Классикалық ғылымның дағдарысы. XIX-XX ғасырлардағы бейклассикалық ғылымның қалыптасуы және даму кезеңдері. Позитивизмнің бірінші толқыны. О.Конт, Г.Спенсер, Дж.С.Милль, Э.Мах



1 Классикалық ғылымның дағдарысы. XIX.XX ғасырлардағы бейклассикалық ғылымның қалыптасуы және даму кезеңдері.
2 Позитивизмнің бірінші толқыны. О.Конт, Г.Спенсер, Дж.С.Милль, Э.Мах
ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми- техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары т.б. Осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің (цивилизация), мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой тө”ірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі – неопозитивизм еді. Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті.
Біріншісі ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары қалыптасқан Огюст Конт (1798-1857 ж), Джон Стюарт Милль (1806-1873 ж.) және Герберт Спенсердің (1820-1903 ж.) Позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп, шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңа позитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті – сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап жалпы қорытындылар жасау.
Неопозитивизмнің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э.Мах, Р.Авенариус, Богданов, Базаров т.б.) Ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты - ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтлықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз “бейтарап” түйсіктердің, элементтердің (бөлшектерді”) комплексі (жиынтығы). Егер бұл “элементтерді” бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды аам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, онда олар психикалық құбылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамны” шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.
1. Бурова Е.Е., Карабаева А.Г., Кириллова Г.Р. Введение в философию и методологию науки (оқу қүралы). Алматы,1997
2. Косиченко А.Г. Философия и методология науки (Аспиранттар мен магистрлерге арналған курс бойынша оқу қүралы). Алматы,1997
3. Методы научного познания. Алматы: Ғылым,1996
4. Кохановский В.П. Философия и методология науки. Ростов-на- Дону,1999
5. Философия и методология науки.Для аспирантов и магистрантов/Под.ред. К.Х.рахматуллина и др. Алматы,1999

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Классикалық ғылымның дағдарысы. XIX-XX ғасырлардағы бейклассикалық ғылымның қалыптасуы және даму кезеңдері. Позитивизмнің бірінші толқыны. О.Конт, Г.Спенсер, Дж.С.Милль, Э.Мах
ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми- техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары т.б. Осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің (цивилизация), мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой тө"ірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі - неопозитивизм еді. Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті.
Біріншісі ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары қалыптасқан Огюст Конт (1798-1857 ж), Джон Стюарт Милль (1806-1873 ж.) және Герберт Спенсердің (1820-1903 ж.) Позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп, шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңа позитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті - сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап жалпы қорытындылар жасау.
Неопозитивизмнің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э.Мах, Р.Авенариус, Богданов, Базаров т.б.) Ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты - ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтлықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз "бейтарап" түйсіктердің, элементтердің (бөлшектерді") комплексі (жиынтығы). Егер бұл "элементтерді" бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды аам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, онда олар психикалық құбылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамны" шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.
Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңгі сатысында б.рассел (1872- 1970 ж.), Л. Витгенштейн (1889-1951 ж.), М. Шлик (1882-1936 ж.), Р. Карнап (1891-1970 ж.), А. Айер (1910-1989 ж.), Поппер т.б. ілімдерінің 107 арқасында "логикалық позитивизм", кейінірек "семантикалық позитивизм" (терминдердің маынасын талдау), ал оның орнына "лингвистикалық философия" (әдеттегі табиғи тілің сөздік айтылуын анықтау) т.б. Сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшылдардың "философия шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім" деген көзқарастарын әрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық т.б. ілімдерде) шын мәнінде ешқандай ғылыми маңызы жоқ "жалған проблемалар", "алдамшы сұрақтар" деп жариялады. Себебі, философия теориялық көзқарастарды" жиынтығы емес, ғылымның логикалық - синтаксистік, семантикалық және тіл талдаудан тұратын және осылай алған деректер негізінде әлемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан тыс өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті "метафизикалық" пікірлер мен ұғымдар жиынтығы. Демек, қазіргі философияны" міндеті "метафизикалық" (философиялық) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (б.рассел). Неопозитивистер қандай да болмасын ілімді ғылыми, немесе ғылыми емесиігін ажырату үшін "верификациялау" (сезімдік тәжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасын қолдануды ұсынды.
Бұл қағида бойынша, егер ілімдер тәжірибе, немесе логикалық сараптау арқылы верифиуацияланса (дәлелденсе, немесе терістелсе) онда олар ғылымға жатады да, қалғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымны" өзі екі типті болады: біріншісі - логикалық- математикалық, екіншісі - эмпирикалық сөйлемдерден құралатын ғылымдар. Логикалық-математикалық сөйлемдері тәжірибе арқылы тексеруге болмайды, себебі олар объективтік нақтылық туралы білім емес. Бірақ олар формальды логика за"дылықтарына сүйенген логикалық тіркесі болғандықтан, олардың заңдылықтары, ережелері ақиқат та, жалған да емес. Сондықтан да олар конвенсионалистік (келісімділік) сипатта болады. Мысалы: "2х2=4" деген сөйлем тавтологиялық сөйлемге "4=4 деген" саяды. Бұл тектес сөйлемдер ғылыми теорияны" бейне бір логикалық қаңқасы ретінде қызмет етеді.
Эмпирикалық сөйлемдер деп - тәжірбе арқылы верификциялауға (тексеруге) болатын, сезім арқылы қабылданған деректерді айтамыз. Эмпирикалық сөйлемдердің бәрі бірдей ақиқат бола бермейді, ақиқатқа тек "хаттамалық (протоколды) сөйлемдер" ғана жатады. "хаттамалық сөйлемдер" - ғылымдардың эксперимент жүріп жатқан кезінде нақты болған жағайларды айқындап жазып қоюы. Бұл сөйлемдерде, неопозитивистердің ойынша, болған оқиға сол қалпында, өзгеріссіз, түсініктемесіз, экспериментшіні" субъективтілік пікірінсіз, объективті тұрғыда берілген, сондықтан, тек солар ғана ақиқат. Ғылыми эксперименттердің, экспериментшінің түсініктемесінсіз алынған деректер негізінде жасалған қорытындылар, тұжырымдар, теориялардың заңдылықтарсыз болмайтыны белгілі. Ал, бұл аталған сөйлемдерге "верификациялау" қағидасын қолдану дегеніміз, осы теориялар, заңдылықтар негізінде өмір сүретін барлық енелерді тексеру. Ғылыми 108 заңдылықтар біртектес бір топ денелерге тән құбылыс болғандықтан, ал эксперимент топқа емес, жеке денелерге ғана қойылатындықтан, верификация қағидасы шексіз процеске айналады. Бұл қайшылықтан құтылу үшін, неопозитивистер ғылыми заңдылықтарды ғылыми тілден алып тастау керек (витгенштейн), немесе олар таным үшін ешқандай да маңызы жоқ формальды ереже болып қалуы керек (шлик) деген қорытындыға келді.
Кейінірек келе, поппер верификациялау қағидасының орнына фальсификациялау (жоққа шығару) қағидасын ұсынды. Бұл қағиданың негізі етіп, белгілі бір жағдайда теориялар, заңдылықтар, тұжырымдар ақиқат болмауы ықтимал деген ойлау мүмкіндігі алынған. Бұл жерде тағы да қайшылыққа тап боламыз. Әңгіме мынада, егер ғылыми теориялар, заңдылықтар ақиқат болмаса, фальсификациялау қағидасын қолдануға болады, ал, егер олар ақиқат болса ше? Верификациялау және фальсификациялау қағидаларының осындай кемшіліктерін байқап, карнап ғылыми сөйлемдердің бәрін емес, тек белгілі бір бөліктерін тексеру керектігі туралы идея ұсынды. Басқаша айтқанда, ғылыми деректерді толық тексермей-ақ, оның дұрыс, немесе теріс екендігін анықтау. Сөйтіп, аталған қағидаларының орнына ғылыми сөздердің ақиқаттығын тексеретін жаңа қағида - когеренттілік принципі (байланыстылық) ұсынылды. Бұл принцип бойынша барлық денелер мен құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан эмпирикалық сөйлемдердің ақиқаттығы, олардың теориялар жүйесіне енген басқа сөйлемдермен қарама-қайшы келмей, қаншама үйлесімді болғанына байланысты. Сайып келгенде, барлық позитивистік бағыттағы ілімдерге тән ортақ тұжырым: барлық мәнділіктің түпнегізін танып-білуге, жалпы табиғатқа тән құбылыстарды түсіндіруге, ақиқатты білуге ұмтылған метафизика (бұрынғы философия) шын мәнінде өзі қойған мәселелердің біреуін де дұрыс, түбегейлі шеше алмайды, сондықтан ол өз орнын ғылыми тілді жан-жақты зерттеумен айналысатын басқа философияға (позитивизмге) жол беруі керек. ХІХ ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған "өмір философиясының" (Ницше, В.Дильтей, А.Бергсон) ықпалымен 20 жылдары М.Шелер (1874-1928 ж.) Мен О.Шпенглерді" (1880-1936 ж.ж.) Негізгі еңбектері: "себептілік және тағдыр", "европаның құлдырауы" және басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болды.
Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты "қатты денелерге" және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке "өмірді" түсіндіре алмайды. Ақыл-ой "өмірді" жансыздандырады, себебі оны бөлшектеп, оныңүздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын "өмірді" танып-білудің бірден-бір қайнар көзі - инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратпаған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл 109 заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М.Шелер). Қоғамдық процестердің дамуы иррационалдық "өмір екпіні", "опат болуды күту" т.с.с. Күштермен бағытталады. Мысалы, батыс мәдениеті өрекениеттің (цивилизация) белгілі бір сатысында, өзінің жойылуына (опат болуына) аяқ басты (о.шпенглер).
Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді (Ницше). Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған - ХХ ғасырдың 20 жылдары қалыптасқан экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С. Кьеркегор (1813-1855), М. Хайдеггер (1889-1976 ж.), К. Ясперс (1883-1969 ж.), Ж.П. Сартр (1903-1980 ж.), Г. Марсель (1889-1973), Л. Шестов (1866-1938 ж), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж) т.б. Экзистенциализм (өмір сүру), тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С.Кьеркегордың адам - өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор әсер етті. Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі, хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туарыл күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Демек, болмыс туарлы ойлар айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі - К.Ясперстің нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады. Үшіншісі - экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған жан Поль Сартрдың ілімі.
Экзистенциализм "өмір философиясындағыдай" жалпы "өмір" мәселелсін қарастырмай, бар күштерін адамны" жеке өмірін - "экзистенция" (өмір сүрудің қарапайым нақтылығы), "адамның өмірі сүруі" сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден - жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция - біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым қарайтындай объективті түрде қарай алмаймыз (К.Ясперс). Өмір сүру дегеніміз - адамдардың біріккен (қосылған) болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз - күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдарды" 110 экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы - "дүниенің қасында болу". Бұл жердегі "дүние" адамны" қамдану өрісі - еңбек әлемі, заттар әлемі, құрал-жабдықтар жиынтығы, ал "болу" - "бірдеңенің қасында" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Огюст Конт позитивизмі
Неопозитивизм философиясы
Позитивизм
Ғылымның тарихы мен философиясының пәні
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Екінші позитивизм
Жаңа ғасыр философиясы
Қазіргі кейбір философиялық ағымдарға ғылым мен философияны бір - біріне қарсы қою
Пәндер