Диплом алдындағы практика есебі


Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі
ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА
ЕСЕБІ
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қаржы менеджменті» мамандығы күндізгі бөлім 4 курс студенті Қадыров Бахтияр
2010 жыл Алматы қ.
Жоспар
Кіріспе
1. Банктің құрылуы, іскерлігі, жалпы түсінігі
1. 1. Банктің құрылуы
1. 2. Банктің нарықтық стратегиясының негізгі бағыттары
2. «Нұрбанк» АҚ негізінде банктің талдауы және басқарма органдары
2. 1. «Нұрбанк» АҚ негізінде банктің талдауы
2. 2. «НҰРБАНК» АҚ басқарма органдарының құрылымы
3. «НҰРБАНК» АҚ құрылымы
3. 1. Шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімі
3. 2. Бөлшек несиелеу бөлімі
Қорытынды
Кіріспе
Мен, Қадыров Бахтияр Мұратұлы , «Нұрбанк» АҚ Алматы қаласындағы филиалында өндірістік практиканы өттім. «Нұрбанк» АҚ Қазақстанның банк секторында жоғарғы позицияларды алады, яғни алдынғы қатарлы 10 банктің құрамына кіреді және активтер мен меншікті капитал көлемі бойынша елдің ірі банктер құрамына кіреді.
Нарықтық экономиканың өз деңгейінде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономиканың негізгі инфрақұрылымдардың бірі - бұл елдің банк жүйесі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк жүйесі ТМД елдері арасындағы ең озық, алда десекте, экономиканың дамуында, бәсеке мен нарық механизмдері сұраныс пен ұсыныстағы тепе-теңдік дәрежесін қалыптастыру, өз кезегінде банктерге делдалдық қызметін жүргізуде, мүмкіндігінше максималды қаражат ресурстарын банк үшін тиімді тару, банктердің қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Коммерциялық банк нарықты экономиканың белсенді элементі болып табылады. Банктің басты міндеті ақша қаражаттарын шоғырландыру және несие ұсыну. Сондықтанда банк өз клиенттеріне яғни салымшылар (кредиторлар) мен қарыз алушыларға қызмет көрсететін іскер банк болып саналады. Оның негізгі қызметі кредиторлар мен қарыз алушылар арасындағы делдалдық қызмет болғандықтан ел экономикасындағы ақша айналымының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта елімізде екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету сапасы күннен-күнге жақсаруда. Банктердің негізгі экономикалық қызметі кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлік фирмаларды және жеке тұлғаларды, олардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруды жүзеге асыру үшін несиелеу болып табылады. Сондықтан да елдегі банктер өзінің несиелеу қызметін жүзеге асыруда көпшілік экономикалық жағдайларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету, жаңа жұмыс бастаушы кәсіпорындарды несиелеу, халықты жұмыспен қамту деңгейін көбейту және олардың экономикалық өмірге икемділігін қамтамасыз етуде.
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджментінің маңызды аспектісі банктің қаржылық жай-күйін талдау болып табылады. Бұл банктің қаржы тұрақтылығын, оның нарықтағы жағдайын сипаттау үшін қажет. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің қаржы операцияларын рациональды жоспарлау мен жүзеге асыру әдістемесі мен жүйесін өңдеу және пайдалануды қамтамасыз етуі қажет. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің басты міндеті - банк өнімдерін құру болып табылады. Банк өнімінің қатарын кеңейту бұл-клиенттердің жаңа банктік қызметтерге деген қажеттіліктерін анықтау. Сонымен қаржы менеджменті банк өімдерін құра отырып басқару объектісінің сенімділігін қамтамасыз етеді. Кез-келген банк үшін негізгі концепция сенімді клиент -тұрақты банк екенін білген жөн. Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды жэне т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болалды.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін тал-дағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыга келеді, ол нақты банк кызметінің бүкіл сипаттамасып біртұтас ретінде қарастыруы мүмкім.
Коммерциялық банктер шаруашылық қатынастардың басқа да субъектілері сияқты, өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қаражаттардың белгілі бір сомасындағы ресурстарын қалыптастыруы керек. Экономикалық дамудың қазіргі жағдайында ресурстарды қалыптастыру мәселесінің бірінші деңгейлі маңызы бар. Бұл экономиканың нарықтық моделіне өту, банк ісіне мемлекеттің монополиясын жою, банк ресурстарының сипаты біршама өзгеріске ұшарауымен байланысты. Бұл, біріншіден, банк ресурстарының жалпы мемлекеттік қорының қысқарылуы, ал оның қызмет ету саласы банк жүйесінің бірінші буыны - Ұлттық Банкте орналасқан, екіншіден, әр түрлі меншіктегі ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылуы ақша қатынастарының жүйесіне кіретін несиелік ресурстар нарығының қалыптасуына ықпал ететін ақша қаражаттарын сақтау орны мен әдісін өзі анықтайтын уақытша бос ақша қаражаттарының жаңа меншік иесінің қалыптасуын білдіреді.
1. Банктің құрылуы, іскерлігі, жалпы түсінігі
1. 1Банктің құрылуы, іскерлігі, жалпы түсінігі
Банктің негізгі акционерлері құрамына - отандық мұнай шығаратын ірі компаниялар, тамақтық сала кәсіпорындары, сыртқы саудалық фирмалар, баспа саласындағы компаниялардың да үлесі аз емес. Банктің клиетеріне көпетеген ірі сыртқы саудалық компаниялар, өндірісітік кәсіпорындар, яғни экспорттық-импорттық келісімшарттар жасайтын компаниялар және Шағын, орта және корпоративтік кәсіпкерлер кіреді. «Нұрбанк» АҚ дүние жүзі бойынша жеткілікті кең желісі бар банктер-корреспонденттерін орналастырған, осы арқылы банк шетелдің кез-келген елдері, яғни Қазақстанның экономикалық партнерлері валютасында ақша аударымдарын жүзеге асыра алады. Банкпен американдық және еуропалық, ТМД және Балтық елдерінің банктері жоғарғы класстыларымен корреспонденттік қатынастар жасалған және дамуда (оның ішінде “American Express Bank Ltd. ”, “Bankers Trust Company”, “ABN AMRO Bank NV” (АҚШ-тағы филиалы), “ING Barings” (Голландия), “Deutsche Bank AG”, “Commerzbank AG”, “Dresdner Bank AG” (Германия), “BNP Paribas” және “Credit Suisse First Boston” (Швейцария), “Raiffeisen Zentralbank AG” (Австрия) және басқалары) . Осы жоғарыда айтылған банктермен несие желілері ашылған, валюта айырбастары, банкаралық операциялары, сол арқылы «Нұрбанк» АҚ тығыз байланыстар орнатып отыр және қаржылық тұрақтылығы мен менеджмент сапасының жоғары деңгейде екені, маркетинг стратегиясының дұрыс таңдалып отырғанын көруге болады («Нұрбанк» АҚ-мен шетелдік мердігерлері үлесіне аккредитивтер расталынатын, кепілдемелер берілуде) . «Нұрбанк» АҚ 1992 жылы 24 сәуірде құрылған (оның акционерлері жиналысы шешімімен) Атырау облыстық әкімшілігінің қолдауымен аудан экономикасын дамыту мақсатында жүзеге асты. Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы 1992 жылдың 3 тамызында алынды. 1995 жылдың 14 ақпанында Жалпы акционерлер жиналысы шешімімен «Нұрбанк» Акционерлік коммерциялық банкі «Нұрбанк» Акционерлік қоғамына жаңадан аты қойылды және оның жарғылық капиталын 40 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Нұрбанк» АҚ-на оның клиенттреіне кең спектрлі банк қызметін, заңды тұлғалардың халықаралық есептемелерін және шетелдегі банктердің корреспонденттік шоттары ақылы азаматтардың шетел валютасында ақша аударымдарын жүргізуге «Бас лицензия» берді. Осы уақыттан бастап банк өзінің Қазақстандағы филиал желісін құруға кірісті. 2002 жылдың басында банкпен Қазақстанның өндірісі дамыған орталықтарында 8 филиал және 2 ЕКБ(есеп-кассалық бөлім) ашылды. Қазіргі уақытта банк тармақталған филиал желісін құрды: 17 филиал және 50 банк қызметін көрсететін әмбебап орталықтар және Қазақстанның негізгі аймақтарында қосымша филиалдық ғимараттарын құрды. 2009 жылдың 17 қаңтарында Visa Infinite - Visa International халықаралық төлем жүйесінің престижді өнімі төлем карточкаларын эмиссиялауға кірісті.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н. Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын. Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. 1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
1. 2. Банктің нарықтық стратегиясының негізгі бағыттары
Банктің стратегиялық мақсаттарының ішінде - Қазақстанда банк ісінің мақұлданған халықаралық деңгейдегі стилін енгізу болып табылады, клиенттерге банк қызметінің кешенді ең жоғарғы деңгейін әмбебабына жеткізу, республикада шағын, орта және ірі кәсіпкерлік обьектілеріне көп мөлшерде несиелеуді жүзеге асыру, сыртқы саудалық және ірі-ірі өндірістік кәсіпорын сферасында қаржылық келісімшарттарды жасау және т. б.
Елдің банк секторында сенімді позиция ала отырып - 2009 жылдың «01» қазанынан “Standart & Poor’s” агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында көлемі бойынша 4-ші несиелік ұйым болып табылуда және онымен банк өз қызметіндегі жеткен нәтижелерін одан әрі ұлғайтпақшы. 2011 жылға дейін «Нұрбанк» АҚ өзіне ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік негізгі стратегиялық мақсаттарын белгілеп қойды, оның ішінде:
- Отандық нарықтағы банк қызметіндегі банк позициясын сақтап қалу және одан әрі нығайту;
- Оның акционерлеріне банктің құнын ұлғайту;
- Банк өзінің меншікті қаражаттарын әр түрлі шетелдік стратегиялық инвесторлар мен отандық инвесторлар, табыс алатын капитализация арқасында қазіргі кездегі қорларына қарағанда бірнеше есеге ұлғайту;
- Банктің клиенттерің қызығушылығын жаңа өнімдер арқылы, әр түрлі бағдарламалар арқылы нарықта депозит пен несие үлесін бірнеше есеге өсіру;
- Банк елдің табысты, қарқынды дамып келе жатқан аймақтарында өнімдерін филиалдар желісін және тарату каналдары арқылы кеңейту;
- Институционалды даму облысы бойынша шетелдік парнерлермен қарым қатынасты нығайта отырып халықаралық стандарттарға сай банк қызметін жүзеге асыру;
- Халықаралық рейтингтік агенттіктермен берілген рейтингін жақсарту;
- Ресурс базасын алдаы уақытта диверсификациялау, оның ішінде шетелдік ақша нарығына ену жолымен банк отандық және халықаралық бағдарламаларға қатысу арқылы да;
- Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын, экономиканың нақты секторын несиелеу арқылы сапалы клиент базасын және операциялар көлемін ұлғайту;
- Банк отандық бағалы қағаздар нарығында қатысуын одан әрі дамыту;
- Нарықта өнімдер және ұсынылатын қызметтердің жылжуына маркетинг қызметін және жарнаманы жақсарту;
- Клиенттерге сапалы және нәтижелі қызмет көрсетуге банк өізінің банктік технологияларын әрдайым жаңартып отыруы.
«Нұрбанк» АҚ өзін нарықта әмбебап ұйым ретінде ұсынып жүр, яғни клиенттерге кешенді қызмет көрсетуі және филиалдар желісін ұлғайтып отыруы белгілі.
Қазақстанның дамып отырған жағдайында «Нұрбанк» АҚ өзінің мамандандырылған қызметкерлері арқылы сапалы жұмыс істеуге тырысуда, алдағы уақыттарда банк қызметінің басты басты мәселелерін шешіп, іскерлігін дамытпақшы.
«Нұрбанк» АҚ-ның 2009 жылдың желтоқсанына ағымды халықаралық рейтингілері:
- «Moody’s» рейтингілік агенттігі:
Жергілікті валютадағы депозиттері бойынша: В1
Шетелдік валютадағы депозиттері бойынша: B2/NP
Қаржылық тұрақтылық рейтингісі: Е+
Болжам: Позитивті
- «Standard & Poor’s» рейтингтік агентігі:
Ұзақ мерзімдік рейтинг: В
Қысқа мерзімдік рейтинг: С
Болжам: Позитивті
Moody's жүргізген қорытынды есебінің негізінде, Нұрбанктің динамикалық басты қызметінің көрсеткіштері сәйкестігі(2002 жылдан 2008 жыл аралығында), меншікті капиталдың көлемі, банктің жарғылық капиталының өсімі, активтер сапасы және басқалары. Moody's агенттігінің сарапшыларының ойлары бойынша банктің қаржылық тұрақтылығы банктің қазыргі уақытта дұрыс жолда қызмет етіп келе жатқанының белгісі ретінде бағасын алды, яғни корпоративтік басқарма, нәтижелі жұмыс, табысының ұлғайю осының барлығы.
Есептер қорытындысы келесіні айтады: Нұрбанкке IT-құылымында дамуға, кәсіпорындарға толық қанды қызмет көрсетуге барлық мүмкіндіктер бар екендігінде.
Moody's сарапшылары Нұрбанктің үздіксіз түрде дамып келе жатқанын айтуда. Қазыргі уақытта ірі ірі акционерлері тұрақты түрде банктің жағдайына, әр түрлі шешім қабылда үлестерін қосып жүр. Жоғарыда айтылып кеткен рейтингтік агенттіктердің бағалары банктің сапалы қызмет көрсетуінің белгісі.
«Нұрбанк» АҚ Қазақстан банктерінің ірі ондығына кіріп отыр. 2010 жылдың 1 қаңтары бойынша банктің меншікті капталы 45 471 335 мың теңгені құрауда, оның ішінде жарғылық капиталы - 27 097 267 мың теңге. Банк активтері 204 040 360 мың теңгені құрайды, таза табысы - 3 030 166 мың теңге.
2. «Нұрбанк» АҚ негізінде банктің талдауы және басқарма
2. 1. «Нұрбанк» АҚ негізінде банктің талдауы
Банктер - несие беруге, ақша есептері мен құнды қағаздар операцияларында делдалдыққа маман-дандырылған экономикалық мекеме. Меншік түріне қарай банктер акционерлік, серіктестік, дербес, кооперативтік, муниципалдық (коммуналдық), мемлекеттік (ұлттық), мемлекеттің қатысуымен құрылған мемлекетаралық болып бөлінеді. Банк қызіметінде үш түрлі операция жүзеге асырылады: паюсивті, активті және делдалдық (комиссиялық) операциялар.
Паситвті операциялардың көмегімен Банк. өз қызметіне қажетті ақша қаржысын - өз қаржысын, сондай-ақ өзіне түскен және айналымға қосылған қаржыларды шоғырландырады. Өз қаржысы, кұрылтайшылар жарнасы (ұзақ мерзімді несие болуы да мүмкін), акциялар мен облигациялардан түскен қаржы, күнделікті пайдадан, резерв қорына бөлінетін аударылым, бөлінбейтін пайдадан құралады. Түісетін және айналымға қосылатын қаржы клиенттердің ағымдық, мерзімдік және жинақ есептеріне салатын ақшаларынаң сондай-ақ айналымға қосылатын несие ақшадан түседі. Бұған қоса ақша түсіруде банкаралық қарыз (ссудалар), вексельдерді есептеу және қайта есептеу маңызды роль атқарады.
Банктің өз қаржысы мұндағы бар қордың аз бөлігін ғана құрайды. Әдетте, ірі банктерде өз қорының үлесі 10 проценттен аспайды және банік неғүрлым . ірі болған сайын оның өз капиталының үлес салмағы да солғұрлым аз болады.
«Нұрбанк» АҚ 2009 жылдың 1 қаңтары мен 2009 жылдың 1 қазанына арналған бухгалтерлік балансына талдау(талдау мың теңгемен есептеледі)
«Нұрбанк» АҚ бухгалтерлік балансының көрсеткіштері бойынша алдағы орындарда келе жатқан банк. 2009 жылдың 1 қаңтары бойынша жоғарыда берілген мәліметтері бойынша банк активтері 298 340 233 теңгені құраса, сол жылдың 1 қазаны бойынша бұл көрсеткіш 304 893 647 теңгені құрады. Оның ішінде: нақты ақша қаражаттары - 11 595 132 тг 2009 жылдың басында, 6 045 044 тг. 2009 жылдың аяғында бұл сома төмен болған. Міндетті резервтер көрсеткіші талданып отырған жылдың басында 5 860 614 тг. Құраса, жыл соңында 4 652 490 тг. құрады. Клиенттерге берілетін қарыздар көрсеткіші жылдың басында 242 890 318 тг., ал жыл соңында 265 556 654 тг. жоғарылаған. Бұл дегеніміз банктің сол жылдары клиенттерге несие қаражаттарын көбірек бергенін білдіреді. Негізгі құралдар бабы активтердегі келесідей сомаларда көрсетіледі: 2009 жылдың 1 қаңтарына 5 488 948 тг. құраса, жыл соңында 5 512 126 тг. тең болды. Бұл дегеніміз көрсеткіштің айтарлықтай өткен мерзіммен салыстырғанда өзгермегендігін білдіреді. Жоғарыда айтылғандар негізгі негізгі деген көрсеткіштер болып саналады.
Міндеттемелер бабына келгенде 2009 жылдың 1 қаңтарына мәліметтерге сай 253 816 755 тг. құраса, сол жылдың соңында бұл көрсеткіш 260 298 147 тг. көлеміне жоғарылаған. Оның ішінде жеке баптарына келгенде: Үкіметтің қаражаттары мен Ұлттық банктің қаржылары талданып отырған жыл басында 30 368 тг тең болса, жыл соңында өз міндеттемелерін осы ұйымдар алдындағы азайтқанын көреміз, яғни 22 617 тг тең болған. Басқадай несиелік ұйымдардың қаражаттары бабына келсек, ол келесідей болады: жыл басында 34 831 122 тг. құраса, жыл соңында өз міндеттемелерін осы институттар алдында біршама азайтқанын көреміз(23 901 011 тг. ) . Бұл талданып отырған кезеңде банктің дұрыс бағытта жұмыс істеп отырғанын көруге болады. Шығарылатын бағалы қағаздар бабы жыл басында 13 373 161 тг. құраса, жыл соңында 21 726 557 тг. тең болған. Резервтер бабынан нақтылы сомалары 57 206 тг. тең, ал жыл соңында бұл көрсеткіш 110 189 тг. тең болған.
Меншікті капитал бабы да жақсы деңгейде болып отыр. Мысалы 2009 жылдың 1 қаңтарына алсақ 44 523 478 тг. көлемінде болса, ал сол жылдың соңында 44 595 500 тг. көлеміне біршама өскенін көреміз. Бұл жағымды көрсеткіш. Яғни банк табысты жұмыс істеуде, қосымша бағалы қағаздары, үлес қосушылары артқанын көреміз.
Талдамалы Банкке жалпылама баға беретін болсақ, бұл қаржылық институт тұрақты да үздіксіз өзінің қызметін жүзеге асырып отыр десек боолады.
2. 2. «НҰРБАНК» АҚ басқарма органдарының құрылымы
Жоғарғы орган - акционерлердің жалпы жиналысы;
Басқарма органы - Директорлар кеңесі;
Орындаушы орган - Басқарма;
Бақылау органы - Ревизиялық комиссия.
Акционерлердің жалпы жиналысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz