Экологиялық қылмыстардың алдын алу шаралары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Экологиялық қылмыстардың алдын алу шаралары

Дүниенің, жаратылыстың иесі бола білген Аллаһ Тағала адамзат баласын жаратпастан бұрын табиғатты жаратқан. Табиғатты қорғаушы, дамытушы, табиғаттан нәр алушы ретінде адамзатты жаратқан екен . . .

Бұл күнде табиғат пен адам, қоршаған орта бір-бірімен тығыз байланыстағы егіз ұғым. Жаратушымыз табиғаттан нәр алып, оны қорғап, аяласын десе қазіргі қоғамдық сананың төмендігі ме кім білсін. . ? Экологиялық апаттар мен проблемалар күн өткен сайын көбеюде. Біздің бұл мақаланы жазудағы ең басты себебіміз де экологиялық қылмыстардың қалай алдын алуға болады?- деген сауалдың жауабын болашақ эколог маманы ретінде қарастырып, шамамыз келгенше өз ойымызды білдірсек.

Жалпы алғанда, экологиялық қылмыстардың заты - нақты табиғат ресурстары: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, малдарды жатқызуымызға болады. Ендігі экологиялық қылмыс дегеніміз не соған жауап іздесек.

Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 278- бабының 2- тармағында қоршаған ортаның ластануына, улануына немес зақымданыуына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, сондай- ақ төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Бұл қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық жауаптылық заңда көрсетілген зардаптардың біреуінің болса да орын алған уақытынан немесе ондай зардап болмаса да, бірақ іс-әрекет төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалса аяқталған деп танылады.

Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы: тұрғындарды төтенше оқиғалардан қорғау жөніндегі және басқа заңдарға сәйкес Республиканың кейбір аумақтары, объектілері шаруашылық немесе басқа қызметтерді дұрыс жүргізбеу әрекеттермен қоршаған ортаға, тұрғындардың өміріне, өсімдіктер мен жануарларға байланысты қала, аудан, жеке объект төтенше экологиялық жағдай аумағы деп жариялануы мүмкін.

Біздің қоғамда экологиялық аймақтар өте көп. Экологиялық қылмыстарды болдырмас үшін экологияның өзін болдырмау керек. Бүгінгі таңда экологиялық қылмыстарды болдырмау мақсатында 1997 жылғы 18 наурызынан бастап “Экологиялық сараптама туралы”, ҚР 1997 ж. 15 шілдеде “Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР 2004 ж. 9 шілдедегі “Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы” ҚР 2002 ж. 11 наурыздағы “ Атмосфералық ауаны қорғау туралы”, ҚР 2002 ж. 3 шілдедегі “Өсімдіктерді қорғау туралы” заңдары шықты. Осы заңдар өз дәрежесінде атқарылып жатыр ма?- деген сұрақтар ойымыздан кетер емес. Мемлекет тарапынан тек осындай заңдар арқылы экологиялық қылмыстардың алдын алуға немесе болдырмауға болады ма?- деген сауалдар да туып жатады. Алайда басшыларымыз жерлерімізді, табиғи байлықтарымызды өзге елдерге сатып жіберіп жатқанда, экологиялық апаттардың орнын толтыратындай қаражат төлемейтіндігін тілге тиек етсек, ҚР-ның қылмыстық кодексінің 278-бабының 3 тармағында: осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Заңда көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жүргізу үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны техникалық- экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қарастырумен бірге қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық, демографиялық процестердің даму ерекшеліктері еске алынуы, сондай- ақ объектілердің құрылысы құзыретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұқсатын алғаннан кейін жүргізілуі керек.

Объектілер барлық экологиялық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі, әскери және қорғаныс объектілері әскери және ғарыш қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалған соң іске қосылады.

Жаппай сырқаттануда көп адамдар уақытша еңбек қабілетінен айырылып, қатардан шығып қалады. Сырқаттың тікелей себебі- экологиялық қауіпті заттарды өндіру, пайдалану ережелерінің бұзылуынан болып табылады делінген. Мысалы, бір елді мекенде өндіріліп жатқан уранның салдарынан қаншама халыққа зиян келуде, ол шикізатты өндіріп жатқан ел Арабтар. Оларға қандай шектеулер қойып, оларды қандай заңдар арқылы айыптауға болады немесе жоғарыда айтылған баптар бойынша қалай жазалауға болады?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстар туралы
Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Заңды тұлғалардың жауапкершілігінің мүмкіндігі
Халықаралық қылмыстық құқық бойынша соғыс қылмыстары және оларды жасау үшін жауаптылық сұрақтары
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстың түсінігі
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстарға түсінік
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz