Тұнба туралы түсінік


ЖОСПАР:
- Кіріспе. Тұнба туралы түсінік
- Тұнба ликвидациясының әдістері.
- Тұнбаны құрғату.
- Пайдаланылған әдебиеттер
Тұнба - реакция нәтижесінде бір немесе бірнеше құраушының қиын еритін қосылыстарға айналуы. Тұнба алу немесе оны тұндырухимиялық технология мен анализ жасау ісіндегі ең көп тараған әдіс.
Химиялық реакциялар кезінде түзілетін тұнбаны негізгі 4 топқа бөледі:
- күшті қышқылдың тұздары (AgCl, PbSO4, BaSO4) ;
- әлсіз қышқылдардың тұздары (HgS, AgS, BaCO3) ;
- бос қышқылдар (H2SіO3, H2WO4) ;
- үш құраушының әрекеттесуінен түзілетін (кешендік тұздар) тұнбалар.
Тұнбаға түсетін бөлшектер пішініне байланысты кристалдық және аморфтық тұнба болып бөлінеді. Оларды тұндыру, сүзу, жуу, т. б. әдістер арқылы алады.
Кристалдық тұнба суда жақсы еритін сұйытылған ыстық ерітінділерден алынады. Сондықтан оны тұндырғыштың артық мөлшерімен жуады.
Аморфтық тұнба гидрофобты (металл сульфидтері) және гидрофильді (кремний қышқылы, алюминий гидроксиді, т. б. ) болып бөлінеді. Аморфтық тұнба концентрлі және ыстық ерітінділерден алынып, тығыз әрі таза болады. Оларды еріп кетпес үшін электролиттермен жуады (мыс., аммоний нитратымен) . Тұнбаның түзілуі және онымен байланысты т. б. процестерді өлшеу нефелометрия, турбидиметрия әдістеріне негізделген.
Гравиметриялық анализ анықталатын ионды не элементі химиялық реакция көмегімен ерімейтін тұнбаға түсіріп, оның нақты массасын дәл өлшеуге негізделген. Сонымен қоса, гравиметрияда анықталатын компоненті газ түрінде де шығарып анықтау мүмкін, бұл әдісті айдау деп атайды. Бұл жағдайда айдалған заттың массасын немесе қалдықтың массасын анықтайды.
Сонымен гравиметриялық анализдің әдістерін үш топқа бөледі:
- Айдау әдісіанықталатын құрамдас бөлікті ұшқыс қосылыс түрінде толық бөліп алып, қалдықтың не тұтылған ұшқыш өнімінің дәл массасын өлшеуге негізделген.
Айдау әдісінің бірнеше түрлері қолдану мүмкін:
- анықталатын затты қоспадан айдап, түзілген заттың массасын өлшейді;
- анықталатын затты айдап, оны белгілі бір сіңіргішке (сорбент, ерітінді және т. б. ) сіңіреді де өлшейді, сіңіргіштің бастапқы массасымен салыстырғандағы массасының қосылуы бойынша айдалған заттын массасы анықталады;
- анықталатын затты дәл өлшендіден айдап, айдау аяқталған соң оны қайтадан өлшейді де массаларының айырмасы бойынша айдалған заттың мөлшерін анықтайды.
2. Тұндыру әдісі анықталатын құрамдас бөлікті аз еритін белгілі химиялық құрамына сәйкес болатын қосылыс түрінде тұндырып, оны өндеп болған соң, оның мөлшерін анықтауға негізделген.
3. Бөлу әдісі зерттелетін заттан анықталатын құрамдас бөлікті бос күйінде бөліп алып, оның немесе қалдықтың массасын дәл өлшеуге негізделген.
Гравиметриялық анализде тұнбаны екі түрге бөледі:
1. Тұнбаның тұндыру формасы - ерітіндіні лайықты реагентпен әрекеттестіргендегі ерітіндіде түсетін тұнба;
2. Тұнбаның гравиметриялық формасы - ерітіндіден арнайы операциялармен бөлінген, өлшену түрінде алынған тұнба.
Сонымен бірге тұнбаның екі агрегаттық түрі белгілі - аморфты және кристалды тұнбалар.
Гравиметриялық анализдің барысында орындалатын операциялар тұндыру әдістің әдістемесін өткізіледі. Тұндыру әдісін келесі ретпен орындайды:
- орташа татпаны іріктеу (алғашқы, лабораториялық және анализдік татпалар) ;
- орташа татпадан өлшендіні өлшеу;
- өлшендіні сәйкес еріткіште еріту;
- арнайы реактивпен анықталатын компонентті тұнбаға толық тұндыру (тұндырушы реагенттің мөлшері есептелген мөлшерінен 1, 5 есе артық алыну керек) ;
Тұнбаны сүзіп алу (майда тұнбаны алдын ала центрифугалау), тұнбаны түріне қарай сүзуде үш түрлі фильтр қағаздары қолдану мүмкін: қара (қызыл) жолағы бар фильтрмен аморфты түнбаларды сүзеді , ақ жолағы бар фильтрмен кристалды тұнбаны, ал көк жолағы бар фильтрмен майда кристалды тұнбаларды сүзеді.
- тұнбаны шаю, жуу;
- тұнбаны кептіру және қатты қыздыру;
- гравиметриялық түрдегі тұнбаны өлшеу;
- анализ нәтижелерін есептеп шығару.
Орташа татпа дегеніміз химиялық құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері барлық алынатын топтамаларға сай келетін салыстырмалы түрде алынған материалдың немесе шикі заттың шағын мөлшері. Орташа татпаны алғашқы татпадан кварталау әдісі бойынша іріктеп алады.
Өлшенді дегеніміз нақты анализ жасауға қажетті зерттелетін заттың анализдік орташа татпасының шағын массасы (аморфты тұнбалар үшін m»0, 1г дейін, ал ұсақ және ірі кристалды тұнбалар үшін m»0, 3-0, 5г дейін зат өлшенеді) .
Гравиметриялық анализде кез келген тұнбаны қолдануға болмайды.
Тұнбаның кейбір қасиеттеріне келесі талаптар қойылады:
- тұнбаның ерігіштігіне - тұнба толық тұну үшін оның ерігіштік көбейтіндісінің (ЕК) мәні өте төмен болу қажет;
- тұнбаның құрамына - тұнбаның құрамы тұрақты болып, яғни өзгермеу қажет;
- тұнбаның құрылысына - тұнба оңай сүзіліп, қоспалардан жеңіл жуатындай болу қажет;
- тұнбаның тұндыру формасы гравиметриялық формасына толық ауысу қажет.
Сонымен қоса гравиметриялық формадағы тұнбаға қосымша талаптар қойылады:
- өлшенетін тұнбаның құрамы белгілі химиялық формулаға сәйкестігі;
- гравиметриялық формадаға тұнба ауада химиялық тұрақты және температураға төзімді болу қажет;
- өлшенетін тұнбаның құрамында анықталатын ионның немесе элементтің мөлшері аз, ал салыстырмалы молекулалық массасы үлкен болғаны жөн.
1. ЕЭС елдерінде жылына 6МТ шамасында тұнба өндіріледі, оның 30% ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Тұнбаны осындай мақсатта пайдалану жердің құнарлығын жақсартуға, сондай - ақ өнімділікті арттыруға өте тиімді. Ашытылған тұнба құрамында 5, 1% азот, 1, 6% восвор және 0, 4% калий бар. Ауылшаруашылық культураларына жеткілікті азот мөлшері 50-85%, ал фосфор 20-100% (суперфосфатпен салыстырғанда) құрайды. Сұйық ашытылған тұнба құрамындағы элементтер көңде кездесетін элементтерге дес бермейді. Басқа тұнбаларда қоректік заттар аз кездеседі, сондықтан олар көптеген фермерларды аз қызықтырады. Бірде - бір тұнба типтерінде калий болмайды, сондықтан оларды комплексті тыңайтқыштар түрінде қарастыруға болмайды. Дегенмен мұндай тұнбаларды ауыл шаруашылығында пайдалану өнімділікті арттырады.
Мұндай ликвидация әдісі (жою) екі жағдаймен, яғни тұнбаның құрамында патогенді организмдер мен токсинді элементтер болуымен күрделене түседі. Тұнбаны тұрақтандырудағы негізгі әдістерге ашыту, әктен өңдеу, үйінді жасау процестері жатады. Патогенді микроорганизмдер мен ауыл шаруашылық культураларының арасындағы байланысты болдырмау үшін тұнбаны топырақ деңгейінен төмен көму қажет. Бұл әдіс жағымсыз иістерді алдын алуға жәрдемдеседі.
Мұндай абыржуға себепші болатын екі негізгі патогенді организмдер: Salmonella және сиыр цепені бар. Алайда тұнба құрамында бұдан басқа патогенді түрлер, соның ішінде паразитті тіршілік етушілер, мысалы бруцелла абортус және Аскарис суум кездеседі.
Тұнба құрамындағы ауыр металл иондары, олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны жайлы қиындықтарды ЕЭС келісім шарттарында көрсетілген.
Топырақ құрамындағы кез келген токсинді элементтердің концентрациясын бақылау қажет, егер концентрация мөлшері өссе, онда топырақ жарамсыз және сезімтал болып қалады. Топырақта екі түрлі токсинді әсерлер байқалады: фитотоксиндік - егістіктің сапасы мен санын төмендетсе, зоотоксиндік - металдар өсімдіктердің тамырларына жиналып, оларды пайдаланған уақытта токсиндік әсер көрсетеді. Әр түрлі елдерде көптеген токсинді заттар қатарына түрлі металдар жатады. Олардың концентрация шегі әр түрлі. Мысалы, ФРГ - да кадмий концентарциясы 20мг/кг аспауы қажет, ал Данияда оның мөлшері 8 мг/кгқұрайды. Ұлыбританияда түрлі элементтердің концентрация шегі топырақ типіне байланысты.
Топыраққа көп жиналатын металл - кадмий. АҚШ - та белгіленген норматив бойынша оның анықтамасына назар аударады. Кадмий көп жағдайда зоотоксинді әсер көрсететді. Сондай - ақ сынап, цинк және никель металдарына да көп көңіл бөлуде. Бұл элементтер фитотоксинді әсер көрсетеді және бұл металдар бір - бірін толықтырушылар болғандықтан, оларды бір тұтас жүйе ретінде қарастырады. Соңғы жылдары көптеген елдерде, соның ішінде ҚР - да мырыштың эквивалентті концепциясын пайдаланады. Бұл концепцияда 3 элементтің (мырыш, сынап, никель) салыстырмалы токсиндік әсері 1:2:8 теңдігімен негізделген.
Теңіз түбіне көму әдісі. Ылғалды тұнбаны шамамен 10 7 т түрінде өндіретін Ұлыбританияда бұл әдіс кең таралған, сондай - ақ Европаның басқа елдері де бұл әдісті қолданады. Теңізге тұнба көму лицензия бойынша реттеліп отырылады. Бұл лицензияларда қалдықты тастау орны, қалдықтың сапасы мен мөлшері белгіленеді.
Күйдіру. Бұл әдіс ЕЭС елдерінде кең қолданыс тапқан. Мысалы: Францияда 30%, ал Данияда 100% тұнба жинайды. Тұнбаларды жағу үшін 2 негізгі қондырғы: пеш және оттегі жіберу қолданылады. Бұл пештерде тұнбаны ашыған түрінде емес, шикі тұнбаны пайдаланған жеңіл. Себебі алғашқысы өзінің энергиялық потенциалын биогаз түрінде жоғалтады. Тұнбаны жаққан кезде бөлінетін жылуды мекемелерді немесе ғимараттарды жылыту үшін қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz