Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным. Ойлаудың логикалық нормаларын зерттеу


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным. Ойлаудың логикалық нормаларын зерттеу

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына батыс европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты “шіркеу әкейлері” мен “пұтқа табынушылар” философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: юстин мученик (100-167 жж), тациан (ІІ ғ. Екінші жартысы), тертуллиан квинт септимий флоренс (160-222 жж) т. б. б олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыазамат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнына боасатын христиандық діни-филослофия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай - нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Жалпы нақтылық уақыттық бастамасы жоқ (тертуллин) . Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдерін сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемелекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы - патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.

Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (ІV-VІ ғғ) негізгі өкілдері: климент александрийский, амворсий, майландский (340-397 ғғ), августин блаженный (ІІІ-VІ) т. б. ІІІ-ІV ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық, немесе адамдық табиғаты туралы), ал 323 ж. Император ұлы константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шікеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатанизм қағидалларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындайды. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы” т. б. 59 Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т. б. оның іс- әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да), немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді.

Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынды. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін балғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек. Августинизм теологилық-философиялық бағыт ретіде батыс европа елдерінде ХІІ ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі европа тарихында рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген европа елдерінде (италия, франция, англия, германия т. б. ) Феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды.

Осы кезеңдегі философиялық ілім “схоластика” (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғғ. ) . Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-біірмен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсализмге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді (аристотельдің формалдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин Аврелий т. б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ. ) Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен филосфияның теологиядан бөлініп (Әл-фараби мен ибн руштың “екі ұдай ақиқат” теориясы негізінде), философиялық-теологиялық ілімінің қалыптасып, кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері ұлы альберт, фома аквинский, дунс скотт т. б. 60

3. Құлдрау кезеңі (ХІV-ХV) . Шынайы ғылыми және теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірбиеден, өмірден алшақ, кернаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретіде қалыптасты. Негізгі өкілдері: ульям оккам, жан буридан т. б. Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласты, философ пьер абеляр (1079-1142 ж. ) болды. Негізгі еңбегі: “Бар және жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін - жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын өмір сүретіндегіне деген сенім де, бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең кееркті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі. Абеляр осындай екі-ұшты пікірлері үшін номаналистер жағынан да, реалистер жағынан да сынға түсті.

Христиандық діни ілімді аристотельдің философисымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 жылдан бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланғн фома аквинский 1225-26 жылы туып 1274 жылы қайтыс болды. Негізігі еңбегі: “Теологияның жиынтығы” т. б. Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (ретт ілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқыл иисус христостың бойындағы құдайлық (идеялық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар - форма мен материя - жеке заттар әлемін тудырады. Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда болған. Жан “таза форма” ретінде күйреуі, жоғарлауы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан. Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың (универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома аквинский аристотельдің жалпы ұғымдр жалқылардың қалыптастыратын принципі ретінде жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді дей келіп, ибн-сина сияқты универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Олар: 1. Зат пайда болғанға дейін - құдайдың ойында; 2. Заттардың өзінде - олардың мәні ретінде; 3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде. Заттардың мәні олардың түпнегізі - құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан адамдардың мақсаты - соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүнедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін. Аспанда - христос, жерде рим рим папсы.

Аквинскийдің ілімі ХІХ ғасырдың ағында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр. Дунс скот (1268-1308 жж) шотланд схоласты, аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі - игілік. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар.

Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты - танып біл. Адамдар сезімдік түйсіктер арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылықтың (универсалий) әнін түсінуге ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегіз. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, жалпы ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емсе, тек жігер ғана. Себебі жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні - рухани түпнегіз болғанымен де, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек. Дунс скоттың ілімі скотизм деп аталған өзінің ізбасарлар мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті. Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон болды. (1214-1249 ж. ) . Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы - тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Ол өз кезеңіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибеге жүгінуге, бос пікірталастықтан - эксперименке, керегі жоқ кітаптардан - табиғатты зерттеуге шақырады.

Осы салада өзі де үлкен жетістіктерге жетті. 62 Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы - тәжірибе, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы - тәжірибе. Себебі тәжірибе - тәжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибе арқылы дәлелденуі керек. Ал кей жағдайда тәжірибе де ақиқаттыққа жеткізе амайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі.

Осыдан келіп, ол философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды. Номаналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып трансценденталдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы Суарес, Лейбниц, Г. Биль сияқты ойшылдарға үлкен әсер еткен, ағылшын ғұламасы Уильям Оккам (1300-1349-50 ж. ) болды. Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады.

Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке дара өмір сүре алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибе арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибе адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түсініп интуитивті нақты білім алса, сыртқы тәжірибеде трансценденталилер туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды. Олай болса, оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе - интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәделдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек. Оккамның ілімі коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарға геометриялық тәсілдің үстемдік еуіне ықпал жасады.

Реалист Ансельм Кентерберийский (1033-1109) нақты өмір сүретін тек мәңгі, жалғыз құдай, ол бәрінің мәні. Қалған тіршілік ететінің бәрінің бастауы Құдай. Жалпы ұғымдар қайырымдылық, ақиқат, әділдік адамның іс-әрекетінен тыс шынайы өмір сүрген дейді.

Әмбебаптардың өмір сүретіндігіне қарсы шыққан номиналистер болды. Олар: Пьер Абиляр, Росцелин, Ульям Оккам. Олар бойынша, нақты өмір сүретін жекелеген заттар, ал жалпы ұғымдар тек атау, заттардың ортақ қасиеттеріне берілетін, тек тілде ғана қолданатын атаулар.

Пьер Абелярдың пікірінше әмбебаптар үш түрлі өмір сүреді:

  • заттан бұрын құдай санасында, сол арқылы әлем жаратылады.
  • заттарда көптің бірі ретінде;
  • заттардан соң адам санасында, бұрынғының белгісі ретінде.

Батыс еуропалық ортағасырлық философиясының ертехристиандық философиясының өкілі Аврелий Августиннің (354-430 ж. ж. ) ықпалы зор болды. Оның негізгі еңбектері: «Ақиқат дін туралы», «Тәубә», «Жаратушы туралы», «Құдай қаласы туралы».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Ғылыми білімнің даму заңдылықтары
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Ғылым философиясы мен тарихы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Әл-Фараби іліміндегі этикалық, діни, философия сабақтастығы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz