Франциядағы Бесінші Республика Конституциялық құрылымына шолу жасап, президент Шарль де Голльдің ел тарихындағы алатын орны мен мемлекеттік реформаларының маңызын зерттеу


Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1 Францияның Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалы.
ІV Республиканың құлауы . . . 12
1. 1 Франциядағы ІV Республикадағы заң жүйесі және елдегі
саяси шиеленістер . . . 12
1. 2 ІV Республиканың құлдырау себептері . . . 20
2 Франциядағы голлизм кезеңі. V Республика . . . 26
2. 1 Билікке Шарль Де Голльдің келуі. 1958 жылғы Конституцияның
маңызы, Президенттік билік . . . 27
2. 2 Шарль де Голльдің ішкі саясаттағы реформалары . . . 32
2. 3 Шарль де Голльдің сыртқы саясаты . . . 38
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 56
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Әлемдегі қай дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет болсын оның тарихын зерделеп оқысаң, осы мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосқан және тарих сахнасынан мемлекет, ұлт үшін, тіпті әлем үшін орнын төрден ойып алатын тарихи тұлғаларды табуға болады. Олардың реформалары, жаңаша ойлау қабілеті, еліне деген сүйіспеншілігі - көшбасшылық қырын көрсетеді. Айталық Мао Цзэдун, Мұстафа Ататүрік, Петр І, Джордж Вашингтон, Авраам Линкольн, Абылай хан секілді тұлғалар әлемдік тарихта өз есімдерін қалдырды. Солардың қатарында Франция елінің саяси көшбасшысы, мемлекет басшысы Шарль де Голль де бар.
Франция тарихы, өмірі және жоғары дәрежелігін жүзеге асыру идеясы Шарль де Голль есімімен тығыз байланысты. Шарль де Голль Бесінші Республика негізін қалаушы, епті дипломат, Францияның ұлылығын қалыптастырған саяси және мемлекеттік ұлы тұлға. Оның қызметі мен белсенділігі арқасында Франция соғыстан кейінгі кризистерді артқа тастап, экономикада, халықаралық қатынаста алға шықты. Шарль Де Голль өзінің саяси көзқарастарында мықты мемлекет және тәуелсіз экономикалық даму тезисін ұстанды.
Де Голль өзінің өмір жолын әскери салада бастап, кейін мемлекеттік қайраткер ретінде көпшілікке танымал болды. Оның Франция саяси өміріне етене араласа бастауы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 1940 ж генерал де Голль маршалл Петэн басқарған өкіметке қарсы шығып, Лондонда халықты бостандығы үшін мойымай күрес жүргізуге шақырды. Виши режиміне қарсы күрес және соғыс де Голльді саясаткерге айналдырды [1, 58 б. ] .
Францияны азат ету кезеңінде ол уақытша билікті өз қолына алып, елдегі демократиялық бостандықты қалыптастырды және өнеркәсіптің біразын мемлекеттендіріп, прогрессивті реформаларды жүргізді.
1946 ж. генерал премьер министр орнынан кеткеннен кейін 20 жылдан кейін билік басына қайта оралды. Бұл кезеңде Франция басына тағы қауіп төнген еді. Елді күрделі күйзелістен алып шығу тағы де Голль қолына берілді.
1958 ж. билікке келген де Голльдің басты стратегиясы Францияның әлемдегі арақатынасын өзгерту болды. Ол туралы Ш. де Голль өзінің атақты «Әскери мемуарларында» «Франция өзімен өзі бола алады. Ал оны жүзеге асыру үшін мемлекетіміз тек бірінші қатардан көрінуі тиіс . . . Біздің мемлекетіміз және біз алдымызға үлкен мақсаттар қойып, оны жүзеге асыруда қиындықтарға қарсы тұра білу керек. Қысқасы, Франция айбынды болмайынша Франция бола алмайды», - деп жазған еді [2, 154 б. ] .
IV Республика күйреуіне әкелген отарлық соғыстар, әсіресе Алжир соғысы «1954 - 1958 ж. ж» жаңа билік Бесінші Республиканың құрылуына себепші болды. Де Голль елді отарлық соғыстардан алып шығып, саясатты жаңа арнаға бұруға тырысты. 1962 ж. Алжир халқымен жасалған Эвиан келісімі де Голльдің реалистігі мен көрегендігін көрсетті.
Ұлы басшы мемлекеттің басым бағыты мен мықтылығын қалыптастыруда сыртқы саясатқа үлкен мән берді. Де Голльдің сыртқы саясаттағы принциптері мен шешімдері: Батыс блок шеңберіндегі және ІІІығыс Европа елдерімен қатынасы, НАТО әскери ұйымынан шығуы, елдің ядролық күштерін дамытуы, Жерорта және Африка елдерінде бұрынғы отарлық иеліктерді басқара білуі оның икемді саясатының нәтижесі. Де Голль айтуынша сыртқы саясат екі бағытта жүргізілуі тиіс: 1) Францияның өзі үшін бұл мықты мемлекет пен әскери потенциялға негізделген ұлттың тәуелсіздігі. 2) Әлем үшін - халықаралық тәртіпті өзгерту үшін күресу.
Әлемдік аренада АҚШ пен Англия үстемдігінің артуына байланысты Франция да аталған елдермен қатарлас болу мақсатын көздеді. Де Голль «Франция не ойластырса соны жүзеге асырады, ұлттық сана сезімі не десе, соны сөйлейді» - деп нақты түрде саяси тәуелсіздікті танытты. Әрине, тәуелсіздік бұл басқа мемлекеттермен одақ құрмау немесе байланыс жасамау деген мағынада берілген жоқ. Блоктық қарсы шығу әлемінде Франция жалғыз қалып қалуы тиіс емес. Сондықтан, француз мемлекеті жоғарғы мемлекеттер санатына қосылып, аракатынасты сақтау үшін де Голль басшылығыменатом қаруын қолдануға мүмкіндік алды. Де Голль атом қаруын іс жүзінде қолдану ақылсыздық екенін түсінді, бірақ оны иемдену ұлы державалар монополиясын бұзатынына, Франция тәріздес орта державаларға дипломатиялық маневрды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімді болды. Ядролық қаруды шығарғаннан кейін Францияны «ядролық Монархия» деп атап кетті. Бұл анықтама Бесінші Республиканың сыртқы саясатының ерекшелігін көрсетті.
Осылайша XX ғасырда генерал Шарль де Голль белгілі тарихи тұлғаға айналды. 1990 - жылдардағы жүргізілген қоғамдық пікір сұрау кезінде француздар де Голльдің ұлттық тарихтағы рөліне баға беруде Напалеоннан жоғары қояды. Мемлекет басқарушысының бұндай танымалдығы неде? Әрине, болашағын бағыттап, халықаралық аренада өзінкөрсете білген Франция үшін сіңірген еңбегінде. Оның дүниетанымы мен концепциясы француз еліне ұлттық ерекшелік, мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығын дамытып, мемлекетке танымалдылық әкелді.
1958 жылғы Конституцияны құруға жеке өзі қатысқан де Голлдің мемлекеттік құрылысты түбірімен өзгертуінің өзі оның батылдығын көрсетеді.
Осылаша Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция тарихындағы Шарль де Голльдің Франциядағы алатын орнын зерттеу, оның жүргізген саяси реформаларының мәнін ашып көрсету және олардың нәтижелеріне тоқталу дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты - Франциядағы Бесінші Республика Конституциялық құрылымына шолу жасап, президент Шарль де Голльдің ел тарихындағы алатын орны мен мемлекеттік реформаларының маңызын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының маңызын ашуда келесі міндеттер жүзеге асырылды:
- Франциядағы Төртінші Республика құлдырау себептерін айқындау;
- Бесінші Республиканың Конституциялық құрылымына сипаттама беру;
- Шарль де Голльдің мемлекеттік реформалары мен саяси ойларына тоқталу;
- IV және V Республика Конституцияларына салыстырмалы түрде анализ жасау;
- Конституцияның жетістіктері мен кемшіліктерін сараптамалық талдау;
- Шарль де Голльдің «мемлекеттік тәуелсіздік» және Францияның әлемдегі мәртебесін көтерудегі рөлін зерттеу.
Зерттеудің оъектісі - Франциядағы V Республиканың алғашқы президенті Шарль де Голль.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізіне Франция тарихын, IV және V Республикалардың Конституциясын, сонымен қатар президент Шарль де Голльдің өмірбаяны мен реформаларын қарастырған шетел және Қазақстан ғалымдарының еңбектері жатады.
Зерттеу барысында тарихи шолу және салыстыру, синтез сияқты әдістер өз орнын тапты. Тақырыпты зерттеу барысында тұлғаның саясаттағы шешім қабылдау ерекшеліктерін зерттеуде бақылау әдісі қолданылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мерзімді баспасөз және интернет желісінен алынған материалдарды зерделеуде контент-анализ әдісіне сүйендік.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Францияның қазіргі заңнамасының негізі сол Бесінші Республика президенті Шарль де Голльдің бастауымен жасалған 1958 жылғы Конституция еді. Ол Конституция Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Ата Заңына негіз болды. Шарль де Голльдің ұлттың көшбасшысы ретінде жасаған жетістіктері мен реформалары және саясаты біз үшін де үлгі.
Шарль де Голльдің Франция тарихындағы алатын орнын көрсетуге негіз болатын ғылыми еңбектерді зерттеп, оларды бір жүйеге келтіріп және оны алғаш рет қазақ тілінде кешенді түрде басын қосып ғылыми еңбек ретінде жазғандықтан диплом жұмысының ғылыми жаңалығы болып табылады.
Диплом жұмысының тарихнамалық базасын шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері құрайды.
Шетелдік тарихнамада бірінші француз зерттеушілерінің еңбектеріне тоқталып өтейік. Шарль де Голльдің саясаттағы қызметіне, еуропалық интеграциядағы голлистік идеяларға, Шарль де Голльдің сыртқы саясатына арналған және Шарль де Голль туралы замандастарының айтқандары жайлы еңбектер жазған Ш. Зоргбиба [3], Э. Жува [4], М. Ваиис [5], О. Рюдель [6], Г. Пилель [7], сонымен қатар Фр. -Г. Дрейфус [8], Ж. Лакутюр [9], П. -М. де ля Горс [10] өз еңбектерінде Шарль де Голльдің Францияның қоғамдық-саяси өміріндегі қызметін тарихи фактілерге сүйене отырып кең көлемде көрсеткен және басқа да француздық зерттеушілерді айтуға болады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында ресейлік зерттеушілердің де ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Атап айтқанда Н. Молчановтың «Генерал де Голль» [11], М. Ц. Арзаканянның «Де Голль и голлисты на пути к власти», «Великий де Голль», «Франция - это Я!», «Де Голль» [12 - 15], О. И. Нажесткиннің «Де Голль или Жиро?» [16] атты еңбектері және В. И. Антюхина-Московченконың [17], Г. Н. Новиковтың [18] және басқа да зерттеушілердің [19-22] еңбектері қолданылды. Сондай-ақ А. З. Манфред жетекшілігімен жазылған «История Франции» еңбегінен де диплом жұмысына қажетті мәліметтер алынды [23] .
Қазақстандық ғалымдардың ішінде ең алғашқылардың бірі болып Шарль де Голль жайлы зерттеген Ибрашев Ж. О. Ол «Политическая концепция Шарль де Голля» [24], «Политическая философия Шарль де Голля» [25] деген зерттеулерін Шарль де Голльге арнады. Ж. О. Ибрашевтің жетекшілігімен Қазақстанда Франция тарихымен айналысатын, оның ішінде голлизм мәселесін зерттейтін ғалымдардың үлкен мектебі қалыптасты. Солардың бірі, Ж. О. Ибрашевтің шәкірті, қазақстандық халықаралық қатынастарды зерттеуші танымал маман Қ. Е. Байзақова. Ол «Эволюция конституционной доктрины голлизма: политические и внешнеполитичекие аспекты» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғап, осы бағытта еңбектер жазып жүрген ғалым [26-28] .
С. Б. Қоныспаева «Шарль де Голль и европейская интеграция (50 - 60-е гг. ХХ в. ) » атты кандидаттық диссертациясын қорғаған. Оның осы тақырып бойынша бірқатар еңбектері жарық көрді [29 - 35] .
Шарль де Голльдің сыртқы саясаты мен Францияның халықаралық қатынастардағы саяси бағдарын зерттеуде С. М. Акимбеков [36], О. К. Тогузбаев [37], С. Ж. Сапанов [38], К. Н. Макашева [39] еңбектерін атауға болады.
Диплом жұмысының деректік базасы. Диплом жұмысын жазу барысында қолданған деректерді бірнеше топқа бөліп көрсетуге болады.
Деректердің бірінші тобына нормативтік-құқықтық сипаттағы заңнамалық құжаттар енді. Оған ең бірінші кезекте елдің ішкі және сыртқы саяси бағытының құқықтық негізін қалаушы 1958 жылғы Француз Республикасының Конституциясы жатады [40] .
Деректердің екінші тобын Европалық Одақтың құжаттары құрайды [41-43] .
Деректердің үшінші тобына Генерал де Голль ІV Республика тұсында франция тарихына, елдің конституциялық құрылысына арналған еңбектерін жазды [44] . Осы тұстағы маңызды еңбектерінің тағы бірі «Военные мемуары» деп аталады [2] . Ал V Республиканың басшысы ретінде Шарль де Голль V Республиканың ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыруға қатысты өзінің көзқарастарын білдірген бірқатар еңбектер жазған. Соның ішінде саяси доктринаның мәні іспеттес туындысы «Мемуары надежды» [45] .
Деректердің келесі тобын Шарль де Голль туралы жазған мемуарлар құрайды. Шарль де Голльдің ең жақын замандасы, бірге қызмет істеген, Францияның қоғам қайраткері және саяси ойдың көрнекті теоретигі М. Дебре болды. Ол өзінің еңбектерінде Францияның ұлттық саясатының принциптерін айқындайтын, нағыз голлист екенін көрсете білді [46-48] .
Голлистік доктринаны зерттеу үшін голлистік лидерлер Л. Амонның [49], Л. Валлонның [50-51], Ж. Шарлоның [52-53] еңбектері де маңызды дерек бола алады.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция және Шарль де Голльдің билік еткен кезеңдері 1958-1969 жылдардың аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысының алға қойылған мақсат-міндеттеріне байланысты кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі жайлы айтылған. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында пайдаланған деректерге сараптама жүргізіліп, тарихнамасына шолу жасалды.
Бірінші тарауда Франциядағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайлы айтылған. Сонымен бірге ІV Республиканың заң жүйесі мен билікке деген ішкі саяси талас-тартыстар салдарынан үкіметтің құлдырауы жайлы баяндалған.
Екінші тарауда Төртінші Республика құлағаннан кейінгі жағдай, билікке Шарль де Голльдің келуінің алғышарттары келтірілген. 1958 жылы қабылданған Конституцияның маңыздылығы, парламенттік билік орнына президенттік билікті орнатудағы де Голльдің рөлі баян етіледі. Сонымен қатар де Голльдің ішкі саясаттағы елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге себебін тигізген реформалары мен оның сыртқы саясаттағы басым бағыттары жайлы зерттелген.
Қорытындыда тарауларда және диплом жұмысының мазмұнына қатысты тұжырым жасалады.
1 Францияның Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі хал-ахуалы, ІV Республиканың құлауы
1. 1 Франциядағы ІV Республикадағы заң жүйесі және елдегі саяси шиеленістер
1946 жыл 21 қаңтарында де Голлдің отставкаға кетуінен кейін, коммунисттер социалисттермен бірігіп екі партиялық үкіметті құруды ұсынады. Социалисттік партия лидерлері бұл ұсыныстан бас тартып, билікте халықтық республикалық қозғалыстың (ХРҚ) қатысуын талап етеді, нәтижесінде үш партиялық блок қалыптасты.
24 қаңтарда Француз коммунистік партиясы (ФКП), социалисттік партия (СП) және халықтық республикалық қозғалыс (ХРҚ) партиялары «біртұтас билік ету» келісіміне қол қояды. Премьер постына социалист Феликс Гуэн тағайындалғанмен өзінің өкіметтік декларациясында жаңа бағыт, жаңа саясат ұстанған жоқ. Жаңа өкімет құрамына алты коммунист, жеті социалист, алты ХРҚ мүшелері енді. 1946 жылы Францияның саяси өмірінде үлкен өзгерістер болып жатты. Басты назарда жаңа Конституцияның проектісін жасау, мемлекеттің болашағын айқындайтын мемлекеттік құрылыстың жобасын жасау тұрды. 29 қарашада Құрылтай жиналысы арнайы Конституциялық коммисияға жаңа Конституцияның мәтінін жасауға нұсқау берген болатын. Қырық екі мүшеден тұратын комиссия құрамы Франция партияларының өкілдерінен құралып, социалисттер мен коммунисттер көп дауысқа ие болды. Жобаны жасаудың алғашқы кезеңінде комиссияға де Голль үлкен ықпалын тигізген еді, бірақ Де Голль отставкаға кеткеннен кейін комиссия біршама антидемократиялық тарауларды алып тастады [3, 125б. ] .
Ендігі кезекте бүкіл Төртінші Республика кезеңін қамтыған партиялардың шиеленісі туындайды. Коммунисттер мен социалисттердің көп бөлігі жаңа Конституцияда экономикалық және әлеуметтік құқыктардың жариялануын, Ұлттық жиналыстың қолында барлық билік шоғырланып, оның тәуелсіз болуын қалайды. Ал радикалдар және оңшыл партия өкілдері ұлттық жиналыстың билігін, құқығын екінші палатаға немесе президентке беру арқылы шектегісі келді. Олар Конституция абсолюттік жеке меншік құқығын жариялауын талап етеді. Ал ХРҚ болса, конституцияға «еркін» діни оқытулар пунктін енгізуді сұрайды. Осындай қарама-қарсы ұсыныстар мен талаптар жағдайында коммунисттер мен социалисттердің бірінші тенденциясы жеңіп шығып, 19 сәуірде Жаңа Конституцияның жобасы Құрылтай жиналысының қолдауымен бекітілді.
Жаңа Конституция президент қызметтерін қысқартты, яғни президент өкімет басшысын тағайындай алмайды, заңдардың екінші рет қаралуын талап ете алмады және президент ұлттық жиналыстың сайлауымен тағайындалып отырды.
1946 жылы 5 мамырда конституцияны талқылау бойынша референдум қабылданды. Референдумдағы жағдай өте күрделі еді. Себебі, партиялар арасындағы келіспеушілік, билікке таласу, бақталастық қалыптасқан жағдайды күрделендіре түсті. Жаңа Конституцияға коммунистік және социалистік партиялар қолдау көрсетсе, ХРҚ мен оңшылдар қарсы шықты.
Референдум кезінде ХРҚ және басқа оңшылдардың Конституция жобасымен келіспеуі, ондағы заңдарға қарсы емес, солшыл күштерге қарсы болуымен түсіндірілді. Оларды солшыл партия беделінің өсіп бара жатқандығы мазаландырған еді. Әсіресе коммунисттер мен социалисттердің бірігіп Конституцияға қатысқандығы қорқыныш тудырды. Конституцияны бірауыздан қабылдау - бұл коммунистерге билік бергені. Сондықтан, референдумда Конституцияға 10 450 мың сайлаушылар қарсы, 9 280 мың сайлаушылар қолдаған нәтиже берді. Франция тарихында алғаш рет референдумда ұсынылған жоба қабылданбады. Референдумнан кейін Құрылтай жиналысына екінші сайлау өткізіледі. Сайлаудың ерекшелігі: социалистер мен коммунисттердің бөлініп, социалисттердің коммунисттерге қарсы шығуы болды. Бұндай шешім Блюмның AҚШ - қа сапарынан байланысты болды. Жак Фовэ былай деп жазады: «Үстіртін қабылдаған шешімнен кейін антикоммунистік кампания өзінің мақсатына жете алмады, Бретани мен Нормандиядан басқа жерде социалистік партия үлкен шығынға ұшырады. Референдум нәтижесі оларға ауыр тиді» . Шыныменде Франция Социалистік партиясы 250 мың дауысынан айырылды және өзінің билігін тек консервативтік аймақтарда ғана сақтап қалды. Ал коммунистік партия 200 дауысқа көп жинаса, ХРҚ 1 млн аса дауысты жеңіп алып, уақытша (сайлаушылар саны бойынша) елде бірінші партия болып қалды [4, 140б. .
Социалисттер премьер орнын ХРҚ өкілі Ж. Бидоға берді. Қаржы министрі социалист А. Филип орнына ХРҚ мүшесі Р. Шуман келді. Сөйтіп, социалистердің биліктегі күші азайып, ХРҚ рөлі арта түсті. Жаңа Құрылтай жиналысына сайлау қатаң жағдайда өтіп жатты. Бұл кезең спекуляция мен «қара рыноктың» еркінсіп, дами түскен кезеңі. Осыған байланысты азық-түлік министрі Ж. Бидо спекулянттармен белсенді күрес жүргізеді. Буржуазия арасында елеулі өзгерістер болады. Бұрынғы орнықты буржуазия енді қиын кезеңде байып алған спекулянттар, айлакерлер артында қалды. 1946 жылы жұмысшылардың жалақыны көтеру талабы орындалады, бұл да буржуазияның билікте отырған солшыл күштерге наразылығын күшейте түсті. Елдегі әлеуметтік жағдай саяси күштердің шиеленісін өршітті [1, 288б. ] .
Сырттай бақылап отырған де Голль референдумдағы демократиялық Конституцияның құлдырауынан кейін саяси сахнаға қайтадан шығады. 1946 жылы 18 маусымда Байеде сөз сөйлеп, Конституция жобасын сынайды және өзінің бағдарламасы - Францияның мемлекеттік құрылысының жобасын ұсынады. Францияның тәуелсіздігін және мәртебесін қамтамасыз ету үшін «мықты» мемлекет құра отырып, екі парламенттің атқарушы билік жұмысына араласпауын, президентке кең мүмкіндіктер беруін, т. б қамтамасыз ету қажет- дегенді айтады. Голльдің идеясы керітартпа ортада, әсіресе, бұрынғы вишистер тарапынан қолдау тапты. Бұл кезде Құрылтай жиналысының Конституция жобасын жасауда қызу жұмыстар жүргізіп жатқан еді. Бірінші комиссияға қарағанда, екінші комиссиядағы партиялардың жағдайы өзгерді, яғни социалистер коммунистермен емес, ХРҚ-мен бірікті. ХРҚ лидерлері жаңа жобаны максималды түрде де Голль тұжырымымен жақындастыруға тырысты. Бірақ Де Голль екінші жобамен де келіспей 22 қыркүйекте Энипалда сөз сөйлеуінде бұл жобаның алдыңғы жобаның «туған апасы» іспетті деп өткір түрде сынайды [20, 145б. ] . Дегенмен, 1946 жылы 13 қазанда Конституцияның жобасы 8043366 қарсы, және 9126370 дауыспен қабылданды. 1946 жылы 24 желтоқсанда ресми түрде енген IV Республика Конституциясы Франция тарихында он бесінші Конституциялық заң болды.
1946 жылғы Конституцияда дәстүрлі «біртұтас», «бөлінбейтін», «демократиялық» терминдер мен бірге жаңа эпитеттер: «әлеуметтік» және «зайырлы» қолданысқа енді. Бұл демократиялық күштердің өсуін, дамуын айқын білдірді. Конституция француз азаматтарының әлеуметтік және демократиялық құқықтарын кеңейтті, әрбір азаматтың әртүрлі кәсіподақ ұйымдарына қатысуына, өзінің құқығы арқылы оны қорғауға, «заң шеңберінде» ереуілдерге қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар келесі құқықтар еңгізілді: «Мемлекет жеке тұлғаға және отбасының дамуына барлық жағдайды жасайды», «Мемлекет балалармен үлкендерге бірдей білім алуға, мәдениетке, кәсіп алуға жол ашады», «Ол барлығына, оның ішінде балаларға, әйелдерге, қарттарға материалдық көмек беруге кепілдеме береді»[20, 145б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz