Корпорация табыс салығының мәні және бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі


ЖОСПАР
КIРIСПЕ . . . 3
I КОРПОРАЦИЯ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ . . . 4
- Салық туралы жалпы түсiнiк және оның түрлері . . . 4
- Корпорацияға табыс салығы және оның басқа салық түрлерiнен ерекшелiгi . . . 7
II КОРПОРАЦИЯ ТАБЫСЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ . . . 9
- Қазақстан корпорациялары табысына салық салуды ұйымдастыру және оның құқықтық негізі . . . 9
2. 2 “Қазақтелеком” АҚ-ның табыс салығы . . . 15
ІІІ ҚР-сы президентінің жолдау негізінде ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР табысЫНА салық салу . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 24
КIРIСПЕ
“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы бюджет қорына белгiлi бiр көлемежәне белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi төлем ретiнде қарастырылады.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш қызметтерi бар:
- Фискалдық;
- Рететушiлiк;
- Бақылаушылық.
Салық көзi - салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерiмдердiң айырмасы ретiнде анықталады.
Осы мемлекеттiң қаржы ресурстарының бастапқы категориясы және мемлекеттiк қызметтердi iске асырудың негiзi болып табылатын салықты жан-жақты талдап, салық салу механизмiнiң қызмет етуiн, салықтың негiзгi элементтерiн және осы салық салудың негiзгi түрлерi болып табылатын корпорациялық табыс салығының экономикалық мәнiн ашып, оны салудың механизмiн және оның салықтың басқа түрлерiнен ерекшелiгiн қарастрыру осы тақырыптың өзектiлiгi болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Корпорация табыс салығының мәні және бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі” деп алдым.
Осылардың iшiнде корпорациялық табыс салығы бюджет түсiмдерiнде едәуiр орын алады. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Менiң осы тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiме : салық және салық салу механизмi туралы жалпы тоқталу, салықтардың түрлерiн және олардың ерекшелiктерiн қарастыру, тiкелей салық түрiнiң негiзi болып табылатын корпорация табысына салық салудың маңыздылығын және оның iске асырылу барысын қарастыру және елiмiздегi сақтандыру, коммерциялық емес ұйымдарға және шетел тұлғаларының табыстарына салық салудың қағидаларын талдау болып табылады.
І КОРПОРАЦИЯ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. 1 Салық туралы жалпы түсiнiк және оның түрлері
Салық барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық құрылысы мен саяси iс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi - ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық тетiгi, мемлекеттiң кiрiстерiн және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар - бұл мемлекет бiржақты тәртiппен белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн, қайтарусыз және баламсыз сипаттағы ақшалай және заттай мiндеттi төлемдер. /1/
Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы бюджет қорына белгiлi бiр көлемежәне белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi төлем ретiнде қарастырылады.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық-әлеуметтiк маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей қызметтерi бар:
- Фискалдық;
- Рететушiлiк;
- Бақылаушылық. /2, 23 б/
Салықтардың бiрiншi қызметi - фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз еетдi.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер - салықтар.
Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып табылады. Салықтар - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:
- Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.
- Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық қатынастарын көрсетедi.
Салықтар жалпы шығу тегi мемлекеттердiң пайда болуымен қатар өмiр сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық көзi болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, оның құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi және сяртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр деңгейде қаржының көздерi керек екенi белгiлi. Ал салықтар болса осы мемлекет қаржысының негiзгi қайнар көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы дамытуға, ынталндаруға және экономиканың маңызды, дамуды қажет ететiн салаларына қолдау құралы ретiнде пайдаланылады. /3, 18 б/
Осы салық салуға байланысты әр дәуiрде мемлекет қайраткерлерi. Экономистер, философтар, аңгерлер көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф. Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етiлген нысаны” ретiңде анықтаса, салық салу теориясының негiзiн салушылардың бiрi А. Смит “Салық төлеушiлер құлшылықтың белгiсi емес, бостандықтың белгiсi” деп тұжырымдаған.
Салықтардың екiншi маңызды қызметi ол реттеушiлiк қызмет. Реттеушiлiк қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның iшiндегi негiзгi тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi. Салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қойиай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау шаралары, мемлекттiк маңызы бар өндiрiстер мен өнеркәсiп салаларын қолдау мақсатында қажет болып табылады. Әрине салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн олардың басқа да экономикалық құралдармен және саясаттармен тығыз байланыста болуы қажет. /4, 39 б/
Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы, әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi 35-40 пайыздан аспауы қажет.
Салық механизмiмiн, оның iшiнде салық ставкаларының деңгейiн зерттеген ғалымдардың тұжырымдароы мынаны дәлелдейдi:
- Егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50%-нан асып кетсе, онда ол өндiрiстiң тоқтап қалуыа әкелiп соқтырады. Себебi, рыноктағы кәсiпорындар өздерiнiң өндiрiс шығындарын жаба алмай қалады.
- Ешер салық мөлешi салық төлеушi табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өндiрiске әкеледi.
- Егер салық мөлшерi салық төлеушi табысының 35-40%-ы мөлшерi аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.
Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазiргi кездегi ставкасы 30%, а ауылшаруашылығындағы өндiрiс оырндары үшiн ол шама 10% ғана болып отыр.
Шаруашылық субъектiлер мен халықтар табысының бiр бөлiгiн мемлекеттiң орталықтандырылған қаржы көздерiне айналдыру салықтардың ұдайы өндiрiстегi қызметiн көрсетедi.
Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәлiметтер бойынша Қазақстанның ЖIӨ-гi салықтардың үлес салмағы 20% шамасында болып отыр.
Салықтардың экономикадағы келесi негiзгi қызметi ол бақылаушылық қызметi, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы салық механизмiнiң қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына баылау iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет саясатының жетiлдiру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиiмдi жргiзу арқылы салықтық тәртiптi қатаң сақтау, салық төлеушiлердiң заңға сәйкес төлейтiн салықтары мен алымдарын толық және уақтылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етiледi.
Барлық өркениеттi елдерде салықтардың бүкiл жиынтығы салық iсiн тиiмдi ұйымдстыру мақсатында салықтарды белгiлi топтарға бөлiнiп, келесiдей жiктеледi:
- Салық салу объектiлерi бойынша;
- Қолданылу тәртiбiне байланысты;
- Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билiк жасайтын органға байланысты;
- Экономикалық ерекшелiгiне байланысты;
- Салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай;
Салық салу объектiсiне қарай салықтар тiкелей және жанама салықтар болып бөлiнедi. /6, 229 б/
Тiкелей салықтар тiкелей табысқа немесе мүлiкке салынады. Тiкелей салықтарға мынадай салықтар жатады:
- Корпорациялық табыс салығы, бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
- Жеке табыс салығымемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiiнң басты көздерiнiң бiрi және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өмiрiне тiкелей әсер ететiн салықтың бiр түрi болып табылады.
Осы табыс салығын төлеушi болып салық жылы iшiнде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әрбiр салық төлеушiлер табыс салығын өздерi тұрған жерi бойынша төлеудi жүзеге асырады. Жеке табыс салығын салу объектiлерiне келесiлер жатады:
- төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
- төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар;
1. 2 Корпорацияға табыс салығы және оның басқа салық түрлерiнен ерекшелiгi
Корпорациялық табыс салығы - заңды тұлғалардың табысына салынатын жалпы мемлекеттiк тiкелей салық болып табылады.
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсiмдерiнде едәуiр орын алады (25%) . Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Негiзгi шектерде бұл механизм заңдамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның iшiнде кәсiпкерлiк қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейдi. /6, 237 б/
Корпорациялық табыс салығын салудың көрiнiсi 1-шi суреттегiдей көрiнiс табады:
Мыналар - салық салынатын табыс, төлем көзiнен салық салынатын табыс және Қазақстан республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.
Салық салынатын жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексiне сәйкес жасалған түзетулердi ескере отырып, заңнамалы түрде белгiленген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық заңнамасына сәйкес түзетiлуге тиiс.
30% 20% 15% 10% 5%
Сурет-1 - Корпорациялық табыс салығын есептеу және өндiрiп алу
Корпорациялық табыс салығында салық төлеушiлер болып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттiк мекемелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Резидент-заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс табыстардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталып, оған тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады. /1/
II КОРПОРАЦИЯ ТАБЫСЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ БЮДЖЕТ КІРІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
2. 1 Қазақстан корпорациялары табысына салық салуды ұйымдастыру және оның құқықтық негізі
Ендi Қазақстан Республикасындағы соңғы бiрнеше жылдағы корпорация табысының жалпы табыстардағы үлесiн келесi кестеден көре аламыз:
Кесте 1
ҚР-ның мемлекеттiк бюджетiндегi корпорациялық салықтардың үлесi
Көзі: Қазақстан Республикасының Заңы «2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы».
Салық кодексiне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегiлердi қоса, салық төлеушiнiң табыстарының барлық түрлерi қамтылады:
- тауарларды (жұмысты, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн табыс;
- үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
- мiндеттемелердi есептеп шығарудан түсетiн табыс;
- күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс;
- мүлiктi жалға беруден түсетiн табыс;
- борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
- кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар:;
- шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;
- кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасын кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
- ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
- бұрын негiзсiз ұсталып, бюджеттен қайрылған айыппұлдардың басқа борышкерлерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, санкциялардың басқа да түрлерi, егер сомалар бұрын шегерiп тасталмаған болса;
- дивидендтер;
- сыйақылар;
- ұтыстар;
- роялти;
- әлеуметтiк сал объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артығынан пайда болған табыстар. /7, 234 б/
Алынған жиынтық жылдық табыс түзетiлуi, яғни салық төлеушiнiң бұл табысынан мыналар алып тастауы тиiс:
- Қазақстан Республикасындағы төлем кезiнен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасынан алынған дивидендтер;
- эмитент өз акцияларын орналастыру кезiнде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуi және өз акцияларын өткiзу кезiндегi құн өсiмi;
- қор биржасының “А” және “В” реми тiзiмдерiнде тұрған акциялар мен облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен алынған табыс;
- мемлекеттiк бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
- табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте iзгiлiк көмек түрiнде алынған және мақсатты түрде пайдаланған мүлiктiң құны;
- мемлекеттiк кәсiпорынның Үкiмет шешiмi негiзiнде мемлекеттiк органнан немесе мемлекеттiк кәсiпорыннан өусiз негiзде алған негiзгi жабдықтардың-құны;
- зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар.
Шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезiнде шегерiлуi тиiс.
Салық шегерiмдерi деп салық төлеушiнiң заңнамамен реттелмеген шекте жиынтық жылдық табыс алумен байланысты шығындарын айтады. Оларға өткiзiлген тауарлар, соның iшiнде мына шегерiмдер жатады:
- қызмет бабындағы iссапарлар кезiндегi және өкiлдiк шығыстар бойынша өтем сомалары;
- сыйақы бойынша;
- төленген күмәндi мiндеттемелер мен күмәндi талаптар бойынша;
- резервтiк қорларға аударымдар бойынша;
- ғылыми-зерттеу, жобалау, iздестiру және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша;
- табиғи ресурстады геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа шегерiмдерi;
- терiс бағамдық айырма бойынша;
- тiркелнген активтер бойынша және басқа шегерiмдер. /6, 248 б/
Шегерiмдерден кейiнгi салық салынатын табыс түзетiледi. Салық төлеушiнiң салық салынатын табысынан оның екi пайызы шегiнде әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары, коммерцияллық емес ұйымдарға өтеусiз берiлген мүлiк, жеке тұлғаларға берiлген атаулы әлеуметтiк көмек шығарылып тасталуы тиiс. Салық төлеушiлер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзiмге берiлген негiзгi құралдардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасына, кейiннен оларды лизинг алушыға бере отырып азайтады.
Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 30% болып белгiленген. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнiң салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзiнен салық салынатын табыстар - дивидендтер, депозитер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы, борыштық бағалы қағаздар бойынша купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзiне мынадай мөлшерлемелер бойынша салық салынуға тиiс:
- дивидендтер, қатысу үлесiнен түскен табыстар және сыйақылар - 15%;
- тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтық сыйақылары - 10%;
- тәуекелдердi қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтық сыйлықақылар - 5%;
- халықаралық тасымалдарда көлiк қызметтерiн көрсетуден түскен табыстар - 5%;
- жоғарыдағы 1-4 тармақшаларда көрсетiлген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары - 20%. /6, 229 б/
Корпорациялық табыс салығына қосымша бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алынған таза табысына 15%-дық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Таза табыс деп есептелген корпорациялық таза табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табысты айтады.
Барлық түсімдер бюджеттер деңгейлері арасында кірістер жіктеуіне сәйкес бөлінеді. Сондықтан Бюджеттік кодексте бюджеттің әрбір деңгейі бойынша сәйкестік түсімдер анықталып бекітілген. Мысалы, республикалық бюджет кірістерінің 1 санаты «Салықтық түсімдер» бойынша тағайындалған:
- 01 сынып - Табыс салығы;
- 1 ішкі сынып - Корпоративтік табыс салығы;
- 01 ерекшелік - Резиденттер - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы (код 101101) ;
- 02 ерекшелік - Резидент емес заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы (код 101102) және осылай жалғаса береді;
- 05 сынып - Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар;
- 1 ішкі сынып - Қосымша қүнға салық;
- 01 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша қосымша құнға салық (105101) ;
- 02 ерекшелік - Ресей Федерация аумағынан шыққан және импортталған тауарлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосымша құнға салық (код 105102) ;
- 04 ерекшелік - Резидент емес үшін қосымша құнға салық (код 105104) және осылай жалғаса береді;
- 2 ішкі сынып - Акциздер;
- 29 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса шикі мұнай (код 105229) ;
- 41 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағына импортталған спиртгің барлық түрі (код 105241) және осылай жалғаса береді;
- 3 ішкі сынып - Табиғаттың және басқа да ресурстарды пайдаланғаннан түскен түсімдер;
- 02 ерекшелік - Үстеме пайдаға салынатын салық (код 105302) ;
- 05 ерекшелік - Бонустар (код 105305) ;
- 06 ерекшелік - Роялти (код 105306) және осылай жалғаса береді;
- 06 сынып - Халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша салықтар;
- 1 ішкі сынып - Кедендік төлемдер;
- 02 ерекшелік - Сырттан енгізілетін тауарлар бойынша кедендік баж (код 106102) және осылай жалғаса береді;
- 07 сынып - Басқа да салықтар;
- 1 ішкі сыньш - Басқа да салықтар (код 107109 республикалық бюджет түсімдері, код 107110 жергілікті бюджет түсімдері) .
Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады және бұл салық бойынша аванстық төлемдердi бюджетке салық кезеңi iшiнде белгiлi мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz