Мемлекеттік шекараны қорғау ел тыныштығының, ұлт қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақты дамуының кепілдігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Қазақстан Республикасыда мемлекеттік шекараның қалыптасуының құқықтық негіздері мен рөлі . . .
1. 1 Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік шекараның даму тарихы . . .
1. 2 Шекара қызметінің ерекше рөлі мен қағидалары . . .
1. 3 Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында мемлекеттік шекараны күзетудің құқықтық негіздері . . .
2 Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі аспектісі ретінде мемлекеттік шекараны қорғау мәселесі . . .
2. 1 Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде мемлекетік шекараны құқықтық ұйымдастыр мен қорғау . . .
2. 2 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтар профилактикасы . . .
2. 3 Шекара Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі аспектісі мен кепілі ретінде . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алуымен Қазақстан Республикасының егеменді мемлекеті қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі жағдайында республиканың қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті әскери-саяси басқару институттарын құруға кірісті.
КСРО өз тіршілігін тоқтатқаннан кейін өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан Республикасы, Кеңестер Одағы құрамына кіретін басқа да елдер сияқты мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды. Оның халықаралық құқық субъектісінен шығатын, барлық өкілеттіктер сабақтастығы жаңа егеменді мемлекет алдында оның қалыптасуының, тіршілігін және дамуын қамтамасыз етілуінің барлық салаларындағы көптеген проблемаларды ашып берді. Ұлттық қауіпсіздік мәселесін шешу мемлекет пен қоғамның басты стратегиялық басымдығы болып танылды. Бұрынғы КСРО құрылған, қауіпсіздік жүйесіне негізделе отырып, сондай-ақ, қазіргі халықаралық тәжірибені пайдаланып, Қазақстан елдің қазіргі шын мәніндегі геосаяси жағдайымен мәжбүр ететін, осы мәселені шешудегі өз тәсілін қалыптастырды және қолданды. Сонымен, Қазақстан Республикасы өзін, аумақтық тұтастығы мен біртұтастығын қамтамасыз етуге тырысатын, егеменді мемлекет ретінде байқатты.
Қазақстан кеңестік дәуірден кейінгі кезеңде, өзін дамудың демократиялық жолы бойынша келе жатқан және ұлттық экономикада оң перспективалары бар мемлекет ретінде білдіріп, әлемдік сахнадағы өзінің ұстанымын нығайтты. Сондықтан егемендікті, аумақтық тұтастықты және ұлттық қауіпсіздіктің басқа да құрастырушыларын қорғау мемлекеттің маңызды міндеттерінің
Мемлекеттің негізгі белгісі болып шегінде елдің егемендігі мен тәуелсіздігі толық көлемде іске асырылатын аумақтың болуы және оның шекарасының анық белгіленуі болып табылады. Бұл мемлекеттің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін шаралар жүйесінде Шекара қызметінің айрықша рөлін анықтайды. Кез келген басқа бүгінгі заманғы егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігі немесе шекаралық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне шекарадағы құқыққа қарсы әрекетті анықтау, оның алдын-алу және жолын кесу бойынша саяси, әскери, құқықтық, жедел, ұйымдастыру, экономикалық, техникалық, ақпараттық жүйені және өзге де шараларды жүзеге асыру, шектес мемлекеттердің тарапынан болатын агрессияға тойтарыс беру нәтижесінде қол жеткізіледі.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі күзетінің қалыптасуының, жаңа түрлері мен тәсілдерін іздеуінің қиын жылдары Қазақстан Республикасының Президенті - Бас Қолбасшы Н. А. Назарбаевтың жеке нұсқауы бойынша қалыптасты.
КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шығыс шекара округы құрылымдарының негізінде, ҚР Шекара әскерлері құрылды. Егемен елдің тарихында тұңғыш рет өзінің арнаулы қызметіне арналған “Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” Заң қабылданды. Жеке адам, оның конституциялық құқығының қорғалуын қамтамасыз етуге басымдық берілді. “Жедел іздестіру қызметтері туралы”, “Лаңкестікке қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік құпиялар туралы” және басқа да заңдардың қабылдануы арнаулы қызмет жұмысының аяғынан тік тұруына, өзіне жүктелген міндеттерді толығымен атқаруға ықпал жасады.
Терроризм және шектес мемлекеттердегі халықаралық саяси жағдайдың күрделенуі, тұрақсыздық ахуалы алдын-алу шараларды қабылдауды талап етеді және мемлекеттің өз азаматтарының және жалпы мемлекет мүдделерінің қорғалуын қамтамамасыз етуге дайындық туралы мәселе кезек күттірместен, бірінші орынға қойылады.
Елбасының жылғы халыққа Жолдауында: “Қазақстан ядролық қаруды тежеуге, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге, есірткі саудасы мен басқа да осы заманғы қатерлерге қарсы күреске жұмылған халықаралық ауқымды ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болып келді және болып қала береді”, - деп адамзат баласына, өркениетке төнетін қауіп-қатерлердің барлығының бізге де ортақ екендігін, еліміздің оған қарсы аянбай күрес жүргізе беретіндігін жариялап, алдағы бағыт-бағдарды айқындап берді. Алға қойылған тапсырмаларды лайықты түрде жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік органдары үшін қашанда зор жауапкершілік пен іскерлікті, туындайтын мәселелерді тың көзқараспен талдау, ұтымды түрде шешу жолдарын талап етеді.
Терроризм және шектес мемлекеттердегі халықаралық саяси жағдайдың күрделенуі, тұрақсыздық ахуалы алдын-алу шараларды қабылдауды талап етеді және мемлекеттің өз азаматтарының және жалпы мемлекет мүдделерінің қорғалуын қамтамамасыз етуге дайындық туралы мәселе кезек күттірместен, бірінші орынға қойылады. Қазіргі таңда әлемдегі кез келген арнаулы қызметтердің алдында тұрған ең үлкен міндет ол лаңкестіктің алдын алу, бола қалған жағдайда адам шығынынсыз тойтарыс беру деп айтсақ, қателесе қоймаспыз. Алыс-жақын шетелдерде болып жатқан жарылыстар кім-кімді де ойландырмай қоймасы анық. Алыс-жақын шетелдердегі әріптестермен бірлесе қимылдау, ақпарат алмасу секілді бұрыннан қалыптасқан үрдістер жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда өзара сенімділік, ынтымақтастық тұрғысынан екі жақты, көп жақты мүдделерге сай келетін іс-шаралар өткізу, ол бойынша қауіпсіздіктің барлық саласын қамту дәстүрге айналып отыр. Шетелдерде тамырын жайған халықаралық лаңкестік, экстремистік ұйымдардың, қоғамымыздағы тұрақтылықты шайқауды аңсайтын топтардың жандана түскен іс-қимылы еріксіз алаңдатады. Қашанда, қауіп-қатердің алдын алған дұрыс. Атамыз қазақ “Сақтықта қорлық жоқ” дейді. Қоғаммен тығыз байланыста болу, оның көкейкесті мәселелеріне дер кезінде құлақ түру, түйткілді жәйттерді мүмкіндігінше оңтайлы шешу кез келген дағдарыстың алдын алуға көмектесетіндігі сөзсіз Мемлекеттік шекараны күзету де ҰҚК міндеттерінің бірі. Мемлекеттік шекара болғанымен, шекара дегеніміз қашанда ел тағдыры, адам тағдыры екендігін де ұмытпауымыз керек. Қазақстандық азаматтардың ағайындары көршілес елдерде болса, олардың ағайындары бізде тұрып жатыр. Ағайындар, туыстар қашанда араласып, құраласып тұрғылары келеді. “Бармасаң, келмесең - жат боласың”, дейді. Халыққа тиімді болу жағын ойлап, бірқатар қосымша шекаралық өткізу бекеттерін ашуға қол жеткізілді. Мәселен, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жұрт бұрынғыдай бірнеше шақырым жердегі бекеттерді іздеп жүрмейді, өздерінің тұрғылықты жерлеріне жақын маңайдағы өткізу бекеттерінен өте береді. Жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығын, қауіпсіздігін, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, мемлекет тұрақтылығы мен ел тыныштығын қауіп-қатерлерден жан-жақты қорғау жолындағы қауіпсіздік органдарының жауапты қызметі тек қана құқықтық шеңберде іске асып келеді. Ұлттық қауіпсіздік органдары өздері жүріп өткен жыл ішінде заман талаптарына сай толық, жан-жақты қалыптасып болды деп айтуға әбден негіз бар. Үстіміздегі жылдың өзінде шекара режимін бұзған 8 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 24 миллион теңгеден астам айыппұл. Каспий теңізіндегі экономикалық мүддемізді қорғау мақсатында өткен жылы құрылған “Жағалау күзеті” аймақтық басқармасының жеке құрамы 2009 жылғы балық аулау маусымында контрабандашылардан 150-ден астам жүзу құралдарын тәркіледі. Олардан 54 тоннадан астам балық тәркіленсе, оның 31 тоннаға жуығы сирек кездесетін бекіре тұқымдас балық екен. Тек 2009 жылы ел шекарашылары 12 мыңнан астам Мемлекеттік шекара бұзушыларды ұстапты. Сонымен қатар, Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтуге талпынған 2 мыңнан астам контрабандалық оқиғаның алдын алған. Олар жалпы салмағы 177 килодан асатын 108-ден астам заңсыз есірткі тасымалының жолын кесті. 102 килодан астам героин, 16 килодан асатын марихуана, 57 килодай гашиш шекарашылардың қырағылығының арқасында тәркіленді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты-мемлекеттік шекараны қорғау ел тыныштығының, ұлт қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақты дамуының кепілдігі. Шекараны күзету (қорғау) мәселелері бойынша жылдар бойы жинақталған тәжірибені, басқа мемлекеттердің құқытық енгізген жаңалықтарын, геосаяси жағдайды ескере отырып заман талабына жауап беретін неғұрлым ыңғайлы шекара туралы заңнаманы жетілдіру.
Дипломдық жұмыс кіріспе мен екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қалыптасу тарихы, шекараны делимитациялау кезеңдеріне, шекараны күзетудің құқықтық негіздері мен қағидаларына, ұлттық қауіпсіздікке маңыздылығын және шекара тәртібін бұзғаны үшін еліміздің заңына сәйкес көзделген жауаптылыққа тоқталып кеттік.
1 Қазақстан Республикасыда мемлекеттік шекараның қалыптасуының құқықтық негіздері мен рөлі
1. 1Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік шекараның даму тарихы
КСРО ыдырығанннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің ата заңы Конституциямызды қабылдадық. Конституцияның 2-бабында: 1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады деп көрсетілген[1] . Осыған байланысты мемлекеттің тәуелсіз екендігін дәлелдер ерекшеліктерінің бірі аумақтық тұтастық белгісі болып табылатын көрші елдермен мемлекеттік шекараларын белгілеу үдерісі басталды.
Қазақстан мен Қытай Халық Республикалары аралығынадағы ортақ шекарасы 1718 шақырымға созылған. Қазақстан мен Қытай Халық Республикалары арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау мен демаркайиялау үдерісі үш ғасырға созылған күрделі тарихи құбылыс. Алғашқы кезеңде қазақ жерлері Ресей империясының құрамында болды. Ресей империясы мен Цин империясы арасында заңды түрде бекітілген мемлекеттік шекара өтті. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық мәселелерді шешубарысында құқықтық негіз болды. Жалпы Қазақстан мен Қытай арсындағы мемлекеттік шекараны анықтау үдерісін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең, Қазақ хандығы ресей империясының құрамында болған кезді, екіншісі, Қазақ КСР-і КСРО құрамында болған кезді және тәуелсіз Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекараны анықтау кезі.
XVIII ғасырда Ресей мен Цин империялары арасында айқын қарсы тұрушылықтар байқалды. Екі мемлекет арасындағы нақты және ресми белгіленген шекраның болмауы, жағдайды одан әрі күрделендіре түсті. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстан аумағында саяси жағдай оңай болған емес. Жетісу аумағында сол кезеңдегі бірнеше мемлекет болғысы келді. Атап айтқанда, Қоқан хандығы, Цин империясы және Ресей империясы қазақтардың болғандығын мойындай отырып, өз боданының аумақтарын әскери-саяси тұрғыдан қорғалуды қолына алды. Ресейдің осы кезеңде Қазақ хандығының жерлерінде асаған шаралары- казак әскерлерін Сібір мен Қиыр Шығыстан әлі толығымен айқындалмаған қазақ-қытай шекараларын орналастыру болды.
Қытай үшін Шыңжан өлкесінің өлкесінің Іле ауданы әрдайым қиыншылық тудырып отыратын өңір еді. Мұнда Қоқан хандығының жәрдемімен бірнеше рет тәуелсіз хандықтар жарияланған еді. Сондықтан Қытай ішкі тұрақтылықты сақтау мақсатында Ресей империясымен мемлекеттік шекараны айқындау қажеттілігін түсінді.
Ресей империясы мен Цин империялары арасындағы шекараны айқындау бойынша келісімдер 1860 жылыдың 2 қарашасында қол қойылған қосымша Пекин шартынан басталды. Бірақ бұл шарт шекараның өту сызығының тек жалпы бағытын ғана көрсетті, яғни Монғолиядан Қоқан хаандығының бұрынғы иеліктеріне дейінгі шекара туралы ғана айтылды.
1862 жылдың 22 шілдесінде Шәуешек қаласында бұл мәселе бойынша келіссөздер далғасты. Циндік комиссар-демаркаторлар Пекин шартындағы (қытай мәтініндегі) Зайсан көліне дейінгі шекарна демаркацияламақшы болды. Зайсан көлі маңындағы шекараға қатысты бұл шарт баптарының қытай мен орыс тілдеріндегі өзгешеліктер кездесті.
1864 жылдың 25 кыркүйектегіндегі Шәуешек қаласындағы Алтай мен Тянь-Шань тауларына дейінгі аймақта Ресей-Қытай мемлекеттік шекарасын белгілеу туралы Хаттамаға қол қойылды. Бұл Хаттамамен белгіленген шекаралық сызық тұрақты қытай пекиттерінің орналасуы мен жер бедерін ескеруі нәтижесінде айқындалды. Шекара 3 бөлікке бөлінді:
Шабын-Дабаға мен Манитугатул хан пикетіне дейін;
Манитугатул хан мен Алтан Тебшіге дейін;
Алтан Тебшіден Памир-Алтай тау жүйесіне дейін.
1869-1870 жылдары И. Бабков жетекшілік еткен Ресей үкіметінің уәкілдері және Цин үкіметінің өкілдері Шабын-Дабаға мен тарбағатай жотасына дейінгі аймақтағы шекараны демаркацияялап, оны келесі құжаттарда бекітті:
1) 1869 жылғы 1 тамыз- Богусук пен Ақ Төбе тауына дейінгі шекараны сипаттау Хаттамасы;
2) 1869 жылғы 23 тамыз- Богусук пен Шабын-Дабаға дейінгі мемлекеттік шекараны сипаттау Хаттамасы;
3) 1870 жылғы 31 шілде-Ақ Төбе мен Хабар-асуға дейінгі мемлекеттік шекараны сипаттау Хаттамасы.
Қытай-Ресей шекарасының қалыптасуының келесі кезеңінде, яғни 1879 жылдың 20 қыркүйектегіндегі Ливади шарты қабылданды. Оған сәйкес Ресейге Іле аймағының батыс бөлігі және Текес өзеніне тиесілі барлық жерлер берілуі тиіс еді. Бірақ Қытай үкіметі бұл шартты ратификациялаудан бас тартты. Олар мұны тым әділетсіз деп санады.
1880 жылдың жазында осы аймақты Қытайға беру туралы жаңа келіссөздер басталды, Қытай тарапынан бұл келіссөздерге Қытайдың Лондондағы бұрыңғы өкілі Цзэн Цзицзэ қатысты. Келіссөздер 7 айға созылды. 1881 жылдың 12 ақпанында Петербург келісіміне қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес Ресей Қытайға орталығы Құлжада орналасқан Іле аймағын қайтарып берді. Ал орыс көпестеріне сауда жеңілдіктері мен артықшылықтарын беретін болып келісті. Бұл шартқа сәйкес Алтай аумағы толығымен дерлік Ресей империясың құрамына өтті. Петербург шартына қол қойғаннан кейін бірнеше жыл ішінде Ресей аумағына шамамен 70 мыңдай ұйғыр, дүнген, қазақтар көшіп келді.
1917-1922 жылдар аралығында Ресей империясының құлауы, Азаматтық соғысы басталуына байланысты шекара қараусыз қалды. Осы жылдары Мақаншы және Алакөл аудандарында 20-дан астам шекара таңбалалары бұзылып, шекара Қытай аумағына қарай 10-нан 15 шақырымға дейін заңсыз шегіндірілді. Қазан төңкерісінен кейін шекара жөніндегі ешқандай шарттар, келісімдер болған жоқ. Ал шекаралық мәселе болса халықаралық жағдай мен Ресей-Қытай қатынастарына байланысты болып қала берді.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Мәскеу мен Пекин арасындағы идеологиялық және саяси конфронтацияның күшеюіне байланысты Кеңес-Қытай шекарасындағы жағдай шиеленісе бастады. 1963 жылы екіжақты кеңестер өткізілгенімен, олар КСРО тарапынан аяқсыз қалды. Осы жылдары Қытай жағынан шекараны бұзып өту әрекеттері байқалды. ҚХР-дың сол уақыттағы Мемлекеттік кеңестің Премьер-министрі Чжоу Эньлай бұл мәселе қантөгіске айналады деп болжаған болатын. Шынымен де, 1969 жылы наурызда Даманск аралында Уссури өзені бойында (қазіргі атауы Чжэньбаодао) және 1969 жылы тамызда қазақ-қытай шекарасында Жалаңашкөл көлі маңында қанды қақтығыстар орын алды. ҚХР мен КСРО екі социалистік держава, сонымен қатар, екеуі де ядролық қаруға ие, алапат соғыс алдында тұрды.
1969 жылы 11 қыркүйекте Пекин әуежайында КСРО Министрлер Кеңесінің төрағас Косыгин мен Чжоу Эньлайдың кездесуі өтті. Нәтижесінде шекара жөнінде келіссөздер жүргізу қажет деп шешілді. 1969 жылы 20 қазанда Пекинде басталған келіссөздер еш нәтиже бермеді. Бірақ шекарада «кво мәртебесін» сақтау қажет деп шешілді. Қытай тарапынан күнделікті шекараны бұзу тоқтатылды.
1987 жылы келіссөздер қайта басталып, тараптар ресми карталарлы бір-біріне ұсынды, алайда шекара сызығы елдің картасында бір-бірімен үйлеспеді.
1988 жылы Қазақ КСР-нің СІМ өкілдері алғаш рет келіссөздерге қатысты. Мұнда ҚХР алдымен Қазақ өкілдерінен КСРО мен Қытай арасындағы шарттарды заңды тани ма деп сұрады. Танымаса-келіссөздер тоқтатылады; таныса-одан әрі жалғасады. Қазақ КСР-і танитындығын білдірді.
1991 жылдың тамызына дейін ҚХР-мен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас кеңестік республикалардың өкілдерінен тұрған КСРО делегациясы жүргізді.
КСРО құлағаннан кейін мұны 1992 жылы 8 қыркүйекте Минскіде қол қойылған келісімге сәйкес Қазақстан, Қырғыстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері Үкіметтерінің Бірлескен делегациясы жүргізді.
Өзінің жұмысында Қазақстан 1993 жылы қазанда Пекинде қол қойған ҚР мен ҚХР арасында негізгі достық қарым-қатынастар жөніндегі Декларацияға сүйенді. Декларацияның 13-ші бабына сәйкес ҚР бұрын КСРО мен ҚХР арасындағы шарттарды толығымен таныды.
Делегациялардың жұмысы 3 арнайы жұмыс тобы түрінде жүргілді:
1) шекара сызығының өтуін үйлестіру бойынша топ;
2) топографиялық топ;
3) заңды түрде рәсімдеу тобы.
1998 жылы сәуірде Пекинде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сарапташы топтарның кеңесі өтті. Бұл кеңестер Бірлескен делегация жұмысынан тыс орын алды. Мақсаты-мәселені шешуде жаңа ұстанымдар мен шешімдерге келу. Қазақстан Республикасы қарама-қайшылықтарға толы халықаралық келісімдерге назар аудармай, екіжақты ымырласу жолымен мәселені шешуге дайын екендігін көрсетті. Қазақстан Республикасы ҚХР-ға келесідей ұсыныс жасады:
1) Шоған-Оба мен Баймырза аймағының 70 пайызын ҚР-ға, 30 пайызыцн ҚХР-ға;
2) Сарышілде өзені аймағындағы аумақтың 70 пайызын ҚХР-ға, 30 пайызын ҚР-ға деп бөлу.
Жұмыс тобының құжаттары мемлекеттің ішіндегі талқылаудан кейін Бірлескен Делегацияға берілді және Шоған-Оба, Баймырза, Сарышілде өзені аймағындағы ҚР-ҚХР шекарасының өтуі туралы келісімінің негізін қалады.
Келісімге Н. Назарбаев және Цзян Цзэмин 1998 жылы 4 шілдеде Алматыда қол қойды. Аталмыш келісім 1999 жылы 7 сәуірде күшіне енді. Келісім бойынша 944 шаршы шақырым ҚР-на 537 шаршы шақырым; ҚХР-на 407 шаршы шақырым даулы жерлер берілді. Бұл келісім тарихи маңызға ие. О бастан-ақ Қытай осы аймақтарды түгелімен беруді талап еткен еді. Қазақстан Республикасы бірінші рет Қытаймен заңды түрде рәсімделегн шекараға ие болды. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жөніндегі келісімнің 4-бабына сәйкес демаркайиялықұ мәселелер туындады. 1996 жылдың 13 қыркүйегінде Біріккен Комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығы шықты.
Арнайы 6 демаркациялық жұмыс топтары құрылып, нәтижесінде шекаралық сызықты сипаттау туралы және таңбаларды сипаттау туралы арнайы құжаттар дайындалды. Демаркациялық жұмыстар 5 жыл ішінде жасалды. 2001 жылдың аяғына қарай толығымен атқарылды. 1783 шақырым- 688 шекаралық таңба орнатылды: ҚР-346, ҚХР-342.
2002 жылдың 10 мамырында Пекинде Қ. Тоқаев мен Т. Цзянсюан Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасында Қазақ-Қытай мемлекеттік шекарасын демаркайиялау туралы Хаттамаға қол қойылды.
Қазақстан-Қырғыстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келдіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсан айына созылды. Келіссөздер 1997 жылдың 8 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикалары арасындағы Мәңгі достық туралы Шартқа, екі мемлекет арасындағы 1998 жылдың 17 шілдесінде Меморандумға негізделген.
Қазақстан мен Қырғыстан арасындағы шекара жөніндеге келісу мен шекара сызығын сипаттаудың құқықтық негізін 1930 жылдың 10 қыркүйегіндегі «Қазақ және Қырғыз АКСР арасындағы шекаралар туралы» Бүкілресейлік Орталық Атқарушы Комитеттің Жарлығымен белгіленген республикалық шекара конфигурайиясы құрады. Қосымша материалдар негізіне 20 ғасырдың 40-60 жылдары КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік геодезиялық бақылау аумақтың инспекцияларының геодезия және картография Бас Басқармасы бекіткен кезекші карталардың көшірмелері қолданылады [2, 34-43] .
Қырғыз делегациясы кейбір бөліктердегі мемлекеттік шекара сызығының өтуінде 1961 жылғы 30 наурыздағы «Қырғыз АКСР-нің облыстары мен аудандарының шекаралары мен мемлекеттік шекараны бекіту туралы» Қырғыз АКСР-нің Жоғарғы кеңес Президиумының Қаулысын және оған қосымша карталарды басшылыққа алуды талап етті. Қазақстан тарапы болса бұл құжатты басшылыққа алмаудың бірден бір себебі ретінде қаулының Қазақ АКСР-мен келісілмегенін және біржақты тәртіппен қабылданғанын көрсетті. Делегациялар шекараны белгілеу барысында қазіргі замандағы шекаралас жерлерді пайдалану жағдайын ескере отырып жасау керек деген ұсыныс жасайды. Осыған байланысты шекараны анықтау кезінде делегациялар бірнеше дала зерттеулерін жүргізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz