Қазақстанның электр энергетикасы: ресурстар, өндіріс, инфрақұрылым және нарықтық реформалар (1990-2000 жылдар)


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Энергия ресурстары

2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Көмірмен жұмыс істейтін электростанциялар

Қазақстан өзінің электр қуаты жөніндегі мұқтаждарын толық қамтамасыз ететін әрі оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жетті. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда ірі аймақтық су электр ст-лары (АСЭС) салынды. Ертіс өз-нде Өскемен және Бұқтарма су электр ст-лары (СЭС), Іледе Қапшағай СЭС-і жұмыс істеді. Аса ірі Ақсу АСЭС-ы Екібастұз кенішінің арзан көмірін пайдаланды.

  • 1990 жылы КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр ст-ларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104, 8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87, 4 кВт/сағаты меншікті электр ст-ларында өндірілді. 1990 ж республикада 131, 5 млн. т көмір, 25, 5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6, 8 млрд. м3 газ өндірілді. Өндірілген көмір мен мұнайдың едәуір бөлігі республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетін және 46, 6 млн. т энергет. көмір (42, 9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82, 4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесі 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлесті энергия сыйымд. 1 сомға шаққанда 4, 01 кг болды, мұның өзі өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп.
  • Қазақстанның энергетика жүйесі 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешірді. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 1 мВт-қа дейін қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткіші 8560 мВт-қа дейін төмендеді. Қазақстан энергия өндіруші қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткізе алатын электр желісінің жоқтығы себепті оңт. және батыс аймақтар үшін электр қуатын сырттан алды.
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы электр энергетикасының қуат өндіруші және электр тораптары активтеріне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтіп электр қуатының бәсекелі рыногін жасау қажеттігі туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкіметтік бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламаны іске асыру электр энергетикасының бәсекелі бөлігін (электр қуатын өндіру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етілді. Ірі электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергілікті басқару органдарының меншігіне берілді. 1120, 500 және 220 кВ кернеулі негізгі тораптардың активтері негізінде Электр тораптарын басқару жөніндегі Қазақстандық компания (“КЕGOC” ААҚ), 110 - 35, 6 - 10 және 0, 4 кВ кернеулі аймақтық электр тораптары негізінде бөлу электр тораптық акцион. компаниялары (АЭК АҚ) құрылды. Бұл саланы одан әрі дамытудың 1997 - 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногін ұйымдастырудың мынадай үлгілері көзделді: ақырғы тұтынушыға жеткізілетін электр қуатының бағасы бойынша бәсеке; бірыңғай электр қуаты рыногінің екі деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) болуы; электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру; рынок субъектілерінің аймақаралық (“КЕGOC” ААҚ), аймақтық және жергілікті (БЭК-тер) деңгейдегі тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерін көрсету жөнінде шарттар жасасу. Осы үлгінің енгізілуі екі жақты мерзімді келісімшарттар рыногін құруға мүмкіндік берді. Бір орталықтан диспетчерлік басқару жүйесі қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелі (электр қуатын өндіру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөліктерінің бөлінісі жағдайында жұмыс істеуге бейімделді, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткіштері, атап айтқанда, электр тогының жиілігі жақсартылды.

Павлодар облысының энергетикасы келесі ірі кәсіпорындармен танылады:

  • «Қазақстан Алюминийі» АҚ ТЭЦ

Электростанцияда 350 МВт электр қуаты мен 1125 Гкал/сағ. жылу қуаты белгіленген 8 котлоагрегат мен 6 турбиналар орнатылған.

  • ТЭЦ-2 «Павлодарэнерго» АҚ

Электростанцияда 5 котлоарегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты- 110 МВт, жылу - 392 Гкал/сағ.

  • ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ

Электростанцияда 6 котлоарегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты - 440 МВт, жылу - 808 Гкал/сағ.

  • «AES Экибастуз» ЖШС

«AES Экибастуз» ЖШС - облыстың ең ірі электростанциясы, жұмыс істейтін блоктардың қуаты 2500 МВт құрайды.

  • «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ

Электростанцияда жалпы қуаты 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған.

  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (Аксу электростанциясы)

Электростанцияда жалпы қуаты 2100 МВт 7 энергоблоктар орнатылған. Облыста шығарылатын электроэнергияның көлемі аймақтың электр мұқтаждығынан анағұрлым жоғары. Павлодар облысының электростанциялары Қазақстан мен Ресейдің шектес аймақтарына электр жеткізуші болып табылады. Облыста электрберу желілері бойынша ауылдық аудандарды электрқамсыздандыруды іске асыратын 110 кВ үш энерготүйін қалыптасқан. Қазіргі кезде облыс аумағында жұмысқа қабілетті жабдықтың белгіленген жиынтық электр қуаты 6525 МВт бар 6 электростанциялары жұмыс істейді. Павлодар блысының барлық электростанциялары негізгі отын ретінде Екібастұз кен орнының КСНР-0. 300. маркалы тас көмірін пайдаланады. 220-500 кВ электр қуатын беру желілері блоктық электростанцияларды Қазақстанның, Оралдың және Батыс Сібірдің аймақтық энерго жүйелерімен қосады. Облыс аумағымен 1150 кВ қуатты Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Челябинск бірегей желісі өтеді. Облыс аумағында 35 кВ пен одан да жоғары кернеуімен 7687 км электр қуатын беру желісі салынған. Іске асуы үшін орталығы Екібастұз қаласындағы жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік филиалы құрылған 220-1150 кВ кернеуімен электр қуатын беру желісі «KEGOC» АҚ балансында. 110 кВ мен одан төмен кернеудегі электр желілері «Павлодарэнергосервис» АҚ - аймақтық энергокомпанияларында іске асырылады.

Қорытынды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттілікті қалыптастыру: 1990-2000 жылдар шежіресі
Өндірістік практика: Қазақстанның электр энергетикасы, өндірістік қауіпсіздік және экологиялық шаралар
Электр энергетикасы: көздері, өндіріс мәселелері, айнымалы тоқ пен трансформаторлар
Қазақстанның конституциялық заңдарының қалыптасуы: 1990-1995 жылдар
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі саяси-құқықтық және экономикалық реформалар (1990-2005)
Қазақстанның химиялық өнеркәсібі: ресурстар, өндіріс және даму перспективалары
Қазақстанның электр энергетикасы: ұйымдық құрылым, даму стратегиясы және баға мен қамтамасыз ету мәселелері
1990-2000 жылдардағы Қазақстанның Германия, Франция және Ұлыбританиямен саяси-экономикалық қатынастары
Шығыс Қазақстанның туризмін талдау: инфрақұрылым және табиғи-мәдени ресурстар
Шығыс Қазақстан облысының электр энергетикасы саласындағы салалық монополияларды реттеуді жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz