Қазақстандағы энергия көздері және олардың таралу ерекшеліктері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

1. Альтернативті энергия көзі

2. Жел энергиясы

3. Күн энергиясы

4. Гидроэнергия

5. Биомасса

6. Геотермалдық энергия

7. Биоотын

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстандағы энергия көздері және олардың таралу ерекшеліктері

Жаңартылатын энергия немесе жаңартылмалы энергия (ағылш. Renewable energy ) - күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін энергия.

Бізде жаңартылатын электр энер­гия­сының қоры өте көп. Оны дамытудағы негізгі мақсат -энергетиканың жалпы қоршаған ортаға зиянын азайту. Се­бебі жаңартылатын энергия көздері пай­даланылса, көмір, мұнай-газдан алынатын энергияның қоршаған ортаға кері әсері кемиді. Сосын тағы бір көздегеніміз - өр­кениетті елдердің көшінен қалып қой­мау. Яғни жаңартылатын энергия көз­дерінің пайдаланылатын мөлшерін арт­тыру. Оның өзінде де мүмкіндігімізді ескере келе, 2024 жылға дейін 5 пайызға жеткіземіз деп тиімді жол қарастырып отыр­мыз. Мұның тағы бір көздейтіні - Киото хат­тамасына қосылғанымызды, сол арқылы ха­лықаралық міндеттемелерімізді орындап жатқанымызды көрсету. Соған көңіл бөліп отырғанымызды, арнаулы заң жо­басын қа­былдағанымызды дәлелдеу ар­қылы ин­вестиция тартуды мақсат етіп отыр­мыз. Шындығында, бұл салада Еуропа елдері, Америка мен Жапония - бәрі ілгері кетіп қалды. Қытай тіпті бұдан милли­ардтаған пайда тауып отыр. Еуропада жаңартылатын энергия көзі 10 пайыз бол­са, оны енді 20 пайызға жеткіземіз деп жан­таласуда. Қазақстанда негізгі дәстүрлі емес энергия көздері қүн және жел энергиясы болып табылады. Алматы облысында Жоңғар қақпасындағы жел өте үлкен жылдамдықпен соғады. Бірақ алі күнге дейін ол қолға алынған жоқ. Осы Жоңғар қақпасындағы жел ресурстарын экономикаға пайдалану үлкен тиімділік әкеледі. Одан басқа да Қазақстан аймақтарында жел жиі болатын облыстар бар. Мысалы Қарағанды облысында 1жылдағы 365 күннің 300күні желді болып табылады. Сондықтан осы облыста да Жел Энергиясын пайдалану мүмкіндігі жоғары.

Қазақстанда Су энергииясын пайдаланудың озық тәжірбиесі бар. Атап айтқанда Ертіс өзенінде гидроэлекетр стансасы. Іле және Сырдария өзендерінде де бір-бірден электр стансалары бар. 21ғасыр жаңалығы болып табылатын Мойнақ гидроэлекр стансасы мүлдем жаңа технологиямен жұмыс істейді. Мұнда судың әлеуеті жоғары болып табылады. Себебі су жарты километрге көтеріліп, турбина соның түбінде орналасады. Мұнда қысым да жылдамдықта да жоғары болады. Мұндай станса ТМД елдерінде 3-ші элктрестанса. Оның мүмкіндіктерін пайдалану керек.

Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікі­рінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6, 4 градус жылы­нып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл - құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикі­заттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр. Барған сайын адамзат үшін аса үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясы өндірудің негізгі көзі - көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан бұл салада Қазақстан энерге­тикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан-теңіз.
Адам саны 7 миллиардқа жеткен әлемде энергетика сұранысы да артып отыр. Бірақ әдеттегі энергетиканың басты кейіпкерлері мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері әрі шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Осы себепті жаһандық ысыну басым болып отырған ғаламшарымызда таусылмайтын және қоршаған ортаны ластамайтын, жаңартыла алатын энергетика көздері күн сайын алға шығып отырады. Атап айтсақ, Еуропа Одағы алдымыздағы 10 жылдың ішінде энергетиканың 20 пайызын жаңартыла алатын энергия көздерінен алуды жоспарлауда.
Жаңартыла алатын энергия көбінесе тікелей немесе жанамалы түрде күннің әсерінен пайда болады. Күннің сәулесі немесе күн энергиясы жылыну және жарық мақсатында тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттарда тікелей пайдаланылса; электр өндіру, суды жылыту, суыту және әртүрлі сауда мен өнеркәсіптік мақсаттарға жанамалы түрде қолданыла алады.
Қазақстан су, жел, күн энергетикасы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін ішінара гидроэнергия қуатын пайдаланудан басқа, елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қосылған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отырғандығын да жасыруға болмайды

Жел энергиясы

Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары (электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады.

Жел генераторларының қуаттылығы генератор қалақтарының ауданына тәуелді. Мысалы, даниялық компания Vestas шығарған қуаттылығы 3 МВт (V90) турбинаның жалпы биіктігі 115 метр болса, мұнара биіктігі 70 метр және қалақ диаметрі 90 метрді құрайды.

Жел энергиясын өндірудің ең тиімді жерлері ретінде жағалау аймақтары және биік тау шыңдары қарастырылады. Теңізде, жағадан 10-12 км қашықтықта офшорлық жел электр фермалары салынады. Жел генераторларының мұнаралары тереңдігі 30 метрге дейін қағылған қадалы іргетастартарға қондырады.

Жел генераторлары іс жүзінде қазбалы жанар-жағар май қолданбайды. Қуаттылығы 1 МВт жел генераторы 20 жыл бойғы қолданысымен 29 мың тонна көмір, 92 баррель мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Күн энергетикасы ( Гелиоэнергетика ; гр. helios - күн, және энергетика) - күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электр энергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін , күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т. б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жьшу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т. б. ) пайдалану. Қазақстанда Менделеев кестесінде кезігетін барлық элемент түрлері бар. Олардың қатарында бай кремний қоры да бар. Егер бір гектар жерге аталған элементті пайдаланатын күн энергиясы табақшаларын орнататын болсақ, электр энергиясы саласындағы тапшылық өз-өзінен-ақ реттелер еді.

Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2, 5 млрд кВт/сағатқа бағалануда. Қазақстан солтүстік ендікте орналасқанына қарамастан, республика аумағындағы күн радиациясының қуаттылығы өте жоғары. Сонымен қатар, өңірде күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін орталық электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғай жатқан аудандарда күн қондырғылары орнатылуы тиіс. Күн бізді тегін энергиямен қамтамасыз етеді және бұл энергияның мөлшері әлемде тұтынылатын энергия мөлшерінен 10 000 есе артық. Күн энергиясының жер бетіне жететін мөлшері Күннің қозғалуына орай өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер тәуліктің уақытына және жыл мерзіміне де тікелей байланысты. Әдетте, күндізгі уақытта Жерге кешкі және таңертеңгі уақытқа қарағанда күн сәулесі көбірек түседі. Күндіз Күн көкжиекке қатысты биік орналасады да, Күннен шығатын сәулелердің Жер атмосферасы арқылы жүріп өтетін жолы қысқарады. Яғни, Күн радиациясының шағылу және жұтылу коэффициенті төмендеп, Жер бетіне жететін энергия мөлшері артады. Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор- Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Дәстүрлі энергия көзін пайдалану біздің толық электр энергиясына деген сұранысымызды шеше алмайды. Біздің ұсынарымыз ол басқа да дамыған елдер тәжірибесіндегідей альтернативті энергия көзін пайдалануды дамыту. Жапония 833 Мвт, АҚШ 153 Мвт, Германия 353 Мвтқа альтернативті энергия қорын ұлғайтып үлгерді. Осы елдер тәжірибесіндегідей үлгі алып, салаға жаңа мамандар тартып, елдегі жетекші энергетика компанияларын альтернативті энергияға деген қызығушылықтарын арттырып және шетелдік әрі отандық инвестициялардың тартылуына қолайлы жағдай жасау арқылы біз отандық балама энергия көзін жаңғырта аламыз.

Гидроэнергия

Су электр станциялары (СЭС) су ағымының әлеуетті энергиясын элекр энергиясына айналдыруға қолданылады. Су электр станциялары көбінесе өзен бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады. Сондай-ақ, су ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС-терде қолдануға болады.

Ерекшеліктері:

  • СЭС электр энергиясының өзіндік құны басқа электр станция түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
  • СЭС генераторларын қажеттілікке сай жылдам өшіріп-қосуға болады.
  • Жаңартылатын энергия көзі болып табылады
  • Қоршаған ауаға әсері басқа электр станцияларға қарағанда анағұрлым азырақ
  • СЭС құрылысы капиталды көбірек қажетсінеді
  • Тиімді СЭС-тер тұтынушылардан жиі алыс орналасады
  • Су қоймалары едәуір аумақтарды алып жатады

2010 жылы су энергетикасы әлемдік электр энергиясының 16% пайыз, ал жаңартылатын энергияның 76 %-ын қамтамасыз еткен. Тіркелген энегетикалық қуаттылығы 1015 ГВт құраған. Адам санына шаққанда су энергиясын өндіруде Норвегия, Исландия мен Канада елдері көшбасшылар қатарында.

Биомасса

Биомасса (гр. bios - өмір және масса) - бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроорганизм және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы; аудан немесе көлем (г/м 2 немесе г/м 3 ) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.

Экожүйеде энергияның таралуы мен орташа биомассаның арасындағы байланысты анықтау үшін Дж/м 2 өлшемі пайдаланылады. Құрлықтағы гетеротрофты организмдердің ішінде топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің биомассасы өте жоғары болады.

Геотермалдық энергия

Геотермалдық энергетика - энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықсұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден алынады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданьшады. Кемістігі - жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары.

Биоотын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия мамандығы бойынша phd докторантураға түсушілерге арналған материал
«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары»
Геотермалды энергия көздері
Ядролық апаттар
Жылу энергиясын алу үшін күн энергиясын пайдалану
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Күн энергиясынан күн батареяларын қолдану арқылы электр энергиясын алу
Электромагниттік толқындар
Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар туралы
Электромагниттік толқындардың шығарылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz