ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті



Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух XVIII ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте XIX ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.
Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп - ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлык, өсек, талас - тартыс, алауыздық, арызкойлық - қазақ қоғамының осы кезендегі жемісі болды.
Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.
Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік козқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді аңсады, болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.
Қоғамда болып жаткан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов «Зар - заман» жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды «Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.
Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң - зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мумкейұлы, Әбу Бәкір Кердері, Аубап Асан , т.б. Мұхтар Әуезоз Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). Зар - заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күнзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған ұлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халыктың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың - бітімімен ажырамауға үндейді.
Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мұрат сияқты «зар - заман» ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар XIX ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар, шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулактату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар -заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының (1843 - 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар - заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы, қазақы кадір - қасиеті сақап қалуға үндеген , ой - пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдыктың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айкын аңғарылады. Зар -заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы - мұңға берілу сарыны да байкалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлык түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар - заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай Қанайулы (1818 - 1881 ) « зар - заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін, көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел - жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халкының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жаткан өзгерістерге сын көзбен қарады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух XVIII ғасырда жоңғарлар мен
қарсы күресте XIX ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта
көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман
кезеңі басталды.

Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін
келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп - ғұрып пен қазақы мінезінен де
айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ
болмысына тән еместі. Ұрлык, өсек, талас - тартыс, алауыздық, арызкойлық -
қазақ қоғамының осы кезендегі жемісі болды.

Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда
болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.
Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік козқарастардың
енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді аңсады, болашақ туралы өз
болжамдары мен пікірлерін білдірді.
Қоғамда болып жаткан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған
және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов Зар - заман жыршылары деп
атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих
ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған
халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды Зар -заман
мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы
енгізілген еді.
Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ
халқының тағдырын мұң - зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі
өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мумкейұлы, Әбу Бәкір
Кердері, Аубап Асан , т.б. Мұхтар Әуезоз Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі
жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). Зар - заман тұсынан
қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ
қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару
жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты
күнзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай
күйін ойлаған ұлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары
халыктың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың -
бітімімен ажырамауға үндейді.
Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан
еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мұрат
сияқты зар - заман ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар
XIX ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды.
Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып ,
бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын
ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар, шер
әбден күнәға батқан замандастарының құлағына жете қоймайды. Қазақ
халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулактату сияқты империялық
пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар -заман ақындарының
қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп
өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының (1843 - 1906 ) жырларынан айқын
байқалады ( 3,38 ). Зар - заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық
болмысы, қазақы кадір - қасиеті сақап қалуға үндеген , ой - пікірлер
жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді.
Мұндай өлеңдермен болжамдыктың бұғауына бас игісі келмеген ұлт
қайраткерлерінің өршіл үні айкын аңғарылады. Зар -заман ақындарының
шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы - мұңға берілу сарыны да
байкалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды,
тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлык түсінен Нәубетті
ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар - заман мектебінің аса ірі өкілдерінің
бірі - Шортанбай Қанайулы (1818 - 1881 ) зар - заман атауы да ақынның
сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор
ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір
сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс
тіршілігіне кері әсер еткенін, көптеген қайшылықтарды алып келгенін,
заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел - жұртта береке қалмағанын
шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халкының дәстүрлі
шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды
қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жаткан өзгерістерге сын көзбен
қарады.
Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан
тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.
Заманның бұзалғанына назары болған акын әуелгі заманның
енді қайта келмейтіндігіне құдасы жоқ құлдың, қонысы жоқ байдың
озатынына, байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай өздері де
жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. заман оңайлар еді, бірақ оған
әуелден бас білдірдің деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады
(4,29). .
Елде ұрлық пен парақорлықтың, өсек пен жалақорлыктың көбейін,
ұлы атасын сыйламаған, атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты
заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау
саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды бүкіл адамзат ұрпағының
жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша, ақырзаман бұрынғы әдет - ғұрыптың
бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын
күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы, орысқа бодан болуы.
Хандық билікті аңсаған ақын Жандарал ұлығың, майыр сынғаның болды ,
кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің , енді сені
күтіп абақты тұр қасында, қазылған қара көріндей (5,60) деп
сақтандырады.
Шортанбай басқа халықтың зандары мен тұрмыс ерекшеліктерінің
екінші халыққа күшпен еңгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін
түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптаскан биліктің, әдеп - ғұрыптың кенеттен
өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс
ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдык саясатын батыл айыптады, бұл
жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.
Зар - заман ақындарының өлең — жырларында елмен қоштасу ,
туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы алға көшу, қонысты
бастау ұғымы көптеген халықгардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға
түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке,
бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына
қарап тұрып , өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі
ата қоныстың бүліншілікке түсіп , өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған
мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен
елге қайырылып сөз айтып тұрып , басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл
әрекеттерді зорлана жырға қосады. Зар — заман ақындарының көпшілігіне тән
ерекшелік - келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уакыттағы ел сипатының
өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам
өлеңдер Зар - заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде,
яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды бүгінгі
көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә
боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең - жырдың бар қуатын пайдаланып, ата -
баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей
болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).
Зар - заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі
отаршылдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар
қабілеті ел жұртының самасын оятуға жұмсалды. Олар катерді, зорлык —
зомбылықты, алдын -ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай
айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі
бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір
жандайшаптарын айаусыз сыңға алды , кей тұста ел бірлігінің келместігің де
түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа
аманат етіп қалдырды. Зар-заманның бүкпесіз баяндалган оқиғаларын кейінгі
ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі
- Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан
өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың
қай қайсысында ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты.
Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар - заман ақындардың шығармаларын
насихатттауға тиым салынды, олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған
қарамастан зар -заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу
нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тарихын оқып - үйренуге арналған ғылыми
жинақтарда олардың кейбір өлең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды.
Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан, Поэты Казахстана жинағында
- (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар - заман ақындарын отаршылдыққа
қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.
XX ғасырдың соңынан бастап Зар - заманның тарихи сипаты, Зар
- заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі
ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар
— заман шығармаларының - жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс
ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.
Консерватор ақындар күшті де, әділ хан билігін кұп көрді.
Олар өз шығармаларында өткен дәуірді аңсады. Әз Жәнібекті , Қасым ханды ,
Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды , олардың ел бірлігін
нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бұзылуын ел билеудің бұрынғы
дәстүрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз
құбылыстар тамырын тереңге жайды деп түсіндірді. Олар патшалық отаршылдық
саясаты сынаумен қатар былайша жарқын өмірдің кайта орындалатынына сенді.
Зар -заман ақындарының уакыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ
бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жогалтқан жок. Бірақ олар дэстүрлі
құндылыктарды корганы мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты
көрсете алған жоқ. Дегенмен , олар патшалық отаршылдык саясатты сынау мен
қатар, болашакта жарысын өмірдің кайта орнайтынына сенді.

Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938)
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси
өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық
мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың
санасына демократиялык ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ
қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың
рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы,
ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай,
Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз
заманындағы түтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі
Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартұбек деген жерде дүниеге келеді.
Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол
себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі -уезд
бастығын соқкыға жығып, түрмеге қамалады. Бір оқиға он жасар бала Ахметтің
санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол
өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен
көріп, көңіліне ой үялатады.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі
ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл
мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-
қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын
мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің
үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген
болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан
Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық
қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде
ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға,
әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен
әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар
оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады,
ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.
Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық
аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы
Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің
редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде
халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері
ұмтылуға шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге
белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін
құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек
Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық
орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының
профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология
аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен
лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы
қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған
А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық
болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық
көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін
А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық
көрді.
Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет
Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз
заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909
жылы Петербург каласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы
кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар
жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы
Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-
ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі
мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады.
Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазак" газетінде жарияланған "Қазақтың бас
ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты.
Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға,
ақын шығармашылығына баға беруге арналған түңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы -
оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті
нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде
Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары
жарық көрді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-
реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек
сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу
үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912),
"Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді
кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін
кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды.
Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл
анықтамалар берді.
"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы -
қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші
ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі - "Әдебиет
танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында
ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін
негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін
жасады.
"Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса,
екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет
Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі - тірнек өнері,
екіншісі - көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін,
сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін
және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.
"Өнердің ең алды - сөз өнері саналады. "Өнер алды - қызыл
тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық
болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін
шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай
сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп
суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан
келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы.
Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау
жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану
ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді.
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген үғымдар мен
категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген
Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан.
Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп
қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады.
Бұлардың қай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын.
Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса
бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз
әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының
шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.

Шығармалары
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету
жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпак, орыс
әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы
ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы,
көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы - жан-жануар өмірінен алынған
шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Акдреевич
Крылов туындыларын аударып, "Қырык мысал" деген атпен 1909 жылы
Петербургтен бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші
жағынан, қазақ тұрмысына ет-жакын суреттер ұласа келіп, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу
ХІХ ғ. 1-жартысындағы музыкалық өнеріне жалпылама талдау жасау
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Пәндер