Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны және оның қасиеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 1
: I
МАЗМҰНЫ: АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
: 2
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны
: 2
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
: 4
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі әдістері мен құралдары, ерекшеліктері
: 6
: II
МАЗМҰНЫ: АДАМ БОЙЫНДА АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ
: 9
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Мектепке дейінгі балаларда ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру
: 9
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Оқушының ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру ерекшеліктері
: 12
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Адам бойындағы ақыл-ой мәселесінің зерттелуі
: 17
: III
МАЗМҰНЫ: АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
: 24
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Қазақ жерінде ақыл-ой тәрбиесінің дамуы
: 24
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Ақыл-ой тәрбиесі туралы Абайдың зерттеулері
: 29
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 32
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
: 33

КІРІСПЕ

Қазіргі Қазақстан мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға абарынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтар бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Орнымен, жүйелі түрде, уақытында пайдаланылған халықтық педагогикалық ескерткіштер үлкен білімділік және тәрбиелік тиімділікке ие екендігін қазіргі оқыту тәжірибесі көрсетуде.

Халықтық білімдердің көп қорлылығы, олардың ақыл-ой тәрбиесі мазмұнындағы орны мәселелерінің тиісті оқу пәндерінде ашып көрсетілуі болашақ мамандар, тәрбиешілер мен ата-аналарды теориялық және практикалық білімдермен қаруландыруға көмегін тигізері сөзсіз.

"Мәдени мұра" бағдарламасы осыған айғақ. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында :"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет екендігін айтқан болатын.

"Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастырудың" күрделілігі сонда, ол тек қана педагогиканы ғана қамтып қоймай, психологияны, басқа жаратылыстану, логика ғылымдарының қатыстылығымен сипатталады.

Әрине, "Ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру" туралы жан-жақты білу мақсатындағы ізденісімізде қазақ халқының ірі тұлғалары Әл-Фараби, М. Қашғари, А. Құнанбаев сияқты ғұламалардың қосқан үлестерімен де толықтырдық. Себебі, дәл осы ірі ғалым-ойшылдардың мұралары ұлттық тәрбие беруде сіңірген еңбектерінің зор екендігін дәлелдей алады. Әсіресе, А. Құнанбаевтың педагогикалық мұраларының ықпалымен қазақ халқында тәуелсіздік үшін күресушілердің жаңа легі: М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов т. б. көші басталды.

I АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

1. 1 Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны

Ақыл-ой тәрбиесі - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау - сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.

Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. "Ойлау - шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен" деп көрсетеді З. Калмыкова.

Н. Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды.

Ақыл-ой қызметінің тәсілі - ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешуүшін ұйымдастырылған қисынды операция немесе операциялар жиынтығы.

Абстрактылы ойлау елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден аулақтануға, жалпы және елеулілерін бөліп алуға, сөйтіп, осы негізде абстрактылы ұғымдарды тұжырымдауға адамның іскерлігін көздеуде өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Абстрактылы ойлауға қабілеттілік, сөз жоқ, оқушылардың жасына байланысты. Алайда, абстрактылы ойлаудың дамуы мектеп жасында мейлінше интенсивті етеді. Жүйелі оқыту оның дамуын жеңілдетіп тездетеді. Осы қабілеттіліктердің көріну уақыты оқытудың мазмұны мен сабақ беру әдістеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ негізгі ой әрекеттері мен операцияларды игеру ісінде арнаулы машықтануды керек етеді. Талдай, жинақтай білу және пәндер мен құбылыстарды жіктей алу, шешімдер қабылдауды, қорытындылар шығаруды, баға беруді, ұғымға келтіруді, құбылыстың немесе пәннің белгілі бір қажеттілікпен анықталуын қажетсінеді.

Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды болып табылады. Тасымалдау немесе генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады.

Құбылыстардың түпкі нәтижелерін немесе келіп жетуін алдын ала көре білу қабілеті, ой мен қорытынды шығару негізінде, ең алдымен, табиғат пен ғылымдағы заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды, сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды.

Индуктивті ойлау жеке пәндер немесе құбылыстар туралы білімдер негізінде оқытылатын барлық пәндер мен құбылыстар туралы жалпы қорытындыға келе білуді көздесе, дедуктивтік ойлау бұрын белгіленген жалпы ережені, жеке деректерді немесе құбылыстарды зерттеп, үйрене білуге қолдануды міндеттейді.

Интеллектуалдық әрекетке адам қабілеттерін дамыту ой еңбегінің мәдениетін игерумен де мейлінше тығыз байланысты. Ой еңбегі мәдениетінің ұғымына, әдетте, ой жұмысының режимін тиімді ұйымдастыра білу туралы ұғым, белгілі бір жүйе жасап алу, ұқыпты жұмыс істеу қабілеті жатады.

Ой жұмысының нәтижелілігі жұмыста адам белгілі бір жүйені ұсынатын болса едәуір артады, бұл әрекет жасаудың белгілі бір дәйектілігін таңдап алудан, жұмыс орнының белгілі бір ұйымдастырылуынан, осы материалдарды және оқу құралдарын, т. б. орналастыру жүйесімен жазба жұмыстарды жазып алуды жүргізу жүйесінен көрінеді. Нақ осы ой еңбегінің мәдениеті интеллектуалдық қызметпен ұзақ шұғылдана білуге жол ашады.

Дербес танымдық қызметке қабілетті дамытуда ақыл-ой дамуы міндетінен саналады. Дербес танымдық қызметке қабілеттілік жалпы мәдени ой-өрісін ұлғайтып, өздігінен білім алу және адамды жан-жақты дамыту үшін де керек. Дербес танымдық қызмет ақыл-ой дамуының жеткілікті дәрежесін дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын игеруді, сондай-ақ белгілі бір мотивтердің болуын көздейді. Дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ой еңбегінің мәдениетімен де байланысты, өйткені бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін оны тиімді ойластырып ұйымдастыру керек болады.

Дербес жұмыс істеудің іскерлігі мен дағдыларының өзін алатын болсақ, ең алдымен, қандай салада болса да білімді игеру үшін қажетті бірқатар жалпы қасиеттерді қалыптастыру көзделеді. Бұлардың қатарына мұқият жұмыс істей білу, қиыншылықтарды жеңудегі табандылық, дамыған ес және оның түрлі формаларын қисынды қимылға келтіру, көру формаларын пайдалану, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білу жатады.

Дербес танымдық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру үшін қажетті жалпы қасиеттер, ең алдымен, оқу-тәрбие ықпалдарының барлық кешені арқылы жасалады. Ой еңбегінің мәдениеті мен дербес жұмыс істей білу іскерлігін игеруге байланысты қасиеттер жеке тұлғаның дербес нәтижелі жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар болып табылады.

Алайда, дербес жұмыс оқушыларға берген материалдардың, олардың мақсат пен міндеттері, оның тәжірибелік маңызы айқын болғаңда және тапсырманы орындауда дербес жұмыс істеу әдістерін меңгергеңде ғана оқушылардың ақыл-ой белсеңділігі туады.

Ақыл-ой қабілеттерін дамыту тұрғысынан алғанда, дербес жұмыс оқушының алдына мәселе қойылып, мәселелік жағдаят жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек күрделі де елеулі міндеттер мен мәселелердің айналасында жасалып қана қоймайды, қандай да болсын танымдық міңдеттерді шешуге барудың өзі де өзекті бола алады.

Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландырудың мақсат көздеген үрдісі ретінде ақыл-ой жетекші рөл атқарады. Оқыту жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуында жетекші болып саналады. Себебі, интеллектуалдылық және белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл-ойдың бірде-бір бағалы қасиеті жүйеге келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды.

Даму, ең алдымен, білімдерді меңгергеңде оқушы жасайтын ой операциялары мен әрекеттердің сипаты арқылы анықталады [1, 55-57 бб] .

1. 2 Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары - талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т. б. ), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т. б. ) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т. б. ) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты - балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады:

  • ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
  • негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
  • зиялылық біліктерді қалыптастыру;
  • дүниетанымды қалыптастыру.

Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.

Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.

Синтез - заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.

Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.
Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу - сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.
Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.

Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады [2, 133-135 бб] .

1. 3 Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі әдістері мен құралдары, ерекшеліктері

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".

Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Ақыл-ой проблемасын зерттеушілер осы феноменге сапалық жағынан сипаттама беруде тереңдігі, алғырлығы, тұрақтылығы, сапалылығы, дербестігі сияқты сапа-көрсеткіштеріне назар аудартады.

Ақыл-ойдың тереңдігі З. И. Калмыкованың тұжырымы бойынша, оқушылардың жаңа материалдарды меңгеруі - проблеманы шешу барысында және олардың шешімін талдап қорыту деңгейінде мәнді белгілерге қарай абстракциялай алуы. Оқушының пікір, пайымдаулар жасай алу деңгейі қаншалықты жоғары болса, ақыл-ойы соншалықты терең екендігін көрсетеді. Бұндай оқушылар жаңа материалдағы мәндіні ажыратуға және талдап қорытуға бағытталған теориялық ойлауы қалыптасқандығын көрсетеді. Ақыл-ойдың тереңдігі - адамның мәнді белгілерге қарай жаңа материалды иеленуде, проблемаларды шешуде және оларды талдап қорытындылау деңгейінде абстракциялай алуы.

Ақыл-ойдың келесі белгісі алғырлығы оқушының есеп шығаруда тікелей байланыстардан кері байланыстарға, бір әрекет жүйесінен екіншісіне қарай әдеттегі әрекеттерді місе тұтпай жеңіл өте алуында көрініс береді. Ақыл-ойдың бұндай сапа-қасиеттері В. И. Зыкова, С. Ф. Жуйков, Т. В. Косма, Е. Н. Кабанова-Меллер, Т. В. Кудрявцев, З. И. Калмыкова, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.

Ақыл-ойдың тұрақтылығы адамның мәнді белгілерді анықтап, жаңа есептердің осы типтес есептердегі кездейсоқ белгілерінің арандатушылық ықпалына қарамастан бұрыннан анықталған маңызды белгілерінің жиынтығында бағдар ала білуіне байланысты анықталады. Ақыл-ойдың осы көрсеткіші Я. А. Пономаревтың еңбегінде әрекеттің ішкі жоспары ретінде қарастырылған. Бұған Т. В. Власова, Т. В. Егорова, Е. Н. Кабанова-Меллер, Г. И. Россолимо, И. С. Якиманская және т. б. зерттеушілерде назар аударған болатын.

Ақыл-ойдың саналылығы оның маңызды белгілерінің бірі. Ақыл-ойдың бұл сапасы адамның ойлау іс-әрекетінің мақсатын, өнімін, нәтижесін (жаңадан қалыптастырылған ұғымдар мен заңдылықтардың мәнді белгілері), сонымен бірге нәтижеге қол жеткізудегі ойлау процесінде жіберілген қателерді және олардың себептерін анықтауға көмектесетін амалдарды сөзбен немесе басқа белгілер (кесте, үлгілер) арқылы бейнелей алу мүмкіндіктерінде көрініс береді. Өнімді ойлауға соншалықты тән болатын жаңа білімдерді табу санамен ұғынған сөздік-логикалық компоненттер де диалектикалық қарама-қарсылықта болатын секірмелі, циклды процесс болып табылады. Яғни жаңаны іздеуде интуицияның қатысуы заңды. Бірақ осылайша табылған білім әрекетшіл күшке ену үшін, яғни өзгелерге жеткізіліп, кең көлемдегі есептерді шығаруға пайдалану үшін, олардың мәндік белгілері де, сол білімдерді қолма-қол шапшаң қолдана білу амалдары да санамен пайымдалуы тиіс. Сондықтан ақыл-ойдың негізгі сапа-қасиеттерінің бірі оның саналылығы болып саналады. Бұл ұғымға «рефлексия» термині жақын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Ақыл-ой және танымдық ойындар
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz