Менің озық мемлекетім


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасың ғылым және білім министрлігі

ЭССЕ

Тақырыбы : «Менің озық мемлекетім».

Пән: Саясаттану.

Семей 2016

Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. [2]

Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі - мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді. Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі” деп түсіндірді. [3]

Тарихты алып қарасақ қай мемлекеттің басшысы болмасын өзі басқарған кезде мемлекеттің құрылымы өзгеріп, өз дәуірінің озық мемлекетін жасауға тырысты. Ал, қазіргі дамыған заманда әлемнің озық мемлекеттерінің қатарында болу үшін мемлекет басшылары қандай қадамдар жасауда? Мысалы, Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы, Президент Н. Ә. Назарбаев билікті өз қолына алып, мемлекеттік тіліміз де, рәміздеріміз де қалыптасты. 1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Болашақта 2017 жылы дүниежүзілік EXPO көрмесі өткізілмек мақсатта. Еліміздің басқа да жетістіктері көп, және осы іс-шаралардың барлығының мақсаты әлемнің озық мемлекеттерінің қатарында болу.

«Озық мемлекет» ұғымын әр мемлекет өзінше қабылдайды. Ал сол мемлекеттің әр азаматының түсінігі қандай?

Менің пайымдауымша, озық мемлекет дегеніміз ең алдымен - егеменді мемлекет. Мемлекет егемендігі - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы тиіс болуы керек. [2] Мемлекет территориясы, конституциясы бір, мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ - унитарлы болуы тиіс. [3] Мемлекетті президент басқарып, ал президентті халық өз қалауымен әр 4 жыл сайын сайлауы тиіс. Мемлекетімнің тұрақты әрі әлемдік ақша айналымына тәуелсіз валютасы болса деймін. Географиялық тұрғыдан, экономикамыз бірқалыпты дамып отыру үшін мемлекетімнің мұхитқа жақын, яғни материктің шетінде орналасқанын қалар едім. Алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру мақсатында мемлекетаралық экономикалық одақтардың белсенді мүшесі болар едік.

Экономикаға тоқтала кетсем, мемлекетімді табиғи ресурстары арқылы дамытуды көздеу мақсатым. Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі болып табылады. Жұмыс күшінің сапасы - адамдардың қаншалықты еңбек еткісі келетіні мен олардың кәсіпкерлігі - экономиканың табысты болуы үшін маңызды. Бірақ, табиғи ресурстар мен жұмыс күші экономикалық жүйенің бөлігін ғана құрайды. Бұл ресурстарды тиімді ұйымдастыра білу керек. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ең тиімдісі - «аралас экономика» болып табылады: үкімет пен жеке бизнестің экономикадағы маңызы бірдей болғандықтан. Сондықтан, осы әдісті тәжірибе жүзінде болсын, мемлекетіме енгізу керек деп санаймын.

Президент билігіне тәуелсіз айыптаушы орган мемлекет ішіндегі барлық қылмыстық әрекеттерді қадағалап отырса жөн болады. Қылмыс болған жағдайда жазасы ауыр болса, қатаң тәртіп болса, мемлекет де «таза» болады деп ойлаймын. Яғни, қылмыстың өтемі тек қана бас бостандығынан айыру емес, сонымен қатар бостандыққа шыққан жағдайда жасалған қылмыстың өтемі мөлшерінде айыппұл төленуі қажет. Мысалы, параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. көлемінде айыппұл төлейді. Ал аса ауыр жағдайда, өмір бақи бас бостандығынан айыру қажет.

Білім беру жүйесіне келер болсақ, әлемде осы салада Сингапур ең үздік болып танылған. Ал, менің озық мемлекетіме осы мемлекеттің жүйесін неге енгізбеске? Сингапурда табиғи ресурстардың болмауына байланысты жоғарғы кәсіби нарық құру, шетелдік инвестрларды тарту және экспорттауға бағытталған экономикаға көшу үшін үкімет интеллектуалды модернизация жолын таңдады. Білім жүйесінің алдындағы міндет - елді сауатты және техникалық білімді мамандармен қамтамасыз ету. Бірнеше ұлттардың білім құрылымдарына біркелкі стандартты енгізу арқылы оптимизациялау мәселесі туындады. Барлық пәндерді бір тілде жүргізу таңдалды, ол - ағылшын тілі. Сингапурдың барлық азаматтарын ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу, дайындау жүйесі халықаралық өндіріс, сауда және білім саясатын жүргізуге бағытталса, ал қытай тілі Азиялық бизнеске тиімді. Бүгінгі уақытта Сингапурда он жылдық білім жүйесі, алты жастан бастап сан қырлы, түрлі оқу бағдарламалар аясында білім алады. Осы жүйе әр оқушының бейім-қажеттілігіне қарай таңдау және мектеп кеңесінің берген бағдарламасымен оқуға мүмкіндік туғызады. Оқушыларға мектепте қосымша спорт, шығармашылық іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінеді екен. Барлық білім жүйесі әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған, негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған. [1]

Яғни, мемлекетімізде білім беру екі тілде, ресми тілімізде және әлемдік ағылшын тілінде жүргізілсе.

Денсаулық сақтау жүйесіне келер болсақ, бұл салада әлемдегі үздік болып есептелетін Франция мемлекетінің жүйесін, тәжірибесіне қарай отырып, өз мемлекетіме енгізуге болады. Бұл жүйеде медициналық көмек көрсету және денсаулық сақтауды қаржыландыру мемлекеттік және жеке секторды біріктіре отырып, міндетті медициналық сақтандыру негізінде жұмыс істейді. Медициналық көмек кең көлемде ауруханалардың деңгейде ғана емес, амбулаториялық деңгейде де жүзеге асырады. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекет халқының сұранысына толықтай жауап береді. Медициналық көмекке халықтың бір деңгейде қолжетімділігін Ұлттық медициналық сақтандыру қамтамасыз етеді. Ұлттық медициналық сақтандыру Франция халқының 99% қамтиды. Франция азаматының медициналық сақтандыруына қаржы азаматтың жалақысынан ұсталып отырады. Тіпті зейнеткерлерден де медициналық сақтандыруға ақша ұсталады. Азамат аяқ астынан ауруханаға түскен кезде оның емінің ақысын медициналық сақтандыру төлейді. [4] Осы жүйеге сүйене отырып, мемлекетіме Ұлттық медициналық сақтандыру жүйесін енгіземін. Нәтижесінде, тек қана денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету, парақорлық, науқастың материалдық жағдайын есепке алу сияқты біршама мәселелердің де алдын алуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Талас жазу ескерткіштері
Көне түркілердің жазба мәдениеті
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Көне жазулар
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz