Ақша қаражатының есебі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлі
Қазақстан университетінің колледжі
Бухгалтерлік есеп пәнінен курстық жұмыс
Тақырыбы: Ақша қаражатының есебі
Орындаған:
Тексерген:
Еркен Петропавл қаласы -2016жыл
[Выберите дату]
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 3
1-Бөлім. Ақша қаражатының есебі
Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы
1. 1. Есеп айырысу нысандары . . . 4
1. 2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу . . . 6
.
1. 3. Чектермен есеп айырысу . . . 8
1. 4. Весксельдер арқылы есеп айырысу . . . 10
1. 5. Төлем карточкаларының есебі . . . 15
1. 6. Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырсу . . . 18
1. 7. Кассадағы қолма - қол ақшаның есебі . . . 20
2-Бөлім . Ақша есебі
2. 1. Есеп айырысу шотындағы қолма- қол ақшаның есебі . . . 24
2. 2. Қолма -қол ақша жарнасына берілетін хабарлама . . . 25
2. 3. Валюта шотындағы қолма- қол ақшаның есебі . . . 27
2. 4 . Валюталық бақылау . . . 28
2. 5. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу . . . 29
2. 6. Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгелдеу . . . 31
Қорытынды . . . 32
Қосымша . . . 33
Қолданылған әдебиет . . . 34
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп саласы Қазақстан Республика экономикасының дамушы секторының бірі болып саналады.
Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшіруінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді.
Бүгінгі күні Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі - бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандартар мен нормалар талаптарынан сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекеттің экономикасының тұрақты өсуіне әсер етеді.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда олардың орны ерекше. Қаржы, несие институттары мен операцияларының қайта бағытталуына байланысты бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп - экономиканың білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі.
Қазіргі заман бухгалтері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білім арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеру, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа қоғамдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан. Сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, ақша қаражатын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жасауға және тонауға қарсы күреске бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша бағаламауға болмайды.
Экономика саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындарының бірін шешеді.
«Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философия» -деп ғалым Фаулки.
1- Бөлім.
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1. 1 Есеп айырысу нысаны
Барлық шаруашылық жүргізу субектілері өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысаныда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттармен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы, төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АКЕ) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланады. Егер де контракт сомасы келтірілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз төлемде орындалуы керек, олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің 4000АЕК -тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - бұл банк шоттары банктер мен құрлымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттар - бұл банктік шоттар, бірақ ол жеке және заңды түлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда барымен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнім валютаға салатын суюъект үшін ашылады.
Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражаттардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражаты есептен шығаруға соттың, мемелекетік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілу мүмкін .
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асырудың келесі әдістері :
- қолма -қол ақшаны аударуды;
- төлем тапсырманы ұсынуды;
- чектерді беруді;
- вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
- төлем карточкасын пайдалануды;
- дебеттік банкі шоттарына аударуды республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
- төлем тапсырма;
- чек;
- вексель;
- тапсырма - талап төлемдері;
- кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачотқа да жатқыза алады.
Ақша қоймасы - бұл ақша қаражаттары және басқа құндылықтар мен құжаттары сақтау мақсатында кассалық жұмыс үшін банктерде арнайы ұйымының бөлшегі.
1. 2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Төлем таппсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы -материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын - ала төлем жасаған кезде аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот - фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жасалып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінде олар 2 данада толтырылады: біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефицарға жіберіледі, ал екінші иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады. Төлем тапсырманың нысанын 201 бетте келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру негізінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасынаң нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (инддетификациаланған) коды ЖТК/ИИК;
- Жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- Бенефициардың коды(БК немесе КБЕ) және жіберушілердің коды ) ЖК немесе КОД ) - бұл кодтар екі символдан тұрады:
Біріншісі -резиденттік белгісін ;
Екіншісі- экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар - аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы ;
- банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім - шарттың негізінде:
- жіберушілердің теңестірілген немес теңдестірілген
( идентификациаланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК ) - филиал аралық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;
- төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік - құқықтық актісімен белгіленген жіне соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден ) тұрады;
- бюджеттік классификациясының ( жіктемесінің ) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына қаша қаражатын аударған күн төлем жасаушының ынтасамен анықталады.
Төлем қаражатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары : жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқаларбойынша жүзеген асырылады: аваныстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарларүшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегіішінара төлемдер. Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер щарттық қатынастар аясында талаптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмейтіндей етіп жасауы керек.
Субъектілер - жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық өаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай - ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасөан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
1. 3. Чектермен есеп айырысу
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кез келген ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді.
Біріншісі - депозиттермен қамтылған, ал Екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөніндегі банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім - шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкті белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылданған күннің ертеңінен чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталмаса :
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзелулер бар болса) ;
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек) ;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі жабу сомалары жеткіліктіболмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса;
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өнделуін тез арада тоқтатады.
Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данадан болады;
Біріншісі- банкте қалса;
Екіншісі- көшірмесімен бірге, ішкі істер органдарына беріледі;
Үшіншісі; - Клирингтік палатаға беріледі
Төртіншісі- чекті беруші банкке беріледі;
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байданысты чекті беруші банкке қайтарылады. Чектермен есеп айырысу, яғни чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады.
1. 4. Вексельдер арқылы есеп айырысу
Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло- вексель) - талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің үшінші тұлғаға бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұрынғы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді.
Вексель - құжат мәтініне енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы-тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жаслатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұрастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (процентік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздық есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді .
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде «Бұйрыққа емес» немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.
Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім- шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайдарының бірі шектелетін болса, онда оған қол қлйылмаған, яғни жазылмаған болып есептеледі.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аудара вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол қойылуы тиіс. Индоссамент аудара вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай - вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссан акцепт пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдына жауап бермейді. Қолында аударма вексельі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бір қатар индоссамент жасау арқылы негіздемесе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмалған деп есептелінеді. Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып есептеледі.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бір бөлігін аваль арқылы қамтамасыз етуге болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль - вексель бойынша кепілдік, оған байланысты аваль жасаған тұлға вексель бойынша мінлетті басқа адамдырдың міндеттемелерңн орындалуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Авальшы - аваль жасалған тұлға.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол «Аваль деп есптелсін» деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль векесль беруші үшін берілген деп есептеледі.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы жәнеаударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.
Аударма вексель ақы төлеу ұшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілу мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төлену тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасалуға ұсынылуы мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген мәнімен, не қарсылық білдіру үкнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцепке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған болып есептеледі.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынылғаннан кейін белгілі бір уақыттқа белгіленген аударма вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынылуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсынылуы төлемге ұсынғанмен бірдей болып есептелінеді. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол бұл туралы қолхат беруі тиіс.
Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімімен бұрын алуға мәжбүрлемеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасаушы өз тәуекелдігіне алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz