Дәріхана және дәрілік заттар


Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Дәріхана және дәрілік заттар
2. 2. Қайнатпа дайындау технологиясы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Дәріхана , Аптека - дәрі-дәрмек дайындайтын және сататын мекеме немесе аурухана бөлімшесі[1] . Ең алғашқы дәріхана 754 жылы Бағдатта ашылған. Қазақстанда тұңғыш Дәріхана - 1842 ж. Орал қаласында ашылған. [2]
Дәріхана - тұрғындарға дәрігердің рецепті бойынша дәрі әзірлейтін не дайын фармацевтика өнімдерін беретін мекеме. Онда рецептісіз сатылатын дәрі-дәрмектер, науқасты үйде күтуге қажетті заттар да болады. 1932 ж. облысы дәріхана басқармасы құрылып, 1933 ж. тұңғыш дәріхана ашылды. Ұлы Отан соғысы кезінде облыста 7 дәріхана, 25 дәріхана пункті жұмыс істеді. 60 жылдары дәріхана саны 60-қа жетті.
Дәрілік зат - бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.
Қатты түрдегі дәрілік формаларға: таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.
Сұйық түрдегі дәрілік формаларға: ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.
Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға: майлар, паста мен ем балауыздар жатады.
ҚАЙНАТПА - медицинада - дәрі-дәрмектің сұйық түрі. Оларды дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентратты суда еріту немесе су моншасымен қыздыра отырып сумен экстракциялауарқылы алады. Қайнатпаны сұйық дәрі ретінде ішеді (жүрек, бауыр, бүйрек, т. б. ауырғанда) және денеге шыққан жараны жуып, шаю үшін пайдаланады. Қайнатпаны дайындау үшін өсімдіктердің жапырақтары мен, гүлдерінің ірілігі 5 мм, сабағы, қабығы, тамыры мен тамыршаларын 3 мм, жемістері мен тұқымдарын 0, 5 мм-дей, ал қабаты қалың өсімдік жапырақтарын 1 мм-ден артық болмайтындай етіп ұсақтайды. Ұсақталған өсімдік шикізатын фарфор, эмаль немесе тотықпайтын металдан жасалған ыдысқа салып, үстіне салқын (бөлме темп-расындағы) су құйып, ыдыстың қақпағын жауып, оны қайнап тұрған су моншасында 30 мин қыздырады. Алынған қайнатпа суығаннан кейін (10 мин-тай) сүзіліп, ыдыста қалған өсімдік шикізаты арнайытүтікше үстінде (воронка) сығылады. Сұйықтықтың көлемі рецептте көрсетілген көлемге жеткенше таза қайнаған су қосады. Қайнатпаны экстракт концентратты еріту арқылы дайындайтын болса, онда экстракт концентрат мөлшерін рецептте көрсетілген өсімдік шикізатының мөлшеріне тең етіп алады. Егер рецептте дәрілік шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда өсімдік шикізатының 10 салмақ бөлігінен 100 көлем бөлік қайнатпа дайындалады. Күшті әсер ететін дәрілік өсімдік шикізаттарынан қайнатпаны тек дәрігер жасаған рецепт бойынша дайындайды. Жанаргүл, меруертгүл, мекет, шүйгін шөп, т. б. өсімдіктер тамыры мен тамыршасынан Қайнатпаны 1:30 қатысында дайындайды. Сироптар, тұндырмалар және сұйық экстракттар алдын ала дайындалған Қайнатпаға қосылады. Құрамында алколоидтар болатын өсімдік шикізатынан Қайнатпаны дайындағанда, оған лимон, шарап немесе сутек хлор қышқылын қосады. Қышқыл мөлшері өсімдік шикізатының құрамындағы алколоидтың салмақ мөлшеріне байланысты қосылады. Емдік мақсатта жаңа дайындалған Қайнатпаны пайдаланады. Оны қолданар алдында шайқайды және салқын жерде сақтайды.
Қайнатпалар - латынша decoctа. (Decocta, Decoctum, Decocti)
Бұл настой сыяқты дәрілік форма, олардың айырмашылығы мынада: қайнатындылар жасау үшін өсімдіктердің құрлысы жөнінде ірі бөліктері (тамырлар, түбіршілер, қабық, ағаш сүрегі) алынады. Қайнатынды түрінде қайнағанда ажырамайтын және ұшып кетпейтін заттар алынады. Қайнатынды дайындау үшін өсімдік материалына салқын су қосып, сулы немесе булы моншада 30 минут бойы тұндырып, ыстық күйінде сүзеді. Бұдан әрі жүргізілетін процесс настой жасағандағыдай болады.
Егер рецептіде қайнатынды жасау үшін қанша материал алу керектігі көрсетілмесе, оны 1: 10 концентрацияда жасайды, ал теңіз жуасының ұрықтары, валериана түбіршесі, қастауыштар, сенага түбірі үшін 1:30; күшті әсер ететін заттар үшін 1: 400 концентрациясында дайындайды. Қайнатынды жазбалары настойка жазбасымен бірдей.
Кейбір тарихи деректерде қайнатпалар адам баласы пайда болғаннан және дамый бастағанан бастап келе жатыр деп пайымдайды. Әсіресе өсімдіктердің, гүлдердің, ағаштардың емдік қасиетіне зор мән берген. Көптеген ғасырлар бойы қайнатпалардың түрлері де, дайындау технологиясы да қалыптаса бастады. Қазіргі таңда көптеген ауруларды емдеу үшін табиғи өсімдіктерден қайнатпалар дайындап ішеді. Қайнатпалардың сіңірілуіні ұзақ, бірақ емдік қасиетіде ұзақ уақыт бойы сақталады. Терапиялықта көмегі бар, қақырық пен зәр айдағыш қасиеті бар. Қайнатпалар аурға жерді тез басушы, тыныштандырғыш және қабынуға қарсы әсері бар. Көптеген қайнатпаларды организмін тазартуға, нығайтуға және қалыпқа келтіру үшін ішеді. Мұндай табиғи «сорпалар»адамның ағзасын, жалпы жағдайын жақсартады. Аурудың алдын алуға және денедегі инфекцияларды тез шығаруға көмектеседі.
1:10
Рецепт үлгілері:
Rp. : Decocti corticis Quercus 50, 0 - 500, 0
Creolini 5, 0
M. D. S. жылқыға 2 рет қабылдау үшін
1:30
Rp. :Decoctae Herbae Adonidis Vemalis 6, 0-180ml
D. S. 1 қасықтан күніне 4 рет
1:400
Rp. :Decoctae secalis cornuti-0, 4-160
D. S. Күніне 1 реттен
Қайнатпаны дайындаудың екі тәсілі бар: ыстықтай және салқындай.
1-тәсіл.
Қайнатпа дайындағанда ұсақталған өсімдікті қайнап тұрған суға салып 15-30 минут баяу отта қайнатады (немесе 30 минут жиі араластырып тұрып буға қайнатуға да болады), сосын 30-60 минут тұндырып сүзгіден өткізеді. Булаудың орнына ыстық пеш пайдалануға да болады, бірақ дәрілік қоспаның қайнап кетпеуін қадағалау керек.
2-тәсіл.
Мынадай әдісті қолдануға да болады: ұнтақталған дәрілік шөпке бөлме температурасына дейін салқындатылған қайнаған су құйып, 5-7 сағат тұндырып, сонан соң 10-15 минут қайнатады немесе 30 минут булайды.
Ыстықтай дайындау тәсілі
Суықтай дайындау тәсілі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz