Жүрек қызметінің реттелуі


Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Жүрек қызметінің реттелуі
2. 2. Жүректің ағзалық реттелу жолдары
2. 3. Жүректен тыс реттеу механизмдері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүрек - көкірек қуысында орналасқан іші қуыс етті орган. Қалың ет пердесі оны оң жəне сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен қарыншаға бөлінеді. Сонымен, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден жəне екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар жармалы қақпақшалары бар арнаулы тесік арқылы жалғасады. Бұл қақпақшалар тек қарынша бағытында ашылады. Қарыншалар жиырылған кезде олар жабылады да, қанның жүрекшелерге кері оралуына мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші жəне үлкен шеңберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен тесіктерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық қақпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бұл қақпақшалар жазылып, тесікті жабады да, қанның қарыншаға кері оралуына бөгет жасайды. Сонымен, қақпақшалар қанды жүрек арқылы тек бір бағытта - вена тамырларынан жүрекшелерге, олардан қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларға өткізеді.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты - эндокард, ортаңғысы - миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
Эндокард - жүрек қабырғасының ішкі беткейін астарлап жатқан жұқа қабықша. Ол бірыңғай салалы ет ұлпасы мен серпімді талшықтардан түзілген.
Миокард - жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүрек камераларының атқаратын қызметіне байланысты. Қарыншалар қабырғасы жүрекшелер қабырғасынан, сол қарынша миокарды оң қарынша миокардынан қалыңдау. Ол жүрек камерасының атқаратын қызметіне байланысты. Жүрекшелер мен қарыншалар миокарды бір-бірімен жалғаспайды. Жүрекшелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта орналасады. Беткей қабаттың ет талшықтары екі жүрекшені қамти ораса, ішкі қабат талшықтары əр жүрекшені жекелеп орайды. Қарыншалар миокарды сыртқы, ортаңғы жəне ішкі қабаттардан түзіледі. Сыртқы (беткей) қабат талшықтары қарыншаны бойлай орналасады. Олар жүрекше мен қарынша аралық сіңірлі сақинадан басталып, төмен жайылып жүрек ұшына жетеді де, иіле келе миокардтың ішкі (терең) қабатына айналады. Ішкі қабат талшықтары жоғары көтеріліп, жүрекше мен қарынша аралық сіңірлі сақинаға бекиді. Аталған қабаттардың арасында қарынша еттерінің ортаңғы қабаты орналасады. Ол көлденең бағытта жайылып, сегіздік бейне жасай əр қарыншаны жеке орайды.
Эпикард - жүректің сыртын жауып жатқан жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректі сыртынан қаптайтын берік дəнекер ұлпадан түзілген жүрек қабына - үлпершекке (перикардқа) айналады. Үлпершек пен эпикард аралығындағы қуыста үлпершек сұйығы болады. Ол жүрек жұмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек етінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.
Негізгі бөлім.
Жүректің қызметі . Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды қан тамырларына қуалап, кері сору. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы жəне босаңсуы арқылы атқарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, ал босаңсуын диастола деп атайды. Жүрек еттері жиырылғанда қан жүрекшелерден қарыншаларға, қарыншалардан қан тамырларына айдалады жəне артерия мен вена жүйелерінде қысым айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырлармен жылжуын қамтамасыз етеді.
Жүрек еттерінің бір рет жиырылып, босаңсуын жəне жалпы тынымнан өтуін жүрек айналымы (циклі) дейді. Жүрек айналымы жүрекшелердің жиырылуымен басталады. Айта кетер жайт, оң жүрекше сол жүрекшеден 0, 01 сек, жүрекшелер қарыншалардан 0, 1 сек бұрын жиырылады. Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар мен өкпе венасының тесігі қысыла жабылып, қан жармалы қақпақшалар арқылы қарыншаларға өтеді. Бұл кезде қолқа мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері қайта алмайды, себебі бұл тамырлардағы қысымның жоғары болуынан жарты айшық қақпақшалар жабылып қалады.
Одан əрі жүрекшелер қабырғасының еттері босаңсып, қарыншалар жиырылады. Жүрекшелер босаңсысымен олардың қуысына веналардан қан құйыла бастайды. Ал қарынша еттерінің жиырылуының əсерінен олардың қуыстарындағы қысым тез көтеріліп, қос жəне үш жармалы қақпақшалар жазылады да, жүрекше мен қарыншаны қосатын тесік жабылады. Бұл кезде айшық қақпақшалар да жабық күйінде тұрады. Одан əрі жүрек еттерінің изометриялық жиырылуының (қысқармай ширығуы) арқасында қарыншалар қуысындағы қысым артериялардағы қысымнан артып кетеді. Осы кезде жарты айшық қақпақшалар ашылып, қарынша қабырғаларының еттері ауксотониялық жиырылуға көшеді (ет талшықтарының ұзындығы қысқарып, ширығады) де, қан артерияларға қуылады. Жүректің бір толық айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуі систолалық, екеуі - диастолалық кезең.
1-ширығу кезеңі. Ол жүрек еттерінің асинхронды (үйлесімсіз) жиырылуымен басталады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 0, 05 сек тең. Одан əрі қарыншаның барлық ет талшықтары жиырыла бастайды, бірақ олардың ұзындығы өзгермей, тек ширыға түседі (изометриялық жиырылу сатысы) . Осының əсерінен қарыншадағы қысым жоғарылап, қос жəне үш жармалы қақпақшалар жабылады. Бұл кезде артериялар басталатын жердегі жарты айшық қақпақшалар да жабық күйде болады, қан аз уақыт тұйықталған қуыста қалады. Əрі қарай 0, 03 сек ішінде қарынша еттерінің ширығуының əсерінен қарыншалар қуысындағы қысым артериялардағы қысымнан едəуір жоғарылап, жарты айшық қақпақшалар ашылады да, систола кезінде байқалатын екінші кезең - қанды қуу кезеңі басталады.
2-қанды қуу кезеңі. Бұл кезең екі сатыдан тұрады. 1 - саты - қанды қуудың пəрменді (екпінді) сатысы. Қарыншалардағы қысымның өсуінің əсерінен 0, 1 секунд ішінде артерияларға жүректің систолалық көлемінің 2/3 бөлігі қуылады. Одан əрі қарыншалар қуысындағы қан мөлшерінің азаюына жəне қысымның төмендеуіне байланысты қанды қуу екпіні бəсеңдеп, қан қуудың баяу сатысы басталады. Систола соңында қарынша қуысындағы қанның қалдығы сығылып шығарылады.
3-босаңсу кезеңі. Қанды қуғаннан соң қарынша еттері босаңси бастайды. Осы сəтте жарты айшық қақпақшалар жабылады. Жүрек етінің босаңси бастаған сəтінен жарты айшық қақпақшалардың жабылуына дейінгі уақытты протодиастола деп атайды. Оның ұзақтығы 0, 04 секунд. Алғашқы кезеңде еттердің босаңсуы жармалы жəне жарты айшық қақпақшалардың жабық жағдайында жүреді.
4-толу кезеңі үш сатыға бөлінеді. Жүрекшелердегі қысымның қарыншамен салыстырғанда жоғары болуының салдарынан жармалы қақпақшалар ашылған кезде қан қарыншаларға тез ығысады да, жылдам толу сатысы басталады. Оның ұзақтығы 0, 08 сек. Одан əрі қарыншадағы қысым өсе бастайды да, қанның қарыншаға өту қарқыны азаяды. Бұл баяу толу сатысы. Оның ұзақтығы 0, 16 сек. Бұдан əрі толу кезеңі жүрекшелердің жиырылуымен аяқталады. Бұл сатыны пресистола деп атайды.
Бұл кезде ет талшықтарының ұзындығы өзгермей, тек олардың ширығу деңгейі төмендейді. Бұл изометриялық босаңсу сатысы. Оның ұзақтығы 0, 08 сек тең. Осы аталған процестердің əсерінен қарыншалардағы қысым жүрекшелердегі қысымынан көп төмендеп, жармалы қақпақшалар ашылады да, жүрек жұмысының жаңа кезеңі - толу басталады.
Жүрек қызметінің реттелуі . Биологиялық жүйелер өзінің сенімділігімен ерекшеленеді. Оған организмде жиі байқалатын жұптану принциптері дəлел. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Мысалы, қос бүйрек, қос өкпе, т. с. с. Ал организмге ең қажет ағзаның бірі - жүрек. Ағылшын ғалымы Дж. Баркрофт кезінде “Мені организмде тек жалғыз ғана жүрек болуы таңдандырады”, - деп жазған болатын. Осыдан бұл күрделі ағзаның сенімді жұмысы қалай ұйымдастырылған деген заңды сұрақ туады. Қазіргі кезде жинақталған деректерге қарағанда қан айналым жүйесі қызметінің сенімділігі жүрек жұмысын реттеу механизмдерінің өте жақсы жетілгеніне, күрделілігіне байланысты.
Жүрек қызметін реттейтін тетіктерді үш топқа бөлуге болады: торшалық, ағзалық (интракардиалық) жəне жүректен тыс (экстракардиалық) механизмдер.
1. Торшалық реттеу тетігі миокардтың əрбір торшаларының генетикалық аппараттарынан, органелдерінен, иондық- мембраналық тетіктерінен, ферменттік жүйелерінен құралады. Бұл тетік миокард торшаларында қозу мен жиырылу процестерінің туындауын, олардың арабайланыстарын, энергия жəне зат алмасуларын қамтамасыз етеді.
2. Ағзалық реттеу тетігі миокардтың синцитий түрінде құралуымен, жүректің өткізгіш жүйесімен, қабырғалық арнаулы жүйке аппараттарымен, торша аралық иондық жəне гуморальды заттармен қалыптасқан. Бұл механизм жүректің біртұтастығын, жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Оны атқаруда жүректің қабырғалық жүйке аппараттарының рөлі зор. Жүректің қабырғалық жүйке түйіндері - бұл органның күрделі қызметін шалғай рефлекс принципімен реттейтін құрылым. Бұл пікір дəлелді болу үшін бір мысал келтіріп өтейік. Хирургиялық операция арқылы ауыстырылып отырғызылған немесе ми мен жұлыннан келетін барлық жүйкелері қиылып тасталған мал жүрегі жүйкемен реттеу тетіктерінің бұзылуына қарамай, өз қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар организм мұқтаждығына қарай оны бейімдеп, өзгерте алады. Бірақ жүйкесізденген жүректің қызметі организмге ауырлық түскенде тез өзгере қоймайды. Оның организм күйіне бейімделуі баяу жүреді. Мұндай жүрек жұмысты тоқтатқаннан соң ұзақ уақыттан кейін ғана қалыпты күйіне оралады. Жүрек жұмысы үш түрлі жолмен өздігінен реттеледі. А) . Гидродинамикалық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетік “гидродинамикалық кері байланыс” арқылы жүректің оң жəне сол бөлімдерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, əртүрлі ырғақта жұмыс істеп тұрған “оқшауланған” екі жүректі бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің арасында гидродинамикалық “кері байланыстың” қалыптасуы себеп болады.
Демек, жүректің ырғағы мен жиырылу күші жүректің қуысындағы қысымға сəйкес өзгеріп отырады.
Ə) Гетерометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетік жүрек еттерінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дəрежесіне қарай өзгертіп отырады. Осы механизм “Старлинг заңын” түсіндіруге негіз болады. Жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, соғұрлым ол күштірек жиырылады.
Б) Гомеометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы ұзындығына (жүректің толу, керілу дəрежесіне) сəйкес қана өзгермей, жүрек еттеріндегі иондардың концентрациясына байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүректің ет талшықтарындағы кальций иондарының концентрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның еттерінің 91 жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары қайта шығып үлгермей, оның торшалардағы концентрациясы жоғарылайды. Дəл осы феномен “Боудич баспалдағының” негізінде жатады. Демек, жүректің өзінде орналасқан реттеу тетіктері тек оқшауланған жүрек камераларының жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар олардың белгілі бір ретпен, күшпен жиырылуын, миокард талшықтарының босаңсу дəрежесі мен оның жылдамдығын реттейді. Жүректің қызметі сыртқы жəне ішкі ортаның жағдайына байланысты организмнің мұқтаждығына қарай бейімделе өзгеруі ағзадан тыс реттеу механизмдерінің əсерімен жүреді.
3. Жүректен тыс (экстракардиалық) реттеу тетіктері жүйке мен гуморальды заттар əсеріне негізделген.
Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі.
Жүрек қызметін сопақша мида орналасқан арнаулы орталық симпатикалық жəне кезеген жүйкелер арқылы реттейді. Барлық вегетативтік жүйкелер сияқты, жүрек қызметін реттейтін симпатикалық жəне кезеген жүйкелер екі нейроннан тұрады. Симпатикалық жүйкенің бірінші нейроны жұлынның көкірек бөлігінің алдыңғы бес сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасады да, оның өсінділері жұлдыз тəрізді симпатикалық түйінге келіп аяқталады. Бұл түйіндегі екінші нейрон өсінділері жүректің ет талшықтарына жетіп тарамданады. Оң симпатикалық жүйке - Ашофф-Тавар түйінін жүйкелендіреді. Қарынша еттеріне жүйке екі жақтан да таралады , Кис - Фляк жəне Ашофф - Тавар түйіндерінде аяқталған жүйке талшықтары жүрек жұмысының ырғағын, ал қарыншаларда аяқталған жүйке талшықтары - жүрек еттерінің жиырылу күшін реттейді. Кезеген жүйкенің бірінші нейроны сопақша мида орналасады. Оның түйінге дейінгі ұзын (преганглийлік) өсінділері жүректегі жүйке түйіндеріне келіп аяқталады. Жүрек түйіндерінде орналасқан екінші нейрондар өсінділері оң жақтан Кис-Фляк, ал сол жақтан Ашофф-Тавар түйіндерінде аяқталады. Қарынша еттеріне кезеген жүйке жетпейді. Оң кезеген жүйке жүрек жұмысының ырғағын, ал сол кезеген жүйке Ашофф-Тавар түйінінің өткізгіштігін реттейді.
Кезеген жүйкенің жүрекке əсерін алғаш рет неміс ғалымдары ағайынды Веберлер зерттеген. Иттер мен қояндарға жүргізілген тəжірибелердің негізінде олар кезеген жүйкеге күшті тітіркендіргішпен əсер еткенде жүрек жұмысының тоқтап қалатынын, ал əлсіз тітіркендіргіштің əсерінен жүрек ырғағының баяулайтынын дəлелдеді. Демек, кезеген жүйке жүрек жұмысына теріс əсер етіп, оның қызметін баяулатады (27- сурет) . Неміс ғалымы Энгельманның жіктеуіне сəйкес кезеген жүйке жүрекке бес түрлі əсер етеді. Оны тітіркендіргенде жүрек жұмысының ырғағы баяулайды (теріс хронотропты əсер - “хронос” - латын тілінде уақыт деген мағына береді) , жүрек еттерінің жиырылу күші əлсірейді (теріс инотропты əсер, “инос” - талшық деген мағына береді) , қозғыштығы төмендейді (теріс батмотропты əсер, “батмос” - табалдырық деген мағына береді), өткізу жылдамдығы баяулайды (теріс дромотропты əсер, “дромос” - жол деген мағына береді) , теріс тонотропты əсер - жүрек етінің тонусы төмендейді. Кезеген жүйкенің əсерінен жүрек етінің рефрактерлік кезеңі қысқарып, мембраналық потенциал өседі, гипер үйектену процесі байқалады. Кезеген жүйкені ұзақ тітіркендірсе, жүрек оның ықпалынан шығып кетеді де, жұмысын жиілетеді. Оң кезеген жүйке көбіне, Кис-Фляк түйініне, ал сол жүйке - Ашофф-Тавар түйініне əсер етеді. А Ə 27-сурет. Жүрек қызметіне кезеген (А) жəне симпатикалық (Ə) жүйкенің əсері: 1- кардиограмма; 2- жүйкелерді тітіркендірген мезгіл.
Жүрекке симпатикалық жүйкенің əсерін орыс ғалымы Цион (1865), кейінірек И. П. Павлов (1887) айқындаған. Симпатикалық жүйке жүрекке оң əсер етеді. Қозу толқыны жүрекке симпатикалық жүйке арқылы тараса, онда жүрек жұмысының ырғағы жиілейді, жүрек етінің жиырылу күші артады, қозғыштығы жоғарылайды, өткізгіштігі шапшаңдайды, тонусы артады. Демек, симпатикалық жүйке де жүрекке бес түрлі оң əсер етеді. Айта кетер жай, əрбір əсер арнаулы жүйке талшықтарының əрекетінен туындайды, аталған барлық əсерлерді қамтамасыз ететін əмбебап талшық болмайды.
И. П. Павлов зерттеулеріне сəйкес жоғарыда аталған əрбір əсерді реттейтін арнаулы жүйке талшықтары болады. Ғалым симпатикалық жүйкенің бір талшығын тітіркендіре отырып, оның жүрек ырғағын өзгертпей, тек қана жүрек етінің жиырылу күшін арттыратынын байқаған. Кейінірек дəл осындай тек қана жүректің жиырылу күшін əлсірететін талшықтың кезеген жүйке құрамында болатыны да анықталды. Жүректің жиырылу күшіне ғана ықпал етіп, басқа көрсеткіштерін өзгертпейтін осындай жүйке талшықтарын И. П. Павлов трофикалық (нəрлендіргіш) жүйкелер деп атады. Оның пікірінше, мұндай жүйкелер органдардағы зат алмасу процесін реттейді.
Жүрек жұмысын реттейтін жүйкелердің орталықтары əлсіз қозу жағдайында (тонуста) болады. Кезеген жүйкелерді қиып тастаса, жүрек қағысы жиілейді, ал симпатикалық жүйкелерді қиғаннан соң ол айтарлықтай сирей қоймайды. Демек, парасимпатикалық жүйкелердің тонусы симпатикалық жүйке тонустарынан басымырақ. Қалыпты жағдайда парасимпатикалық жəне симпатикалық жүйке орталықтарының арасында үйлесімді байланыс қалыптасқан. Олардың біреуінің қозуы күшейсе, екіншісінің қозуы - бəсеңдейді. Егер кезеген жүйкенің тонусы ұзақ уақыт күшейсе, жүрек қағысы сирейді. Бұл құбылысты брадикардия деп атайды. Кезеген жүйкенің тонусы əлсіресе, жүрек лүпілдейді (қағыс жиілейді), немесе тахикардия байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz