Ерітінділерді дайындау технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ерітінділерді дайындау технологиясы»
Орындаған: Пернеқұл Мәдина
ВМ - 206 топ
Тексерген: Тұржігітова Шырын
Алматы 2016 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
- Ерітінділер, еріткіштер дегеніміз не? Ерітінділер туралы жалпы ұғым.
- Ерітінділердің бөлінуі. Олардың қасиеттері.
- Ерітінділердің физикалық және химиялық теориясы.
ІІ. Негізгі бөлім
- Идеалды ерітінділер. Рауль заңы.
- Ерітінділер түрлері.
- Сулы ерітінділерді дайындау технологиясы
- Бейсу ерітінділерді дайындау технологиясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Дереккөздер
Кіріспе
Ерітінділер - инъекцияға, ішуге сыртқа қолдануға арналған, бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түрі.
Ерітінділер құрамына және қолдану тәсіліне қарай әртүрлі болады. Бұл тарауда ең алдымен нағыз ерітінділер қаралады. Нағыз ерітінділер бөлшектерінің диаметрі 1 ни-ден төмен, еріген заттары молекулаға немесе ионға дейін ыдыраған сұйық дисперсті жүйе. Нағыз ерітінділер бір фазалы, гомогенді жүйелер. Олар мөлдір, ультрафильтрден еркін өтетін және біртектілігін ұзақ уақыт аралығында сақтайтын сұйықтықтар.
Нағыз ерітінділер еріген зат пен еріткіш арасындағы байланыстың беріктігімен сипатталады.
Сулы ерітінділер салмақ - көлемдік тәсілмен дайындалады, яғни, дәрілік заттардың жазылған мөлшері салмақ бойынша (гармм), еріткіш - дистилденген су- көлемі бойынша (л) алынады.
Ерітінді негізгі әсер етуші (Basis) және форма түзгіш заттардан, яғни еріткіштен (Constituens) тұрады. Қарапайым ерітінді бір ғана ерітілген препараттан, ал күрделілер бірнеше ингридиенттерден тұрады.
Еріткіш есебінде әдетте дистильденген су (Aqua destillata), этил спирті (Spiritus acthylicus), глицерин (Glicerinum), вазелин майы (oleum Vaselinum) және де басқа сұйықтар мен майлар қолданылады.
Ерігіш зат пен еріткіш арасындағы арақатынас әртүрлі болуы мүмкін. Еріткіш мөлшері дәрілік затты толық ерітуге жететін болуы керек. Көзге тамызатын дәрілер үшін 5, 0-20, 0 ерітінді, тері асты инъекциялары үшін бір инъекцияға 1, 0-20, 0; тамырға енгізу үшін заттың фармакологиялық қасиеттерніне байланысты 5, 0-2000, 0, ал сыртқы ағзаларға қолдану үшін 10, 0 гарммнан бірнеше литрге дейін беріледі. Ерітінділер әртүрлі түсті болуы мүмкін және шөгіндісі боллмауы шарт. Сыртқы ағзаларға қолданылатын және ішкізуге арналған ерітінділер міндетті түрде стерильденеді.
Дәрілер технологиясы - бұл дәріні белгілі бір қалыпқа келтіре отырып дәрілік препаратқа айналдыруын теориялық негіздері мен өндірістік процестері жайлы ғылым. Дәрілер технологиясы фармацевтикалық ғылымдардың құрамды бөлімі. Дәрілердің технологиясының маңызы өте зор, өйкені дәрігерлердің емдеу құралдарының 90% дәрілік препараттан тұрады.
Заттардың
агрегаттық күйлеріне
байланысты ерітінділер былай бөлінеді:
Газ күйіндегі ерітінділер қатарына:
газдар қоспасы - ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады.
Сұйық ерітінділер
- сұйық бойында еріген қатты, сұйық, газ заттары, теңіз, мұхит сулары, бензин, керосин, бояулар және т. б. дүниеліктер.
Қатты ерітінділер түрі
- құймалар (болат, шойын) түрлі минералдар.
Табиғатта таза зат өте сирек кездеседі, көбісі қоспа, ерітінді түрінде ұшырасады.
Жан - жануарлар, өсімдік дүниеліктерінде орын алатын биохимиялық, физикалық және химиялық құбылыстар сұйық ерітінді түрінде өтеді.
Сұйық ерітінділер
- еріткіш бір немесе бірнеше затты еріту арқылы алынатын болғандықтан, бұлардың түзілу табиғатын талдау барысында екі түрлі көзқарас бар - физикалық және химиялық.
Ерітінділер
Қанықпаған Қаныққан Аса қаныққан
Қанықпаған ерітінді - еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын ерітінді.
Қанық ерітінді - белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.
Аса қанық ерітінді - сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді. Аса қанық ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық еріген зат тез кристалданады.
Сұйық ерітінді - еріген зат аз ерітінді.
Қою ерітінді - еріген зат көп ерітінді.
Концентрленген ерітінді - өте қою ерітінділер.
Кей заттар ерігенде олардың молекуласы иондарға ыдырайды, яғни диссоциацияланады. Электр тогын өткізетін болғандықтан, ондай заттардың ерітінділерін электролит ерітінділері деп атайды. Оған көптеген қышқылдар мен негіздер, әсіресе, тұздардың ерітінділері жатады. Керісінше, ерігенде молекулалары иондарға ыдырамайтын, сондықтан электр тогын өткізбейтін заттардың ерітінділері бейэлектролиттердің ерітінділері деп аталады. Ерітінділердің бетіндегі бу қысымы және оның қату температурасы таза еріткіштікке қарағанда төмендеу, ал қайнау температурасы жоғарылау болады. Сонымен қатар ерітінділерде осмос қысымы байқалады. Ерітінділердің бұл қасиеттерінің барлығы тек еріген заттың молекулалар санына ғана тәуелді. Олардың өзгерістері Вант-Гофф және Рауль заңдарымен сипатталады. Мысалы, ацетонның кез келген эфирдің немесе спирттің судағы концентрациялары бірдей ерітінділерінің осмос және бу қысымдарының салыстырмалы төмендеулері, қату температураларының төмендеуі, ал қайнау температураларының жоғарылауы бірдей болады. Бұдан кейбір ғалымдар: «Ерітінді түзілгенде еріткіш пен еріген зат арасында ешқандай әрекеттесулер болмайды, олар тек араласады» - деген қорытындыға келген. Сондықтан бұл қасиеттер ерітінділердің физикалық теориясына тәжірибелік негіз болған.
Ерітінділердің физикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ол теорияның негізін салушылар С. Аррениус пен Я - Вант-Гофф болды. Бұл теория еру процесі жай физикалық қоспа ретінде, еритін заттардың ұсақ бөлшектері еріткіш көлемін-де біркелкі таралған, олардың араларында ешбір әрекет бол-майтын орта сияқты ұғымда қарастырылады. Олай болса, бұл теория еритін зат пен еріткіш араларында ешбір химиялық әрекет жүрмейді деген пікірді теріске шығармайды. Жалпы физикалық теория ерітінділердің, қайнау температурасының жоғарлауы, қату температурасының төмендеуі, будың қысымы, осмостық қысым сияқты касиеттеріне сүйенді. Бұл шамалар ерітінділердің концентрациясына тәуелді де, еріген заттың табиғатына тәуелсіз. Сондықтан да бұл теория бойынша ерітінділер еріген заттардың күйі газ күйіндегі ерітінділер секілді болып келетін молекулалардың бірыңғай қоспасы.
Ерітінділердің химиялық теориясының негізін калаушы Д. И. Менделеев болды. Бертін келе, бұл теорияға И. А. Каблуков, Н. С. Курнаков сияқты әйгілі совет ғалымдары елеулі үлес қосып, оны жаңа деңгейге көтерді. Бұл теорияны бірінші тұжырымдаған Д. И. Менделеев күкірт кышқылының, этил спиртінің және басқа да қосылыстардың судағы ерітінділерін нақты, жан-жақты зерттеді. Мұның нәтижесінде ол, ерітіндідегі компоненттер арасында, яғни еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттер жүреді деген қорытынды шығарды. Мысалы, Менделеев күкірт қышқылының ерітінділерінде бірнеше гидраттардың түзілетінін анықтады. Ол сондай-ақ, еріткіш пен еритін зат молекулаларының арасындағы байланыс негізінен сутектік байланыс арқылы немесе ондағы қосылыстар құрамына енетін полюсті молекулалар араларындағы өзара электростатистикалық әрекеттесу салдарынан болатынын анықтады.
- . Идеалды ерітінділер. Рауль заңы.
Идеал ерітінді. Рауль заңы . Кез елген заттаы еріткенде еріткіш буының қысымы төмендейтінін көптеген тәжірибе көрсетті. Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі араларындағы байланысты Ф. Рауль ашқан. Оған дейінгі дейінгі оқымыстылар тек кышқылдар мен негіздердің, судағы ерітінділерін ғана зерттеп, онда кездесетін диссоциация сияқты, әлі табиғаты толық айқын емес кұбылыстарға келгенде, оны түсіндіре алмады. 1882 жылы Рауль отыздан астам органикалық қосылыстың судағы әр түрлі концентрациялы ерітінділерін зерттеп, олардың қату температураларын анықтайды. Қандай қосылыс болмасын, олардың бір молін 1 литр еріткішке (суда) еріткенде, осы ерітінділердің бәрінің қатаю температуралары бір шамаға, дәлірек айтқанда 1, 85°С-қа төмендейтінін байқайды. Бұл заңдылық еріген заттың табиғатына тәуелсіз болды. Ол судың орнына бензолды алып, оны да бір мольден бірнеше органикалық қосылыстарды ерітеді. Мұнда да құрылысы мен табиғатына тәуелсіз бірдей көлемдегі бензол бірдей мольдегі органикалық қосылыстарды еріткенде ерітінділердің қату температуралары бір шамаға ғана төмендеген. Мысалы: Рауль тәжірибесіндегі ерітінділердің бәрі де 5, 2°С-та қатқан, ал таза бензол 5, 5°С-та кристалданады. Сосын, Рауль 1886 жылы қату температурасынан кейін сусыз ерітінділердің бу қысымын анықтауға ауысады. Бұл, 1887 жылғы ғылыми баспада жарияланған тәжірибе нәтижесінде табылған.
Ал, егер Р° А - берілген температурадағы будын таза еріткіш үстіндегі (бетіндегі) қысымы десек, ал РА - осы температурадағы еріткіш буының ерітінді бетіндегі кысымы. Онда Рд - РА айырма-сы бу қысымының төмендеуіне тең.
(Р° А - Р А ) /Р О А - қатынасы берілген ерітінді үшін бу қысымының салыстырмалы төмендеуі. Рауль заңының тұжырымдалуына орай, ерітінді бетіндегі еріткіштің қысымының салыстырмалы төмендеуі, сұйықта еріген заттың мольдік үлесіне тең:
Бу қысымында салыстырмалы төмендеуі берілген ерітіндідегі еріген және оны еріткен заттардың табиғаты мен температурасына тәуелсіз. Еріген кездегі жылуы нөлге тең, яғни жылу бөлінбейтін және көлемі еріген және ерітетін компоненттер көлемдерінің қосындысына тең болатын ерітінділер үшін Рауль заңының дұрыстығы байқалады.
Кез келген температура мен концентрацияларда Рауль заңына бағынатын ерітінділерді идеал ерітінділер дейді. Идеал ерітіндіден басқалардың бәрі де Рауль заңынан шамалы болса да ауытқиды, алайда, бұл ауытқу ерітінді концентрациясы төмендеген сайын азаяды және ерітіндіні шексіз сұйылтқан кезде теңдеудің екі жағынан да 1-ді азайткандағы қатынас тұрақты температурада әркез орындалады.
2. 2. Ерітінділер түрлері
Ерітінділер Бейсу, Стандарт және Сулы ерітінділер деп бөлінеді.
Сулы ерітінділер (нағыз ерітінділер) - инъекцияға, ішуге, сыртқа қолдануға арналған, бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр.
Бейсу ерітінділер - құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрәләк түр. Еріткіш ретінде бейеу ерітінділерінде бейеу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т. б) қолданады. Бейеу еріткіштердің қолдануы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген.
Стандарт ерітінділер - белгілі (қышқыл, сілті, тұз, формальдегид және басқалар) стандартты фармакопеялық сұйықтар.
2. 3. Сулы ерітінділерді дайындау технологиясы
Сулы ерітінділердің технологиясы мынадай сатылардан тұрады:
- жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау;
- дәрілік заттарды еріту;
- сүзу немесе фильтрлеу;
- орамдау және босатуға безендіру;
- дайын өнімнің сапасын бағалау.
Жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау. Жұмыс орны 25. 03. 02 ж. ҚР ДСМ №9 бұйрығының №7, 8, 10 бөлімдеріне сәйкес дайындалады.
Өлшегіш құралдар, дәрілік заттар ерітуге арналған ыдыстар, босатуға арналған құты, араластыру үшін қолданылатын таяқша, тығындауыш құрал, негізгі және ескерту этикеткалары жұмыстың алдында дайындалады.
Дәрілік заттарды еріту. Еріту - ерітінді дайындаудың негізгі сатысы. Ерітілетін заттардың және еріткіштің қасиеттерін білу, бұл сатыны тез жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық заттардың физика-химиялық қасиеттерінің ішінде ең маңыздысы - олардың судағы немесе басқа еріткіштердегі еру қабілеті. Ол заттардың ерігіштігімен сипатталады. Ерігіштік берілген жағдайда қаныққан ерітіндінің концентрациясымен анықталады. Жиі ерігіштік 20 С температурада 100 мл еріткіште еритін, граммен берілген еріген заттың мөлшерімен белгіленеді.
Кейбір дәрілік заттар, ерігіштік қасиеті едәуір жоғары болғанымен, баяу ериді (мыс сульфаты, бор қышқылы) . Осыған ұқсас заттардың еруін жылдамдату үшін келесі амалдар: қыздыру, ерітетін затты алдын ала ұнтақтау және араластыру қолданылады. Қыздырған кезде кристалдық тордың беріктігі төмендейді, диффузия жылдамдығы артады, еріткіштердің тұтқырлығы төмендейді. Кейбір жағдайларда температураның жоғарылауы жағымсыз әсер көрсетеді: ұшқыш заттар жоғалуы мүмкін, ірі кристалды заттарды еріткен кезде алдын ала ұнтақтауды қажет етеді.
Күрделі ерітінділерді дайындаған кезде ерітуді, дәрілік заттың ерігіштік қасиетінің нашарлауын болдырмау үшін, аз мөлшерде жазылған немесе қиын еритін заттан бастайды.
Сүзу немесе фильтрлеу. Ерітіндіні дайындап болған соң, міндетті түрде көзге көрінетін бөлшектерден фильтрлеу немесе сүзу арқылы тазартады. Фильтрлеу үшін фильтр қағазы, асбест, шыны фильтр, ал сүзу үшін бос борпылдақ материалдар қолданылады.
Фильтрлеу - сұйық фазаны көзге көрінетін барлық бөлшектерден тазарту. Фильтрлеу жылдамдығы процесс жүрген кездегі қысымға, фильтрлеуші материалдардың саңылауының өлшемдеріне, сұйықтықтың тұтқырлығына және басқа факторларға байланысты.
Фильтрлерге қойылатын талаптар:
- фильтр материалдары белгілі бір мөлшерде берік болуы керек,
- жоғары өткізгіштік, бөлшектерді ұстап қалу әсерлігін қамтамасыз ететін құрылысы болуы керек;
- ерітіндіге талшықтар мен бөлшектерді бөліп шығармауы қажет;
- дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек;
- термиялық стерилизацияға төзімді болуы керек;
- қысымға, кернеуге төзімді болуы керек;
- биологиялық индиферентті болуы керек;
Фильтрлеуші материалдардың кемшіліктері:
- ісінеді;
- жеткілікті берік емес;
- теріс зарядталып, суда диссоциацияға ұшыраған кейбір заттардың иондарын адсорбциялауы мүмкін.
Орамдау, тығындау, безендіру және дайын өнімінің сапасын бағалау
Дайын ерітіндіні орамдау және тығындау ерітінділердің технологиясының соңғы кезеңдерінің бірі.
Сұйық дәрілік түрлерді босату үшін сыйымдылығы 30, 50, 100, 150, 250, 500 мл шыны құтылар қолданылады. Олар арнайы шыныдан жасалады.
Сурет 1. Ерітінділерді фильтрлеуге арналған АФРП аппараты
Құтыларды тығындау үшін резина, шыны, қабықты, полиэтилен тығындары қолданылады. Жиі қабықты, полиэтилен тығындары қолданылады.
Дайын ерітіндінің сапасын бағалау нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ерітіндінің мөлдірлігіне, түсіне, иісіне, дәміне, жалпы көлеміндегі ауытқуларына және т. б. көрсеткіштеріне көп көңіл бөлінеді.
Сулы ерітінділердің жеке технологиясындағы ерекшеліктер
- егер дәрілік заттың мөлшері 3%-ға дейін болса, онда тазартылған су мөлшерін рецептте қанша жазылса, сонша көлемде алу керек, себебі, ұнтақтың мөлшері оны еріткен кездегі ерітінді көлемінің өзгеруі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz