Атлантида ол қандай болған?



Сократ, тыңда мені. Бұл таңғажайып ертегі емес, түпкі жағында негіз бар әңгіме. Ол жөнінде жеті дананың данасы атанған Солон баян етіпті. Ол біздің арғы атамыз Дропидтің жақын туысы, онымен аз уақыт болса да бірге болған, достасқан адам. Ол достығы жөнінде өзінің жазған өлеңдерінде де жиі-жиі еске салып отырады. Сол Дропид бұл тарихты атамыз Критийге айтыпты, ал Критий шал оны бізге ауызша жеткізген.

…Мен саған өзім анау-мынау жас адамнан емес, сол кезде, оның өзінің сөзімен айтқанда, жасы тоқсанға таяған Критий ақсақалдан естігенімді айтып отырмын. Ол кезде мен небәрі он жастамын. Сонда бізде апатурилердің куреот дейтін мүшәйрасы өтіп жатқан. Бізге балаларға ондай мерекеге қатысу үлкен бақыт болатын, оған қоса оның үшінші күнінде әкелеріміз бізге рапсодий оқығанымыз үшін марапаттау тағайындады. Мүшәйраға көптеген ақындар қатысып, өздерінің жақсы деген өлеңдерін дауыстап оқыды. Сол кезде әуелдегіден бөлек бір жаңалық болсын деді ме, балалардың ішінен біреуі суырылып шығып Солонның өлеңдерін жатқа айтты. Ал достарымыздың ішінен дараланып шыққан біреуі Критийге жағымпазданғысы келгендей, Солонның ұлы дана ғана емес, ақындардың ақыны екенін, оны өзіне пір тұтатынын айтып салды. Оны естіген Критий шал рахаттана кеңкілдей күліп алып:

– Аминандр балам, егер де ол поэзиямен жаңбыр-жаңбырдың асты дерлік бос уақыт арасында айналыспай, өзге ақындар сияқты өлеңмен біржолата шұғылданып, өзі Египеттен алып келген деректерді өңдемей, сол сапардан қайтып келгеннен кейін неше түрлі жала мен пәлеге душар болып, соның кесірінен поэзиясын біржолата тастауға мәжбүр болғанда менің ойымша, Гесиод та, Гомер де, ол екеуінен өзге ешбір ақын да одан даңқты бола алмаған болар еді! – деді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Атлантида Ол қандай болған?

Сократ, тыңда мені. Бұл таңғажайып ертегі емес, түпкі жағында негіз
бар әңгіме. Ол жөнінде жеті дананың данасы атанған Солон баян етіпті. Ол
біздің арғы атамыз Дропидтің жақын туысы, онымен аз уақыт болса да бірге
болған, достасқан адам. Ол достығы жөнінде өзінің жазған өлеңдерінде де жиі-
жиі еске салып отырады. Сол Дропид бұл тарихты атамыз Критийге айтыпты, ал
Критий шал оны бізге ауызша жеткізген.

...Мен саған өзім анау-мынау жас адамнан емес, сол кезде, оның өзінің
сөзімен айтқанда, жасы тоқсанға таяған Критий ақсақалдан естігенімді айтып
отырмын. Ол кезде мен небәрі он жастамын. Сонда бізде апатурилердің куреот
дейтін мүшәйрасы өтіп жатқан. Бізге балаларға ондай мерекеге қатысу үлкен
бақыт болатын, оған қоса оның үшінші күнінде әкелеріміз бізге рапсодий
оқығанымыз үшін марапаттау тағайындады. Мүшәйраға көптеген ақындар қатысып,
өздерінің жақсы деген өлеңдерін дауыстап оқыды. Сол кезде әуелдегіден бөлек
бір жаңалық болсын деді ме, балалардың ішінен біреуі суырылып шығып
Солонның өлеңдерін жатқа айтты. Ал достарымыздың ішінен дараланып шыққан
біреуі Критийге жағымпазданғысы келгендей, Солонның ұлы дана ғана емес,
ақындардың ақыны екенін, оны өзіне пір тұтатынын айтып салды. Оны естіген
Критий шал рахаттана кеңкілдей күліп алып:

– Аминандр балам, егер де ол поэзиямен жаңбыр-жаңбырдың асты дерлік
бос уақыт арасында айналыспай, өзге ақындар сияқты өлеңмен біржолата
шұғылданып, өзі Египеттен алып келген деректерді өңдемей, сол сапардан
қайтып келгеннен кейін неше түрлі жала мен пәлеге душар болып, соның
кесірінен поэзиясын біржолата тастауға мәжбүр болғанда менің ойымша, Гесиод
та, Гомер де, ол екеуінен өзге ешбір ақын да одан даңқты бола алмаған болар
еді! – деді.

– Сонда, Солонның Египеттен алып келгені не дерек? – деп сұрады
Аминандр Критийден.

– Ол аңызға айналған дерек, – деп жауап қатты шал Критий, – оның шығу
тарихы былай. Египетте, Ніл өзенінің екіге жарылған тұсында Саис делінетін
аймақ бар. Ол аймақтың басты қаласы да – Саис. Амазис патшаның өзі де сонда
туып-өскен екен. Ол қаланың тұрғындары египеттіктерше Нэйт, эллиндіктерше
Афина есімді құдайға табынады. Сол себепті де олар бір-бірін
афиналықтармыз, туыспыз деп іш тартады. Солон саяхаттап жүріп, сол халықтың
арасында болған. Онда ол өзі айтатындай, тұрғындардың үлкен құрметіне
бөленеді. Бірақ ол оған дандайсымастан ел аралап, өткен тарих жөнінде
әлденені естуге, білуге тырысады. Алғашында ол әрекетінен ештеңе шықпайды.
Тұрғындар өздігінен ештеңені айта қоймайды. Содан Солон оларды әңгімеге
тарту үшін өзі туып-өскен қаланың тарихын қысқаша айтып береді. Сол кезде
оны мұқият тыңдап болған бір кәрі абыз Солонға әжімді бетіндегі жанары
сөнуге жақындаған сығырайған көздерін қадап отырып:

– Әй, шырағым, Солон-ай, Солон-ай! Сендер, эллиндіктер қашан да бала
күйлеріңде жүресіңдер. Бұл эллиндіктерде сананы өсіру, білімін толықтыру
деген бола ма өзі? – дейді жай ғана күрсініп.

– Бұл не дегеніңіз, қария? Мұнымен не айтқыңыз келіп отыр? – деп Солон
елең ете қалады.

– Сендердің саналарың шын мәнінде жас екен, – дейді әлгі кәрі абыз
төмен қарап, – көп нәрсені білмейді екенсіңдер. Айтатындарың сол баяғы
әбден таптаурын болған бір аңыз. Мен саған тоғыз мың жылдан бері ауыздан
ауызға тарап келе жатқан Атлантида жайлы айтып берейін. Сіздердің
қалаңыздың ерлік-даңқы сонымен байланысты... Мына жарық дүние әлемін жаратқан
бір құдай деп санайтынымыз хақ қой. Адам ойынан шыққан құдайлардың есімдері
мен олардың неге ие екені грек аңыздарынан жақсы белгілі. Атлантида
аралының тарихы да құдайлардың Жер шарындағы жерлерді өз дәрежелеріне қарай
еншілегенінен туындайды. Сонда теңіз құдайы санатына қосылатын Посейдонға
сол Атлантида аралы тиіпті. Ол өзінің сүйікті әйелінен туған ұрпақтарын
әлгі аралға қоныстандырады. Теңізден аралдың орта тұсына дейін жер бетінде
жоқ құнарлы топырақты тамаша кең жазық алыстан көз тартып тұрады екен дейді
ол жайлы естігендер. Сол жазықтан елу стадий (ертедегі жер өлшемі – ред.)
қашықтықта, аралдың дәл ортасында акрополь-төбе болған. Төбе үстіндегі үйде
адам баласының сондағы алғашқы өкілі Эфинор деген кісі өзінің Левкиппея
есімді әйелімен бірге өмір сүріпті. Олардың Клито атты әдемі де ақылды қызы
болады. Ол қыз бой жетіп, тұрмысқа шығар мезгілі жеткен кезде әкесі де,
анасы да дүние­ден өтеді.

Қаңыраған бос үйде жалғыз қалған қыз біраз қиындық кешеді. Оны
түсінген Посейдон қыздың келісімін алып үйленеді де ол тұрған төбедегі үйді
айнала қорған қабырғамен қоршайды. Қоршаудың сыртқы жағынан
арақашықтықтарын бірдей етіп екі құрлық, үш су шеңберін жасайды. Сөйтіп,
арал сонау алыстан, көз ұшынан қараған адамға жазыққа ойып салған бір
өрнектей болып тартымды көрінеді. Енді оған адам баласының ізі ешқашан да
түспек емес.

Өзі құдай, қолынан бәрі келетін болған соң аралда қандай өзгеріс
жасаймын десе де еркі. Посейдон енді төбені биіктетіп, оның бір бүйірінен
екі бұлақ суын ағызып қояды. Оның бірінің суы салқын да, екіншісінікі жылы.
Сол суларды пайдалана отырып құнарлы қара топырақтан не қажеттің бәрін
өсіріп ала береді. Сөйтіп, екінші әйелі Клитомен бірге тіршілік кешіп,
бұрынғы дүниеден өткен әйелінен қалған бес егіз ұлды аяғынан тұрғызады.
Содан соң Посейдон аралды он аймаққа бөледі. Бірінші егіздің үлкеніне
марқұм анасы тұрған үймен қоса орталық аралды – акропольді береді. Ол
өзінен кейінгі інілеріне аға, ақылшы және бүкіл аралдың патшасы болады.
Қалғандары өздеріне тиген аймақтардағы адамдар қауымын басқарады, оларға
биліктерін жүргізеді. Посейдон ең үлкен ұлына Атлант есімін берген болатын.
Ол өз кезінде ел басқарған билік жүргізген, ерекше ерлік көрсеткен ұлы
Атластың есімін жаңғырықтырудан туындаған ат еді.

Посейдонның осы ұлдары мен олардан тараған ұрпақтардың жеткен
жетістіктеріне сай аралда елеулі жаңалықтар орын алып отырды. Акропольдің
ішіндегі бөтен адам ізі түспеген алаңға о баста тұрғызылған Посейдон мен
Клитоның шіркеулері алтындалған қорған қабырғамен қоршалды. Посейдон
шіркеуінің ұзына бойы бір стадий, ені үш плетр, ал биіктігі оған
пропорционал еді. Оның бұрыш-бұрыштары алтынмен апталып, қабырғалары
күміспен күптелді. Ішкі залдарының төбелері алтын, күміс және орихалға
жалатылған піл сүйектерімен қапталды. Үйдің қабырғалары, жуан тіреулері мен
едендері таза орихалдың өзімен сәнделді. Даладай кең орталық бөлмеде, қақ
ортада өздері табынатын құдайдың алты бірдей қанатты аттар жегілген күйме
үстінде ат тізгіндерін өзіне тарта мықтап ұстап түрегеп тұрған алтын мүсіні
орнатылған. Мүсіннің үлкендігі мен биіктігі сондай, құдай бейнесінің төбесі
үстіңгі қабырғаға тиер-тимес боп тұр.

Шіркеудің ауласындағы бақ ішін патшалардың алтын мүсіндері әрлей
түсті. Олардың жан-жағынан орын алған әйелдердің, он патшалықтан тараған
ұрпақтардың, қала мен сырт елдерден келген кейбір атақты кісілердің
мүсіндері де бақ ішін мәңгілік тіршілікке бөлегендей еді. Осы ауладағы
құрбан шалатын орын да шіркеудің қасиетін арттыра түсетін. Ал осы құдай үйі
сол тұстағы ұлы державаның басты діңгегіне тән көрініс беретін.

Төбенің бір бүйірінен, жер астынан мөлдіреп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Массондық құпия қозғалыс
Әлеуметтік психологиялық құбылыстар - этнопсихология
Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуы
Масондық
Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі
Дәстүрден тыс діни ағымдар
Ф. Бэконның эмперизмі
Шолпан планетасы
Зайырлы мемлекет
Қайта өркендеу дәуірінің медицинасы
Пәндер