Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын
қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 6
- Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен құрамы . . . 6
- Коммерциялық банктердегі депозиттер және депозиттік операцияларды ұйымдастыру . . . 14
- Депозиттік саясат және оның банк ресурстарын қалыптастырудағы рөлі . . . 26
2. Коммерциялық банктің депозиттік операцияларының талдауы (мысал ретінде «АҚ TEXAKABANK») . . . 38
- 2005 жылғы АҚ «TEXAKABANK»-тің ресурстарына талдау . . . 38
- АҚ «TEXAKABANK»-тің депозиттік операцияларын
ұйымдастыру . . . 49
- Депозиттік сыйақы және оны қалыптастыру негізі . . . 55
3. Депозиттік операцияларды жетілдірудің негізгі бағыттары . . . 63
3. 1 Шетел тәжірибелеріндегі депозиттерді сақтандырудың жүйелері . . . 63
3. 2 Қазақстан республикасындағы депозиттерді сақтандыру
жүйесі . . . 73
Қорытынды. . . . 85
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 88
Қосымшалар
. . . 92
Кіріспе
Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары) .
Банктік саясаттың маңыздысы болып ресурс базасын қалыптастыру табылады. Банкпен пассивтік операцияларды жүргізу процесіндегі ресурстық базаны қалыптастыру оның активтік операцияларға қатынасы бойынша тарихи маңызды және айқындаушы рольді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларды жүргізу барысында қалыптасады, несиелік ұйымның қызметтерінің тұрақтылығы осы операцияларды тиімді және дұрыс ұйымдастырудың нәтижесіне байланысты. Осыған байланысты ресурстық потенциалды өсіру және оның тұрақтылығын пассивтарды тиімді басқару арқылы қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Салымдар банктер үшін ең негізгі өндіріс факторы болып табылады, себебі, олар банктердің несиелерін қаржыландыру мен бағалы қағаздарды сатып алуға қажетті қаражат көзін құрайды. Ал, банктер тарапынан жүргізілетін операциялар, яғни несие беру мен бағалы қағаздарды сатып алу банктің ұзақ мерзімді жұмысын қаржыландыруға қажетті пайда алуға көмектеседі.
Бұл жүйені өзара байланысты үзіліссіз механизм ретінде қарастыруға болады. Ашып айтсақ; банктер тарапынан берілетін несие кіші және орта бизнестің, жалпы өндірістің дамуына әсерін тигізеді, яғни өндірістің өсуі - ол экономиканың өсуі, нәтижесінде экономикасы тұрақталған елдің халқының жағдайы түзеліп, банктерге өз артық қаражаттарын салып, банктің ресурстарының көлемін арттыруға себепші болады.
Міне, депозиттік саясаттың еліміздің экономикасына тигізетін әсерінің зор екенін ескере отырып, мен дипломдық жұмысымда осы мәселе төңірегінде қарастыруды жөн көрдім. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектілері болып - депозиттік операциялармен депозиттік саясат және де келесі мәселелер табылады;
- банктік ресурстардың жіктелуі қарастырылған;
- Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының жіктемесі берілген және олардың ерекшеліктері қарастырылған;
- Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері зерттелінген, оның негізі және қалыптастыру принциптері, мақсаты мен бағыттары ашып қарастырылған;
- Депозиттік нарыққа республикалық және жергілікті деңгейде зерттеу жүргізілген;
- Банктік жүйеде субъектінің қызметіне заңды және жеке тұлғалардан қаражаттарды тарту сферасында зерттеу жүргізілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - депозит ұғымының мәнін ашып, депозиттік саясатты жүргізудің қажеттілігін көрсетіп, коммерциялық банктер тарапынан жүргізілетін депозиттік саясатты дамытудың, оны тиімді түрде жүзеге асырудың жолдарын, әрине, депозиттік нарық басқа нарық сияқты қиындықсыз болмайды, сол қиындықтардан шығудың тиімді бағыттарын іздестіріп, мүмкіншігінше ашып қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті - депозиттік саясаттың даму дәрежесін көрсету, және де қазіргі жағдайды жақсарту жолдарын, банктің депозиттік қызмет сегменттерінің өсу факторларын және жаңа ойларды іздеу болып табылады. Міндеттерге жету үшін келесілерді орындау қажет, дәлірек айсақ:
1 Депозиттік операциялар жіктелуіне байланысты сұрақтарды қарастыру, депозиттік операцияларға бағабелгілеу әдістері, сонымен қатар салымшыларды қорғау құралы ретінде депозиттерді сақтандырудың негізгі әдістері;
2 Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың жағдайымен, сонымен қатар «АҚ ТЕХАКАВАNК»-тің жүргізіп отырған депозиттік тәжірибесімен танысу;
Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып, коммерциялық банктің ресурстық потенциалын жоғарлату және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету табылады.
Зерттеу заты отандық коммерциялық банктердің депозиттік саясатын ұйымдастыру және жүзеге асыру процесінде қалыптасатын, экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі болып табылады.
Зерттеу объектісі «АҚ TEXAKABANK»-тің қызметтері табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын Қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Банктік ресурстар және олардың экономикалық мазмұны мен құрамы
Кез - келген елдің дамуы жинақтардың инвестицияға ауысуының тиімділігіне тығыз байланысты. Республиканың ішкі салымдарын тартудың қажеттілігі, біріншіден, инвестициялық ресурстардың тапшылығы проблемалары және тікелей шетелдік инвестициялардың шекті көлемінің көбейуіне негізделеді. Осыған байланысты, ұлттық ақша қаражаттарын шоғырландыратын және оны банк жүйесінің несие ресурстарына айналдыратын, депозиттік нарықты құру және оны дамыту ерекше өзекті мәселе болып отыр.
Нарықтық қатынастардың дамуымен тартылған қаражаттар құрылымы, ескі банктік жүйеге дәстүрлі емес, заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарту әдістері өзгерістерге душар болды.
Қазіргі банктік тәжірибе салымдардың, депозиттердің және депозиттік шоттардың көптеген түрлерімен сипатталады. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта клиенттердің әр түрлі топтарының сұраныстарын банктік ресурстармен қанағаттандыру және олардың уақытша бос қаражаттарын тартумен негізделген.
ҚР «Банктер және банктік қызметтер туралы» заңында депозитке келесі анықтама берілген;
Депозит (салым) - бір тұлға (депозитордың) басқа тұлғаға - банкке (оның ішінде ҰБ) аталған күйінде қайтарылуға тиіс деген шартпен алғашқы талап ету бойынша немесе белгілі бір мерзім өткеннен кейін толық немесе бөліп - бөліп, алдын - ала келісілген үстемесімен немесе ондай үстемесіз, депозиторға тікелей қайтарылуға тиіс не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілуге тиістілігіне қарамастан беретін ақша. (2 - бап) .
Банктік салым - бұл салымшының белгілі бір шартпен банк басқаруына берген ақшасы. Банкке салынған уақытша бос ақшалар салымшылар үшін екі ролді атқарады; бір жағынан ақша ролінде, ал екінші жағынан - табыс әкелетін капитал ретінде.
Банк қызметінің маңызы оның атқаратын функциялары арқылы анықталынады, олардың негізгілері келесілер болып табылады:
- Уақытша бос ақша қаражаттарын мобилизациялау және оларды капиталға айналдыру;
- Кәсіпорындарды, мемлекетті және халықты несиелеу;
- Шаруашылықта төлемдерді және есеп-айырысуларды жүргізу;
- Эмиссионды-құрылтайшылық функция;
- Консультациялау, экономикалық және қаржылық ақпараттарды беру.
Уақытша бос ақша қаражаттарын мобилизациялау және оларды капиталға айналдыру функциясын орындау арқылы, банктер ақшалай табыстарды және салым түріндегі жинақтарды шоғырлайды. Тартылған қаражаттарды банк мемлекетті, заңды және жеке тұлғаларды несиелеуге қолданады. Коммерциялық банктердің функцияларының бірі төлем-есеп айырысу механизмін қамтамасыз ету болып табылады. Төлемдерде делдалдардың рөлін атқара отырып, банктер өзінің клиенттеріне төлем және есеп айырысумен байланысты операцияларды жүргізеді. Эмиссионды-құрылтайшылық функциясы коммерциялық банктермен бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыру жолымен жүргізіледі. Экономикалық жағдайларды тұрақты басқару мүмкіндіктеріне ие бола отырып, коммерциялық банктер клиенттерге консультациялық қызметтерді көрсетеді.
Банктің операцияларының экономикалық негізін ақша қаражаттарының қозғалысы құрайды. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктің барлық операцияларын шартты түрде негізгі үш түрге бөлуге болады. (1 сурет) . :
- пассивтік операциялар (банкке қаражаттарды тарту және оларды ресурстарға қалыптастыру) ;
- активтік операциялар (банк ресурстарын орналастыру) ;
- активтік-пассивтік (банкпен клиенттің тапсырысы бойынша белгілі бір төлемді алу арқылы орындалатын комиссиондық, делдалдық операциялар) .
Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық субъектілері сияқты, өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша қаражаттары, яғни ресурстары болуы керек. Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының дамуы, ресурстарды қалыптастыру проблемасы аса маңызды болып табылуда.
Банктің меншік қаражаттары дегеніміз - банкпен өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметтерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылатын әр түрлі қорлар, және де ағымдағы сонымен қатар өткен жыл нәтижесі бойынша алынған табыстар
Банктердің тартылған қаражаттары активті операцияларды әсіресе несиелік операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттардың 90 % -дан көбін қамтамасыз етеді. Олар депозиттер (салымдар) сонымен қатар контокорренттік және корреспонденттік шоттар. Олардың маңызы өте зор. Несие ресурстары нарығында заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын мобилизациялай отырып, коммерциялық банктер олардың көмегімен халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, ақшаның капиталға айналуына септігін тигізеді, халықтың тұтыну несиесіне қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Банктермен тартылатын қаражаттардың құрамы әр алуан. Олардың бастылары болып, клиенттермен жұмыс істеу процесінде банктермен тартылған қаражаттар (яғни депозиттер), меншікті борыш міндеттемелерін шығарудан шоғырланған (депозиттік және жинақ сертификаттары, вексельдер, облигациялар) және басқа да несие мекемелерінен банкаралық несие және ҚРҰБ алынған қаражаттары жатады.
1-сурет. Коммерциялық банктің негізгі операциялары
Банктің меншікті қаражаттары өзінің мақсатты бағыттары бар және қалыптасу көздері әр түрлі қорлардан тұрады, оны жинақталған түрде 2 - сызбада көрсетуге болады.
2-сурет. Коммерциялық банктің меншік қаражатының құрылуы
Банктің меншікті қаражаттары бірнеше маңызды функцияларды орындайды:
- Қорғаушы функция. Салымшылармен қаржыландырылатын (жобамен 88%) банк активтерінің басым бөлігі. Осыған сәйкес банктің акционерлік капиталының және оған теңестірілген қаражаттардың басты функциялары салымшылардың мүддесін қорғау болып табылады. Меншік қаражаттардың қорғаушы функциясы банк банкрот болған жағдайда салымшыларға қаражаттарын қайтарып беру мүмкіндігін білдіреді. Бүгінгі таңда банк капиталының қорғаушы функциясының өзекті мәселелердің бірі, өйткені елімізде көптеген проблемалар бар. Экономиканың тұрақсыздық жағдайлары банктерді банкроттық жағдайларға ұшыратып және салымшылардың өз салымдарын жоғалтуына алып келді. Сондықтан біздің еліміз үшін меншік капиталының тұрақтылығы банк сенімділігінің бірінші шарты болып табылуда.
- Оперативтік функция. Банк жұмысын бастау үшін старттық капитал қажет, ол жер, ғимарат, құрал-жабдықтар және де келеңсіз шығындарды жабуға арналған қаржылық қорларды құруға қажет. Осы мақсаттарға сонымен қатар меншікті капиталда қолданылады.
- Реттеуші функция. Салымшылардың мүддесін қорғау және банктік операцияларды жүргізуге қаржылық негізді қамтамасыз етумен қатар банктің меншікті қаражаттары реттеуші функцияны орындайды, яғни ол жүргізілетін операцияларды мемлекеттік органдарға бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге байланысты.
Банктің меншікті капиталы - оның активтік операцияларының көлемін арттырудың негізі. Сондықтан әр банк үшін оны арттыру көздерін табу өте маңызды, оларға мыналар жатуы мүмкін; банк резервін қосқандағы өткен жылдың бөлінбеген табысы; қосымша шығарылған бағалы қағаздарды орналастыру және жаңа пайшылар тарту. Банктің меншікті қаражатының құрамына; жарғылық, резервтік және басқа да арнайы қорлар, сонымен қатар жыл ағымында бөлінбеген табыс кіреді.
Жоғарыдағыларға қорытынды жасай кетсек, банктің меншікті ресурстарының маңызы оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған. Банкті құрудың алғашқы кезеңінде меншік қаражаттарды банк өз қызметінде пайда болатын алғашқы шығындарды жабуға пайдаланады. Меншікті ресурстар есебінен банктер өздеріне қажетті резервтерді құрады. Меншікті ресурстар ұзақ мерзімді активтерге салымдарды салудың басты көзі болып табылады.
Депозиттер тартылған қаражаттардың жалғыз көзі ғана болып табылмайды. Тәжірибеде банктерге тартылатын ресурстардың депозиттік емес көздері де бар, оларға келесілерді жатқызуға болады; банкаралық нарықтан қарыз алу; бағалы қағаздарды қайта сатып алу арқылы сату келісім-шарты; Қазақстан республикасының Ұлттық банкінен қарыз алу және вексельдер есебі; банктік акцептерді сату; коммерциялық бағалы қағаздарды шығару. Осы көздердің ішінен Қазақстан банктері негізінен банкаралық несиені және ҚРҰБ-нің несиесін қолданады. Банкаралық несиелер нарығында ҚРҰБ-дегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттар сатылады және сатып алынады. Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің несиелері - қазіргі таңда коммерциялық банктерге негізінен қайта қаржыландыру ретінде, яғни конкурстық негізде бөлініп беріледі, және де ломбардтық несие формасында беріледі. Осымен қатар банктерге конкурстық негізде несиені тек 10 % -дайын сатады. Әр банк аукционға қойылған несиенің тек 25 %- дайын ғана ала алады. Бірақ банкаралық несие коммерциялық банктердің балансының төлем қабілеттілігін ұстап тұруға және міндеттерді үзіліссіз орындауға қажетті заемдық ресурстардың негізгі көзі болып табылады.
Қазіргі таңда орталықтанған несиенің кеңінен тараған түрі ломбардтық несие, яғни коммерциялық банктерге ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздарды кепілге ала отырып несие беру табылады.
Орталықтанған және банкаралық несиелердің қолайлылығы - олар банк-қарызгердің басқаруына жылдам түседі және салым болып табылмайтындықтан резервтік талапты қамтамасыз етуді қажет етпейді. Қазақстан республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясаты аумағында өзінің өкілеттілігін орындау мақсатында еліміздің несие жүйесінің резервтік қорын құрады, ол банкпен тартылған ресурстардың бір бөлігін резервтеу жолымен құралады.
1 - кесте. Депозиттік операциялар бойынша пайыз ставкаларының
көлеміне міндетті резервтеудің ықпалы
% түрінде
Резервтеу нормасындағы нақты
пайыздық ставка
Банктің депозиттік операциялары бойынша пайыз ставкаларының мөлшеріне міндетті резервтеудің ықпалының нәтижелері 1-кестеде берілген.
Коммерциялық банктер резервтік талаптарды орындау үшін айналыстан ешқандай табыс әкелмейтін активтерге айналатын көптеген ақша қаражаттарын алады. Коммерциялық банктер үшін резервтеу тартылған қаражаттардың құнының қымбаттауын білдіреді, ол банкке пассивтік операциялар бойынша номиналды пайызға қарағанда қымбатқа түседі. «Қымбат» ресурстарды банктер жоғары табыс әкелетін операцияларға орналастыруға тырысады, жоғары табыс алуға ұмтыла отырып, көптеген банктер төлем қабілетсіз болып қалуы мүмкін.
Сайып келгенде, тартылған қаражаттар банктер үшін меншікті қаражаттарға қарағанда маңызды болып келеді, өйткені банктер тартылған қаражаттар есебінен өздерінің қаражаттарға қажеттіліктерінің басым бөлігін қанағаттандырады.
- Коммерциялық банктердегі депозиттер және депозиттік
операцияларды ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің операциялары банк қаражаттары көздерін және байланыстар табиғатын сипаттайды. Дәл осылар активтік операциялардың құрамы мен құрылымын, яғни банк ресурстарын қолданудың формасы мен бағытын, шартын айтарлықтай дәрежеде анықтайды.
Коммерциялық банктердің депозиттік (салымдық) операциялары - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі-бір мерзімге немесе талап еткенге дейін салымдарға тарту операцияларын, сонымен қатар клиенттердің есеп айырысу шотындағы қаражаттарының қалдықтарын инвестициялық қызметке және несиелік ресурстарға пайдалануын айтамыз.
Депозиттік операция - кең ұғым, өйткені оларға банктің қаражаттарды салымдарға тартумен байланысты барлық қызметтері жатады. Пассивтік операциялардың бұл тобының ерекшелігі болып, банктің бұндай операциялар көлеміне бақылауының салыстырмалы түрде аз болуында, өйткені қаражаттарды салымдарға салу ынтасы клиенттерден туындайды. Осымен қатар, тәжірибеде көрсеткендей салымшыны банк төлейтін пайыздарымен қатар, банкке сақтауға тапсырылған қаражаттардың сенімділігі де қызықтырады.
- Депозиттік операцияларды ұйымдастыру бірқатар принциптерді сақтау арқылы жүзеге асу керек;
- Ағымдағы табыстарды алу және оларды болашақта алуға жағдайлар жасау;
- Банк өтімділігінің шапшаңдығын қамтамасыз үшін депозиттік операцияларды басқарудағы (гибкая) иілгіш саясат;
- Депозиттік саясат және активтер табыстылығының арасындағы келісімділік;
- Клиенттерді тарту мақсатында банктік қызметтерді дамыту.
Депозиттік шоттар табиғаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін, олардың жіктелуіне негізіне келесідей критерилер қойылған; салым көздері, олардың бағытталу мақсаты, табыс әкелу дәрежесі және т. б, бірақ көбінесе критери ретінде салымшының категориясы және салымды алу формасы жиі қолданылады. Депозиттік операциялар келесідей болып жіктеледі:
- Салымшылар категориясына байланысты:
- заңды тұлғалардың депозиттері (кәсіпорындар, ұйымдар, басқа банктер және т. б. ) ;
- жеке тұлғалардың депозиттері. Экономикалық мазмұны бойынша:
- Салымшылар категориясын есепке ала отырып;
- Қайтарып алу формасы бойынша;
- Сақтаудағы қаражаттарды қолдану тәртібі бойынша. Қаражаттарды алу формасы бойынша:
- мерзімді депозиттер;
- талап еткенге дейінгі депозиттер;
- халықтың жинақ салымдары.
Депозиттердің жіктелуін қайтарып алу формасы бойынша толығырақ 3-суреттен көруге болады.
Батыс банктерінің тәжірибесінде депозиттерді қайтарып алу мүмкіндігі бойынша оларды келесі категорияларға бөледі:
- «Тығыз қажет ақша», үлкен ықтималдықпен алуға болатын қаражаттар (мысалы, пайыз ставкасының өзгеруіне сезгіштік танытатын депозиттер) ;
- Сенімсіз депозиттер, салынған қаражаттар көлемінің 25-30 % мөлшерінде алынуы мүмкін қаражаттар;
- Тұрақты қаражаттар, (негізгі депозиттер) қайтарып алыну ықтималдығы ең төмен.
Қазақстан банктеріне оралатын болсақ, онда талап еткенге дейінгі депозиттерден бастайық, өйткені олар банктердің тартқан қаржаттарының құрылымында басым бөлігін алады. Сонымен, талап еткенге дейінгі депозиттер бұл-салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты ақшаларын қайтарып алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Оларға есеп айырысу, бюджеттік және басқа шоттардағы қаражаттарды мақсатты пайдалану немесе есеп айырысуларды жүргізумен байланысты қаражаттарды жатқызуға болады.
Талап еткенге дейінгі салымдар негізінен тұрақсыз, бұл коммерциялық банктер үшін оларды қолдану шеңберін шектейді. Осыған байланысты шот иелеріне төмен пайыз төленеді немесе тіптен төленбейді. Салымдарды тартудағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты коммерциялық банктер клиенттерді тартуға тырысады және талап еткенге дейінгі шот иелеріне қосымша қызметтер, сонымен қатар оларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолымен талап еткенге дейінгі салымдардың өсуін ынталандыруға тырысады. талап еткенге дейінгі депозиттер бойынша банктер Қазақстан республикасының Ұлттық банкінде минималды резервті сақтауға міндетті.
3-сурет. Коммерциялық банктерден депозиттерді қайтарып алу формасы
бойынша жіктелуі
Талап еткенге дейінгі депозиттер бойынша пайыз, салымшыға ереже бойынша жаңа күнтізбелік жылдың басында бір рет төленеді.
Талап еткенге дейінгі депозиттердің өтімділігі жоғары болып келеді. Олардың иелері талап еткенге дейінгі шоттарындағы қаражаттарын кез-келген уақытта қолдана алады. Осы шотқа ақшаны бөліктеп салуға және алуға, сонымен қатар толық шектеусіз алуға болады, және де осы шоттан ҚРҰБ бекіткен ережелерге сәйкес қолма-қол ақшаны алуға болады. Басқаша айтқанда, талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы болып олардың жоғары өтімділігі табылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттердің - иелері үшін басты кемшілігі болып шот бойынша төленетін пайыздың төмендігі табылады, ал банк үшін-өтімділікті ұстау мақсатында жоғары шапшаң резервтің болуының қажеттілігі. Осыған сәйкес, талап еткенге дейінгі депозиттік шоттың ерекшеліктерін былайша сипаттауға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz