Дәстүрлі энергия көздерін қолданудың экологиялық аспектілері


Дәстүрлі энергия көздерін қолданудың экологиялық аспектілері.

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

1. Дәстүрлі энергия көздері

2. Дәстүрлі энергия көздерін қолдану

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Дәстүрлі энергия көздерін қолданудың экологиялық аспектілері.

Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Қазақстанда өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстардың әлеуеті өте зор болып табылады. Жаңартпалы энергетикалық ресурстарға гидроэнергия, жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.

Гидроэнергия. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан территориясы бойынша гидроэнергетикалық ресурстар тең бөлінбеген, олардың үлкен бөлігі Қазақстанның негізгі үш аймағында шоғырландырылған [8] . Олар:

1) Оңтүстік-Шығыс аймағы, Іле өзені бассейні, Шығыс Балқаш көлі бассейні және Алакөл көлдерінің топтамасы бассейні;

2) Шығыс аймағы, Ертіс өзені бассейні;

3) Оңтүстік аймағы, Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.

Жел энергиясы. Қазақстанда жел энергетикасын пайдаланудың басымдықтары жел энергиясы ресурстарының бар болуымен анықталады. Қазақстан территориясының жартысында желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6 м/с., ал кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 7-8 м/с. құрайды. Жел электростанцияларын салу ең алдымен, желіге қосылмаған шалғайдағы аудандарды энергиямен қамтамасыз етумен шартталады.

Қазақстан үшін энергияның жаңартпалы басым көздерінің бірі ретінде жел энергетикасы саласы саналады. Осыны ескере отырып, Қазақстанның жел атласы жасалды. Қазіргі уақытта, Қазақстанда жел электростанцияларын салудың 10 алаңы зерттелген (2-сурет) . Мұндай алаңдар электроэнергияның коммерциялық өндірісі үшін жалпы қуаттылығы 1000 МВт-ға дейін жететін аса ірі жел электростанцияларын салу үшін толығымен пайдаланыла алады. Бұл жоспарда Жоңғар қақпасының әлеуеттік мүмкіндіктері аса танымал екені белгілі. Қазақстандық танымал энергетик Александр Трофимовтың мәліметтері бойынша, республикамыз жан басына шаққандағы жел энергиясы ресурстарының көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді. (2-сурет) .

1213765908_file.jpg

Елімізде жел энергетикасын дамытуға деген қызығушылық келесі артықшылықты факторлармен түсіндіріледі: жел - бұл отынның бағаларына тәуелді болып табылмайтын энергияның жаңартылып отыратын ресурсы; жел ресурсы елдің барлық территориясында қол жетімді болып табылады; орнатылатын жел энергетикасы құрылғысының қуаттылығына бәсекенің болуы; атмосфераға зиянды қалдықтарды тастаудың және парниктік газдарды жіберудің болмауы; шалғай аудандарды электроэнергиямен жабдықтауды орталықсыздандырудың мүмкіндігі. Ол үшін ең алдымен жел энергиясын іске қосу үшін 3-суреттегі үлгіні қолдануға болады: [9]

Бұл сызбада жел энергиясының жобасы үшiн типтi келiсiм құрылымы көрсетілген. Жел қорының техникалық зерттеулерi, ұсынылатын технологияға, конструкциясына шолу өзге елдерде іске асырылып отыр. Ең бастысы жел энергиясы салынатын ауданның географиалық орны қолайлы болу керек. Егер жоба жел күші мен жасыл атрибуттар арқылы жүзеге асатыны белгілі болса, келісімшарт пен субсидиялар орындалады.

3-сурет. Жел энергиясын іске қосу үшін қаржыландыру үлгісі

Ақмола облысында Ерейментау алаңында қуаты 45МВт ЖШС «Бірінші Жел Электрстанциясы» 2013жылдың І тоқсанында салыну жоспарлануда. Капиталына 100%-дық үлестік қатысу “Samruk-Green-Energy” ЖШС-не тиесілі.

Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданы Шелекті дәлізінде қуаты 60 МВт тан 300 МВт-қа жететін ЖШС «Энергия Семирачь» Жел Электрстанциясы жобасы қолға алынбақ және капиталының 51%-ын АҚ «СПК Жетісу» арқылы Samruk-Green-Energy” ЖШС үлесінде. Орташа желдің жылдамдығы 50 метр биіктікте 7, 8 м/c, қуат күші 310Вт/м 2 тең болатын таңдалған георафиялық орынның қолайлығы жоғары.

Күн энергиясы. Күн энергиясын қалыптастырудың және пайдаланудың бірнеше бағыттары бар: күн сәулесі электр энергиясын және жылуды қалыптастырады; ғимараттарды жылыту үшін қолданылады; ауаны баптайды; ыстық сумен қамтамасыз етеді; әртүрлі материалдарды кептіру үшін қолданылады.

Қазақстанның географиялық орналасуының солтүстіктік кеңдігіне қарамастан, еліміздегі күн энергиясының ресурстары тұрақты және климаттық жағдайлардың қолайлылығына байланысты қол жетімді болып табылады. Кейбір зерттеу қорытындылары бойынша, елдің оңтүстік аймақтарында күн энергиясының әлеуеті жылына 2500-3000 күн сағатына жетіп жығылады, ал күн сәулесі энергиясы жылына 1300-1800 кВт/м. құрайды. Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы және Арал теңізі сияқты энергия тапшы аймақтар күн электростанцияларын салу үшін аса қолайлы аудандар болып табылады.

Жамбыл облысы өз территориясын күн энергетикасының даму орталығына айналдырмақ. 2013 жылы облыс аймағында қуаттылығы 24МВт тан басталатын, болашақта 2000 Мвт жеткізу перспективасын алға қоятын Күн Энергия Станциясын салуды жоспарлап отыр, Жобаны іске асырушы француздық компания “Fonrocheenergie” және оның жалпы құны 80 млн. долл. 15 жыл мерзім ішінде өтелуін көздеп отыр. Аймақ әкімшілігі АҚ «Казатомпром» және АҚ «KEGOG» серіктестікті қолға алуда [2] .

Қапшағай қаласында қуаты 2МВт Гелиостнация салыну жоспарлануда. Болшақ оператор ретінде ЖШС “Samruk-Green-Energy” күн энергетикасын монокристалдық панель арқылы алу технологиясын меңгерген BISOL Group компаниясымен станция салу құрылысы және оны орнату жөнінде шартқа отырды.

Елде балама энергетикадан алынатын қуат 1 трлн КВт/сағ. оның ішінде жел энергиясы 920 млрд. КВт/сағ. құрап отыр. Ал, ол жалпы энергия ресурсының 0, 5%-ын ғана алады. Үкімет 2020 жылы болашақ энергиясын пайдалануды 3%-ға жеткізуді алға қойып отыр. Германия мемлекеті үшін бұл көрсеткіш бүгінде 25% құрап, 2030 жылы балама энергетикаға 100% көшуді жоспарлап қойған.

Алайда, Индустрия және жаңа технологиялар Вицеминистрі Бахытжан Жаксалиев өзінің баяндамасында Мемлекеттің жел энергетикасының қондырғыларына кететін шығын көптігіне қарамастан, Электрэнергиясымен шалғай аудандарды да жеке-жеке қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алатынымызды айтты. Ел үкіметі бүгінгі күні осы үлес салмақты арттырудың қажеттілігін толық түсініп отыр және энергияның балама көздеріне инвестиция салу үшін қосымша жаңа серпіндер жасаудың жұмыстарын қолға алып келеді. Cонымен қатар, еліміз Балама энергетика саласында саясатты тиімді ұйымдастыру үшін, келешете Россия, Беларусия және Қазақстан арасында жалпы электрэнергетикалық нарықты қалыптастыруды көзге алып отыр. Бұл жөнінде Энергетика және Инфраструктура ЕЭК мүшесі, Министр Даниал Ахметов осы үш елдің энергокомплексінің потенциалдық қуаттылығы бойынша тиімділік коэффиценті 60%-ды құрайтынын ескере отырып, ортақ нарық құру қажеттілігін көрсетті.

Электроэнергияның балама көздерін өндіруден Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай және Үндістан сияқты елдер әлемде көшбасшылар ретінде саналады. Энергияның жаңартпалы көздеріне деген әлемдік сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. ХХІ-ғасырдың ортасына қарай олардың үлесі 35%-ға жетеді деп болжануда. Энергияның осындай көздерінің тартымдылығы және оларға қызығушылықтың артуы осы ресурстардың сарқылмайтындығымен, энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының өзгеруіне деген тәуелсіздігінен және экологиялық тазалығымен байланысты. Соңғы аргументі ерекше өзекті болып табылады, өйткені, дәстүрлі энергетика жергілікті деңгейде де, жаһандық масштабта да қоршаған ортаға жағымсыз әсерін үнемі тигізіп отырады.

Қазақстанның энергетикалық секторындағы қазіргі кәсіпорындар атмосфераны ең ірі ластаушылар болып табылады. Жыл сайын олар атмосфераға миллион тоннадан артық зиянды қалдықтар тастайды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері бойынша, Қазақстан парниктік газдардың ЖІӨ-ге шаққанда қалдықтарын тастаудың үлесі бойынша әлемде үшінші орынға ие болған. Қазақстанда тек көмір энергетикасынан ғана келетін қоршаған ортаны ластаудың экономикалық шығыны болжам бойынша, жылына 3, 4 млрд. долларға бағаланады екен. Сондықтанда, балама энергетиканы елемеу сол энергетикалық ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, олардың үнемділігін төмендетуге және энергиямен жабдықтаудың сенімсіздігіне алып келеді, сонымен қоса, адамдардың денсаулығына және экологияға өте көп зиян тигізеді.

Енді экономиканы дамытуда балама жолдарды таңдау «Қаржы секторына, мемлекеттік бюджет құрылымына, Ұлттық банкке, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қалай әсер етеді, қанша көлемде қаржы керек, нивестиция есебі қалай жүргізілуі керек, мемлекет қандай саясат ұстануы керек, дағдарысқа қарсы тиімді бағыт па?» деген сұрақтар туындайды. Бұл мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін әлемде энергияға деген сұранысты бақылап, талдап, бағалау қажет. Демек энергияға деген тәуелділіктің ертеңін жоспарлау үшін оның кешегісімен бүгінгі жағдайын дұрыс, айқын бағалай білу қажет. 2-суретте 2007 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қараша айына дейін әлемдегі энергияға тәуелділік индексі көрсетілген. Дағдарыс жылдары энергияға деген тәуелділік күрт өскенін анық көре аламыз.

2 - сурет. 2007-2012жж, Энергияға тәуелділік индексі [10]

[Federal Reserve Economic Data мәліметтері бойынша график автормен құрастырылған]

Әлемде қаржы орталықтары энергияны қайта жаңарту, балама энергияға көшу жұмыстарына инвестиция салуды бастап кетті. Жаһандық инвестиция 2002 жылы 22 млрд. доллар болса соңғы жылдары 155 млрд. долларға өсіп отыр. МИНТ мәліметтері бойынша энергияның қайта жаңару көзіне инвесторлар тарапынан қуаты 2000 МВт жететін өтінімдер берілген. Бұл 2015 жылға жоспарланған бағдарламадан тыс 6 есе жоғары көрсеткішті береді. Дағдарыс жылдары бұл салаға инвестиция күрт азайып кетті, алайда осы сектор соңғы көрсетілген мәліметтер бойынша инвесторларды әлі де қызықтырып отырғаны айқын.

Осындай жағдайда мемлекет саясаты төмендегідей жүргізілуі керек:
- Әлеуметтік маңызға ие жобаларды қаржыландыру мәселесі;
- Қаржы секторының бөліктері бойынша әр сала міндеттерін анықтауы;
- Қаржы мамандары каптиал салу проблемаларын, аймақтық саясаттың рөлін бағалауы;
- Баламалы энергияны қалпына келтіріп, оны дамыту үшін қаржыландыруды ынталандыру шараларын жасауы балама энергияға көшудің алғы шарттары болып табылады.

Қаржы секторынан баламалы энергияға салынатын инвестиция басқа секторларға салынған инвестициялардың үлгісіндей болады. Бірақ Баламалы энергияға инвестиция салудың өзіндік ерекшелігі бар. Оған мемлекет жүргізген саясат, инвестицияның өмір сүру қабілеттілігін реттеу, яғни кез келген субсидия, жүгірме қағаздар мен салық қарыздарын растайтын заңнамалық негіздегі куәліктер керек. Бұл факторлар қаржылық талдауға негіз болады.

Қаржыландыру үлгісі ретінде ағылшындық шетелдік үлісі қарастырылды. Капиталды қамтамасыз етуші қорлар төменде көрсетілгендей түрлері арқылы құралады [9] .

Тәуекел капиталға арналған қорлар:

  • Қаржы тәуекелдіктiң жоғары деңгейі арқылы әртүрлі өзара қорлар, сақтандыру компаниясы, зейнетақы қорлар әсерінен өседі;
  • Мақсаты: жаңа технология, жаңа нарықтар;
  • Серiктестіктерді тарту, қызықтыру;
  • Әрбiр кәсiпорындағы сәтсiздiгiнiң тәуекелі жоғары;
  • Талап етілген 4-7 жылға инвестициялар;
  • Инвестиция жиындарын қайтару (50-100% IRR )

Дербес капиталға арналған жарғылық қорлар:

  • Қаржы тәуекелдіктiң жоғары деңгейі арқылы әртүрлі инвесторлар әсерінен өседі;
  • Мақсатты мүмкiндiктер қайтару мүмкiндiгi өте жоғары;
  • Серiктестiктерді жобалардағы жоғары технологиялар қызықтырды, соның iшiнде (алдын ала IPO) қоғамдық фондылық биржаларға демонстрант жасау немесе ашық акционерлiк қоғам орнату;
  • Қысқа мерзімді инвестиция, 3-5 жыл;
  • Жоғарғы қайтарымды талап, 25% IRR;

Балама энергетиканы қаржыландыруда жиналған капиталдарды, инвестицияларды қайтару коэфиценті есептелуі келесі қорлар арқылы жүргізіледі.

2-кесте. Алдағы кезеңге пайдалы қаржы шарттары: капитал коэфицентіне кредиторлық борышы, (салық арқылы)

Тәуекел капитал
Дербес капитал

Инфрақұрылым

дық қорлар

Зейнетақы қорлары
Банктік антресольдық борыш
Орталық банк борышы
Тәуекел капитал: Iске қосу, жаңа
технологиялар,
түп тұлғалар
Дербес капитал:

pre IPO компаниялар, демонстраторациялық

технологиялар

Инфрақұрылымдық қорлар: Тәжірибелі технологиялар, жеке кәсіпорын
Зейнетақы қорлары: Тәжірибелі технологиялар
Банктік антресольдық борыш: Демонстрация, тәжірибелі технологиялар, жаңа кәсіпорын
Орталық банк борышы:

Тәжірибелі технология,

Орнатылған кәсіпорын

Тәуекел капитал: 50% IRR
Дербес капитал: 35% IRR
Инфрақұрылымдық қорлар: 15% IRR
Зейнетақы қорлары: 15% IRR
Банктік антресольдық борыш: Libor1+700 бит/сек.
Орталық банк борышы: Libor +300, бит/сек

3-сурет. Толқын қуатына арналған технологияларға инвестиция салу: [11]

Этап

Ассигнациялау (қаржы бөлу)

Жалпы типтік бағалау барысында келесі тәуекелдерді ескерген жөн:

Мемлекет және қаржылық тәуекел - Мемлекеттік, экономикалық, қаржылық, валюталық, саяси, қауіпсіздік тәуекелдері;

Техникалық ерекшелік, технологиялық жобалар тәуекелі - технологиялық, құрылыс, қоршаған ортаға әсер ету, басқару тәуекелдері;

Нарықтық тәуекел - Нарық мамандарының алда электр энергиясын, субсидияны, көміртектікті бағалауымен байланысты және жаңа бәсекелестік перпективаны қалыптастыру;

Тәжірибеден өткен технологияларға арналған ерекше орталықтар нарықтың өсуіне ықпал жасайды. Мемлекет саясаты энергияны балама энергияға айналдыру жұмыстарының қаржыландыруын қамтамасыз етеді және ол қаржыландыру перспективасын көрсетеді. Келесі кесте Қазақстан Респуюликасының Жалпы энергияның айналу секторының көрсетілген. (Energy Efficiency/CO2 Indicators, Kazakhstan) [12] . Бұл бүкіләлемдік статистикалық база бойынша Қазақстанның энергетика саласында едәуір қиындықтар бар.

3-кесте. Жалпыы энергияның айналу секторының процентке шаққандағы жылдық ауытқуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңғыртылатын энергия көздері
Жаңартылған энергия көздері
Энергияның альтернативалы көздерінің классификациясы
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Жаңарған энергияны қолданудың тиімділігі
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
«Жасыл» құрылыс
Электр энергиясы үнемдеу
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ PR-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz