Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану



Мазмұны

1. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ... ... ... ... ...2.4

2. Табиғатты пайдалануды басқару ... ... ... ... ... ... ... .5.17

3. Экологиялық сана қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ..17.20

4. Басқарудың құқықтық нормалық негіздері ... ... ..21.28

5. Қазақстан Республикасы орман қоры және оны пайдалану мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28.32

6. Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды.Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті, балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті,аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты,құстарды ұя салу кезінде,кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынып шұғыл күшейтті.Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды.Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды.
Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера,гидросфера,атмосфераның терең дежан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет.Мұндай зерттеулер мониторинг деп аталады.Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау,зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.
Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді:
Санитарлық-улылық мониторинг –бұл қоршаған орта жағдайларын,ең алдымен зиянды заттар,ұсақ ағзалар және паразиттердің ластандыру дәрежесін бақылау,осы ластанудың адамға,жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
Экологиялық мониторинг-бұл экологиялық жүйелердегі және табиғи кешендердегі өзгерістерді зерттеу,сондай-ақ су,жер және өсімдік ресурстарының қозғалысын айқындау .Табиғи кешендер,биогеоценоздар,биосфераны құрастыратын жеке құрамбөліктердің бұзылу дәрежесі олардың өзгерістерді есептеуге болатын
Қолданған әдебиеттер

1. Е.М.Үпішев , С.Мұқаұлы « Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау » Алматы Экономика 2006
2. Г.С.Оспанова , Г.Т.Бозшатаева « Экология оқулық » Алматы Экономика 2002
3. М.Қ.Гильманов , Л.Ү.Әбшенова , А.Р.Соловьева « Биология 9 сынып » Алматы « Атамұра » 2005

Мазмұны

1. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ... ... ... ... ...2-4
2. Табиғатты пайдалануды басқару ... ... ... ... ... ... ... .5-17
3. Экологиялық сана қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ...17-20
4. Басқарудың құқықтық нормалық негіздері ... ... ..21-28
5. Қазақстан Республикасы орман қоры және оны пайдалану
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28-32
6. Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..33

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге
асырды.Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал
айдап көшті, балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті,аумақты
дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты,құстарды ұя салу
кезінде,кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым
салды.Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынып шұғыл
күшейтті.Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң
реттеу қажеттігі туды.Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша
және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша
сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды.
Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі
уақыт кезеңінде литосфера,гидросфера,атмосфераның терең дежан-жақты
экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет.Мұндай зерттеулер мониторинг деп
аталады.Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау,зерттеулерін салыстыру
қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық
көрінісін береді.
Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді:
Санитарлық-улылық мониторинг –бұл қоршаған орта жағдайларын,ең алдымен
зиянды заттар,ұсақ ағзалар және паразиттердің ластандыру дәрежесін
бақылау,осы ластанудың адамға,жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және
қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
Экологиялық мониторинг-бұл экологиялық жүйелердегі және табиғи
кешендердегі өзгерістерді зерттеу,сондай-ақ су,жер және өсімдік
ресурстарының қозғалысын айқындау .Табиғи
кешендер,биогеоценоздар,биосфераны құрастыратын жеке құрамбөліктердің
бұзылу дәрежесі олардың өзгерістерді есептеуге болатын қозғалысы бойынша
бұзылмаған экожүйелердің бірқатар белгілерін және сипаттарын салыстыру
жолымен анықтайды.Биогеоценоздың биологиялық өнімділігі,белгілі уақыт
аралығындағы құрлық немесе су аудандарының бірлігі аса маңызды көрсеткіш
болып табылады.Қоршаған ортаға адамның антропогендік өзара әсерінің
дәрежесі туралы жер құнарлылығының ,тұщы су қоры мен сапасының
төмендеуі,тұрғылықты жердің шөл не батпақты жерге айналуы,минералдық
ресурстар қорының төмендеуі бойынша пікір айтуға болады.Олар
қорғалатын,қорыққа айналған аумақтармен,үлгі өлшем деп аталатын тұрақты
тәжірибелік үлескілермен байланыстырылып,жануарлар қылығымен теңдестіру
немесе салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді анықтауға
мүмкіндік берді.Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер
серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады.Олар озон
қабатының ,радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын
тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартау-лардың атқылауы,су
тасқыны ,қуаңшылық,орман,даладағы ірі өрттер не басқа зиянкестердің үлкен
зиян келтіруі тәрізді ірі табиғи құбылыстарды бақылауға мүмкіндік
береді.Мұндай құбылыстар туралы ақпараттар шынайы уақыт тәртібінде
түсетіндіктен,елдер үкіметі мен халықаралық экологиялық ұйымдар осы
құбылыстардың келеңсіз салдарын жою не бәсеңдетуге тез және тиімді шаралар
қабылдауға мүмкіндік береді.Ғарыштық мониторингтен басқа аспаптық
мониторинг өткізіледі.Бұған әртүрлі ұшу құралдары,автомашиналар,тіпті жаяу
экспедициялық бағдар да пайдалануы мүмкін.Бұдан басқа
атмосфера,гидросфера,литосфера жағдайына тұрақты бақылау өткізетін
стансалардың кең торабы болады.Алынған ақпараттар барлығы жергілікті,
аудандық ,облыстық,және республикалық өрістегі арнаулы экологиялық
мекемелерге ағының жиналады.Жаһандық мониторинг торабының құрылуы арқасында
табиғат қорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін болады.
Табиғат ресурстарын адам пайдаланатын жәнематериалдық игіліктерді
жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.Табиғат ресурстарымен
қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз.Олардың табиғат
ресурстарынан ерекшелігі- олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді,
бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты
емес.
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар
атмосфералық, су, өсімдіктер, т.б. болып бөлінеді.Ең жиі қолданылатын
жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы не қалпына келуіне
байланысты.Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы-ол адамды
қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға
ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың
қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды.Адам оларды
толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден,
қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде не болашақта қорының сарқылу
қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен
тірі табиғат ресурстары жатады.Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын
ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы,жел, теңіздің толуы мен қайту
энергиялары.Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде
айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше.Су ластану нәтижесінде уақытша
сарқылады,бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс.Жердегі судың қорының
мөлшері өзгермейді.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге
айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды
пайдаланудың артуына байланысты.

Табиғатты пайдалануды басқару

БҰҰ 1972 ж. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм
Конференциясынан кейін көптеген елдерде келісілген экологиялық саясат, оның
ішінде басқару саласында да жүргізіле бастады.Табиғат қорғау жөнінде арнайы
мемлекттік басқару органдары құрылды.Мысалы, Ұлыбританияда 1970 ж. Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі құрылды. Сондай министрлік
Данияда,Голландияда,Австралияда,Фра нцияда, Канадада,Норвегияда,Жаңа
Зеландияда,Италияда,Польшада құрылды.
1972 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Табиғатты қорғауды күшейту және
табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту туралы қаулысы шықты. Соған сәйкес
табиғатты қорғау міндеттері жекелеген министрліктер мен ведомстволарға
жүктелді.Атмосфераны қорғау мен бақылау - Мемлекеттік гидрометеорология
комитетіне, су ресурстарын қорғау мен пайдалануды бақылау-Мелиорация және
су шаруашылығы министрлігіне,жер ресурстарын қорғау мен пайдалануын бақылау
– Ауыл шаруашылық министрлігіне, балық қорын қорғау мен пайдалану – Балық
шаруашылығы министрлігіне тапсырылды. Оның басты кемшілігі ведомстволық
көзқарас болды. Әрқайсысы өздерімен өздері бақылады, табиғатты қорғауға
кешенді көзқарас болмады, жоспарланған шаралар орындалмай қағаз бетінде
ғана қалды немесе олардың орындалғаны туралы өтірік ақпарат бередію
Үкіметтің 1988 ж. Елімізде табиғатты қорғау жұмысын түбелей
өзгерту қаулысымен табиғатты қорғау жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті
құрылды. Оған қоршаған ортаны қорғау саласында еліміздің ұтымды саясатын
жүзеге асыру міндеттеледі. Сондай комитеттер барлық республикаларда,
облыстарда, қалаларда құрылды.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін аталған комитет бірнеше рет
қайта құрудан өтті. Оған қарасты салалар, міндеттер өзгертілді. Соңғы рет
Министрліктен ресурстарды пайдалануды бақылау міндеті алынып, табиғатты
қорғауды бақылау қызметтері күшейтілді. 2002 ж. 6 қарашадан ҚР Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі болып қайта құрылды.
Табиғатты қорғау заңдарын жүзеге асыруды басқарушы, қадағалаушы
органдар маңызды рөл атқарады. Табиғатты қорғауды басқарушы құрылымдарды
екі қатарға бөлуге болады: арнайы және жалпы міндетті.
Жалпы міндетті мемлекеттік органдарға:Президент,Парламент, Министрлер
кабинеті,облыстың өкілетті және атқарушы органдары жне жергілікті органдар
жатады.Табиғатты қорғау олардың арнайы міндеті емес.Олар табиғатты қорғау
мәселелерімен қатар өздерінің арнайы міндеттерін де атқарады.
Арнайы міндетті мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау міндеті
арнайы жүктелген орган жатады.Тәуелсіздік алғаннан бері басқару
органдарының құрылымын жетілдіру мақсатында табиғат қорғауды басқарушы
арнайы органдар көптеген құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бірде табиғат
қорғау және пайдалану органдары біріктірілсе, кейде бөлектендірілді және
т.с.с.
ҚР табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі экологиялық саясаты БҰҰ
1992 Рио-де-Жанейро Конференциясында қабылданған құжаттарға, Қазақстан-
2030 Бағдарламасына сәйкес дамиды және оның негізгі бағыттары:
- Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты
территориялардың экологиялық табиғи-географиялық жағдайы мен үйлесімділігін
қамтамасыз ету;
- нақты территорияларда санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өмір
сүруге қолайлы жағдаймен қатар халықтың ұрпағының денсаулығын жақсартуға
жету;
- биосфералық тепе-теңдікті, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық
тұтым қорларын сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану.
Аталғандарды жүзеге асыру үшін экология және табиғатты пайдалану
саласында тиімді мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру қажет. Олар
біртұтас қарастырылып, бір басқару жүйесіне біріктірілуі керек. Бәлкім,
табиғатты қорғау заңдарымен қатар, табиғатты қорғаудың құқықтық экологиялық
нормаларын рухани құндылыққа айналдыратын және өнегелік, тәрбиелік мәні бар
экологиялық Кодекс қабылдау керек болар.
ҚР жоғарғы өкіметі- Парламент халықтың атынан табиғат байлықтарына
иелік етеді, еліміздің экологиялық саясатын анықтайды, табиғатты және оны
құраушы бөліктерін қорғау туралы заңдар қабылдайды, мемлекеттік экологиялық
бағдарламаны бекітеді, қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық реттеу
негіздерін белгілейді, төтенше экологиялық жағдайда, экологиялық апатты
аймақтардағы құқықтық тәртіптерді, экологиялық қауіпсіздік, экологиялық
зардап шеккен азаматтардың құқықтарын анықтайды, табиғатты қорғау
мәселелері бойынша халықаралық қарым-қатынас жасайды, табиғатты қорғау
заңдарының орындалуын бақылайды.
Үкіметке эколгиялық саясатты жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау,
табиғат қорғауды басқарушы барлық органдардың жұмыстарын үйлестіру,
бюджеттен тыс экологиялық қорларды құру, жұмсау табиғатты пайдалану
төлемдерінің тәртібін белгілеу, халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз
ету және т.с.с. міндеттер жүктелген.
ҚР үкіметі атқарушы орган ретінде табиғатты қорғау саласында :
- мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру
жөніндегі стратегилық және техникалық шараларды әзірлейді;
- мемлекттік экологиялық бағдарламалар әзірлейді және олррды бекітуге
ұсынады;
- министрліктердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына басшылық
етеді;
- мемлеттік меншікті басқарады, оны пайдалану жөнінде үкіметке
жүктелген шараларды жүзеге асырады;
- қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге
қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту
тәртібін белгілейді;
- табиғи ресурстарды пайдалануға береді, табиғат пайдалану шарттарын,
лимиттер мен квоталар белгілейді;
- қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
- табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен кадастрларын және
мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді;
- ерекше қорғалатын обьектілердің тізбесін бекітеді, мемлекеттік
қорықтар, ұлттық, табиғи парктер ұйымдастырады;
- қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттік
статистиканы жүргізу тәртібін белгілейді.
- Табиғатты пайдалануды басқару және бақылау органдарын белгілейді,
олардың қызметін айқындайды, экологиялық аудиторлық қызметке
лицензия беру мен жүргізу тәртібін белгілейді;
- төтенше экологиялық жағдайлар хабарлау ережесін бекітеді;
- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Үстідегі аталған міндеттерді жеті топқа бөлуге болады:
1. Экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық
бағдарламаларды бекіту, табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және
экономикалық негіздерін белгілеу және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету.
2. Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және
материалдық-техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әректтерін
үйлестіру.
3. Табиғат ресурстарын есептеу және бағалау,табиғи ортаның жағдайын
болжау, табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның
сапасын бақылау.
4. Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің,
зиянды заттарды шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны
үшін өлшемдердің нормативтерін бекіту.
5. Мемлекеттікм экологиялық бақылау, мемлекеттік экологиялық
сараптама, экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату,
шектеу шешім қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және
әкімшілік жаза қолдану. Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен
сотта, арбитраждық сотта іс қозғау.
6. Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл
кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру.
7. Халықаралық бірлестік қарым - қатынас.
Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы құрылымдар
орындайды. Олардың әрекеттері бөлектеу: кеңістік және ресурстық болып
бағытта жүреді. Мәселен, республикалық басқару органдары өздерінің
құзыретін бүкіл республика территориясында жүргізеді. Ал облыстық,
жергілікті органдар- өздерінің құзыреті жүретін территорияда.Мысалы,
экологиялық саясат пен экологилық бағдарламалардың негізгі бағыттарын
белгілеу, бағалау, мониторинг, бақылау, қорғалатын, нысандар, эко тәрбие
мен білім беру әр деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндеттері. Бірақ,
әрбір территорияда маңыздылығы әр түрлі: республикалық,облыстық, жергілікті
ресурстар болуы мүмкін.Бұл олардың құзіретін білдіреді.Мысалы, табиғатты
пайдалануға рұқсат беру барлық деңгейдегі басқару органдарының құзыретіне
жатады. Бірақ, олардың құзыреті тек өз билігіндегі ресурстарға ғана
жүреді.Осы тәртіпке сәйкес республикалық маңызы бар ресурстарды пайдалануға
рұқсатты республикалық органдар береді. Мұндай құқық жергілікті ресурстар
бойынша жергілікті органдарға, облыстық органдарға - өздерінің
құзыретіндегі ресурстар бойынша беріледі.
Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар
арасында да бөлінеді. Ол конституциялық әкімшілік бөлініске байланысты.
Өкілетті органдар шешім қабылдауды қажет етпейтін мәселелермен
айналысады. Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның
құзыретіне, негізінен,м бес мәселе жатады:
- экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;
- мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;
- табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;
табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осысаладағыбасқару органдарының
әрекеті мен ұйымдастыру тәртібін анықтау;
- экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы
тәртіпті белгілеу;
Сондай-ақ, облыстық өкілетті органдардың құзыреті анықталады. Олардың
қарауына мыналар жатады:
- табиғатты қорғау және тиімді пайдалану бағдарламаларын бекіту;
- экологиялық қорлар құру және жер бөлімшелерін беру тәртібін
анықтау;
- өз территорияларында қорғалатын табиғат нысандарын жариялау;
- табиғатты қорғау инспекцияларын құру және олардың әрекеті бойынша
шешім қабылдау.
Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес қалалық, аудандық өкілетті
органдар органдардың құзыретіне мыналар жатады:
- табиғатты қорғау және пайдалану тәртіптерін белгілеу
- өздерінің территорияларында қолайсыз экологиялық салдарға
соқтыратын шараларға тыйым салу;
- өздерінің қарауындағы территорияларда экологиялық, санитарлық не
құрылыс нормалары бұзылғанда ондай нысандарды салуды, пайдалануды
тоқтату туралы шешім қабылдау;
- экологиялық, тарихи, ғылыми маңызы бар жергілікті маңыздағы
нысандарды табиғат ескерткіші деп жариялау және оларды қорғау
тәртібін анықтау.
Табиғатты қорғау жөнінде кейбір құзыреттер ауылдық өкілетті органдарға
да беріледі:
- өз территорияларында муниципалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды
орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;
- экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда
құрылысты не нысандарды пайдалануды тоқтату;
- өз қарауындағы территорияларда қолайсыз экологиялық салдарға
соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидемистанцияның не
табиғат қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады .
Халықтың, қоғамдық ұйымдардың, халық қалаулыларының талаптарына сәйкес
барлық деңгейдегі өкілетті органдар атқарушы органдардың құзыретіндегі
басқа мәселелрді де қарастыра алады. Сонымен қатар, олар өздерінің
құзыретін табиғат қорғау жөнінде нақты шешімдер қабылдау үшін атқарушы
органдарға бере алады.
Егер атқарушы органдардың шешімдері табиғатты қорғаудың экологиялық
талаптарына қарсы келетін болса, өкілетті органдар оларды тоқтата алады.
Сонымен қатар атқарушы органдар өкілетті органдардың шешімдерімен
келіспесе, сотқа шағына алады.
Табиғатты қорғау жөніндегі арнайы мемлекеттік органдар құзыретінің
көлемі мен сипаты бойынша төрт: кешенді, салалық, қызметтік және
территориялық түрге бөлінеді:
Кшенді органдар барлық міндеттерді не табиғат қорғау міндеттерінің бір
тобын атқарады.Салалық-жеке табиғат нысандарын қорғауға және пайдалануға
назар аударады.Қызметтік – барлық табиғат нысандарына қатысты бір не
бірнеше қызмет атқарады. Территориялық- өз территориясында басқару міндетін
орындайды.
Кешенді басқару органдарына жататындар: Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі;Санитарлық- экологиялық бақылау; Төтенше оқиғалар жөніндегі
агенттік;Гидрометеорология және мониторинг қызметтері.
Салалық арнайы басқару органдарына:Жер ресурстары және жерге
орналастыру комитеті, Орман шаруашылық, Су және балық шаруашылық комитеті,
Ауыл шаруашылық министрлігі.
Қызметтік және территориялық арнайы басқару органдары:Ядролық және
радиациялық қауіпсіздікті бақылау, Тау-кен қауіпсіздігін бақылау, Кеден
комитеті, Ішкі істер министрлігі.
Табиғатты қорғауды арнайы басқару органдарының қызметтері
төмендегідей:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатқорғау жөнінде басты арнайы
өкілетті орган болып табылады. Оған табиғатты қорғау жөнінде мемлекеттік
саясатты жүзеге асыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
биологиялық түрлерді сақтау, салааралық үйлестірүшілік, осы салада
қызметтерді реттеу, сондай-ақ, мемлекеттік экологиялық бақылау, мемлекеттік
экологиялық сараптама, мемлекеттік табиғат қорықтарын және басқа қорғалатын
территорияларды басқару міндеттері жүктелген.
Бұл министрлік қызметінің үш ерекшелігі бар. Біріншісі- бақылау,
қадағалау қызметтерін кешенді атқаруы. Оның тікелей қарауына табиғи ортаны
қорғауды және табиғи қорғалатын нысандарды бақылау жатады. Басқа табиғат
нысандарын бақылау салалық арнайы өкілетті органдарға жүктелген.
Екіншісі- ол шаруашылықты басқару органдарына жатпайды. Табиғат
ресурстарын пайдалануды басқармайды.
Үшінші ерекшелігі- мемлекеттік экологиялық қызметі табиғат ресурстарын
экономикада пайдаланудан оқшау атқарылады.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қызметтері:
- табиғатты қорғау жөніндегі өкілетті органдардың, сондай-ақ басқа
министрліктердің жұмыстарын үйлестіру.
- Табиғатты пайдалануды реттеу, яғни табиғат ресурстарын пайдалану
нормаларын, ережелерін,табиғатқа әсер ететін шаруашылық
әрекеттердің тәртіптерін белгілеу. Мұндай нормалар мен ережелерді
кез келген табиғатты пайдаланушы, сондай-ақ табиғатты қорғаушы
мекемелер орындауға міндетті;
- Бақылаушы-қадағалаушы әрекеттерді ұйымдастыру және басқару. Бұл
қызметтің бір бөлігін Минэкологиялық территориялық органдары
атқарады.Мысалы, атмосфера ауасының тазалығын бағалау, мемлекеттік
экологиялық сараптама жүргізу және т.с.с. Қалғандары салалық
табиғат қорғау органдарына жүктеледі. Мысалы, жерді, жер қойнауын,
суды,орманды,жануарларды қорғауды арнайы өкілеттік берілген
мекемелер жүзеге асырады. Біртұтас мемлекеттік экологиялық
мониторинг жүйесі де Минэкология қарауында;
- Министрліктің рұқсат беру жұмыстары: зиянды заттарды шығаруға,
төгуге, орналастыруға, биологиялық нысандарды өндіруге, жинауға,
сатуға, сатып алуға, айырбастауға, тасымалдауға, шетке шығаруға
және әкелуге рұқсат беру болып табылады.Табиғатты пайдалану
шарттарын, нормаларын, шектерін, сондай-ақ табиғи ортаның сапасының
нормаларын анықтау Минэкология қызметіне жатады.
- Табиғи ортаның жай-күй, шаруашылық әрекеттер салдарынан ондағы
өзгерістер туралы дер кезінде деректі мәлімет беріп отыру
Минэкологияның ақпараттық қызметіне жатады. Минэкология жыл сайын
табиғи ортаның жағдайы және Қазақстанның табиғат ресурстарын
пайдалану туралы баяндама жариялап отырады.
- Табиғатты қорғау қорларын басқару.
- Экологиялық тәрбие мен білім беруді басқару.
- Табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау жөнінде халықаралық
ынтымақтастықтың дамуына қатысу.
Минэкология өзінің құзыретін жергілікті әкімшіліктер мен атқарушы
үкімет органдарымен келісіп құрылған облыстық, қалалық, аудандық
территориялық органдар жүйесі арқылы жүргізіледі.
2. Индустрия және табиғи ресурстар министрлігіне экономикамызда
пайдаланатын табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану міндеті
жүктелген. Сонымен қатар, оған бұрынғы Геология министрлігі міндеттері де
жүктелген.
3. Санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау органдары табиғат қорғау
жөнінде мынадай қызметтер атқарады:
- табиғи ортаны санитарлық қорғау жөнінен министрліктердің,
ұйымдардың,кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстарын үйлестіреді.
- табиғи ортадағы зиянды заттардың санитарлық нормаларын әзірлейді
және бекітеді, барлық шаруашылық нысандарына тиесілі санитарлық нормалар
мен ережелерді белгілейді.
- адамның денсаулығына қауіпті зиянды заттармен атмосфера ауасының, су
көздерінің, топырақтың ластанбауын қадағалайды.
- қоғамның, өмір сүру ортасының саулығы туралы, антропогендік
әсерлерден ондағы өзгерістерді болжап мәліметтер жинап, ақпараттық қызмет
атқарады. Санитарлық- эпидемиялық жағдайлары және табиғи ортаны сауықтыру
шаралары туралы халыққа хабарлайды.
4. Қазгидромет табиғи ортаның мониторингі иқызметін атқаратын басшы
ұйым болып табылады. Оған табиғи ортаның жай-күйін, ондағы өзгерістерді
қадағалауды ұйымдастыру, жүргізу жәнге болжау міндеттелген. Оның
қадағалайтын нысандары атмосфера, топырақ, жер бетіндегі су, теңіздер,ауыл
шаруашылық алқап пен өнімдер, ғарыш кеңістігі. Гидрометтің негізгі қызметі
табиғи ортаның жай-күй және ондағы өзгерістер туралы хабарландыру. Гидромет
жазалаушы не сақтандыру шараларын жүргізуші мекеме емес, табиғатты қорғау
тәртібін бұзушыларға ешқандай шара қолдана алмайды. Ондай шаралармен
мәлімет алған министрліктер, инспекциялар, ұйымдар, кәсіпорындар
айналысады.
Гидромет қызметінің жүйелері өздерінің тұрақты бақылаушыларының
тұрақты мәлімет алып тұрады.
5. Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және өндірістік апаттар
кезінде, төтенше жағдайларда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
айналысады.Оның экологиялық қызметі экологиялық апаттардың салдарын жою
туралы төтенше шаралар қолдану.
6. Жер комитеті жер ресурстарын есептеу, мемлекеттік жер кадастрін
жүргізу, жерді пайдаланушыларға беру және олардани алу, жерді қорғауды және
пайдалануды бақылау, жерге орналастыру қызметін басқару жұмыстарымен
айналысады. Өзінің жұмысын облыстық, аудандық территориялық органдары
арқылы атқарады.
7. Орман шаруашылығы комитеті орман өсіру, қорғау,пайдалану, орман
шаруашылығын ұйымдастыру,ағашы кесілетін орман бөліктерін белгілеу, ағаш
кесу билеттерін беру, орманды пайдалану ережелерін бұзушылармен
күресу,ормагн алқаптарын қалпына келтіру, молайту жұмыстарымен айналысады.
8. Балық шаруашылығы комитеті балық қорын өсіру, қорғау және
пайдалануды реттеу, балық аулау тәртіптерін, ережелерін белгілеу, балық
қорын есептеу, аулау шектерін нормаларын бекіту жұмыстарымен айналысады.
Балықтан басқа су жануарлары мен жәндіктері де оның қарамағында.
9. Ауыл шаруашылық министрлігі арнайы үш экологиялық қызметтер
атқарады:
- жануарларды есептеу, пайдалануды реттеу, аң аулауды бақылау
- Қазақстан территориясына жануарлар мен өсімдіктердің
ауруларының,зиянкестерінің болмауын, таралмауын бақылау.
- өсімдіктерді қорғаушы химиялық және т.б. заттарды қолдануды бақылау.
Бұлардан басқа да арнайы және территориялық органдар экологиялық
қызметтер атқарады.
10. Қазатом халықтың табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында атом энергиясын өндіру, тасымалдау, сақтау және халық
шаруашылығында пайдалану ядролық материалдарды, радиоқауіпті заттарды,
олардың негізінде жасалған өнімдерді пайдалану мәселелерін бақылайды.
11. Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қадағалау қызметі кен
өндіргенде, тағы басқа жағдайларда жарылыс, қопару жұмыстарының
қауіпсіздігін, жер қойнауынан пайдалану ережелерінің сақталуын бақылайды.
12. Кеден комитеті табиғат ескерткіштерін, жануарларды, құстарды,
өсімдіктерді, оның ішінде Қызыл Кітапқа жазылғандарды шетке әкетпеуді,
адамға және табиғатқа экологиялық қауіпті тауарлардың әкелінбеуін
бақылайды.
13. Ішкі істер министрлігі көліктердің және өзге өздігінен жүретін
машиналардың зиянды заттар шығарып атмосфераны, су көздерін, топырақты
ластамауын бақылайды. Табиғат нысандарын қорғайды, санитарлық нормалардың
орындалуын бақылаушы органдарға көмектеседі.
Табиғатты қорғау жөнінде арнайы қызметтер атқаратын органдармен қатар
өздерінің жұмыстары мен табиғат қорғау мәселесін шешетін басқарушы және
атқарушы органдар бар. Олар:
14. Экономика министрлігі, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын,
өндіріс күштерін дамыту жоспарларын жасағанда инвестиция саясатын
анықтағанда экологиялық мәселелерге баса назар аударады. Экология
министрлігі Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіпм экологиялық таза
технологиялар қолданылуын, аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды
өндіріске енгізуді, экологиялық таза өнімдер шығаруды дамытуды қамтамасыз
етеді.
15. Мемлекеттік стандарт қызметі тиісті сала органдарымен бірлесіп,
табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану стандарттарын
әзірлейді және бекітеді. Ол стандарттардың табиғатты қорғау заңдарына
сәйкестігі тұрғысында өнімдерге,өндірістерге қойылатын эколгиялық
талаптардың дұрыстығын бақылайды, оларға сараптама жүргізеді.
16. Картография қызметі геодезиялық картографиялық жұмыстармен
айналысады, басқа қызметтермен бірлесіп экологиялық карталар жасау, табиғи
ортаның мониторингі, табиғат ресурстарының кадастрларын жасау жұмыстарын
орындайды.
17. Қазіргі экологиялық құрылымдардың негізгі үш маңызды жақтарын
атауға болады:
- экологиялық сана қалыптастыру
- экологияны жақтаушылардың ұйымдастырушылық түрлерін жетілдіру
-экологиялық мақсаттарды жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдерін
жетілдіру.

Экологиялық сана қалыптастыру

Кез келген экологияны жақтаушы әрекеттер саналы түрде арнайы мақсатқа
бағытталады. Экологиялық сананың бастауы табиғат тыныштығын қорғаудан
басталады. Кейін, индустриялды даму кезінде, елімізде табиғатқа тұтынушылық
көзқарас қалыптасты.Табиғат ресурстарымыз мол деген сылтауымен мұндай
көзқарас өкімет пен үкімет тарапынан қолдау тапты және тікелей жүргізілді.
Осы негізде бұрынғы Кеңес Одағында адамдар табиғатқа бағынбайды, қйта
оны өзінің қажеттігіне қарай өзгертіп отыру керек деген қағида пайда
болды.Мичуриннің сөзімен айтқанда табиғаттан рақым күтпейміз, оның
бермесін тартып алуымыз керек.Мұндай мүмкіндіктер қуатты су каналдарын
салумен, өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен, яғни айналамыздағы шағын
өзгерістермен дәлелденді. Ресми ақпарат қоғамдық меншік пен жоспарды
экономикада, социалистік көзқарас үстемдік құрғанда табиғат пен қоғам
арасында ешқандайантогонистік қайшылықтар болуы мүмкін емес дегенді
халықтың санасына сіңіріп бақты. Бірақ, әрбір аймақтардағы экологиялық
тоқыраулар,апаттар, табиғатты қорғау жөніндегі экологиялық шаралар
нәтижесінің жеткіліксіздігі, экологиялық саясаттың кемшіліктері халықтың
наразылығын туғызып, бұл мәселеге көзқарасын өзгертті. Табиғи ортаны
ластауға, табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалануға, табиғат ескерткіштерінің
жойылуына халық қарсылығы артты.
Арал қасіреті, Чернобль апаты және т.б. техногендік апаттар халықтың
көзқарасын табиғатты қорғау қажеттігіне түпкілікті, біржола аударды және
экологиялық қозғалыстарға бастма болды, экологияныжақтаушыларды көбейте
түсті. 50-ші жж аяғында Бүкілодақтық табиғат ескерткіштерін қорғау ұйымы
құрылып, Одақтас Республикаларда;қалаларда, аудандарда оның бөлімшелері
ашылды. Оның артынан кәсіподақ, комсомол, пионер ұйымдарында табиғат қорғау
бөлімшелері қалыптаса бастады.
Бірақ 1985 ж. дейін олар қоғамдық өмірде елеулі күшке айнала алмады.
Экологиялық ұйымдардың қоғамдық күшке айналып, белсенділігінің артуына, бір
жағынан, экологиялық жағдайдың қиындауы, экологиялық саясатқа назарлықтың
артуы, екінші жағынан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Экология мен табиғат ресурстарын басқаруды талдауды реттеу
Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері
Жоба нысаны - қоршаған ортаны қорғау
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Экологиялық құқық
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Пәндер