Автокөлік құралдарын банк қызметі үшін және тәуелсіз бағалау


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Автокөлік құралдарын банк қызметі үшін және тәуелсіз бағалау»

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. . Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу . . . 7

1. 2. Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалауүрдісі . . . 11

1. 3. Автокөлік құралдарын бағалаудың құқықтық, ақпараттық . . . 17

2-ТАРАУ. ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАНК ҚЫЗМЕТІ ҮШІН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ

2. 1Автокөлік құралдарын кепілдікке алу мақсатында құнын есептеу . . .

2. 2. Алматы облысы бойынша Көлікті бақылау басқармасының қысқашасипаттамасы . . .

2. 3. Mercedes-Benz 300 SE 2. 8 автокөлік құралын тәуелсіз бағалау . . .

3-ТАРАУ. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.

3. 1. Шетелдегі автокөлік құралдарын бағалау ерекшеліктері . . .

3. 2. Автокөлік құралдарын бағалау қызметінің кемшіліктерін талдау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘЕБИЕТТЕР . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

К І Р І С П Е

Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі -бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі - кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.

Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.

Автокөлік құралдарын бағалау ─ бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, [17] олар:

-1- автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;

-2- автокөлік құралдарына қатысты құнын анықтайтын факторлардың құрамы мен әсері басқа бағалау объектілеріне қарағанда өзгеше;

-3- автокөлік құралдары басқа бағалау объектілеріне қарағанда, құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және әдістемелік аспектілері жағынан айырмашылығы бар;

-4- автокөлік құралдары қауіпті объект болып табылады, оның нәтижесінде материалдық залалды өтеумен байланысты құқықтық зардаптар туындайды, және ол бағалауды жүргізуді талап етеді;

-5- автокөлік құралдары нарығының құрылымы мен параметрлері басқа бағалау объектілерінің тауар нарықтарының сипаттамаларынан айырмашылығы бар, ол автокөлік құралдарының нарықтық құнын анықтауға қажетті әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуде үлкен бір мәселе, мұндай бағалауда негізінен салыстырмалы әдіс қолданылады.

Қазіргі жағдайда автокөлік құралдарын бағалаудың қажеттігі келесі жағдайларда туындайды:

• бизнес-жоспарды әзірлеу, автомобильдік-құрылыс өндірісін құру және дамыту;

• автокөлік құралын өндіріске жіберілгендегі, болжамды нарықтық құнын бағалау;

• «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қордың белсенді бөлігін қайта бағалау;

• жекешелендіру кезінде бағалау;

• мемлекет меншігіндегі автокөлік құралдарымен мәміле жасағанда;

• автокөлік құралдарының кедендік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіргізлгенде;

• мүлік салығын есептеу үшін салық салу базасын анықтау;

• автокөлік құралдарын сату-сатып алу, сонымен қатар аукциондық;

• автокөлік құралдарының кепілдігін рәсімдеу;

• автокөлік құралдарын жалға және лизингке беру;

• кәсіпорынның жарлық қорына салым ретінде автокөлік құралын рәсімдеу;

• қоғамнан шыққанға, қоғам тарағанда және қоғам жойылғанда қоғам қатысушысының (акционердің) салымын еншілеу (бөлу) ;

• кәсіпорынды жалпы бағалауда негізгі қордың бөлігі ретінде автокөлік құралдарын бағалау;

• жою немесе авария, өрт, жарылыс, найзағай соққысынан, нөсерлі жауын-шашын, бұршақ, қалың қар, жер сілкіну, сел, опырылу, көшкін, тасқын, су басу, мұз астына түсіп кету, су құбыры немесе жылу жүйесі нәтижесінде зақымдану жағдайында, сонымен қатар ұрлау (айдап кету) әрекетімен байланысты ұрлау және жойылу (зақымдану) жағдайында автокөлік құралдарын сақтандыру;

• автокөлік құралы зақымданғандағы залал құнын бағалау;

• автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

• автокөлік құралдарын сыйға тарту (салық салу мақсатында) ;

• автокөлік құралдарын мұраға қалдыру (салық салу мақсатында) ;

• сот шешімімен мүлікті (автокөлік құралдарын) бөлу;

• автокөлік құралдарымен бартерлік мәмілелер;

• мүлікті түгендеу (инвентаризациясы) ;

• автокөлік құралдарын конфискациялау;

• автокөлік құралдарын есептен шығару және жою.

Жалпы дипломдық жұмысқа тоқталатын болсақ, мұнда алға қойған мақсаттарға жету үшін, автокөлік құралдарын бағалау бойынша ғылыми, әдістемелік, ақпараттық және ұйымдық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар дипломдық жұмыс автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі аспектілерін ашып көрсетеді. 1-тарауда толығымен және дәлелді түрде автокөлік құралдарының ерекше белгілеріне арналған және оларды бағалау объектісінің жеке класы ретінде қарастырады. Бұл бөлімде автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі қағидалары, бағалау мақсаттары, құн түрлері және автокөлік құралдарының жіктелуі сияқты маңызды көрсеткіштері берілген.

Ұсынылған бағалаудың методологиялық негізідері автокөлік құралдарын бағалауда негізгі әдістерді (нарықтық немесе салыстырмалы, шығындық және табыс) қолдану ерекшеліктеріне сипаттама береді, сонымен қатар тек автокөлік құралдарын бағалауда қолданылатын ерекше тәсілді ашып көрсетеді.

2-тарауда тәжірибеде жиі кездесетін, автокөлік құралдарының нарықтық құнын бағалау мақсатына қажетті ұйымдық және технологиялық аспектілер қарастырылған. Есептеу жұмысының мазмұнын түсіну үшін және дипломдық жұмыс инстументальды сипатта болуы үшін қосымшаларда бағалау жұмысын жеңілдетуге қажетті көмекші материалдар берілген. Статистикалық мәліметтер, басқа да құжаттар нысаны, автокөлік құралдарын бағалау туралы есеп келтіріп, мазмұны толығымен ашылған.

3-тарау шетелдегі автокөлік құралдарын бағалау бойынша қызметтің ұйымдық, әдістемелік, ақпараттық және экономикалық аспекттілерін қарастырады, Германиядағы автокөлік құралдарын бағалау қызметінің қазіргі жағдайы, бағалау қызметінің ерекшеліктері және қолданылатын әдістерінің мазмұнын ашады. Салыстырмалы түрде біздің елдегі автокөлік құралдарын бағалау үрдісінде туындаған негізгі мәселелер, шетел тәжірибесі келтірілген.

Жалпы дипломдық жұмыс бойынша, автокөлік құралдарын бағалау қызметінің кемшіліктері аталып, оларды жою жолдары ұсынылған, шетел тәіжірибесіндегі артықшылықтарды қолданып, автокөлік құралдарын бағалау қызметін дамыту, қажетті деңгейге жеткізу сұрақтары қарастырылған.

1-ТАРАУ. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу.

ҚР Азаматтық кодексінің 117 - бабына сәйкес бекітілген:

«Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып табылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде жылжитын мүлікке құқыққа тіркеу талап етілмейді». Сонымен ҚР АК жылжитын мүлікке анық және толық анықтама бермейді; осыған байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, «өзен-теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі [1] .

Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне сәйкес көлік құралы болып жолмен адамдарды, жүк пен құрал - жабдықтарды алып жүретін құрылғы табылады. Көлік құралының құрамына механикалық көлік құралдары, тіркемелер, мопедтер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер және осыған ұқсас сипаттағы басқа да көлік құралдары кіреді. Механикалық көлік құралдары құрамына автокөлік құралдары, мотокөлік құралдары, троллейбустар, трамвайлар, әртүрлі тракторлар, өзі жүретін көлік құралдары. Мем СТ 25 478-91 сәйкес автокөлік құралдарына жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар және автопоездар [10] .

Автокөлік құралы - қозғалтқыш арқылы қозғалатын, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүк пен құрал - жабдықтарды алып жүретін, сонымен қатар жеке өзінің 400 кг-нан астам салмағы бар құрылғы. Жүктелген салмағы автокөлік құралының толық жүктелген (жанармаймен, майлармен, суытқыш сұйықтармен және т. б. ) және комплектіленген салмағымен (қосымша дөңгелектерді, құрал - саймандарды және т. б. ) анықталады, оған тек үстіндегі жүгі, жолаушылар, жүргізуші салмағы кірмейді. Автакөлік құралдары жолаушы, жүк және арнайы көлік болып бөлінеді. Жолаушы көлігінің құрамына жеңіл автомобильдер және автобустар кіреді. Жүк автокөлік құралдарына арнайы, жүк автомобильдері жатады. Жеке қызмет автокөлік құралдарына негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған, арнайы құрал - жабдығы бар автомобильдер жатады.

Жеңіл автомобиль - жүргізуші орнын есептемегенде, отыратын орны

8 -ден аспайтын және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Жеңіл автомобильдер жанағының түрі мен қозғалтқыштың жұмыс көлеміне байланысты жіктеледі [26], яғни қозғалтқыш цилиндрінің жұмыс көлемі (л) бойынша:

  1. ерекше кіші (1, 2 литрге дейін) ;
  2. кіші (1, 3-1, 8 л) ;
  3. орташа (1, 9-3, 5 л) ;
  4. үлкен (3, 5 литрден жоғары) ;
  5. жоғары (регламентелген) .

Автобус - жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны 8-ден астам және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Автобустар қалалық, қала сыртындағы, қалааралық және туристік болып бөлінеді.

Жүк-жолаушы автомобилі - жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны 3-тен аспайтын және жүк тасымалдауға арналған жабдықталған, платформасы бар автокөлік құралы. Мұндай автомобильдерге жанағына жүкті орналастыру үшін, яғни ауданын үлкейту мақсатында артқы орындықтары жоқ немесе алынып тасталатын жеңіл автокөлігі жатады.

Жүк автомобилі - жүкті тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Жүк автомобилі борттық автомобиль, сонымен қатар тіркемесі бар автомобиль (борттық тягач ), жартылай тіркемесі бар автомобильдік тягачтар, самосвалдар және арнайы автомобильдер болып бөлінеді. Жалпы жүк автомобильдерін толық массасына байланысты 7 класқа бөледі [26] :

  1. 1, 2 тоннаға дейін;
  2. 1, 3-2, 0 тонна;
  3. 2, 1-8, 0 тонна;
  4. 9, 0-14 тонна;
  5. 15-20 тонна;
  6. 21-40 тонна;
  7. 40 тоннадан жоғары.

Арнайы автомобиль - жартылай тіркеме немесе тіркемесі бар, жүктің белгілі бір түрін ғана тасымалдауға арналған және осыған байланысты арнайы жанағы бар жүк автомобилі. Арнайы автомобильдерге фургоны бар автомобильдер (жалпы мақсаттағы, изотермиялық, рефрижираторлар, нанға, жиһазға, киімге, жануарларға және т. б. арналған) немесе цистернасы бар автомобильдер (сұйық және шашыранды жүкке арналған), контейнеровоздар, ауыстырылатын (алынатын) жанағы бар автомобильдер, ұзын өлшемді жүкті тасымалдауға арналған автомобильдер, ауыр көтергіш автомобильдер, панелевоздар, блоковоздар, фермовоздар, плитовоздар, балковоздар, сантехкабиновоздар, құрылыс қоспаларын және ерітінділерді тасымалдаушы автомобильдер және т. б. жатады.

Жеке қызмет автомобилі - арнайы қызметті орындауға арналған және осыған байланысты арнайы жабдықталған автомобиль. Жеке қызмет автомобильдеріне өрт сөндіру автомобильдері, автокрандар, компрессорлық бекітпелері бар автомобильдер.

Тіркеме - қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған. Тіркеме автокөлік құралына тартқыш-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.

Жартылай тіркеме - қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған. Тіркеме автокөлік құралына тірек-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.

Көлік құралының агрегаты жоюға немесе толық жөндеуден өткізуге бағытталады [11], егер:

-1- базалық және негізгі бөлшектер агрегатының толық бөлшектеп, жөндеуді талап еткенде;

-2- агрегаттың жұмыс қабілеттілігін техникалық себептерге байланысты қалпына келтіру мүмкін емес немесе оған ағымдағы жөндеу жүргізу арқылы қалпына келтіру экономикалық тиімсіз болса.

Ағымдағы жөндеу базалықтан басқа барлық бөлшектерді қалпына келтіру немесе ауыстыру арқылы агрегаттың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған.

1. 1-кесте

Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі

Р/с: Р/с
Агрегаттары: Агрегаттары
Базалық бөлшектер: Базалық бөлшектер
Негізгі бөлшектер: Негізгі бөлшектер
Р/с: 1.
Агрегаттары: Жинақталған тіркеу картері бар қозғалтқыш.
Базалық бөлшектер: Цилиндрлер блогы
Негізгі бөлшектер: Цилиндрлер бастиегі, буынды білік, маховик, қайта бөлетін вал, тіркеу картері
Р/с: 2.
Агрегаттары: Беріліс қарабы
Базалық бөлшектер: Беріліс қарабы картеры
Негізгі бөлшектер: Картердің жоғарғы қақпағы, беріліс қарабының ұзартқышы, бірінші, екінші және аралық білік
Р/с: 3.
Агрегаттары: Гидромиханикалық беріліс
Базалық бөлшектер: Механикалық редуктордың картері
Негізгі бөлшектер: Қос фрикционның корпусы, бірінші, екінші және аралық біліктер, турбиндық және сорғыш дөңгелектер.
Р/с: 4.
Агрегаттары: Кардандық беріліс
Базалық бөлшектер: Кардандық біліктің құбыры (құбырлары) .
Негізгі бөлшектер: Фланец-вилка, сырғанау вилкасы
Р/с: 5.
Агрегаттары: Артқы белдік (задний мост)
Базалық бөлшектер: Артқы белдік картері
Негізгі бөлшектер: Жарты ось қаптамасы, редуктор картеры, мойынтірек стаканы, дифференциал чашкалары, дөңгелік күпшегі, тежеуіш барабаны немесе диск, дөңгелек редукторының жетектегіші
Р/с: 6.
Агрегаттары: Алдыңғы ось (передняя ось)
Базалық бөлшектер: Алдыңғы ось арқалығы немесе тәуелсіз аспаның көлденең жақтауы
Негізгі бөлшектер: Бұрылыс цапфа, дөңгелік күпшегі, шкворень, тежеуіш барабан немесе диск.
Р/с: 7.
Агрегаттары: Рульдік басқару (управление)
Базалық бөлшектер: Рульдік механизм картері, гидрокүшейткіш золотнигінің картері
Негізгі бөлшектер: Ілмек білігі, червяк, рейкапіспек, шарикті гайканың бұрамасы, гидрокүшейткіш сорғышы корпусының қақпағы
Р/с: 8.
Агрегаттары: Жук автомобильінің кабинасы және жеңіл автомобильдің жанағы
Базалық бөлшектер: Кабина немесе жанақ каркасы
Негізгі бөлшектер: Есік, қанат, радиатора облицовкасы, капот, багажник қақпағы
Р/с: 9.
Агрегаттары: Автобус жанағы
Базалық бөлшектер: Қаңқа негізі
Негізгі бөлшектер: Еден қаптамасы, шпангаут
Р/с: 10.
Агрегаттары: Жук автомобилінің платформасы
Базалық бөлшектер: Платформа негізі (Основание платформы)
Негізгі бөлшектер: Көлденең жақтаулар, арқалықтар
Р/с: 11.
Агрегаттары: Рама
Базалық бөлшектер: Лонжерондар
Негізгі бөлшектер: Көлденең жақтаулар, кронштейндар, серіппегіш
Р/с: 12.
Агрегаттары: Автомобиль платформасының көтергіші құрылғысы
Базалық бөлшектер: Гидравликалық көтергіштің корпусы, қуаттылықты таңдау қорабының картеры
Негізгі бөлшектер: Қуаттылықты таңдау қорабы сорғышының корпусы

1. 2. Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі.

ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес бағалау мақсаты үшін құнның негізгі түрі нарықтық құн болып табылады [3] . Автокөлік құралдарын бағалауда, бағалау қызметі туралы заң талаптарына жауап беретін құнның негізгі түрлерінің аты мен анықтамалары төменде көрсетілген [11] :

Автокөлік құралының нарықтық құны - автокөлік құралының бәсеке жағдайында ашық нарықта өткізілуі мүмкін ықтимал баға, мұнда мәміле жақтары ойланып, шешім қабылдайды, барлық қажетті ақпарат ашық болады, ал мәміле бағасының көлеміне қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.

Шектеулі нарықтағы автокөлік құралының құны - автокөлік құралының ашық нарықта сатылуы мумкін емес немесе қосымша шығынды талап ететін құны. Ол конструктивті немесе экалогиялық қауіпсіздік, арнайы функционалды бағыттағы және т. б. критерийлер бойынша қабылданған заңдарға сәйкес автокөлік құралдарын эксплутатциялау шектелген немесе мүмкін болмайтын кезде бағалау процесінде қолданылады.

Автокөлік құралының белгілі бір жағдайда және оны қолдану мақсатына байланысты құны - автокөлік құралының белгілі бір жағдайға және оны қолдану мақсатына байланысты анықталатын құны. Жаппай эксплуатацияланатын автокөлік құралдарынан елеулі айырмашылығы бар, пайдалану шарттары мен мақсаттары ерекше автокөлік құралдарын бағалауға арналған. Негізінен раритеттік автокөлік құралдарын бағалауға қолданады.

Автокөлік құралының бағалау құны - есептік (анықталатын) көрсеткіш. Автокөлік құралын бағалауда әр түрлі кезеңдердегі құнның түрлері анықталады:

♦ автокөлік құралын өндіріске дайындап, игеру - жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн;

♦ автокөлік құралын эксплуатациялау - бастапқы (толық бірінші) құны, бастапқы баланстық құны, қалпына келтіру құны, баланстық құны, қайта өңдеу

құны, ауыстыру құны, қалдық құны, нарықтық құны, кедендік құны, сақтандыру құны, жөндеу бойынша құны (қалпына келтіру бойынша), жойылу құны;

♦ эксплуатациядан шығып қалу - утилизациялық құн.

Жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн - автокөлік құралдарының болжамды нарықтық құны, ол бизнес-жоспарды игеру, инвестициялық және өндірістік жобаны қабылдауда, автокөлік құралын шығару бойынша жаңа өндірістік қуаттылықты ойлап табудың технико-экономикалық құжаттарында көрсетіледі.

Бастапқы (толық бірінші) құн - автокөлік құралдарын кәсіпорынға қабылдау құны, яғни ол автокөлік құралының сатып алу мерзіміндегі нақты шығындардың жиынтығымен анықталады.

Бастапқы баланстық құн - кәсіпорын балансына тіркегендегі автокөлік құралының бастапқы құны, ол есептік бухгалтерлік құжаттарда көрсетіледі. Эксплуатациядағы автокөлік құралының негізгі қорды келесі қайта бағалау мерзімі немесе оны қайта жабдықтауды ресми тіркеу мерзімі келгенге дейін, бастапқы құны ескеріледі.

Қалпына келтіру құны - алдын ала сатып алынған автокөлік құралының қазіргі жағдайда бағалар мен тарифтердің өзгеруін ескергендегі, қайта өндіру құны немесе ауыстыру құны. Негізгі қорды қайта бағалағанда, толық қалпына келтіру құны анықталады, яғни алдын ала өндірілген автокөлік құралының қайта бағалау уақытына бағалар деңгейін (тозуды қоспағанда) ескергендегі бастапқы құны. Жалпы жағдайда негізгі қордың толық қалпына келтіру құны шығындардың толық құнын анықтайды, бұл шығындарды оны иемденетін ұым өтейді, оған автокөлікті ұқсас жаңа, нарықтық бағалары және тарифтері бойынша объектіге ауыстырудың мүмкін шығындары, тасымалдау, объектіні орнату (монтажы), шетел объектілері үшін кедендік төлемдер және т. б. кіреді.

Баланстық құн - бухгалтерлік есепте көрсетілген автокөлік құралының құны, ол не бастапқы баланстық құнға, не автокөлік құралының қалпына келтіру құнына тең.

Қайта өңдеу құны - автокөлік құралының бүгінгі күнгі сатылып жатқан немесе өндіріліп жатқан нақты көшірмесінің құны.

Ауыстыру құны - ұқсас функционалды және конструктивті сипаттамалары бар, бағаланып жатқан автокөлік құралы аналогының құны.

Қалдық құн - бастапқы баланстық құннан немесе толық қалпына келтіру құнынан қалдық құнын анықтау мерзіміндегі жинақталған тозу сомасын алып тастағанға тең.

Жойылу құны - автокөлік құралының ұқсас автокөлік құралдары тұрақты қызмет көрсету уақыты аяқталғандағы, аталған автокөлікті пайдаланудан шығарып тастау қажет болғандағы құны.

Утилизациялық құн - автокөлік құралының оның агрегаттарының, тораптарының, бөлшектер жүйесі мен эксплуатациялық материалдарының, оған олардың утилизациялау шығындары қосылады, нарықтық құнына тең құн.

Кедендік құн - автокөлік құралдарын шығарған мемлекеттегі нарықтық құны, оған кіргізілген кедендік территорияға дейін әкелу шығындары (тасымалдау құны, тиеу шығындары, түсіру, қайта тиеу, сақтандыру сомасы), сонымен қатар сатып алушының комиссиондық және брокерлік сыйақыларға кеткен шығындар кіреді, оған тек автокөлік құралын сатып алуға байланысты комиссиондық сыйақыларкірмейді. Автокөлік құралдарының кедендік құнын бағалау кедендік төлемдер мен айыпқұлдарды, сонымен қатар көлемі автокөлік құралдарының кедендік құнына байланысты болатын басқа да төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі.

Сақтандыру құны - автокөлік құралының сақтандыру шартына отыру уақытындағы нарықтық құны. Шарттың осы түрінің негізгі талабы болып табылады.

Автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны - автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны, оған еңбек және материалдық шығындар, құжаттық шығындар, салықтар және басқа да міндетті төлемдер, сонымен қатар табыс.

Автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) құны - автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін ең ықтимал бағасы, мұндай жағдайда мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді, және мәмілесіне бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.

Автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдарының құны - автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдардың бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.

Автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің құны -

Автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің еңбек сиымдылығының бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарыққа осы бағамен шығарылуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.

Жаңа немесе ұсталған автокөлік құралдарын бағалауға байланысты нарықтық құн автокөлік құралдарының бірінші немесе екінші нарықтағы құнына бөлінуі мүмкін [11] . Бірінші нарықтағы құн - бірінші рет сатуға шығарылған автокөлік құралдарының нарықтық құны. Екінші нарықтағы құн - мемлекеттік тіркеуден өткен және сатуға ұсынылған, ұсталған автокөлік құралының нарықтық құны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Коммерциялық банктердің тұтынушылық несиелеу қызметінің теориялық негізі
Алматы қаласындағы "Алтын Кредит Банк" АҚ
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Дипломалды практика бағдарламасының орындалуы туралы есебі
Сатуларды салыстыру әдісі
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
КЕДЕН ІСІНДЕГІ САЛЫҚ ПЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Банк жүйесіндегі маркетингтік басқарудың теориялық негіздері
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатының қызметін бағалау мен талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz