М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

«Ел боламын десең - бесігіңді түзе!» деген М. Әуезов сөзін қазақтың әрбір шаңырағы өз маңдайшасына ойып жазып қойса, жарасарлықтай.

«М. Әуезов - әлем әдебиеті мойындаған тұлға»
М. Әуезов әлем тілінде
Алғашқы жазба кездерi, Шумердiң қыш кестесi, ежелгi мысырдың папирустары, Вавилон мен Аккадтың сына жазуынан бастап мыңжылдықтардың, барлық ғасырлар мен дәуiрлердiң, барлық мәдениет пен өркениеттiң қатаң сұрыптауынан өтiп бiзге жеткен таңғажайып туындыларды жинақтаған ХХ ғасырдың ғаламат басылымы - iрiктелген Данте мен Шекспир, Толстой мен Томас Манн қатарынан, Горький мен Шолохов қатарынан - ұлы ескерткiштер жинағы 250 томының екi томы Мұхтар Әуезовке тиесiлi болуы кездейсоқ жайт емес.
«Абай жолы» эпопеясының өзі дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылса, оның бірқатар шығармалары ағылшын, албан, араб, армян, әзірбайжан, башқұрт, белорус, бенгал, болгар, бурят, венгр, вьетнам, грек, голланд, грузин, испан, қырғыз, серб, француз, қарақалпақ, словак, тәжік, татар, тува, түрік, түркімен, өзбек, хинди, парсы, поляк, пушту, румын, ұйғыр, украин, урду, фин, якут, чех, эстон, қытай, корей, латвия, литва, мари, молдован, монғол, неміс тілдеріне аударылған.
Мінекей, осының өзі Мұхтар Әуезовтің - тек қана қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің қайталанбас ұлы тұлғасы екендігін дәлелдейді.

Ұлы адамдардың естеліктері
Мұхтар Әуезов - қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу - елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау»
Н. Ә. Назарбаев

Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді.
Н. Погодин

Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да - сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу - әр қазақтың абыройлы борышы.
Дінмұхамед Қонаев, мемлекет қайраткері

Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқатата көтеріп, жар салу үшін өз биігің - Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек.
Шығыс Айтматов, жазушы

Мұхтар Әуезов - ақын. Ол өз елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнелейді. Сонша ұлылықпен, сонша суреткерлікпен және Әуезовтей кісі жырлаған халық шын бақытты ғой.
Бержерон, француз жазушысы
«Мұқаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрінде қатар және тең ұстаған адам. » Абайша айтқанда, «Қас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің үлгісі болатын. »
Зейнолла Қабдолов
б) Ақындар арнаулары
Жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған. Енді солардың бірқатарын оқушылардың өз ауыздарынан естиміз.
Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!», Сырбай Мәуленов «Мұқаңа», Расул Ғамзатов «Мұхтар аға», Әбдіраштың Жарасқаны «Тарих заңы», Мұхтар Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?».
Бұл оқылған дүниелердің бәрі біз үшін құнды. Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу - біздің абыройлы міндетіміз деп танимыз.

М. Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі

Жазушының ескі өмір ауырпалықтарын суреттеуге арналған әңгімелері

Қазақ әдебиетінің классигі

Әңгіме жанрының майталман шебері

Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс

М. Әуезов әңгімелеріндегі әйел психологиясы

М. Әуезов әңгімелеріндегі ұлт-азаттық сарын

Мухтар Әуезов шығармашылығының әлем әдебиетіндағы орны.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Әлемдік ірі құбылыс, ғұлама жазушы М. Әуезов қазақ халқының рухани байлығын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық өнеріне арнады. Ол әдебиеттің бар саласында да қажырлы еңбек етті. Жазушының артынан қалдырған мол мұралары публицистика, драматургия, проза, көркем аударма тұрғысынан болса, ғылыми мұрасы фольклортану, әдебиеттану сияқты ірі салаларды қамтиды.

М. Әуезов - қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, толғампаз зерттеуші. М. Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады.

Ол шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды шығармаларынан-ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М. Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай - қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үлгісі болса, қара сөздің хас шебері М. Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып табылады.

Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдарындағы жазылған шығармаларының барлығына дерлік Кеңес үкіметінің алғашқы дәуіріндегі өмір кезеңі қамтылғанымен, кеңестердің іс-әрекетін көтере дәріптеу, көзсіз мақтау, мадақтау жоқ. «Үйлену», «Оқыған азамат», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен» сынды әңгімелерінде жаңа қоғамның жаңалықтары бой көрсеткенімен, бұларда кеңестік дәуірдің зор жетістіктеріне сүйсіне қарау жоққа тән. Жазушының бұл уақытта жазған шығармалары ішінде «Жуандық» әңгімесінде ғана Кеңес үкіметіне зор үміт артып, сеніп қарау байқалады. Алайда, шығарма соңы кеңестерді арқау еткен жатақтың опық жеп, жерінен айырылып, көшіп кетуіне ойысады.

М. Әуезов шығармаларында кеңес үкіметінің жетістігін көзсіз мадақтаған жоқ.

Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдарындағы шығармашылық қызметіндегі ұлт - азаттық идеясының бейнеленуі мен көріну жолдары туралы азды - көпті пікірлер айтылған зерттеулер бар. Олардың кезеңдік тұрғыдан алғанда әрқилы екендігі, кереғар пікірлердің барлығы, орнықты бағасын күткен асығыс тұжырымдардың кездесетіні - арнайы зерттеуге сұранып тұрғандай. Соған қоса осы тұрғыдағы жазушы көзқарасының өзгерісі мен дамуы да әрі қарай жүйелі зерттеуді қажет ететіні даусыз. Ұлы жазушының мол мұрасын, ұлт - азаттық идеясын көркем мазмұн мен шығармашылығын қайраткерлік қызметімен тығыз байланыста қарау, аталмыш идеяларды бейнелеудегі қолданған тәсілдерін саралауға бағытталған ізденіс, жаңа заман тақырыбы, әйел бейнесінің рухани әлемі осы диплом жұмысының тақырып өзектілігін айқындайды.

Алаш идеялары қатарында М. Әуезовтің азаттық үшін күрескен қайраткерлік тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесі тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, дүние таным эволюциясын айқын аңғартты.

Зерттеу нысанасы: Қаламгер шығармаларында ұлттық болмысты сөз өрнегімен өріп, қазақ әдебиеті мен мәдениетін жаңа сатыға көтерді. Бүкіл халықтың ой-санасының алтын арқауына айналған рухани құндылықтарымыздың жарқырай көрініп, дамуына біршама ықпал етті. Ендеше ұлы суреткердің шығармашылық жолының бастауын зерттеу нысанасы етіп, сол арқылы Семей кезеңіне, руханият ісіне, өмір, тұрмыс сырына, уақыт тынысына ден қою − әдебиеттану ғылымы үшін аса зор міндет.

М. Әуезовтің шығармаларының табиғатын тану, талдап-таразылау ұдайы жүргізіліп, оның кесек те көркем шығармалары негізінде сан алуан ғылыми ізденістер нәтижесінде бағалы зетртеулер туды. Жазушы шығармашылығы тақырыптық, жанрлық деңгейде қарастырылып, тарихи деректерді көркем шындық дәрежесіне жеткізіп бейнелеудегі шеберлік іздері талданып, қаламгердің шығармашылық жолы, өскен ортасы туралы еңбектер жарық көрді. Сонымен қатар, М. Әуезовтің прозашы, драматург, абайтанушы, фольклортанушы, аудармашы, философ, әдебиет тарихшысы, сыншысы ретінде зерттеу объектісіне айналып, бұған қатысты ғылыми- теориялық тұжырымдар жасалды.

М. Әуезов шығармашылығындағы ұлт-азаттық сарындардың табиғатын айқындау, 20-30 жылдардағы жазушы әңгімелеріндегі идеяның көркемдік-эстетикалық тұрғыда бейнелеуін, осы кезеңдегі ортақ авторлық көзқарастың негізгі ұстанымдарын анықтау қаламгердің бейнелеуде қолданған әдіс-амалдарын нақтылау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Ғылыми жұмыс кіріспеден, бес тараудан, қорытынды мен әдебиеттер көрсеткішінен тұрады.

Заманымыздың ұлы суреткері М. Әуезов - тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, парасатты, шын мәніндегі асқан талант иесі. Ұлы жазушы М. Әуезовтің көркем мұрасы - біздің төл әдебиетіміз, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістігі. Оның асқан шеберлікпен жазылған әңгімелері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына енеді.

1916-1917 жылдары қолына қалам алған М. Әуезов өз тұсындағы өзгерістерден еш бейтарап қала алмады. Патшалық құрылыстың құлап, елдің ескі отаршыл құрылысқа қарсы атой салуы жас қаламгерді әлеуметтік өмірге араластырды.

Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармаларының көлемдісі де, көркемі де прозаның әңгіме, повесть жанрларында жазылды. М. Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер («Қорғансыздың күні», «Жетім», «Жуандық», «Ескілік көлеңкесінде», «Кім кінәлі», «Барымта» т. б. ) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді, қоғам өмірінің, халық тіршілігінің терең қатпарларын, ішкі қайшылықтарын білгірлікпен суреттейді. Өмірдің ақиқат ағысын, типтік құбылыстарын зерттеу - жазушыға қазақ коғамының көкейкесті мәселелерін көтеруге мүмкіндік берді.

Алғашқы әңгімесі «Қорғансздың күні» 1921 жылы жарияланды. Жазушының бірталай әңгімелері 1922-1923 жылдарда «Сана», «Шолпан» журналдарында басылған. Олар: «Кешкі дөң басында», «Түнгі ауыл», «Қысқы күнгі дала», «Қысқы түн», «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында», «Сөніп жану». Ал «Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» т. б. әңгімелері 1924 жылдардың жемісі.

«Қорғансыздың күні» (1921) - М. Әуезовтің алғашқы жарық көрген әңгімесі. Шағын шығармада қоғам бойын жайлаған дерттің бір көрінісі зор көркемдік қуатпен ашылған. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлықка шыдамай, боранда үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді. «Қорғансыздын күні» өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді. Осыдан бастап өрбіген қазақтың көркем прозасы . . . уақ жанрда да, повесть, роман сияқты көлемді жанрда да көптеген шығармалар туғызып, көп тілді совет прозасының алдыңғы қатарынан орын алды», - деген С. Мұқановтың пікірінде зор шындық жатыр. Әңгіменің құрылысы шымыр, көркемдік бояулары қанық, оқиғалары мен адам мінездері мейлінше шыншыл. Мұнда М. Әуезовтің кейінгі шығармаларында тереңдеп қалыптасқан ерекшеліктер де көрініс берді. Ең негізгісі «Қорғансыздың күнінде» қазақ прозасында тұңғыш рет өмір ағыстары мен қаһармандар мінезі тұтас бірлікте көрсетілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов - Әлемге әйгілі тұлға
Әуезов шығармалары
М.ӘУЕЗОВ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
Мұхтар Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттануына байланысты жазған ғылыми еңбектері
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясы /жарыққа шығуы жайлы
Ғасырлық туынды – «абай жолы»
Алғашқы Абайтанушылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz