Сынама алу түрлері



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Сынама алу түрлері
В) Ауадан сынама алу
С) Судан сынама алу
Д) Топырақтан сынама алу
Г) Шөптен сынама алу
Е) Сүттен сынама алу
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Егемендік алғаннан кейін жылдары елімізде ауыл шаруашылығына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келеді. Нарық заманында арзан азық–түлікті жоғарғы өнім беретін асыл тұқымдарынсыз мүмкін болмай отыр. Ендігі кезеңде Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруге тілек білдіруі халықаралық жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап қойып отыр.
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарапынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап қалу, одан әрі санын көбейтуде мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуі және әр түрлi аурулар үлкен зиян келтiруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнiмдерiн көбейтуде үлкен табыс көзi болатын төмендегi мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой ешкi өлiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткiштер тиiсiнше 206641, 31266 мың бас болды.
Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н. Назарбаевтың «2003 жылдың ішкі және сыргқы саясатының негізгі бағыттары», — деген халыққа арналған Жолдауында көрсетілген.
1. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология // М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. -192с.
2. Кочемасова З.Н., Ефремова С.А. «Санитарная микробиология и вирусология»// М:Медицина, 1987. – 352 с
3.М.М Мамышов, Ғ.Қ. Таубекова, Б.Ж. Махамедова Қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану - Алматы, 2002.
4.М.М. Мамыш Топырақ және өсімдік экологиясы – Алматы, 1997.
5.Поздеев А.В. Медицинская микробиология //М.Медицина, 2004, 382с.
6.Воробьев А.А., Микробиология //М. Медицина, 1999 г. - 318с.

Жоспары
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Сынама алу түрлері
В) Ауадан сынама алу
С) Судан сынама алу
Д) Топырақтан сынама алу
Г) Шөптен сынама алу
Е) Сүттен сынама алу
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

І. Кіріспе
Егемендік алғаннан кейін жылдары елімізде ауыл шаруашылығына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келеді. Нарық заманында арзан азық - түлікті жоғарғы өнім беретін асыл тұқымдарынсыз мүмкін болмай отыр. Ендігі кезеңде Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруге тілек білдіруі халықаралық жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап қойып отыр.
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарапынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап қалу, одан әрі санын көбейтуде мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуі және әр түрлi аурулар үлкен зиян келтiруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнiмдерiн көбейтуде үлкен табыс көзi болатын төмендегi мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой ешкi өлiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткiштер тиiсiнше 206641, 31266 мың бас болды.
Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н. Назарбаевтың 2003 жылдың ішкі және сыргқы саясатының негізгі бағыттары, -- деген халыққа арналған Жолдауында көрсетілген.
Бұған дәлел Республика Президентінің Жарлығымен бекітілген, салалардың даму басымдықтары мен негізгі бағыттары дәл көрсетілген Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасы.
Ауылды әрі қарай өркендету агробизнестің қолайлы құрылымын жасаумен және ауыл шаруашылық өндіріс маркетингімен тығыз байланысқан жаңа көзқарасты талап етеді. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшелігі, азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығын дамуында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс халқының азық-түлік мұқтажын мейлінше қанағаттандыру, өндірілетін өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін, агроөнеркәсіптік кешенінін тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында облыс бойыпша 2003-2005 жылдарға аграрлық азық-түлік бағдарламасы жасалды.
Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашылықтардың өркендеуiне байланысты, келешекте ет өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың үлес салмағы да жоғары болмақшы. Соңғы жылдары мал басының бiршама кемуiне қарамастан Қазақстанда, ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң мүмкiншiлiгi зор.
Ветеринарияның негізгі мақсаты мал шаруашылығының ветеринарлық-санитарлық сәттілігін сақтау, одан сапасы жоғары өнімдермен шикі затты өнімдерді қамтамасыз ету. Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2002 жылы Ветеринария туралы заңы бекітілді.
Өндірістік тәжірибиеде ветеринарлық -- санитарлық сараптау мамандары ғылыми жетістіктер, тәсілдер мен ережелердің технологиялық және сауда тұтыну үрдісіне енуінде бақылаушы болып табылады.
Ветеринарлық-санитарлық сараптаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, атап айтсақ:
-- адамдардың денсаулығын сақтауда;
-өндірістік экономикада өнімдерді консервілеуде, сақтауда, тасымалдауда және сатуда;
-қоғамдағы жалпы экономикалық мәселелерді шешуде.
Жануар текті өнімді ветеринарлық - санитарлық сараптау оларды өндіргенде, барлық өңдеу сатыларында, тасымалдағанда, сақтағанда және реализация жасағанда өткізеді.

Сынама алудың түрлері
Сынама
1.Лабораториялық зерттеулерге арналган материал. Сырткы орта объектілерінен (топырақ, су, тамақ және т. б.) немесе субстраттардан және организмнің тканьдерінен алынады.
2.Зерттелмек нысаннан нақтылы ережелерге сәйкес түрлі-түрлі талдауларды жүзеге асыру үшін алына отырып, сол нысанның сыр-сипатын ашып беруге көмектесетін материал; Сынамаларды алудың түрлі-түрлі әдіс-тәсілдері бар.
Ауру малдан тірі кезінде балау қою үшін(шошқадан басқа)қаны алынады (әдетте құлақтан). Оның алынатын жерін мұқият дезинфекциялап,сосын тамырын кесіп,қанның қалың тамшысын заттық шыныға салады. Ол алдын ала залалсызданады.Айта кететін жайт,қан тамшыларын кантрафинадқа да салуға болады. Қанды алғаннан кейін тамырдан қанның шығуын тоқтатады.Қанды күре тамырдан да алуға болады.Қолданылған құралдар залалсызданады.
Көптеген зерттеушілердің есептеуінше,сібір жарасы қоздырғышын қаннан тек малдың өлуіне бірнеше сағат қалғанда ғана анықтауға болады.
Өлгеннен кейінгі балау үшін патологиялық материалды өлекседен алады.Бірақ та,қоршаған орта инфекциямен залалдау мақсатында өлексені жарып соймаған жөн.Өлген малдан да қан алады (шошқалардан басқа). Оны құлақтан немесе басқа жердің перифериялық тамырдан алады. Мұнда қан алу әдісі жоғарыдағыдай. Егер қажетті мөлшерде қан алынбаса немесе өлексе іріп- шіріп бастаса,құлағын кесіп алады. Оны өлексе жатқан жағынан алған жөн.
Шарасыздан сойылған немесе сібір жарасына күдікті болғанда жарып-сою кезінде сақтықпен талақ,бауыр,өзгерген лимфа түйіндерінің бөліктерін алады.Шошқалардан қанды зерттеуге жіберілмейді,тек терінің кескінін, ісіктенген жерден қабынған ұлпа тілімдерін, жұтқыншақ лимфа түйіндерін алады. Алынған потологиялық материал жедел түрде зертханаға жіберіледі. Материал балауса күйінде жеткізілуі тиіс,өйткені іріп-шіріген ұлпада сібір жаралы бациллдар ериді.
Қоршаған орта обьектілерін зерттеу үшін 1л. мөлшерде шайындылар жасалады.Жүнін,түгін және қылдарын түрлі жерден алады. 2-3г мөлшерде 5 сынама.
Озықтардан сынама алу зертханаға орташа сынама жіберіледі. Ол партияның біріншілік сынамаларынан құралады;орташа сынаманың массасы 500г астам.
Сынама түрлері: судан, ауадан, топырақтан, сүттен,мал азығынан алынады.
Сынама алу және бақылау
Сырткы орта объектілерінен (топырақ, су, тамақ және т. б.) немесе субстраттардан және организмнің тканьдерінен алынады. зерттелмек нысаннан нақтылы ережелерге сәйкес түрлі-түрлі талдауларды жүзеге асыру үшін алына отырып, сол нысанның сыр-сипатын ашып беруге көмектесетін материал; Сынамаларды алудың түрлі-түрлі әдіс-тәсілдері бар. Флотация өнімдерінен сынама алу қолмен немесе автоматты түрде АП-1, ОП-67сынамаалғыштармен алынады. Өнімдердегі металдың мөлшеріне және ағынына қарай сынамалар арасындағы интервал 20, 15, 10, 5 және 2 минут болады.
№2 бас корпуста автоматттандырылған сынама жеткізуші орнатылған. Сынамалар белгілі бір уақыт сайын сыналатын ағыннан көлденең тұрақты жылдамдықпен қозғалатын 4мм-лік тесігі бар пышақпен алынады. Экспресс сынама сынама жинағыш станциясында жинақталады. Сусызданған сынама вакуум-фильтрден түсіріліп, кептіріледі. Кептірілген сынамалар 0,4мм тесігі бар елеуіштен өткізіліп, ТББ-не жіберіледі. Автоматтандырылған сынама алу, жеткізу және дайындау жүйесі РКБК-ның ЦЛА бөлімімен іске асырылады. Флотация өнімдерінің ауысым бойынша жиналған сынамасынан орташа өлшенген тәуліктік сынама түсті металдарға талданады. Благородные металдар бес тәүлік бойы жиналған сынамадан анықталады. Тек флотацияның алтын концентраты тәулік сайын алтын мен күміске тексеріледі. ТББ-ның қойылдыру бөлімінде қойылдырғыштың ағызындысымен жоғалтылған қатты затқа бақылау жасалады. . Сынама қолмен және АП-1 сынама алғышымен интевалы 1 сағат сайын іске асырылады. Ауысымдағы қойылдырғыштың ағызындысы сынамасының 1 литрде қанша грамм қатты зат бары анықталады. Фильтрлеу бөлімінде ауысымына екі мәрте ылғалдылығын анықтау үшін тасымалдаушы таспадан кек алынады. Экспресс талдау үшін ауысымдық сынама 1 сағат жиілікте алынады. Қоймадан тиелетін концентраттарды сынамалау МСТ және ТУ бойынша іске асырылады.
№3 бас корпуста флотация өнімдерін экспресс талдау үшін сынама алу, жеткізу және дайындауды әр 2 сағат сайын ТББ-нің сынамаалушылары жүзеге асырады. Сынама алу үшін қолданатын құрылғы МСТ 14180 сәйкес келуі шарт. Дайын сынамалар пакеттерге салынып этикеткасына жазылады да химиялық зертханаға не ФРК - ға жеткзіледі. ТББ-да тәулік тік сынамалардың екінші данасы сақталып, соның негізінде айлық, жарты жылдық және жылдық сынамалар жасалады. Технологиялық үрдістерді бақылау байыту фабрикасы бойынша бекітілген технологиялық бақылау картасы және режим картасыиен жүзеге асырылады. Картада көрсетілген мәндерден ауытқу технологиялық әдістерді бұзған болып саналады. Режим картасын өзгерту белгілі бір талаптармен іске асырылады. Технологиялық тауар металл балансын РКБК-ның риддер фабрикасы бойынша металл балансын жасау әдісі бойынша жүзеге асырылады. Металл балансын ТББ-ның озық инженері жасайды. Тәуліктік, ауысымдық өсім бойынша технологиялық баланс ЭЕМ арқылы есептеледі. Тауар балансы 10, 20 күнге және бір айға жасалады.
Судан сынаманы алу тәртібі мен ережесі.
Судан сынаманы алу үшін арнайы құрал - батометр қолданылады. Су көзінің ластануын зерттеу үшін сынаманы ағысқа қарсы және одан төменгі жерлерден алады.
Табиғи және жасанды суаттардан су сынамасын беткейінен алады.Әрбір сынама көлемі 0,5л кем емес, жалпы көлемі 1л. кем емес болуы тиіс.Ашық су қоймасынан сынаманы 0,6 - 1 м тереңдіктен, жағадан 1 -2 м қашықтықтан алады.
Су құбырларынан суды ағызып тұрып, 10- 15 минуттан кейін алады. Су құбырынан сынама алғанда құбырды ыссы спиртті тампонмен күйдіреді.
Бактериологиялық зерттеулерге суды стерильді батометрмен, я тығыны бар шыны бөтелкеге алып, тезірек зерттейді.(1-3 сағат аралығында).Толық зертханалық талдау үшін 5 л су алынады, әрбір 2л зертханаға жіберіледі. Онда сынама номері,жылы, айы, күні, алынған уақыты, физикалық қасиеттері, қалай алынғандығы көрсетіледі. Судың сынамасы ластануына байланысты кем дегенде 12 -72 сағатта зерттелінуі қажет. Егер зертханаға жібері 5 сағаттан асып кететін болса, онда оны қатудан, қызудан сақтау керек. Жылы мезгілде, суды тасымалдау 1 күннен асатын болса , суды консервілейді.
Батометр -- су немесе ағын тасымалдайтын тасындылардың сынамасын алуға арналған құрал.
Батометрдің көмегімен келесі көрсеткіштерді: судың физикалық қасиеттері мен ондағы еріген заттардың құрамын (тұздар мен газдар); судағы жүзбе немесе түптік тасындылардың шамасы мен ірілігін; судың санитариялық сапасын анықтау үшін сынама алынады. Құрылымдық ерекшеліктеріне қарай Б. шапшаң және ұзақ мерзімді толтырылатын батометрлер болып екі түрге бөлінеді. Химиялық талдау мақсатында су сынамасын алу үшін "халықаралық үлгідегі" Молчанов батометрі пайдаланылады. Судағы жүзбе заттардың шамасымен мен ірілігін анықтау үшін негізінен шөлмек және вакуумдық батометрлер қолданылады.

Топырақтан сынама алу.
Топырақтан сынама алынатын жерді зерттеу мақсаты мен тапсырмасына байланысты санитарлық дәрігер мен бактериолог анықтайды. Зерттеу аймағының 1000 м2 территориясынан, 25 м2 аумақты екі аудан аламыз. Біріншісі ластанған көзіне жақын орналасу керек (қоқыс жәшігі, свалка, шұңқырлар т.б.), ал екіншісі - ластанған көзден алысырақ (бақылау). 25 м2 әр аумақтан 5 нүктесінен сынама аламыз: төртеуі төрт бұрышынан және бесіншісі ортасынан немесе диагонал бойынша.
Топырақтың бетін зерттеу үшін сынаманы стерилді күрекпен аламыз немесе 20 см тереңдіктен аламыз. Әр нүктеден күрекпен топырақ кусогын аламыз. Стерильді пышақ арқылы бетінен 1,5 - 2,0 см қалыңдығын алып тастаймыз және кусоктың ортасынан стерильді пышақпен 200-300 г топырақ аламыз. Бес нүктеден алған топырақ сынамасы 1 кг аспау керек.
Топырақтың төменгі терең бетінен (0,75 - 2 м) сынама алғанда арнайы қабырғалы тескіш қолданады (специальным буром с поло - стью). Тереңдікке жеткен соң тескіштің қабырғасы ашылып, топырақпен толтырылады, одан кейін механикалық түрде жабылады және тескішті алып шығамыз.
Анализге алынған топырақ сынамасын стерильді банкаға салып мақталы-дәкелі тығынмен жауып және стерильді пергаментті қағазбен жабамыз. Әр банкаға уақыты белгіленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТАРДЫҢ АНАЛИЗІ
Санитарлық - паразитологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін материалдың үлгілерін алу және тасымалдау әдістемесін пысықтау
Эксперимент құбылыстардың себепті салдарлы байланыстары жайлы гипотезаны тексеру процедурасы ретінде. Зерттеудің гипотезасын белгілеу
Базардағы сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Кеннің заттық құрамы
Мал сүтінің құрамы
Санитарлық - паразитологиялық зерттеу жүргізу үшін зерттелетін материалдың үлгілерін алу
Геологиялық зерттеулер жүргізу
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Пәндер