Тұнбаға жалпы сипаттама. Тұнбаны дайындау технологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе . . . 1 бет

ІІ. Негізгі бөлім . . . 2- 9 бет

А) Тұнбаға жалпы сипаттама

Б) Тұнбаны дайындау технологиясы

В) Рецептер

ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 10 бет

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11 бет

Кіріспе

Тұнба (Infusa) - дәрілік өсімдік өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын жұмсақ бөлігінен (жапырағынан, гүлінен) жасайды, яғни үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітінді, ал өсімдіктің қатты бөлшегінен, яғни қабығынан, тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған.

1) Термопсис шөбінің тұнба түріндегі жазбасы.

Rp. : Infusi herbae Thermopsidis 0, 6 - 180 ml

D. S. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішуге.

Тұнбалар- (infusa) . ( Infusa, infusum, infusi)

Бұл өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарды сулы моншада тұндыру арқылы жасалатын сұйық дәрілік форма. Тұнбаларды жапырақтардан, гүлдерден, шөптерден, ал кейде өсімдік тамырлары мен түбіршелерінен жасайды. Тұндырылатын заттан бояйтын заттар шығуына байланысты олардың түсі әрдайым бояулы болып келеді.

Тұнбалар жасау үшін әдетте құрамына глюкозидтер кіретін өсімдіктер, кейбір алколоидтар, эфирлік майлар т. б. ұзақ қыздырғанда ажырайтын және әсерлік негіздері оңай шығарып алынатын заттар қолданылады. Настойкалар ішке, сирегірек сыртқа жуып шаю немесе ауызды жуу үшін, жараны жуу үшін тағайындалады.

Тұнбалар тұрақсыз екенін және ұзақ уақыт сақтағанда бұзылатындығын, сондай-ақ олардың әсер ететін негіздері ажырайтындығын ескеру керек; сондықтан оларды 2-3 күнге жететіндей етіп жасап, салқын жерде сақтайды. Тұнған формада заттардың әсер ететін негіздері тез сіңіп асқазан секрецияларының әсерінен аз бұзылуына байланысты оларды ұнтақтарға немесе болюстерге қарағанда ⅓ - ¼ есе кем тағайындайды, ал наперстянка жапырақтарының дозасын екі есе кемітеді.

Фармакопея бойынша тұнбалардың үш түрлі концентрациясы бар: күшті әсер ететін заттар үшін 1: 400 (наперстянка жапырағы, ипекакуан тамыры) ; сенага тамыры, валериана түбіршесі, қастауыш, теңіз жуасы үшін -1:30; ал бұдан басқа, күшті әсер ететін материалдар үшін - 1:10 концентрацияларын алу белгіленген.

Құрамында алкалоидтар кездесетін заттардан тұнбалар жасағанда, ұсатылған материалды алдын ала оның ішіндегі алколоидтардың мөлшеріне сәйкестеліп алынған лимон қышқылының ертіндісімен шаяды.

Малдәрігерлік практикада кейде тұнбалардың концентрациясын көбейтеді, бірақ мұндай жағдайда әсер етерлік негіздерді шығарып алу фармакопеяда көрсетілген жылдамдықтан анағұрлым бәсеңдеу болып келеді. Тұнбаларды көп мөлшерде айқындау үшін кейде аптекадан ұсатылған өсімдік материалын ғана алып, тұнбаларды үйде жасайды. Ұсақталып туралған материалды кастрюлға салып, оның үстіне ыстық су құяды, қақпағын мықтап жауып кастрюляны қағазбен немесе басқа жылы әрі қалың затпен (одеяламен, тонмен т. б. ) орайды. 30-45 минуттен кейін сұйықты сүзіп, суытады, сонымен тұнбалар қолдануға жарамды болады.

Рецептіде қанша заттан қанша мөлшерде тұнбалар алу қажеттігін көрсету керек. Тұнбаларды проценттік қатнаста жазуға болмайды, өйткені тұнбаларды дайындағанда ол ерімейді, ал тек заттың көрсетілген мөлшерінен әсер етерлік негіздері ғана шығарылады.

Официналдық тұнбалар: 1) жалбыз тікен түбірінің тұнбасы; (Infusum Althaeae) ; 2) күрделі сенна тұнбасы (Infusum Sennae compositum) .

Тұндырма- (infusa) . Бұл өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарды сулы моншада тұндыру арқылы жасалатын сұйық дәрілік форма. Тұнбаларды жапырақтардан, гүлдерден, шөптерден, ал кейде өсімдік тамырлары мен түбіршелерінен жасайды.

Тұнбаларды дайындау. Әсер ететін негіздерін шығару үшін өсімдік материалын майда етіп ұнтап, елейді. Керекті мөлшерде өлшеп алып, оны инфундирлік аппаратқа, ал ол жоқ болса - берік жабылған фарфор немесе шөлмек ыдысқа салады, оның үстіне керекті мөлшерде салқын су құйып, ыдысты мықтап жауып, сулы немесе булы моншада 15 минут бойы тұндырады. Содан соң оны моншадан шығарып, суытады; суыған сұйықты дәкі немесе кенеп арқылы сүзеді; қойыртпақ қалдықты сығып, сығындыны тағы да сүзеді. Тұнбалардың мөлшері көрсетілген мөлшерден кем болған жағдайда, сығылған материалды дестилденген сумен шайып, шайындымен кемістікті жетістіреді. Тұнбаларға оның ішінде еритін басқа заттарды да қосуға болады: бұл жағдайда микстура пайда болады, өйткені оның негізі су емес, настойка болады.

Тұнба- настойка - (tincturae) . Тұнбашалар деп өсімдіктер мен жануалардан алынатын дәрілік заттардың спирттік, эфирлік және сулық сығындыларын атайды. Бұл форм заводтарда дайындалатын тұрақты, боялған, тұнық сұйықтар. Оларды былай дайындайды: материалды ұсатып бакке салады, сонсоң сорып алатын сұйықты құйып араластырады: бакті жауып 16-20° температурада 7-10 күн бойы тұндырады. Содан сұйығын құйып алып, қоюын пресспен сығады: алынған тұндырманы тұндырып сүзеді.

Күшті әсер етпейтін заттардан алынған тұнбашаларды 1:5 концентрацияда, ягни материалдың салмағының 1 бөлегіне сұйықтың 5 бөлегін қосып жасайды.

Күшті әсер ететін тұнбашаларды перколяция әдісімен 1:10 пропорцияда дайындайды. Бұл әдістің мәнісі мынадай өсімдік материалын турап перкуляторға немесе, ол жоқ болса, өлшеуіш воронкаға салады. Оның үстіне материалдан 1 см жоғары етіп сорып алатын сұйық құяды. Содан кейін үйдің температурасындай жылылықта 24-48 сағат бойы тұндырады. Бұдан кейін сұйықтың ағым жылдамдығы минутіне 20 тамшыға тең болатындай етіп перколятордың немесе өлшеуіш воронканың кранын ашады.

Сұйық перколятор мен воронкаға да осындай жылдамдықпен құйылуға тиіс. Тұндырылатын сұйықтың екі порциясы алынады. Бірінші порция алынған өсімдік материалының салмағының 85%-не тең болуға тиіс, екінші порциясын сұйықтың бояулы түсі кеткенше жыйнайды; екінші порциядағы сорып шығаратын сұйық алынған материал салмағының 15 %-і қалғанша қайнатылады. Содан кейін екі порцияны бір бірімен араластырады, сөйтіп дайын настойка алады.

Егер рецептіде сорып шығаратын сұйық көрсетілмесе, онда спиртті настойка жіберіледі (70° спиртте), бұл тұндырманы кейде tinctura simplex деп атайды.

Тұнбашаларды жалғыз заттан жасалған қарапайым (tincturae simplices) және бірнеше тұнбашалардан тұратын немесе басқа дәрілік формалар, препараттар, заттар кіретін күрделі (tincturae compositae) түрлері бар.

Тұнбашаларды жақсылап жабылған ыдыста әдеттегі үй температурасында сақтайды. Тұнбашаларды таза күйінде (per se) немесе түрліше дәрілік формаларда сыртқы және ішке тамшылап мөлшерлейді, сондай-ақ, олардың атын атап жазады. Официналдық тұнбашалар:

Рецепт үлгілері:

1. Сиырға:

Rp. : Infusi herbae Adonidis 10 ml

D. S. 20 тамшыдан күніне 3 реттен қабылдауға

#

2. Rp. : Tincturae Valerianae aetherreae 15. 0

D. S. Итке 10-15 тамшыдан 1 рет қабылдауға

#

Итке

3. Rp. : Tincturae Rhei aguosae 15. 0

D. S. Шай қасықпен 1 қасықтан бір рет қабылдауға

#

Мысыққа

4. Rp. : Tincturae Opii simplicis 20. 0

D. S. күніне 5-7 тамшыдан 1 рет қабылдауға

#

5. Rp. : Tincturae Iodi 25. 0

D. S. Жарақаттанған жерді майлауға

http://cs625431.vk.me/v625431109/39012/51f-I32fvcg.jpg http://womaninstinct.ru/wp-content/uploads/2015/07/nastojka_zolotogo_usa_lechebnye_svojstva_i_primenenie-3.jpg http://www.ozero.ru/uploads/file/f0/yd/3s2s6nco04gg4o0wc0w8s/boyaryshnik.jpg

http://phytomedicine.ru/wp-content/uploads/2016/02/nastoika-zveroboya.jpg

6. Cиырға

Rp. : Tincturae Strophanthi 5 ml

Tincturae Valerianae 15 ml

M. D. S. күніне 3 рет 20 тамшыдан

#

Жылқыға :

7. Rp. : Infusi folii Digitalis 8. 0-240. 0

D. S. Ішке ішуге; күніне ½ cтаканмен 1рет

#

8. Rp. : Tincturae Crataegi 25 ml

D. S. Күніне 3 рет 50 тамшыдан ішу керек

#

9. Rp. :Infusi folii Digitalis 8. 0-240. 0

Coffeini natrii benzoatis 4. 0

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТАРДЫҢ АНАЛИЗІ
Барий гидроксидін алу жолын зерттеу
Әрекеті қарапайым насостар
Сүзгіш центрифугалар
Суспензия және эмульсияны дәрілік түр ретінде тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ
Суспензияларды дайындау техналогиясы
Өндірістік қалдықтардан галийді алу жолдары
Жылқы және түйе сүтін алғашқы өңдеу
Германий элементі туралы жалпы түсінік
Комплексонометриялық титрлеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz