«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы энергетикалық кәсіпорнының шаруашылық қызметін басқаруды талдау


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1 Басқарудың қажеттілігі мен мәні, мақсаттары мен міндеттері
2 Басқару есебі ұғымы мен пәні
3 Кәсіпорынды басқару функциялары
2 «МаңғыстауМұнайГаз» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2. 1 «МаңғыстауМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының баланс активтерінің орналасуын және құрамын талдау
2. 2 «МаңғыстауМұнайГаз» Акционерлік Қоғамын басқаруды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жалпы басқару ғылымдарының бір бөлігі ретінде ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасауының теориялық негіздері бірнеше ілімдер саласында зерттелінді-менеджменте, социологияда, антропологияда, психологияда, әлеуметтік психологияда, экономикалық ғылымдарда, құқықтануда және басқаларда.
Ұйымдардың іс-әрекетінің объективті жағдайының өзгеруі, көптеген жаңа көзқарастардың дамуына, ғылыми концепциялардың көбеюі, басқарудың меншіктен бөлінуі, нақты ғылым және адам жәйлі ғылымдардың дамуы ұйымдардың ғылыми тәсілдерін құруына, ықпалын тигізді. Бұл өмірге көптеген ғылыми идеялар мен ұйымның құрылу заңдылықтар туралы мектептерді, формальді және формальді емес, адамдың қатынастар туралы, әлеуметтік жүйелер туралы, жауапкершілік және қызметтердің бқлінуі туралы, шешім қабылдау теориясы туралы, басқару процесінің математикалық апраты туралы алып келді.
Қазақстанның қазіргі жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жүйелердің қиын және жантақгы ауысу процессі барысында үйымның калыптасуы мен тиімді қызмет етуінің кешенді негіздеудің маңызы зор. Үйымның басқару кұрылымына қойьшатын жаңа талаптарды рыноктың қатынастар, кәсіпкерлік белсенділік, әртүрлі меншік формаларына өту, мемлекеттік реттеу мен басқару функцияларының өзгеруі қойып отыр. Ғылыми негізделген принциптерге сүйеніп құрылған тиімді ұйымдар мен басқару табысты экономикалық реформаларды жүзеге асырудың басты шартына айналды. Өнімдер мен қызметтер бәсеклестілігі айтқанды үйымды басқарудың формалардың, әдістердің және құрылымдардың бәсекелестілігне айналды. Әрбір ұйымның тиімді қызмет етуі, қойылған мақсаты мен миссясын орындау, стратегиясының жүзеге асырудың маңызды шарты -
сыртқы орта өзгерістеріне бейімделген, қазіргі тенденцияларды ескере отырып қалыптастырылған басқару құрылымы.
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға беймдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады.
1 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДА БАСҚАРУ
1. 1 Басқарудың қажеттілігі мен мәні, мақсаттары мен міндеттері
Нарықтық экономиканың қарқынды да му кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Басқарудағы ақпараттық жүйе - ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Басқарудың мәнің оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару) .
Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:
- басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;
- басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі - кәсіпорын болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі корпорацмяларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін анықтауда және т. с. с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.
Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған. Меншік иесі - капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының бүртүтас жүйесі пайда болды.
Өндіріс орны техникалық, материалдық және адам ресурстарының күрделі қисындастыруы деп атауға болады. Техникалы-технологиялық жүйе мен кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен органикалық бірлікте болады. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін, ұйымдасу мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспекиілерді ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процессінде адамдардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастар жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және т. с. с. зерттейді.
Басқару теориясының маңызды мәселесі - басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін асыра сілтеу дұрыс емес, әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнән анықтай отырып, онда кез-келген басқа жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттайды .
Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т. с. с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.
Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.
Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процесстері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процесстерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.
Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.
Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылами негізделіп келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттардда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдануөнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі.
1. 2 Басқару есебі ұғымы мен пәні
Басқару есебі өз кезегінде басқаруды ақпаратпен қолдауды қамтамасыз етіп отырады.
Басқару есебі арқылы кәсіпорын менеджерлерінің қаржылық және қаржылық емес ақпараттарды дер кезінде анықтап отыруына өз үлесін қосады. Яғни, келесі қызметтер іске асырылады:
- Жоспарлау немесе болжау;
- Бақылау;
- Шешім қабылдау.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі экономикалық ақпараттарға сұраныс тудыратын экономикалық тұлғаларға: менеджерлер, акция ұстаушылар, инвесторлар, жалдамалы жұмысшылар, несие берушілер және мемлекеттік ұйымдар жатады.
Бухгалтерлік ақпаратты қолданатындар екі топқа бөлінеді:
- Ішкі қолданушылар, кәсіпорынның ішіндегі қолданыстар мен есептерді жүргізу;
- Сыртқы қолданушылар, кәсіпорын құрамына кірмейтін тұлғалардың қолданылуы.
Басқару есебінің негізгі мақсаты кәсіпорын құрамында қызмет ететін тұлғаларды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есеп жүйесінде ақпарат сыртқы қолданушыларға арналып дайындалады.
Басқару есебі мен қаржылық есепті салыстыру
Өндірістік және басқару есебі
Өндірістік есеп жүйесінде өндірістік қорлардың құнын бағалау үшін өндірістік шығындарды анықтайды. Осы өндірістік шығындар негізінде кәсіпорынды тиімді басқару, шешім қабылдау және бақылау, жоспарлау, көрсеткіштерді бағалау іске асырылады. Ал бұл дегеніміз басқару есебінің негізі болып табылады.
Басқару үрдісі және бухгалтердің басқару үрдісіндегі ролі
Басқару үрдісі келесі элементтерден тұрады:
- Жоспарлау
Жоспарлау үрдісінде бухгалтерлер жоспар құруға, шешім қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз етуге, баға құруда, инвестиция көлемін анықтауда оның жоспарланған мөлшерлемесін ұсына алады;
- Бақылау
Бақылау үрдісінде бухгалтерлер нақты нәтижелер арқылы оларды жоспарланған көрсеткіштермен салыстыра отырып, әрбір орталықтың қызметін бақылауды іске асырады.
- Коммуникация
Бухгалтерлер тиімді есеп беру жүйесі арқылы коммуникацияның дамуына үлес қосады. Мысалы, смета негізінде менеджерлерге жоспардың құрамы жеткізіледі, сондай-ақ сметадағы ақпараттар менеджерлер қызметіндегі координацияға пайдалы.
- Мотивация
Сметалар және есеп-қисаптар сметаның орындалуы туралы ақпараттары ұйымның персоналдарының мотивациясына басты әсер етеді. Смета менеджерді белгіленген мақсатқа жетуге ынталандырады. Өз кезегінде сметаның орындалуы туралы есеп-қисап белгіленген мақсаттың жоспары мен нақты орындалған істің нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді.
2 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
3 Кәсіпорынды басқару функциялары
Жоспарлау.
Амарикандық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты функциясы функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек, қашан, кім және қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай ресурстар қажет. Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша қызметтерді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау болып табылады. Жоғарыда аталған этаптар неғұрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланыста болса, соғұрлым басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі бір уақыт кезеңінде болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Жалпы сипаиттама бойынша жоспарлауға енетіндер:Сыртқы қоршаған ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оны орындауға қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау өнімдері жоспарлар жүйесі болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және оперативті. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортақ мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасынлда дұлыс бөледі. Белгілі өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып, әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты. Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі болып табылады .
Жоспарлау мәні - кәсіпорынның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты - болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады:
- ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларын таңдау;
- қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін немесе қатерлі жағдайларды жеңіп шығатынұйғарымды бағыт пен іс-қимылдарын тудыру;
- бақылау жүргізу үшін оперативиі қызметтердің стандарттарын қалыптастыру;
- өзгеріп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта қарау.
Болашақ мүмкіндіктер зерттеліп, сыртқы ортаның түрлі факторларының әсері анықталып, ықтимал шектеулер бағаланғаннан кейін кәсіпорынның болашақ іс-әрекет мақсаттары қалыптастырылады. Ең маңызды мақсаттар қатарына мыналар жатады: пайданың белгілі бір деңгейін, сату көлемін қамтамасыз ету, товарлардың жылдам өтуі, рынокқа ену, өнімдер сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарлату, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өндірісті ырғақпен, бір қалыпта жүргізу.
Фирманың басты мақсаты - белгіл бір пайда көлемін табу - ұйым қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады. Бұл үшін мақсаттар ағашын құрастыру әдісі қолданылуы мүмкін.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін:
- негізгі жалпыэкономикалық және рыноктағы жағдайлар, фирманың және оның бәсекелестерінің нарыққа тигізетін әсері, өткен мерзімдердегі сатулар мен түскен пайда туралы мәлімет қажет;
- ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып, әр берілген уақытта қызмет көрсету мен өндірістің оптималды құрылымын анықтау керек;
- қолда бар ресурстарды жедел есептеп және оларды икемді, шебер пайдалану қажет;
- жоспардың орындалу барысын бақылап және қажет болған жағдайда өз уақытында жоспарды түзетіп отыру керек.
Жоспарлау - тиімді басқаруды ұйымдастыруда жауапты да қиын жұмыс, өйткені көбінесе мақсаттарды, туатын мүмкіндіктерді, проблемалар мен альтернативаны белгілеуде орасан қиындық кездеседі. Сонымен қатар нарықты экономикада коньюктура ұдайы құбылып тұрғандықтан жоспарларды түзету, оны дәлірек анықтау қажеттігі жоспардың орындалуын қосымша қиындата түседі.
Ұйым жоспарларының өзара байланысы. Ұйымның стратегиясын қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін қажетті іс- әрекеттердің жалпы жоспары ретінде анықтауға болады; ал мақсаттар - болашақ іс белсенділігінің қалаулы түпкі нәтижелері деп анықтауға болады. Ұйым стратегиясы қоршаған жағдайды және күтпеген жағдайды есепке ала отыпып, кәсіпорын қызметінің болашақ перспективаларын зерттеу нәтижесінде туады. Ол үшін іс-әрекеттердің ықтимал бағыттар диапазоны қарастырылып немесеәрі қарай тәптіштеп зерттеу үшін бірнеше вариантын белгілейді. Болашаққа бағытталған жоспардың негізгі баптарын қойыоған мақсаттарға сай, сыртқы және ішкі факторларға сүйеніп орнатады.
Қандай өнім шығару не қызмет көрсету керек екендігін анықтайды, кәсіпорын ресурстарын және бәсекелестер күшін есепке ала отырып, рыноктағы өзінің іс-әрекетінің бағытын қалыптастырады.
Ортақ немесе негізгі мақсаттар келесі түрде орнатылады. Жоғарғы басшылар әр бөлімше үшін бірнеше жылдық кезеңге алғы бастағы жалпы және таза табыс шамасының түрлі варианттарын ұсынады. Әр бөлімше әбден талқылағаннан кейін өздерінің ой-тұжырымдарының білдіреді, одан кейін оны штаб қызметкерлері мен тікелей басшылар алдын-ала дәйекті талқылайды. Сөйтіп, жалпы стратегияны жобалауға негіз салынады. Бекітілген мақсаттар кәсіпорын не оның болімшелері үшін өзгергенге дейін өз күшін сақтайды.
Стратегиялық жоспарды құру кезінде көптеп қабылданған шешімдер ішінде кәсіпорынның жалпы, басты мақсаттарын белгілеу маңызды орын алады. Қалған шешімдердің маңыздылығы төмендеу, олар ортақ мақсаттарды тиімді орындау үшін арналған.
Ұзақ мерзімді жоспарларға тән мына ерекшеліктерді атап өтуге болады:
- жоспарлар әдетте іс-әрекеттің тек бір стратегиясын қамтып көрсетеді;
- қоршаған ортада қолайлы мүмкіндіктер немесе қатерді талдағанда кәсіпорынның барлық әлсіз және күшті жақтары бағаланады;
- жоспарлар әдетте алғы шарт пен болжауларды қамтиды, бірақ олар тәптіштеліп жасалынбайды. Көптеген жағдайларда тәуекелділік дәл анықталмайды, алайда есептеуіш техникалардың дамуы және қолдануы жақсарған сайын тәуекелділікті талдау мен ықтималдылықты бағалау жиі ескерілетін болды;
- жоспарлар кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерін белгілейтін нақты мақсаттарға негізделеді. Мақсаттар қаржы көрсеткіштері арқылы тұжырымдалады;
- ұзақ мерзімді жоспарда қаржы жағына көп назар аударылады. Жоспарланатын бүкіл іс-әрекет қаржылық сипаттамалармен бейнеленіп, тиісті құжаттарда қамтып көрсетіледі.
Бүкіл кәсіпорынның стратегиялық жұмыстарын белгілеу жұмысты аяқталған соң, мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін олар, көрсеткіштер жинағы түрінде беріледі.
Бұл өндірістік кәсіпорындардың басқару жүйесінде қолданылатын іріктелген стандартты көрсеткіштер.
Тиімді жоспарлау жүйесін құрудың қажетті шарттарының бірі болып ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлардың өзара үйлесімдігі танылады. Ол үшін басқарушылардан жоспарлау пәнін тек түсініп қана қоймай, сонымен қатар жоспар жасауды жеңілдететін талдау құралдамасына ие болу, оны жаңартуға және іс жүзіне асыруға дайындық керек. Осы күнгі информациялық технологияны қолдану арқасында жоспар құрастыру дәрежесі өсуде және жан-жақты жобаларды тығыз үйлесуімен олардың орындалуын дәл бақылау үшін көп мүмкіндіктер туды.
Жоспарлаудың ұзіліссіздігі және икемділігі, жоспардың орындалу фазасы оның жобалану фазасының тікелей жалғасы деп қарастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Теория жоспардың орындалу мәселесін шешу үшін бір қатар тиімді ұйымдастырушылық әдістерді ұсынуда. Олардың бірі болып мақсат боынша басқару әдісін атауға болады.
Бұл әдіс бойынша кәсіпорынның ресми перспективалық жоспарымен сабақтасқан әр басқарушылардың жеке жоспарларын жасау арқылы жоспарлаудың үзіліссіздігі мен икемділігін қамтамасыз етеді. Басқарушы мен оның қол астындағы қызметкерлердің жоспарларын үйлестіретін прцедураларды тиісті түрде ұйымдастырылса ықылас, ынта өсіп ой-туу интенсивтілігі елеулі жоғарлайды. Мұнда әрдайым жоғары басшылар жағынан мұқият бақылауды және жеке жоспарларды үнемі қайта қарауды және уақытында қайта қарауды және уақытында қаралуды талап етеді.
Бұл процедуралар арнайы, болашаққа бейімделген кадрлар біліктілігін жоғарылату мен оларды тиімді қолдану бағдарламасымен толықтырылады. Мұндай мақсаттарды орындау процедуралары және қызметкерлердің мотивациялау бағдарламалары жоспарды жақсартуына және оның тиімді орындалуына өз себебін тигізеді.
Ұйымдастыру.
Кәсіпорын басшысы ұйым құру проблемасымен кездеседі. Адамдар топты әрекетесудің артықшылықтарын түсінгеннен кейін бері бұл мәселені шешуге әрдайым зейін аударып отырады. Басшылар ұйым құрылымын жобалау үшін белгілі бір теориялық негіздерге суйенулері қажет.
Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл процесс көмегімен жұмыстар мен өкілеттіктер құрылымы жасалады. Бұл процесс кезінде түрлі артықшылықтарын бағалай отырып шешім қабылданады. Ол бір ретте немесе бірте-бірте дамуы мүмкін, онымен бір басшы немесе басшылар тобы шұғылдануы мүмкін.
Құрылым кәсіпорын ішіндегі әр түрлі жұмыстар арасындағы біршама белгіленген арабайланыс қатарына жатады. Тұрақты арабайланыстар шешімдер қабылдау прцесінің нәтижесі болып табылады, ал соңғысы мынаны түсіндіреді:
- Бөлімнің жалпы тапсырмасы тізбектелген ұсақ жұмыстарға бөлінеді және оның әрқайсысын орындау үшін бөлім қызметкерлері маманданады;
- Жұмыстардың жеке түрлерін қайтадан қиыстырып топты құруды рационалдау үшін топтастырады; бөлімдерге бөлудың мәні осында жатыр;
- Бір бастық алдында есеп беретін топтың шамасы анықталуы тиіс; бұл жерде әңгіме бақылау мәселесі туралы туады;
- Өкілеттіктер жұмыстар немесе жұмыс топтары арасында үлестіріледі. Бұл жерде өкілеттіктерді табыстау туралы мәселе шешіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz