Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы


Мазмұны

Белгілеулер мен қысқартулар
Белгілеулер мен қысқартулар: Кіріспе . . .
: 6
Белгілеулер мен қысқартулар: 1 Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы . . .
: 9
Белгілеулер мен қысқартулар: 1. 1 Урбанизацияланған аймақтардың топырақ қабатының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың әсерінің сипаттамасы . . .
: 9
Белгілеулер мен қысқартулар: 1. 2 Урбанизацияланған аймақтардың ауыз су және үстіңгі қабаттағы су жағдайына әртүрлі химиялық заттардың әсерінің сипаттамасы . . .
: 14
Белгілеулер мен қысқартулар: 1. 3 Урбанизацияланған аймақтардың атмосфералық ауа жағдайына әртүрлі химиялық заттардың әсерінің сипаттамасы . . .
: 17
Белгілеулер мен қысқартулар: 1. 4 Адам мен жануарлардың денсаулығына әсер ететін ауыр металдардың әрекеті . . .
: 21
Белгілеулер мен қысқартулар: 2 Зерттеудің материалдары мен әдістері . . .
: 31
Белгілеулер мен қысқартулар: 2. 1 Топырақ сынамаларындағы ауыр металдарды анықтау әдісі . . .
: 31
Белгілеулер мен қысқартулар: 2. 2 Топырақ сынамаларындағы ауыр металлдар құрамын анықтау . . .
: 33
Белгілеулер мен қысқартулар: 2. 3 Топырақ сүзінділеріндегі ауыр металдардың атомдық-абсорбциялық анықтамасы . . .
: 39
Белгілеулер мен қысқартулар: 3 Теміртау қаласының қоршаған ортасының санитарлық-гигиеналық бағасы . . .
: 43
Белгілеулер мен қысқартулар: 3. 1 Теміртау облысының топырағының ластануының экологиялық сипаттамасы . . .
: 43
Белгілеулер мен қысқартулар: 3. 2 Теміртау қаласының топырағының ластануының ретроспективтік сипаттамасы . . .
: 44
Белгілеулер мен қысқартулар: 3. 3 Теміртау қаласының топырағының ластануының өз зерттеулерімнің мәліметтері бойынша сипаттамасы . . .
: 45
Белгілеулер мен қысқартулар: Қорытынды . . .
: 48
Белгілеулер мен қысқартулар: Пайданылған әдеиеттер тізімі . . .
: 51

Белгілеулер мен қысқартулар

ДДБ - Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Бірлестігі

МемСТ - Мемлекеттік стандарт

СИ - Сенімхат интервалы

МСЭБКД - Мемелекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің

департаменті

АЛИ - Атмосфераның ластану индексі

АЛИ 5 - Бес көрсеткіш бойынша атмосфераның ластану индексі

ИЗВ жалпы - Судың ластануының жалпы индексі

ИЗВ т. м. - Судың ауыр металдармен ластануының индексі

МСЭБК - Мемелекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

ККБ - Кешенді көпөлшемді бағалау

ШК - Шағын кәсіпорын

ҒТБ - Ғылыми-техникалық бағдарлама

БАҚ - Біріккен акционерлік қоғам

ОСЭСО - Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы

ШҰК - Шектелген ұйғарынды концентрация

ШҰК мбр - Максималды бір реттік шектелген ұйғарынды концентрация

ШҰК от - Орташа тәуліктік шектелген ұйғарынды концентрация

ЛБП - Ластануды бақылау пункті

РГП - Республикалық Мемлекеттік кәсіпорын

СанЕж-еН - Санитарлық ережелер және нормалар

ӘГМ - Әлеуметтік-гигиеналық мониторинг

ТЭЦ - Жылу электр стансалары

Ш. б - Шартты бірлік

СЭСО - Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы

КО - Көміртегі оксиді

НСО3 - Суда еріген көмірқышқыл газы

Р 2 О 5 - Фосфор оксиді

pH - Сутегі көрсеткіші

ZC - Топырақтың ластану индексі

ӨБ - өндірістік бірлестік

Кіріспе

Өзектілігі. Адамдардың денсаулығын сақтау, өлім деңгейін азайту және өмірдің ұзақтығын жоғарылату кез келген әлеуметтік бірлестіктің өміршеңдігінің негізі болып табылады. Тіршілік ортасында техногендік жүктеменің жоғарылауы, халықтың денсаулығына жағымсыз әсерінің қауіптілігін төмендету бойынша ісшараларды зерттеудің және жетілдірудің қажеттігін ұсынады [1, 2, 3, 4] .

Қазақстанда берілген мәселердің жиынтығы мемлекеттік стратегиялық және жоспарлы құжаттарда, сондай-ақ, денсаулық сақтау Министрлігінің 2010-2012 жылдар аралығындағы «Урбанизацияланған территориялардың халқының денсаулығына экологиялық факторлардың әсері» атты ғылыми-техникалық бағдарламасында бейнеленеді. Сонымен бірге халықтың саулығы үшін экологиялық қатерді бағалау әдістемесі едәуір тиімді аналитикалық құрал ретінде қарастырылады, қоршаған ортаның нақты немесе потенциалдық ластану нәтижесінде халыққа келеңсіз әсерлерінің даму мүмкіндігі туындайды, өнеркәсіптік кәсіпорындарға және басқа да қауіпті зоналарға жақын орналасқан урбанизацияланған территорияларда өмір сүрудің қауіпсіздігіне негіздейді. Республикада жеткілікті дәрежеде антропогендік әрекеттен халықтың денсаулығына қауіптілігіне баға беретін номативті-әдістемелік базасы құрылған [5, 6] .

Соңғы онжылдықтарда ынтымақтастық елдерінің ғылымы экологиялық қатерді бағалау әдістемелерін қолдануда жетерліктей тәжірибе жинады. 90-жылдарда қоршаған ортаның сапасын меңгеру және табигатты пайдалану бойынша Бағдарлама шеңберінде бір топ жетекші ресей ғалымдарының [7] Гарвард университетінің халықаралық даму Институтының ғалымдарымен бірге, қатердің көлемдік бағасын атмосфералық ауаның ластану мониторингінің жүйесіне енгізудің, халықтың саулығы үшін қатердің факторлары мен оны төмендетудің экономикалық тиімді ісшараларының приоритетті бағыттарын сәйкестендірудің күрделі мәселелері шешілуде [8] .

Экологиялық қатерді бағалаудың нәтижелері тіршілік ортасының сапасын және халықтың саулығын меңгеру тәжірибесінде, берілген әдістемені қолданудың перспективасын көрсетті. Денсаулықтың қатерлерін бағалау бойынша жұмыстарын дамыту, амалдардың үйлесімділігі және шараларды сәйкестендіру мәселелері «Қатерді бағалау бойынша ғаламдық диалог» қатерді бағалау бойынша халықаралық конферецияда ЕС қамқорлығымен талқыланды [9] .

Халықтың денсаулығын меңгеруде экологиялық қатерлердің әдістемесін қолдану сферасын кеңейту қазіргі байлықты өндірудің заманында үнемі қатерді өндірумен қатар жүреді, сондай-ақ «табиғи орта үшін жағымсыз салдары бар және тұрмыстық және басқа әрекеттердің жағымсыз әсерінен, табиғи және антропогендік сипаттағы төтенше жағдайлардан туған оқиғаның болу ықтималдығы» түрінде анықталады [10, 11] .

Техногенді және социогенді қатерлермен зақымданған кеңістік құрылады, олардың көздері қолданыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар, автомобиль көліктері, солайша бұрын енгізілген ластанулардың нысандары немесе бұрынғы экологиялық шығын болып табылады. Олар бірлесе экологиялық қатер құрайды және экономиканың құрылысының даму шамасымен өзгереді. Осы жағдайда өнеркәсіптік нысандардың және селитебтік территориялардың орналасуы бойынша табиғатты қорғау басқармасын ұйымдастыруда, аймақтарды дамытуды жоспарлауда, жоспарлы шешімдер қабылдауда қатерлерді бағалау және қатерлерді меңгеру сұрақтары қойылады [12, 13] .

Соңғы жылдары Қазақстанда урбанизацияланған территорияларда өмір сүретін халықтың денсаулық жағдайы нашарлап барады, оның қоршаған ортаның ластануының антропогендік, және бірінші кезекте химиялық факторларының жағымсыз әсерімен байланысты екендігі сөзсіз [14, 15] . Осыған орай, іргелі гигиеналық зерттеулер жаңа бағытқа ие болды, ол қоршаған ортаның факторларының өзгеруінің сандық байланысын анықтау.

Қазіргі таңда топырақтың ауыр металдармен ластануы кең таралған. Топырақтың антропогендік өзгерісі үрдісінде олардың технологиялық қалдықтармен ластануы маңызды рөл атқарады. Ластаушы заттардың негізгі тобын ауыр металдар құрайды, олардың негізгі бөлігі индустриалдық кәсіпорындардың шығарылымдарымен тропосфераның төменгі қабаттарына түсіп, аэралдық жолмен көшіп-алмасып, топырақтың беткі қабаттарына шөгеді. Кеңістіктегі ластаушы металдардың жайғасуы өте күрделі және көптеген факторларға байланысты болады. Алайда кез - келген жағдайда да топырақ ауыр металдардың техногендік бөлігінің басты қабылдаушысы және жинақтаушысы болып табылады. Топырақтың ауыр металмен өнеркәсіптік ластануының кез келген түрі өсімдік және жануарлар ағзалары ұзақ уақыт бойы бейімделген бастапқы табиғи шоғырлануымен салыстырғанда металдың шоғырлануының артуымен бағаланады/3-5/. Нақты жағдай топырақтың құрамының күрделілігінен және шашырау жағдайындағы металдың әр түрлі сипатта болуымен қиындай түседі. Топырақ елеулі дәрежеде, өсетін өсімдіктің микроэлементтік құрамын айқындайды, сонымен қатар қала топырағы үлкен өзгеріске ұшыраған. Қазіргі кезде ауыр металдардың топырақта жинақталуын және олардың қоректік тізбек арқылы ауысуын зерттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады, себебі олар барлық тірі ағзаларға, оның ішінде адамдар ағзасына ұзақ уақыт бойы уытты әсер етеді.

Экономикалық тұрғыда дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының жағдайы елеулі дәрежеде озгерді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында өнеркәсіп жедел өсуде. Бұл жағдай өз кезегінің урбанизация үрдісін тудырады.

Қазіргі жағдайларда адамның қоршаған ортамен өзара қатынасының күрделі және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді. Қалалар мен қалалық тұрғындар саны өсуі - заңдылық үрдіс. Ол тұрғындар, өндірістік қаражаттар, қоғамдық байлық, өкімет пен мәдениеттің кеңістіктік шоғырлануы болып жатқан қалаларда өңдірістік күштерді тиімді дамытуға және кадрлық ресурстарды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.

Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе - бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе туседі.

Қала ортасы адамның басты сапасы- оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді.

Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің кунделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы - осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.

Жұмыстың мақсаты: урбанизацияланған территорияларда тұратын халықтың өмір сүру ортасының экологиялық ахуалын бағалау, қоршаған ортаның нысандарының ауыр металдармен ластану деңгейін анықтау.

Міндеттер:

  1. Теміртау қаласының урбанизацияланған территорияларындағы қоршаған орта факторларына экологиялық баға беру.
  2. Теміртау қаласының тұрғындарының нақты экологиялық ауыртпалығын негіздеу.

1 Әдебиеттерге шолу

1. 1 Урбанизацияланған аймақтардың топырақ қабатының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың әсерінің сипаттамасы

Адам экологиясы мәселелері факторлардың күрделі кешенінің әсерімен шартталған, оның ішіне жаңа техникалар мен технологиялар, заттектер мен композициялар жасап шығарумен бірге жүретін, адамның техногендік қызметі де кіреді. Олардың өндірісін ұйымдастыру қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады. Бұл антропогендік ластанулар табиғаттың қолайсыз факторларымен бірге халықтың денсаулығына және науқастануына айтарлықтай әсер етеді.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның өзгерулері сапалы жаңа деңгейге шықты. Өнеркәсіп пен көліктің дамуы, өндірістің және энергия жұмсаудың үлкейюі, урбанизация және қалалардың өсуі, территориялық өндірістік кешендерді құру қоршаған ортаның аймақ тұрғындарының денсаулық жағдайына және науқастануына тікелей әсер етеді. [16] .

Бұрынғы ССРО ортақ халық шаруашылығы шеңберінде құрылған кешеннің Қазақстан территориясының кеңістіктік ұйымы факторлардың үйлесімділігімен шартталған, олардың ішіндегі ең маңызды дегендері: ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге және экспорттық мүмкіншіліктерді жүзеге асыруға ерік беретін әртүрлі және бай минералды-шикізаттық база; алуан түрлі аграрлық өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін аумақты жер ресурстары және табиғи климаттық ерекшеліктердің әртүрлілігі; қалалардың сирек торлануы және халықтың төмен тығыздығы, шекараға шектес аймақтардың басымдылығы; нашар дамыған инфрақұрылым (көліктік, өндірістік, әлеуметтік), әсіресе шалғайдаға аудандарда; мемлекеттің жалпы территориясындағы нашарлаушы экологиялық жағдай.

Бұл факторлардың әсері Қазақстанның кеңістігін дифференциялайды.

1990-2008 жылдардың кеңістігінің дамуының трендтерінің дәлеледеуінше дамудың деңгейі мен динамикасы бойынша агломерациондық әсер түріндегі бәсекелес артықшылыққа ие, мұнай және газбен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, едәуір ұтымды гографиялық жағдайға ие аймақтар озып тұр.

Қазақстанның жағымды (Атырау облысы) және жағымсыз аймақтарының (Жамбыл облысы) аралығындағы аймақтық жалпы өнім бойынша үзілу 9-10 ретке дейін құрайды. Қазақстанның он алты аймағының төртеуі (Алматы, Астана, Атырау және Қарағанды облысы) еліміздің ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) 50%-ын қамтамасыз етеді. Осы аймақтарда негізгі инвестициялар және экономиканың басқа қорлары жинақталған. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймақтары экономикалық өсуді көрсетеді, дегенмен парадоксальдық жағдай орын алды - жалпы экономикалық өсуде, өкінішке орай, оның дамуы жүрмей тұр [17, 18, 19] .

Мемлекеттің дамуы үшін тұрақсыздықтың факторына жағымсыз экологиялық жағдайды жатқызуға болады. Қолда бар ООН бағаларымен, еліміздің 75 % - ға жуық территориясы экологиялық дестабилизацияға душар болған. Сумен қамтамасыз ету, шөлдену, тарихи ластанулар, қоршаған ортаға жоғары эмиссиялардың, қалдықтардың жиналуы мәселелері қойылып отыр [20] .

Жартылай құрғақ және құрғақ аудандардағы адамның әрекетінің нәтижесінде болып жатқан жерлердің шөлге айналуы болмаған көлемдерге жетті. Сол шақта, Жердегі барлық тіршілік құрлықтың бетін жауып жатқан тұрақсыз қабат топыраққа тәуелді. Бұл асыл қабат, ғалымдардың есебі бойынша, біздің планетамыздың ең жас бөлігі болып табылады, ұзақ уақыт және қиын қалыптасады, бірақ сенбестей жылдамдықпен күйреуі мүмкін. Топырақтың бірнеше сантиметр қабатының түзілуіне жүздеп жылдар кетеді, алайда тиімсіз пайдалану салдарынан ол бар болғаны 1 жылда желмен ұшып және сумен шайылып кетуі мүмкін. Шөлге айналумен күрес әсіресе Қазақстанда өзекті мәселе болын табылады, онда экологиялық кедей аймақтардың болуымен қатар, топырақтың тұрақсыздығы, өсімдіктердің жұтаңдығы, кенет өзгеретін климат тән, ал антропогендік әсерлер шөлге айналуды көп ретке жылдамдатады. Қазақстанда жердің 66 %-зы шөлге айналу барысында қозғалған; тың жерлерді бастырмалата игеру нәтижесінде егістік жерлер 30 %-ға жуық гумус жоғалтты; пайдалы қазбаларды өндіру де зиянсыз емес; көптеген аймақтарда топырақтың тұздануы және құнарсыздануы орын алды. Нәтижеде мұның бәрі жайлаулардың дегадациясына, өсімдік және жануар әлемінің генофондын жоғалтуға, оған қоса бірқатар экологиялық ауыртпалыққа алып келіп, халықтың өмір сүру жағдайын және денсаулығын едәуір нашарлатты. Ғалымдардың пайымдауынша, Қазақстанның топырағының деградациясының деңгейі бойынша дүние жүзінде бірінші орында екен. Бүгінгі күнде Қазақстанның экологиясы үшін мұнай байлықтарды белсенді түрде иеленіп жатқан трансұлттық компаниялардың әртүрлі іс-әрекеттері ерекше қауіпті болып тұр [21, 22, 23] .

Су және атмосфералық ауамен салыстырғанда, топырақ техногендік ластанудың едәуір обьективті және тұрақты индикаторы болып табылады. Топырақ ластаушы заттар мен олардың үлестірімінің деңгейін анық көрсетеді [24, 25] .

Адам жер қабығының өміріне белсендірек араласып, ене бастайды, қуатты рельефтүзуші факторға айналады. Техниканың дамуы оған жердің қыртысын қатты өзгертуге мүмкіндік берді, рельефтің жаңа формалары (белестер, ойлар, шұңқырлар, адырлар және т. б. ) құрылды. Адам пайдалы қазбаларды өндіргенде жердің қыртысына едәуір қатты әсер етеді. Әсіресе қоршаған ортаға қатты пайдалы қазбаларды өндірудің ашық тәсілі теріс әсер етеді.

Тау қазбаларына бос жыныстардың үйінділері (террикондар, ұсақ түрі) ілесіп жүреді, құнарлы топырақтың үлкен алаңдары айналымнан шығарылды, олар өнеркәсіптік және тұрмыстық қоқыс тастайтын жерлермен алмастырылды [26, 27] .

Заманауй өнеркәсіптерден биосфераға әртүрлі қалдықтар тасталынады, олар қатты болуы да мүмкін, көлемі 20-30 млрд. т дейін жетеді және 50% - ы органикалық болып келеді, оның ішінде едәуір қауіптілері сынап, қорғасын, кадмий, мышьяк, селен, фтор. Топырақтың ауыр металдармен ластануы көмірді, мұнайды, жанғыш сланцтарды пайдаланумен көбірек байланысты. Қорғасынның топыраққа түсуіне автокөліктердің пайдаланылған газдары (жылына 250 мың. т. ) себеп болады. Сынап, қорғасын, кадмий жоғарғы гумустық қабатта жақсы кідіреді және жеңіл азгумустық және қышқыл топырақтарға еркін көшеді. Фтор, мырыш және мыс бейін бойымен оңай жылжиды [28, 29] .

Теміртау қаласы Қарағанды облысының ірі өнеркәсіптік орталығы - «оңтайландыру заңы бойынша өнекәсіптік алыптылықтың» үлгісі. Қаланың тұрғын үйлері өнеркәсіптік кәсіпорындармен қысылған, олар күшті қоршаған ортаны ластаушы көздер болып табылады. Қаланың топырақ-грунттары техногенді-өнеркәсіптік ластану нәтижесінде токсиндік элементтердің бүтіндей бір кешенінің болуымен сипатталады. Ерекше қауіптісі сынап болып келеді, оның көлемі «Карбид» ӨО территоясындағы және тұрғын кварталдарының жанаспа ауданындағы топырақтарда 12 ЖҰК дейін жеткен [30, 31] .

Ластанудың негізгі көздері: металлургиялық, химиялық, цементтік кәсіпорындар және т. б. өнеркәсіптің салалары, олар жер ресурстарына әсерін тигізеді. Жер ресурстарының өндірістері мен кәсіпорындарының зиянды заттарының қоршаған ортаға шығарылуы көбейіп келеді, ірі өнеркәсіптік орталықтардың (Қарағанды және Теміртау қ-ы) айналасындағы тоқтаусыз ластану зоналары бұган себеп болып отыр және топыраққа химиялық компоненттердің (қорғасын, мырыш, хром, молибден, мышьяк, сынап және т. б) кешенді әсерімен сипатталады. Экологиялық мәселелердің өсуіндегі негізгі фактор ретінде жоғарыда айтылған салалардың зерттелуші территорияларының геожүйесінің элементтерінің, антропогендік ауыртпалықтардың, суммациясының әсерін айтуға болады [32] . Жер ресурстарының қоршаған ортасына әсер ететін негізгі техногендік факторларына мыналар жатады: қалалық және ауылдық елді мекендер, тау-кен қазушы өнеркәсіптер, қара металлургия және оған сәйкес инфрақұрылым. Олардың табиги ортаға әсері кешенді сипатта болады және негізінен рельефтің бұзылған жерлерінде, топырақтың табиғи жағдайында, биоттарда және т. б. айқындалады. Бұл Қарағандының көмірінің үлкен масштабта игерілуімен және қоршаған ортаға ұйғарынды нормадан асатын және жоғары биологиялық белсенділік қасиетке ие хлорорганикалық пестицидтердің, ауыр металдардың, фторлық және фосфорлық қосылыстардың түсуімен түсіндіріледі [33] .

Тараз қаласында шиеленіскен экологиялық жағдай халық шаруашылығындағы қателіктермен, бірінші кезекте химиялық өндірістердің және суармалы жерлердің қалыптыдан ұлғая өсуімен алдын ала анықталған болатын.

Облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде табиғи кешендердің негізгі ластанулары фосфориттерді қазып өндірумен және өңдеумен байланысты. Қаратау-Жамбыл өнеркәсіптік кешенінің өндіріс қалдықтары ерекше биохимиялық провинция құрды, оның шекаралары анық белгіленбеген [34] .

Фосфорлы тыңайтқыштарды өндіргенде қоршаған ортаға әртүрлі фосфорлы-органикалық қосылыстар және бірқатар металдар бөлінуі мүмкін. Сонымен бірге органикалық қосылыстар топырақта және суда микробиологиялық процестердің есебінен қарқынды түрде шіриді. Ал металдар топырақта ұзақ уақыт қала береді, сондықтан қаладағы және қала маңындағы территориялардағы топырақтағы металдардың болуын анықтау өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізген әсерінің сипаты болуы мүмкін [35] .

Тұрғын зоналардың фосфорлы зауыттарға дейінгі ара қашықтығына, метеорологиялық жағдайларға байланысты қаланың тұрғын зоналары әртүрлі деңгейде форфорлы қосылыстармен және фтормен ластанған [36] .

Жамбыл биогеохимиялық провинциясы келесі бейнеде сипатталады: қоршаған ортаның едәуір көп антропотехногендік ластануы Тараз қаласының орталық және оңтүстік-шығыс селитебті зоналарын және ластану көздерінен 10 км аралықтағы оңтүстік-батыс бағытындағы жерлерді қамтиды. Ластанудың төтенше қауіпті дәрежесіне қаланың солтүстік-батыс, оңтүстік шығыс және солтүстік-шығыс селитебтік зоналарының қоршаған ортасы, ластану көзінен 10 - нан 50-75 км-ге дейінгі аралықтағы оңтүстік-батыс бағытындағы жерлер және қалған румбалар бойымен 10 км аралықтағы жерлер душар болған; ластанудың қауіпті дәрежесіне биогеохимиялық провинцияның ластану көзінен 100 км аралықтағы, басым желдердің оңтүстік-батыс бағыты бойынша қоршаған ортасының ластануы жатқызылған.

Фосфорлы минералдық тыңайтқыштар өндіру бойынша зауыттың жұмысын қалыпқа келтіру кезеңінде (2000-2004 жж. ) қоршаған ортаның жағдайының күрт нашарлауы байқалады. Қаланың оңтүстік батыс тұрғын үй зонасында экологиялық жұтау зонасы қалыптасады (102, 9), ал қаланың қалған басқа тұрғын үй зоналарында қоршаған ортаның төтенше қауіпті ластану дәрежесі қалыптасады, олар қаланың бұл тұрғын үй зоналарының халқының демографиялық жағдайының және денсаулығының күрт төмендеуіне әкеліп соғады.

Өскемен қаласының территориясы әлсіз және біршама әлсіз қарама-қарсылықтың геохимиялық аномалиясын білдіреді, химиялық элементтердің аномалияның ортасына қарай өсуші көлемі «Қазмырыш» УК МК, УМЗ, УК ТЭЦ өнеркәсіп алаңының жағдайымен сәйкес келеді.

Бұл ластаушы заттардың келіп түсуінің негізгі көздері осы кәсіпорындардың өндіріс алаңдарының территориясында орналасуының айғағы болады [37] .

Облыстың топырақ қабаты мырыштың, мыстың, марганецтің, кадмидің, қорғасынның, мышьяктың қосылыстарымен ластанады. Топырақтардың ластануының көпжылдық зерттеулерінің мәліметтері бойынша облыстың сібір шығыс бөлігінде Шығыс-Казақстан биогеохимиялық провинциясы бөліп шығарылды, ол жер бірқатар ауыр металдардың айтарлықтай техногендік жиынтығымен сипатталады. Аномальды алаңдар Шемонаихин, Глубоков және Зырянов әкімшілік аудандарының территорияларын қамтиды. Ластанған территориялардың жалпы көлемі 30 мың шаршы километрге жетеді. Топырақтардың техногендік ластануы қалалардың территорияларында ерекше айқындалған. Өскемен, Семей, Риддер қалаларының территорияларының едәуір бөлігі ШҰК асатын концентрациялы ауыр металдармен ластанғандығы анықталды, ал жалпы жиынтығы 16-дан асатын алаңдар қалалардың көп бөлігін алып жатыр [38] .

Ұзақ уақыт аралығындағы Екібастұз қаласының табиғи ортасының ластануының жалпы көрінісі топырақтардың жоғарғы қабатының химиялық құрамының өзгеруін бейнелейді, олар атмосферадан түсетін шаң түріндегі және ауыр газтәрізді қосылыстармен байытылады, осыдан келіп ореолдар мен ластану бөлімшелері пайда болады. ЖЭС-нан шығатын заттар, карьерлердің шаңы және ашық қазылатын жыныстардың үйінділері ластанудың жетекші көздері болып табылады, қорғасынмен ластануда автокөліктер елеулі рөл атқарады. Басымдылық көрсететін ластаушы элементтер қорғасын, мырыш, сынап, стронций болып табылады [39] .

Ақтау қаласының мұнайгаз кешенінің кәсіпорыны топырақтың құрылымын бұзуда және оларды әртүрлі химиялық қосылыстармен ластауда жетекші орын алып тұр. Жерлердің ластануы мен бұзылуының көзі мен себептеріне мыналарды жатқызуға болады: қирату әсері жоғары, қуатты бұрғылау және құрылыс техникаларын пайдалану; шикізатты тасымалдау үшін магистрал жүйелерінің өте ұзындығы; кәсіптік құрал-жабдықтың, көлік саймандарының апатсыз пайдалану сенімділігінің төмендеуі; мұнайлық және бұрғылау шламының түзілуі; бастапқы шикізаттың құрамындағы күкіртті сутектің көп мөлшерде болуы; мұнай тасқындары [40] .

Топырақтың мұнайхимиялық ластанулары барлық қолданыстағы мұнайгаз кен орындарының, ішкі кәсіптік және магистралды мұнай құбырларының аумақтарында белгіленген, сонымен қатар табиғи шикізат қорларының тиімсіз игерілуімен байланысты болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Алматы облысы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар Өндірістік гигиена және санитария
Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері
Картоп түйнектерінің пішіні
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ережелері
Ақтөбе облысының хроммен ластануы
Казақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Экология және денсаулық (Көкшетау қаласының көшелері мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz