Дәрілік формалар классификациясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Фармацевтикалық технология - дәрілік заттарды белгілі бір дәрілік формаға келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылым.

Фармацевтикалық технология фармацевтикалық ғылымның негізгі бөлігі болып табылады, ал ол дәрілік заттардың және препараттардың өндірісі, қасиеттері, сонымен қатар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және маркетинг туралы ғылым жүйесін құрайды.

Фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттері:

  • жаңа дәрілік субстанциялар және препараттар өндірісінің әдістерін және де технологиялық негіздерін әзірлеу;
  • қазіргі дәрілік препараттарды әбден жетілдіру;
  • дәрі өндірісіндегі жаңа қосалқы заттарды іздеу, зерттеу және қолдану;
  • дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай дайындалған өнімдердің және басқа өнімдердің тұрақтылығын зерттеу және жарамдылық мерзімін белгілеу;
  • технологиялық процестің тиімділігін зерттеу;

Фармация - дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми бiлiмдер және тәжірбиелік қызмет жүйесі.

Дәрілік заттар өндірісі - дәрілік заттардың сапасын бақылаудың федералді органмен бекітілген, дәрілік заттар өндірісін және сапасын бақылауын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, дәрілік заттарды өндіру лицензиясы бар кәсіпорын - жасап шығарушылармен дәрілік заттарды сериялы алу.

Дәрілік заттар - биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар.

Дәрілік формалар классификациясы.

Қазіргі кезде дәрілік формалардың классификациясының төрт түрін қолданады: агрегаттық күйі бойынша, қолдану тәсіліне немесе дозалау әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсіліне байланысты, дисперсологиялық

Қатты дәрілік формалардың классификациясы:

  • Таблеткалар
  • Драже
  • Гранулалар
  • Ұнтақтар
  • Жинақтар
  • Спансулдар
  • Дәрілік карандаштар

Жұмсақ дәрілік формалардың классификациясы:

  • Жақпамайлар
  • Пластыри
  • Суппозиториялар
  • Пилюли

Сұйық дәрілік формалар:

  • Ерітінділер
  • Суспензиялар
  • Эмульсиялар
  • Тұнбалар
  • Линиметтер
  • Дәрілік сироптар
  • Экстракттар

Газтәрізді дәрілік формалар:

  • Аэрозольдер

Қолдану тәсілі немес дозалау әдісі бойынша классификациясы:

  • Дозаланған (ұнтақтар, ерітінділер)
  • Дозаланбағандар (жақпамайлар, ванналарға арнлған ұнтақтар, присыпкалар)

Ағзаға енгізу жолдары мен тәсілдеріне байланысты дәрілік формалардың классификациясы

  • Энтеральды
  • Параентеральды

Дисперсологиялық классификация.

Негізгі бөлім .

Ұнтақтар - Pulveres

Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма. Ұнтақтардың артықшылғы мен кемшіліктері бар:

Ұнтақтар қолданудың тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған, сыртқы қолдануға арналған (ұнтақ, иiс, үрлеу үшiн) деп жіктеледі.

Құрамы бойынша: қарапайым, күрделі.

Мөлшерлеу сипаты бойынша: бөлінбеген және бөлінген.

Жаздыру тәсiлi бойынша: орналастырушы, бөлінген.

Ұнтақтау . Бұл кезеңнің мақсаты - бөлшектердiң мөлшерін кiшiрейтуi және олардың санының үлкейту арқылы бiртекті ұнтақ қоспаны алу. Демек, дәрiлік заттар ұсақтарының артуымен терапевтикалық тиімділіктің жоғарлауы ұнтақталудың әр кезде қабат бетінің үлкеюуі мен еркін бет энегриясының жоғарлауымен түсіндіріледі: ∆F = ∆S σ, мұндағы ∆F - еркiн бет энергиясының өзгеруі, ∆S - бет ауданының өзгеруi, σ - беттiк керiлiс.

Елеу. Елеудiң мақсаты - бөлшектер мөлшерi бiрдей өнiмді алу.

Араластыру . Араластыру кезеңінің мақсаты - бiркелкi ұнтақ қоспасын алуы.

ГФ XI нұсқауына сәйкес барлық ұнтақтар массасына 0, 05-тен кіші улы, қатты әсер ететін заттар жазылса, онда олардың тритуациясы, яғни индифференті заттар қоспасын (1:10 немесе 1:100) пайдалану қажет.

Оңай шаңдалатын заттары бар ұнтақтар. Көлемдік массасы аз оңай шаңдалатын заттар үккішкке соңғы уақытта қосылады.

Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Бояғыш заттары бар ұнтақтарды дайындау арнайы белгіленген үстелде жүргізіледі, сонымен қоса оларға арнайы үккіштер мен таразылар бөлінеді.

Қиын ұнтақталатын затттары бар ұнтақтар

Қиын ұнтақталатын затттар екі топқа бөлінеді:

  1. Камфора, ментол, тимол, фенилсалицилат, йод.
  2. Бор қышқылы, натрий тетрабораты, салицил қышқылы, стрептоцид.

Экстракциалы ұнтақтар. Өсiмдiк экстрактiлерін құрғақ, қою және сұйық деп ажыратады.

Сұйық препараттары бар ( эфир майлары, тұнырмалар, сұйық экстрактілер) ұнтақтар.

Ұнтақтардың мөлшерлеуi 2 тәсiлмен жүргізіледі: 1 ) масса бойынша; 2 ) көлем бойынша.

Масса бойынша мөлшерлеу - дәлірек және негізгі тәсіл. Қол таразыларының

Ұнтақтарды қаптау және рәсiмдеу . Егер қаптаманың түрі рецептте көрсетiлмесе, онда ұнтақтарды қағаз капсулалар түрінде шығарған жөн.

Зауыт жағдайларындағы ұнтақтар өндiрiсi де, дәріханаларда дайындалатын операциялардан тұрады.

  • Ұнтақталу. 4. Елеу.
  • Салқындаумен ұнтақталу.
  • Араластыру.

http://i2.wp.com/glubinnaya.ru/wp-content/uploads/2014/05/getImage4.jpg?resize=600%2C400

Таблеткалар - tabuletta.

Таблеткалар - дәрілік заттарды немесе дәрілік және қосалқы заттардың қоспасын престеу немесе формалау арқылы алынатын, ішке немесе сыртқа қолдануға арналған қатты, дозаланған дәрілік форма.

Таблеткалардың классификациясы

  1. Өндіру әдісі бойынша:
  • Престеу
  • Тритурациялық
  1. Қолдану бойынша:
  • Пероральдық
  • Сублингвальдық
  • Имплантациялық
  • Инъекциялық ерітінділерді экстемпоральдық дайындау үшін таблеткалар.
  • Шаю, спринцевалау және басқа ерітінділерді дайындау үшін таблеткалар.
  • Арнайы тағайындалған таблеткалар

Таблеткаларға қойылатын негізгі талаптар:

  • Дозалау дәлдігі
  • Беріктілік
  • Ыдырау
  • Ерігіштігі

Бұл талаптарға таблеткалардың сәйкес болуы үшін таблеттеленетін ұнтақтар (грануляттар) белгілі технологиялық қасиеттерге ие болуы керек.

  1. Фракциялық (гранулометрлік) құрамы.
  2. Себілмелі тығыздығы (масса) . Ұнтақ көлемінің бірлік массасы. Килограммның кубтық метрге қатынасымен сипатталады (кг/м3) . Ол технологиялық көрсеткіштердің қатарын есептеу үшін қолданылады.

а) Вибрациялық тығыздалудың коэффиценті(К v )

б) Салыстырмалы тығыздықты себілмелі тығыздығының материалдың тығыздығына (нағыз) қатынасымен пайызбен есептейді.

  1. Сусылмалылығы (ақыштығы) - комплекстік параметр, үздіксіз тұрақты ағынды түзе отырып, материалдың сыйымдылықтан, өзінің ауырлық күші әсерінен себілу қабілеттілігін сипаттайды.

Сусылмалылықты негізінен 2 параметр сипаттайды: себілу жылдамдығы және құламаның бұрышы.

  1. Ылғалқұрамдылық (ылғалдылық) - ұнтақта (гранулятта) ылғалдың проценттік құрамы.
  2. Ұнтақтардың престелуі - бұл қысым астында өзара тартылу және тіркеу қабілеттілігі.
  3. Матрицадан таблеткаларды итеру күші.

Дәрілік ұнтақты материалдарды престеу әдісі қатты фазада материалдарды қосу процесіне жатады ("суық сварка") . Престеудің барлық процестерін схемалық түрде 3 стадияға бөлуге болады. Бұл стадиялар өзарабайланысты, бірақ әрбіреуінде бір - бірінен өзгешеленетін механикалық процестер өтеді.

Бірінші стадияда бос орындарды толтыру арқасында деформациясыз бөлшектердің жақындауы және тығыздалуы жүреді. Екінші стадияда ұнтақ бөлшектерінің серпімді, пластикалық және морттық деформациясы пайда болады, олардың өзара сырғанауы және тұтастық (компактты) дененің түзілуі жүреді, бұл дене механикалық берікті болады. Үшінші стадияда түзілген тұтастық дененің көлемдік сығылуы жүреді.

Таблеткалау үшін арналған қосалқы заттардың негізгі топтары

Барлық қосалқы заттарды тағайындалуы бойынша бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. Толтырғыштар (сұйылтқыштар)
  2. Байланыстырғыш заттар
  3. Қопсытқыштар
  4. Сырғанатын және майлайтын (антифрикциялық және антиадегезиялық) заттар
  5. Бояғыштар
  6. Корригенттер

Таблеткалар алудың үш технологиялық схемасы кең таралған: ылғалды, құрғақ гранулдауды және тура престеуді қолдану арқылы.

Технологиялық процесс келесі сатылардан тұрады:

  1. Дәрілік және қосалқы заттарды дайындау.
  • салмағын өлшеу;
  • ұсақтау;
  • елеу;
  1. Ұнтақтарды араластыру.
  2. Гранулдау (тура престеу кезінде сатысы болмайды) .
  3. Престеу.
  4. Таблеткаларды қабықшамен жабу (саты болмау мүмкін) .
  5. Сапаны сынау.
  6. Орама, маркировка.

Таблеткалар жабыны (қабықшасы) дәрілік форманың құрылымдық элементі болып екі негізгі функцияны атқарады: қорғаныш және терапевтикалық.

Биологиялық сұйықтықтарда ерігіштігіне байланысты таблеткалардың жабынын төрт топқа бөледі: суда еритіндер, асқазанда еритіндер, ішекте еритіндер және ерімейтіндер. Әр түрлі жабынды таблеткалардан заттардың босатылу құрамы және механизмі оқу құралдарында сипатталған.

Құрылыс және жағу әдісі бойынша таблеткалы жабындарды үш топтарға бөледі:

  • Драждалған (қантты) ;
  • Қабықшалы;
  • Престелген.

Драждалған жабындар. "Қантты" қабықшамен дәстүрлі (тестовка операциясымен) және суспензиялық әдістермен жағады.

Қабықшалы жабындар. Қабықша түзгіш ерітіндіден таблеткаларға жұқа қорғаныш қабықшаны жағу еріткішті жою арқылы мүмкін:

  1. дражды қазанда қабатты себу арқылы,
  2. немесе псевдоқысу қабатында,
  3. немесе ядроларды қабықша түзгіш ерітіндіге батыру ортадан тепкінш күш аймағында жүреді, жылытқыштар тоғында кептіру арқылы таблеткалардың еркін құлауы.

Престелген жабындардың артықшылықтары:

  • процестің толық автоматтандырылығы;
  • жағудың тездігі;
  • ядроға температура және еріткіш әсерлерінің жоқтығы.

Престелген жабындардың кемшіліктері:

  • жоғары кеуектілігі, сондықтан төмен ылғалқорғаныштығы;
  • бракты деорталық және жабынның қалыңдығы бойынша регенерациялау қиындығы.

Таблеткалар

http://arscity.ru/wp-content/uploads/2013/02/tabletki_6410.jpg

Тритурация

http://www.melissa.net.ua/files/images/_________.jpg

Тритурация

Тритурациялық таблеткалар деп ылғалданған массаларды арнайы формаға ысқылау, кейін кептіру арқылы формаланатын таблеткалар.

Таблеткалар сапасының барлық көрсеткіштерін шартты түрде физикалық,

химиялық және бактериологиялық деп бөледі.

Таблеткалар сапасының физикалық көрсеткіштеріне жатады:

  • геометриялық
  • физикалық
  • сыртқы түрі
  • механикалық қосылыстардың жоқтығы.

Таблеткалар сапасының химиялық көрсеткіштеріне жатады:

  • химиялық құрамының тұрақтылығы
  • ерігіштігі және ыдыраулығы;
  • дәрілік заттардың активтілігінің фармокологиялық көрсеткіштері

Таблеткалар сапасының бактериологиялық көрсеткіштеріне жатады:

  • залалсыздығы
  • ішекті тобының микрофлорасының жоқтығы;
  • сапрофиттермен және саңырауқұлақтармен шектеулі жиналуы.

Таблеттеленетін формаларды жетілдірудің негізгі жолдары келесі бағыттардан тұрады:

  1. Дәрілік заттарды тура престеу.
  2. Таблеттеленетін формалардың түрлерін кеңейту

Таблеткаларды бақылауды және өндірісін автоматтау

Драже - Drage

Драже - қант шәрбатын қолданып, инертті тасымалдағыштың микробөліктеріне активті әсер ететін заттарды қабатпен жағу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік форма.

Драже (Dragee) - ішке қабылдауға арналған дозаланған қатты дәрілік форма, қант грануласына (крупка) дәрілік және қосалқы заттарды көпретті қабаттандыру арқылы алынады.

Дражеге негізгі талаптар (олар - стандарттаудың көрсеткіштері болып табылады) :

  1. Сыртқы түрі бойынша: дұрыс шар тәрізді, тегіс, түзу бетті формалар.
  2. Орташа массасы 0, 1-ден 1, 0 г-ға дейін массалар дәлдігі ±10%.
  3. «Таблеткалар» жалпы басылымы бойынша «Еру» тесттің қажеттілігі.
  4. 30 минутқа дейін ыдыраулығы.
  5. Дәрілік заттардың құрамы - жеке ФБ бойынша.
  6. Дозалаудың біртектілігі.

Алынудың принциптері (драже технологиясы) : дражеқайнатқыш қазанда қант грануласына дәрілік және қосалқы заттар қоспасын қабаттандыру.

Негізгі сатылардың қысқаша сипаттамасы:

І. Дайындау. Қажетті операциялар:

1) қантты гранулаларды (крупкалар) фракционирлеу.

2) ылғалдандыратын ерітінділерді немесе суспензияларды дайындау (шәрбаттарды немесе қаймақ түзгіш суспензияларды дайындайды) .

3) себу үшін заттарды ұсақтау және елеу (қант опасы, ұн, магний карбонаты, тальк) .

ІІ. Қабаттандыру (үш негізгі операциялардан тұрады, көпретті қайталанады) :

  • ылғалдандыру;
  • себу;
  • кептіру.

ІІІ. Глянцовка - балауыз - май қоспасымен домалақтау.

IV. Бөлшектеп өлшеу және орама

Драже

http://wiki-turizm.ru/public/images/50/45bc60f05f.jpg

http://dic.academic.ru/pictures/wiki/files/75/Kapseln.JPG

Капсула.

Капсула-қабықшапен қапталған дәрілік заттан тұратын дозаланған дәрілік форма.

Желатинді капсуланы 2 түрге бөледі:

1. Қатты, бір-бірінде оңай кигізілетін корпус және қақпақтан тұрады.

2. Жұмсақ, тұтас қабықшадан тұрады.

Қатты капсулалар сусымалы ұнтақ тәрізді және гранулаланған заттарды дозалауға арналған. Жұмсақ желатинді капсулалар әдетте олар сыйымдылығы 1, 5 мл-ге дейін болатын жартылай сфералы түпті жұмыртқа тәрізді, сфералы, ұзынша формалы болып келеді.

Капсулаларды алу бірнеше сатылардан тұрады:

1. Желатинді массаны дайындау

2. Капсулаларды формирирлеу

3. Толтыру

4. Қабықшалармен жабу

5. Сапасын бағалау

Капсула стандартизациясын ГФ ХІ шығарылу, 2 басылымға сәйкес келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: орташа массасы, дозалаудың біртектілігі,

ыдырауы және ерігіштігі.

Орташа массаны анықтау үшін 20 ашылмаған капсула өлшейді, бір капсуланың орташа массасын анықтайды. Сосын әр капсуланы бөлек өлшейді және орташа массадан ауытқуды есептейді ( + 10% дан жоғары болмау керек) .

Капсулаларды ашады, ішіндегілерін жояды. Дәрілік заттардан босатылған жұмсақ капсулаларды ұшқыш еріткіштермен шаяды және кептіреді. Сосын әр қабықшаны өлшейді және орташа массаны анықтайды. Массадан ауытқу + 10% дан жоғары болмау керек.

Дозалаудың біртектілігіне тексеруді«Дәрілер» мақаласына немесе жеке мақала көрсеткішіне сәйкес 0, 05 г және одан кем емес дәрілік заты бар капсула үшін жүргізеді.

Ыдырауын анықтауды 3к «Дәрілер» мақаласына сәйкес «тербелмелі» корзинка приборында жүргізеді. Егер жеке мақалаларда басқа көрсеткіштер болмасы, онда ыдыраушылық 20 минуттан жоғары болмау керек.

Капсуланың еруі «Дәрілер» мақаласына сәйкес анықталады немесе жеке мақалалар көрсеткіштері бойынша «тербелмелі» корзинка приборында жүргізеді.

Сандық анықтау және басқа да көрсеткіштер жеке мақалалар көрсеткіштерімен анықталады.

Капсуланы орау үшін шыны немесе пластмассалы флакондарды, банкаларды қолданылады. Сонымен қатар ПВХ тен жасалған контурлы ұяшықты орамалар, алюминийлі фолгамен терможелімді.

Капсулалар тағайындалған жарамдылық мерзімі кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ететін шарттарда сақталуы керек (салқын орындарда) .

Жиынтық дәрілік заттар - Species.

  • Вертеринария саласында қолданылатын дәрілік өсімдітердің әр түрлі бөліктерінен (жапырақтары, гүлдері, дәндері, тамыры, тамырсабақтары, жемістері, т. б) құралған жиынтық - жиынтық дәрілік зат деп аталады.
  • Жиынтық дәрілік заттардың қолайлылығы - дәрі жасауға пайдаланылатын шикі заттың оңай табылуында және жасалу әдісінің қарапайымдылығында.

Жиынтық дәрілік заттар дайындау үшін белгіленген мөлшерде өсімдік бөлігі өлшеп алынады да, сонан соң ол ұсақталып, араластырылады. Оларды тұнба, қайнатпа жасау арқылы немесе құрғақ түрінде пайдалынылады.

Болюстер - Bolus.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік зат формалары
Негізгі дәрілік қалыптар
Дәрілік формалардың классификациясы
Драже дайындау технологиясы
Сұйық дәрілік формалардың классификациясы
Көздің дәрiлік формаларын дәрiхана және өнеркәсiптiк өндiрiстiң жағдайларда дайындау
Таблеткалар туралы
Полимерлердің медицинадағы рөлі
Жақпа майлар
Таблеткалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz