Суспензияларды дайындау техналогиясы



I. Кіріспе
1. Сұйық дәрілік заттар;
2. Суспензияға жалпы түсінік;
3. Сұйық дәрілік заттарды дайындау ережелері;
II. Негізгі бөлім
Суспензияларды дайындау техналогиясы
1. Суспензияны қораптау және хаттау;
2. Суспензияны алу әдістері;
3. Суспензиялар дайындаудың кейбір ерекшеліктері;
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет
Дәрілік заттар формасы қатты, сұйық және жұмсақ болып келеді.
Сұйық дәрілік заттарға ерітінділер, эмульсиялар, тұнбалар, суспензиялар, қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, қоспалар, сұйық майлы дәрілер(линименттер) жатады.
Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі.
Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:
1) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;
2) Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;
3) Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.);
4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;
5) Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары;
6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың;
7) Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.
Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:
1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;
2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі – 3 тәуліктен аспайды.
3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;
4) Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.
Сонымен, сұйық дәрілік формалар қазір кең қолданылатын дәрілік форма. Өзінің жоғары сапасына қарай сұйық дәрілер келешекте де жаңа дәрі-дәрмектер шығаруда кең қолданылады деп ойлаймыз.
Сұйық дәрілік формаларды сақтауға қиын болғанмен олардың шығарылуы азайған жоқ, сондықтан дәрілік технологияда сұйық дәрілік формаларды зерттеу өте маңызды болып келеді.
1. «Дәрілік түрлерін дайындау технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Семей 2012
2. http://ansya.ru/health/azastan-respublikasini-bilim-jne-ilim-ministirligi-v3/pg-6.html
3. http://sirius.ssmu.kz/fs/_14/12/19/5493e044cc78f.DOC
4. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М. 1966
5. Фармакология, №6 зертханалық сабақ. Шырындар. Хош иісті сулар, суспензия және эмульсия дайындау техналогиясы
6. Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен лабораториялық- жаттығу сабақтарын оқытуға арналған» Методикалық нұсқаулар А. 1991

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Суспензияларды дайындау техналогиясы
Жоспар
I. Кіріспе
1. Сұйық дәрілік заттар;
2. Суспензияға жалпы түсінік;
3. Сұйық дәрілік заттарды дайындау ережелері;
II. Негізгі бөлім
Суспензияларды дайындау техналогиясы
1. Суспензияны қораптау және хаттау;
2. Суспензияны алу әдістері;
3. Суспензиялар дайындаудың кейбір ерекшеліктері;
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Дәрілік заттар формасы қатты, сұйық және жұмсақ болып келеді.
Сұйық дәрілік заттарға ерітінділер, эмульсиялар, тұнбалар, суспензиялар, қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, қоспалар, сұйық майлы дәрілер(линименттер) жатады.
Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі.
Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:
1) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;
2) Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;
3) Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.);
4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;
5) Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары;
6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың;
7) Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.
Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:
1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;
2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі - 3 тәуліктен аспайды.
3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;
4) Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.
Сонымен, сұйық дәрілік формалар қазір кең қолданылатын дәрілік форма. Өзінің жоғары сапасына қарай сұйық дәрілер келешекте де жаңа дәрі-дәрмектер шығаруда кең қолданылады деп ойлаймыз.
Сұйық дәрілік формаларды сақтауға қиын болғанмен олардың шығарылуы азайған жоқ, сондықтан дәрілік технологияда сұйық дәрілік формаларды зерттеу өте маңызды болып келеді.
Суспензия - suspensia - бір-біріне қосылмайтын, араласпайтын сұйық пен қатты, дәрілердің дисперсиялық жүйесі. (1 сурет) Суспензияларды ішуге, сыртқа және егуге (бұлшықетке немесе дене қуысына) қолданады.
Суспензияны рецепте дәрілік түрдің атынан ілік септігінде, жекеше түрде Suspensions деп бастайды, әрі қарай дәрінің аты ілік септігінде, суспнезияның мөлшері немесе концентрациясы, жалпы көлемі көрсетіледіде Da.Signa деп жазылады.
Сигнатурада суспензияның бір рет қолдану мөлшерін, бір рет қолдану жиілігін көрсетіп және " қолданар алдында шайқау керек "деп жазу керек.
Мысалы: 100мл 0,5%гидрокартизон суспензиясын жазып бер.Көзге 2 тамщыдан күніне
1 сурет
4рет тамызуды белгіле.
RP.Suspensionis Hydrocortisoni 05%-10ml
Da.Signa

Суспензия -- қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік орта-да таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкмг10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәре-жесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмен-дейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін мик-роскоп, электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седимен-тациялық анализ көмегімен анықтауға болады.
Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділер тәрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір болып көрінеді. Оның электрокинетикалық қасиеттері коллоидты ерітіндінікіне ұқсас келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дзета-по-тенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға электролит енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруга болады. Мұнда тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.
Суспензиялардың табиғаттағы алар орны ерекше. Айталық гео-логиядағы және жер қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен байланысты: седиментациялық құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың пайда болуы, әзен сулары арнасы-нан асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды балшық пен құмды, қоқысты сыртқа шығарады және олар қоюлана келіп, қатты дене-ге айналады. Сол сияқты суспензиялар техникада да үлкен роль атқарады. Мысалы, табиғи не синтетикалық каучуктен резина алу үшін әуелі күкірттің каучуктегі суспензиясын дайындау керек; түр-лі құрылыс және баспа бояулары олифа майында не органикалық еріткіштерде тұрақталған суспензия. Ал құрылыста жиі қолданы-латын цемент пен ізбестің судағы "ерітінділері" де суспензия; саз балшықтын судағы суспензиясы керамика өндірісінін, негізгі шикі-заты.

Сұйық дәрілік заттарды дайындау ережелері
Сұйық дәрілік түрлерді дайындауда, сондай-ақ тазартылған су мен инъекцияға арналған суды алғанда, сақтағанда және жұмыс орнына бергенде, дәріханада қолданыстағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 25 наурыздағы N 9 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1818 тіркелген "Дәріханалық ұйымдардың құрылғылары, жабдықтары және пайдаланудың" санитарлық ережелері мен нормалардың талаптары сақталуға тиіс.

Асептикалық жағдайларда:
1) инъекция мен инфузияға арналған ерітінділер;
2) қуыстарға толтыруға арналған құрамында микроағзалар жоқ ирригациялық ерітінділер;
3) жаңа туғандар мен бір жасқа толмаған балаларға арналған сұйық дәрілік түрлер;
4) құрамында антибиотиктер мен басқа да микробқа қарсы заттар бар, сондай-ақ жарақаттар мен күйген жерлерге жағуға арналған сұйық дәрілік түрдегі препараттар;
5) көз тамшылары, суландыру мен сулауға арналған офтальмологиялық ерітінділер;
6) концентрациялық ерітінділер (оның ішінде гомеопатикалық ерітінділер);
7) дәріханаішілік дайындаулар түріндегі сұйық дәрілік түрлер дайындалады.
Дайындау, дайындаудан кейінгі сатысындағы және дәріханадан босатылу кезіндегі сұйық дәрілік түрлерге дәріханаішілік бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Ерітінділер мен басқа да сұйық дәрілік түрлер: салмағы, көлемі бойынша салмақтық-көлемдік тәсілдермен дайындалады. Қолданымдағы МФ сұйық дәрілік түрлерді дайындаудағы негізгі салмақтық-көлемдік тәсіл ретінде қабылданған.
Дайындалу тәсіліне байланысты сұйық дәрілік түрдегі дәрілік заттар құрамы: салмағы, көлемі бойынша салмақтық-көлемдік концентрацияда айқындалады.
Көлемдік концентрацияда рецептте шартты атаумен жазылып берілген түрлі концентрациядағы спирт ерітінділері, хлорлы сутегі қышқылдары мен стандартты ерітінділер дайындалады (осы Ереженің 18-тармағының 1) және 3)-тармақшалары);
Көлемі бойынша: инъекцияға арналған тазартылған суды, дәрілік заттардың судағы ерітінділерін (оның ішінде қант шырынын), галендік және жаңа галендік дәрілік заттарды (тұнбаларды, сұйық экстракттарды, адонизидті және басқаларын) мөлшерлейді.
Егер рецептте жазбаша берілетін және салмағы бойынша мөлшерленетін сұйықтықтың көлемін немесе керісінше рецептте жазбаша берілетін және көлемі бойынша мөлшерленетін сұйықтықтың салмағын анықтау қажет болса, олардың тығыздық мәні осы Ереженің 1, 2-қосымшаларына сәйкес қолданылады.
Егер жазбада ерітінді көрсетілмесе, сулы ерітінді дайындалады. Айрықша нұсқаулар болмаған жағдайда "су" деген атауды тазартылған су ретінде түсіну керек.
"Спирт" деген атауды этил спирті ретінде түсіну керек. Спирт концентрациясы туралы нұсқаулар (рецептте немесе тиісті нормативтік құжатта) болмаған жағдайда 90% спирт қолданылуы керек.
"Эфир" деген атауды медициналық эфир ретінде түсіну керек.
"Глицерин" деген атауды құрамында 10-16% су бар, тығыздығы 1,223-1,233 гсм 3 глицерин ретінде түсіну керек.
Құрамында кристалданған су молекулалары бар заттардың судағы ерітіндісін дайындағанда, кристалданған судың құрамын есепке ала отырып, дәрілік заттың көлемін есептеп шығару ол жазбалар қатарымен және сандық анықтау тәсілімен реттелетін жағдайда қолданымдағы МФ-ға немесе басқа нормативтік құжаттарға сай жүргізіледі.
Күшті гигроскопиялық заттар концентрацияланған ерітінділер түріндегі сұйық дәрілік түрлерді (мысалы, кальций хлоридін, калий ацетатын) дайындау үшін қолданылады.
Жалпы көлем дәрілік түрдің сапасын бақылау кезінде ескеріледі.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындау: алдын ала дайындалып, концентрацияланған дәрілік заттардың (концентраттардың) МЕМстандартқа сәйкес қалыпталған бюреткалық қондырғылары мен өлшегіш ыдыстарын қолдануға, сондай-ақ дайындаудың белгілі бір ережелерін сақтауға негізделген.
Фармацевтік өндірістер мен кәсіпорындар шығаратын құрамы мен технологиясы жөніндегі нормативтік құжаттары бар сұйықтықтар (меновазин, йодтың спирттік ерітіндісі және басқалары), сол құжаттамаларға және осы Ережелердің 3 қосымшасы 2-тарауы 20-тармағына сәйкес нұсқауларға сай дайындалуы мүмкін.
Сұйық дәрілік түрді дайындағаннан кейін рецепт жазбасында көрсетілген жалпы көлем мен салмақтан ауытқушылық қолданымдағы нормативтік құжатта белгіленген ауытқушылыққа жол берілетін нормадан аспауға тиіс.
Бірнеше қатты заттарды еріту жолымен сұйық дәрілік түрді дайындағанда, олардың жиынтық құрамы 3% және одан көп болса ғана жалпы көлемнің өзгеруі есепке алынады.
Дайындаудың жалпы ережелері, дәрілік заттарды еріту мен араластыру реті.
Сулы дисперсиялық ортада сұйық дәрілік түрді дайындағанда, бірінші кезекте судың есептелген (инъекция үшін тазартылған немесе хош иісті) көлемін өлшеп бөліп алады, оған ерігіштігі және олардың өзара әрекеттесу ықтималдығы ескеріле отырып, қатты дәрілік заттар мен қосалқы заттар рет-ретімен ерітіледі.
Өлшеніп алған су көлемінде есірткі, психотроптық заттар мен улы заттар мен прекурсорлар алдымен ерітіледі, одан кейін рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттар, одан әрі қарай ерігіштігі ескеріле отырып, қалған басқалары ерітіледі.
Орташа аз немесе баяу еритін заттардың ерігіштігін арттыру үшін оларды алдын ала уатады, ал қажет болғанда дайындау процесінде физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, ерітінділерді қыздырады және араластырады.
Өте аз ерігіш немесе мүлдем ерімейтін заттардың ерітіндісін дайындағанда, жоғарыда аталған операциялардан басқа ерігіш туындылар алу (кешен түзу, ерігіш тұздар түзу) операцияларын және нормативтік құжаттамаға сәйкес солюбилизацияны қолданады.
Дайындалған ерітіндіні материалы заттың физикалық-химиялық қасиеттері мен ерітіндінің тағайындалуы ескеріліп таңдалған сүзгі арқылы өткізеді.
Қатты дәрілік заттар дәрілік түр құрамына қатты затты ерітіп және ерітіндіні сүзгіден өткізгеннен кейін осы Ережелердің 4-7 қосымшасына сәйкес алдын ала дайындалған концентрациялық ерітінділер түрінде енгізілуі мүмкін.
Егер дәрілік түр құрамына басқа сұйық дәрілік заттар енетін болса, оларды сулы ерітіндіге мынадай ретпен қосады:
1) ұшпа емес сулы және иісі жоқ сұйықтықтар;
2) сумен араласатын өзге ұшпа немесе сұйықтықтар;
3) сулы ұшпа сұйықтықтар;
4) оның концентрациясының өсуіне қарай құрамында спирт бар сұйықтықтар (осы Ережелердің 8 қосымшасына сәйкес);
5) ұшпа және иісі бар сұйықтықтар.
Әртүрлі сұйықтықтарды араластырған кезде олардың белгілі бір тізімге жатқызылатыны, ерігіштігі мен сумен еру қабілеті ескерілуге тиіс.
Ерітіндіні тұтқыр және ұшпа ерітінділерде дайындағанда, тікелей босатылуға арналған құрғақ сауытта дәрілік затты немесе затты, қосалқы затты мөлшерлейді, одан кейін еріткіштің салмағын анықтайды (спиртті өлшейді). Тұтқыр еріткіштерді (глицеринді, майды) қолданғанда, дәрілік заттың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, қыздыруды пайдаланады. Спиртте немесе хлорформда еріткенде тек қажеттілік болғанда және сақтық шараларын ескере отырып қыздырады.
Құрамында ұшпа заттар бар ерітінділерді 40-45 [о][ ]С-дан аспайтын температурада қыздырады. Құрамында эфир мен оның спиртпен қоспасы бар сұйықтықтарды қыздырмайды.
Ерітінділерді еріткіштің тұтқырлығы мен ұшпалылығын ескере отырып, таңдап алынған материал арқылы булануға байланысты шығындарды азайту үшін сақтық шараларын сақтай отырып, құрғақ сүзгі материал арқылы өткізеді.

Негізгі бөлім

Суспензиялар - бұл дисперстік фазасы 10-5см-ден үлкен өлшемді қатты заттың бөлшектері, ал дисперсиялық ортасы - сұйықтық болып келетін дисперсиялық жүйелер.

Суспензияларды шартты түрде бөлшек сияқты белгілейді: бөлімінде ортаның агрегаттық күйі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суспензиялық ерітінді
Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.
Араластыру фазасы
Кәсіптік білім беруде білім білік және дағдыны бақылау
Рамалық сүзгі прессі
Драже дайындау технологиясы
Газдарды тазалау әдістері
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Газдарды сығу және алмастыру (Компрессорлы машиналар)
Құйынды шайқауыш
Пәндер