Микоплазмоз


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе . . . 1 бет

IІ. Негізгі бөлім . . . 2-10 бет

А) Микоплазмоздың марфологиясы

Б) Миколазмоздың қоздырушысы

ІІІ. Қорытынды . . . 11 бет

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12 бет

Кіріспе.

Микоплазмоз тобы адамдарда микоплазмалармен тудыратын ауру. Олар антропонозды бактериялық инфекция. Алғашқы рет 1898ж. микоплазмаларды Э. Нокар, Э. Ру, А. Боррель байқаған. 1910ж. Ж. Борде мен А. Боррель қоздырғыштың толық морфологиялық сипаттамасын берген. 1929ж. К. Новак «микоплаз­малар» деген атауды ұсынған. 1931ж. бактериялық сүзгіштердің көмегімен Эльфорд микоплазманың көлемін анықтаған. 1937ж. алғашқы рет Дианес пен Эдзалл бартолин бездерінің абцесінен бөлінген іріңнен адамдарға патогенді микоплазмаларды бөліп алған. 1944ж. М. Итон атипті пневмониямен ауырған науқастан микоплазмаларды бөліп алған. 1954ж. уретритпен ауырған науқастан Шепард патогенді Ureaplazma urealyticum бөліп алған. 1962ж. В. Д. Тимаков пен А. С. Про­зоровский респираторлы микоплазмоздың қоздырғышы Mycoplasma pneumoniaeекндігін дәлелдеген.

Микоплазмалардың морфологиясы

Таксономиясы .

Класы : Mollicutes. (жұмсақ терілік деген мағына береді) .

Тұқымдастығы: Mycoplasmataceae.

Туыстастығы : 1. Mycoplasma. 2. Ureaplasma

Түрі : M. pneymoniae, M. hominis, M. genitalium, .

Түрі: Ureaplasma urealyticum.

«Микоплазма» термині Mycoplasmataceae және Acholeplasmataceae тұқымдастықтарына жататын барлық микробтар үшін қолданылады. Микоплазмалардың негізгі таксономиялық белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.

Морфологиясы . Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.

Микоплазма - ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Микоплазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі - элементарлық денешіктері. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен, жіпшелерінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінді болады. Біртіндеп ұзарып жіпшелер құрастыруы мүмкін. Прокариоттар ішінде геномының көлемі бойынша ең кішісі - микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей) . Микоплазма пенициллинге тұрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді.

Дақылдандыру. Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына дақылдандыратын қоректік орталар міндетті түрде күрделі болуы керек. Олардың құрамына аминқышқылдары, нуклеин қышқылдарының алғашқы құраушы заттары, холестерин және т. б. заттар кіреді. 1, 3% агары бар табақшаларда микоплазмалар тек қана микроскоппен өтпелі жарық арқылы қараған кезде көрінетін колониялар түзеді. Колониялардың түрі «қуырылған жұмыртқаға» ұқсас болады. Уреаплазмалардың колониялары одан да ұсақ, түйреуіш ұшы сияқты болады. Мимкоплазмаларды сорпада өсіргенде орта сәл лайланады, уреаплазманы өсіргенде орта өзгермейді. Жартылай сұйық агарда (0, 3%) түтікше ұшы енген жолында ғана сәл «шаңдану» байқалады. Глюкозаны ферменттейтін микоплазмаларға (M. genitalium, M. fermentans) өсіру үшін қоректік ортаға глюкоза қосады, аргининді қорытатындарға (M. hominis) - аргинин, уреаплазмаларға - мочевина қосады. Микоплазма немесе уреаплазманың өскендігін бақылау үшін қоректік ортаға индикатор қосады. Глюкозаны ферментациялаған жағдайда қышқыл бөлініп ортаның рН қышқыл жағына қарай өзгереді, L-аргинин мен мочевинаны ферменттеген жағдайда аммиак бөлініп ортаның рН-шы сілтіліге өзгереді.

Уреаплазмалар қанттарға инертті, диазабояуларын өзгертпейді, каталазасы жоқ; орқоян мен теңіз шошқаларының эритроциттеріне бетта-гемолитикалық белсенділік танытады, гипоксантин түзеді. Уреаплазмалар фосфолипаза, А иммундыглобулинді ыдырататын арнайы протеаза бөледі.

Антигендік қасиеті мен п атогенділік факторлары . Күрделі, жасуша мембранасында түрспецификалық антигені бар. Жоғарғы жиілікке ие мутация нәтижесінде антигендік полиморфизмі айқын байқалуымен ерекшеленеді. Химимялық құрамында полисахаридтер, ақуыздар, гликопептидтер болады. Ақуыздардың басым көпшілігі мен липидтер мембрана құрамына кіреді.

Патогенділік факторлары әртүрлі және құбылмалы. Негізгі патогенділік факторлары: адгезиндер, токсиндер, агрессия ферменттері және метаболизмнің өнімдері. Мембраналық ақуыздардың кейбіреулері адгезиндер рөлін атқарады.

Резистенттілігі. Қоршаған ортада тұрақсыз. Жоғарғы температураға, ылғалдылыққа, ультракүлгін сәулелерге шыдамайды. Ортаның рН-шы - 7, 5-8, 0, уреаплазмалар сілтілі ортаға өте сезімтал, оптимальды рН 6, 0+/-0, 2. Микоплазмалар және уреаплазмалар фторхинолондарға, цефалоспориндерге, азалидтерге, тетрациклиндерге сезімтал. Кең қолданылатын антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал.

Эпидемиологиясы. Табиғатта микоплазмалар кең таралған. Инфекция көзі - ауру адам, тасымалдаушы. Таралу механизмі - аэрогенді, негізгі таралу жолдары - ауа-тамшылы, жыныстық қатынас арқылы. Ауруға адамның сезімталдығы жоғары. Ауру оқиғаларының жиілеу мезгілі - жаз айларының аяғы мен күз айлары.

Уреаплазманың жұқтыру көзі - ауру адам. Жыныстық жолмен жұғатын ауруларға (ЖЖЖА) жатады, сезімталдығы жоғары. Негізгі қауіпті топтары - гомосексуалистер мен жезөкшелер. Ерекшелігі - жиі соз, трихоманоз, кандидоз ауруларымен бірлесіп ауру тудырады.

Патогенезі мен клиникалық көрінісі. Микоплазмалар қоздыратын инфекцияларға ғана тән сипаттамалары жоқ. Клиникалық-морфологиялық белгілері бойынша микоплазмалық инфекциялар басқа бактериялық қоздырғыштар, хламидиялар, вирустар, саңырауқұлақтар т. б. тудыратын патологиялармен ұқсас болып келеді. Сондықтан дер кезінде анықтап, клиникалық диагноз қою қиын. Микоплазмалық инфекциялар жедел түрде өтуі мүмкін, бірақ созылмалы күйге жиі ауысып кетіп отырады.

Олар жоғарғы тыныс алу жолдарының эпителтоциттерінің мембраналық паразиттері болғандықтан фагоциттер мен эпителиоциттерде персистенцияланады. Бронхтар мен альвеолардың эпителиялық жасушаларына супероксиданттардың токсикалық әсер етуінің салдарынан бронхтар мен өкпеде қабыну дамуын, бауыр, ми басқа да ағзаларға гематогендік диссеминациялануын, уретраның цилиндрлі эпителиялық жасушалар мембраналының зақымдануын тудырады.

Патологиялық үрдіс сипаттамасы қоздырғыштың ену қақпасына байланысты. Мысалы: M. hominis фарингитпен қатар урогениталдық жолдар инфекциясын қоздыра алады. Құрсақішілік ұрықтың микоплазмозы кезінде инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарында, урогениталдық жолдарда, ОЖЖ-де дамиды.

Микоплазмалық инфекциялар әртүрлі иммундық патологиялық реакциялармен қатар жүретіндіктен инфекция ағымы күрделіленіп, науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар түрлі аурулардың кофакторлары бола алады: ЖИТС, ісіктік үрдістер, артриттер және этиологиясы белгісіз түрлі синдромдардың (созылмалы шаршағыштық, Крон ауруы т. б. ) себепшісі екндігі анықталған.

M. pneumoniae -респираторлық микоплазмоз қоздырғышы. Респираторлық микоплазмоз өте кең таралған. Инфекция ауа тамшылы жолмен беріледі. Инфекция көзі - жедел түрдегі науқастар немесе ауруынан толық жазылмаған тасымалдаушылар. Инкубациялық кезеңі - 3-11 күн, кейде 3 аптаға созылады.

Клиникалық көрінісі әртүрлі, ол жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы (фарингит, назофарингит, трахеит, трахеобронхит, бронхит) түрінде немесе ауырлық дәрежесі әртүрлі пневмония түрінде өтуі мүмкін. Көп жағдайларда ауру микоплазмалы-вирусты аралас этиологиялы болады. Респираторлы микоплазмоз кезінде респираторлы емес көріністер де байқалады: полиморфты эритема, гемолитикалық бұзылыстар, миалгия, артралгия, бауыр зақымдалуы, эндокардиттер, ОЖЖ зақымдалуы және т. б.

Респираторлық микроплазмоз (Mycoplasmosis respiratoria) - құстың тыныс мүшелерінің зақымдануы, синовит, арықтау және өнімділігін жоғалтуымен сипатталатын созылмалы ауруы.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет 1936 ж. АҚШ - та Нельон мен Жиббс (1936), қоздырушысын Делаплан мен Стюарт(1943) сипаттады. Алғашында АҚШ пен Канадада бақалатын ауру кейін 1956 ж бастап басқа елдерге тарады. Әртүрлі аталы келген бұл ауру 1961 ж Халықаралық індет бюросының шешімімен «құстың респираторлық микоплазмозы» деп аталды.

Қоздырушысы - Mycoplasma galliseptica, полиморфты, көбінесе коктарға ұқсас, жартылай ауасыбағалы, белокпен, көмірсулармен, стериндермен, витаминдермен байытылған қоректік орталарда, тауық эмбриондарында, торша өсіндерінде өседі. Лиофильді кептіргенде, төмен температурада қатырғанда бірнеше жыл, өсіндіде 2 -4 0 С -та 60 кунге, 20 о С- та - 30-60 күнге, 37 0 С - та - 15 күнге дейін сақталады, ыстыққа төзіміз, бірнеше минутта өледі. Дезинфектанттарға сезімтал.

Індеттік ерекшеліктері. Ауруға тауық, күрке тауық, бөдене, құр т. б. тұқымдас құстар шалдығады.

Респираторлық микоплазмоз көбінесе өндірістік негіздегі ірі шаруашылықтарда, шектеулі кеңістікте құстарды тығыз орналатырғанда байқалады. Сыртқы ортаның қоласыз жағдайы аурудың тез таралуына жағдай жасайды.

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және миколаза алып жүруші құс. Ауру қоздырушысы аэрогендік жолмен және жұмыртқа арқылы трансовориальді беріледі. Микроклиматтың жасыздығы, құсты тасымалдау мен орнын ауыстыру, вакцналау сияқты қоласыз әсерлер арудың шығуына жағдай жасайды. Микоплазмоз әдетте колибактериоз, жұқпалы ларинготрахеит және жұқпалы бронхитпен қабаттасып көбінесе қосарланған инфекция ретінде өтеді. Өлім көрсеткіші 5 % дан 50% - ға дейін жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Респираторлық микоплазмоз
Марек ауруы.Құстардың респираторлы микоплозмозы
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу
Микоплазмалардың антигендік құрылымы
Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар
Рикетсийлердің,хламидиялардың және микоплазмалардың морфолологиясы
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшеліктері
Жатырішілік инфекция. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері
Микоплазмалар және актиномицеттер
Антибиотиктердің жағымсыз әсерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz