Микстураларды дайындау технологиясы және дәріханалық рецептуралық қағидалары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Клиникалық ветеренариялық медицина кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: МИКСТУРАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тексерген: Тұржігітова. Ш

Орындаған: Избасар. Ж ВМ-206

АЛМАТЫ

2016 ЖЫЛ

Жоспары:

1. Кіріспе . . .

2. Микстуралар туралы түсінік . . .

3. Микстуралар даярлау . . .

Микстураларды дайындау технологиясы

Микстуралар - mixturа - микстуры

Атау септігінде - mixturа, ал ілік септігінде - mixturае

Кіріспе

Сұйық дәрілік түрлерді дайындау ҚР ДСМ 15 желтоқсан 2004 жылғы №142 «Дәрілік құралдарды дайындау ережелері туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сұйық дәрілік формалар былай бөлінеді:

1) Тысқы қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

2) Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер,

3) Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.

Ішкі қолданыстағы сұйық дәрілік формалар микстура (лат. mixturae - «араластыру») деп аталады. Мұнда дисперсиялық орта болып тек су ғана болып келеді.

Микстура екі ингредиенттен құралады:

1. Қатқыл дисперсия тез отыратын және ішу алдында шайқалатын болады. Дәріханалық тәжірибеде оларды шайқалмалы микстура дейди mixturae agitandae (от лат. agito - «шайқау») .

2. Жұқа ерітінділерді тұнбалы микстура деп атайды - mixturae turbidae (от лат. turbidus - «бұлдыр») .

Микстуралар ас (15 мл), десерт (10 мл) және шай қасықпен (5 мл) мөлшерленеді. Ішуге арналған ерітінділерді 5-15 мл немесе шамалы суда араластырып ішуге тамшылармен белгілейді. Тысқы қолданыстағы сұйық дәрілік формаларды шаюға, тартуға, сылауға жазып береді. Олардың құрамында судан басқа этанол, глицерин, әртүрлы майлар және басқа да сұйықтықтар болуы мүмкін.

Микстуралар - бірнеше дәрілік зат ерітінділерінен немесе қоспасынан тұратын күрделі, сұйық дәрілік зат формасы. Еріткіш есебінде әдетте әртүрлі сулар, тұнбалар, шырышты заттар, эмульсиялар, шырынды және тағы басқа заттар қолданылады. Микстуралар - (латынша miske - араластыр) физикалық қасиеттері мен құрамына байланысты мөлдір немесе нағыз микстура және опалесцентті немесе суспензиялық (тұнба түзетін) микстуралар болып екіге бөлінеді.

1. Нағыз немес мөлдір микстуралар - екі және одан да көп заттардың судағы ерітіндісі.

2. Опалесцентті немесе суспензиялық (тұнба түзетін) микстуралар - нағыз микстура мен күрделі дәрілік заттардың, препараттардың (экстрактілер, тұнбалар, жағагалендік препараттар тағы басқа) қоспасы.

Тұнба түзетін микстураларды әдетте қандай да бір дәрілік өсімдік ұнтағын, суда еритін немесе тіптен ерімейтін заттарды сумен араластыру арқылы алады. Опалесцентті немесе суспензиялық (тұнба түзетін) микстуралар ішке ішуге қолданылады, ал мөлдір микстураларды ерітінді есебінде қолданады. Микстуралар - ерігіш заттарды еріткіштерде еріту арқылы, ал еру қасиеті төмен немесе ерімейтін заттарды фарфор тостағаншаларда еріткіштерде мейілінше араластыру арқылы алынады. Алдымен аз ғана мөлшерде еріткіш (су) зат алынады, сонан соң абайлап, алдымен ерігіштігі жоғары, сонан соң ерігіштігі төмен, ең соңынан ерімейтін заттар қосылады. Өсімдік бөліктері және суда ерімейтін органикалық заттар алдына ала ұнтақталынады.

Микстуралар рецепте мына тәртіппен жазылады:

  • алдымен құрамдас зат атаулары, сонан соң еріткіш заттар және әрбір заттан кейін көлемі және салмағы беріледі. Микстуралар қасықпен немесе стақанмен (4, 0 - 250, 0) мөлшерленіп беріледі.

Рецептік мысалдар

Итке:

Rp. : Ammonii chloridi 2, 0

Pulveris radicis Althaeae 3, 0

Aguae communis 150, 0

M. f mixture

D. S күніне 1 ас қасықпен 3 рет ішкізу керек

Микстуралардың сапасын, ерітінділердің көрсеткіштері бойынша бағалайды.

Дәріхана микстура жазылған рецепт келіп түскенде, келесі шараларды жүргізу керек:

  • рецептің дұрыс жазылғандығын тексеру;
  • рецептегі ингридиенттердің сыйымдылығын анықтау;
  • микстура көлемін анықтау;
  • ішке қолданатын микстурадағы «А» және «Б» тізіміне жататын дәрілік заттардың дозасын тексеру;
  • құрғақ заттардың мөлшерін есептеу;
  • еріткіш көлемін есептеу;
  • бақылау паспортын жазу;
  • технологиясының тиімді вариантын таңдау;
  • орамдау, босатуға безендіру;

Микстуралар - mixturae. Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады.

Микстуралар даярлау ертінділер даярлаумен бірдей, олардың айырмашылығы мынада: ертінділер сүзіледі, ал микстуралар сүзілмейді. Аз мөлшерлі еріткіште оңай еритін затты ерітіп, сонсоң нашар еритін және ерімейтін заттарды біртіндеп қосады. Егер микстураның құрамына күшті әсер ететін заттар кірсе, оларды ең алдымен ерітеді. Әдетте шөлмек ыдысқа салып, ал ерімейтін заттар кездессе, ступкаға салып ерітеді. Микстура құрамына кіретін өсімдік ұнтақтарын жақсылап ұнтап, сонан соң еріткішке қосады. Спирттік тұндырмаларды сумен араластырғанда әуелі оларды суға қосу керек: тұнба пайда болатындықтан, керісінше жасауға болмайды. Микстуралардың құрамына тұндырмалар, шырыштар, глицерин, сироптар кірген жағдайда, бұларды алдымен тұндырмалармен араластырады, сонсоң мұндай қоспаны біртіндеп суға, немесе сулы ертінділерге қосады.

Ішуге қолданылатын микстуралар мен ерітінділер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйық дәрілік формалардың технологиясы: микстураларды дайындау және бюреткалық жүйені қолдану
Ұнтақтар мен пилюлдердің дәріханалық технологиясы, талаптары және дайындау әдістері
Микстураларды концентрлі ерітінділермен және құрғақ заттарды еріту арқылы дайындау технологиясы
Дәріханалық ұнтақтар мен бейсу ерітінділерінің рецептурасы, технологиясы және сапасын бағалау
Шоколад өндірісінің технологиясы: шикізат, рецептуралық есептеулер және техно-химиялық бақылау
Фармацевтік гомеопатия: міндеттері, препараттар түрлері, негізгі және қосымша заттар, рецептуралық ережелер
Суппозиторийлер: анықтамасы, негіздері, дайындау технологиясы және сапаны бағалау
Ашытылған қамырдан ірімшікпен бәліш дайындау технологиясы
Жалпы рецептура: рецепт құрылымы, рецептуралық бланкілер және дәрілік заттарды тағайындау мен дозалау ережелері
Линименттер: жіктелуі, дайындау технологиясы және сапасын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz