Өндірістік практика туралы есеп беру



Кіріспе

І Бөлім. Кәсіпкерліктің қызмет ету негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің қысқаша сипаттамасы
1.2 Кәсіпкерліктің маркетингтік және коммерциялық қызметі
1.3 «Омаров Б.А.» жеке кәсіпкерлігінде құрастырылатын жобалар

ІІ Бөлім. «Омаров Б.А.» жеке кәсіпкерлігінің маркетингтік қызметі.

2.1 Келісім.шарт бойынша істейтін маркетологтың қызметі
2.2 «Омаров Б.А.» жеке кәсіпкерлігінің мәселелері және оларды шешу бойынша ұсыныстар

Қорытынды
Практикалық дағды кез-келген маманның кәсіби қызметінде маңызды рольге ие. Неғұрлым теориялық білімді практикада қолданудың жоғарғы тәжірибесі болса қызметкер жұмысы соғұрлым тиімді болады.
Осыған орай өндірістік практиканы өту мақсаты келесідей: кәсіпорынд маркетингтік басқару аясында тәжірибе алу, сондай-ақ бітіру жұмысына дайындық, бітіру жұмысы үшін қажетті материалдар жинау және практикалық тәжірибеге ие болу.
Өндірістік практика кезінде негізгі мәселелер мақсатты нарықты талдау, ұйымның тиімді маркетингтік басқару процедурасын ұйымдастыру болып табылады. Өндірістік практика барысында ұйымның маркетингтік жүйесі, ұйымдық-құрылымдық масштабына байланысты ерекшеліктері қарастырылуы қажет.
Бітіру жобасына дайындық жұмыс тақырыбын толық зерттеумен байланысты. Жұмыс пәні жайлы толық түсінік болып, қойылған мәселеге дұрыс бағыт алу қажет.
Бітіру жұмысын даярлау үшін қажетті материалдарды жинау бітіру жобасының негізгі құраушысы болып табылады. Бұл кезеңде негізгі мәселе нормативті-құқықтық актілерден, жеке бақылаулардан, фирманың жүмыс барысында қолданатын ақпараттары мен материалдарынан тұратын болашақ жұмыстың негізін қалыптастыру болып табылады.
Білікті маркетинг маманының қызметі әр түрлі ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпорындардың нарықта тұтынушылар талаптарына сай тиімді қызметі, ішкі мүмкіндіктері, салалық спецификасы, технологиясы, өндірісті ұйымдастыру, ресурстарды тиімді пайдалану мақсатмен оның құрылымдық бөлімшелер арасында өзара байланысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Маркетинг маманының кәсіби қызметінің негізгі объектілері болып маркетингтік қызметте кәсіби білімді талап ететін кәсіпорындар, халық шаруашылығының әр түрлі ұйымдық-құқықтық формадағы коммерциялық ұйымдар болып табылады.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯ КАФЕДРАСЫ

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ТУРАЛЫ
ЕСЕП БЕРУ

Орындаған: 4-курс студенті

Алматы 2010
Мазмұны

Кіріспе

І Бөлім. Кәсіпкерліктің қызмет ету негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің қысқаша сипаттамасы
1.2 Кәсіпкерліктің маркетингтік және коммерциялық қызметі
1.3 Омаров Б.А. жеке кәсіпкерлігінде құрастырылатын жобалар

ІІ Бөлім. Омаров Б.А. жеке кәсіпкерлігінің маркетингтік қызметі.

2.1 Келісім-шарт бойынша істейтін маркетологтың қызметі
2.2 Омаров Б.А. жеке кәсіпкерлігінің мәселелері және оларды шешу бойынша
ұсыныстар

Қорытынды

Кіріспе

Практикалық дағды кез-келген маманның кәсіби қызметінде маңызды
рольге ие. Неғұрлым теориялық білімді практикада қолданудың жоғарғы
тәжірибесі болса қызметкер жұмысы соғұрлым тиімді болады.
Осыған орай өндірістік практиканы өту мақсаты келесідей: кәсіпорынд
маркетингтік басқару аясында тәжірибе алу, сондай-ақ бітіру жұмысына
дайындық, бітіру жұмысы үшін қажетті материалдар жинау және практикалық
тәжірибеге ие болу.
Өндірістік практика кезінде негізгі мәселелер мақсатты нарықты
талдау, ұйымның тиімді маркетингтік басқару процедурасын ұйымдастыру болып
табылады. Өндірістік практика барысында ұйымның маркетингтік жүйесі,
ұйымдық-құрылымдық масштабына байланысты ерекшеліктері қарастырылуы қажет.
Бітіру жобасына дайындық жұмыс тақырыбын толық зерттеумен байланысты.
Жұмыс пәні жайлы толық түсінік болып, қойылған мәселеге дұрыс бағыт алу
қажет.
Бітіру жұмысын даярлау үшін қажетті материалдарды жинау бітіру
жобасының негізгі құраушысы болып табылады. Бұл кезеңде негізгі мәселе
нормативті-құқықтық актілерден, жеке бақылаулардан, фирманың жүмыс
барысында қолданатын ақпараттары мен материалдарынан тұратын болашақ
жұмыстың негізін қалыптастыру болып табылады.
Білікті маркетинг маманының қызметі әр түрлі ұйымдық-құқықтық
формадағы кәсіпорындардың нарықта тұтынушылар талаптарына сай тиімді
қызметі, ішкі мүмкіндіктері, салалық спецификасы, технологиясы, өндірісті
ұйымдастыру, ресурстарды тиімді пайдалану мақсатмен оның құрылымдық
бөлімшелер арасында өзара байланысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Маркетинг маманының кәсіби қызметінің негізгі объектілері болып
маркетингтік қызметте кәсіби білімді талап ететін кәсіпорындар, халық
шаруашылығының әр түрлі ұйымдық-құқықтық формадағы коммерциялық ұйымдар
болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:
• ақпараттық-аналитикалық;
• тауарлы-өндірістік;
• өткізу;
• экономикалық-басқарушылық, соның ішінде жобалық-жоспарлық.

І Бөлім. Кәсіпкерліктің қызмет ету негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің қысқаша сипаттамасы

Омаров Б.А. Қазақстан Республикасының заңнамасы, яғни Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес құрылған. Жеке кәсіпкерлік
ретінде Алматы қаласының Әділет Департаментінде тіркелген.
Кәсіпкерліктің құрылу мақсаты халыққа сапалы қызмет көрсету,
архитекторлық қызмет нарығының дамуына үлес қосу, шаруашылық қызметтен
пайда табу. Жекелей алғанда, Омаров Б.А. жеке кәсіпкерлігі республика
резиденттері және резидент емес тұрғындарына әр түрлі объектілерін жобалау,
дизайн жасау, сондай-ақ тауарлық белгілер, логотиптер, тағы басқа түрлі
дизайнерлік, архитекторлық қызметтер ұсыну үшін құрылған. Жеке
кәсіпкерлерліктің ұсынатын қызмет түрлері:
• тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарды жобалау;
• интерьер және экстерьер дизайні;
• фирмалық стиль, тауарлық белгі, логотип жасау;
• ішкі және сыртқы жарнама өнімдерін жасау;
• индивидуалды тапсырыс бойынша жиһаз даярлау;
• бейнелеу, макеттеу, полиграфия және т.б.
Сондай-ақ:
• қажетті құжаттар пакетін даярлау:
• архитеркторлық, жобалық кеңес беру;
• жобалық сызбалар жасау;
• мемлекеттік қадағалау және мемлекеттік экспертиза органдарында
клиентке уәкілетті болу;
• объект конструкциясына жалпы қаржылық шығынын жасау;
Омаров Б.А жеке кәсіпкерлік болғандықтан қызметкерлер штаты жоқ.
Алайда кәсіпкер келісім-шарт негізінде келіп кетуші заңгер және бухгалтер
қызметтерін пайдаланады, сондай-ақ жеке көмекші тұрақты түрде Еңбек
Кодексіне сәйкес жұмыс істейді.

Жоғарыда көрсетілгендей, жеке кәсіпкер заңды тұлға болмағандықтан бұл
кәсіпкерлік түрінде маманданған әр түрлі функционалды бөлімшелер жоқ.
Архитекторлық-дизайнерлік саладағы жалғыз маман болып жеке кәсіпкердің өзі
табылады. Жеке кәсіпкер жоғарыда аталған қызмет түрлерін көрсету бойынша
жоғары біліктілікке ие. Архитектор-дизайнер ретінде ол келесідей
функцияларды жүзеге асырады:
• объектті жобалаумен қатар құрылыс және жөндеу жұмыстарына авторлық
бақылау жүргізу;
• құрылыс және жөндеу материалдарын, техникасын, жиһаздарын таңдау,
шығындар сметасын жасау;
• дизайн-проекттер жасау;
• қайта проектілеуді жүзеге асыру;
• объектілердің үшөлшемді жобасын жасауға мүмкіндік беретін
компьютерлік бағдарламаларды (AutoCAD и 3D Studio MAX және т.б)
қолдану;
• оригиналды эскиз, образ, модельдерді жасау;
• полиграфиялық дизайнерлеу және т.б
Жеке кәсіпкер индивидуалды түрде, сондай-ақ құрылыс фирмасы немесе
архитектуралық және құрылыс жобаларын жүзеге асырушы маманданған ұйымдармен
бірлесіп жүмыс істей алады.
Тұрақты жалдамалы жұмысшыларға қажеттілік болмағандықтан жеке кәсіпкер
кезеңді түрде немесе қажеттілік туындаған жағдайда келісім-шарт негізінде
жұмыс істейтін арнайы мамандар қызметіне жүгінеді. Сондай мамандардың бірі
– заңгер. Негізгі функцияларына құжаттарды дайындау, дұрыстығын тексеру,
сотта уәкілеттік, объектілерді тіркеу және т.б құқықтық мәселелері кіреді.
Келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін бухгалтер есеп берулерді жасау,
ақша қаражаттарының жұмсалуын бақылау, салық органдарында уәкілеттік және
т.б.
Жеке кәсіпкерлікте тұрақты түрде жұмыс атқаратын офис-менеджер
қызметіне іс қағаздарды жүргізу, тапсырыстарды тіркеу, клиенттермен кездесу
ұйымдастыру, сондай-ақ офисқа қажетті құралдарға тапсырыс беру және т.б.

1.2 Кәсіпкерліктің маркетингтік және коммерциялық қызметі

Қазіргі таңда нарықтық қатынастар жүйесінде бір де бір кәсіпкерлік
маркетингтік қызметсіз дұрыс жұмыс істей алмайды. Маркетингтің қажеттілігі
күннен күнге өсуде. Оның себебі, адамдар қажеттіліктері шексіз, ал
кәсіпкерліктің ресурстары шектеулі. Әрбір субъекттің өзіндік сұраныстары
болады, бірақ оларды сапалы қанағаттандыру әрдайым қолдан келе бермейді.
Әрқайсысына жеке өзіндік әдістеме қажет. Сондықтан қазіргі шарттарда
талғамдардың түрлілігін нақты түсініп, ажырыта алатын кәсіпкерлік өмір сүре
алады. Осыған маркетинг мүмкіндік туғызады.
Алайда, қызмет маркетингі тауар маркетингінен ерекшелінеді. Қызмет
маркетингінің төлсипаты қызмет нарығының ерекшеліктерімен және қызметтердің
өзіндік сипатттарымен анықталады.
Ұйымдастырудың берілген нарығында басқалардан ерекшелену қиын, өйткені
басқа кәсіпкерліктер өндіру, тіркеу, алдын-ала іздену және т.б. бойынша
бірдей қызметтерді ұсынады. Ұсынылатын қызметтерде ең негізгі ерекшелік
басымды анықтама және куәлік немесе патентті алу мерзімі болып табылады.
Техникалық шарттарды КазНИИССА-мен келісу және құрылыс комитетімен жобаны
бекіту.
Кәсіпорынның тәжірибесі бойынша потенциалды клиенттермен қарым-
қатынастың ең тиімді түрі көрмелерге қатысу болып табылады. Бұл кәсіпкерлік
қызметтерінің бүкіл спектрін толығымен көрсетуге ғана емес, сонымен қатар
болашақта осы қызметтерге қажеттілік туу мүмкін болғанда көмектесе алатын
жеке таныстарды табуға мүмкіндік береді. Оған қоса көрмеде кәсіпкерліктің
қызметтерін қолданған клиенттер үшін жеңілдіктерді орнату жолымен өткізуді
ынталандыру жүзеге асты. Фирмалардың көбі осында өзінің жарнамасын
орналастырады, бірақ оны одан да тиімді етуге плакаттар, үндеухаттармен
фирманың визиткаларын бірге тарату көмектеседі, өйткені оны алу фирманың
телефонын немесе мекен-жайын көшіруден ыңғайлы.
Кәсіпкерліктің жарнамасы негізінде түрлі анықтама кітаптарында
орналастырылады. Кішігірім фирмалар үшін жарнаманы арнайы сипаттағы
баспаларға емес кез-келген баспаларда орналастыруға болады. Оған қоса
кәсіпкерлік өзінің престижі мен өзі туралы ақпаратты кең түрде тарату үшін
бизнеске бағытталған баспамен ынтымақтасуды жоспарлап отыр.
Қазіргі кезде көптеген фирмалар өздерінің веб-сайттарын жасайды. Және
де оны тек суреттері бар тағы бір жарнамалық проспект ретінде ғана
қолданбайды, сонымен қатар клиенттермен байланысты жеңілдету құралы ретінде
қолданады. Сонымен қатар қосымша клиенттерді тарту мақсатында қазақстандық
клиенттер үшін шетелдіктермен салыстырмалы түрде жеңілдіктерді көбірек
жасауды жоспарлауда.
Фирманың тағы бір жарнама құралы клиенттерге құттықтау хаттарды жіберу
және таңбалары бар сувенирлерді тарату болып табылады.
Кәсіпкерліктің қызметінің сәтті болуы клиенттерге қызмет көрсету
деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Қызметтер бағалары жоғары деп айтуға
болмайды.
Стартегиялық жоспарлау.
Стартегиялық жоспарлау – бұл ең алдымен болашақта кәсіпкерліктің дамуы
мен тиімді қызмет етуін қамтамассыз ететін шешімдерді қабылдау және өндіру
үдерісі болып табылады. Әдетте бұл шешімдер бөлінбей, тұтастай бір жүйені
құрайды. Осындай байланыс жүйеде шешімдердің тиімді үйлесуін қамтассыз
етеді және қолданбайтын мүмкіндіктер санын азайтады.
Жоспарланған шешімдер объектілері:
• Мақсаттарды қою және стратегияны құру
• Қызметтердің сыртқы және ішкі шарттарының өзгеруіне байланысты
ресурстарды (материалдық, ақшалық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Кәсіпорындағы практика жетекшісінің міндеті
Балаларға антропометрия жүргізуді үйрендік
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Өндірістік практика
Өндірістік тәжірибе қорытындысы
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Пәндер