стратегиялық жоспарлау ұзақмерзімді перспективаға арналады және шаруашылық субъектілердің дамуының негізгі бағытын анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты сыртқы және ішкі ортаның динамикалық даму жағдайында кәсіпорынның өзгерістерге төтеп бере алуы болып табылады. Бұл жоспарлау арқылы бизнесті қалай кеңейту керек, бизнестің жаңа саласын жасау, тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру процесін ынталандыру, нарықтық сұранысты қанағаттандырғанда қандай күш қолдану керек, қандай тауар шығару және қандай кәсіпкерлермен іс жүргізу қажет деген сияқты мәселелердің шешімін табады.

Тактикалық жоспарлау. Егер стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның жаңа мүмкіндігін іздеуді қарастырса, тактикалық жоспарлау осы жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асырудың алғышарттарын жасау процесі болса, оперативті жоспарлау - оны жүзеге асырады. Тактикалық жоспарлау арқылы өнім көлемін ұлғайту, шығындарды азайту, сапа деңгейін арттыру, еңбек өнімділігін кеңейту, капиталды шығындармен қамтамасыздандыру сияқты мәселелердің шешімін қарастырады.

Оперативті жоспарлау кәсіпорвнның шаруашылық қызметін жоспарлаудың соңғы кезеңі болып табылады. Бұл жоспарлаудың көлемімен шаруашылық операциялардың өту уақыты, оперативті дайындық жүргізу, жүйелі есеп жүргізу, бақылау, талдау, реттеу жүргізу жасалады.

1. 2 Жоспарлауды жүргізу жағдайлары мен факторлары

Жаңа кәсіпорын құру немесе істеп тұрған кәсіпорынды жаңарту (жұмыс саласын өзгерту, өткізудің жаңа нарығына шығу, дағдарыстық немесе банкроттық жағдайдан шығу) бойынша кәсіпкерлік жобаның жоспары белгілі жағдайлар жүйесінде фирманың орнын анықтайды, оның даму стратегиясы мен мақсатын жасаудан басталады.

Жоспарлауды құрастырудың кезекті көрінісі сызбада көрсетілген:

1-сурет - Жоспар жасаудың кезектілігі

Бағдарламаны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің дамуын құрастырмас бұрын, фирманың қажетті нарық жағдайында қызмет ететінін ескеру керек. Сондықтан кәсіпкерге фирма қызметіне әсер ететін көптеген факторларды бағалауы қажет.

Кәсіпорынның жобалық тиімділігі кәсіпорын дереу өзгертуге әсер ете алмайтын сыртқы факторларды объективті бағалауына тәуелді. Олар: елдегі бизнес дамуының жалпы саяси және экономикалық жағдайлары, заңдар, тұрғындардың табыс деңгейі, тұрғындардың қалыптасқан дәстүрі, мәдениеті, олардың демографиялық құрылымы және басқа да бірқатар параметрлер. Кәсіпкер үшін бәсекелікорта туралы ақпарат пен осы немесе алмастырушы тауарларға деген сұраныс деңгейі маңызды болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын қызметін жоспарлау - бұл кәсіпорын өнімі мен көрсететін қызметінің негізгі түрін еркін таңдайтын, оның перспективті дамуының экономикалық және әлеуметтік мақсатының жақсы техникалық құрылуымен ұйымдасқан түрде шешім қабылдаудағы ғылыми негізделгенжүйе, үздіксіз шығармашылық процес.

Жоспарлаудың белгілі формасын таңдау белгілі факторларға тәуелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары
Кәсіпорынның басқару және жоспарлау процесін ұйымдастыру негіздері жайлы
Қаржылық жоспарлау және болжау
Қаржы менеджмент
Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның қызметін жоспарлау
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Маркетингті бақылау және жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz