Қытайтану (синология) жайлы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . …… . . . 6
1 Ресейде қытайтанудың қалыптасуы . . . 9
1. 1 XVIII ғасырдағы Ресейдегі Қытай жөніндегі алғашқы деректер . . . 9
1. 2 Н. Я. Бичуриннің Ресейдегі қытайтануға қосқан үлесі . . . … . . . …19
1. 3 В. П. Васильев және орыс қытайтану мектебінің қалыптасуы . . . 28
2 Отандық қытайтану . . . . . . 42
2. 1 Қазақстанда қытайтану ғылымының қалыптасуы . . . 42
2. 2 «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде қазақ тарихына қатысты қытай деректерінің аударылуы . . . 54
Қорытынды . . . . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . … . . . …65
Кіріспе
Қытайтану (синология) - кең мағынасында - Қытай экономикасын, саясатын, философиясын, тілін, әдебиетін және мәдениетін зерттейтін ғылымдар жиынтығы; тар мағынасында - қытай тіл білімін, қытай тілі мен жазуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Қытайтану Ресейде және басқа Еуропа елдерінде XVIII-XIX ғғ. аралығында, кейінірек - Жапонияда қытай тілінің сөздіктері мен грамматикалары жасалуына байланысты пайда болған. Қытай тілінің Қытайдың өзінде зерттелуі XIX ғ. соңында 1898 жылы Ма Цзяньчжуннің "Маши вэньтун" грамматикасынан басталады. Оған дейін кытай тілі мен жазуы дәстүрлі философия шеңберінде зерттеліп келді. Қытайтануда негізінен фонетика, иероглифика, диалектілерге көңіл бөлінді. Қытай дәстүрінде грамматикалық теория жоқтығына қарамастан, қытай филологтері мәтіндерді түсіндіруге қолданылатын бірқатар грамматикалық ұғымдарды қалыптастырды. Қытай тілінің Қытайдан тыс елдерде зерттелуінде үш тәсіл қолданылған. XIX ғ. үстем болған бірінші тәсілді қытай грамматикаларының алғашқы авторлары (негізінен миссионерлер) колданды, олар қытай тілін латын, грек тілдерінің үлгісінде зерттеді; үндіеуропа тілдеріндегі категорияларды қытай грамматикаларына еңгізуді; қытай тілінен оған тән емес септік, жіктік жалғаулары тағы басқа категорияларды тапты. Екінші тәсіл оған керісінше қытай тіліне тән емес еуропалық тілдердің категорияларын түгелдей жоққа шығарды. 1934 жылы А. Масперо қытай тілінің үш басты ерекшелігі бар деген пікірде болды: сөздердің өзгермейтіні, грамматикалық категориялар мен сөз таптарынын болмайтыны. Үшінші тәсіл алдыңғы екі тәсілдің үшқарылығын ескере отырып, қытай тілінің өзіндік сипатын зерттейтін осы күнгі қытайтануға тән тәсіл. Қытайтанумен Еуропаның көптеген елдерінде шұғылданады. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: фонетика мен фонология, тарихи фонетика, қытай тілінің көне дыбыстық қалғын қайта жанарту, тіл тарихы, диалектология, лексикология мен лексикография, көне және қазіргі қытай тілі болып табылады.
Отандық қытайтанудың қалыптасуы Ресейлік қытайтанудан бастау алады. Еліміздің тарихын зерттеуде қаншама ғасырлар қойнауында жатқан шығыс деректерінің сыры әлі де болса ашылмағандығы белгілі. Шығыстанушы ғалымдардың бір тобы осы мәселе бойынша ерен еңбек етіп, Отандық тарихымызға қатысты біршама мәліметтерді ашып берді. Қазақстаннан шыққан кеңестік кезеңдегі біртуар қытайтанушы ғалымдар К. Ш. Хафизова, А. Қадырбаев, Н. Алдабек, К. Л. Сыроежкин, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері М. М. Әуезов, Қ. К. Тоқаев тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А. Т. Тохметов, доцент М. Нұрсаидовтарты атап кетуге болады.
Тақырыптың өзектілігі. Қытайтану ғылымының пайда болуы, дамуы, таралуы тың тақырыптардың бірі, сондықтан шығыстану салалары ішінде қытайтану ғылымының, сонымен қатар Қазақстандағы алатын орнын зерттеу қазіргі таңда басты мәселелердің қатарында. Бізге қытайды тану қажет, ол үшін барлық мүмкіндікті пайдалана отырып қазақстандық қытайтану ғылымын дамыту керекпіз. Қазіргі таңда елімізде қытайтанудың туын берік ұстап, өзге де мемлекеттердегі қытайтанушылармен қатар тұрған синолог ғалымдарымыз баршылық. Қалам тартқан ізденушілердің еңбектері түбегейлі зерттеу болып саналмайды. Сондықтан да, осы тақырып төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізу дұрыс ойластырылған шара. Өткеннен сабақ алып, болашаққа жылжуымызда осы ғылымның дамуына ерен еңбек еткен атақты қытайтанушылардың өмірі мен қызметіне тоқталып кетпеу мүмкін емес.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. Дипломдық жұмыста қытайтану ғылымына қатысты зерттеушілерге тарихнамалық зерттеу жұмысы жүргізілді. ХІХ ғасырдың І жартысында Ресейде қытайтанудың қалыптасуынан бастап қазіргі қытайтану ғылымының алдындағы бір топ негізін салушы ғалымдарға дейін тарихнамалық шолу жасалынды. Әр зерттеуші - аудармашыға барынша көп мәлімет беруге әрекет жасалынды.
Осы тақырыпты зерттеу аясында негізгі пайдаланған деректер: П. Е. Скачковтың «Очерки истории русского китаеведения» атты еңбегінде Ресейдегі Қытай жайлы алғашқы дереккөздерінің жиналуы, екі ел арасындағы алғашқы сауда-саттық байланыстар, керуен жолдары арқылы дипломатиялық байланыстардың дамуы жайлы көпеген мәліметтер келтіріліп кетеді. Сонымен қатар бұл еңбекте алғаш рухани миссияның құрамымен оқушылардың жіберілуі, олардың тілді меңгеріп, алғаш еңбектерін жарыққа шығарулары жайлы мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар аталмыш еңбетерде орыс қытайтануының дамуына Н. Я. Бичуриннің, В. П. Васильевтің зор еңбек сіңіргендері жайлы құнды мәліметтер келтірілген.
Д. Мәсімханұлының мақалаларында Отандық қытайтануың қалыптасып дамуы жайлы көп материалдар айтылып кетеді. Сонымен қоса профессор К. Ш. Хафизованың «Китайская дипломатия в Центральной Азии (XIV-XIX в. в) », профессор Н. Алдабектің «Тағдыры талқыға толы Шынжаң», профессор К. Л. Сыроежкин «Мифы и реальность этнического сепаратизма в Китае и безопасность Центральной Азий», Қ. Тоқаевтың «Беласу», Қ. Сұлтановтың «Реформы в Казахстане и Китае», профессор Н. Мұхаметқанұлының «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920) », доцент Д. Мәсімханұлының «Қытай филологиясына кіріспе», «Сөз желкен», «Ли-Шүн әлемі» т. б. -да ғалымдардың Қытай еліне қатысты зерттеулері қазақстандық қытайтану ғылымының дамуына үлес қосты.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері . Қытайтану ғылымын терең зерттеп, тарихымызға қатысты әлі де болса ашылмаған деректермен танысып, оларды жалпы оқырман қауымға жеткізу. Елімізде қытайтану ғылымының іргесін кеңейтіп, жас ізденушілердің қытай әдебиетін зерттей алатын жаңа шоғырын қалыптастыру.
Отандық қытайтануды зерттеу арқылы біз еліміздің өткен тарихымен қоса бүгінгі кезеңдегі барысын, алып державамен дұрыс жолдағы саясатты анықтай аламыз. Еліміздің қытайтану саласын зерттеу арқылы сонау Ресей империясының ерте кезеңдегі алғашқы Қытай елімен саясатын түсінеміз. Отандық қытайтануды жан-жақты зерттеу жұмыстың алдына қойған мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешуді дұрыс деп шештік:
- Ресейде қытайтанудың қалыптасуы
- XVIII ғасырдағы Ресейдегі Қытай жөніндегі алғашқы деректер
- Н. Я. Бичуриннің Ресейдегі қытайтануға қосқан үлесі
- В. П. Васильев және орыс қытайтану мектебінің қалыптасуы.
- Отандық қытайтану
- Қазақстанда қытайтану ғылымының қалыптасуы
- «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде қазақ тарихына қатысты қытай деректерінің аударылуы.
Зерттеу жұмысының әдістері . Тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан саралауда қазіргі кезеңде қалыптасқан объективтік және сыни талдау мен сыни зерделеу принциптері, проблемалық-хронологиялық, салыстырмалық-тарихилық тәсілдер қолданылды. Орыс тіліндегі материалдардың көп болуына байланысты, ғылыми және тарихи маңызы бар деректер іріктеп алынып, аудару әрекеттері жүргізілді. Жұмыстың негізгі мәселелерін баяндаған кезде ғылыми зерттеудің жалпыға түсінікті хронологиялық талдау сараптау, салыстырмалы, баяндау - суреттеу т. б. секілді принциптері мен әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы Кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімді қарастыратын 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсат-міндеттері, деректік көзі құрастырылған.
Негізгі бөлімнің бірінші тарауында Ресейдегі қытайтанудың қалыптасуы мен дамуы қарастырылған. Ал екінші тарауында Отандық қытайтанудың қалыптасуы мен дамуы, отандық қытайтанушылар жайлы жазылған. Тақырыпқа қатысты пайдаланған деректер мен зерттеулер мақсаттың іске асуына жағдай туғызды. Дегенмен деректер қоры аз емес. Өзіндік қорытындылар мен тұжырымдар жоқ емес. Зерттеу жұмысы тың мәселені тұтас тақырыпқа айналдырып, оның мазмұнын көпшілікке түсіндіруге әрекеттену тұрғысынан жазылды. Жоспарға айналған тақырыпшалар мәселе төңірегінде аз айтылып жүрген бағыттар болып табылады.
Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері. Ғылыми: Аталмыш тақырыптың мақсатын іске асыру тұрғысынан пайдаланылған деректер мазмұнындағы мәліметтерді талдап, нәтижесінде белгілі бір қорытындыларға келу, қытайтану салаласындағы әлі күнге дейін зерттелмей келген мәселелердің белгілі бір бастамасын іске асыру болып табылады. Тәжірибелік: Зерттеу жұмысын болашақта диссератциялық жұмысқа ұластырып, ауқымды зерттеуден өткізіп, қорытындыларын тарихтың жаңа заман кезеңіне енгізу, кейін оқулықтарға енгізіп, болашақ жастарды оқытуда пайдалану.
1 Ресейде қытайтанудың қалыптасуы
1. 1 XVIII ғасырдағы Ресейдегі Қытай жөніндегі алғашқы деректер
Қытайтану (синология) - кең мағынасында - Қытай экономикасын, саясатын, философиясын, тілін, әдебиетін және мәдениетін зерттейтін ғылымдар жиынтығы; тар мағынасында - қытай тіл білімін, қытай тілі мен жазуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Қытайтану Ресейде және басқа Еуропа елдерінде XVIII-XIX ғғ. аралығында, кейінірек - Жапонияда қытай тілінің сөздіктері мен грамматикалары жасалуына байланысты пайда болған. Қытай тілінің Қытайдың өзінде зерттелуі XIX ғ. соңында 1898 жылы Ма Цзяньчжуннің "Маши вэньтун" грамматикасынан басталады. Оған дейін кытай тілі мен жазуы дәстүрлі философия шеңберінде зерттеліп келді. Қытайтануда негізінен фонетика, иероглифика, диалектілерге көңіл бөлінді. Қытай дәстүрінде грамматикалық теория жоқтығына қарамастан, қытай филологтері мәтіндерді түсіндіруге қолданылатын бірқатар грамматикалық ұғымдарды қалыптастырды. Қытай тілінің Қытайдан тыс елдерде зерттелуінде үш тәсіл қолданылған. XIX ғ. үстем болған бірінші тәсілді қытай грамматикаларының алғашқы авторлары (негізінен миссионерлер) колданды, олар қытай тілін латын, грек тілдерінің үлгісінде зерттеді; үндіеуропа тілдеріндегі категорияларды қытай грамматикаларына еңгізуді; қытай тілінен оған тән емес септік, жіктік жалғаулары т. б. категорияларды тапты. Екінші тәсіл оған керісінше қытай тіліне тән емес еуропалық тілдердің категорияларын түгелдей жоққа шығарды. 1934 жылы А. Масперо қытай тілінің үш басты ерекшелігі бар деген пікірде болды: сөздердін өзгермейтіні, грамматикалық категориялар мен сөз таптарынын болмайтыны. Үшінші тәсіл алдыңғы екі тәсілдің үшқарылығын ескере отырып, қытай тілінің өзіндік сипатын зерттейтін осы күнгі қытайтануға тән тәсіл. Бірақ қытайды зерттеудегі басқа да мақсаттарды анықтау үшін Ресейдегі қытайтанудың қалыптасып дамуына тоқталып кету керек.
Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жайлы алғашқы мұрағаттық материалдардың жартысы ғана жарық көрген. Екі елдің бірін-бірі тануын толығымен XIV ғасырға жатқызуға болады. Бұл туралы бірінші ресми елші Федор Исакович Байковтың жазбаларынан көруге болады. Оның жазуы бойынша орыс халқы Қытай жеріне Ақсақ Темір әскерлерімен енген. Осы мәліметті Юань династиясы кезіндегі жазылған құжаттарда да айтылып кетеді.
XVI ғасырда Батыста Қытайға деген қызығушылық арта түседі. Қытайға құрлықпен жетудің көптеген жолдары қарастырылады. Ресей де өз тарапынан қысқа жолмен Қытайға жетудің жолдарын қарастырады. Ол үшін Ресей Қытайға жақын жатқан шығыс елдерімен өзара келісімге келуге тырысады. Осыған мысал, Василий Шуйский патшаның 1608 жылғы жарғысы бойынша шығыс Моңғолияның билеушісі Алтын ханға Қытайға жету үшін орыс елшілігі жіберіледі. Алайда, Алтын хан мен қалмақтар арасындағы соғысқа байланысты елшілік өз мақсатына жетпейді. Тек 1616 жылы атаман Василий Тюменец бастаған жаңа елшілік Алтын ханмен жүздесіп, жаңа мағлұматтар алып, Мәскеуге кері [1, 2-6 бб. ] қайтады.
1618 жылы Тобылда томдық казак Иван Петлин бастаған жаңа елшілік жасақталады. И. Петлиннің көмекшісі ретінде томдық казак Андрей Мадов тағайындалады. 1618 жылдың 9 мамырында елшілік Алтын ханның жерімен Қытайға аттанады. Олар Пекинде 4 күн қамауда отырып, императорға жіберілмейді. Оның себебін И. Петлин өз жазбаларында «императорға беретін қолымызда сый болмағандықтан бізді әрі қарай қытайлықтар жібермеді» деп жазады. 11 қазан күні қолдарына грамота алып, кері қайтады. Бұл сапар қыстың суық айларына түсіп, өте ауыр болады. 1619 жылдың көктемінде ғана елшілік Томскіге жетеді. Осы жылдың қыркүйек айында «чертеж Китайского государства» және Мин династиясының императоры Ваньли (1573-1620) берген грамотасын тапсырады. Сызба бүгінгі күнге жетпеген, грамота Н. Спафарийдің 1675 жылғы Қытайға сапарына дейін аударылмай сақталып тұрады. Н. Спафарий Тобылға бара жатқан жолда тілмашты тауып алып, жалпы мағынасын аудартады. Онда император ауласына екі елшілік келгендігін, болашақта орыс елшілеріне сауда үшін келуіне болатындығын және өз патшаларынан «арнайы қағаз» алып келулері жайлы жазады.
И. Петлиннің сапары екі ел арасындағы тұрақты қарым-қатынастың дамуына нәтиже бермеді. Бірақ, Алтай-Саян таулары, Ұлы Қытай қорғаны арқылы Пекинге жетудің жаңа жолдарын ашып берді.
И. Петлиннің сапары және оның «Роспись» еңбегі бүкіл Еуропаға танылды. «Роспись» барлық географтар мен саясаткерлердің, баспагерлердің қызығушылығын арттырды. 5 жылдан кейін «Роспись» ағылшын тілінде, содан кейін барлық еуропа тілдерінде жарық көрді.
Қазіргі уақытқа дейін «Роспись»-тің 15 түрлі хронографтар жазған түрі бар. И. Петлиннің сапарынан екі жүз жыл өткеннен кейін Г. И. Спасский орыс тілінде толық нұсқасын [1, 8-9 бб. ] басып шығарған.
1654 жылы Тобылдан көптеген сыйлықтармен Федор Исакович Байков бастаған бірінші ресми елшілік жіберіледі. Ф. Байковтың алдында Қытайға жетудің барлық жолдарын қарастыру, Қытайдың өз ішіндегі сауда-саттығы, Ресей мен Қытай арасындағы болашақтағы сауда байланысы жайлы нақтылап келу міндеттері тұрды. Қытайға Алтын ханның жерімен бару мүмкін емес болды. Өйткені екі ел арасындағы қатынас жер үшін ушығып кеткен болатынды. Ф. Байков Зайсан көлінің маңында қоныс тепкен Аблай-тайшы жерімен Қытайға жетудің ұзақ жолын таңдайды. 1655 жылы 3 наурызда елшілік Пекинге жетеді. Император сарайында Ф. Байковке император келгенде тізе бүгуді талап етеді. Оны орындауға келісім бермеген елшілік Қытай жерінен кетуге мәжбүр болады. Бұл сапардың нәтижесіз болуының бірнеше себептері болған еді. Біріншіден, елшіліктің құрамындағы адамдардың қытай және маньчжур тілдерін жетік білмеуі. Қытай тілінен моңғол тіліне Байковпен бірге Аблай-тайшыдан еріп келген бұхарлық Ирки Мулла аударды. Ал, моңғол тілінен орыс тіліне Тобылдан еріп келген казак Петр Малинин аударады. Екіншіден, Қытайды маньчжурлардың жаулап алуына 12 жылдан астам уақыт болатынды. Бұл әрбір шекараға келген бөтен елшілікке сақтықпен қарауды талап етті.
Ф. Байков император ауласында қөп тұрақтамаса да, 6 айдың ішінде Пекин туралы, Қытай және маньчжур халықтарының тұрмысы, олардың сауда-саттығы, тауарға қоятын бағасы жайлы өте қызықты мағлұматтар жинап алды.
1657 жылдың 31 шілдесінде елшілік Тобылға, тамызында Мәскеуге оралады. Ф. Байковке қойған міндеттердің ешқайсысы нәтижелі болмады. Алайда, оның «Статейный список» жазбасында осыған дейін белгісіз болған, бұхарлық саудагерлер пайдаланған Қытайға жетудің жаңа жолдары жазылған еді. Сонымен қатар Ф. Байков бұл жазбада қытай халқының тұрмысының жаңа қырларын ашып [1, 15-29 бб. ] көрсеткен болатынды.
Ф. Байковтың сапары Батыста И. Петлиннің сапарына қарағанда едәуір қызығушылық тудырады. «Статейный список» жазбасы париждік географ М. Тевеноның бастауымен 1666-1672 жж. басылып шығады. Кейін бұл жазба латын, неміс, ағылшын, француз тілдерінде де жарық көреді.
Ресейде Ф. Байковтың «Статейный список» жазбасы бірнеше рет басылып шыққан. Ең бірінші Г. Ф. Миллер жарыққа шығарған. Одан кейін Н. И. Новиков, Г. И. Спасский, И. П. Сахаровтар қайталаған екен.
1675 жылы Николай Гаврилович Милеску-Спафарий бастаған жаңа елшілік құрылады. Спафарийдің Мәскеуден Қытайға барар жолында 14 пунктен тұратын талапты алады. Онда циндік билеушінің алдындағы оның іс-әрекеті және елшіліктің жалпы міндеттері жазылған болатынды. 1675 жылдың желтоқсанында елшілік Қытайға аттанады. Пекинге жеткен елшіліктен Ф. Байковтан талап еткендей тізе бүгулерін сұрайды. Бірақ, Спафарий Канси императормен келісіп, ондай этикеттен құтылып кетеді. Жауап грамотасын алмай, өзімен бірге алып келген тауарларын төмен бағамен сатып, 1676 жылдың 1 қыркүйегінде кері қайтады. С апардың сәтсіздігін, Қытайдың ішіндегі билік үшін өзара таластар, оңтүстігінде Цин үкіметіне қарсы қозғалыстардың өршуі және Қытайдың Ресей империясымен қарым-қатынасқа түсуге қызықпауымен түсіндіруге болады.
Мәскеуге кері қайтқан Н. Г. Спафарий Тобылдан Нерчинскіге Нерчинскіден Пекинге барар жолда жазылған «Күнделігін» ұсынады. Онда Қытай мемлекетінің қалалары, провинциялары жайлы мағлұматтар болды.
Спафарийдің елшілік сапары жайлы орыс әдебиетінде алғаш рет Г. Ф. Миллер жазып кетеді (1757ж. ) . 1823 жылы Г. И. Спасский маньчжур тілінен аударған П. И. Каменскийдің «Журнала, веденного в Пекине на прибытие из Российского государства посланника Николая Гавриловича Спафария . . . » атты мақаласын жарыққа шығарады. Тек, XIX ғасырдың соңында отандық тарихнамада Спафарийдің сапарына көңіл бөлінеді. Оның сапары жайлы отандық тарихшылар: В. Фурсенко, П. А. Сырку, И. И. Михайловский, Ю. В. Арсеньев, А. И. Яцимирский, Д. Зубарев, Г. Н. Потанин, А. О. Ивановскийлер мақалаларын жарыққа шығарады. Спафарийдің сапары жайлы шет елде, Ресейге қарағанда ертерек танылды. 1692 жылы Парижде Филипп Аврильдің «Путешествие через Европу и Азию для отыскания новой дороги в Китай» мақаласы басылып шығады. 1698 жылы де ла Невиль Парижде Ресей жайлы кітап шығарады, оның бір тарауы Спафарийдің елшілік сапарына арналады.
Сонымен, XVII ғасырдағы Ресейдің Қытаймен дипломатиялық, сауда-саттық қарым-қатынас орнату талпынысы ешқандай нәтиже бермейді. Иван Петлин, Федор Байков, Николай Спафарий бастаған елшіліктер Еуропаға бұл күнге дейін белгісіз болған Қытайға құрлықпен, яғни Моңғолия және Маньчжурия арқылы жету жолын ашып бергенімен, алдарына қойған мақсат-міндеттеріне жете алмады.
Осы кездегі орыс-қытай дипломатиялық және сауда-саттық қарым-қатынасы Ресей империясында маньчжур және қытай тілдерін үйрететін оқу орындарын ашуға негіз салды. Сонымен қатар Ресейдің Мин және Цин империясымен алғашқы байланыстары Мәскеу мен Сібірде Қытай жайлы, оның әр түрлі қырларын, халқы, географиялық орналасуы жайлы нақты таным қалыптастырды. Бұл мағлұматтар ғылыми қытайтанудың іргетасын қалап берді.
1689 жылы Ресей мен Цин империясы арасында Нерчиндік келісімге қол қойылды. Келісім бойынша Ресей Қытайға Амур жағалауындағы иелігінің жартысын береді. Ал орыс көпестеріне Қытай территориясына келіп, саудаларын жүргізуге [2, 25-28 бб. ] рұқсат береді.
Қытайға келген керуендегі адамдар саны 400 көпесті құраса, кейін 200 көпеске шектетіледі. Нерчиндік келісім құрылған күннен бастап XVIII ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралықта Қытайға 12 керуен жіберілген екен.
Маньчжур билеушілерінің орыс елшілігіне кедергілер жасауы күн өткен сайын күшейе берді. 1692 жылы I Петр сауда-саттық келісім үшін, сонымен қатар Пекинде албазиндіктерге арнап шіркеу салу мәселесін реттеу үшін Эверт Избрант Идесті жібереді. Идеспен бірге Адам Бранд, Семен Порецкий, моңғол тілінен аудармашы Спиридан Безрядов, Христофор Карстенстер барады. Керуен 1693 жылы 30 наурызда жолға шығып, 14 қарашада Пекинде болады. Ресми келіссөздер жүргізуге маньчжур шенеуніктері келісімдерін бермейді. Басты себеп грамотада I Петрдің лауазымы, маньчжур императорының лауазымынан жоғары жағында жазылуы болды.
1695 жылы Идес Мәскеуге қайтады. Оның сапары жайлы қысқаша мәлімет 1696 жылы Берлинде жарық көреді. 1698 жылы Адам Бранд та өзінің сапары жайлы мақала жазады. Осы жылы оның жазбалары ағылшын тілінде, 1699 жылы голландық тілде басылып шығады.
I Петрдің келісімін алып, Идес өзінің сапары жайлы 1704 жылы Амстердамда «Dreijahrige Reise naar china» атты еңбегін шығарды. Кітап 1706 жылы ағылшын тіліне, 1707 жылы неміс, 1718 жылы Францияда басылып шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz