Поршенді сорғылардың бар конструкцияларына шолу және талдау, патенттік-техникалық шешімдер


Мазмұны
бет
Мазмұны: Кіріспе
бет: 2
Мазмұны: 1. Поршенді сорғылардың бар конструкцияларына шолу және талдау, патенттік-техникалық шешімдер
бет: 3-11
Мазмұны: 1. 1 Поршенді сорғылардың бар конструкцияларына шолу және талдау
бет: 3-5
Мазмұны: 1. 2 Патенттік-техникалық шешімдер
бет: 6-10
Мазмұны:

1. 3 Сорғының гидравликалық бөлігінің жалпы сипаттамасы және

қолдану аймақтары

бет: 11
Мазмұны: 2. Поршенді сорғының гидравликалық бөлігін жобалаудың негізі
бет: 12-21
Мазмұны: 2. 1 Сорғы цилиндрі мен құбыршасының негізгі өлшемдерін анықтау
бет: 12-14
Мазмұны: 2. 2 Цилиндрдің негізгі көрсеткіштерін анықтау.
бет: 14-15
Мазмұны: 2. 3 Сорғы құбырларының диаметрін анықтау.
бет: 15
Мазмұны: 2. 4 Клапандарды есептеу
бет: 15-16
Мазмұны: 2. 5 Діңгектің параметрлерін анықтау.
бет: 16
Мазмұны: 2. 6 Цилиндрдің қақпағының параметрлерін есептеу.
бет: 16-17
Мазмұны: 2. 7 Пневмокомпенсатордың параметрлерін қабылдау.
бет: 17-18
Мазмұны:

2. 8 Өнімділіктің орташа мәні

2. 9 Техника қауіпсіздігі

бет:

18-19

19

Мазмұны: 3. Сорғыны пайдаланғандағы өмір тіршілігі, өртке қарсы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау шаралары.
бет: 19-33
Мазмұны: 3. 1 Сорғыны пайдаланғандағы өмір тіршілігі қауіпсіздігі
бет: 19-26
Мазмұны: 3. 2 Сорғыны пайдаланғандағы өртке қарсы қауіпсіздік шаралары
бет: 26-28
Мазмұны: 3. 3 Қоршаған ортаны қорғау шаралары.
бет: 28-33
Мазмұны: Қорытынды
бет: 34
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
бет: 35

КІРІСПЕ

Сорғы - қозғалтқыштың жетекшi бiлiгiндегi механикалық энергияны жұмыc сұйығының қозғалыс ағынының энергиясына айналдырушы гидравликалық машинаны айтады. Гидравликалық жетектерде қолданылатын сорғыларға өте жоғары талаптар қойылады.

Сорғылар П. Ә. К. жоғары, ұзақ жұмыc iстey және пайдалану процесiнде сенiмдi болуы керек. Сорғының өнiмдiлiгiнiң реттеуi қарапайым құрылғылармен жүзеге асырылуы және жұмыc процесiнде энергияның жоғалуы минималды болуы шарт. Сорғының қайтымды болуы шарт немесе оны гидроқозғалтқыш есебiнде пайланылу мүмкіншілігі қарастрылуы қажет.

Сорғының салмағы мен габариттi өлшемдері кiшi әрі ықшам болуы керек. Үйкелетiн бөлiктерi жұмыc сұйығымен майлануы тиiс.

Машина құpacтыpy саласында гидрожетектердiң элементтерi мен бөлшектеріне арнайы талаптар қойылады, құрылыс және мелиоративтiк машиналардың гидрожетектерiн пайдалану ауыр режимдер, ұзақ жұмыстармен сипатталады.

Сонымен қaтap, құрылыс және мелиоративтiк машиналарды кез-келген жыл мезгiлiнде, әртүрлi климаттық жағдайларда пайдаланады, сол себептi барлық гидавликалық жабдықтаp коршаған ортаның кез-келген температурасында сенiмдi жұмыс aтқapy керек.

Гидравликалық жетектерде кеңiнен орын алған көлемдi сорғылар, онда сору камерасынан қуалау камерасына сұйыктың қозғалуы олардың жұмысшы құралдары арқылы ­ығыстырғыштардың көмегімен іске асырылады.

Сорғы ең негізгі керекті жерде қолданылады: сорғылы қондырғыда немесе айнымалы(системалы) су жеткізу құбырындағы сорғылы станция және канализацияларда ол ең негізгі бір түйіні болып табылады. Айналымдағы (системадағы) су жеткізу құбырының сорғысы керек ететін жерлерге су жіберуді қамтамасыз етеді, олар: өндірістік кәсіпорындар, жылу беру электростанциялары, орнықты жерлердегі тұрақты үй пәтерлері. Айналымды (системалы) жылытқыш және ыстық су жеткізу құбырының су сорғышты қондырғының көмегімен ыстық су айналымын орындайды. Айналымды (системалы) канализацияларда сорғы сұйық суды жіберетін жерден тазалайтын тазалағыш құралға немесе төмендегі аудандарға, тұрғын елді жерге, ең негізгісі қалада немесе аудандық колекторларға қамтамасыз етіледі. Сорғы құрылыс жүйесінің жетілісі барлық осындай прогрестік техникалық жүйелерде тығыз байланысты, яғни машина құрылыс жүйелерінде, гидродинамикада, химиялық өндірістерде, электр өндірістерінде.

Құрметті дәрежеге жеткізген бұл жүйелегі әр - түрлі түрдегі сорғының құрылысына мүмкіндік еткендер: арналған қыммен суды тартып таратуға ғана емес, сонымен азулы заттарды, сұйық металлдарды, қышқылы бар сұйықтарды және т. б. сұйықтар.

Осы уақыттағы Отандық өнеркәсіптер, зауыттар түрлі сорғылар шығарады: халықаралық елдердің шаруашылығына ең керекті, медицина техникасындағы жіңішке микро (мөлтек) сорғылардан бастап, содан арықтағы су айналымдағы өте үлкен өсті сорғылардан және электроэнергиядан бітеді.

1. ПОРШЕНДІ СОРҒЫЛАРДЫҢ БАР КОНСТРУКЦИЯЛАРЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ, ПАТЕНТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР

  1. Поршенді сорғылардың бар конструкцияларына шолу және талдау

Радиальді- поршендік гидромашина деп жұмысшы камералары цилидрлер мен поршендер жұмысшы беттерінен түзілген, ал поршень осьтері цилиндрлер блогының осіне перпендикуляр немесе одан 45 0 бұрыш жасап орналасқан роторлы поршеньдік гидромашинаны атайды.

Радиальді -поршеньдік гидромашиналар біліктің бір айналымындағы жұмыс жүрісінің сандары бойынша екіге бөлінеді

А) бір ретті әсерлі

Б) көп ретті әсерлі

Сорап статоры (корпус) роторға 2 қатысты эксцентриялы түрде орналасқан поршеньдері 3 бар ротор 2 цилиндрлер блогын құрайды. Айналып тұратын ротор ішінде қозғалатын поршеньдер мен цилиндлер бетімен түзілген, жұмысшы камера 4 орналасқан. цилидрлер осі бір жазықтықта орналасып, бір нүктеде қиылысады. Ол арқылы ротордың айналу осі өтеді . Сұйықтың таралуы қозғалмайтын камера түріндегі таратқышпен жүзеге асырылады. Ол таратқыш ішінде сорушы В және арынды қуыстары бар білік ротормен 2 қатаң байланысқан.

Бір ретті әсерлі радиалды-поршенді сорап сұлбасы

Ротор сағат тілінің жүру бағытында айналғанда поршеньдер күрделі қозғалыс жасайды, яғни ротормен бірге айналады және роторға қатысты ілгері кеиінді қозғалады. Поршендер серіппенің сұйықтық қысымы күшінен, және ортадан тепкіш күштердің әсерінен статордың ішкі бетімен үнемі қозғалмалы түйісуде болады.

Бұрылыс гидроқозғалтқыштары жұмысшы камералардың конструкциясы бойынша келесідей болып бөлінеді.

а) пластина тәрізді

б) поршендік

в) мембраналық

Пластиналық бұрылыс гидроқозғалтқыштары пластиналар саны бойынша бір, екі және үш пластиналы болып бөлінеді. Бір пластиналық гидроқозғалтқыш тұлғадан және білікпен қатаң қосылған пластинадан тұрады.

Гидроқозғалтқыш корпус пластина және капталды қақпақтар жұмыс беттерінен түзілген А және Б жұмыс камералары бар шибер фигуралық профиль бөлшегі түрінде орындалуы мүмкін.

Бұрылмалы сұйықтық қозғалысын жүзеге асыру үшін сұйықтық біресе А біресе Б жұмыс камераларына түсіп отырады.

Сораптың сипаттамасы деп сораптың сұйықтықты беру күшінің біліктің тұрақты айналу жилігіндегі айдау қысымына тәуелділігін атайды. Айдау қысымы Р н жоғарлаған кезде сораптың сұйықтықты беру күші Q н азаяды. Бұл құбылыс сораптағы көлемдік шығындардың ΔQ жоғарлауыман түсіндіріледі. ( 10-сурет)

Сораптың сипаттамасы

Аксиальдік роторлы -поршендік сораптардың әр түрлі конструкцияларының ішінде (асинхронды күштік карданы бар; қос күштік емес карданды; карданы жоқ, сфера немесе жазық капталды таратқышты, перьшендерде тірек башмактары бар, шатунсыз немесе көлбеу шайбалардың көмегімен поршеньдердің нүктелік жанасудағы) гидрожетекті құрылыс машиналар үшін сфералық таратқышты кардансыз түрдегі, реттелетін және реттелмейтін аксиялдік роторлы поршендік сораптар кеңінен қолданылады. Бұл сораптар үлкен ауырлық пен үлкен жиіліктер кезіндегі орта және ауыр жұмыс режимдері үшін арналған. Олар басқа сораптарға қарағанда, пульсация жасаушы және белгісі ауыспалы жүктемелерге орнықты және жұмыс сұйықтығының ластануына сезімталдығы төмен болып келеді.

Сфера түріндегі таратқышы бар, аксиалды - поршендік сораптың жетілдірілген тербелмелі түйіні

Конструкциясы жағынан ол келесідей түрде болып келеді. (5-сурет) сораптың жетекші білігі 1 үш подшипник арқылы айналады. Олардың екеуі бір қатарлы радиальді тіректі 13 ол біреуі бір қатарлы радиальді 14. подшипниктерді алдын ала тартып бекіту төлнемен запорный сақина арқылы бекітілетін -екі серіппелі сақина арқылы жүзеге асады. Тербелістегі ттіннің алдыңғы бөлігінде болат корпусқа бекітілген, 17 монтаждалған манжетасы бар қақпақ орнатылған.

Манжетаның ішкі беті шындалған төлкеге қарай тіреледі. Жетекші біліктің артқы бөлігі ернемек арқылы аяқталады. Ол ернемектің сфера тәрізді ұяшықтарына завальцованный поршендері бар жеті шатуы мен орталық шип орнатылған. Шатун мен орталық шип минимальді саңылауы бар, бекітілген пластина арқылы білік ернемегіне тығыз орналастырылған.

Штифті бар орталық шипке цилиндрлер блогы отырғызылған. Олар серіппелі шайбалары пакеті бар сфера түріндегі таратқышқа тығыз орнатылған. Орталық шип тіректері ретінде арнайы қоладан жасалған және таратқышқа престелген подшипникпен сфера түріндегі головка алынған.

Білікпен орталық шип осьтері тік сызықты құрайтын болса онда ол айналған кезде шитундар, поршеньдердің ішкі жағымен дөңгелене отырып, айналу моментін цилиндрлер блогына береді, бірақ поршеньдер бұл жағдайда ілгері -кейінді қозғалыс жасамайды және сору мен жұмыс сұйықтығын беру процесстері жүзеге аспайды.

Егер жетекші білік осі мен орталық шип осы және осыған сәйкес цилиндрлер блогының осі бұрыла жасайтын болса, онда поршеньдер ілгері кейінді қозғалыс жасайды. Сонымен бірге жұмыс сұйықтығының алынуы және таратқыш диск арналары арқылы арынды гидро жолға берілуі жүзеге асады.

Көлбеу блогы бар аксиалды-поршенді сорап (7- сурет) сорушы В және арынды гидроқұбырлармен өзара байланысқан екі орақ тәрізді канал бар, қозғалмайтын таратушы дисктен тұрады. Айналушы цилиндрлер блогының ішінде қозғалатын поршеньдермен цилиндр беттерімен түзілген жұмысшы камера 3 орналасқан. Поршеньдер жетек білігімен бірге айналатын, тіректі ернемегі бар 6 шатунмен шарнирлі қосылыста болып келеді.

Білік 7 мен 4 цилиндрлер блогы 2 өзі өсінен бірге айналған кезде поршеньдер 4 сол блокпен бірге айнала цилиндрлерге қатысты ілгері-кейінді қозғалыс жасайды.

Көлбеу дискісі бар аксиалды поршендік сорап сұлбасы

Көлбеу дискісі бар гидромашиналарда қозғалмайтын таратқыш диск болады (8-сурет) . Цилиндр блогы 2 мен жұмысшы камера 3 білікпен бір өсте байланысып, солармен бірге айналады, ал поршеньдер 4 қозғалмайтын көлбеу дискке тіреледі. Осының нәтижесінде ілгері кейінді қозғалыс жасайды. Сору циклі кезінде поршеньдердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін оларды сұйықтық қысымы мен немесе серіппелердің көмегімен көлбеу дискке ығыстыру қолданылады.

1. 2 Патенттік-техникалық шешімдер

Бір жақты әсерлі поршеньді сорғы

Патент номері: 2076950

Патент класы: F04B7/02, F04B53/10

Өтінім нөмірі:94015085/06

Өтінімді беру мерзімі: 25. 04. 1994 Жарияланған күні: 10. 04. 1997

Өтініш беруші: Ленин комсомолы атындағы Тюмень индустриалды институты.

Автор: Карачев А. С.

Патент иеленуші: Ленин комсомолы атындағы Тюмень индустриалды институты.

Өнертабыс бір жақты әсерлі поршеньді сорғылардың саласына кіреді және өзінің мақсаты ретінде тез жүрісті поршенді сорғы үшін серпімді каркасты клапанды жаңа клапанды қорап ойлап табу.

Өнертабыс аналогы ретінде бір жақты әсерлі үш поршеньді сорғы болып табылады. Сорғының жетекші бөлігі ілгері - кейінді қозғалыстағы поршеньдердегі жетекші шкифтің айналмалы қозғалысын іске қосады. Сорғының гидравликалық бөлігінде поршеньдерден сұйықтықтарға энергия беріледі. Сорғының гидравликалық бөлігінің негізі клапанды қорап болып табылады. Ол жұмыс камераларының жұмыс істеуіне, жұмысшы камераларға сұйықты жеткізу каналы ретінде, клапандарды орналастыру, бекіту және қалған гидравликалық бөліктегі элементтердің жұмыстарының іске қосылуына әсер тигізеді.

Сорғының құйылған клапанды қорабында конусты отырғызу беті бар тарелка секілді клапандар орналастырылған. Клапан ершіктен, нығыздаушымен бірге тарелкалардан, серіппеден тұрады. Клапандардың қанағаттанарлық сапасына негізгі көрсеткіштер ретінде сенімді нығыздалу, үздіксіз жұмыс істеу, ауыспалы режимде соққысыз ершікке отыру және минималды гидравликалық шығындар кіреді.

Аналогтың кемшілігі: клапанды қораптың қиын, ауыр құйылуы; клапанды қорапты механикалық өңдеуге және белгілеуге көп уақыт және қаражат кетеді; шайған кезде жуу сұйықтықтарды бұрғылау кезіндегі құрамында абразивті бөліктердің болуы клапандырдың қызмет мерзімі қысқарады. Кейбір жағдайларда олардың жұмыс істеу мерзімі 20-30 сағ қана болады; Клапанды дайындау қымбат болады, өйткені оның бөлшектерінің саны 20-ға дейін жетеді; тез жүрісті сорғылармен жұмыс істеуде тарелкалы клапандар сенімсіз болып келеді. Сурет 1 Бір жақты әсерлі поршеньді сорғы; сурет 2 ершіктегі иілмелі клапан; сурет 3 Орналасуы сақиналы арналар жабады.

1 - сурет 2 - сурет

3 - сурет

Сорғы тығынмен бірге сору құбырынан 1 тұрады. Құбырдың үстіңгі бөлігі клапанның беткі жағындағы қақпағынан өтеді және пісіру арқылы біріктіріледі. Құбырдың аяғына клапанды қораптың беткі жақтағы қалпағына келте құбыры ілінеді 4, ол сорушы клапандарға ершік қызметін атқарады. Әр клапанның астында дөңгелек орналасқан аралық тесіктер бар, олар сорушы құбыр 1 арқылы және клапан ершігі арқылы өтеді. Бұл тесіктер сорғыш клапандар астынан өтетін сұйықтықтар үшін өтпелі канал қызметін атқарады. Сұйықтық клапан астына келіп седлоны көтеріп оларды созады. Клапанды қораптың артқы жақтағы қалпағынан 9 пісіру арқылы біріктірілген және алдыңғы қабырғаға тіреліп тұратын темір сақиналы 2 цилиндр өтеді. Цилиндр аяғында клапан қорабына кіретін жақта келте құбыр ілінеді 5.

Әр клапанда келте құбыр және цилиндр арқылы өтетін дөңгелек аралық тесіктер болады. Бұлар сұйықтықтың айдау клапандары 6 арқылы цилиндрдан клапанды қорапқа өтуін қамтамасыз етеді. Клапанды қорап сорғыш клапандармен бірге алдыңғы қалпақтан, айдау клапандарынан және айдау құбырларының құбыр сақиналарынан тұратын артқы қалпақтан тұрады. Құбырлы сақина екі шеттегі қалпақты болттарды біріктіруге арналған екі шетте орналасқан фланецтен тұрады. Сорғының жетекші бөлігі ілгері -кейінді қозғалыстағы поршеньдердегі 11 жетекші шкифтің 14 айналмалы қозғалысын іске қосады.

Иілмелі клапан конструкциясына екі қосымша нығыздаушы сақиналы 15 резиналы қабықтан, резиналы қабықтың ішінде құйылған тұйық серіппе 18 бар, ол үлкен қысымда резинаны қысудың алдын алады. Клапан ішінде кесілген серіппелі сақина 17, және қосымша резиналы қабыққа 19 көмектесетін клапан ершігі бар. Иілмелі клапан конструкциясының минималды салмағы, клапандардың осьті орналасуы, клапанның қарапайым конструкциясы және т. б артықшылықтар оның құнын төмендетеді және жұмыс істеу сенімділігін арттырады. 45 o бұрыш конусы клапан тірек беті. Нақтылау үшін 3-суретте цилиндрдағы сақиналы каналдардың орналасу жері, клапан ершігі 20, цилиндр 21, сұйықтық өтетін канал 22, поясты клапан 23.

Сорғы мына ретте жұмыс істейді: сорғыш құбырдағы 1 сұйықтық сорғыш клапан 3 арқылы цилиндрге 10 келіп түседі. Цилиндр сорғыш құбыры сыйымдылығы арқылы сұйықтықпен толуы іске асады, және сұйықтықты шығарғанда сұйықтық айдау жолға айдалады.

Поршень қозғалысы сорушы клапандардан сиретілу тудырады содан кейін сұйықтық қабылдаушы сыйымдылықтан қысымның жетіспеуі әсерінен цилиндр астындағы қысыммен сорғыш құбыр арқылы 1 цилиндрға 10 барады, бұдан сорғыш клапанды 3 ашып, седлоны 4 созып және көтереді. Поршеннің қарама қарсы қозғалысы сұйықтықты цилиндрдан 10 клапанды қорапқа 8 айдау клапаны арқылы 6 оларды ершік үстінен созып және көтеріп итереді, себебі осы сәтте сорғыш клапандар 3 клапанның ішкі күштерінің әсерінен жабылады. Пісірілген құбырша клапанды қорапша иілмелі клапандарымен тез жүрісті жеңілдетілген бір жақты әсерлі поршеньді сорғылармен тұтқыр сұйықтықтарды және цемент ерітінділерін айдау кезінде қолданылады. Бір жақты әсерлі иілмелі каркасты клапанды сорғының пісірілген құбырша клапанды қорапшасы құйылған тарелкалы клапандармен клапанды қорапшасы алдында мынандай артықшылықтары бар: қорапша салмағы жеңіл және қарапайым конструкциялы; дайындау кезінде өте қарапайым технология және метал өңдеу станоктарсыз жасау; құны төмен; тұтқырлы және цементті ерітінділерді айдауға арналған тез жүрісті поршеньді сорғыларды жинақтауға жарамды; резиналы клапандар қолданыс кезінде дыбыссыз және дайындауда құны төмен; алдыңғы жақтағы қалпақты ашу кезінде сору және айдау клапандарын бірден көруге болады; клапанды қораптың ішіндегі гидравликалық шығын минимум.

Өнертабыс формуласы

Бір жақты әсерлі поршеньді сорғы, корпусты, жұмысшы цилиндр, сақина тәрізді орналасқан клапанды қорапша, бұл қорапшаның ерекшелігі бүтін созылған пісірілген құбырлардан, ал клапандары иілмелі миндалевидный серіппелерден және қосымша сақиналы түрдегі екі жақты нығыздаушыдан тұрады.

Поршеньді сорғы

Патент №: 128675

Автор: Болштянский Александр Павлович, Щерба Виктор Евгеньевич, Кужбанов Акан Каербаевич, Кузеева Диана Анатольевна, Прохоренко Андрей Леонидович, Носов Евгений Юрьевич

Патент иеленуші: Омбы мемелекеттік техникалық университеті

Жарияланған күні: Дүйсенбі, Мамыр 27, 2013

Бұл пайдалы модель үлкен көлемді машиналар қатарына кіреді және берілген сұйықтықтағы қысым тербелісінің болмауына жоғары талап қойылатын поршеньді сорғыларды жобалау кезінде қолданылады. Поршеньді сорғы П-пішінді штокты 3 дифференциалды поршеньді 2 цилиндрдан 1тұрады. Поршень 2 цилиндрді 1 үстіңгі поршеньді 4 және астыңғы поршеньді 5 газды қуыс 6 болатын қуысқа бөледі. Клапан 7 үстіңгі поршеньді 4 қуысты жұмысшы сұйықтық көзімен жалғайды, клапан 8 - қысылған сұйықтық қолданушымен канал 9 арқылы астыңғы поршеньді қуыс 5 арқылы. Поршеннің 2 ілгері - кейінді қозғалысы кезінде сұйықтықты клапан 7 арқылы сорып оны клапан 8 және канал 9 арқылы тұтынушыға айдайды. Поршень үстіңгі жақ жүрісінде кеңістікке канал арқылы айдау қысымымен сұйықтық беріледі. Қуыс көлемі 5 аз қуысқа 4 қарағанда және сұйықтықтың жартысы қуысқа 5 келіп түседі, ал жартысы тұтынушыға. Себебі поршеннің барлық қуысы айдау жолымен жалғанған, бұда орналасқан газ айдау қысымына дейін қысылып қуыс көлемін 6 алады. Бұл «газды поршень» бола тұра ол газды демпфер қызметін де атқарады. Газды демпфер сорғының біркелкі емес беру жүйесіндегі айдау жолындағы сұйықтық пульсацияларын реттейді. Негізінен газды демпфер осындай жағдайда цилиндр - поршеньді топтар көлемінде орналасады және конструкцияның қосымша көлемін алмайды, габариті төмен, материал сыйымдылығы мен бағасы аз болады.

Белгілі конструкциялар кемшіліктеріне олардың сорылып жатқан сұйықтық қысымының тербелісіне қарсы тұра алмауы. Осыған байланысты гидравликалық сорғылардың айдау жолында қосымша құрылғылар (мысалы, ауа қалпақтары) қоюға тура келеді, бұлар тербелістерді өшіруге көмектеседі, бірақ бұл сорғының конструкциясын қиындата түседі. Ал бұл пайдалы конструкция моделінің мақсаты сорғы конструкциясын жеңілдету болып саналады. Бұл техникалық нәтижеге газды қуыс штогында орналасқан П - пішінді поршень арқылы жетуге болады, және газды қуыс поршень түбінде орналасқан өзі қарсы қозғалысқа келетін клапан арқылы үстіңгі поршеньді қуыспен жалғанған.

128675-s2.jpg

Сурет 1

Поршеньді сорғы мына ретте жұмыс істейді.

Поршеннің 2 ілгері - кейінді қозғалысы кезінде сору жолында клапан 7 арқылы 10 сұйықтықты сору процесі жүреді және тұтынушыға клапан 8 және канал 9 арқылы айдау процесі болады. Поршеннің жоғары жүрісінде, клапан 8 ашық кезінде астыңғы поршень кеңістігіне 5 канал 9 арқылы айдау қысымымен сұйықтық беріледі. Осыған байланысты поршень жүрісі кезінде астыңғы поршень 5 қуысының көлемінің өзгеруі үстіңгі поршень 4 қуысының көлемінен аз, өйткені астыңғы поршень қуысында 5 шток орналасқандықтан сұйықтық жартысы қуысқа келіп түседі, ал жартысы айдау жолы 11 арқылы тұтынушыға келіп түседі. Себебі барлық поршень қуысы айдау жолымен 11 жалғанғандықтан ол жердегі газ айдау қысымына дейін қысылып «газды поршень» болып қуыс көлемін 6 алады. Поршеннің 2 астыңғы жаққа жүріс кезінде осы «газды поршень» қуыста 5 орналасқан сұйықтықты қысады және оны айдау жолына 11(клапан 8 жабық болуына байланысты) шығарады.

Өнертабыс формуласы

1. Поршеньді сорғы, цилиндрде орналастырылған штокты дифференциалды поршень және поршень цилиндрді астыңғы және үстіңгі поршеньді қуыстарға бөледі және өзі қозғалысқа келетін клапанмен бірге сұйықтықты бөлу жүйесінде бөледі. Бұл жүйеде үстіңгі поршеньді қуыс айдау клапаны астыңғы поршень қуысының көлемімен қосады, айырмашылығы поршеннің бойлай қимасы шток бойында орналасқан газды қуыс П - пішінді орындалған.

Поршеньді сорғы

Патент номері: 2257489

Өтінімді беру мерзімі: Сәрсенбі, 27 шілде, 2005

Жарияланған күні: Бейсенбі, 12 ақпан, 2004

Автор: Пугин А. М., Петраковский Д. В.

Патент иеленуші: Уфа мемлекеттік авиациялық техникалық университеті

Өнертабыс машина құрастыру саласына жатады және поршеньді сорғы ретінде пайлануға болады. Сорғы иілмелі қабықшамен қамтамасыз етілген поршеньді цилиндрдан тұрады. Поршень жұмыс камерасын екі камераға бөліп тұрады. Әр камерада өзінің сорушы және айдаушы магистралі болады. Поршень екі жақты сызықты асинхронды қозғалтқыштың қосалқы элементі болып табылады және ол мыс ендірмесі бар магнит өткізгіш материалдан жасалған. Сызықты асинхронды қозғалтқыш индукторы доға пішінді болады және олар цилиндр бойымен сыртқы жақта орналасқан.

Начало формы

Конец формы

http://www.fips.ru/rupatimage/0/2000000/2200000/2250000/2257000/2257489-s2.jpg

1 - сурет

Өнертабыс машина құрастыру саласына жатады және поршеньді сорғы ретінде пайлануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сораптың сипаттамасы
Ортадан тепкіш сорғыларды жөндеу жұмыстары
Бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігі
Қысым бойынша жіктелуі
Еңбек қорғау және техника қауіпсіздік шаралары
Бұрғылау сораптың құрылысы және жұмыс жасау принципі
Эо-4121 гидровликалық экскаваторы
“ВАКУУМДЫҚ ТЕХНИКА” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ҚҰРАЛЫН ЖАСАҚТАУ
Мұнайдың шығу тегі
Компрессорлық станцияның сипаттамасы және жұмысы. Мұнай айдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz