Жұмсақ дәрілік зат формалары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жұмсақ дәрілік зат формалары - теріге жағатын дәрінің бір түрі.Жұмсақ дәрілік заттар, малдың не жануардың жараланған жеріне тез арада жазылып кетуіне арналған дәрілер олар тек сыртқа қолдануға емес,сонымен қатар ішкі қолдануға арналған.

Жұмсақ дәрілік зат формаларының классификациясы:

• Жақпамайлар- теріге жараға немесе шырышты қабыққа жағуға арналған.
• Пасталар- құрамына 25 проценттен және одан да көп процент ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар.
• Суппозиториялар- бұл конус, цилиндр немесе сигар тәрізді тікішекке енгізу үшін тағайындалатын және дене ыстығының әсерімен еритін қатты дәрілік форма.
• Ботқалар- бұл қоюлық немесе жұмсақ қамыр тәріздес консистенциялы, ішке қолдануға арналған дәрілік зат форма. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды
• Сүртпе майлар- жұмсақ консистенциялы, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дәрілік форма. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сиыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма; ол майларды, жұққыш майларды, ланолин немесе вазелинді әсер ететін затпен араластыру арқылы алынады; оны бір жерге әсер ету мақсатымен сыртқа қолдану үшін ғана тағайындайды.

• Линименттер- бұл қоюлық, сұйықтық немесе іркілдек тәріздес, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған жұмсақ дәрілік зат формасы. . Олар жұққыш майларды сілтілердің судағы ертінділерімен немесе дәрілік заттардың сабынды – спирттік немесе сулы – сабынды ертінділерімен араластыру арқылы, сол сыяқты қатты майлар мен май тәрізді заттарды керекті еріткіште (хлороформда, скипидарда т.б.) еріту арқылы анықталады.


Ботқалар – electuaria. (Electuaria, Electuarium, Electuarii)
Ботқалар- бұл қоюлық немесе жұмсақ қамыр тәріздес консистенциялы, ішке қолдануға арналған дәрілік зат форма. Негізгі заттан басқа, ботқалардың құрамына оның дәмін жақсартатын және әсерін күшейтетін заттар кіруі мүмкін. Constituens ретінде: қызылмыя тамырының ұнтағы (pulvis radicis Glycyrrhizae), зығыр ұны (farina Lini), қарабидай ұны (farina secalina), жалбызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), бал (mel), сироп (sirupus), ақ саз (bolus alba), глинозем (argilla alba), су (aqua), майлар (olea) қолданылады. Ботқалар жануарларға көмекейіне қалақшамен салу арқылы немесе азықтандыру арқылы беріледі.
Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек.
I. Грецкий В.М., Хоменок В.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. М. 1991
II. Кондратьева Т.С. Технология лекарственных форм том 1,2, М. 1991
III. Мингилев В.П., Мухамбетов Д.Д. Основы общей рецептуры. Акмола 1996
IV. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М. 1966
V. Рабинович Практикум по фармакологии и общей рецептуре М. 1978
VI. Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен лабораториялық- жаттығу сабақтарын оқытуға арналған» Методикалық нұсқаулар А. 1991

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жұмсақ дәрілік зат формалары - теріге жағатын дәрінің бір түрі.Жұмсақ дәрілік заттар, малдың не жануардың жараланған жеріне тез арада жазылып кетуіне арналған дәрілер олар тек сыртқа қолдануға емес,сонымен қатар ішкі қолдануға арналған.

Жұмсақ дәрілік зат формаларының классификациясы:

* Жақпамайлар- теріге жараға немесе шырышты қабыққа жағуға арналған.
* Пасталар- құрамына 25 проценттен және одан да көп процент ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар.
* Суппозиториялар- бұл конус, цилиндр немесе сигар тәрізді тікішекке енгізу үшін тағайындалатын және дене ыстығының әсерімен еритін қатты дәрілік форма.
* Ботқалар- бұл қоюлық немесе жұмсақ қамыр тәріздес консистенциялы, ішке қолдануға арналған дәрілік зат форма. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды
* Сүртпе майлар- жұмсақ консистенциялы, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дәрілік форма. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сиыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма; ол майларды, жұққыш майларды, ланолин немесе вазелинді әсер ететін затпен араластыру арқылы алынады; оны бір жерге әсер ету мақсатымен сыртқа қолдану үшін ғана тағайындайды.

* Линименттер- бұл қоюлық, сұйықтық немесе іркілдек тәріздес, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған жұмсақ дәрілік зат формасы. . Олар жұққыш майларды сілтілердің судағы ертінділерімен немесе дәрілік заттардың сабынды - спирттік немесе сулы - сабынды ертінділерімен араластыру арқылы, сол сыяқты қатты майлар мен май тәрізді заттарды керекті еріткіште (хлороформда, скипидарда т.б.) еріту арқылы анықталады.

Ботқалар - electuaria. (Electuaria, Electuarium, Electuarii)
Ботқалар- бұл қоюлық немесе жұмсақ қамыр тәріздес консистенциялы, ішке қолдануға арналған дәрілік зат форма. Негізгі заттан басқа, ботқалардың құрамына оның дәмін жақсартатын және әсерін күшейтетін заттар кіруі мүмкін. Constituens ретінде: қызылмыя тамырының ұнтағы (pulvis radicis Glycyrrhizae), зығыр ұны (farina Lini), қарабидай ұны (farina secalina), жалбызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), бал (mel), сироп (sirupus), ақ саз (bolus alba), глинозем (argilla alba), су (aqua), майлар (olea) қолданылады. Ботқалар жануарларға көмекейіне қалақшамен салу арқылы немесе азықтандыру арқылы беріледі.
Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек.
Ботқаларды жазып бергенде формаға түзгіш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады. Ботқаларды жазып бергенде олардың құрамына кіретін барлық заттар тізіліп жазылады. Олар күрделі дозаланбаған рецепт бойынша жазылады (магистралдік әдіспен).


Ботқалар жасағанда төмендегі ережелерді басшылыққа алады:
1. Егер негізгі зат өсімдік тектес болса, форма құрағыш зат ретінде: шырыштардың (13) - (12) бөлегін, сироп пен балдың (12) - (34) бөлегін, майлардың 1 бөлегін алады.
2. Егер әсерлік негізі анорганикалық заттар немесе бальзам және жұққыш май болса, форма құрағыш зат ретінде, шырыштардың (12) -(13) бөлегін, өсімдік сірінділерінің (12) - (34) бөлегін, сироп және балдың 1 бөлегін алады.
Қоюлық дәрежесіне қарай ботқалар қою (electuria spissa) және қойыртпақ (electuria tenua s. mollia) болып екіге бөлінеді.
Ботқалар тұрақсыз дірілік формаға жатады. Олардың 1-3 күнге ғана даярлайды, глицерин қосып, оларды шіруден сақтайды. Ботқаларды салқын жерде сақтау керек. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек. Ботқалар дайындау. Алдымен ботқа құрамына кіретін ұнтақтарды араластырып, сонсоң сұйқылтым және сұйық заттарды қосып, оларды біркелкі қойыртпаққа айналдырғанша былғайды. Егер ботқа құрамына қою сірінділер кірсе, оларды сұйық заттармен араластырады, сонсоң бұл қоспаны өсімдік тамырларына қосады. Ботқаның құрамында еритін тұздар болса, оларды суда ерітеді немесе ұнтаққа айналдырады: тұтқыш заттар біртіндеп қана қосылады.
Ботқаларды дәріханада немесе іші айналдыра парафиндалған, жылтыр немесе құрғақ қағаз төселген коробкаларға салып жібереді. Ботқаларды жазып бергенде формаға құрағыш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады.

Сиырға:
Rp.: Extracti Aloёs 15,0 Rp.: Matrii svlfurici 2000,0
Pulveris rhizomatis Rhei 300,0 Pulveris radicis Althaeae et
Natrii hydrocarbonici 50,0 Aquae destillaeae q.s.
M. f. electuarium spissum D. S.
D.S.

Әсер ететін заттар ретінде сүртпе майлардың құрамына қатты, жұмсақ және сұйық препараттар кіруі мүмкін. Олардың мөлшері түрліше болуы ықтимал, бірақ ол алынған заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты.
1. Сілтілер мен ихтиол майлық негізге оның салмағының 50 процентіне тең етіліп қосылады.
2. Өсімдіктен алынатын және ерімейтін ұнтақ тәрізді басқа заттар, сондай-ақ еритін заттар, қою сірінділер, бальзамдар 25 процентке дейін қосылады.
3. Хлороформ, настойкалар, спирттер және басқа сұйық заттар 16 процентке дейін қосылады.
4. Эфирлі майлар, креозот, камфора, 10 процентке дейін қосылады.
Сүртпе майлар дайындау. Сүртпе майлар- жұмсақ консистенциялы тері немесе кілегейлі қабық бетінде тегіс біркелкі шілтір құрайтын, сыртқы мүшелерге қолдануға арналған дәрілік заттар.
Затты керекті мөлшерде өлшеп алып, келіге салады. Егер бұл ірі кристалдар болса, оларды ұсақ ұнтаққа айналдырғанша түйіп, аз ғана керекті еріткіш қосып, әбден ерігенше былғайды. Сонсоң қағазға керекті мөлшерде майлық негізді өлшеп алады да, оны кіші-гірім порциямен ступкаға салып біркелкі қойыртпақ пайда болғанша араластырады.
Қолайсыз иісін жою үшін кейде сүртпе майларға тежеулі мөлшерде - 5,0 майға 1-2 тамшы жұпар иісті эфирлік майлар және бальзамдар қосылады. Сүртпе майларды фарфор, шөлмек немесе саздан жасалған ыдысқа салып, жақсылап жуып құрғақ, салқын жәну қараңғы жерде сақтайды.
Сүртпе майларды былай жазады: официналдық майлардың құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық майлардың құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. unguentum формуласымен аяқтайды.
Егер магистральдық сүртпе майдың негізгі рецептіде көрсетілмесе, оны вазелинге қосып жасайды. Рецепт үлгілері: Сиырға:
Rp.: Unguenti Ichthyoli 10% -150,0 Rp.: Ichthyoli 15,0
D.S. Vaselini ad 150,0
M.f. unguentum
D.S.
(официналдық сүртпе май) (магистралдық сүртпе май)
Санау: 10 г - 100г Х = 10х150 :100; Х = 15 г.
Х г - 150 г


Домалақтар - globuli. Бұл формасы дөңгелек, сүйір немесе тіл тәрізді болып келетін суппозиториялардың бір түрі; қынапқа енгізу үшін тағайындалады. Домалақтардың салмағы 4,0-6,0. Олардың салмағы туралы рецептіде нұсқау жоқ болса, дәріханада олардың әрбіреуін 4,0-ға тең етіп дайындайды.
Домалақтар рецептіні M.f.globulus D.t.d.№ немесе M.f.globuli № D. S. формасымен аяқталады.

Дәрілік таяқшалар және буждар - bacilli s. stili және cereoli. Буждарды да суппозиторияларды дайындайтын заттардан жасайды, оларды тар тесіктерге (еркек малдың үрпі каналы, жара тесігі, жатыр мойны т.б.) шырақтар мен домалақшаларды қолданудаға мақсатпен енгізеді.
Рецепті жазғанда мұндай буждың ұзындығы мен диаметрін көрсету керек. Рецепт формасы: M. f. bacilli longitudine... cm, diametro...cm D. t. d. №...
Күйдіру үшін тағайындалатын дәрілік таяқшалар да (bacilli) бар. Олардың сыртқы формасы ағаш немесе қаз қауырсыны тәрізді сүйір ұшты қарындашқа ұқсайды. Таяқша формада көбінесе күйдіргіш заттар: Argentum nitricum fusum, Zincum chloratum, Cuprum sulfuricum, Cuprum aluminatum, Alumen қолданылады. Оларды әдейі қалыптарға құйып немесе қолдан жонып жасайды. Олардың барлығы официналдық дәрілер.

Рецепт үлгілері:
Сиырға:
Rp.: Iodoformii 0,4 немесе Rp.: Iodoformii 0,4
Butyri Cacao q.s. Butyri Cacao q.s
Ut. f. ceroli № 4 uf. F. cereolus Iongitudine
Iongitudine cm 5 cm. 5 diametro cm 0.7
diametro cm. 0.7 D. t. d. № 4
D.S. қынапқа енгізуге S. қынапқа енгізуге пайдаланылады.
пайдаланылады.

Rp.: Argenti nitrici 0,5
D.t.d. № 6 in bacillis
S. қынапқа енгізуге пайдаланылады.
Сүртпе майлар - unguenta. (Unquеnta, Unquentum, Unquenti.)
Сүртпе майлар - жұмсақ консистенциялы, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дәрілік форма. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сиыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма; ол майларды, жұққыш майларды, ланолин немесе вазелинді әсер ететін затпен араластыру арқылы алынады; оны бір жерге әсер ету мақсатымен сыртқа қолдану үшін ғана тағайындайды.
Сүртпе майлар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Constitens (форма түзгіш зат) ретінде: шошқа майы (Adeps suillus s. Axungia porcina), ланолин- қой жүнінің шуашы (оның екі түрі бар: сусыз - Lanolinum anhydricum және сулы ланонин - (Lanolinum hydricum), вазелин (оның да екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминдерді латын тілінде дәріптеу ережелері
Жұмсақ дәрілік заттар
Дәрілік формалардың классификациясы
Негізгі дәрілік қалыптар
Көздің дәрілік формалары
Дәрілік зат формалары
Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары
Жақпа майлар
Биологиялық активті заттарды полимерде иммобилизациялау
Таблеткалар туралы
Пәндер